Иман және сенім ерекшелігі

I- Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Қазіргі таңда қазақ халқының сөзі ұзын және рухани сөз байлығын қалыптастырған қаншама әулиелері мен даналары болғанымен, өзге елдің салтына елітіп, дінде де артта қалғанбыз деген ұғымның пайда болып, өз ұлтының кемелдікке жеткен ата-анасынан өзге елдің жақсыларын неге артық көреді? Әсіресе бұл шариғат пен бес парызды масһабты тура жол атап, оған қарсы болған қандай да бір адам баласын, мейлі ол әкесінен де, шешесінен де үлкен болса да жағасынан алып,  жабыла кететін дінші жастардың мұндай қылықтарын қалай түсінуге болады? Ал егер мұндай ұлттың дәстүріне қайшылықты туындатуға негізгі себепшілер үлкендер мен зиялы қауымның имансыздығынан десек қате емес. Себебі иман деген сенімнен бөлек және адамның жасының келуіне, жанының кемелденуіне тікелей қатысты құдайдан сый болатын нұрлық он саулық қуат екенін, ал сенімнің дінсіз таза ақыл рухпен емес, онан төменгі дінмен байланысты рұқпен, малдық қуатты, жынды меңгеруге байланысты ақылды, білімді жетілдіру арқылы да және қандай бағытта білімің болса сол сенімің де, дін ниетің де солай болатынын, әрбір жаратылыстың өз өлшемі бар дегенді мейлі қандай білімді болып шариғат пен масһабтық бар білімді жатқа білсе де бұл ұғымды 40-қа толмаған жастардың жүрегі қабылдай алмайды да. Сондықтан бар қателік те иманды меңгере алмаудан десек жалған емес.

Оған себеп олардың еліктеген, табынып ұқсауға тырысқан үлкендер қауымының —  ғалымдардың, дін басыларының да өздері дәрежелеріне, жасына сай иманды емес. Ал иман деген тағдырмен әрбір пенденің тегіне қарай өлшеніп беріліп, осы иманның жүректегі жағдайына қарай сөзбен Алла нұрын тамамдап отыратынын да құранда ашық ескерткен. Жалпы иманның өлшемі 9, 49 санымен болса, сенімнің өлшемі;11,81 сандармен және сенім мен иман тәубе арқылы кездесіп 9 санымен иманмен қосылудан оң алақандағы 18 саны осы екі қуаттың нәтижесін береді. Енді иман деген тек исламмен ғана байланысты емес, барлық жер бетінің адамзатының тағдыры болып дінсіз болған махаббаттан жаратылып, оның атын жүректегі адамдықтың тегінің дәні – иман деген.  Иманда дін болмайды, ізгілік пен махаббаттың көрінісі ғана болып тек жақсылықты ғана бұйырып, көрсетіп, еріксіз жамандықты араластырғанда жойылуға, көмескіленуге, жоғалуға  тән болса, ал сенім дінмен байланысты жетіледі, сынақтармен шыңдалып бекиді.  Егер де иманның жақсы-жаманы ажыратылуға  сыналатын болса, онда не болғаны? Иманның  адамзаттың ортақ тегімен, жанымен байланысты  қуаттылығы да әрбір адам баласында ұлтына, руына, өскен ортасына қарай шамасы да әртүрлі болады.

Құранда араптарға түскен үкімдерде олардың иманды келтірдім деген сөзі өзіндегі бар иманды осы дін ниетіне арнап, сенімге қуат қылып қостым дегені болады. Бірақ иман үнемі толықтырып отырмаса таусылуға тән қуат екеніне пайғамбарымыздың; «Таусылмас иман тілеңдер» деген өсиеті де куәлікке жарайды. Ал сенім болса қандайда бір діннің қағидаларын, жаратушы тарапынан түсірілген парыздарын орындауға негізделіп және сенімді шыңдауға, сынақтармен бекітуге болатын адам баласының еркімен, жігерімен заманға қарай қалыптасқан іргелі білімінің салаларын меңгерумен байланысты болады.  Ал иманның тірегі сабырлықты меңгерумен,  сенім мен имандылық қуаттың бірлігінен ғана қалыптасатын тақуалығымен байланысты болған және белгілі бір діндік білімге, көзқарасқа, жол-жобаға да негізделген қуаттық шама болмақ…. (жалғасы бар)

 

II-  Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

    Әл-Фараби атамыз; «Адамзатқа әуелі тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген өсиетінің де маңыздылығы біздердің жаратылысымыз періштелік сипатта, яғни махаббатың бір бөлшегі, ұшқыны иманнан, тектен пайда боламыз. Әсіресе әйелзаттарының екі қанатты періштелігі болып жаратылысынан иманның сырын, ұлттық байлығын, сөздердің ой қуат үнін қандарында ділмен алып туылатындарын да білген жөн.  Ал енді ерлерде қанында болатын бұл тектің дәнін біз жасымызға қарай тәнімізбен бірге өсіріп отыра алмасақ, онда меңгерген біліміміз, іс-әрекеттеріміз, ақылымыз да белгілі бір сенімді қалыптастырып  және рухани болмысымыз да тәрбиемізге, өскен ортаның қылығына да тәуелді болмайды. Сондықтан сол ортаның белгілі бір үлгісі билері, ел басқарушысы, зиялы қауым өкілдеріне табынып, кімге,  қалай сенсек солай өмір сүріп білім қуатымызды да соған бағыттауға тура келеді. Мұны көңілдің айнасы деп те атайды. Бірақ әрбір пенденің ішкі жарығы, иманы, қуаттық өлшемі де тағдырында бірге берілгендіктен біздердің жаратылысты, руханиятты пайымдау, еліктеу, табыну ерекшілігіміз де алуан түрлі болуы да сөзсіз. Сонымен иман жүректе зейнет жарығы болып және қандағы 11 жұлдызбен байланыста тұратын, оларға қуат беретін Алла тағаланың сегіз сипатынан пайда болған Рахмандық, біздің жердегі тіршілігімізге тән қасиеттердің, яғни 99 көркем есімдердің белгісінен жанның ойлау қабілеті; «Меніміз» болмақ. Бұл меніміздің бізде; Иман, имандылық болып жалпы әрбір атау сөздің ұлттық сөз өнерімізге сай ұғымдарының болатыны да хақ.

    Иманды болу дегеніміз Ақылды, пайымды, ізетті, көркі өзіне сай ізгілі, сабырлы деген мағыналарды береді. Алла тағалаға; Иман келтірдім дегеніміз; «Алла тағаланың осы бізге берген көркем есімдерінің бір сипатына сай боламын» деген уәдеміз, берген сертіміз болмақ. Ал енді сенім болса біздердің әрбір заманның ерекшелігіне қарай қозғалыстық, уақтық жылдамдығына қарай меңгерген қаракеттік ақылымыз бен білімімізге сай, белгілі бір рухани жетілу бағытын таңдауымыз болады. Сондықтан да сенімнің де 11, 81, 9 сандық өлшемдерінің 11+81=92; 92+9=101; сандық құлшылықтық өлшемдері болып,  Әл-Бұхари атамыздың пайғамбарымыздың хадистерін 92 санмен белгілеуінің өзінде сенімнің құлшылығын меңгеруді білдіреді. Және қазақта; «Жүз бір атты пәледен, 1001 атты қатерден сақта құдай»  деген сөз де осындай адамзаттың сеніміне қарсылық 101 (99+2) қаралық, қарсылық күштердің барын және иман қуатымен жоғары саналықты меңгеруді; 1001 белгісінің, есігінің, қатердің барын білдіреді. Абай атамыз; «Мыңмен жалғыз арпалыстым» деп осы мың есікті көрсетіп ашып кеткені болып, енді оның ішкі құлшылығының бәрін Шәкәрім атамыз ашып көрсетіп біздерге осы заман білімімен сөз құпиясын, философиясын ашып, құранмен негіздеп, Ясауи бабамыздың ақылының сырын, ғылымдардың көзін, хикмет білімін тылсымдық  есіктерін ашу ғана қалған жоқ па? Иман қуатының да екі белгісі, тектік көркем сөзден жарық ағашы болып, бірі ақылмен — алтымен, бірі ойшылдықпен — жеті санымен байланысты көктен нұр – он саулықпен дәрежеленіп; 60;70; бұтақты иман ағашын өсіруіміз және мұнымен де адамзаттың рухани дамуы тоқталмай жоғары саналықты меңгерудің де сырлары барын, төменгі сананы да меңгерудің жібін үзіп алған масһаб ұстанымында құлшылығы, намаз орындаулары қарастырылмайды. Себебі бұл ізігілікті тұрмыстық өмірдегі намаз орындаулармен және шариғаттан бастау алған дін құлшылығы тарихат мағрипат білімдерімен де байланысты болмақ.

    Сонымен қазіргі масһаб білімі дегеніміз сенімді бағыттап, жындылықты тазартып, мұсылман болумен ғана шектеледі. Имандылықты жетілдіруге; масһабпен яғни намаз оқумен, зекет беріп, ораза ұстап, бір рет қажылыққа барып және тек белгілі мерзімдерде ғана сауап ісімен айналысумен өсіре алмайды да. Мұны құранда «Сендер иман келтірдім демеңдер, мұсылман болдым деп айтыңдар» деп ескерткен. Және мұндай сенімдерің түрлі азаптармен, аурулармен, аштықтармен сыналасыңдар деп иманның сынақтарды меңгеру арқылы зейнеттелетінін де ескерткен аяттарда. Ал мұның нәтижесінде  иманды меңгерудің сыйлығы да  уахимен байланысты екенін де; «Мұхаммед оларға: «Шындық келді. Енді бұзықтық бастамайды да қайтып келмейді.» де (49) Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол, Раббымынан уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын» де (50) «Оған (Раббысынан келетін көрсететін шындыққа, уахиға) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарынан қалайша келеді.» (34-52)  Қырық тоғызыншы аятта қандайда бір елге келген бұзықтықты, түрлі пікірдегі «экстремизмді» де уахидың келуімен, көктен түскен түрлі хикметті белгілерді меңгеруімен, халықтың иманға келіп тазаратынын да ескертеді. Сондықтан әрбір пендені тура жолға салу Раббымыздан келетін аян, уахимен ғана байланысты болып, бұл тұрғыда әлем мұсылмандары түгіл қазақтың масһабшыларының тұтастай иман келтіруі де, яғни жүректеріне жарық зейнетін алып тура жолға түсуі де мүмкін еместігін білдіреді.

    Олай болса, иман қуатының тек Раббымыздың көркем есімдерімен жалғанған, Алла достары арқылы Рахманнан ұлықсат берілген шапағатшылары арқылы бізге оқылып көрсетілетін болса, оның ұзақ жерден жұлдыздардан қолымызға «қолдау» яғни  «су нұры», «кісілік» болып енуі де мүмкін емес екені да хақ. Мейлі құранда, мейлі қандай бір киелі кітаптарда болсын; Сендер намаз оқып, зекет беріп, ораза ұстап жаннаттық боласыңдар деген аят жоқ. Тек ойдан құрастырылған хадистер болмаса, жалпы пайғамбарымыз да намазбен, оразамен, зекетпен, қажы болып жаннатқа кіресіңдер деп айтпаған да. Керісінше «Жомарт жүректермен жаннаттық болады» деп өсиеттеген. Және  иман тек исламмен байланысты деген мүлде тажалдық.  Әрбір діннің ерекшелігі сеніммен ғана айқын болады. Егер сенімді Алла беретін болса онда әлемде бәрі періште болып кетер еді. Сол сияқты иманды Алла бермейтін болса онда жер бетінің адамзат қауымы әлде қашан хайуанға айналып бірін-бірі құлдап, тонап, жоғалар да едік. Сондықтан иманда ешқандай дін болмайды да, ол Алла тағалының дінсіз таза қарама-қайшылығы жоқ тек жақсылыққа, ізгілікке бағытталған ақылының біздердің тіршілігімізбен байланысты 101 атты пәлені, қарсылықтарын меңгеруден пайда болған жарық нұрдың сипаты болмақ. Ал Мұсылман дегенмүмін жандар, дәстүрін сақтағандар болып ұғымдары тарқатылады. Олай болса, мүмін болу сенімнің беріктігімен, жаратушысын танумен байланысты болып, кезкелген әлем халқының, кезкелген ұлттың жаратушысын таныған тағдырындағы ізглік жасауға, махаббатпен көбейіп, өсіп-өніп өркендеуге берілген жобасын, иманын жоғалтпаған пендесі де мұсылман болып табылады. Бұл жерде исламның намаздық құлшылықтары иманды өсіріп жетілдіруге, өрістетуге, өзге діндерден үстем екенін дәлелдеу арқылы ғана артықшылығы көрініс беру керек. Әлем халқының иманнан, яғни махаббаттың бір бөлшегінен жаратылатын, сол иманды сақтау жолында талайлар намаз оқушы «намазхан» аталып, шынында бірі жалған бес парыз меңгеруші қандайда бір діншіден, өзге қандай дінде болсын, дінсіз болсын бірақ ізгілікті істерімен белгілі болса, онда мұсылмандығы  да артық, иманы да тұрақты екенін де мойындаған жөн. Экстремизмнің өзі осындай сөздің ұғымдарын өзгерту арқылы құдайдың үкімдерін терістеп, ортақ қосып, дінді бөлшектеп, сөз атауларын жасырып, өздерін артық қылып көрсетпек болған тажалдық білімнен  тарап жатқанын да әлемге құран арқылы дәлелдеудің де маңызы зор бүгінгі таңда….. (жалғасы бар)

III-Имандылық пен сенім ерекшелігі 

Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ, сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парыз бен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары, кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз. Ал иманның ғылымына жүгінсек және пайғамбарымыздың да өсиеттері бойынша жақсылық, сүйіспеншілік атты адамдық қасиетті адам баласының ұлтына, жынысына, дініне қарамай жанымен беріліп тағдырында жазылып, егер мұны қайта алып қойған жағдайда хайуаннан айырмашылығы да аз болуы сөзсіз.

Қандай жағдайда болсын, адам баласы мұсылман болып жаратылады да тағдырмен бірге жақсылық жасау махаббатын, яғни имандылық, 3-түрлі «МАН»-дық белгісін де (екі қол, төбе таңбасы) сыйға алады. Қандай да бір атау сөз ұғымының сандық, сызықтық, таңбалық ішкі сырлары болып және әлемдерге ортақ қасиеттілік сапалық белгісі болуы шарт. Енді МҰСЫЛ+МАН ұғымының «Мұсыл» белгісі төбедегі қорған тақия сияқты жарықтың және 9 санды саналық, кісілік қуаттың белгісімен айқын болса, ал «Ман»-ұғымы 3 түрлі тәндік қасиеттің белгісі болмақ. 1. Шеберлік 7 санымен байланысты; 2.Көріпкелдік 4 санымен байланысты; 3.Үнмен айтылатын қасиет-мақамды белгілерден тұрады. Негізінен құранның жеті үнін меңгеру арқылы 8-ші өз үніңді қалыптастыру болса, онда 7+4+8 =20 және 9 санды белгіні қоссаңыз Мұсылман деген 29 санды барлық құлшылықтың белгісі пайда болады. Мұсылман болу Нұх пайғамбарымыздың заманында да болғынын аятта; «…Менің жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым…» (10-72) Және мұсылман болу үшін Аллаға тәуекел қылумен бірге жаратушымыздың  бұйырған үкімдерін, жаратылыс туралы мәліметтерін білуші, тылсымнан хабар, аян алушы да болуы керек. Аятта; «Ыбрайым Яһуди де, Христиан да емес еді, нағыз Мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді.» (3-67) Олай болса нағыз мұсылман болушы ұлттық, рулық жікке бөліну түгіл дінде де бөлінбейді, жаратушының барлық әлемге ортақ үкімдеріне мойынсұнады. Кім Ыбырайым жолына түссе, яғни Раббымыздың нұсқауын, аяттарын, аянын алатын болса, сол мұсылман болуы да керек. Олай болса; «Мұхаммед: «Әй кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған ешнәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: Шәксіз біз Мұсылман болдық» деңдер.» (3-64)Сонымен толық, кәміл мұсылман болудың барлық амалын Мұхаммед пайғамбарымыз бекітіп көрсетіп кеткесін және бұл белгіні 29, 92 сандық өлшеммен исламның сәждесі болып, дінде құран арқылы сенімге келушілерді мұсылман атап, ал қалған діндерді мұсылман емес деген ұғымның пайда болуы да осындай пәтуадан шығады. Бірақ құран бойынша Нұх, Ыбырайым, Мұса, Дәуіт, Ғиса үмметтерінің бәріне мұсылман деген дәреженің берілгенін құрандағы ашық аяттың үкімдерін де масһабтық дінші қауымы мойындап ескермейді де. Қандайда бір жаратушысын мойындап сенімге келген, жер әлемнің барлық адамзаты кәміл, толық болмаса да жалпылық тұрғыда; мұсылман болып табылады десек қате емес. Керісінше ислам дінінде жүріп иманға қарсы амалдарды дәріптеушілер шала мұсылман немесе кәпір болып алғанын да білген жөн.

Мұсылмандық тәнмен және рухани жарықпен, бастың тазаруымен байланысты болған адамзаттың саналық, жетелік ақыл-ой қабілетімен, үш түрлі рухани қасиетімен байланысты  тағдырға берілген жақсылықтарды көбейтіп, өркендетіп орындаушы болмақ. Сондықтан Абай атамыз; «Махаббатпен жаратқан адамзатты..» деп иманды яғни тағдырдағы сүйіспеншілік, жақсылықты ескерткен. Біздің хайуаннан айырмашылығымыз да осындай махаббатың бөлшегінің жаратылысымызда яғни кісілік тегімізде болып, аманат жанымызбен бірге берілуінде болмақ. Бұл жерде мұсылмандық адамзатқа ортақ текпен байланысты және онан пайда болатын имандылықтың, адамгершіліктің негізінің белгілі бір дін ұстанымдарға, құлшылық әрекеттеріне, дін сеніміне, алған біліміне ешқандайда да қатысы болуы да мүмкін емес. Имандылықты жер бетінің барлық тұрғыны да ұлтына сай әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен сақтап өсіреді жетілдіреді де.   Олай болса, иманды болу мен белгілі бір дін ұстанымға, құлшылық рәсіміне байланысты сенімді болудың екеуі екі түрлі ұғым болмақ.

Сондықтан дінде  иманды болуды діннің сенім тұрғысындағы рәсімдік құлшылығымен ғана қалыптастырады деп және білгілі бір  діннің парыздырын мойындауға байланысты сенімді бекітуді иман келтіру, жетілдіру деп атап атаулық сөздің қарапайым ұғымын өзгерту арқылы дінді, құранды, кітаптарды теріске алып бүкіл әлемді  рухани ақыл-ойдың дамуын тежейтін дағдарысқа, бүлікшілікке апаруға болатынын адамзат қауымы әлі анықтай алмай келеді. Біз жаратылыстан тағдырымызға алған иманымызды, жақсылығымызды ғана белгілі бір дін сеніміне арнап; «Иман келтірдік», имандылығымызды, адамгершілік қабілетімізді осы дінге, сенген бағытымызға, жолымызға арнадық және түсіну қабілетіміз, иманымыз арқылы барлық сәжде үкімдеріне бағындық деп уәде береміз.  Мұндай жағдайда сәжде ұғымы да намаз оқу, ораза ұстап, зекет беріп, қажыға бару ғана емес, оның да құран бойынша 30 түрлі шарты барын да ескерген жөн болар. Мұның ішінде мұсылманға тән 29 белгі құлшылық амалдары баяндалып, мұның тек біреуі ғана құпия жеке берілетін аманаттармен байланысты болмақ. Мысалға; масһаб діншілері бас тартып қарсылықтарын да үдетуден танбайтын әдетімен бұрынғы өткен ұлттардың аруақтарымен, нәсілдерімен аян, түс көру арқылы байланысқа түсіп хабар алуды мүлде жоққа шығарады да жалпы халықты да осыған насихаттайды, сендіреді де. Бірақ бұл жағдай иманды жетілдірудің, меңгерудің негізгі белгісі болып аятта; «Бұлардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік. Бұлардың, олардың жұрттарында жүріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма?» (Сәжде; 32-27) Енді бізбен бірге жер бетіндегі тіршілік өмірде қатар өмір сүріп жатқан түрлі сипаттағы жындардың, періштелердің, аруақтардың толық бейнесінде болған нәсілдерді дәрежесіне, тазалығына қарай біз қалай тыңдауымыз керек? Олар сонда бізге қандай ғибрат және қалай айтады екен? Бұндай жүздеген аяттарды неге масһаб ғалымдары айналып өтіп керісінше түсіндіреді? Неге дін ғалымдары құранға ашық қарсы болып, ортақ қосып және ойдан пәтуалар, аяттар шығарады? Сонда меңгерген, келтірген Имандары мұны неге қабылдай алмайды? Демек сенімдері, тәпсірлік білімдері де дұрыс бағытта емес деп айтуға толық құқымыз да бар.

Сонымен мұсылман болу; мүмін болып, дәстүрін сақтаушылар болып аталады. Бұл құлшылықты пайғамбарымыз; «Сендер ата-бабаларыңның ғұрпын сақтаңдар. Олар кесірткенің ініне кірсе сендер де кіріңдер» деп ескерткенде, сахабалар; «Бұрынғы аталарымыз христиан, яхуди болса да ма?» деп сауал қойғанда «Ия» деген жауап болған екен. Сондықтан кез-келген адамзаттың баласы, қауымы әдет-ғұрып, дәстүріне сай құдайдың бұйырған ізгілік, жақсылық амалдарын орындайтын болса, онда ол, олар мұсылмандар, ата тегіне берілген аманаттарды, нәсілдік уәдені орындаушылар болмақ. Аятта;  «Бәдеуилер; Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға; «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де » (49-14). Олай болса біздердің масһабтық намаз оқуымыз, зекет беріп, ораза ұстанып жасаған құшылығымыз толық сәжде болып, иман келтіру емес, біздің иманымызды сақтауға, істеген амалдарымызға құдайдан жауабын алуға жасаған құлшылық болып табылады. Жалпы иман келтіру 9; 49; сандық мәндерімен байланысты болып және мұндай жағдайда толық сәжде аятта; «Олар, Аланың нұрын (сөзін, дінін) ауыздармен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) Қазақ даналығында бұл аяттың үкімін «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп иманның белгісі сөз бен ана тілін, сөз даналығын меңгерумен яғни жетелік, саналықпен байланысты деп ұғынған. Жаратылыс тегі жарықтан бастап жаратылған және оның тегі біздің ақылымызбен қабылданбайтын ешқандай суықтығы, ысытықтығы немесе өзге өлшемдік сипаты жоқ шексіз нұрдан басталады. Ал нұрдың Алладан, оның назарынан шыққанын да естен шығармаған жөн.

Енді адамзаттың да рухани қуаттардан жаратылуымен оның негізгі сипаты бізге көрінбейтін жарықтың сапаларымен байланысты екені де хақ. Олай болса біздің әрбір қозғалыс, қарекетіміздің де ақылдың күшімен байланысты болып, сенім мен иманның да ақылдың екі сапасымен бейнелетінін, сонан барып бір ақылға, естілікке, онан саналық жоғарғы қуатқа айналу сырын осы жазбада баяндап көреміз.Сонымен біздердің тегіміз, қасиетіміз, рухани барлық пайдаланатын қуттарымыз өлшемсіз, шексіз жаратылыстан біздердің ақылымызбен қабылданатын шекті, шартты өлшемді сипаттарға бейнеленіп отырады. Және әрбір қозғалыстың тегі қуат болып, оның негізгі өлшемі жарық, түр, түс және сандық өлшемі сөздің әрекетімен, ішкі үнімен байланысты болса, оны иісі тағы басқалай үш түрлі физикалық, биологиялық, химиялық сапалары болуы шарт. Сенім мен иманның бірінші өлшемдерін 9 санымен белгіледік. Ал бұл сан нені білдіреді деп сұраңыз. Иманға байланысты ішкі жарықтық сапаның, кісіліктің белгісі болса, ал сенімге байланысты сыртқы әлемдегі 9 түрлі жарық жолдарымен байланысты және уақыттың 9 дәуірлік мезгілін шежірелік оқиғаларына жалғанумен нәтижесін бермек. Біздер қандайда бір жараталыстың сырын, әрекетін, қасиетін, сапасын сөзбен бейнелеп және оның пайда зиянын ажыратып тіршіліктің, өмірдің тұтыну бұйымына айналдырамыз. Демек қандайда бір әлемдегі бейнеленген жаратылыстың ақылдың күші арқылы пайда болғаны да хақ. Ал ақылдың қасиеті, тегі  сөзбен ғана байланысты.

Сондықтан сөз өнерін меңгеру де біздің меңгерген ақылымызға, білімімізге байланысты қандайда бір берген пәтуамыз құранның ғылымымен, аяттарының насихатымен сәйкес келмесе онда ол күмәнді болмақ. Олай болса, құраннан иман туралы насихаттарға тоқтала кетсек;  «Мұхаммед саған осылайшы бір «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (43-52) Сонымен иман дегеніміз тек сеніп бес парызды орындау емес, таза ақыл РУХ-тың жолдарға айналған РҰҚ-тан уахи болып, құранның түсуімен онан кітаптардың бөлініп шығып, кітаптардан Иман атты бейнеленген ақпараттық жарықтың, кісіліктің пайда болуын білдіреді. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз тек арап халқына немесе исламды ғана қабылдаған елдерге емес, барлық әлемге нұр, шырақ (иман) түрінде жіберілді деп ескерткен.  Олай болса біздер жаратылысымызда бар имандық қуатты, құранымызды да сыртқы қарсылық күштерден қорғап, күзетіп, ішкі сырымызды, меңгерген иманымызды құпия сақтау үшін бой ұсыну, яғни сенім қуатын да меңгеру керек екеніміз сөзсіз. Біздің сенімімізге қарай істеген әрекетіміз, құлшылығымыз арқылы иманымызды қорғап және оны көбейте аламыз, яғи қосымша иман қуатын келтіре аламыз. Сондықтан аятта; «Соқыр мен (аян, түс) көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінесіңдер.» (40-58)  Біздердің жүрек көзіміз жабық болса тылсымнан хабар ала алмай, біздердің кітап жүзінен ғана алып меңгерген ақылымызбен, білімімізбен түбінде адасамыз, тек қана құдайдың көрсетуімен ғана жасаған істеріміз жақсылыққа айналады екен. Бұған ислам әлеміндегі құраннан оқып, тәпсірден біліп, теріс ұғынып бірін-бірі өлтіріп зұлымдыққа түсіп жатқандары  құдайдың берген аянын, уахиын, жол-жобасын көре алмаған соқырлықтан пайда болғанын осы аятта растап тұр.

Және мұндай жағдайға негізінен осындай бедәуилік елдердің ұшырайтынын да аятта; «Оған (шындыққа, уахиға) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді.? (52) Расында олар, оған бұрын қарсы келген еді. Олар ұзақ жерден көрмей сілтейді.(53) Олар мен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші.» деген (34-53).  Сонымен иманды келтірдік дегенмен Құдайдан белгі, аяны болмаса және мұның ақиреттен өлілер мен шапағатшылық дәрежесіне жеткен Алла достары арқылы да келетінін ескерткен аяттар да бар. «…Мұхаммед оларға: «Егер тауратқа иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені бұйырған де» де (2-93) «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Егер адамзат алған білімі тұрғысында белгілі бір діндегі сеніммен зұлымдыққа түсетін болса бұл иманның бұйырғаны емес, керісінше тажалдардың еркіне ақылын байлағандық болады. Сондықтан ешқандай қарсылығы жоқ таза ақылды-иманды Алла өзінің бұйрығы бойынша сенімін сынап, жасаған жақсылық ізгі істеріне, сауабына қарай сыйға беріп отыратыны да хақ деп біліңіз. Қазақтың дәстүрінде иманды өлілерге сұрап, өзімізге оның берекетін неге сұраймыз? «Өлі разы болмай, тірі байымас» деп неге айтамыз? Мұның сырына неге үңіліп ой жібермейміз?

Қазақ халқының да талай жылдар орыс халқымен бірге рухани тұтастықта өмір сүруден тіліміз де сөзіміздің құндылығы да әлсірегені де сөзсіз. Ал жеке дербес ел болып, егемендік алысымен түрлі діндердің бағыттарының шабуылына ұшырап, біздің бұған қарсы тұратын, насихаттарын електен өткізетін зиялы атты қауымның да біліксіздігі, қазаққа тән еліктегіштігі де кесірін тигізбей қоймады және жалпы ұлтымыз бұрын  дінсіз, имансыз болдық деген қате пікірмен тағдырымызда жаратушыдан жанымызға сыйға  берілетін  бар иманымыздың маңызын, салт-дәстүріміздің қадірін ұмытуға да, сөз байлығымызды зерттеп меңгеруге де құлықсыздықты қалыптастыруға негізінен дінші қауымының, ғалымдарының жалған пәтулары себепші болғаны да хақ. Дінді қиындатуға болмайды, яғни ұлттық наным сенімді, ана тілінің қадірін, қасиетін арттыру арқылы насихатталу керек болса, қазақ дін ғалымдары керісінше бұрын аударылып ішкі сыры мәлім болған ұғымдарды  немесе замандық сөз байлығына, үндік жетілуге байланысты аударуға болатын сөз атауларын бағзы замандағы түсінігіне қайта оралып замандық қозғалыс, уақыт жылдамдығымен сәйкес келмейтін яғни санамен қабылданбайтын, жалпыға түсініксіз атау сөзге айналдырумен арап тілінен аударылған қалыптасқан ұлттық саналық ұғымдарды да жоғалтуды әдетке айналдырып алғанымыз да сөзсіз.

Жалпы имандылық қағидасы, адамгершілік негіздері; ақылды болу, ізгілікті болу, ізетті, әдепті болу деген сияқты құдайлық парыз, қарыздар барлық адамзатқа ортақ болып, әрбір халықтар мен дін топтары имандылықты онан әрі қарай жетілдіру үшін де  саналықты меңгеру арқылы даналыққа, данышпандыққа жетілдіруге, әрбір ұлттар, үмметтер, дін топтары бірімен-бірі ақылды, білімді, ілімді жетілдірумен жақсылыққа жарысу арқылы иман қуатының нәтижесі, өнімі тектілік ағашын жетілдіруде, танымдылық, даналық арқылы ғылымды меңгеруде, қасиеттілік, дұғаның күші арқылы ғана кімнің дұрыс жолда екенін дәлелдеу керек еді. Бірақ арап жұртынан пайда болған надандықпен уланған, жаратушысын  тәпсір білімімен намаз оқу арқылы тануға негізделген,  шариғат ісі болған сенімділікті дінде тура жол дәстүрі деп алдық. Ал тура жолға  Алланың өзі түрлі себеп хикметі арқылы, құдай ісі мен достары арқылы түсіретін хикметті мұғжизасымен әрбір адам баласына, тағдырына байланысты аянмен жобасын алып, намазын орындау арқылы  меңгеретін;  имандылық, ізгілікті мүлде құлшылықтан шығарып тастадық. Яғни; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген әуелі төрт ақылды меңгеріп, сосын алты ақылды бір ақылға, саналық қуатқа, естілікке айналдыруды  бұрын кем дегенде  50 жастағы адам баласына сай меңгеру керек болса, енді кез-келген намаз оқыған 40-қа келіп 4 ақылы түгелденбеген жас баланың да даналық түгіл, бесінші сипат танымдылық ақыл тұрғысында есті, имандылықтан жетілген, саналы аталуына жол берілді. Сонымен кәмелетке толмаған жас баланың намаз оқып, шариғаттың амалдарын меңгерсе болғаны, мұнысы құранға да қайшы ұғыммен «толық сәжде» деп аталып, ал енді өмірдің ыстық-суығынан, құдайдың тағдырға жазған сынақтарынан, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрмен орындалатын сәжделік амалдарды шамасы келгенше иманы арқылы орындап, елге қызмет қылып, бала өсіріп, тәрбиесін беріп, дін құлшылығын яғни рәсімдік намазын орындап, тағдырлық  иманын өсірмесе де еңбегіне қарай зейнетін алған кәріден енді түк бітірмеген құранды жаттап алып, намазды мешіттен шықпай көбірек оқитын сенімін ғана бекітіп, тазартып, бірақ ақылы толмаған, маңдайынан тер ағып халыққа қызмет қылмаған, тіптен әлі отау құрып, жар сүйіп жыныстық міндетін де, аманатын атқармағандар тағдырлық иманының міндетін, жобасын алып орындай білмегендер  жоғарғы лауазымды дін ғалымы, имам болып халыққа жөн сілтеуге лайық болды. «Бастық қойсаң тырнадан, қиқу кетпес басыңнан» дегендей халыққа ақыл беру орындарында кітаптан алған біліміне мас болған, ұлттық дәстүрінен бас тартқан, иманын жоғалтып алған, аяқтары бекіп, табаны ағармаған шала мұсылмандар отырса, онда мұндай «экстремизмді» қолдап  дәріптеп отырғандар кім аталмақ?

Олардың арасында үлкен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оларды қолдаушы әлемдік тұрғыдағы философ ғалым, психолог, шейх, хазіреттер бар емес пе, олар не бітіреді деп сұраңыз енді. Бұл жерде тағдырлық иман дәнін өсіріп жетілдіруге белгілі бір сенімнің, дін білімінің, иманның күзетшісінің керегі сөзсіз. Сол біздің сеніміміз бойынша орындаған қосымша амалдарымыз арқылы да иман қуатын жетілдіріп, боймен, ар сауытымен қорғап бұзылудан, жоғалудан сақтап, тек ағашына айналдыру да керек.  Сонымен иман біздің іштегі жарығымыз болса, сенім сырттағы бойлық күзетші қорғаны болары да хақ. Жалпы дін құлшылығы сырттан екі аралықтан, жерден, көктен, табиғаттағы барлық жаратылыс егелерінен адамзаттың рухани, малдық, жандық өркендеуіне түрлі өрістік, иістік, қарсылық қуаттарды шамасына қарай өлшеммен жүктеліп меңгеруді қалыптастыру керек. Және бұл біртұтас әлемдік тәңірлік сипатпен, бірліктермен адамзаттың тәнінде, денесінде толық белгілері болып байланыста тұрумен де өзінің нәтижесін береді. Бір Алла дегеніміздің жалпы әлемдік өзара тығыз байланыста болатын, Алланың Өзі сипаты болатын бейнеленген барлық таза, пайдалы қуаттардың, періштелік, кісіліктердің адамзаттың болмысына сай өлшемді жиынтығын айтады. Бірақ мұндай Алланың сипаттарының ғылымын тарқату кейінгі замандарда келген әулиелерге тиісті болып мұның тарихат, мағрипат деген шариғаттан да жоғары тұрған және мұны философиялық мектептер арқылы халықтың дәстүріне, тұрмыстық жағдайы және мәдениетіне, руханиятына  қарапайым тұрғыда қойшыдан патшаға дейін ортақ амал болатын құлшылық сәжделік істеріне айналдыратын заман келетінін де болжаған және ашық аяттармен түсіндіргеніне қарамастан қазақ деген халықтың бұл сынақтан өте білген Ясауидей ғұламасы болғанын және дін шежіресінің өркениетін ұмытқаннан ислам әлемі түгіл, бүкіл жер әлемінің адасуына себеп болған десек қате емес.

Әлемге қазақ халқының мұндай дәстүрлі дінінің қандай қатысы бар деген сауал туындайтыны да сөзсіз. Мәселе де мұндай әлемдік сынақтық жаңа өркениеттің үнемі қазақ халқынан басталып  және  оған қарсы зұлымдықтар мен тажалдық білім де қазақ ұлтынан басталатынын, бұл әлемдік жағдайдағы қалыптасқан әдет екенін біздер тарихтан, шежіреден аянмен салыстырып үлгі алып болжауды да ұмытып қалдық. Мұндай жағдайда әрине арамыздан иманды меңгерудің тазалығын көрсете білетін де, оны қарсылықтармен аздыратын да қауымның шығуы да сөзсіз. Имандылықпен, ақылдылықпен, саналық қуатқа тән көргендікпен елдің шаруасын қалыптастыруға, Астана деген бас қаланы салуға да Нұрсұлтан мырзаға осындай тағдырмен берген иман қуаты және саналықтың қасиеті болып, оны ол кісі иманының білдіргенін, көрсеткенін орындап қазақ халқын бұл тұрғыда әлемге паш еткені де сөзсіз. Бұл тұрғыда ізгілік, игілікке ақылын жұмсауда яғни имандылық тұрғысында ел басшымыз қандайда бір ғұлама дін ғалымы, хазірет, шейхтардан да иманы, саналығы артық екені де хақ. Бірақ барлық нәрсенің жұп болып жаратылып, білім мен шаруашылықтың дамуын меңгерумен бірге елдің рухани өркениетін де қалыптастыратын  имандылық, саналық қуатының жалпы халық арасынан шыққан қарапайым адамдарға берілгенін және ұлттық дәстүрімізден құдайдың ісін, көрсеткен белгілерін, хикметтерін мойындаудан бас тарттық.  Осындай надандықтың  нәтижесінде ел басшымыздың  сенім артып ғалым деп мойындаған және ел басқарушылық, уәзірлік қызметке тағайындалған иманды, саналы аталған пенделердің керісінше саналық түгіл тағдырлық иманын да меңгере алмай құр біліммен, ой жорумен ақырында тажалдық білімді насихаттаушыға айналып алғаны да хақ. Сондықтан ойдан шыққан пәтуаларға, масһабтық білімге сүйеніп  өз ұлтына, дәстүріне қарсы шешімдерге қол қойып жинаған имандық қуатын жоғалтуға мәжбүр еткені де жалған емес. Иман таусылуға, жоғалуға тән болғандықтан сана қуаты жинаған өсірген иман ағашына, тегіне байланысты жемісі болып, иманға қарсылықпен саналық та жоғалып отыруы да сөзсіз.

 Сондықтан да тағы да қайталап өтсек, әрбір есті адам баласына түсінікті болу үшін; Имандылық дегеніміз; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болуды қалыптастыратын болса, онда осындай шариғатпен, масһабпен, түрлі сопылық жолдармен жетілдірген қазақ ұлтының қандайда бір білімді азаматы, азаматшасы өз ұлтының мыңдаған жылдан бері қалыптасқан, түрлі хикметтермен бекіген, ата-бабамыздан мирас болған ұлттық рухани құндылығымыз – ар білімі аруақтарынан жансыз шерік атап неге шошып бас тартып және иманды аталған жастарымыз қолына қару алып, өзге елдің мүддесін қорғауға құштар болып зұлымдыққа түсіп кетті? Ал иманды кітап жүзіндегі біліммен жетілдіруге болатын  болса онда жоғары  білімді, ақылды аталған кейбір үлкендеріміз де өзге діннің жетегінде неге кетіп,  өзін тану арқылы жаратушысын тануға құштарлық танытып жатыр?  Олай болса, бүгінгі таңдағы исламдық дін ұстанымында, масһаб білімінде де иманды жетілдірудің ең маңызды қуаты;  2.Пайымдаулық (ойлана білу) сапасын, жетелігін жоғалтып алған десек жалған емес. Жаратушы иеміз исламның дін ғалымдарының да және түрлі топтарға бөлшектеніп алуының де негізгі себебін аятта; «Мұхаммед оларға айт, «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсіргендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген құран (хадистер) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68)  Құран аяттарын толық ашуға пайғамбарымызға түсірген хадистер жеткіліксіз болып, тек қана құранмен хадистермен пайымдаудан барлық елдердің де адасатыны,  ал құранның хақиқаты Інжіл, Тәурат және әрбір ұлтқа берілген сөз байлығында тұрғанын ашық ескертеді. Бірақ бұл аятты оқырмандардың өзінен санаулы ғана адам баласы жүрегімен қабылдап, ал жоғарғы дәрежелі философтардың, академиктердің, дін ғалымдарының, ақылды аталған ел билеушілерінің өзі бұндай ашық аяттарды ұғынуға неге иман қуаты әлсіз, сондықтан да санасыз болды деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек….(жалғасы бар)

IV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

 Кез-келген жаратылыс нәрселерін, қозғалыстық қуаттық өлшемдер мен уақыттың да сырын меңгеру үшін де үш өлшемді бейнеден қарастырылған ұғымдарын салыстырып түсіну Раббымыздан біздерге шартты міндетті үкім. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық.» (51-49) Бұл аяттағы  сандар жүйесі  негізгі жаратылыстың қуаттарының өлшемдік бірлігін береді. 40 сандық мәні жұптылықтың, 9 саны тақтылықтың және жұп пен пардың дәрежеленуімен белгілі болмақ. Ал 50 саны бес қуаттың 10 санымен дәрежеленуі және бірлікпен қосындысы болып нәтижесінде 50+49 =100 – Алланың жүзі белгісін береді. Әрбір жаратылыстың пар болуы және оның оң мен сол жағының және мұның көлеңкесі физикалық, химиялық, биологиялық тұрғыда 3 түрлі өлшемі мен көместе тағы пары болумен белгілі болмақ. Негізінен барлық қозғалыстың тақтық жүйеде 9 санымен нәтижеленіп отыратынын да естен шығармаңыз. Сондықтан қазақта; «Үйірімен үш тоғыз» деген астарлы нақыл бар.  Құранның да сөз ғылымы тұрғысында арап елдеріне оңнан солға, біздерге солдан оңға және құранның жұбы кітабы ғайыпта, көместе болғандықтан біздердің қандайда бір болмысты, сөздің атауын, белгілі бір ұғымды да айқындау үшін; көместік, ғайыптық  ақпаратқа, кітапқа, шындыққа жүгініп отыруымыз да шарт. Олай болса, бұл жазбада зерттеп отырған сенім және иманның да ерекшелігі түсінікті болу үшін 3 түрлі сипатын білуіміз де міндетті болмақ. Қазіргі таңдағы әлемдік тұрғыда діндердегі өзара қақтығыс пен «экстремизмнің» белең алып артының бүлікшілдікке ұласуында да осындай сөздің астарын, сандық тұрғыда ғылымын зерттемеуден бір ғана аяттың, хадистің үгітіне жүгініп, жұп және парлық қағидасын сақтамай пәтуаға шығарудан, насихатының білімін жоғалтудан пайда болған десек жалған емес.

Сонымен қазақтың даналығында адамзаттың барлық өмірін қамтып тұратын негізгі үш байлықты ескертіп кеткен. «Бірінші  байлық –иденсаулық, екінші байлықи – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» болып, егер жеке-жеке бұл байлықтарды қарастырсақ; Бірінші байлық – Сенім; Екінші байлық – Иман; Үшінші байлық – Сана деп атауға болады.  Және сенім-рұқпен, кітаппен;  Иман-жанмен, «Мен» сипатымен; Сана-Армен, бой киімі зейнетпен, рухпен, таза ақылмен байланысты болатынын да және жұп парлық 9 санды толық жүйенің кісіліктің шығатынын көреміз. Жанның да негізінде 9 сипатты түрі болатынын, рұқтың 9 түрлі дарындылықтардан, қасиеттіліктен де тұратынын да естен шығармаңыз. Олай болса 18 мың ғалам дегеніміздің сыры деп рұқ пен жанның бірлігінен тұратын саналы ғалам тіршілік иелерін айтады.  Енді адамзаттың толық ақылы болған 4 ақылдың он саулықпен дәрежеленген 40 ошағын әуретті орындарын қазақ даналығында «Қырық қожа» деп атап; «Қырық қожа қырқадан аспай, тоғыз кісі төбеден келмей тектілік жетілмейді» деп ескерткен. Олай болса, біздердің уәде тұрғысында айтылатын; «иман келтірдім» деген ұғымға осындай барлық құндылықтарды меңгеруді меңзегенін және мұндай адамзаттың толық сәждесін тек сенімділікті меңгерудің діндік рәсімдеріне байлап қоюдың өзінде тажалдық білімнің әрекеті жатқанын білген де жөн. Имандылық қуаты санмен ғана дәлелденуге тәуелді болмақ. Сондықтан мұндай дәлелдер, қасиеттер көзге түспейтін болғандықтан адамдар өздерінің қандай қасиеттерге ие екенін ұғына алмайды.  Имандылықтың негізі ар-ұяттылық сезімдерін мойындап, онан күшті нәпсілік, құштарлық, құмарлық, тәккаппарлық т.б. сезімдерге бой алдырмаған жағдайда ғана біздер иманның жетегімен жүре аламыз. Және ұлттық ар, ұяттылықтың қазынасы болған қан тегіміз – діліміздің, ақ жаулық байлықтың қасиетін, ана тіліміздің де қадірін ұғынып, қасиетін сақтай аламыз.

Ал ішкі жарығымыз имандылығымызды қорғап, сақтап күзетіп тұратын Сенімділік атты күзетші қуатты меңгеру білімнің, біздердің барлық өміріміздің, тіршілік қамымыздың әрекеттерін, тал бесік пен жер бесіктің арасын ғана қамтып қоймай ұлтымыздың шежіресі мен сенімділікті меңгерген тарих тәжірибесіне сүйене отырып, ақиретке де сенімділіктің білімін қалыптастыру керек. Сенімділік қасиеті; 11;81;9 сандық өлшемдерінен тұратын болса қосындысы 101 санымен, яғни адамзатқа ортақ қарсылықтардан қара күштерді меңгерумен қазақ даналығында; «Жүз бір атты пәледен сақта Құдай» деп тілеген.  Және біздер осындай 3 түрлі сенімділік біліміміз арқылы ғана бір-бірімізді тануымызға, яғни өзара туыстық қатынасымыздың қалыптасуына жағдай жасап  туысқандық, ағайындық және ұлттар арасындағы үмметтік қатынастың бір-біріне белгілі бір қажеттілікпен, дүниеге мұқтаждықтан емес керісінше белгілі мақсатпен танымдық тұрғыда ізгілік пен иман арқылы қарым-қатынаста болуды қалыптастыру керек.  Мысалға 11 санды белгіге тоқталсақ; 1. Бір дегенім білеу-Білім; 2. Екі дегенім егеу-еске алу-Естілік; 3.Үш дегенім үстік-үндік қасиет; 4. Төрт дегенім төстік-қол өнер; 5. Бес дегенім бесік-тербеліс; 6. Алты дегенім асық-қадам, адымдау; 7.Жеті дегенім желке-қасиет; 8. Сегіз дегенім серке-шеберлік; 9. Тоғыз дегенім торқа-түйін шешу; 10-Он дегенім оймақ-орта қоғаммен сәйкестілік; 11. Он бір- қара жұмбақ деп аталған. Себебі 11 санды құлшылық ісі сопылар таспихында белгіленіп және Мәсһүр Жүсіп атамыздың «Шайтанның саудасы» деген өлеңінде Ғиса пайғамбармен кездесіп шайтанның 10 қашыр, бес есекке жүк артып базарға сатуын баяндайды. Міне осы жүрекке енетін жүктің 4-еуін ақылмен, иманмен байланысты меңгерсе, қалған 11-ін нәпсімен соғысу дін құлшылығы арқылы меңгеру керек. Масһаб білімінде мұны сенімді шыңдау, намаз оқу, ораза ұстап, зекет беріп сабырлықты меңгеру арқылы түсіндерсе, қазақ дәстүрінде Алла жолында мал жұмсау, ақталу, тазару, жер ана рухымен жалғану арқылы атқарылады.

Ал 81-ші сандық қасиет, сенімділік қуат адамзаттың тағдырына байланысты қателіктері мен жасырын күнәларының және жын қуатын меңгерумен қатысты болып мұны әрбір пенденің тылсымнан өзінің күзетшісімен байланысты; аян, түстері арқылы берілген тапсырмаларды орындау арқылы атқарылатын құлшылықпен нәтижеленеді. Мұны дінде ақталу, тазару, ағару деп атайды. Ал 9 санды сенімділік қуатын меңгеруді; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген нақылға сәйкес танымдық ақылды меңгерумен, тылсымнан берілетін дарындылық қасиеттерді де меңгеріп, аманаттарды ақтаумен байланысты.  Мұндай жағдайда ақылдың жетілуімен естіліктің адамзаттың еркін ойлау қабілетін қалыптасуымен және тәннің физикалық жарық сипаты, зейнет киімі денені, адамзаттың дендік, естілік саулығының нәтижесі бойдың қуаттылығын, сыртқы өрісімізді толық қалыптастырамыз. Бірақ іштегі жан сарайымыздың жарығы болып табылатын рухани егініміздің қуатын, жемісін өсіретін иман қуатынсыз тек сенімділік арқылы біздер бой жарығын зейнет киімін жетілдіре алмаймыз да. Сондықтан ішіміздегі қырық әуреттік үй ошақты тазартуды; «Қырық қожаны қырқадан асыру» деп атап, сенім мен иманға ортақ; «Тоғыз төрені төбеден келтіре аламыз».  Өмір сүру барысында адамзаттың еріктілігін, еркіндігін және ұлттардың арасындағы бір-біріне тәуелсіз қатынасты қалыптастыруға сенім мен иманның бірлігінің нәтижесінде қалыптасатын ұлттық наным деп аталатын намазымыздың құндылығының көрінісі Ар білімі, ұлттық намыстылық болып табылады. Данагөй бабаларымыздың «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп атаудың өзінде қазақтың ұғымындағы «Ар» қуатының, жарығының барлық адамзаттың құндылығының өзара махаббатпен қарым-қатынаста болу, бірін-бірі танудың жоғарғы дәрежесі болып бұл шартты бұзғанда қалғандарының құндылықтарының бәрі де өзінен-өзі жойылатынын да білгендіктен біздің барлық діндердің, насихаттардың, құлшылық әрекеттеріміздің сүзгісі Ар білімі болып, арлылық арқылы пайымдалғанда ғана негізгі үш байлықты сақтау, дінімізді де таза ұстауға мүмкін болмақ. Ар қуаты Адамдық тұтастық болмысты және ғаламмен біртұтас байланысты қалыптастырады.

Әр елдің салттары мен дәстүр ұстанымдарың және сөз ұғымдарындағы қарама-қайшылықтарының ерекшелігін сақтау арқылы ғана біздер иманымызды қорғайтын, таусылудан сақтайтын сенімімізді қалыптастырып, оны өсіріп жетілдіретін иман, сенім, нанымға айналған, дәстүр болып қалыптасқан  барлық қуаттардың бейнесінің бірлігі болған Арымызды қалыптастыру үшін де аятта; «Көктер мен жердің жаратылуы, тілдеріңнің, түстеріңнің қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар.» (30-22) Бұл аятқа түсінік тұрғысында пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады, бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деген өсиетінен тіл білімі көкпен байланысты болса, ал діл білімі қандық тегімізбен, жермен, ана тілімен де байланысты екені де хақ. Көктен түскен белгілерге, мұғжиза, хикметтерге, уахи, түс көруімізге байланысты тіл білімі яғни жаратылыс танудан бастап бүкіл пәндік білімдер өркениеті қалыптасуы керек. Ал әрбір ақыл иесі есті адам баласының өз ұлтының ділдік, тілдік ерекшелігін және ұлттық рухани тұрғыда ақыл-ойына ықпал ететін сезім мәдениетін, имандылығын қалыптастыратын және сенімділік тұрғысында  қандай қарама-қайшылықтарды да меңгеруге түсірілген белгілерді жол-жобаларын да меңгеру шартты екенін осы аятпен растап тұр. Сезімдік қуаттардың белгілі бір дәуірге, тарихи оқиғалардың қайталануына, жаратылыс әлемінің түрленуіне, уақыттың жылдамдығына тәуелді болып және жер ана рухымен тікелей байланысты болмақ. Мұндай жағдайда туған жер, көк отанына байланысты әрбір жеке-жеке адам баласының қабілетіне қарай тағдырларының да заманға қарай бейімделуі болып, яғни бүкіл ұлтымыздың тарихи тұрғыда көтеретін жүгі, әлемдік тұрғыда өзге ұлттардан ерекшелігі болатын руханияты қалыптасады. Сондықтан аятта;   «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67). Сонымен сенімділік тұрғысында шариғат ісі ортақ болғанмен, ал имандылықты, сезімдік мәдениетті, жандық өркендеуді, көбеюді меңгеру, жетілдіру үшін әр ұлттың өзіндік жол жобасы және ол Мұхаммед пайғамбарымыздың жеке өзіне берілген құпия аяттармен де байланысты екені де сөзсіз. Бұл жерде жалпы арап ұлты немесе пайғамбарымыз кезінде дінді меңгеруге соңынан ергендердің бәрі тура жолда деп ескертпеген, тек қана жеке өзін; «Сен әлбетте тура жолдасың» деп ескерткен. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7)  Бұл аятпен әрбір ұлттың тілдік, ділдік ерекшелігіне байланысты өз арасынан шыққан дінде жолбасшысының болуы шартты үкім болып, біздердің масһабты яғни Имам Ағзамды жол басшымыз және масһаб арқылы тура жол табамыз дегеннің жалған, адасушылыққа бой ұруға себеп болатынына айқын дәлел болмақ. Және пайғамбарымыз да; әдет-ғұрыптар Алланың болмысын мойындаудан, тарихи шежірелерді сақтаудан туындайтынын ескертіп; «Расында сендер өздеріңнің алдыңғылардың әдет-ғұрпын сүйем бе сүйем бе сүйем (қол ісі) кезбе кез (аяқ ісі, жермен жалғану) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер», деді. Біз, «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсың ба? деп сұраған едік, Ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378-ші хадис) Олай болса, қазақтың дәстүріндегі «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген өлілерге иман тілеп, тірілерге сеніміміздің берекетін сұрайтын құлшылығымыздың да ешқандай серік қосуға жатпайтынын және мұны исламдық тұрғыда құран арқылы орындаудан маңыздылығының арта беретінін де білдіреді.

Енді біздің имандылығымыз ішкі дүние сезімнің мәдениетін, тазалығын меңгерумен және жанымыз бен жүректің, ақыл ошақтарының қырық әурет үйлерінің тазалығымен байланысты болатынын жадыңызға тоқып алыңыз.  Иман байлығының сапасын қазақ даналығында жеті санмен, жер анамен байланысты жеті әулиелік киеліктермен сипаттап адамзаттың бұл қуаттарды меңгеруін «Жете», «Жетелік» немесе «Жетесізге жеті айтса да түсінбес» деп атаған. Сондықтан адамзаттың белгілі бір құбылыстарға табынып еліктеуінен сезім мәдениетін, иман қуатын айқындайтын құранның жеті үнімен жалғануды аятта; «Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені. (192)…Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды. (194) Израил ұрпақтарының бұны білулері, олар үшін дәлел болмай ма? (197) Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те; (198) Ол, бұны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді. (199) Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (200) Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.» (26-201) Сонымен құранның 4 үндік,  сөздік, кітаптық  ақыл қуатының  Мұхаммед пайғамбарымыздың кітабы болып, негізінде Израйл ұрпақтарына мұның 7 кітаптық белгісі берілгені және бөгде елдерде 8 сипатының барын, ал күнәкарларға 200 (жүзділік) белгісінің сандармен белгіленіп 4 түрлі кітаптық белгілердің жүрек кітабының сыры болатынын ескертеді. Сондықтан жүректің де 4 түрлі бөліктен тұратын мұны иман қуаты арқылы зейнеттеген жағдайда, бұл кітаптардың адам баласына оқылып; көрсеткен, білдірген аяндарына, түстерге сенбеуінен; «Азап оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді.» (26-202) деген аяттың үкімі орындалатынын ескертеді. Олай болса; «Мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын» деген Алла тағаланың «Мен» сипатының құраннан 4 түрлі кітап болып, қуаттық тұрғыда; жүрек, сезімдерден, көкіректен, ұжданнан періште, кісілік болып қалыптасатыны да сөзсіз.

Ақиқаттың белгісі; «МЕН» біздің табиғатымызда, ішкі сарайымызда жаратылыстан таңбаланып қойылады. Сондықтан бұл таңбалардың үйлерін біздің күнәдан жаратылып, дүние тіршілігінде қалыптасумен, өсіп-өну мен көбеюдің барысында рұқымызды құлшылығымыз арқылы тазартқан сайын біз оны ішкі «Менімізді» сезіне алу қабілетіне ие боламыз. Сондықтан да біздің сенімділік қуаттарын меңгеруге байланысты алған тәлімнің, белгінің біздің бойымызда қандай да бір әсерді, сезімді қозғайтынын да туа бітті біздің оның да барлық таңбаларының біздің тәнімізде  болғандығына дәлел болады. Бұл таңбаларды нұрландырып, бір қасиетке айналдырумен денемізді, бойымызды ар сауытын қалыптастыру үшін де оның тәрбиесін, дінін толық меңгеруіміз, тәубеге келіп күнәдан ақталуымыз шарт және құран-кітабымызды, жүрегімізді түсіну аманат болып аталады. «Мен»- дегеніміз  құдайлық қасиетіміз болып, ал қасиет дегеніміз қандайда бір жаратылыстағы затты пайдаланбастан оны иелене алумен және оны меңгерудің қабілетін де тағдырмен бірге жаратқаннан сыйға аламыз. Сондықтан да; Адам өзін тану арқылы ғана әлемді таниды. Әлемді терең тану, жаратушы хикметін сезіну, өзінің бойындағы кейбір қасиеттердің, таңба белгілердің болуына байланысты ұқсастықтарына назар аударумен  ғана ұғымды болады.

Сонымен біздердің имандылығымыз жан қуатының жарығымен жетілуімен, жүректің 200 түрлі тамырының құранмен берілген 4 түрлі ақыл кітабының ұйқы кезінде жалғанып бір тұтас тағдырлық кітапқа айналуымен, ақыл-ойымыздың, естілігіміздің сапасы да артып жетелі атанамыз. Елші, ескертуші, тура жолды меңгеруші болудың да маңызы жетелі болумен, жүректің тазалығы, қанның қуаттылығымен, дарындылықты, танымдық ақылды меңгерудегі ұждандылықпен байланысты болып аятта; «Әй пайғамбар Раббың тарапынан түсіргенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.» (5-67) Сонымен елшілік бұрынғы замандарда да түрлі діндерде құранның кітабы болып оқылып келе жатқан имандылық шарттарын жетілдіруді жалғастырумен байланысты болса, ал пайғамбарлық қасиеттілік болып; дінде жаңадан аяттар мен өзгерістерді соған байланысты сенімділік қуатын, білімін арттырумен, құлшылық рәсімдерінің өзгеруімен байланысты екені де хақ. Ислам діні келген уақытта арап халқының мойынсұнбаулары және өзге дін өкілдерінің Мұхаммед пайғамбарымыз меңгерген имандылық арқылы орындаған ізгілікті амалдарына емес, керісінше дінде сенімді жетілдіруге арналған сәжделік рәсімдеріне қарсы болғаны да және көптеген амалдардың намаздарын орындау әрекет құлшылығын аз ғана топпен және жеке жасырын орындағаны да сөзсіз. Сондықтан аятта; «Әй Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (құран) келді.» (5-15) Сонымен осы аятпен-ақ масһабшылардың елшілік пен пайғамбарлықты ажырата алмай, бұрынғы замандағы имандылық қуаттарын меңгерудің құлшылықтарын тастап тек сенімге негізделген сыртқы дін рәсімдік намаздарды ғана дәріптеумен дінде адасқандарына ашық дәлел бар. Егер құранды оқылуда және оның сәждесін меңгеруде пайғамбарымыз; «көбірегінен елемей өтіп кететін пайғамбарымыз»  болса, онда пайғамбарлық міндетін шала орындаған болады. Бұл мүмкін емес және Құран толықтай түсірілгені де ақиқат. Ал елшілік істерінің ол заманда толық орындауға мүмкін болмауына да басты себеп пайғамбарымыздың арап ұлтының арасында ғана өмір сүрумен олардың салттарының, дін дәстүрлерінің, өмір сүру ерекшеліктерінің де болуымен, құранның үнін тұрақты сақтау үшін орта топ қана аталып және сол замандарда жалпы адамзаттың білімінің жетілмеуі де себеп болғаны хақ. Сондықтан аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме» (5-68) Алла тағаланың 8 сипатын және адамзатқа түрлі қарсылықтар мен 8 түрдің жаратылуына байланысты бұл қуаттарды меңгерудің амалдары Інжіл, Тәурат және әр елдің өзіне келген пайғамбарлары мен елшілерінің істеріне байланысты дәстүр болып қалыптасуына, исламдық дін ғалымдарының тек қана құранды ғана мойындау салдарынан қарсылықтары артып азғындыққа түсуін ескертеді. Қазақ елінде ата жолы болып басталып тағдырымызда жазылған бірақ түрлі жағдайда ар білімін тастап қойған күнәның әрекетімен жоғалтқан иман қуаттарымызды меңгеру мен ақталу шараларын намаздарын орындап, зияраттап, құрбан шалып тазаруға тиым салудың да негізгі себебін осы аяттар ашық ескертіп тұрғаны да хақ. Бірақ мұны түсінетін ел билеуші, зиялы қауымға тән болатын жоғарғы сана қуаты түгіл имандылықтың негізін жоғалтқан жетесіздіктің себебі де иман қуатының жаратылыс себебін меңгеруден бас тартудан, өз ұлтының ділін қалай тазартып жетілдіруге болады деген ақылдан сұрау болмауынан да деп түсінген жөн. Олай болса, енді иман қуатын меңгеруді Інжіл кітабында қалай насихаттаған екен талқылап көрсек. (жалғасы бар)

V-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

 Жалпы адамзаттың Нұқ пайғамбарымыздан бері арманы болған қалайда жанды жетілдіріп мәңгілік өмірдің ағашына жалғануға себепші болатын өлімді меңгеру жеңумен қайта туылу еді. Бұл сыр Тәуратта да белгілі болғанмен тек қана 70 адамның уақытша өліп тірілуімен және тек әулиелердің ғана арнаулы құлшылық амалдарымен ескі күнәлі рұқын өлтіріп, қайта жаңадан рухани азық алып, ет-малын тазартып, рұқын жетілдіріп, аруағын қалыптастырумен жоғарғы дәрежелі саналыққа жетуді меңгеру үшін де иман қуатын жетілдірудің маңызы да зор болғаны сөзсіз. Діндердің сатылап  түсіріліп имандылықтың қуатын, дәрежесін меңгеруді білімнің дамуына қарай пайғамбарлардың келуімен жетілдіріп отырғаны да сөзсіз. Және жаңадан аяттардың келуіне, құлшылық амалдарының өзгерістеріне  байланысты да қарсылықтырдың да қуаты, білімі де жетіліп, бұған қарсы сенімділікті меңгерудің де сан алуан тәсілдерімен адамзатты түрлі сынақтардан өткізіп апаттармен, аштықтармен,  түрлі соғыстармен де сыналудан кейін мұндай жоғары дәрежелі иманды меңгерумен даналыққа жету  де көбіне санаулы адамдарға ғана мүмкін болатын еді. Ал жер бетіне Ғиса пайғамбарымызды таза  рұқтан, пайғамбарлар аруағынан, Алланың аманаты иман қуатынан  тікелей жаратуымен, Мариям анамыздың тақуалығы арқасында таза қанды жетелі ұрпақтың өмірге келуімен, жоғарғы дәрежелі даналықты меңгеріп және өліп тірілудің хикметін де әлемге әшкере жария қылғаннан кейін бұндай нығметке жетуге жер бетінің қандай да бір адамзатының ұстанған дініне қарамай өтуге тиісті хикметті жағдайы болып қайта туылудың, мәңгілік жанның сәждесі бекіген еді.

Сонымен иманның рұққа және жынды меңгеруге байланысты өлімнің сатыларынан өтіп рухани ақталуы болып, бұл қандай дінде болсын міндетті жағдай болып бекіген еді. Жалпы мұндай мәңгілік жанды қалыптастыру үшін; ҰЯТ, ИМАН, ДАНАЛЫҚТЫ  меңгеру шартты болмақ. Ұят дегеніміз төменгі ақыл болса, иман болса құдайдан аманат нұр, таза ақыл болып жүрекке зейнеттеліп жанға енетін болса, ал иман арқылы даналықты меңгеру ойлау қабілетімен бастың тазарып, мидың 16 түрлі үндік қуатын қалыптастырумен нәтижесін бермек.  Сонымен Тәураттың ұстанымы бойынша жаратылыстық қозғалыспен тұтасқа, бірлікке келуге; судан, тау-тастан өту, құрбандықтың қанымен тазарып ақталу арқылы алғашқы жанның алғашқы кезекті ауысуы болса, екінші рұқтың өлімі арқылы атқарылатын жанның екінші кезеңі болған Ғиса пайғамбарымыздың креске таңылуы күнәдан ақталу мұғжизасымен байланысты болмақ. Бұл жағдайлар ақталу, тазару арқылы жаратылыстың барлық себептерімен байланыс белгі алумен, Зәбурмен көркем сөзді меңгерумен, өлілермен тікелей байланыс орнатумен бұрынғы замандарда «Назареттік ант» яғни пайғамбарымыздың; «Иман екі сипатты, бірі 60 бұтақты, екіншісі жетпіс бұтақты» деген өсиетіне сәйкес 60 бұтақты иманды меңгеру құлшылығы інжілмен толық сипатталған және христиан елдерінің меңгерген даналықтары бастың масихы болып бекігені де хақ. Ал енді 70 бұтақты имандылық дәрежесі болып саналатын мұғжизаның исламның келуімен пайғамбарымыздың миғражға көтеріліп, 7 жолға жалғануымен және барлық діннің құлшылығын біріктіретін үш түрлі намаздың сипатын Алла тағаладан парыз қылып алуымен, үш кезеңдік ақталудың құлшылығы міндетті парыз болып бекіген еді.

Пайғамбарымыздың бес уақыт намазбен бірге; Бақара сүресінің 285; 286; аяттарын алып, бұл аяттардың ғылымдық сырын түсіну үшін де екілік жүйеде қарастырсақ; (15;15+2= 17; 16; 16+2=18) сандық тұрғыда сандық мәндегі сүрелермен аяттармен құранда ашық баяндалғаны да хақ. Бұл сандық мәндегі құлшылық амалдардың; намаз орындау, намаздарды толық орындау болып аталатынын, ал намаз оқуға байланысты пайғамбарымыздың сүннеттері және қажылықтың да маңызы 60 бұтақты имандылықты, қажырлықты, алты ақылмен байланысты даналықты меңгеруге тәуелді екені сөзсіз. Бірақ бұл исламдық  қажылықтың да туған өлкесімен отанымен жалғанып, «Назареттік антты» орындау арқылы ғана пайғамбар жасымен үлкендікпен, ет-малды тазартып, дүние ісінен жалығып бастағы 16 үндік қуатты меңгерумен байланысты құлшылығын, намаздарын орындауын да мүлде теріске алумен ислам да адасушылықтың жалған тажалдық білімнің қақпанына түскені де хақ.  Мұны құранда ашық аятпен; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) (73)  Сандық тұрғыда қарастырсақ 68=60+8 болып, алпыс бұтақты рухани егінді өсіру мен 8 түрлі жындық малдық қуаттарды меңгерумен байланыстылығын әшкерелеп тұр. Және сырттан келетін нәсілдік, жандық бес қуатты меңгерумен (68+5) 73-ші топтық аталып, бұған енді исламның намаз оқуға байланысты тақуалық сәждесін қосумен тура жолға түсуді де ескертіп тұрғаны да хақ. Сонымен осы аяттың үкіміне байланысты;  ұят, иман, ақылды жетілдірудің намазының қалай орындауын меңгермей-ақ бес уақыт намаз, ораза, зекет қажылықпен масһаб дінінің тура жол аталуының өзінде осындай білімсіздіктің белгісі тұрғанымен, мұны енді ақыл тұрғысында дін ғалымдарының өзі мойындауға шарасыз. Себебі жындылық тұрғыда бір жүйеге негізделіп, ақылдары қапанға түсуден, сондықтан да бұрынғы замандағы пайғамбарларға түсірілген және 3-кітап болып оқылған дін намаздарын, құлшылық істерін мүлде мойындаудан, бас тартудан енді исламдық намаздың құр сенімге ғана негізделіп, иманды жетілдіру мен ақылдың егінін өсіріп, жанның өнімі болған  аманатты қайтарудың маңызы мүлде назардын тыс қалып, ғалымдарымыздың да ұжымдық ақылға надандыққа негізделіп алғанын аңғарудан да қалдық.

Негізінде сенім рұқпен байланысты болып; түрлі нәсілдермен жүктелу жын қуатын меңгерумен көркем мінезділікті, сүйіспеншілікті және бой қуатын, жарығын, денені қалыптастырумен иманның алғашқы ақылмен, даналықпен  байланысты дәрежесі болса, сол дененің ішін жарық қылып сананың өсіп жетілуіне жол ашатын, көктен нұрға, жұлдыздарға яғни жеті жолға жалғануға байланысты иманның жетпіс бұтақты ағашын құранның жеті үні – мақамды меңгеру арқылы әулиелердің, Алланың достарының бастарында өсірудің де маңызы зор болмақ.  Мұндай көкке жалғанатын көркем сөз ағаштың жемісінен алатын иманның дәрежесі данышпандықпен байланысты болмақ. Сондықтан да бұл бүгінгі таңда масһабтан биік сопылық істермен байланысты құранның жеті үнін меңгерумен исламдық құлшылыққа тән болып, Алла тағалаға , жеті жол ғылымға жалғанып кітап алудың да сыры таза ақылдан, құдайлық нұрдан несібе болып және онан рұқтың егінін өсіретін қуаттың болашақ өмірге келетін ұрпақтық өнімдердің шығатынын да білген жөн. Жалпы қозғалыс уақыттан басталып үш түрлі тербелістің, қозғалыстың, жылдамдықтың негізін құрайтыны да хақ. Және бұл қозғалыстар ерікті, еріксіз болып екі сипатқа бөлінеді. Сондықтан 6 түрлі (3х2) қозғалыстың барлық сипатында иманмен басқару арқылы ақылдың егінін, болашақтың ұрпақ дәнін өсіру адамзаттың негізгі құлшылығы, махаббаты болып, біздердің қанымыз да, тектік ағашымыз да Адам атамыздан бері қалыптасқан аманат-иманымыз екені де хақ.  Сондықтан да адам баласы тағдырына берілген иманынан тікелей сұралып сыналмайды, бірақ ақиретте аманатының орындалуына байланысты сыйын немесе жазасын ғана алады. Ол үшінде де Құдайдың өзінен, құдіретті қолы аруақтар арқылы аянмен әр пендесіне иманының шамасына қарай жеке-жеке тағдырынан хабар беріліп отырады. Ал енді сенімділікті, діннің рәсімдік құлшылықтарын орындау арқылы иманын күзетіп, өз мақсатына пайдалануға және көбейтуге, өсіруге арналған жол-жобасын алып, бірақ оны орындау да   еріктілікпен байланысты болмақ. Сондықтан да сенімдік қуатты, бойды жетілдірудің, бой ұсынудың да, Алланың міндетті парыздарын орындаудың маңызы да зор болып және намаздарының міндетті түрде ақиреттен  ұйқы кезінде жаныңнан сұралып, тіршіліктерде қиындықтармен  сыналып отыруы та хақ. Адам баласына барлық қайғы-қасірет, ауру да, сынақтар да сеніміне байланысты ауыр жеңіл болып түсіріліп отырады да. Мұндай жағдайда имандылық қуатты жетілдіру арқылы ғана жоғалған, адасқан сенімін белгілі бір бағытқа арнап түзеуге болатынын да білген жөн.

Мұндай қазақтың ата жолының дәстүрлі құлшылығының намаздық амалдарының білімі тек рәсімдік тұрғыда сенімге ғана негізделген масһабтық біліммен  исламда қаралмағанмен, негізінен пайғамбарымызға арнаулы үкім болғанын аятта; «Мұхаммед менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерік қатушылардан емеспін» де» (12-108) (9;21) Бұл аятта «Мен» деген Алланың иман нұры, рахмет болып Ғиса пайғамбар түрінде бейнеленсе, Мұхаммед пайғамбарымыз да «Маған» яғни екі «Менге» еріңдер, яғни «Мен және маған құлшылық қылыңдар» деген сөздің ешқандай шерік қату, яғни серік қосу болмайтынын, себебі бұған ашық дәлелдермен, аяндармен, иманның көрсетуімен ғана орындалатын жолды меңгеруге арналған Құдай ісімен байланысты намаздар екенін ескертеді. Сондықтан да Раббымыз аятта; «Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмас еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.» (42-21)  Қазіргі таңда Алла тағаладан Құдай ісі болып иман арқылы уахимен көрсетілмесе де, барлық үкімді шариғатқа байлап пәтуа берудің ортақ қосу болып саналатынын және мұндай жағдайда зұлымдыққа түсу болып азап берілетін арап елдерінде масһаптан тарап жатқан «экстремистик» бүлікті осы аяттың хақиқаты растап тұрғаны да хақ.

Құдай ісін атқарушы болған таза ақыл «Мен» негізі баспен бейнеленіп, Ғиса пайғамбарымыздың бастың «МАСИХЫ» және Ахмет болып; Мұхаммед пайғамбарымыз «Аяқ» барлық құлшылықтың аяғы жанмен байланысты «МАСИХ», Ахмет болып саналады. Мұның ғылымдық сыры Ғиса пайғамбар «СОЛ»-10 (он саулық иман) болса, Мұхаммед пайғамбар «ОҢ»-1 бастапқы нұр, шырақ болып екеуі де «Единица», «БІР» аталып (10+1) 11 санды сопылық таспихпен байланысты құлшылықтың сырын да, жұлдыздармен байланысты болған  иман қуатына жалғануды жоғарғыдағы  (12-108) аятты Жүсіп пайғамбарға түскен аятпен жалғасақ; «Сол уақытта Юсып әкесіне: «Әкетайым Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» (12-4) (16)  Жалпы сәжде қылу ұғымы; «Тану» болып, барлық қозғалыстың Алласын құдіретін танып иіліп, міндетті тағдырмен жазылған іс-әрекеттерді орындаумен, жаратылыстың жанды егелеріне де қызмет қылумен байланысты болса, онда күн ай және 11-жұлдызға байланысты 3 түрлі уақыттың үш өлшемімен жалғанып қуат алатындары да хақ.

Сонымен бірге адамзаттың құлшылығының сыйы; екі түрлі иманның қуатын, нығметін алуға байланысты болып аятта; «Оларға: «Сендер, бізге екі игіліктің (ғазилік, шаһиттік) бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан (аруағымыздан) бір азап жеткізуін күтеміз. Ал сендер де тосыңдар, біз де сендермен бірге тосайық» де» (9-52) Және «Сендерге 8 түр жараттым» деген аяттармен 8 түрлі қуаттарды меңгеруді де ескертіп өткен. Бұл қазақтың даналығында «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деп осы жағдайдың адамзаттың несібе бағымен, іс-әрекетімен, ішкі иманының бағыт-бағдар беріп, жол көрсетуші болуымен, тіршілік амалдарын  берекеттендіруші Қыдыры екенін ескерткен. Жалпы жан ғылымы мен рухани қуаттардың иман болып зейнеттелуінің құпиялары Інжіл жазбаларында астарлы түрде баяндалған.  Ғиса пайғамбарымыз; «Сонымен олардан қорықпаңдар! Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды. Сендерге қараңғыда айтқанымды (аянмен көргендеріңді) жарықта айтыңдар, құлақтарыңа сыбырлағанымды  (көкейге салу, бата берілу) жұртқа жариялаңдар! Тәнді өлтірсе де жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақтан құтқара алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер! Екі торғайды сегіз-ақ тиынға сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Сондықтан адамдардан қорықпаңдар, сендер көптеген торғайлардан әлдеқайда қымбатсыңдар!» (Матайдан 10-тарау 26,..29) Адам баласының көкте көрінбейтін жағдайда көместе екі түрлі жұлдызы (оң, сол) және жаны болып, «Көктегі ұшқан құсты сендер ұстап тұрасыңдар ма?» деп ескерткен құран аятында. Олай болса Адам баласының тәніндегі 8 жындық қуаты тазаруымен және өрістік бойына келетін 8 түрлі нығметтің барын және оны 1. Амалмен, 2. Сауап жасау арқылы сыйға иман қуатымен, нұрымен, екі игілік болған екі торғайды бақыт құсына, екі үнге жалғап, таза ақылдан иман қуатын жүрегімізге жүктей аламыз.

Қандайда бір адам баласын егерде рухани тұрғыда ақталудан өткізбей, малын етін тазартып, ақылын өсіріп, жанына қосымша иман нұрын алдырмайтын болса, онда белгілі діннен білімдерді үйрету арқылы жын қуатын сол ортаға қалыптастырып, сенімін байлап және енді оған мың кісі түрлі пәтуа берсе де өз білгенінен қайтпайтын қияли,«фанат» қылуға, түрлі «экстремистік» пиғылға мәжбүрлеп қызметке тұрғызуға болады. Мұндай ақылы толмаған жастар түгіл, қандай білімді ғұлама, ғалым, ел билеуші болса да бұндай аю қақпаннан шығуы мүмкін емес. Сенімнің шапанын кигізіп алып жанаттық боласың деп дәмелендіріп, ақылын бес сезімге байлап тажалдық білімнің қызметіне қою да немесе Алла жолына өзін құрбан қылуға бағыттай салу да оп-оңай болмақ. Себебі тағдырлық иман қуатын иманына қарсылық қылдыру арқылы, яғни жер отанынан, ана тілінен, жер емшегінен, ұлтының дәстүрінен ажыраудан тез  тауысып та алады да. Мұндай қараңғылық надандықтан тек құдайдың ісі арқылы  ғана аян болып көрінетін, уахи болып оқылатын иманның қуатының ақ бұлағын ашып жер ана ойпатты орындарға, жаннат есіктеріне жалғау арқылы ғана өз пиғылының, дін ниетінің жағдайын анықтап, бағытын түзеуге болады.  Және адам баласы қанша иманды, ізгілікті, сабырлы болғанымен, тек қана масһабтық білім тұрғысында шариғаттың ісін жетік меңгергенмен шексіздікке жалғанатын тура жолын Құдайдың тікелей әрекетінсіз, көрсетуінсіз де тауып алуы мүмкін емес. Бұл жағдайды құранда әрбір үмметке жол-жоба алу деп және әрбір  пендесіне; «Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін?(9)    Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) деген аятпен тағдырлық сынақтардың барын мұндай кедергіні иманының көрсетуімен ғана өтуге болатынын ескерткен.

Абай атамыз да 45 қара сөзімен сан ғылымы арқылы өлеңдер жинағымен осындай ұлттық дәстүріміздің ерекшелігін имандылықты меңгеру арқылы қалай даналыққа жетуге болатын жолын баяндап, насихаттап көрсете білген. Мысалы; «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен, Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен. Жазғытұрым жасырып жердің бетін, Жасыл шөппен, бой жеткен егінменен тең. Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті, Орақ келер, орылар мезгіл жетті. Жылы мен суықтың бәрін көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті. Ауыр ойды көтеріп ауырған жан Қайғы-қасірет жүзіңе белгі салған. Дәні толық, басы үлкен егіндей ақ Сенің де басың  имек жерге таман. Өлейін деп өлмейді өлерлік жан, Әсте өлмесін білгендей қылық қылған. Адамзат бүгін адам, ертең топырақ, Өлмек үшін туғансың, ойла шырақ.» (198-ші өлең) (18;9) Абай атамыз ақылдан рухани егін егуді иманның жемісін аманатты өткізуді інжілдік аяттарды осылай құранның аяттарымен қоса білгенін біз аңғара алмаймыз да. Ол үшін Бақара сүресін 286 аятты екілік, бірлік жүйеге келтірсек; (286=16+2=18=9) болып 9-шы, 18-ші қара сөздерінің насихатынан да құлшылық әрекетін түсінуге болады. Және жоғарыдағы өлеңдегі баяндалған рұқтың егінін, иманның жемісі ұрықтарды өсіруді құран аятында; «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы; Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді.. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) (9;11) Алла жолында құрбан шалып жеті ата аруғын көтеру арқылы осындай рухани егінімізді өсіретін болсақ, бұл егіннің адамзаттың неке арқылы пайда болатын жандық өнім болатынын; «Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындарыңды біліңдер. Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. Алла тағала әр нәрсені білуші.»(2-223) (7;9) Бұл аяттағы антымыз құдайдан алған аманатымыз, иманымыз болып, оны неке арқылы, екі жарты бір бүтіндікте әйелдің тәнінде өсірумен және жақсылық істеп адамдардың арасындағы татулықты, махаббатпен құлшылық амалдарын қалыптастыруға да иманымыздың көрсеткен белгісімен ескерту аяндарын да жорып намаз қылып орындаумен нәтижеленеді екен. Сонымен иман деген жаратылыстан Алла деген сөзбен жүрекке жазылған антымыз, яғни  Меніміздің негізі және махаббат, сүйіспеншілік үлгісі болған «Мұхаммед» деп те  аталмақ. Иманы толық адам баласында бұл жазудың жүректен рентген арқылы да көрінетіні ғылымда мысалдар да бары сөзсіз. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп астарлы ескерткен екен. Бұл жерлерді егіндік жері деп атап; 1.Маңдай мен қос шеке.2.Желке қара құста. 3. Иықта. 4.Шынтақта. 5.Қос алақанда. 6. Қос тізеде. 7. Табанда иманның әрекетімен жетілетін ақыл қуатының ұрықтық ошақ үйлері болатынын жадыңызға тоқып алаңыз. Және бұл орындар жұлдыздармен  байланысты болып; 1. Жеті қарақшы. 2.Шолпан жұлдызы. 3. Құйрықты жұлдыз. Сәре жұлдызы. 5. Шам жұлдызы болып, барлығы негізінен 11 жұлдызды құрайды.

Қандай да бір құлшылыққа байланысты құран аяттарында әуелі иман келтіріп барып орындауды үнемі ескертіп отырады. Ал иман келтірудің маңызын қазақта ақылмен байланыстырып; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп ескерткен. Бұндай даналықтың қазақтың тегінде екі мың жыл бұрын да болғанына нақты дәлел болып, Қажы бабаның қабірінен табылған шырағданның бейнесі нақты дәлел бола алады да. Шырағданның ішінде екі құс пен екі аңның бейнесі болып, оның біздің екі көзіміз құс болса, ал екі аң есту қабілетіміз болмақ. Шырағданның шетіндегі 16 барыстың бейнесі біздің миымызға келетін ойлау қуатымыздың 16 үні болып саналады. Олай болса есту, көру қабілетімізді ақылмен меңгеріп және бұл төрт ақылды бірдей аспен азықтандырып барып біз 16 үнді яғни 11 үн жұлдызбен, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен байланысты болса, 5 түрлі қуатты меңгеру Ғиса пайғамбарымызбен және көктен ортақ  несібе иманның нұрымен байланысты екені інжілде астарлы әңгімемен баяндалғанынан алда мысалдармен дәлелдер береміз. Бұл шырағдан біздің тегіміздің яғни бастың масихын қадірін сонау заманнан екі мың жылдан астам уақыттан бері меңгергенімізді де және  иманның 60 бұтағын даналығын да жетік меңгергенімізге дәлел белгі болмақ. Ал енді қажылық деген «Назареттік ант-Иман» болып өлілермен зияраттау арқылы байланыс орнатып, шашты алып, бас киіммен қорғау деген ғұрпымызда қалыптасқанын  білдіреді де. Қазақтың үлкен кісілері шашын тықырлап алдырып жүруді және бас киіммен қорғауды «Назареттік ант» орындалуын дәстүр қылып бекіткен. Жалаңбас жүруді ақымақтық, арсыздық деп санаған. Бірақ қазіргі таңдағы ел билеуші, зиялы қауым өкілдерінің өзі бастың қадірі түгіл діліне, ана тіліне, сүтіне, ақ жаулыққа қуатқа, төменгі сана етекке байланысты жетенің қадірін де жоғалтып, мұндай басында шырағы жанып жоғарғы санасын қалыптастыратын ғұламалық, даналықты мүлде жоғалтып алып елдің руханиятын, ақпараттық жүйесін басқаруды ақылсыз жастар мен жетесіз ақымақ  інжілдік намаз көрегенділікті мазақ қылған көргенсіз діншілерге беріп қойғасын кім ашық дәлелдерге иманын келтірмек? Ал енді жоғалтып алған иманымызды қалай іздейміз? -деген сауалға жауапты беріп көрсек. 

VI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

  Қандайда бір жаратылыстық қуаттың өлшемі мен қозғалыс жылдамдығы болып және негізінен 3 түрлі уақыттық жылдамдыққа, үш түрлі ақпараттық жаратылыс жүйесіне тәуелді болып, жер әлемдік жаратылыс қозғалыстық негізін 6 күнмен яғни 6 санмен белгілеп және негізгі себептердің жарықтың бастауы үшпен қайта дәрежелеу арқылы 18 мың ғалам деген осы ақпараттардың орталығы, ошағы, мекені «Матрицасы» болып саналады. Сенім қуатының түрленуін, қозғалыс тербеліс жиілігін ғаламдық тұрғыда қарастырсақ 72 сандық белгімен болып, Жын сүресінің жындар әлемінің адамзаттың сенімімен тікелей байланысты бейнеленетінін, яғни ішкі ағзалардың жұмысының бір жүйемен басқарылуын қалыптастыратын ғылымда «биоритм» болып аталады. Ислам ғалымдары мұны Алла тағала тәулігіне 72 рет адамның жүрегіне қарайды деп бұл тербеліс жиіліктің 120 минутқа теңдігін ескерткен. Негізінен адам баласының сенімі, тәуекелі білгілі бір ұстанымына байланысты тәуекелшілігінің сипаты болып; 1.Ми; 2.Жүрек; 3.Бауыр; 4.Бүйрек; 5.Өкпе ағзаларының 24 сағат бойы «биоритмдік» қозғалысының жиілігін қалыптастырады. Адам баласының тәндік қуаты денсаулығы немесе осы ағзаларға байланысты болатын аурулары да белгілі бір ұстанған сеніміне, тәуекеліне байланысты болатыны да хақ.  Және мұның қозғалыстың негізі оттың жалынынан адамзаттан бұрын жаралып, ібілістің де жаратылуы жыннан екенін, осы ағзаларға сенімін ұрлау арқылы әсер ете білетінін де білген жөн. Сенімдік қуаты тәуекелдің қандайда бір заманның оқиғаларына, білімінің, жараталыстың түрленуіне байланысты болып, мұндай жағдайда  Алла тағаланың хикметімен, белгілерімен түсірген аяттарының мәлімет, хабарларына да қара күштердің қарсылығы болып ондай аяттарды, хикметті хабарларды  иман арқылы меңгеруден ғана бойлық жарықтың жетілуімен, имандық жолдас адамзаттың тұрақты серігі  — сенім болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Біздер осындай себептік түрленуге байланысты сенімділікті дін деп атап, бірақ оны иман келтіру деген ұғыммен бірге түсініп, сенімді иман деп қабылдаудан рухани жағдайымыздың, жанымыздың ішкі сырын білмеуден жалпы адамзат қоғамының адасуға, бөлшектенуіне соқтырғанын, ібілістің қақпанына түсумен ақылымыздың шектеліп, ойымызды, ойшылдық қабілетімізден айырылып қалғанымызды аңғарудан қалғанбыз. Ақылымыз сенімнің әрекетіне қарай бейімделетін басқарылатын болса, ойдың иманмен ғана тәуелді түрде қалыптасып бірге өсіп жетілетінін де естен шығармау керек.
   Қазақ халқының дәстүрі бойынша имансыз, ойсыз адам баласының болуы мүмкін емес, себебі біздің имандылыққа, ойлана білуге деген тәрбиеміз үздіксіз жалғасты болып барлық тарихи кезеңдерді қамтыған ғұрыптық сипат алғандықтан, имандылық, ойшылдық, сөздің құнын түсіну тарихымыздың ислам түгіл барлық кітап түскен діндерден де әріден басталған шежіреміздің барын да ұмытып қалдық. Сенім үзілуге, бөлшектенуге тән болып, белгілі бір кезеңдерді ғана қамтуға немесе белгілі бір адамзаттың тәуекелдік бағытына, әрекетіне ғана жүйеленуге тән болса, ал иман деген үздіксіз тұрақты адамзаттың жанымен, ой қуатымен, қиялдау әрекетімен байланысты болатыны да хақ. Қазақ мақалында «Адамның басы Алланың добы» деген насихатпен басымыздың жанмен байланыстылығын, ал ондай жағдайда имансыз, ойсыз, қиялсыз жанның өсіп өркендеуі мүмкін емес, иман болмағанда жанның еркі, ойлау қабілеті жоғалатынын да, дұрыс ойлана білудің қуаты әлсіреп, керісінше дүние тіршілігіне байланған уайымшылдықтың, жолынан адасуға түсіріп және түрлі рухани, тәндік дерттерге ұшырата бастайтынын, тектің азғандауын тудыратынын жадыңызға тоқып алыңыз. Сонымен негізінен үш түрлі уақытқа, қозғалысқа тәуелді болған сенімділіктің  101 түрлі Алла тағаланың үкіміне, парыздарына, міндетті намаздарына қарсылықпен де байланыстылығын ескеріп мұны меңгеру үшін 99 ардың қуаты мен 4 ақылдың негізінде пайда болатын жанның қуатын меңгеру шартты болмақ. Жалпы иманның, жандық ойлау қабілетінің аз болса да қатынасынсыз тек жансыз сенімге негізделгенде  адам баласы жануарлық деңгейдегі ақпараттық жүйеге байланып 72 түрлі ағымдық өрістің ықпалында болмақ. Мұндай жағдайда қандайда бір меңгерген білімнің, қылықтардың басымдылығына байланысты жүйеге негізделіп, адам баласы сол арқылы бақытты болмаққа меңгерген ақылын, талабын, сезімдік немесе қаракеттік ақыл тұрғысында ғана бағыттап алдына мақсатын да қойып өмір сүреді. Ойлану дәрежесі де осындай қалыптасқан жүйесінің шеңберінен шыға алмайды да керісінше сезімдік ақылдың ықпалына түсіп жәндіктік жүйеге негізделе бермек. Сондықтан мұндай шеңбердің негізі де сенімділікте  9 санымен белгілі болып және иманның да 9 санды жан қуатының шеңбер жүйесімен  18 ғаламмен жалғанумен меңгергенде ғана біз құстық, адамдық ақпараттық жүйеге жалғанып ой қуатымызды, яғни оң жақ қолымызды тазартып толық меңгере алмақпыз. Бұл сырды ғылым алу, кітапқа жалғану немесе Алланың жібі деп атаған. Қазақтың дәстүрінде бұл жіпті көмес, ғайыптағы кісілік кітаптарға жалғанумен; көрегенділік, болжампаздық, сәуегейлік, әулиелік және сананың жоғарғы қуатын толық арды меңгеруді әмбилік, абыздық қасиетпен байланыстырған. Және; «Қырық қожа қырқадан аспай, тоғыз төре төбеден келмей тектілік болмас» деп иманның 49 санды белгісін, сипатын ескерткен. Оның 46-сы пайғамбарлық қасиетпен, ал 3-еуін «Имани гүл» деп атап, Абай атамыз 45 қара сөзге өлеңдердің насихатын санмен байлап, құран аяттарымен, пайғамбарымыздың хадистерімен жүйелеп дәлелдеп кеткенін де білген жөн.

   Жалпы бұл адамның қартаюымен, өмір тәжірибесімен иманы жетіліп сеніммен суғарылған рухани егінінің шамасына міндетті тәуелділікте болатыны да сөзсіз. Сондықтан әлемде Мұхаммед пайғамбарымыз мұндай жетістікті 63 жасына дейін қалыптастыра білген. Осындай тұрғыда исламдық дін құлшылығының маңызы да зор болып, бұл сырды кейінгі келген адамзат қауымының білгірлері, ғалымдары, сопылары намаздық рәсімдерінің ғана сырын меңгеріп құран насихатын теріске алумен, жаннаттық бақыттылық өмірді ертегіге айналдырып алып; «менің соңыма ерсең жаннатық болып, бақытты өмір сүресің»  деген сезімдік ақылға негізделген 72 топтың пайда болуына соқтырған.  Негізінен бұл ақпараттық жүйенің өрісінің біртұтасқа айналуы да адамзаттың жасының шамасына тәуелді де екенін білгеніңіз жөн. Сонымен енді Шәкәрім атамызды тыңдап көрсек; «Мен 72 жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін өзім де істеп, басымнан өткізгендерім көп, «алдында өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдымда Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, мен де адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн деп басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып білім жолына түстім. Негізгі алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазушы-ғалымдардың жазғанын оқып, ойларымен танысып, білгендерден сұрап, өз ойымнан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық өмірімді жазумен өткіздім. Елу жасқа тақаған соң оңашада жатып, басқа келген ойлардың барлығын қағазға түсіріп кеттім. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғаным жоқ, мақтан үшін жазылған, айтылған сөздің құны болмайтынын жақсы білемін. Кейінгілер үлгі алып, өнеге үйренсін дедім. Міне, жетпістен астым, ойым тозбағанмен, денем тозды. Тозған денем ойыма орын болудан қалып барады. Мен оған қарамай әлі де келген ойды жаза бермекпін…» Сонымен Шәкәрім атамызға назар салып, ішкі сырына үңілсек жас кезіңде алдыңда ғибрат алатын үлгі ұстаз болып және шығармашылықтың маңыздылығы да иманның жетілуімен байланысты болып, бұл ойларды 50-ден кейін ғана қорытуға болатынын ескертеді. Елу ердің жасы, сондықтан жұртқа ақыл айтып кеңес беру де елуден кейін ғана нәтижелі болмақ. Және дененің тозып, енді іштен келетін қарсылық ойларға орын болмаған жағдайда ғана сырттан таза ақылдан, кісілік аруақтардан келетін ойды меңгеруге болатыны, ол үшін де негізгі жас 72-нің маңыздылығын, яғни жын қуатын тақуалықпен меңгеру керектігін ескертіп тұрғаны да сөзсіз. Олай болса Абай атамыздың үлгісімен 50-ден кейін имандылық қуатты жұмсау арқылы ойшылдықты, даналықты меңгеруге болатын «Адам баласында жалығу дегеннің болатынын» және 1-ші қара сөзінің маңыздылығын да  насихаттарын да естен шығармаған жөн.

   «Бұл айтқалы отырған ойымды жекелеп, сұрыптап жазбағаныммен, бұрынғы жазғандарыма кездесіп отырады….Бұл ойым басқа келген қиял, бірақ болмаған іс,  құрғақ қысыр кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған. Адам осы жаралыстың бір бөлігі, бұл жаралыстан, табиғатан бөлек емес. Сондықтан адамның бұл дүниеде, бұл табиғатта жоқ нәрсені ойлауының өзі мүмкін емес, болуға мүмкін істі ғана ойлай алады, бір. Екінші, сол қиял болмайтын нәрсе деп отырғанымыз ұлғайтылып, өзгертіліп, ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін. Неге десеңіз бұрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін мүмкін дағдылы іс екенін танып, құтыла аламыз ба? Әрине қиялдың шегі бар. Меніңше, айтқалы отырған ойым болмайтын қиял емес, болуға мүмкін.» Олай болса біздің қазіргі таңда әлемді кезіп жинаған барлық білімдерімізді ақылмен қорытып, ойымызда иманымызға байланысты осындай қиялдар туылып, сан алуан түрлі істерге бағытталып, ал мұның тазарту жағын имандылық сипатын өз дәстүрімізбен таразыға сала алмасақ, онда тәуекел мен сенімге негізделген ойшылдықтың халықтың алауыздығын ғана туындатуы сөзсіз. Қандай да бір ойшылдықтың имандылыққа, яғни адамзат өмірін түзеуге ізгілікке апаруға негізделуі де керек.

  «Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар. Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды. Солардың ойларының мен білетін бастылары: біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу біліммен, халықты ағартумен түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен адам өмірі түзеледі деді. Өмірдің өзі -тіршіліктің таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған.». Бұндай дұрыс қалыпты ойлардың пайда болуына да бұрынғы замандарда ақылдың маңызы мен үлкендігі бар ғалымын қадірлейтін елдерге тән болатыны да сөзсіз. Бірақ, біздің қазіргі таңдағы әлемдік барлық дағдыларына жалғанумен, енді бұндай ойларды айтудың мүлде жасаруына және еркек түгіл қатындардың өзі ойшыл-жұлдыз аталып, ұятсыз жалаңаш жүріп арын жоғалтып түземек болып жатқанын да иманынан ажыраған  сезімдік ақылға, меңгерген өнеріне тәуекел қылған сенімге жатқызу керек. Сонымен бірге, жеке қазақ елінің жағдайында мұндай ойлардың партияға бөлінуімен бірге; «Ескілік тегімізді қайта табу арқылы  түзелеміз, ол үшін таңбаны өзгерту керек, атыңды қазақшалау керек, орыстан бас тарту керек. Және өзге де елдермен ортақ саудасаттық шаруашылықтан бас тартып, бар байлықты халыққа тең үлестіру керек, жүз мектеп салсаң, оған жүз аурухананы салып денсаулықты тәнді ғана емдеп түзеу арқылы текті боламыз, балаға үш тілді зорлап үйретіп, тілді меңгерген бала ақылы өзіненөзі өсіп-жетіліп, ғылымды елге айналамыз, ел билікті жиі ауыстырып, елдің әрбір қадамына бір заң шығарып, халықты заңмен түзеп, мәңгі елге айналамыз, жемқорлықты қатаң жазамен қорқытып түзу ел болып, дін  масһабпен жаратушымызды тәпсір білімі арқылы танып, құдайдың хикметінсіз өзіндік сипатын көрмей, аянын  біліп түсінбей-ақ иманды боламыз» дегендей т.б. сансыз, санасыз қиялға негізделген ойшылдықтың қияметтік жағдайға тән тажалдық тәуекелге сендірулердің пайда болғанын да ескеріңіз. 

    «Біздіңізше, бұларды жекедей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды. Адам өзі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, жаратқан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып, құранды қақпан қып, елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын ойлап қараңыз. Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуге жәрдем етпесе, азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе, қайтып өмір сүрмек? Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас, бірақ ол өнер-білімді қандай іске жұмсайды. Мен көптеген адамдар үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар ойлап тауып, басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа бітіргені шамалы. Бұған ең өнерлі, білімдіге саналатын Англия, Америка елдерін қараңыз. Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру-кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландарып жіберетін жол. Тәрбиемен (текті қылып) түзеуге болады десе, менің ержеткен төрт ұлым болды. Бұлардың бәрі бір шешеден, бір әкеден туған, өскен жері, ішкен тамағы, өскен ортасы, алған тәрбиесі бір. Бірақ біреуі шыдамды, біреуі шыдамсыз, біреуі еңбекке құмар, біреуі жалқау, біреуі мейірімді, біреуі қатал, біреуі ашуланшақ. Ақырында өмір- тіршіліктің таласы, сондықтан адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған деген ой негізсіз, өйткені барлық зат, оның ішінде адам жаратылыстағыдан өзгеретіні сөзсіз. Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес. Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.». Сонымен біздердің дін масһабымыздан да түрлі тәрбиені үйретіп, бағзы замандағы ескі текті жетілдіріп және таңбамызды, пенделер атын өзгертіп немесе барлығын қазақ тілінде сайратып қойғанмен де, түзу жолға түскен иманды, арлы елге айналуымыз мүмкін емес. Бірақ ақ жүректілік пен еңбек, арлы ақылсыз мәңгілік елге де айнала алмаймыз.

     «Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адам еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп,  бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтқандарға қарсы жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы; зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік, тағы тағылар…»Сонымен біздің қандайда бір әрекетке деген сенімді тәуекелмен ісімізді аздыратын жаудың нәпсі, өзімшілдік, мақтанды тәрбиелеуде барлық діндердің басын біріктіріп, имандық қуатты жетілдіруде сенім мен иманды меңгеру арқылы жанды жетілдіріп, дене сауытын, ар қуатын қалыптастырып сананың жоғарғы дәрежесі болған данышпандықты меңгерудің құлшылығын Мұхаммед пайғамбарымыздан қалған жарқын үлгіні ата жолы дәстүрімен қазақтың ежелгі ғұрпымен бірлеп табыстыра білген Ясауи бабамыздың ілімдік жолын бізге қарапайымдап түсіндіре білген Абай атамызға, 45 санды қара сөзіне қайта келіп тірелеміз. Сондықтан әрбір қуаттың жеке-жеке қалай өсуін қандай әрекеттермен, адамзаттың қасиеттерімен, тәндік ағзасымен байланысты денелік жетілуін, рухани егінінің сипаттарын, ішкі сырын да бүгінгі заман білімімен ажырата білуіміз керек. Ардың қонысы ұят болса, иесі ақыл болмақ. Ақылдың жағдайына қарай ғана иманның түрлі дәрежелі қуаттары сыйға беріліп, оның өсіп жетілуіне сенім арқылы меңгеретін өнер-білім, тұрмыстық, тіршіліктік әрекет, әдептердің маңызы да зор болмақ.  Және ақылдың қонысы сөз болса, сөздің иесі нақыл болатынын да естен шығармау керек.

   Сонымен иманға, арға сүйенген сенімділік жоқ қоғамда дін де жоқ. Дінсіздіктің көрінісі бір-біріне күдікпен қарап, түрлі ақымақтық қиялы ойлардың әрекетіне ұшырап, ағайындық, туыстық бірліктің бұзылуымен арты ұлттардың арасындағы араздықпен, ұлт ішіндегі көре алмастықпен, таққа, атаққа, мақтанға таласудағы кекшілдікпен, бірін-бірі құртуға тырысатын бұзықтықпен бейнеленеді. Мұндай жағдайда имандылық өзін көрсетуге қабілетсіз болып, адамдардың бір ұлт ішінде де бірін-бірі түсіну қабілеті жойылып, бір ақымақтың халықтың су ішетін көркем сөзінің ақ бұлағына, құдығына тастаған тасын жүз данышпан шығара алмайтын жағдайға тап болады. Мұндай санасыздық дертіне ұшыраған қоғамда ұятсыздық жайлап, ұятсыздықтан қан азып, онан жетенің де маңызы, қуаты жоғалумен сезімдік, түйсіктік, иманға қарсылықты сенімге айналдырып алып түрлі бейнедегі ұжымдық ақылға негізделген білімді меңгеруді ақыл деп санаудың маңыздылығы да артады. Жалған ғалым, арамза діншілер өздерінің жазған, оқыған кітабын арқалап жүріп, кезбелік білімге негізделген оқырмандарын қалыптастырып алып, ал мұндай аясы тар, ойы жоғалған ақылдық жүйеге сыймайтын Құдайлық ақпараттарды, белгілерді, аяндарды қабылдауға жүректері жабық болып, сондықтан қарсылықпен білім жүзінде терістеп және халық арасына қорқыныш үрей туғызып, мұндай жағдайда пайда болатын рухани абыройсыздықтарын қорғау үшін заңға жүгініп, құдіреттілігіне шоқынып, тәңір қылып алумен көрінісін табады. Заң тәңірге айналып; «Шыққан заңның кері жойылатын күші жоқ» деген ұғым сенімге айналып, жындылық ақылмен мықтап бекиді. Ғалымдардың, ел биліктің сана қуатын меңгере алмауынан да және дүниеқоңыздыққа, байлыққа ғана негізделген сенімдерінен жалпы рухани тұрғыда бедел, абыройының жоғалуымен мұндай орынға кезкелген білімді жастың да, ақылы кем жетесіз пенденің де жетуіне жол ашылып, жалпы қоғамның мұндай азғындыққа түсуіне құдайдан ашық азап белгісі түсіп, қияметтің оқиғасының жыл санап үдей түсуіне де тажалдардың құлшынысым ен азғындық әрекеттері арта бермек.

   Мұндай санасыздық, жетесіздік қоғамның басқарушысы болған ел билеуші мен зиялы қоғам өкілдірінің өз басының кемшілігін жанымен, иманымен ұғынуға яғни түсінде көре алмайтын және жетесі де жоғалып, аталы сөз ұғымдарын түсініп арлана алмайтын жанды ақылдарының қараңғылыққа түсіп, ойларының шектелуіне соқтыратын дүниеқоңыздық, сараңдыққа салынуымен көрініс табады. Және жаппай қоғамдағы арсыздықты, ұятсыздықты мәдениеттілік деп қабылдаумен көрінісін тауып, арсыздыққа жәрдем беретін әділетсіз заңдарды шығарумен айналысып кетеді. Сондықтан әркім білген, көрінгеннің қолында болған, қадірі кетіп адамзатқа пайдасынан енді зияны көп құбылысқа айналған әлемдерден кезіп жүріп жинап алған ескі құндылықтарды мақтан дәрежеге айналдыруға құштар болып, ата-баба мирасының маңызы да жоғалады. Адамзаттың жақсылықтан да жамандықтан да жалығу деген жалпы халықтың да тағдырында болатын құбылыс. Мұндай арсыздықтан да жалығатын құдайдың хикметіне құштарлығы оянатын жағдайды жаратушы иеміз өзі хикметті жағдайлармен түсіруі де артып, бұқара халық арасынан жетесін іздейтін, ал анасының ақ сүтінен нәр ала білген, тегін аздыра қоймаған жетелілердің иманына қуат қосылып, санасын оятатын жағдайдың жаппай үрдіс алатын мезгілі де туатыны да сөзсіз. Бұл баяндалып отырған ахуалдың қазақ халқының бүгінгі таңда қияметтік сын сағатының жағдайын басынан өткеріп жатқаны екені де хақ. Сенімнің тәуекелі үнемі заман біліміне, дәуірлік оқиғалар сынағына қарай қарсылығы да артып, әрбір пенде өз күнәсына қарай ақтала алмаған жағдайда масһабтық ескі намазбен ата дәстүріне қайшылық пәтуалардан иманынан қарсылық туындап, дін рәсімдерімен де жүректері жабылып, мәңгүрттеніп жетесізге айналатынын да ұғынатындар саны арта бермек. Ал енді алдағы жазбаларда осындай жетесі тірілерге ғана арналған иманның, жандық қуаттық хикметті сырларын қалай меңгеруді яғни санаға жол ашатын, жетемізді, танымдық ақылымызды қалай меңгеруді, санамыздың қуатын арттыратын ұлттық арымызды қайта табуға болады деген ойды жалғастырып көрсек. (жалғасы бар)

VII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық 

Қандайда бір халықтың тарихи дін ұстанымымен белгі қалып оны; Әдет-ғұрыптар деп атаймыз және мұндай ғұрыптардың да ата-бабаларымыздың жаратылыстың себептерін меңгеруге, түрлі рухани қуат, күштермен байланысты өмірлік тәжірибесінен, Алланың болмысын мойындаудан туындағаны да хақ. Сондықтан пайғамбарымыз; «Сендер ата-бабаларыңның ғұрпын сақтаңдар. Олар кесірткенің ініне кірсе сендер де кіріңдер» деп ескерткенде сахабалар; «Бұрынғы аталарымыз христиан, яхуди болса да ма?» деп сауал қойғанда «Ия» деген жауап болған екен. Аятта: ««Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67). Енді біздер тіліміз араптан мүлде қарама-қарсы бөлек ұлт болғандықтан үмметтік сипатымыз бөлек болып өзіміздің ұлттық ғұрпмызды ана тіліміздің сөз байлығын жетілдіру арқылы біртұтастық үмметтік намаздарына келуіміз керек. Сондықтан да аятта; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.»  Олай болса, пайғамбарымыз әрбір үмметке мұғжиза келтіруші  елшілікті емес, адамзатқа ортақ пайғамбарлықты діннің жаңадан қосылған құлшылықтарын көрсетіп, түсірілген кітаптарының аяттарын оқушы, ескертуші болғанын, ал әрбір үмметтің өзінің жолбасшысы, елшісі болатынын ашық ескерткен. Әрбір халық үмметтік тұрғыда мұндай жаратқанның игілігіне, тура  жолына түсіретін даналықты жасағаннан тілеп алып қадірін білмесе тарих та мұны талақ етеді. Себебі; Адам өзін тану арқылы ғана әлемді таниды. Әлемді терең тану, жаратушы хикметін сезіну арқылы ғана өзінің бойындағы кейбір қасиеттердің, таңба белгілердің болуына байланысты ұқсастықтарына назар аударумен ұғымды болып, ақыл арқылы иманын өсіре алады яғни нұр зейнетін көктен алып келтіреді.

Ал өзін тану дегеніміз ата-анасын тану, олардың қасиеттерін, мирас аманаттарын меңгеру, ұлтының ерекшелігін тану, ол үшін тарихын, ұлтына келген ғұлама, даналарының еңбегін меңгеруге тырысып табыну арқылы ғана өзінің ішкі рухани дүниесінің сипаттарын түсініп, сол арқылы ғана әлемді де, жаратылыстың құпияларын, адамзаттың жалпы жаратылу себептерін тануға мүмкіндік алады. Осындай танымның негізінде ғана біздің сеніміміз бекіп, жетіліп, түрлі сынақтардан өтумен рухани қуатқа, күзетшімізге, періштелік серігімізге айналады. Сондықтан діндегі «Серік қосу» деген ұғымның біздің сенімімізге, жаратушымызды тануға деген қалыптасқан дін ниетіміздің жағдайына байланысты болмақ. Біздің сенімімізден ғана денсаулық атты байлықтың туындайтыны қалыптасатыны да сөзсіз. Мұндай жағдайда қандай да бір дінде серік қосушы болған пенденің денсаулығы қалыптаспай, естілігі жетілмей азапқа душар болуы да керек. Олай болса, қандай жаратылыстың да табиғатта ұқсасы, үлгісі болуы да шартты жағдай. Сенім иманды сақтауға, оның өсіп, жетіліп, қуттанып өнім беруіне деген жағдайдың құлшылық амалдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық жанды жаралыстың ұрықтан бастап өсіп-өнетініне күмән келтірмесек, онда  бұл жаратылысқа жұмыртқаны немесе кез-келген өсімдіктің ұрығын, дәнін алып салыстыруға болады. Жұмыртқаның сыртқы қабы және оның ақ уызы мен арасындағы жұқа киімімен ортасында сары уызы барын, төрт түрлі белгіден тұратынын да білеміз. Сенім дегеніміз сыртқы қатты қабын –денесін қалыптастырып, ал оның ішкі иманының қуаты жарықпен қосылған нәтижесінен біздің тағдырымызда және түрлі себептердің әрекетін, қарсылығын ұят, имандылық тәрбиесін сақтау арқылы сенімімізді бекітіп барлық ішкі дүниеміздің қасиетінің белгісі, сырттан енетін барлық қара қуаттармен жамандыққа  қарсы тұра алатын Ар сауытын —  рухани киімімізді қалыптастырамыз. Сыртқы ар сауытымыздың бекуімен ғана оның ішкі жұқа киімін «үлдесін» сана деп атап, ақ уызын бір ақылдық қуатты баурап тұратын және ішкі сары уызы болған иманмен де байланыста тұратын үшінші жағдайда қалыптасатын  адамзаттың құдайлық рухани таза ақыл өнімі деп атауға  болады. Сонымен  бұл үшінші нәзік тері сияқты кітаптық материяның қалыптасуы да иманның сары нұрмен яғни  Раббымыздың белгісімен, бір ақылдық қуатпен байланысты болады. Ақылдың негізі 4 ақылдық қуат екенін және мұның қарсылығы да сенімімізге, дінге байланысты болып, оларды білімді жетілдіру арқылы тазартып бір ақылға айналдырумен меңгерсек, ал иманда мұндай діннің әрекеті ішкі қайшылығы болмайды деп түсінген жөн. Сондықтан біздер әуелі сенімді меңгеру арқылы иманды болмаймыз, керісінше имандылық арқылы ғана дұрыс сенімнің бағытын дінімізді таңдап ала аламыз. Қандай құранның аяттары болсын, дін кітаптары болсын әуелі иман келтіріп, яғни иманымызды танып барып, сонан кейін құлшылық істерінің орындалуын екертіп отырады. Сенімнің  құрлысы, сипаты, жарықтық жағдайына келсек;  біздің сыртқы денеміздің бой жарығымыздың тұтастығын қалыптастыруға біздің ғайыпқа, құдайдан келген парыздарды мұқият орындап, барлық адамзатқа келген пайғамбарлар арқылы түсірілген ескертулерді де иманымыздың және ақылымыздың таразысымен өлшеп, орындай білуге де байланысты болмақ.

Сондықтан да біздерге иман қуатының белгілі мерзімге дін уақиғаларына ғана байланысты шамасына байланып, оған ақылымызды негіздеп алсақ онда әлемдік тұрғыдағы барлық жаратылыстан біртекті хабарға жалғанатын санамыз жетілмей қалмауы да хақ. Ол үшін де  негізгі келген барлық діндердің құлшылығын, имандық қуатын меңгеру үшін де діннен төрт кітап түсіріліп, оның жұбымен жалпы 8 дінді Алла тағаланың сегіз сипатынан, ақиқатынан белгіні өзіміздің рухани қабымыз, жаннат үйіміз, денемізге айналдырып  бірлеуді ислам деп атаймыз. Ислам діні құранда 5 сүремен ғана жүйеленіп, қалған 109 сүренің әлемдік уақиға, діндерден пайда болатынын аятта; «…Бүгін кәпірлер діндеріңнен тосудан күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым. ..» (5-3) Исламның бес парызы деген осындай дін ғалымдарының  құранды сандық тұрғыда зерттеуінен туындап, бірақ кейіннен адасушылыққа бой ұрғанын да құран аяттары ашық дәлелдермен ескертіп тұрғаны сөзсіз. Бес парыздан және негізгі 4 түрлі рәсімдік құлшылығының иман келтіруге, саналықты меңгеруге байланысты исламдық рәсімдерден тыс тұрғанын және  3 түрлі махаббатпен құлшылық қылуды Абай атамыз да ескертіп кетіпті. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен анығын біл. Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл.  Дін де осы, шын ойласаң, тағат (ғибадат) та осы, Екі дүние бұл тасдиқ (сенім)-хақтың досы. Осыларды бұзатын және үш іс бар: Пайда, мақтан, әуесқой-онан шошы. Руза, намаз, зекет хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.» (212-ші өлең) Дана  бабамыз бізге 7 түрлі діннің әрекетінің алғашқы үшеуін бекітіп жемісін алмай, тек  сенім мен әуесқойлыққа түсіп, мақтан іздеп адасатынымызды ескертіпті. Мұны да ислам ғалымдары «Иман, Ислам, Ихсан» деп атаған. Демек исламдық рәсімдерді меңгеру үшін де иманның міндетті бекітуін, намазын білу де керек. Иманды меңгеру арқылы біз исламдық сенімділік құлшылығын аламыз да сонан біз «ихсанмен» нәтижесін жемісін жейміз. Ал, Ихсан- Патшалық (орынбасарлық, халифалық), өсіп-өркендеу деген ұғымды білдіреді. Олай болса, сенімділікті жетілдірумен ар білімін меңгеру арқылы жоғары саналыққа жету және иманның гүл бақшасын өсіріп өркендеумен ғана діннің хақиқаты айқын болмақ екен. Сонымен Алланы жаннан тәтті сүюдің намазын қазақта «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген. Алдыңғы бөлімде Шәкәрім атамыздың ойшылдығынан;  «Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адам еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп,  бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ…» Олай болса біздер ғылым, білім арқылы ақылды жетілдірумен, мейірімділікті, махаббат пен қайырымдылықты, адалдық, ақ жүректілікті меңгеру арқылы ғана арлы-намысты текті аталып, осы үш түрлі сүюді меңгеруге, 4 түрлі исламның құлшылығын да орындап оның нәтижесі үш байлықты; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулықты»  қалыптастыруымыз керек. Мұндай жағдайда САНА атты құдайлық болмысымыз Мендігіміз қалыптасып төртеуіміз түгел болса төбеден таза ақылға үздіксіз жалғана аламыз. Ал «МЕН» -жүректе, ішкі сезімде, көкіректе  ұждан періштесі болып қалыптасатын Алла  тағалының 8 сипатының бірлігінен;«Өзі» сипаты болмақ. Абай атамыз; «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі де кесел асқанға. Өйткен адам жолығар кешікпей-ақ тосқанға.» (218-ші өлең) Бір ғылым иманның қуатын меңгеруден, сенімді жетілдіріп бекітуден ішкі жарығымыз сана болып бейнелетін бір ғылымнан хабар келтіретін қуатты меңгермей, құр намаз оқып, тақуалық жолына түсіп, алақанды көкке жайып құдайға жалбарына беруден бәрібір кеселге ұшыраудың да хақтығын білген жөн. Ал исламдық бес парыз құлшылығы  деген де негізінде жалғанмен ғана байланысты болып, сондықтан осындай жеті күндік әлемдік жүйені меңгерумен ғана 8-ші ар сауытымызды қалыптастырумен дініміз толық болып, намаздары да орындалуы керек.

Сонымен; 8-ші қабымыз 6-шы және 3 күн, чакраға қуат беруші өрісіміз ардың ақ бұлағы болып, мұның да 7 қабат киімі, сауыты барын білген жөн. Ал біздер әйел, еркек өзара ғашық болып қосылуға ерікті болып және ұрпақтардың өмірге келуіне жаратылуына себепші болғанмен, олардың мінезін, имандылығын бастан қалыптастырып жаратушы бола алмаймыз, себебі біз ұрықты, жүректі және мұны басқарушы «Мен» сипатын дайын күйінде бұрынғы өткен ата-аналарымыздан, жалпы жер бетінің адамзат өмірінен, ақиреттен ғана аламыз. Бірақ біз мендік иманымыздың негізінде рухани егін өсіріп, болашақтың ұрпақтарын, ұрығын жарата аламыз және Алла тағаланың бізге түсірген көркем есімдерден 99 сипатына да ұқсатып, барлық белгісін де қалыптастыра аламыз, сонымен бірге оның жанын да иман арқылы өсіріп көбейте аламыз. Осы тұрғыда біз Алланың жер бетіндегі орынбасары болып аталамыз. Ал масһаб біліміндегілердің тек тәндік болмысты және бес күндік тағдырмен байланысты жалғандық ақпараттарды меңгеруді, тазартуды ғана қарастырып, ал иман арқылы өсіп-өнетін егінді және қылықтардың, ақыл, білімнің бейнесі, күрделі періштелігі, аруақтық өнімді өндіруден, соған байланысты имандық қуаттарды күшейтіп, жетілдіруден мүлде жаңылып, адасып тек сенімді ғана дін негізі құлшылығы қылып алған.

Ислам діндердің бірлігі болып, сондықтан бұл соңғы нәтижені меңгеруге тура жолын көрсетуге Мұхаммед пайғамбарымыз елшілік қасиеттің ең жоғарғы дәрежесі болып саналды. Мұхаммед пайғамбарымыз «Әмин»-сенімді аталғанын, бұл қасиеттің елшілікке еркекке ғана тән Ахметтік сипаты екенін де білген жөн. Ал  пайғамбарлық қасиеттің ана тілмен, ділмен байланысты ғана иманды меңгеріп, сеніммен екеуінен сананы өсіріп меңгеру болса және сана арқылы көмеспен Алла  тағаламен байланысқа жібіне жалғанумен, ал елшілік қасиет ар-намыс, сенімділіктің  жоғарғы қасиеті болып Алланың сүйікті құлдарына үнемі беріліп отыратын қиямет-қайымға дейін жалғаса беретін еркектерге ғана тән қасиеттілік болмақ. Неге десеңіз пайғамбарлық иманмен байланысты, оның негізі Адам ата — Хау анамыздан, қабырға –таза ақ ақылдан (13+11)  бастау алып, біздер анадан туылып, ақ сүтімен осы қасиеттілікті иманды меңгеру  арқылы діл қылып аламыз. Жанның қасиеті метафизикалық ғайып болғандықтан, біздің заттық тәнімізбен жұқа перделер, жүйке жүйесі арқылы ғана байланыста тұрады. Ал жүйке жүйесі мен перделенген орындағы нейрон жарық түрінде бойымызда тән қабы- дене болып сыртқы ортаға, қарсылыққа айнадай шағылысып, ұрық қабының сипатын көрсетеді. Бәріміз адам болып саналғанмен, Адам атамыздай рухани жағдайда күнәсіз, қарсылықсыз тікелей жаратылған жоқпыз. Бірақ Адамға айналу үшін әуелі өлімнен өтіп, аруаққа айналып, осындай дәреже сатыларынан өтуіміз де жаратылыстың шарты болмақ. Адам ұғымының баламасы да Аруақ болып, метафизикалық бейнеміздің көрінісі екені де хақ.  Абай атамыз; «Адам ұғымы екі нәрседен; бірі-тән, бірі-жан. Осы екеуінің орталарындағы болған нәрселердің қайсысы жәбили яғни туа біткен, қайсысы кәсіби-еңбекпен табылған, оны білмек керек.» (43-сөз) деп ескерткен. Бұл жерде тән дегеніміз – Дене (денсаулық) физикалық болмыс деп түсіну керек. Себебі біздің тәніміз қатты, заттық болмысымыз жануарлық болып, барлық қасиетіміз, қуатымыз жарық, иіс, жылу өрісі болып денені құрайды деп түсіну керек.

Сондықтан біздің туа бітті «жабили» қасиетіміздің қатарында «Мен», «Иман» деген қуаттардың болатынын да және біздің ұрықтан пайда болуымызға байланысты сенім қуатын әкеден аламыз да, сенім, ар, саналықтан киіміміз, тұлғамыз, денелік рухани бейнеміз, бірінші байлық денсаулығымыз болып қалыптасса, ал қанымызда, ағзаларымызда анадан алған иманымыз, діліміздің ұрығы болуы да хақ. Сондықтан да біздер негізгі тануға, меңгеруге тиісті тегіміз, яғни ақиқаттың белгісі біздің жанымызда, рухымызда жаратылыстан таңбаланып қойылады. Және тәніміз, заттық болмысымыз күнәдан қарсылықтардың әсерімен пайда болатын болса, осы тәнімізді еңбекпен жұмсартып, тер төгу арқылы ғана рухани тазарған сайын біз ақиқаттың нәзік жаратылысын сезіне алу қабілетіне ие боламыз да, жаратушы иемізден түрлі хабарлар алуға қабілеттілігіміз де жетіле бермек.

Енді мейлі сенім болсын, иман, сана және ар болсын бәрінің де өсіп-өнуі, жетілуі де толық және «Бір» ақылға байланысты болмақ. Сондықтан құранда; «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Және ақылды да жұмсау үшін оны өсіріп, жетілдіре де білу керек. Ол үшінде біздің жаратушыдан алған таза ақылдан сыйымыз, иманның негізі «Мен» деген өлмейтін мәңгілік жанды ақылымыз бар. Осы жанды ақылымыздың жүрекпен байланысты қозғалыс қаракеттердің бастауын «Сәжде» -Тану деп атап, жаратылыстағы барлық  жанды жаратылыстың иелерінің жаратушысын тануға әрекет қылып бой ұсынатынын, бірақ көбі тозақтық болатынын да ескертеді. Сонымен сенім дегеніміз замандық қозғалысқа, білімнің жетістігіне байланысты қуаттанып белгілі бір дінге, нанымға тәуелді болмақ. Ал, иманның негізі  адамзатқа ортақ махаббаттан болғанымен, жер ана рухымен байланысты болғандықтан бұл бақшаның өсіп жетілуі де сол жердегі тұрмыстық әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен, ұлттың тілімен ғана суғарғанда жемісін беретіні де хақ. Ал сенім болса дінде  ортақ негізі болып, көктен келетін қуаттарды меңгеруге тәуелді болып, сондықтан исламдық тұрғыда араптың, парсының, түріктің немесе қазақтың да сенімділік ерекшелігі де болмайды.  Бірақ қарама-қарсылық жағдайда өз ұлтының иман бақшасын өсірудің дәстүрлік намаздарының болуымен ғана ерекшеленеді.

Олай болса Тәурат иманды меңгеру арқылы ғылым, білім көзіне жалғанып сананы қалыптастыруға негізделсе, ал Забур кітабы Ар сауытын қалыптастыруға, қарсылықтарды меңгеруге негізделген. Ал, Інжіл кітабы иманның қуатын жетілдірумен, көктен иман келтірумен, дарындылықтарды жетілдіріп даналыққа жетумен негізделген. Сондықтан Мұса пайғамбарымыз тікелей Раббымызбен тілдескен ғылым, кітап алған болса, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар да даналық пен көргенділікті,  жын, шайтандарды  меңгеру арқылы ар сауытын қалыптастыру, бақсылықпен байланысты. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз осының бәрінің басын қосып діннің сенімін негіздеп құлшылығын жүйелеген. Ал пайғамбарымыздың жасынан жүрегін періштелер арқылы тазартумен иманы толық болып, сондықтан жын болмаған деген үкім аят бар Раббымыздан. Иманның екі дәрежесі болып, бірі көктен Ғиса пайғамбарымыз арқылы келетін болса, екіншісі жерден Мұхаммед пайғамбарымыздың сенімділік үлгісін меңгеру арқылы жерден өндіріп көкке көркем сөзді ағаш қылып жалғаймыз. Сондықтан ақыл,  иман, сенім, сана, ар қуаттарын «Бір» қуатқа жүйелеген Мұхаммед пайғамбарымыз көкке жеті жолға Миғражға дейін көтерілген алғашқы елшіліктің жоғарғы дәрежесін меңгеруші әрі дінді толықтырған соңғы пайғамбар болып енді құраннан артық кітап және сенім тұрғысында дін түспейтіні ескертілген.

Иманды болу дегеніміз Ақылды, пайымды, ізетті, көркі өзіне сай ізгілі, сабырлы деген мағыналарды береді. Алла тағалаға Иман келтірдім дегеніміз; «Алла тағаланың осы бізге берген көркем есімдерінің бір сипатына сай боламын» деген уәдеміз, берген сертіміз болмақ. Аятта;  «Бәдәуилер; Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға; «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де» (49-14) Мұсылман деген мүмін жандар, дәстүрін сақтағандар болып ұғымдары тарқатылады. Олай болса, мүмін болу сенімнің беріктігімен, жаратушысын танумен байланысты болып, кез-келген әлем халқының, кез-келген ұлтының жаратушысын таныған тағдырындағы ізгілік жасауға, махаббатпен көбейіп, өсіп-өніп өркендеуге берілген жобасын, иманын жоғалтпаған пендесі де мұсылман болып табылады.  Құран әлемдегі барлық діндердің қысқартылған астарлы түрде Раббымыздың жаратылыс, тозақ, жаннат қағидалары туралы насихаты, дін құлшылығының үгіті болып түсіндіріліп, бірақ иманның негізгі сыры Мұхаммед пайғамбарымызға арнаулы өсиеттер кітабы болып оқылғаны туралы аятта;«Мұхаммед саған осылайшы бір «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (42-52) Сонымен пайғамбарымыздың иман туралы білімі жетілгеннен кейін ғана құранның ғылымын меңгерумен тура жолдың негізгі жол басшысы болып, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып батасын, уахиын алып қана біз тура жолымызды тауып және құран ғылымын меңгере алады екенбіз. Сондықтан да пайғамбарымыздың құраннан бөлек алған жеке кітабының негізін аятта;«Мұхаммед оларға айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсіргендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген құран (хадистер) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Пайғамбарымыздың сүннеті мен және сол кездегі ғана мәлім болған құран аяттарының насихатына жүгінуден масһабтық білімдер қылып жеке дінге айналдырудан  ислам елдерінде азғындық болатынын ашық ескерткен. Олай болса қазақтың Ясауи бабамыздан тараған ілімінен пайда болған иманның насихаттарының құранға дейінгі  Раббымыздан түсірілген кітаптардан, түп негіздерін салыстыра отыра ғылымын баяндап көрсек. (жалғасы бар)

VIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық  

Жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін әрбір жаратылыстың нәрселерін парымен жараттым» деген. Пар, парлық, пар болу дегенді бірінсіз-бірі пайда бола алмайтын, көбейіп қосыла алмайтын, тіршілік ете алмайтын, белгілі бір талапқа да сәйкес бола алмайтын деп ұғынған жөн. Әйел мен еркектің жыныстық тұрғыда қарама-қайшылығы да, бір-біріне достығы да, қастығы да пар болып жаратылып барлық әлемдегі нәрселер осы екі пар үшін қызметке пайдаға асуға ғана жаратылғаны да хақ. Енді рухани яғни көместік, ғайыптық, метафизикалық, физикалық, химиялық, биоөрістік тұрғыларда еркектің де әйелдің де рухани жаратылысының жұбы, пары болып; оны жандық және жындық қуаттық болмысы деп атаймыз. Сондықтан адамзат деп аталғанмен заттық тұрғысында да екі жыныстық ерекшелікпен, ағзалық қарама-қайшылықпен өзара бірігіп көбеюге бейім болса, рухани тұрғыда да екі сипаты болып; жындылық қуатпен  күш қуатты, өнерді, түрлі қарекеттік істерді меңгерумен байланысты да бейнеленуі болып және бұл көмес болмыстың да өзара қосылумен онан пайда болатын өнімі болуы шарт. Сондықтан да біз екі түрлі сипатта да өмір сүре аламыз, яғни адамдық жандық қуаттың басқарылуымен естілігіміз, ақылдылығымыз, қасиеттілігіміз, даналығымыз тұрғысында адам баласы болып аталамыз. Адам баласы болу үшін де біз жанмен басқарылуға жету үшін міндетті түрде алдымен жынмен басқарылу кезеңінен өтуіміз керек.  Бірақ әрбір адам өмірге жанды, адам баласы болуға барлық белгіні, құдайлық нығметті де сыйға алып келгенмен мұндай жоғарғы дәрежелі періште болып бірден қалыптаса алмайды және көбіміз бұл дәрежеге жете алмай жындылық тұрғысында ғана өмірден өтіп, бұл кедергіден асу үшін өмірге қайта келеміз. Біздің қандай жағдайда кім болып өмірге келсек те міндетті түрде екі рухани болмыстың қажетін өтеумен оларды бір тұтастыққа айналдырумен ғана Адам болуға құлшылық жасаумен жер бетінің ең қадірлі басқарушы тұрғыны болып саналамыз. Адамзат болып екі жыныстық ерекшелікпен бейнеленгенмен бірінсіз-бірі өмір сүре алмаудың да, көбеюдің де, барлық жер бетінің істерін меңгеруде бұл екі рухани болмысымыздың да өзара бірлігін және әділдік қарым-қатынасын сақтау үшін де ақылдың көмегімен ғана біз жоғалудан аман қаламыз. Жандық жаратылысымызда сезімнің басымдылығымен әйелзаттарында шайтандығы мол болса, ал жындылық сипатында жынның күш, қайрат, әрекеттің, қозғалыстың барлық сипаты болып еркектерде жындық қуаттың басымдылығымен ерекшеленеді де. Ал енді бұл екі қуаттардың жүйесін  өзара алмасуымен көбейтуге, рухани өнім алуға ақыл арқылы меңгеруге жаратушы иемізден екі түрлі қуаттардың жүйесінің ережесін, қағидасын кітаптар арқылы түсіндіріп үлгісін көрсетіп, жақсылық пен жамандыққа ұшыраудың мысалдарын насихаттап дінін бекітіп қойған. Бұл ақылмен басқарушы екі қуаттардың жүйесін сенім мен иман деп атаймыз. Біздің ақылымыз, біліміміз, іліміміз, тәрбиеміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің бәрі осы екі жүйені тең ұстануға ғана негізделгенін естен шығармаған жөн. Пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деп осындай діл-иманнан, тіл-сеніммен байланысты болатынын ескерткен.

Сонымен бұл екі түрлі құлшылықтың негізінің бейнесінің тұрағы болып әйелзатын алуға болады. Барлық жер бетіндегі ұлттың имандылық, сенімділік дінінің бейнесі біздердің аналарымыз бен қыз, қатындарымыз болып көрінісін табады. Себебі діл әйелдер қанындағы сөз байлығымыздың меңгергеннен жинаған ой қазынасы болса, ал ар, ұят, ақылдылығы, білімділігі мен ішкі иманымен, махаббатымен қылыққа айналған жалпы әдеттері мен арлылығы бұл ұлтымыздың меңгерген дінінің жалпы бейнесі, құдайға деген сенімділігіміздің көрінісі болмақ. Және жеке ұлттың да, әлемдер халқының да тек әйелдерден аналардан тарап, ана қанының тазалығы немесе шайтандық үлесіне тәуелді болып, әйел мен баланың ділдік қуатына, иманның күшіне ғана тәуелді болатын, ал ол әлсіз болса қандай білімді болсын мұндай ойсыз ақылдың да дін тәпсіріне ғана ескі ақылға байланған сенім қуатының да керісінше жамандықты, дүние қызықтарын  әдетке, дінге айналдыруға қызмет етіп кететіні де сөзсіз. Иманнан хабар алмаған таза ойсыз ақыл мастықты туындатады. Пайғамбарымыздың; «Негізінде әйелдер мен жастар мастыққа тән» деген өсиеті де осындай жағдайға қарап айтылғаны да сөзсіз. Шәкәрім атамыз; «…Сондықтан адам – залым, әлемге жау, Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау. Жер білсе адамзаттың бұл қылығын Үстінен бәрін төгіп тастар еді-ау. Олай қылмай, билесе бәрін ақыл, Еш қиянат қылмас зорлық, тақыл. Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса, Адамды сонда адам деген мақұл

Қазақтың даналығында; «Ақыл жастан, асыл тастан шығады» деген мақал бар. Егер ақыл жастардан шығатын болса, онда жастар бәрін басқарып меңгере алады деген ұғымның пайда болуымен әлемдегі түрлі бүлікшілдіктер, арсыздықтар, діндегі экстремистік пиғылдардың да жастардан шығып жатқанын қалай түсінеміз? Міне осы жерде ақыл мен ойдың неге пар болып жаратылып, ал пардың жағдайын орыс мақалында; «Муж и жена одна пара сапога» немесе «Муж и жена  одна сатана» деген астарлы ұғымды оймен тексеріп көрсек, «Әйел мен еркек жұп болып, етіктің бір пары болса, онда екінші пары жын мен шайтанның болуын білдіреді. Сондықтан аталарымыз; «Екі жарты бір бүтін», «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» деп «Мал»-«Ақша»-«Теңге» (бұл жерде де түсіну үшін де әр атау сөздің парлығы болуы шарт) қуатының жынмен, шайтанмен байланысты екенін білген жөн. Олай болса қандайда бір білімді меңгеруден пайда болған ақылда  ой қуатының үні әлсіз болса, онда ақыл өнім беріп, көбейіп өсе алмайды және оны өсіру үшін де тағы екі түрлі парлық жағдайдың керегі де сөзсіз. Ақыл неге жастардан шығады десеңіз, жастық кезде қандайда бір білімнің, тәрбиенің және теріс ақылдардың да тез қабылдануымен байланысты болмақ.  Сондықтан жас кезде барлық ақылдың білімін меңгеруге жастар қабілетті болғанмен, оған ойдың әрекетін қосып тазартып алуға да естілігі жетімсіз және ой қуаты да әлсіз болмақ. Ал асыл тастан шығуының мәнісі сөз сүйектен өтіп, сүйектің жағдайы асылдығы сөздің көркемдігіне яғни ой қуатының жағдайына байланысты болуы да шарт. Жас кезде сүйекті тас қылып бекіткенмен онан асылды жастар шығара алмайды, бұл жұмыс ойшылдықпен, үлкендікпен, иманның қуаттылығымен пайда болуы да хақ. Бірақ ол үшін де адам баласының талай өлімдердің сатысынан өтуі де шарт. «Мың өліп, мың тірілген қазақпын» деген нақыл да осыны меңзеп тұрғаны да сөзсіз. Қазақта ғана;  «өліге иман берсін, тіріге сол иманның берекетін келтірсін» деп тілейміз. Діннің де негізгі мақсаты сенім арқылы иманды меңгеру, өсіру, көбейту аманат болмақ. Сондықтан иманнан артық байлық жоқ адамзатқа. Өлілерсіз иманның келмейтінін Шәкәрім атамыз; «Қырық жылдан өтіп жасым, Ақылым болды сырласым. Отыз жылдық замандасым, Иманым-басшы, жолдасым. Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғаріп басым. Әлемді оймен кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім, Моланың ақтарып тасын. Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар: «Деме-деді-ғылымым тар,-Ерінбесең мені аласың..». Қырық жылда ақыл толып, бір ақылмен сырласу арқылы иманның жолдасқа айналуын 30 жыл яғни 70 бұтақты тегін қалыптастырып, ал енді мұндай иманы арқылы ғылымды жарымызға жалғануға  ата бабаларымыздың асыл сүйегінен, моладан шығатын нұрдан алады екенбіз.

Сонымен ойдың да парлығы болып, 3 түрлі сипаты және 7 дәрежесі болып барлығы 21 санымен ойдың жер бетінің барлық тіршілігін басқарушы «Біз» сипатын құранда 21-сүре «Әнбия»-әспеттеу деп, яғни оймен бейнелеу деген қасиеттілікті білдіреді. Бұл сүренің тылсымнан басқарылу мен адамзаттың есебі дәптерінің, берілген кітабының оқылуымен тікелей байланысты насихатталады. Сонымен тылсымның сөзі, тілдесу хикметі оймен яғни таза ақылмен үнсіз, харіпсіз (иман арқылы) деген Абай атамыз. Ал енді жалпы ойдың ешқандайда ұлттық та, елдік те сипаты белгілі шектеуі діндік сипаты да (христиандық, тәңірлік, буддалық, исламдық т.б.)  болмайтынын және ұлттық сипатқа иманға айналдыруға оның бақшасын, егінін өсіріп өндіруге адамзат міндетті болып, сондықтан  белгілі бір ақылдық қуатына, үндік жағдайға байланған; сөздің, таңбаның маңыздылығы да зор екені хақ. Неге десеңіз ақыл мен ойдың бірлігінен ғана имандылық қуаттың да өзіндік дәрежесінің құдайдың тарапынан сый болып келетініне байланысты болмақ. Иман құдайдан нұр таза ақыл болып, онда діндік қарсылығы болмағанымен ұлттық, үмметтік ерекшелігі яғни шежіре тарихы болуы шарт. Себебі барлық тілдердің қуаттық жаратылыстық ерекшелігімен,  таңбаларымен байланысты сөздің байлығына жүйеленумен, ақиреттен несібе сый болатын ұлттық имандылық қуаты ұлттық ділмен сәйкес келгенде нәтижесін бермек. Бағзы замандағы аталардың меңгерген имандылық қуаты да сол заманның біліміне, тарихи оқиғаларына ақ-қарасын ажыратуға жеткілікті болса, ал мың жыл өткеннен кейінгі немесе қазіргі дәуірдегі қазақ ұлтына арап елінен, өлілері арқылы иман қуатына жалғанғанмен, бүгінгі замандық ғылымды, құранды түсінуде толық нәтижесін бере алмайды. Екі ортадағы барлық тарихи оқиғалармен, өз ұлтына, руына сай шежірелік бұтақтарымен, тек ағашымен байланысты жалғанумен ғана өз нәтижесін бейнесін береді. Арап елінен барып ағаш тегіне, ойпаттарынан иман қуатын алғанымызбен, ол арап ұлтының тарихи оқиғаларына, ұлттық ұғымдық, таңбалық, үндік ерекшелігіне бейімделгендіктен біздер үшін арап ұлтымен діндегі ортақ құндылықтарды және сенім арқылы ғана меңгеруге ғана пайдалы болмақ. Иман жанға берілетін қуат, таза ақыл болатынын, ал сенім дінмен байланысты ортақ сенімділік жындық қуатымызды тазартуға арналған құлшылығымыздың көрінісі екенін ұмытпаған жөн.

Абай атамыз мұндай ұлттық байлықты, рухани сырды қалыптастыру үшін «Ойы мен тілі бөлінбейтін ер керек» деп, яғни құдайдың сүйікті, таңдаулы құлы, сенімді меңгеретін елшісі болуы керектігін ескерткен. Және «Сөз түзелді елім, енді сен де түзел» деген насихатпен қазақ сөз байлығының иманмен тікелей байланысын да ескерткен. Жалпы адамзаттың барлық тіршілігінің маңыздылығы да бақытты бақытсыз болуы да ақылдың дәрежесімен, қуатымен байланысты болып және ақылдың да 4 түрі болатынын,  тәндегі орындарын тән тазалығына тікелей қатысын; «Құлшылықтар философиясында» баяндадық. Енді ақылды бір ақылға -Естілікке айналдыру үшін де ойдың қуатын меңгеру керек және бұндай ойлық қуатты біз сырттан да іштен де ала аламыз. Ақылдың сезімдік және қаракеттік негізгі екі бастауы болып, егер мұны оймен, сөздің қуатымен, біліммен, іс-қаракеттермен көбейте алмағанда онда ойсыз ақылды сезім және түйсік деп қана атаймыз. Жалпы иманның адамзатқа түсірілген барлық діннен де жоғары тұратын құндылығын, жаратылысын талқылап көрсек;

Адам атамызға барлық жаратылыс періштерлерінен берілген артық қасиет таза ақылмен, иман жанымен ойлана білу еді. Яғни иманды, таза ақылды, ойлана білуді Адам атамыз барлық періштелерден де артық сый қылып алғаны да хақ. Сондықтан атамызға барлық сөз атауларын үйретіп, енді оның ішкі сыр қасиеттерін белгілеп, сөзбен ат қоюға бұйырғанда осы иманы арқылы, яғни жаратылыстың барлық сырын, белгілерін алу арқылы барлық нәрселерге  ақылмен қасиеттік атын беріп шыққан еді. Сонымен бұл қасиеттің сөзбен көбейтіліп, бейнеленіп Адам атамызға 24 қабырға (Нұр сүресі) болып бейнеленгені, бұл қабырғаның 11-нен Хау анамыздың тікелей ақылдан жаралғаны да хақ. Сондықтан әйел ердің  оң жақ қабырғасы, кеңесшісі. «Үйдегі қабырғаңмен кеңес» деген сөз осындай жағдайдан пайда болғаны да сөзсіз. Біз иманды  9, 49 сандарымен белгіледік. Әйелзатының 11 санды діл жұлдызшалары белгісі болып, Адам атамыздағы сол жақ жұбымен 22  ақыл қабырғадан қалдығы;  2 белгі бұл Адам атамызға берілген сезім мен түйсіктің, яғни ақылдың бастапқы екі игілігі деп түсінген жөн.  Жалпы барлық жаратылыстың, қозғалыстың уақытқа айналуы да Адам атамыздың бастапқыда Күн – бас болып жаратылып 24 қабырғасы болып және тұтастыққа қайтадан екіге қарама-қарсылық қозғалысқа бөлуінен жер жағдайында барлық жаратылыс себебінің қол қабыстың 12 санымен жүйеленуінде де осындай жұптық сипаттан бастапқы таза ақылдың екіге бөлінуінен пайда болғаны да хақ. Қазақ даналығында бұл жаратылыстық бастауды; «Адамның басы Алланың добы» деп түсіндірген.  Бірақ кейінгі кезде Нұқ пайғамбарымыздан кейін; «сендердің жаратылыстарыңды көркем бейнеледім» деген аят бар құранда. Олай болса, қазіргі жетілген «футбол» доптары да 32 шаршыға бөлінген екен. Оның 12-сі бес (5) бұрышты, ал 20-сы алты (6) бұрышты болып, құранның сандық ғылымымен және бас туралы ғылымын, сәжденің маңызын бейнелеп тұр. Адамзаттың сенімі сәждемен байланысты қалыптасатыны да хақ. Сондықтан «Доп ойнаған тозар» деген қазақ нақылында да осындай сыр жатыр. Шәкәрім атамыз; «Аспанда көріп жұлдыз бен ай, Ер жетсем, дедім: соны алам. Ата-ана қалды, аһ дариға-ай, Күн болды Жермен ата –анам.  Жылылық, жарық нұрын беріп, Сездірген атам-Күн шебер. Балына қосып уын беріп, Өсірген анам-қара Жер…»

Негізінде 9 санды белгі иманмен, жанмен байланысты болып әйелдер қауымын «Нәзік жанды» деп атауымыздың өзінде жанның 9 сипаты болатынын «Тәубе- бас ию» деген сүренің «биссимилла рахман рахим» деп айтылмай басталуында да, бұл онсыз да Алла тағаланың бастан берген рахим мен рахмандық сипатынан болады.  Ал 9 сан ақылмен зейнеттелген жан болса, онда қалған 3 сандық қасиеттің көру, есту, ойлау сезімдерімен байланысты болып, ал әйелдер қауымына сырттан келетін ой қуатты шектеумен киіммен ерекше қорғалып, мұндай  қасиеттің өзінде ішінде болып, ақылды қанынан алып, жүрек арқылы ойлану қабілеті, сезімталдығы яғни ұят, иманмен байланысты сезімнің аңғарымпаздық ақылы еркектерден артық болуында да осындай жаратылыстық сырдан ұғынуға болады.  Жалпы қазіргі жаратылысымызда әйел еркек қабырғасының жалпы саны 48 болып, Адам атамыз бен Хау анамыз да жаннатта 22 қабырғалы болып өмір сүріп, 48-22=26 санды ақыл қабырғаның кейіннен жерлік  жағдайдағы тіршілікте пайда болғаны, ал 26 санды оңынан белгілегенде 62 санды қан тамырларын тазартып меңгеру бұл санның құранда «Жұма-наным, сенім» болуы да осындай ілімдік сырды меңзеп тұрғаны сөзсіз. Қызды қазақта  «Шырақ» деп атап және мұның жанмен және Мұхаммед пайғамбарымыздың бастапқы жаратылысы «Сүйіспеншілік» сипатымен яғни біздің жаратылысымыздағы рухани тазалық- жұмалығымыздың, дініміздегі берілген  сенім, наныммен суғарылып, иманнан дәні өнетінін және махаббаттың негізі болғанын да тағы қайталап ескертіп кетейік.

Сонымен ақылдың жаратылысының қысқаша насихатын, адамзатқа бейнеленген таза ақыл-иманның бастан барын және ол жанның ойлау еркі, әрі асқазаны болып, мұны сезімнің аңғарымпаздығы деген ат қойдық. Түсінікті болуы үшін Абай атамыздың ойшылдығына жүгінсек. Атамыз жанның негізгі үш қуатын ескертіп; « Біреуін орысша; «Сила притягательная однородного» дейді. Ол бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, қазір соған ұқсағанды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды.» Алла тағаланың адамзатқа жанымен берген бұл сыйы деп және бұл қуатта барлық тіршілікке байланысты шежірелік уақиғалардың, танымдық  ақылға тән жаратылыс себептерінің, қол қабыстық қуаттардың да белгісі, ақпараттардың болуымен ғана ол өзіндегімен салыстырып ғана келген ақпардың зияндылығын, пайдасын ажыратумен ұнамағанын қабылдамай, ал керегі барын жүрек арқылы тапсырма беріліп ағзада өз үйіне орналастырылып, өзінде жоғын тыншытпай іздетіп және жақсылықты меңгеруге, үйренуге құштар қылып қоюы да осы иманнан, жүрекке байланған қуаттан екені де сөзсіз. Егер біз бұл қуатты ата-бабамыздың мирасынан алмасақ, онда өзге ұлттан алған, қазақ ұлтының рухани жетілуін қалыптастыра алмасы сөзсіз. Керісінше қай ұлттан келсе сол ұлттың қылығын іздетіп қоятын да қасиеті болмақ.

Сондықтан да пайғамбарымыз; «Иман екі сипатта, бірі 60 бұтақты, екіншісі 70 бұтақты» деген өсиетінен, біз алпыс бұтақтыны ұлттық дәстүрлік иманымызды меңгермесек, онда онан жоғары тұрған әлемдік тұрғыдағы ойшылдықпен, сананың жоғарғы дәрежесімен байланысты 70 бұтақтысын меңгере де алмаймыз да.  Және «Асыл тастан шығады» деген уақыттың тезінен өткен, қарсылығын да пайдалы қуатқа айналдырған замандық кітапқа айналған таза ақылға жалғану да біздің ата-бабаларымыздың тегімен, асыл сүйегімен байланысты екенін де ұмытпаған жөн.  Бұл қуаттың қырық ошағы үйі әурет жерлерімен байланысты болып «Қызды қырық үйден тиым» деген сөздің де тәндегі бұл ошақтарда теріс жаман ақпараттар пайда болса, бар иманың да жойылып, ақылдың азуымен жамандыққа бой ұруына себеп болатынына дәлел болмақ. Бұл қуаттың тазалығынан біздер мейлі ұл, қыз жынысты болайық, бәрібір ана сүтімен қан, жанындағы білімді алып, біздің имандылығымыз тікелей анамызға және әйелдер қауымына байланысты екені сөзсіз. 62 қан тамыры тектің негізі болып, мұның да негізі жүректегі 200 тамырдан нәр алатынына және жүректің 4 бөліктен тұруынан да біз иманның өте күрделі адамзаттың барлық тіршілігіне, әрекетіне байланысты екеніне көз жеткізуге болады. Сонымен пайғамбарымыз; «Иман екі сипатта болады бірі 60 бұтақты, бірі 70 бұтақты» деп ескертуінен жалпы иман қуатының тәндік ағзамызда өсіп-өнетін, көбейетін 130 белгісі тамыры барын да ұмытпаған жөн. Жалпы иманның жүрекке зейнеттелу хикметін; «Қырық қожа қырқадан аспай, Тоғыз төре төбеден келмей, тектілік жетілмес» деген данагөй аталарымыз. Бұл нақылды тарқататын болсақ; Тоғыз төре – Нұр сәуле шапағаттың енуі болып; Еркекке бақсылық қасиеттің қонуымен, ал әйелге төбеден келер ақ жаулық нұр қуаты болмақ. Қырық қожаның қырқадан асуы; Бейімделу, ой-сана көркі, белестерден асу, табандылық қасиеттің жетілуі болмақ. Бірақ мұндай қасиеттілікті меңгеруге, яғни иманды жетілдіру үшін енді дін сенімнің яғни дін ниетіміздің тазалығы міндетті болмақ.

Енді біз толық сенімді құранда «Жұма» сүресімен байланысты деп және иманның негізгі сүресі «Хұжрат» -Тұрақтылық болып екеуінің екі түрлі қуаттар жүйесі екеніне көз жеткіздік.  Ал енді  масһаб білімімен және жалпы исламда да, өзге барлық діндерде де сенім мен иманды бір атап, жан мен рұқтың арасын ажыратпай өздерін тура жолдамыз деген имансыздықтан туындаған надандыққа түскенін, осыдан әлемдегі барлық дағдарыстың туындауын біздер неге ұғына алмаймыз? Неліктен және басты себебі бар ма? Әрине бұған басты себептің де Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен исламның ең құдіретті рухани тазаруға, яғни сол заманда қуатын көрсете білген, иманы бекем болғандықтан дін ниетінің тазалығы болған сенімділік намаздары мен құранның хикметті қасиетіне де байланысты болуы да хақ.  Жаратушы иеміз пайғамбарға түсірген үкімдердің және құранның үгітінің ашылуымен сенімге негізделген намаздардың соңына түсіп иман туралы білімді меңгере алмай көптеген үмметтердің адасуын ескерткен аятта; «Мұхаммед Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік» (19-98)  Құранның арап тіліндегі үгіті, яғни сөз атауларының мағынасымен байланысты оңай қарапайым болып, өзге тілге аударылған сайын күрделене беретінін біз мойындай алмаймыз да. Пайғамбарымыз; «Мен аз сөзге көп ұғымды сыйғызуға келдім» деп және; «Жүз жыл сайын сөз атауларының мағынасы өзгереді» деген өсиеттерінің құпиясы да әшкере жариялап тұрғаны хақ. Демек әрбір жүз жылда адамзат ойының дамуы, өзгерісі болып, құран үнінің де жаңадан сөз аттарының пайда болуымен аяттарының мағынасы ашыла беретіні де сөзсіз. Мұндай жағдайда қазіргі кезде құранды арап тілінен тікелей кез-келген діншінің аударып оқуы иман қуатының әлсіреуіне, жоғалуына және керісінше құранды теріске алып қарсылықтармен серік қосуға да соқтыратыны да сөзсіз. …(жалғасы бар) 

IX-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық 

  «Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әркеттер және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдар өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады..»(Әл-Фараби) Сонымен ғұлама бабамызға жүгінсек дінді меңгеру үшін көкіректің ояу болуы міндетті шарт екен. Олай болса көкіректің оянуына ең басты себеп бір ақылдың қуаттылығы, естіліктің жағдайы және ішкі дүние мүліктің сыры, иманның қажетті мөлшері, шамасы керек екен. Дін  сенімдерді меңгерумен өзінің бейнесін құлшылығын анықтап, ал діннің мақсаты мен талабы адамзатты жер бетінің халифасына , құдайлық сипаттағы күрделі тұрақты жүйемен басқарылатын періштелік дәрежеге бейнелумен маңызды болады. Сонымен біз сенімділік қуаттарды  9; 81; 11; сандарымен белгіледік.  Енді бұл сандардың жалпы қосындысы 101 болса, онда оған қарсылық тағы осындай шамамен; 101+101= 202 санымен барлық дін амалдарының саны шығады. Дін деген адамзаттың бәріне ерікті болып, бірақ біздің адам болып жер бетінде тұрақтап тұрумызға, төмен түсіп хайуанданып кетпеуімізге жаратушы иемізден міндетті әрекеттерін орындаулары парыздар болған, нәсілдік уәдеміз яғни намаз орындауымыз бар. Бұл намаз ана тілімізді меңгеруіміз арқылы сөз түсіну қабілетіміздің қалыптасуына, біздердің тылсымнан тікелей үйретуші, тұрмыс ұстазымыз Раббымызды тыңдауға берген уәдеміз болып табылады.

Бұл уәдені Адам атамыздан бастап Алла тағаладан ең басты тиым салынған істердің де саны 9 болып оны тәубе намазы деп атаған. Жоғарыдағы сенімнің 3 сипатынан үш түрлі намаз орындау ерекшелігі пайда болады да және бұлардың басын намаз оқу арқылы бірлеуді исламның ерекше құлшылығы атаған. Дінді меңгеру үшін  сенімімізді белгілі бір себепке табындыруымыз керек, яғни намазын орындауымыз керек. Ол үшін де  біз әуелі Алланы еске алып, яғни намазын оқып (құран аят, дұғаларын оқу арқылы) сыйынып,  ұлықтау арқылы қандайда бір ғибрат, үлгі  мысалдарды амалға, іске айналдырып, намазын, орындауын жүзеге асырамыз. Сол үшін де жаратушы иеміздің түсірген нығметтеріне, өзіне, Раббымызға сыйынамыз, яғни «Биссимиллаһи рахман, рахим» деп айту міндет болған исламда. Ал тәубе сүресінде бұл дұғаны айту берілмеген. Себебі тәубе бізге аманат тұрғысында дінді меңгеруден бұрын жаратылыстан тағдырға құдайлық нұрды парыз қылып жүктелген және үнемі оны Раббымыздан заманға қарай дамытып, кеңітіліп отырған. Тәубе намазын орындау Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан дін құлшылығының бастауы деп түсінген жөн. Қазақ даналығында; «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз дәуір», «Үйірімен үш тоғыз», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген нақылдар бар. Және барлық тағдырлық уақиғалар да тоғыз дәуірлік кезеңмен 300 жылда қайталанып отыруы шарт.

Сонымен адамзат үшін діннен де жоғары тұрған міндетті болған, Алланың өзінен болған яғни «Мен» сипатының қуаты, кісілігі тәубе намазын орындау арқылы иманды сақтау –аманат және иманның негізі адамзатқа ортақ махаббаттың бөлшегі, дәні болады. Біз имансыз, кісіліксіз адам болып өмірге келе алмаймыз. Сондықтан адамзаттың тәндік жаралысы; жануарлық, малдық қуаттардың негізінде болғанымен, бұл қалыпты көркемдеп Адам деген ерекше қасиет егесіне айналдыру үшін; Біздер ар-ұяттылық сезімдерін мойындап, онан күшті нәпсілік, құштарлық, құмарлық, тәккаппарлық, т.б. сезімдерге бой алдырмаған жағдайда ғана оның жетегімен жүре аламыз. Иманның жетегімен бізді жүргізбеуге, тәубемізден шығаруға қарсылық күштердің ібілістің жаратылысы қара қуатты әскерлері болып, біздер ішкі қуатымызбен мұны меңгере алмаймыз. Себебі біз тәнімізді өсіріп түрлі әрекеттерді, дүниелік тіршілігімізді, жаратылыстағы барлық қозғалыс егелерін басқаруға күш-қуатты еселеп арттырып отыруымыз керек. Ал ол қуатты біз азықтан, барлық жаратылыстық себептерден, рухани тұрғыда да жалғанып аламыз, жүктелеміз.  Қандай қуатты алып жалғансақ, сол қуаттардың рұқтық тұрғысындағы өріс түріндегі  жанды, жансыз жаратылыс себептеріне және өсімдіктер мен хайуандардың да әсерінде сезімдік, түйсіктік тәуелділікте боламыз. Бұл тәуелділіктен босану үшін де бізге діннің де намаздарын меңгерумен ғана рухани жетілген адамдық тұрғыдағы ақпараттық қуаттарды біз тікелей де және өлілер арқылы ата-аналарымыз арқылы да тозақтық өмірден де, жаннатық тіршілік иелерінен де алуға мүмкіндігіміз бар. Сонымен біздерге негізінен жануарлық, құстық және адамдық үш түрлі дәрежедегі ақпараттарға жалғана білу, жанды, тірі болып аталу үшін міндетті керек жағдай.  Міне осындай жағдайда біз дінсіз өз ақылымызбен мұндай амалдарды орындауға қабілетсізбіз. Егер діннің сенімінен бас тартқанда немесе қандайда бір біздің ата-бабаларымызбен қошталмаған, аманатқа, имандық қуаттарға айналмаған, дәстүрімізді мойындамаған қандайда бір жетістікке жетті деген дін топтарымен де қатынассақ онда біз керісінше адасамыз, ақылымызды, иманымызды да жоғалтып та аламыз. Қандай ортада өмір сүрсек те иманымыз арқылы қошталмаған дін құлшылықтары амалдарынан бізге берілген махаббаттың бөлшегі имандық қуатымызды біз баптап өсіре алмай ұрлатып, кейде мүлде жоғалтып, түрлі ұлттардан да құралған біртұтас халықтың да жер бетінен жоғалуына да жаратылыстағы қарсылық себепшінің әрекетінің тұзағына түсіп, керісінше меңгерген дін арқылы зұлымдықтың, имансыздықтың жақтаушысына айналуымыз да әбден мүмкін болмақ.

Сондықтан  да біздер бақытты өмір сүргіміз келсе, онда Адам атамыз бен Хау анамыздың жаратушы иеміздің тиым салған нәрсесін жеп пайдаланудан болған сынақтың және онан бергі барлық қауымдардың ашық қателіктері мен күнәларының белгілері де біздің жаратылысымызда тағдырымызда міндетті түрде жазылып қойылғанын да естен шығармаған жөн. Бірақ біздер өз ұлтымыздың шежіресімен ғана жалғанған жағдайда біздерден бұрын өткен ата-бабаларымыздың қасиеттіліктерін меңгерумен бұл белгілердің тегімізге байланысты да аз, көп шамасы және иман қуатының да қасиеттілік ықпалында боламыз. Ұлттық имандылығымыздың жалпы сипаты ар білімімен өлшенсе, ал жеке-жеке иманымыздың, тектілігіміздің ерекшелігі ұятымызбен және сөз түсіну қабілетімізбен яғни жетелігімізбен көрінісін береді. Сондықтан ата-баба тағдырымыздағы тектілік қасиеттілік белгілерді тағдырымызға алып ерекше қасиетті болып өмірге келгенмен, өмір сүру барысында  өзіміздің абыройымызды, арлылығымызды өмірге қажет деңгейде де жоғары қоя алсақ қана өз бойымызға, болмысымызға тән ұяттылықты, имандылықты меңгере аламыз.  Имандылық қуаттарының ата-бабамыздың талай дәуірлерден өтіп түрлі рухани қарсылықтарды меңгерумен өсірген рухани егінінің жемісі болғандықтан, біз мұны өзге ұлттан, үмметтерден ала алмаймыз.Мұндай негізгі тарихи шежіреміздегі қарсылықтардың ықпалына түсіп, оны сенімдері арқылы сынақтардан шыңдалып, талай аштық, соғыс, апаттардан аман қалуға Құдайдың жәрдемімен меңгеріп қасиетке айналдырған ақиқаттың белгісі біздің рухымызда, тағдырлық нәсілімізде жаратылыстан таңбаланып қойылады. Яғни оның да саны 99 болып, яғни тәубенің, кісіліктің қалыптасуымен он көктік нұрмен дәрежеленуі және 9 дәуірлік уақиғалардың қосындысынан тұрады. Ал, бұл ақиқаттың  және негізгі сәжделік 33 түрлі періштелік қуаттардың үш түрлі қозғалыс әрекетінің де белгілері болып табылады. Және ішкі сыры, қасиеттері Алланың көркем есімдерімен байланысты екені және оған қарсылықтың да 9 бұзықтықтың тәубеге қарсылықтың да 10 белгі теріс ойлармен дәрежеленумен екі негізгі ібілістік (шайтан, жын) белгімен жалпы саны 101 екенін білсек, онда бізге мұны меңгеру үшін де 99 негізгі қасиеттілікті періштелікті және бастапқы жаратылыстық 4 негіз жоғарғы дәрежелі періштелерге жалғанумен, яғни 4 түрлі ақылдық қуатпен; 99+4= 103 түрлі қасиеттің белгісін алуымыз керек. Ал қасиет дегеніміз қандайда бір жаратылыстағы затты пайдаланбастан оны иеленудің, меңгерудің қабілетін иелену болмақ. Мұндай қабілетті әулиелік деп атап адамзаттың әулиелігі осындай дәрежелерден де тұратынын да естен шығармаңыз.

Сонымен  103-99=4 санының өзі бізге мәлім ақылымыздың, иманымыздың  кені 4 түрлі дінді, 4 түрлі жаратылыстық қуаттардың негізін ескертіп, жұптағанда жалпы 8 тұрақты діннің барын да білген жөн. 9-шы болып әр ұлттың, рудың тіл,сөз байлығын меңгерудің ерекшелігіне қарай ережесі, өмір сүру әдет-ғұрпы болмақ. Біздер заманның білімімен түрлі тұрмыстық, дүниелік қаракеттердің өзгеруіне қарай бейімделуден иманымызды жоғалтып аламыз. Олай болса, ата-бабадан қалған өмір салты, дәстүріміз, аманат та естен шығып ұялудан қаламыз. Ал қазақ халқының ұялу дәстүрін Абай атамыз 30-шы, 36-шы қара сөздерінде насихатын көрсеткен.  Ұяттың әлсіреуінен иман жоғалып, иманның жоғалуынан арамыздың қалыптаспауынан жоғарғы дәрежелі ақыл-ойдың тірегі – санамыздың жоғалуымен жүрек көздерінің де жабылуына соқтырады. Мұндай түрлі зұлымдықтарға түскен жағдайда бізге көмекке келетін  дін-сенім құлшылығы  көмес түрде қарсылықтардың , арамның, күнәнің, зұлымдықтардың әрекетінен тазару үшін міндетті түрде керек. Сондықтан біз дінімізге иман келтірдік деп тәубеге келгенімізді ғана сөз жүзінде мойындап намаздарын орындау оқу арқылы  жоғалған, қашырып жіберген тағдырлық иманымызды ғана келтіре аламыз. Дін намаздарын орындап, оқып, рухани тазарған сайын біз ұятымызды тауып, оның әрекетін, іштен ескертуін, қуатын  сезіне алу қабілетіне ие боламыз. Дінді біз ерікті түрде меңгеруіміз керек. Яғни ол үшін де біз ата-бабаларымыздың тарихын, олардың дінді қалай меңгергенін және қателіктерін де білім тұрғысында зерттеу арқылы ғана біз тарихтағы белгілі тұлғаларға, рухани ұстаздар болған әулие-әмбилердің көмегіне, олардың артында қалдырған мирастарына сүйене алуымыз керек.

Сондықтан бұрынғы өткен ғұламалар; Иман, Ислам, Ихсан деп бұл жолдың тәртібін үш-ақ сөзбен белгілеп кеткен. Иман1.Ақылдылық, естілік, 2.Пайымды (ойлау қабілеті, даналық), 3.Ізетті, (дәстүрін меңгеру) 4.Көркі өзіне сай (жыныстық, кәсіптік, ұлттық сыртқы бейнесі, мінез көркемділігі), 5.Ізгілікті (тақуалығы), 6.Сабырлы (қажырлық, төзімділік, майталмандық) болып сипатталады. Ал енді сенімділік қуаттарды меңгеру тұрғысында барлық діндердің қазығы Ислам екенінде дау жоқ. Ихсан— 1.Патшалық, 2.Өсіп өркендеу болып сипатталады. Бұл жағдайдан біздердің дінді меңгерудегі еріктілігіміз иманға тәуелді болып, құран аяттарының барлығында да біріншіден иман келтіріп, тәубемізге келіп яғни ұяттылықты және оның парыздарын орындап барып, сосын ғана рәсімдік, сауаптық құлшылықтарды қандай да бір амалдарды орындаудың маңыздылығы да осындай сырдан туындайды. Олай болса біздер иман, тәубе құлшылығы арқылы ғана дінді меңгеріп жанымызға патша-қожа болып, жер бетінің халифасы тұрғысында өсіп, өніп өркендей аламыз.Енді қазақ елінде масһабтық ұстанымда әуелі ұят, иман және оны сақтаудың тазалығын меңгеру туралы насихатталып ислам дінінің құлшылығын орындауға шақырмай ма, мұнда қандай қателік, адасқандық болу керек па?- деп сұраңыз. Рас, біз осындай діннің насихатына келу арқылы адамдық сипатымызға тән ұяттылығымызды қалыптастырып, иманымызды тауып, ізгілікті пендеге айнала аламыз. Бірақ біздерге иман мен сенімді бір, айырмашылығы жоқ деп түсіндіргеннен кейін иманның ұлттық тұрғыда діл бақшасын өсірудің, әрбір үмметке берілген ережесінен, жол-жобасынан бас тартсақ болғаны, ойымыз белгілі бір шеңбермен шектеліп, ақылымыз сол қағида шарттарға байланып, біз иманымыздың қуатын осы өмір сүрген замандағы жетілген қарсылық күштерге қарсы тұруға дейін меңгере алмаймыз.

Сенім құлшылықтарын иманды меңгеру деп түсінгендіктен ішіміздегі тағдырымызға байланысты да міндетті түрде «меніміздің» көрсеткенін, үнін тыңдаудан қаламыз да, оның орнына шайтанның сыбырлағанын, қарсылығынан теріс ойды тыңдап, сезімнің жетегіне еріп, керісінше мәңгүртке де айналып аламыз. Осындай жағдайда біздің 101 атты қарсылық күштер мен сенімнің құлшылығының араласумен 101 түрлі діннің топтарының пайда болуын да естен шығармаңыз. Оның 73 тобы исламның ішінен шықса, ал қалған 38 тобы өзге діндерге тән болмақ. Және 99 көркем есімдердің жын қуатымен, яғни жындылық арқылы меңгеруден де түрлі діндік рәсімдердің пайда болуымен Абай атамыздың; « Әй не болсын!…Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-сөз) Бұл насихатпен жалпы үмметтік сипатымыз Алланың жүзінен пайда болған 100 қойымыз ұлттық малымызды құртатын, арымызды, дәстүрімізді жоғалтқанда 200 түрлі жындылықтардың пайда болатынын да білдіреді. Яғни мұндайда біздер түрлі дінді осыны орындасақ текті боламыз, жақсылыққа жетеміз деп ойдан әрекеттер шығарамыз немесе кез-келген елдің салттарын, ырымдарын дін қылып аламыз. Оған мысал әулиелерімізге, батырларымызға ескерткіш жасап, басына гүл қою, өліктерге де гүл шоғын арнау яғни гүлмен, шөппен аруағын риза қылмақ әрекеттерімізді былай қойғанда жаңа жылда шырша ағашына табынып, шоқынып аяз ата, қар қыз деген қолдан тәңір жасап солардан тілек тілеп жарылқайды деп сенеміз, халықты да ұрпақтарымызды да осылай иманын қашыруға азғырамыз. Сонымен бірге иманды қашыруға, құдайдың аяттарына қарсылық білдіруге, кітаптарына ортақ қосуға; атыңды қазақшаласаң иманың өсіп текті боласың, таңбаны өзгертіп орыстан ажырасаң иманды елге айналасың немесе масһабпен намаз оқып тура жолда болып иман түгіл ақылды да өсірмей тәпсірге, өзге жұрттың ақылына байлап, иманды қашырып ақыл-ойды жоғалтумен, жастарымызды жетесізге айналдырумен айналысып кеттік те.

Сенім мен иманның және жан мен рұқ сипаттарының білімін жоғалтумен ұлттық сөз байлығымызды да ұрпақтарға меңгертпеуге, иманын мүлде өсірмеуге жас балаларды 3 тілді зорлап үйретумен, олардың 13 жасқа дейін ана сүтімен, ұлттық ділден қуат алып иман арқылы 7 түрлі жандық, нәсілдік қуаттардың зейнеттелуіне, жер анамыздан белгі алуына қолдан кедергі ұйымдастырып жатқан ел басқарушыларда  сана түгіл жетесі бар деуге ауыз бармайды. Мұндай жағдай біздің арымызбен байланысты қалыптасатын саналықтың мүлде жоғалуымен, ал санаға жол ашатын ана қанымен, дәстүрімізбен, төменгі сана әйелзатының етегімен, киіз қазығымен жетілетін ділден, иманнан қуат алатын ұлттық тұрғыда жетелігіміздің де жоғалуынан, әулие бабалар қалдырған өсиеттері түгіл ұлтымыздың жаппай бір-бірімізді ұғыну қабілетіміздің жоғалуынан осындай дінсіздік, надандықтың, діндегі адасаушылықтың, жастарымыздың тағдырлық иманына, ата-баба мирасы аманаттарына жалғана алмауға, бүлікшілдік пен жат пиғылдардың жетегінде кетуіне де жағдайды қолдан ұйымдастырғанымыз да хақ.  Себебі біздің бір ақылымыз яғни жетелігіміз сөз түсіну қабілетіміздің, естілігіміздің алғашқы сатысы болып, оның ұлттық сөз байлығымызға тәуелді байланып тұрғанын тек ана тілімен, діл білімімен ғана өсіп өнетінін де білген жөн. Мұны аятта; «Күдіксіз Алла; иман келтіріп, ізгі іс істегендірді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді…(23) Олар, көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолына салынғандар.» (22-24) Сонымен жаннаттықтар иманы бойынша ізгі іс істегендер  және мұны бір ақылмен меңгеріп, ойы мен тілін қоса білумен  көркем сөзді, тәубесін, иманын толық меңгергендер болып саналады.

Олай болса, діншілердің құранның Ең жоғарғы дәрежедегі Алладан келген көркем сөз екені де хақ, яғни енді құранды жаттап алғандар тура жолға түседі дегендері рас болып тұр ма? Егер осы аятқа қарап пайымдасақ, онда біз құранды мүлде теріске аламыз. Себебі; «Сендерге түсінікті болу үшін барлық жаратылыс нәрселерін парымен жараттым» деген үкім бар. Сандық тұрғыда да бұл аяттың жұбы, пары бары да хақ. Бірақ біз оны саналық тұрғыда меңгеруге әзірге ой қуатымыз әлсіз, сондықтан үгіттік тұрғыдағы жұбына тоқталсақ; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) Бұл аятта сөз туралы болғандықтан, тілсіз сөз болмайды. Ал тіл мен ділдің өзара жұп болатынын білсек онда иман тілмен ғана өсіп өнеді, жетіледі. Қазақ елінің тіл білімі, сөз байлығы саналық тұрғыда қалыптасқандықтан ақылды меңгерудің зерде, зейін, жады, жат, зеректік, жете, сана деген сипаттары болып, құранды жаттап алу деген бұл белгілердің бірі ғана болып, мұның қате пікір екені әрбір есті адам баласына ұғымды болар еді. Бірақ біздердің ұлттық философиялық мектебіміз қалыптаспаған, сондықтан да біздер әлемдік тілдік біліміне тәуелдіміз.  Бірақ аятта; «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер (ақылды, имандылар) үшін белгілер бар.» (30-22) Бұл аяттағы тіл мен түс деген белгіге мұқият зер салсаңыз біздің түріміздің ақ, қара, сарылығын емес, түнде көретін түстеріміздің тіл білімімізбен, жазу, оқылу бағытымен де тікелей байланысты және оның тылсымнан үмметтік жоба кітаптарының оқылуының да ерекшелігі қарама-қарсылығы болатынын ескертеді. Олай болса біздің ұлттық, үмметтік тіл біліміміздің ерекшелігі, өзге тіл білімдеріне сөз ұғымдық қайшылық, қарсылығы да болуы керек. Себебі біздер «СОЛ» бағыттағы жазу, оқу үлгісімен, ал арап тектес елдердің «Оң» бағыттағы жазу, оқу қуатымен үндік және тылсымдық кітаптарының да оқылу, көрсету қарама-қарсылығы болатыны да хақ. Ал тіл білімінің негізі пайғамбарлар арқылы ғана берілетін болса, біздің өз ұлтымызға тән пайғамбарларымыз да және оның кейінгі замандары істерін жалғастыратын арамызға түсіріп тұратын елшілері де болуы шартты үкім болмақ. Тіл білімінен, ұлттық көркем сөз байлығынан ғана діл білімі қалыптасатын болса, онда ділімізден ғана иманды өсіре аламыз. Біздердің имандық қуатымыздың да қозғалу бағытының арап елдерімен қарама-қарсылығы болуы да сөзсіз. Демек дәстүрімізде де өзгешеліктер, артықшылықтар болуы да қалыпты жағдай.

Олай болса иманды меңгеру үшін аятта; «Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.» (49-7)  Мұхаммед пайғамбарымыздың жанында қаншама тіл білімін меңгерген білімді сахабалар болғанымен және олар құрандағы құпия аяттардың да сөз астарларын зерттеп,  құлшылық амалдарын пайғамбарымызға түсіндіргенмен, бірақ пайғамбарымыздың  жазу сауаты болмағанмен тіл білімін жоғарғы дәрежеде меңгергені хақ. Олай болса тіл білімінің намазы болған  аян, уахимен, көкейге салған оқылған батамен ғана әрекет қылғанын үлгі қылады. Және иман қуатының, жарығының  жақсылық амалдар болып «иманды жақсы көрсетіп»  бейнеленіп уахи, аянмен көрінетін, жүрекке зейнет (тағдыр жазуы) болып енетінін, сонымен бірге  «қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті.», яғни  тағдырдағы жамандықтарды алдын-ала ескертіп отыратын іштегі елшілік қасиет екенін ескертеді. Сонымен ешқандай жазу, оқу білімін меңгермей-ақ, тікелей Раббымыздың аяттарын оқитын яғни түс көру арқылы аяндармен жоба алып, құранның жасырын көмес кітаптарын алуды «Кітап берілгендер» деп атайды.

Құранда «Раббыңнан түсірілгендер» яғни «Түсіңде көрсетілгендер» деген мыңдаған аяттардың ескертуін, Құдайдың ісін көрсеткен, білдірген жол-жобасын масһаб және исламдық дін топтарының терістеп, тек білім тұрғысында шариғатты жол қылып алуды да Раббымыз аятта; «Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.» (42-21) Масһабшы діншілердің пайғамбардан кейін уахи түспейді, яғни Алланың бұйрығы бізге иман арқылы дін  шариғатты да жетілдірумен бірге әрбір пенденің аянмен тағдырын тазартуға, болашаққа бағдар қылып алуға көрсетіп, жазатын сөзі таусылды дегенмен бірдей болып,  Аллаға күдіксіз серік қосып, ортақ қосу амалы болып шығады. Ал аятта; «Егер жер жүзіндегі ағаш атаулы; қалам, теңіз сия болып, одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп жазса да Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі.» (31-27) Демек жер бетіндегі ағаштар мен өзен, көл, теңіз сулары арқылы жанға айналып, Алланың сөзі біздің тағдырымызға жазылып, оқылып жатқаны хақ және оған жеті жол-теңізден яғни көктен, жеті жолдан, ай мен күннің жүзіп жүрген теңіздерден де Алланың білімінен сөздердің де ұдайы келіп жатқанын ескертеді.

Сондықтан иман деген пайғамбарлық қасиет, яғни ақылды меңгерудің тұрақты құлшылығы болып, пайғамбарлық міндеттің негізі таза ақылдан, әлемдік  уақтық тағдырына, замандық қозғалысқа, уақытқа ілесе білуге, ата-бабадан мирас қалған кітаптарына жалғануға белгі болған иманды қалай өсіру, егінін жетілдіру болса, мұның толық дәрежесін Мұхаммед пайғамбарымыз құлшылығын көрсетіп, кітаптық  ғылымын құран тұрғысында оқып, иманның  қуатын меңгерудің, рухани егінін өсірудің ортасын белгілеп берген еді. Жоғарыда иман мен сенімнің 9 санды белгілерін ескерттік. Осы екі белгіні толық меңгерумен 9+9=18 мың ғаламға жалғанудың, оң алақандағы тағдырлық 18 санды белгіні меңгеруді қалыптастырған еді. Бірақ сол жақ алақандағы 81 санды белгі сенім құлшылығын пайғамбар намазы, құлшылығы болып жасырын орындалғаны, оны санаулы сахабалар ғана меңгергені де сөзсіз. Сонымен бірге барлық діндердің басын біріктіруге арналған ілім мен білімнің өркениетін қалыптастыратын сопылық тұрғыдағы 11 санды сенімділік құлшылық намаздары да ол заманда құпия жабық болып қалғаны да хақ. Сондықтан да араптарды құранда «Сендерді орташа үммет қылдық» деген. Себебі ол уақыттағы білімнің, ілімнің де әлсіздігінен, құранның негізгі аяттары мен жоғарғы дәрежелі иманның қуатын, ақылдың саналығын меңгерудің сырларын Алла тағаланың негізгі кереметі, құдіреті мен ғылымдық сипаты 8 түрмен толық бекітіп жаппай дәстүрге айналдыру мүмкін болмады. Сондықтан елшіліктің жоғарғы сатысы болған тазартушы масіх Ахметтік дәрежесінің бейнесі Ғиса пайғамбар және Мұхаммед пайғамбар елшілік істерін басын қосатын үшінші Ахмет өмірге келу тиісті болғаны да хақ. Пайғамбарымыздың миғраждан алған 3 түрлі намаздың үкімдері де осы құпия сырларды, сенімнің 3 түрлі ерекшелік қуаттарын меңгеруге байланысты еді. Сондықтан масһаб білімінде намаз оқуды басты құлшылықтың дәрежесі қылып оған зекет, оразаны, қажылықты тіркеп бес парызбен тура жол таптық деген адасушылықтың пайда болғаны да хақ. Ал бақара сүресі; 285(15,6); 286 (16,7) сандық мәндегі құлшылықтардың, сенімнің 81(9), 11(2) сипаттарымен меңгеру амалдары шығып қалып иманның өркениеті де жоғалуына себеп болғаны да хақ.

Мұндай жағдайда, иманның өзін көрсетуі арқылы ғана қателіктерді анықтауға, түзеуге болатыны да ескертілген аятта; «…Мұхаммед оларға: «Егер тауратқа иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені бұйырған де» де (2-93) «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Демек иманның келуі Раббымыздың тарапынан ақылдың, ескертудің берілуі болып, ал мұндай ақылды орындамағаннан міндетті түрде сынақтың пайда болатынын да білген жөн. Сондықтан да Иман-аманат болып саналады да тылсымнан заман уақиғаларына  берілген қандай да бір белгілерді, ақпараттарды мұқият зерттеу, ақ қарасын ажырату дін ғалымдары мен даналардың міндеті болу керек.. Мұндай аманатқа мән бермей немесе терістеп қиянат жасаудың сұрауы да зор екені сөзсіз. Сонымен сенімнің қуатын меңгерудің маңыздылығы да «Жүз бір атты пәледен сақта» дегендей 101 қарсылық ібілістік білімге байланысты болмақ. Қайталай кетсек, сенімнің; 9,81,11(101) сипаттарын меңгерудің маңыздылығы да құранның және шежіре-тарихтың білімінен және ақиреттің жаратылысынан, білімінен хабардар болу міндетті болмақ.

Аятта; «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.»(42-53) Сонымен рұқтың яғни ақиреттің құпия  білімі болып, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлармен ең соңында Ғиса пайғамбармен інжіл болып бекіген  Мұхаммед пайғамбарымызға өзіне ғана құпия білім болып оқылған кітаптың имандылық қуаттарын меңгерудің сырлары болып саналады. Мұны інжілде «СОЛ» кітабы деп атаған. Ал біздер үшін бұл кітаптан мирас болған хадистер мен сүннет амалдарынан біз иманымызды түрлі қарсылық азғырудан сақтануға байланысты білімін алады екенбіз де, Сол арқылы ғана Оң құранға жалғанып барып тура жолға пайғамбарымыздың шапағатымен ғана түсеміз де иман бақшасын өркендетуге өзіміздің жобамызға тағдырлық кітапқа жалғанамыз.  Сонымен біздердің пайғамбарымызға иман келтіру дегеніміз хадис білімін меңгерумен көрсеткен сүнеттерін орындау арқылы құранның «СОЛ»  кітабын алуымыз керек. Және Аллаға  иман келтіру амалын орындауымыз үшін барлық кітаптармен берілген білімдерді де толық меңгеріп тылсымнан иман арқылы оқылған Раббымыздың  аяттары мен құлшылығын, намаздарын орындауын да қалыптастыра білуіміз керек. Оң жақтан берілетін  9 тәубе мен 9 дәуірдің құлшылығын бірлеуіміз арқылы 18 ғаламдық Құранның жеті иман қуатының үніне жалғануымыз да керек.  Енді біздер сол бағыттағы тіл білімінің мирасқорлары ретінде құранды оң жағынан оқылатын арап тілін меңгеру арқылы оқып немесе бағзы замандағы құран тәпсірлеріне ғана жүгініп жалғана алмаймыз да. Себебі әрбір заманның оқиғаларының 9 дәуірлік кезеңдердің де қарсылығы болып, кезінде иманға қуат болған аяттардың енді керісінше құранды терістеуге, аздыруға деген қарсылық аяттары да ібіліс тарапынан пайда болуы да заңдылық. Мұндай жағдайда құранды теріс бағыттағы қарама-қарсылық тіл біліміне аудару арқылы жаңадан аяттардың құпиясының ашылуымен, ғылым көздерінің пайда болуымен, исламның Ақ бастауымен, мұғжиза, хикметтерінің Ақ бұлағымен ғана дінде үстемдік орнайтыны да сөзсіз.

Дәуірлерден заман құралады, әр заманның Алла тағаладан берілген ерекше нығметтері мен сынақтары да сан алуан түрлі болады. Сондықтан да әрбір заманның өзіне тән қуаттары мен уақыт қозғалысын меңгеруге, жаратылыс сыр құпияларын біліммен жетілдіруге де қарсылық күштердің, зұлымдық себептердің де өрістеп дамитыны да сөзсіз.  Мұндай жағдайда иман қуатын жетілдіруге, рұқтан егін өсіруге арналған біздің сенімділік тұрғысындағы оқитын намаздарымыз, оразамыз, зекетіміз, қажылығымыз мүлде жеткіліксіз болып шығады.  Және сенімнің үнемі қарсылығы жетілген сайын білімділік тұрғысында құран аяттарының құпия сырларын ашатын, Раббымыздан хикмет пен уахилар алып мұғжизалар келтіретін жаңадан құлшылық рәсімдерін жетілдіретін іс басында тұратын елшілердің келуі де шартты болмақ. Бұл Құдай ісі деп аталып әрбір кезеңдерде үмметтік тұрғыда қосымша жол-жобалардың келуімен, түрлі хикметтердің түсуімен, мұғжизалардың көрінісімен белгілі болмақ. Яғни дін де өркениеттің қалыптасуымен адамзаттың ақылының дамуын, сана қуатының жоғарғы сатыға қарай көтеріліп, замандық оқиғаларға баға беруге, ғылым көздерінің ашылуына себеп болу керек.

Себебі иманның алты сипатының; 1. Иман-Ақылмен, даналықпен байланысты болса, ал ақыл замандық білімге де байланысты жетіліп отырады.  2. Иман-пайымдау (ойлау қабілеті, естілік) болып сөз ғылымының, философиялық білімнің өркениетімен бірге жетілу де керек. 3. Иман-Ізеттіліктің заман мәдениетінің, түрлі кәсіптердің, адамзат тұрмысының  салттарын, қаракеттік істердің өзгерісін де қамту керек.  4. Иман-Көркі өзіне сай (жыныстық, кәсіптік, ұлттық сыртқы бейнесі) болудың да заманға қарай бейімделудің көркем мінез, қылықтың, парасаттылықтың сипаты болу керек.  5. Иман-Ізгілікті істерді меңгерудің де замандық өркениеттің үдерісіне тұрмыстық, шаруашылық істердің алуан түрлігімен ізгіліктің де ауқымы арту керек. 6. Иман-Сабырлылықтың ақиреттің білімімен байланысты құран аяттарының құпия сырлары, ғылымдағы жаңадан білімдердің жаратылыс сырларының да ақ қарасын, ақиқатын меңгерумен жетілгендік қуаты да болуы керек. Сонымен негізгі төрт дін қағидаларында 6 түрлі иманның құлшылық намаздарының да меңгеруде өз ерекшеліктері бары сөзсіз. Ізгілікті, ізеттілікті меңгеру, имандылық құлшылығы барлық дінде ортақ амал болып саналады. Ал енді ақылды, даналықты меңгерудің жоғарғы дәрежесі Зәбурмен көрінісін берсе, пайымдау, ой қуатын меңгеру інжілмен дарындылық қасиеттерді меңгерумен жоғарғы дәрежесі болып саналады. Ал сабырлық қасиеттің іліммен, ақиреттік біліммен байланысты болып бұл Тәураттан басталып 4 дәрежесі болса, онда Мұса пайғамбарымыздың Қыдыр атамен жолығумен ілімдегі сабырлықтан сүрінсе, ал мұны толық меңгерген Мұхаммед пайғамбарымыз болады. Иманның 4-ші құлшылығы көркіне өзі сай болудың сыры тіл білімінің жоғары жетістігін меңгерген жындар мен шайтанды да жұмсай білген дүние ісін де жетілдіре білген, барлық жер бетінің байлығын жинаса да өз қалпынан шықпаған парасаттылықтың үлгісі Сүлеймен пайғамбарымызға тән болып табылады. Ал енді иманның бұл құлшылықтарын сенім арқылы меңгерудің насихаты құранда; 6-сүре «Әнғам»-Үміттену, 15-сүре «Хыжыр»-Бойтұмарлау, 51-сүре «Зарят»-Бағыштау, бағалау болып және үмметтік нанымды қалыптастыру болып табылады. Бұл құлшылықтың пайғамбарымыз миғраждан алып келген үкім аяттың 285 (15,6) сандық жүйеге сәйкес болмақ. Бұл құлшылықтың сырын ислам дінінде сахабалардың көбі меңгергені де хақ.

Сонымен бірге иманды жетілдіру құлшылығы 286-шы аятпен,(16,7) санды Мұхаммед пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде қылуға бұйырылдым» деген өсиетіне сәйкес мұны сопылардың тарихат, мағрипат деген жолдармен меңгеруге тырысқаны сөзсіз. Және 11 санды сенімділіктің құлшылығымен пайғамбарымыздың аманатын жалғастырған және барлық діндердің басын біріктіре білген Ясауи бабамыздың қалдырған ілімі құранның имандық қуатын толық меңгерудің белгілерін түгендеудің де құпия сыры болады. Қазақ елінде ата жолы болып исламның қаншама ғұламалар, пайғамбарлар армандап, болжап кеткен иманның қуатының жаңғырып, Ақ жол болып, құранның Ақ бастауының ашылу хикметі де болған еді. Болған еді деуге себеп бұл жоғарғы дәрежелі хикметті мұғжизаны меңгеруге иманның сабырлығы дәрежесінде яғни саналық дәрежеде болуға тиісті үлкендер , зиялылар қауымы мен ел билеушілердің сана түгіл, дүние ісіне байланғаннан иманмен пайымдауға жетелері де жете алмай, ата жолының көбі іблістің жамағатына айналуына, дін ғалымдары да ібіліске қызметке тұрып жәрдем бергені де хақ.  Ясауи баба ілімін былай қойғанда,  ұлтымыздың Абай-Шәкәрімдей  даналарын философиялық тұрғыда зерттейтін ғалымдар қауымы болғанда сенім мен иманның, жан мен рұқтың  арасын жетелі ақылмен ғана бөліп қарастыра білгенде мұндай зұлымдыққа түспеген де болар едік. Мұндай жағдайда «Серік қосу, серік қату, ортақ қосу» деген ұғымдар иманға қарсылық, иманды жоғалтумен байланысты екені дәлелденіп, аруағына зиратағаннан керісінше түс көріп, аянға жалғанып иман қуатын алатынын да іс жүзінде әулиелерді аралап көзін жеткізетін заңгер, ел билеуші, ғалым арамыздан шығып қалар ма еді.

Олай болса; «Шерік қосу, шерік қату»деген ұғымдардың сеніммен және құлшылық рәсімдермен байланысты болатынын да жастарымыз білген болар еді. Абай атамыз тіл білімін меңгерудің кез-келген жасқа немесе білімге ғана байланысты болмайтынын; «Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Көңілдің жүгін қиял қыл, Ызаға тұтқын бой мен мең-зең, Қасиет тұтып, ойға ұмтыл, Қан қайнап, қуат егілсін! Онан гөрі еңбек қыл, Улы сусын төгілсін! Ойлай берсең, ой деген Не қызыққа келер кез. Кісі айтпаған, білмеген Күй әдемі, тәтті сөз. Тыңдама оны, ұмыт сен, Бүркен дағы, бар да жат. Тамылжыптып айтқанмен, Қыла алмассың сен қымбат. Кез болсаң қайғы я зарға, Құрсатса тілді ұмтылып, Алып шықпа базарға Асаудайын бұлқынтып. Қайғы-дертің мейлі мың, Саудаға салмақ-өзіңе ар. Жаныңа түскен жараның Іріңін нетсін надандар. Біліп оған не керек, Ішіңнен қайғы жемесең, Жалтаңдаған жас жүрек Байғұс-ай десін демесең. Өз бойыңа болып сақ, Жан-жағыңа қараңдар! Күн көріп жүр күліп-ақ Сенен басқа жарандар. Олардың да ешбірін Қайғы аман қойған жоқ шығар. Ойлап, байқап көр түрін, Таттырмап па дүние зар? Күлкі болмай, қой жаным, Сен бүйтесің, ол қайтті? Олар көрген арманы Кімге шақты, кімге айтты?!»  Және «Имансыздық намазда қызылбастан келген жол» деп біздің сенімнің намазын иманды меңгеру де, керісінше иманды жоюға қызмет қылуға ібілстің жолына түсіп тажалға айналған зиялы, білімді, ел билеуші, дінші қауымдарға ата-баба аманатын қиянат жасап уәдесін орындай алмай имандарын жоғалтумен өздері де жоғалуға тән болғандарына қандай өкініш десеңші!…Әрине әрбір айыптауға да, иманды адамға  ғылыммен дәлелін де келтіру керек. Олай болса біз де тырысып көрейік имансыздар қатарына қосылмас үшін…(жалғасы бар)

 

X-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Сонымен иман: 1.Ақыл; 2.Пайымдаушылық , ойшылдық; 3.Ізеттілік; 4.Көркі өзіне сай (жасына, жынысына, атақ, дәрежесіне сай болу);5. Ізгілікті (жомарттық, мейірімділік) болу. 6. Сабырлы болумен толық имандылықтың  6 шарты болу керек. Ақылды меңгеру және оның қызметшілері (зейін, зерде, зеректік, жады, жат, жете, сана) және  мен адамзаттың жаратылысына байланысты қуаттық түрленулер туралы «Жын-шайтандар философиясы», «Құлшылықтар философиясы» атты жазбаларда талқылап өттік. Сол сияқты жалпы қазақ дәстүрінің имандылық ерекшелігінің, оны меңгерудегі әрекеттердің сипаты Абай атамыздың 45-қара сөзімен, пайғамбарлық қасиеттермен байланысты жетелік тұрғысында түсіндірліп, жазылып, баяндалып та жатыр. Жалпы Абай-Шәкәрім аталарымыздың философиялық пайымдаулары жоғарғы дәрежедегі саналық, арлылық, парасаттылық  қуаттарды меңгеру тұрғысында жазылған соң, мұны біздердің білімді аталған қауымдарымыздың түсіне алмауы да сөзсіз. Мұндай жағдайда иманның 6 шартын түгелдеген, жасы пайғамбар жасына үлкендікке келген зиялы қауым өкілдірінің  сан ғылымын меңгеріп, дүние ісінен жалығып, саналықтың ауылына қадам басуы түгіл қарапайым масһаб білімін де толық біліп мүміндікті меңгергендер аз. Ал саналық 6-шы дәрежелі даналыққа тән болған иманның қуаты сабырлықпен байланысты болып, сабырлықтың жоғарғы дәрежесі ілімді болумен, кітап алып,  ақирет өмірін себептерін анықтап, ерекшеліктерін ажыратып түсінумен байланысты болуы шарт. Пайғамбарлар ішіндегі ең жоғарғы білімді болған, перғауын елінде өмір сүріп, әлемнің бар құпия сырларына қанық болған Мұса пайғамбарымыз да Алла тағаланың сынағына түсіп, білімді, ілімді адам баласымен кездесуді қалап Қыдырмен жолығады. Сонымен 3 түрлі; қайғы-қасіреттен сақтау, ұрпақ беру, несібе ризықты ата-ана мирасын беру сияқты, тылсымнан қанатты адам періштелері  аруағы арқылы атқарылатын сыннан сүрініп, өзінің сабырлылық иманының әлсіз екенін мойындайды.  Қазақта мұндай тылсымнан ілімді кісілермен кездесуді Ғайып Ерен Қырық шілтен атаған. Сондықтан иманның қуаттылығын меңгеру үшін «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген батаның масһабшылар терістегенімен, құранда ашық  аяттарымен бекіген  ақиқаттан хабар беріп тұрғаны да сөзсіз. Мұны түсіну, мойынсұну үшін де танымдық ақыл, жетелік керек.

Олай болса, енді 4 ақылды қырыққа келгенше түгелдеп иманның екінші дәрежесі болған ойшылдықты меңгерудің де өз сыры болып Шәкәрім атамыз; «Қырықтан соңғы иманым-Отыз жылдай жиғаным. Көп ғалымның сөзінің Ақылға салдым сиғанын. Молдалардың әдісін, Пайғамбардың хадісін. Әулиелік жәдісін, Алмадым ақыл тиғанын. Айтса да қандай ғалым зат, Дәлелсіз болса, бәрі ағат. Даусыз таза хақиқат Жолында жанды қиғаным. Үйретсем иман адамға, Әлімге, мейлі наданға. Қолы жүйрік көзі өткір, Көңілі соқыр шабанға. Түзетсем оның тілегін, Тірілтіп өлген сүйегін. Жұлып алсам жүрегін, Кеудесін басып табанға. Айқын аққа көнбейді. Теріс деп дәлел бермейді. Көкейіне енбейді Құлағына құйғаным. «Білмеймін» деген иман ба? Ол ақылға сыйған ба? Жасырады иманын. Философ сөзін оқыдым, Талайын ойға тоқыдым. Кітабын да көргенмін Әулие менен сопының. Бәрін де сынға салғанмын Керектісін алғанмын. Ашып алып тастадым Таз басының қотырын. Саяз ақыл бас ұрған, Мақтауын көкке асырған Жаба тоқып жасырған Талайдың жардым шиқанын. Ақылдан адас қалмаймын, Дәлелсіз сөзді алмаймын. Бос жетекке бармаймын Көтермеймін қиқаңын!».  Сонымен иманның 40-тан кейін ғана 30 жылдың ішінде пісіп жетілетінін, сондықтан әр ұлттың имандылығының көрінісі қырыққа толмаған білім қуған жастарда емес, керісінше ақсақалдарда, зиялы қауым өкілдерінің пәтуаларында көрініс беруі тиіс. Иман ұлттық көркем сөз өнерімен пайымдауды меңгеруден ғана пайда болатынын аятта; «Мұнафық (екі жүзділер)…Олар жүректерінде болмағанды ауыздарымен айта береді. Негізінде Алла, олардың жасырын нәрселерін жақсы біледі.» (3-167) Ал жүректен сөз шығу, жүректен сөйлеу үшін өлі сүйектерді тірілту, қанды және 40 түрлі ақыл ошақтарын тазартып иманның жемісін де өсіре білу керек екені сөзсіз. Ал мұндай жағдайда өлген сүйекті тірілтуге де ұзақ уақыт тазарудың, ақталудың маңызы да зор. Әйелзатына; 1. Құлақ бездері (құлақ асты екі без жаулықпен жабылу шарт) есту қабілетін жетілдіру бастың тазалығымен тікелей байланысты болмақ. 2. Ұйқы бездерінің тазалығынан жан өрісін дамыту, ойлау қабілеті 2 безге тән. 4. Кеудедегі 7 түрлі бездердің, тыныс алу, жүрек соғу, омырау, өңеш тазалығы, жүрек қалқаншаларына, нәр беру жүйесіне, ойлау жүйесіне таза қуаттардың зейнеттелуін қамтасыз ету керек. 5. Ас қорыту жүйесінің тазалығы. 6. Ішкі құрлыс; бауыр, өт жолдарының тазалығы. 7. Жатыр бездері. 8. Қуық бездері. 9. Бүйрек , нәжіс тамырларының бездері.  Осы орындардың тазалығынан, ауырмауынан ғана әйелзаттарының иманы толық, ұлттық ділі бар болып саналады.

Бұл орындар әйел затының жан үйлері болып қандайда бір жалаңаштық, ұятсыздықпен ата салт-дәстүрінен, шариғат үкімдерінен бас тартудан аз, көп осы орындар қара қуаттармен жүктеліп, әйелзатының бүгінгі таңдағы барлық қайғы-қасіреті туындайды. Аятта; «Қалада негізінен бұзықтық жасайтын 9 кісі бар еді» деп астарлы түрде әйелзатының арсыздығынан, имансыздығынан бүлікшілдіктің негізін қалайтын өрістердің ықпалына түсуден адамзаттың азғындауын туындатуы да хақ. Негізінен шайтанның ықпалы 15 санымен белгілі болып, Мәшһүр Жүсіп атамыздың «Ғиса пайғамбар мен шайтанның саудасы» деген өлең насихатында баяндалады. Ал олай болса мұның тоғызы әйелзатымен байланысты болса, енді 6-ауы ердің жан үйлерімен байланысты болмақ. 1.Ойлау қабілеті. 2. Іскерлік. 3. Белді таза ұстау. 4. Табанның ағарып нәрлі болуы, тамырларының өсіп, ұзарып жетілуі. 5. Бел қуатының нәрлі болуы. 6. Желке тұстың тазалығына байланысты да болып, неке арқылы осындай қуаттардың алмасуы өзара тазаруының да иманға тікелей әсері бар. Енді ақылды болып, білімді аталып, бірақ мінезіміз оған сәйкес болмаса онда иманның 4-ші тұрғыдағы қасиеттілігі де жоғалады. Бұл дәрежені меңгерген Сүлеймен пайғамбарымыз болып, қаншама әлемнің бар байлығын, құдайдың нығметтерін сыйға алғанымен көркем мінезімен асып-таспаудан бойын аулақ ұстай да білген. Ясауи бабамыз да бұл сырды; «Қойшы мен патшаның киімі бірдей болу керек» деп астарлап кетіпті.   Қазақтың дәстүрінде бұл иманның сипатын «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, Еркек тұрып, әйел сөйлегеннен без», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп ұрпақтарды иманды қылып тәрбиелей білгені де сөзсіз. Ал қазіргі білімді жастарда әсіресе дінді меңгергендер «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыстың әсеріне түскендіктен  иманның бұл сипатынан да мүлде жұрдай екені де жасырын емес. Сонымен иманның бұл 4 сынағының сырын Інжіл жазбаларынан;«Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынығынан өтуі үшін айдалаға апарды. Сол жерде қырық күн, қырық түн ораза тұтып, Иса әбден ашықты. Сонда азғырушы шайтан әзәзіл Оның қасына келіп: -Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра көр! — деді. Иса оған былай деп жауап қатты; -Киелі жазбада «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді.» деп жазылған ғой! Мұнан соң шайтан Оны қасиетті қалаға (Иерусалимге) апарып ғибадатхананың төбесіне шығарып былай деді: -Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, төмен қарай секіре гөр! Өйткені Құдай киелі жазбада «Періштелеріне Ол Сен туралы бұйрық береді. Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін олар Сені қолдарына көтеріп жүреді» деп жазылған ғой. Иса оған жауап қайтарып; — Алайда «Құдай Иеңді» еркінсіп сынама!» деп те жазылған ғой!-деді. Содан кейін шайтан Исаны тағы да ертіп бір биік таудың басына шығарды. Оған әлемнің барлық мемлекеттері мен олардың сән-салтанатын көрсетіп: -Егер аяғыма жығылып табынсаң, бұлардың бәрін де Саған беремін,-деді. Сонда Иса;-Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңе ғибадат етіп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп жазылған ғой!-деген жауап қайтарды. Мұнан соң шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Ал періштелер келіп, Исаға қызмет көрсетті.» (4-ші тарау Лұқадан)

Мұндай тақуалықтан өте білу аянның сынақтарынан сүрінбеуді қазақ ғұламалары, әулиелері жетік меңгерген және; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп иманның 5-ші қуатының киелі рухтан иманның сипаты болған Ғиса пайғамбарымызбен байланыстылығын да ескере білген. Бұл иманның алғашқы дәрежесі болса, ал енді қандайда бір иманның толық 6 шартының сақталуымен «Мен» -елші болып кітапқа айналып оқылса, ал исламнан кейінгі діннің жағдайында қандайда бір иманның 6 шарты толық болмаса немесе біреуі бұзылса, онда иман өзін көрсетпейді. Жалпы иманнан ғана адамзаттың құдайлық сый ішкі «МЕН» атты елшісі қалыптасып жетілу де керек. Мен дегеніміз; Жүректе, ішкі сезім жүйесінде, көкіректе пайда болатын нейрондық айна қуаттары, ішкі жарық шамы болып саналады. Мұндай «Мені» таза жандар жан-жағына шуақ шашып, дұғасы, батасы қабыл болып, Абай атамыз; « Мынау келген Назар ма? Ақсақалы бар ел азар ма? Сұрағының бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма.» деп астарлы түрде насихаттаған. Қазақ еліндегі түрлі жат пиғылға түскен жастардың  жағдайының ушығуы да үлкендер қауымының Құдай ісінен ішкі «Менін» тыңдаудан бас тартуына да байланысты екені сөзсіз. Мұндай жағдайда қияметтік сағат сынағының пайда болуымен, түрлі құдайдан ескертулердің де түсіп жатқанын масһаб білімімен иманды сақтау туралы үгітін алып, ал керісінше замандық білімге, қуаттардың өзгерісіне қарай иманды жетілдіру, ұлт бақшасын өсіруге қарсы ақпараттық  соғыс ашып; Шариғат Алланың рахметінен, ғылымынан, кітабынан үстем артық болу керек, Ханафилік дін ісін тәңір жасаумен, иманды, «Менді» Алланың өзін де діншілер  басқару керек деген жалған дін шықты. Оған себеп құдай пендесімен сөйлеспейді, себебі пайғамбардан кейін уахи келу, яғни Алланың пенделеріне бұйрықтары тоқтаған, адамзат имансызға айналып ішкі «Менін» мүлде жоғалтқан, сондықтан енді тек білім арқылы ғана сенім мен иманды басқару керек деген әлемдік экстремизмді заң жүзінде қолдайтын елге айналып алдық.

Бірақ аятта; «Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып өзін түзелтсе, оларға қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды.» (7-35) Енді жоғарыдағы Шәкәрім атамыздың имандылық туралы насихатына жіті ақылыңызды жұмсап көрсеңіз, елші деген өз иманымен «Менімен» дос болған құдайдан хабар алып, осы арқылы аянмен салыстыра отыра, заман білімінің ақ-қарасын ажыратушы сопы, әулие, ғұлама болып шығады. Және Абай атамыз «Алланы сүй, хикметін сез» деген ескертумен ата жолындағы ашық хикметтердің келуін де серік қосу, иманға қарсылық деп түсіндірген надандарға барлық зиялы қауым өкілдері сеніп ұйығаннан не сөз. Қазіргі таңдағы масһаб білімін меңгеру арқылы жасайтын құлшылығымыз бұл сенімділікті меңгеру ғана, себебі пайғамбарымыз «Сенімді-Әмин» деген қасиеттілігі болғанын да мойындау керек. Жалпы иманның қуатын меңгерудің үлгісі Киелі рухтан-иманнан, Алланың жалғасты сөзінен жаралған Ғиса пайғамбарымыз болып, көркем сөздің киесі болғаны да хақ.  Сондықтан Ғиса пайғамбарымызға тазару, ақталу, түрлі емшілік істер мен көріпкелдіктерді, тоғыз түрлі дарындылықты меңгеруді құранда ашық аятпен  «Сендерге үлгі бар» деп ескерткен. Және бұл жағдай жалпы халықтың күнәдан тазарып, рухани өлімнен өтіп, төрт ақылын түгелдеумен жетелігін меңгеруге, танымдық ақылмен жалғануға себеп болатынын да түс көру арқылы жандарын тазартатын ерекше нығмет, Алаланың рахметі екенін де естен шығармаңыз.

Ал, пайғамбарымызға да құраннан тыс заманға қарай аруақтық тылсым қуаттарын меңгерудің имандылықты жетілдірудің кітабы бөлек беріліп оқылғанын  аятта; «Саған кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме!(86) Алланың аяттары саған түсіргеннен кейін олар одан сені (аяттарға амал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да (иман арқылы аян алуға) әсте серік қатушылардан болма!(87) Алламенен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім оған тән. Сондай-ақ оған қайтарыласыңдар.» (28-88)  Құранды мұқият сөзін зерттеген жағдайда құранның әлемге үгіт, насихат сендерге түсірген деген сияқты ұғымдар пайдаланады. Және аятта; «Осылайша Құранды арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін (арнаулы кітап берілгеннен) олардың көңілдері ауған тарапқа (тәпсір біліміне) ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.» (13-37)

Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымызға ғылым көзі болып арнаулы кітаптың оқылғанын: ««Саған кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме!(86)»  және бұл кітаптың болашақта тақуалықты, сопылықты меңгергендерге де бұл уахидың мирас болуын да ескерткен аятта; «Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағынымзға мұра қылдық..» (35-32) Олай болса пайғамбарымыздың шапағатына жалғану деген осындай тылсымдық иман Кітабына жалғану болмақ. Ал енді тылсымнан келген аяндарды мойындамау, дұрыс жори білмей теріске алу да сөз жүзінде серік қатушылық болады. Бұл Кітапты да кез-келген дін ғалымының меңгере алмайтынын да  аятта; «…Және олардан (мұрагер сопылардан, ғалымдардан) әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығы (уахиы) бойынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, Ұлы мәрхамет.» (35-32)  Бірақ мұндай жүздеген ашық аяттарды мысалға келтіргенмен масһаб дін ғалымдарының иманы қашып, жүрек көздері жабық болғаннан кейін, мұны түсінуге тиісті ел билеуші зиялы қауым өздерін діннен бөлекпіз деп түсінгеннен кейін де сенімнен қашып, имандарын да шайтанға айырбастап алғандары да хақ.

Ал әулиелер аруағын серік қосу, «Алладан басқа» өзі емес  деп түсіндіретін қауымға да арналып, Алланың өзі дегенімізді аятта; «Ол сондай Алла (сипаты), сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейірімді.» (33-43) Олай болса  Абай атамыздың 38-ші қара сөзінен; «Біздердің ақыл қуатымызға (бесінші дәреже танымдық тұрғыда) дәлел ретінде Алла тағаланың сегіз ұлық сипатының белгісі тұрақталып, бұған 99 көркем есімдер берілген. Енді бұл көркем есімдер Алла тағаланың ӨЗІНЕ лайық меншігі және біздің ақылымызға анықтауға білдірген нақты шамалары болмақ. Және бұл 99 көркем есімдер Алла тағаланың үш сипатының шамасын білдіреді. Олар;1. Ерекшелігі, 2.Меншігі және 3.Нақтылығы. Сонымен енді Алла тағаланың сегіз (8) ұлық сипатын «БІР» бірлігі деп, ал 99 көркем есімдері мен бірлігіне дәлел «БАРЛЫҒЫ» деп ұғынамыз. Және сегіз сипатының ішінен;  ғылым, құдірет-«БАРЛЫҒЫ» болып саналады.

  «ХАЯТ» -тірлік сипаты. Барлығына анықтаушы түсінік болмақ. Сонымен; ҒЫЛЫМ; ҚҰДІРЕТ қашанда «БАР» болып, аяты мәлім КІТАП (кісі) болып оқылып, түсіндіріліп, ал «БІРЛІГІ» қалауы болмақ. Алла тағаланың қалауы-«БІР», яғни бірліктер арқылы РАХМЕТ, РАХЫМЫ, ХИКМЕТІ арқылы беретін несібесі мәлім болмақ. Алла тағаланың қалауы ғылыммен ғана болмақ. Ғылым болса ғана бірлігі, қалауы жүзеге асады. Сондықтан ҒЫЛЫМНЫҢ бір сипаты КӘЛӘМ-сөйлеуші. Сөз әріпсіз, дауыссыз болмайды. Ал Алла тағаланың сөзі- ӘРІПСІЗ, ДАУЫССЫЗ. Олай болса, Алла тағала сөзін адамзатқа білдіретін құдіретті сипаты, кереметтілігі; көруші және естуші.» .  Демек біздерге масһаб діншілерінің «Алла Тағала пендесімен сөйлеспейді, имандарың арқылы уахи берілмейді» деген сөздері Аллаға серік қосу, серік қату және ортақ қосу болып және ел билеуші, зиялы қауым өкілдерінің жетесіздіктерін пайдаланып, сонымен бірге сенімді иманға қарсы қойып тажалдық ниеттерін іске асырумен нәтижесін беріп жатқаны да хақ.

Ал Абай атамызды елші болмады, кітап берілмеді десек,  онда жоғарыдағы  аяттарды толық қайталап берсек; «Мұхаммед сондай біз саған уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны (інжілді, Киелі рухты, Ғиса пайғамбар үлгісін) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты (иман арқылы Киелі рухтан хабар кітабын) құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы,  ұлы мәрхамет.» (35-32) Бұл аятта Құранды сендерге түсірілген әлемге үгіт түрінде деп емес, «…саған уахи еткен Құран, ол хақ» деген ұғыммен беріліп отыр. Демек болашақта қияметтік жағдайда хақиқат ашылады да Хақ айқын болады деген осы аруақтар арқылы тылсыммен байланыс кітабының да енді жаппай оқылуы болуын ескерткен.

Абай атамыздың бұл аяттағы кітаптың адамзатпен түрлі себептермен байланысты берілуін 4-ші сөзбен байланысты 4-өлең насихатында; «1.Әлифдек ай жүзіңе ғибрат еттім, 2.Би бар дертіме нысап бердің, 3.Ти, тілімнен шығарып түрлі бәйіт, 4.Си, шеберлікті құрмет тұттым. 5.Жем, жамалдай ақ жүзің маған, 6.Ха,жар таппадым, жаным сенен.7. Хи, халайық, мен емес бәрі ынтазар, 8.Дәл, дариға ғашық оты бермес аман 9.Зәл, зәлилік (азғындық, қорлық) көрген соң сайрай бер, тіл,10. Ре, риза қылмағыңды, сүйіктім өзің біл. 11.Зи, у болып күйдірді ғашықтық дертің,12. Сын, сәләмәт қалмағым болды мүшкіл.13. Шын, тәтті ерінің есіме түскен сайын, 14.Сат, сабырым қалмады, мен не қылайын.15.Зат, жолдан тайып өмірім өтті бекер, 16.Тай, талаптан әйтеуір құр қалмайын. 17.Зай, залым көп қылыш боп жанға оқталды, 18. Ғайын, ақылымды басымнан тартып алды. 19. Ғайін, ғарібтік басыма түскеннен соң, 20. Фи,  пайдаң тие ме деп жаза салды 21. Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым, 22. Кәф, кәміл ақылың, асыл затым. 23. Ләм, лебіңнен ем қылсам мен дерттіге, 24. Мен, мейіріміңнен қалмас еді бар апатым. 25. Нон, нала ғып қайғыңмен күйдірдің көп, 26.Уау, ойланып ғашықтық уайымын жеп 27.Һи, еш пайдаң тимесе өлді ойлаңыз, 28.Ләм, әлиф, лә илаһа илла деп. 29. Я, жарым, қалай болар жауап сөзің, 30.Мәт,-қасың, тәштит-кірпік, сәкін-көзің, 31. Үтірмен асты-үсті жазуда бар, Болуға асты-үсті көнсең өзің». (4-ші өлең) Сонымен бұл өлеңнен адамзаттың; «Төртеуі түгелдену» арқылы пайда болатын рухани ахуалдардың және белгілі бір қуаттармен, құран үнімен таңба арқылы байланысы болып, құранның түсуімен және арап ұлтының құран үнін сақтайтын 28 таңбасымен қоса 3 түрлі жан қуатының негізінде меңгеру керек екенін сипаттап тұр. Мысалы 16-шы санды «Тай» деген таңбаның өзі малдық қуаттың қазақ халқының жылқы мінезділігі деген сырдың шығу тегін білдірсе, ал 17-ші санды «Зай» таңбасының «қылышты болу» адам баласының –махаббат, әділеттілік сезімін басқаруға байланысты 45-ші тұрғыдағы пайғамбарлық қасиеттіліктің зікірін білдіріп тұр. Сонымен бұл өлеңнен ілімділіктің негізгі меңгеретін қарсылығы мен пайдалы қуаттарына жалғанудың 31-дәрежесі, зікір үні болып «Лұқман» сүресін,  тақуалықты меңгерумен де байланысы барын білген жөн. Аятта; « Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ахиретке толық нанады.» (31-4) Және төрттің ішінде 31 үні болып, оның қимасы; 35 санды «Жұмбақтылық» пайғамбарлық қасиетпен де байланысты елшілікті меңгеру тылсымнан хабар келтірумен, сан ғылымын да меңгерумен байланысты болмақшы. «Мұхаммед олар сені жасынға шығарса, расында сенен бұрынғы елшілер де жасынға шығарылған еді. Барлық іс Аллаға қайтады.» (35-4) Сонымен иманның бесінші дәрежесі ізгілікті болудың да қазақ дәстүрі мен шариғаттан биік тұрған өз ерекшелігі және заманға қарай сынақтардың да өзгеріп түрленіп отыратын да сипаттары бар…(жалғасы бар)

XI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

«Сендерді тектеріңді тануларың үшін жараттым» деген Раббымыз. Адамзаттың тегін «Ман»-деп атап және бұл адамзаттың тәнінің жетілуіне, қалыптасуына байланысты болып  үш түрлі қасиеттіліктен тұрады. 1.Шеберлік жеті белгімен жалғанумен байланысты. 2.Көріпкелдік 4 түрлі рухани қуаттарды меңгерумен байланысты. 3. Ана тілі, діл үнімен, сөз байлағын меңгерумен байланысты қасиеттілік болмақ. Сонымен барлық нәрсенің жұбы, пары болу шартты болса «Ман» деген тектің де үш түрлі қасиеттілік, тектілік болмысы болып; «Адам», «Иман»,  «Мұсылман» болып тегімізді табамыз. Сондықтан да имансыз мұсылман аталып болуымыз да мүмкін емес.  Және имандық қуаттарды меңгеру арқылы иман бақшасын-рухани егінді өсіру арқылы ғана біз иман келтіріп, мүмін аталмақпыз. Ислам дінін ұстанған ғана мұсылман болып қалған діндегілерді мұсылман емес деген ұғымның өзі имансыздық болып саналады. Имансыз ислам дінін меңгере алмайтынымыз сияқты, имансыз ешқандайда да дін сенімі, жаратушыға құлшылықтың дұрыс болмайтыны да хақ. Енді біздер жанды, ақылды жаратылыс иелерінің ішінде ең құдіретті түп негізді жан иесі болып табыламыз да және жанды көбейтуге, өсіруге иман атты қасиеттілікті меңгере алатын болғандықтан, жаратушымыздың  жер бетінің орынбасары, жер әлемінің барлық себептерінің меңгерушісі, іс басқарушысы құдіретті қолына айналу үшін Адам атамыздан бастап жалғасты келе жатқан таза ақылдан «Рұқтан» аяттар, әмірлерін аламыз да, жаратылыстың барлық себептерін, күштерін меңгеріп біздерге дейінгі өткен Алла достарының, пайғамбарлардың, әулиелердің кісілік кітаптарына жалғану арқылы иман қуатын жетілдірумен жан бақшасын, егінін өсіре аламыз.

Қазақ даналығында адамзаттың үш байлығын; «Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық» деп белгілеген. Сонымен біздің жаратушыдан жанмен, рұқымызбен бірге алған иманымызға, аруақтық  ақылымызға байланысты ден саулық бірінші байлық болып, имандылықтың жартысы болған Ақ жаулық негізгі байлық және бұл екі байлықты дәрежелеп өсіруші құдай нұры – Он саулық байлығы болмақ. Бірінші байлық – денсаулықтың сырын; тілімізге, діл-дінімізге, наным сенімімізге байланысты қалыптасқан дәстүріміздің көрінісін ақылдылық тұрғысында денсаулықпен, естілікпен, жетелікпен байланысты бағалай аламыз. Ал, екінші байлық иман қуатының ұлттық бақшасының, ой тазалығының бейнесін; Ақ жаулықпен – әйелдеріміздің өмір сүру әдебімен, қылығымен, ақылдылығымен, яғни сананың төменгі қуатымен бағалай аламыз. Ал он саулық байлықты меңгеру арқылы ғана саналықтың жоғары дәрежесі ұлтымыздың сөз байлығын меңгерумен, сөз түсіну қабілетіне және ар білімінің жетістік дәрежесімен байланысты бағалай аламыз.

Енді дін, ілім тұрғысында; Мұсылмандық қасиеттілікті меңгеруді ақылдық қуаттарды, жетелікті меңгерумен, яғни бір ақылды меңгерумен байланысты көрінісін беретінін білген жөн. Мұның иманның алғашқы 60 бұтақты дәрежесін меңгерумен де байланысты екені сөзсіз. Мұсылман сөзінің шығу тегіне үңілсек;  «Мұсыл» 9 санымен, тәубемен, жанның түрлігімен, сеніммен байланысты, тазартушы, сақтаушы, ұстанушы кісі деген ұғым болса, «Ман» -үш тектің негізі болып саналады. Сонымен Мұсылман атауында сенім мен иманның бірлігінің жүйесі болып саналады. Кімде-кім иманы арқылы жаратушыға деген сенімін, құлшылығын қалыптастырса, онда ол мұсылман болып аталады. Абай атамызға жүгінсек; кәміл мұсылман болу үшін иманның жеті шартын толық меңгеру керек. Ал иманның жеті шарты дегеніміз; 1.Алла тағаланың бар екеніне, біреу екеніне иман арқылы түсініп сену.2.Періштелерге олардың сипаттарын иман арқылы ақылмен түсініп сену. 3.Дін кітаптарының бәріне де ақыл тұрғысында иман арқылы түсініп сену. 4. Пайғамбарлардың бәрі олардың қалдырған ғибратты үлгі істеріне, қалдырған өсиеттеріне иман арқылы ақылмен сену.5.Ақиреттің күніне, оның болмысы көместік, ғайыптық сипаттарын, хикметті белгілерін анықтап ақылмен қабылдап сену. 6. Жақсылық пен жамандықтың пайда болу себептерін Алла тағала тарапынан және оның себепшілерін де білім меңгеру арқылы сену. 7. Өлгеннен кейінгі ақиреттік, тылсым (барзақ әлемі) өмірінің ерекшелігін, ол өмірдің жер бетіндегі адамзаттың тағдырына тигізетін әсерін, пайда зиян шарттарын ақылмен түсіну арқылы сену.  Абай атамыз  иман келтіру деген ұғымының адамзаттың меңгерген ақылына, ұлттық дәстүрімен байланысты қалыптасқан жетелігіне байланысты ғана дін сенімнің қалыптасатынын ескерткен.

Иманның тазалық қуатына, бір ақыл- жетенің жағдайына байланысты екі түрлі сенімнің пайда болуын да ескертеді;  «Иман деген Алла тағаланың серіксіз, ғайыпсыз (көрінетін, көмес) бірлігіне, барлығына (көркем есімдерінің сипатына) пайғамбарымыз арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойынсұнып иланбақ. Енді бұл иман дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы жетіп дәлелдерін түсінуге шамасы жетіп және ақылы бұл дәлелдерді (белгілерді) анықтап меңгеруге жараса (амалын орындауға), мұны якини (шынайы, айқын)  иман десе керек. Екіншісі – кітаптан оқу біліммен яки молдалардан естіп білгенімен иман келтіріп (иланып), сол иман келтірген (иланған) нәрсесіне (біліміне) соншалық берік болуымен көрінбек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болуы да керек. Бұл иманды иман такледи (сенім арқылы табынумен байланысты) дейміз. Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек (шайтаннан тазарған, қайратпен жалғанған), айнымас көңіл (жүрек көзі), босанбас буын (ақыл қуаттары) керек екен. Якини (шынайы, айқын) иманы бар деуге ғылымы жоқ (ғылымсыз шынайылық иман жоқ), такледи иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрине білмек керек, жоғарғыдағы жазылған екі түрлі иманнан басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесең,  мұндайлар Құдай тағаланың кешіруіне немесе пайғамбарымыздың шапағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.» (13-ші сөз)

Сонымен пайғамбарымыз ескерткен 60 бұтақты имандылықты біздер кітаптан оқып, ақылымыздың жеткен жеріне дейін өз ұлтымыздың арасынан шыққан білімді, ілімді, иманды аталған қауымның соңынан еріп бұл сенімімізді берік сақтаумен ғана «такледи» имандылықты меңгереміз. Бұл жолдың бір ақылы жетілмеген, толық естілігі қалыптаспаған жастар мен білім, ілімділік жолында ізденуге уақыты, қабілеті, мүмкіндігі жоқ бұқара қауымның таңдайтын жолы деп түсінген жөн. Сонымен бірге 40-қа келіп ақылы толмаған қандайда бір мейлі дін ғалымы, имам болып аталсын, якини имандылықты меңгеруі де ғылымға, дін иман шартына да қайшы деп білген жөн. Ал екінші жолды жасы үлкендікке жеткен, түрлі кәсіптерді меңгеріп, от басын құрып, бала тәрбиелеп  бір ақылын тауып, жетелігін қалыптастыра білген, әрбір құдайдан түскен белгілерін, хикметтерін өз бетімен ажыратып, аян, уахи арқылы көрсеткен дәлелдерін ұғынуға шамасы жететін білімде, ілімде талантты, ізгілікті кісілікке жеткен  есті адамдардың жолы екені де хақ.

Сондықтан да мұсылмандықтың, иманның негізгі тегі «Ман» қуаттарының жаратылыстың барлық нәрселерінде болып, яғни тау, тас, табиғат, өсімдіктер, жәндіктер әлемі, жан-жануарлар мен Алла тағалының барлық мүлкінен белгілерін танып, олардан өзімізге пайдалы қуаттарды алып меңгере білумен біздер Иман деген қуатты ақылымыз арқылы өзіміз өндіреміз және мұны сенім құлшылығымыз арқылы «Он саулық» нұрмен 10 еселеп көбейтіп алып отырамыз.  «Жақсылық істеріңді он есе көбейтемін» деген Раббымыз. Және бұл сырды құранда Мал мен егін өсіру деп атаған. Егін – иманның жемісі болса, Мал –ақша, қуат, күш болып саналады.  Сондықтан  аятта; «Малдарыңды қоралаған кезде зауық бар» деп астарлы ескерткен. Сонымен мал қуаттарымызды өсіріп, оған иманның егінінен азық беріп, көкте жарық жұлдыз түрінде иман қуаттарын, жаннат орындарын сарайларын салу, жұлдызын жағу адамзаттың құлшылығы Алла тағалаға деген Махаббатының нәтижесі болып саналады. Аспандағы барлық көрінетін, көрінбейтін жұлдыздар адамзаттың имандылықты меңгеру мен иман бақшасын өсірудің жемісі деп білген жөн.  Біздердің арсыз, ұятсыз қауым өкілдерін «Жұлдыз»-Иманды деп атауымыздың өзі Алла тағаланың құдіретін, хикметін мазаққа алу болып көрінісін береді. Бұл дәлелдерді құран арқылы алда талқылаймыз.

Сонымен біздің сеніміміз иманға тәуелді болып, біз сенімді сырттан, өзге елдің білімінен алуымызға болмайды және мұндай жағдайда иманның көктен келуінің, жанның өсіп жетілмейтіні де хақ. Себебі әр ұлттың, үмметтің ата-бабадан мирас қалдырған имандық қазынасы, жұлдыздары болатыны да хақ.  Ал мұндай жағдайда біздердің ұлттық, үммметтік иман бақшамыздан, бір ақылымыздан қуатымен расталмаған жағдайда адасушылықты, кезбелік, қаңғыбастық дін ұстанымын туындатады. Енді біздердің қазіргі таңдағы масһабтық сенім құлшылығына негізделген шариғатты жол деп түсінген имандылығымызды Абай атамыз; «Якини (шынайы, айқын) иманы бар деуге ғылымы жоқ (ғылымсыз шынайылық иман жоқ), такледи иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрине білмек керек, жоғарғыдағы жазылған екі түрлі иманнан басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді  дағы демесең,  мұндайлар Құдай тағаланың кешіруіне немесе пайғамбарымыздың шапағатына да сыймайды, мүмкін де емес….»  деп ескертеді. Олай болса біздердің «Иман келтірдім» деп, масһабтың бізді барлық иман себептерімен жалғап, ұлттық тұрғыдағы малдық қуаттарымызды өсіріп өркендетуге, рухани егінімізді өсіріп көкте қазына жинауға мүмкіндік тудырып, құдайдың қалауындағы бақытты ел тұрғындарына айналдыра ала ма? Және белгілі бір дін сенімі арқылы ғана шектелген сауаптық амалдармен шексіздікке жалғанып, бес парыз намаз оқу арқылы мешіттен шықпай отырып барлық жаратылыстың себебіне жалғанып,  «Ман» қуаттарын меңгере аламыз деген ақымақтық, надандық ғана болып шығады.

Абай атамызға жүгінсек; «Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім деген иланып, нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшін де Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек қалаушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсап бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді. Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы сана, Ар- аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр. Сондықтан біз өз бойымыздағы ( жарық болып жетілдіріп, қалыптастырып)  осы сегіз сипатын ұлық болған Алла тағаланың сегіз сипатына ертуге (байланыстыруға) жалғауға талаптанудан шығады.» деп түсіндіреді. Қандайда бір насихаттың түп негізі болып ол құран, інжіл, тәурат, зәбур немесе пайғамбарларға түсірілген иман, кітап, жан ғылымынан өсиет, нақылдармен расталуы керек. Онсыз біздердің жүрегімізбен мейлі қандай ғұлама айтқанымен иман қуаты болып қабылданбайды.

Қазақтың имандылықтың негізгі шарты; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген. Ал Ар деген қуаттың бойдың денелік жарығы болып, сананың жетілуімен байланысты қалыптасатын Алла тағаланың сегіз сипатының барлық қарсылықтарды жеңіп, белгісін алумен қалыптасқан толық «Дене», денсаулық жарық екенін әрине көбіміз біле бермейміз. Алла тағаланың сегіз сипатын «Рабб, Раббымыз» деп атайтынын, бұл Алланың құдыретті қолы болып, жер әлемнің барлық жаратылыс себептерінің ғаршысы, иесі екенін де білген жөн. Бұл сырдың адамзатқа сынақ болып, масһабтың дін құлшылығы мен тәпсір ұғымынан да шығып қалып, сондықтан Ар деген құдіретті ұғымның барлық періштелік, қозғалыс себептері болған; Уақтармен бірлігін, Алланың өзіндік қуаттарын Алладан басқа, яғни қарсылық, жамандық, шайтандық  деген түсінікпен ауысып кеткеннен жан ғылымының, ақирет білімінің жоғалуына, сенімнің иманнан жоғары тұруына немесе мүлде иман бақшасының заманға сай өркениетінің жойылуына әкеліп соқтырғаны да хақ.  Құран аятында; «Мұхаммед бір кезде саған: «Негізінде Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және құрандағы адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырды.» (17-60) Сонымен барлық киенің, қасиеттің, қозғаушы күштің негізі Раббымыз болған, барлық жаратылыстың, өмірдің, тіршіліктің, жаратаушы иеміздің білімінің негізі – оттың тегі болмақ. Оттан кейін жаннаттағы біздің меңгеруге тиісті болған өмір ағашы жындар жаратылып, ал жыннан Ібілістің, ібілістен судан пайда болған үн, сезіммен бейнелену арқылы шайтанның пайда болғанын біздердің көбіміз білмейміз. Екінші жаратылыстың тегі оттан пайда болған су,  яғни «топыр-ақ» болып, ал судан адамзаттың негізі жаратылған. Адам атамыздың  рухани болмысы жаратылыстың екінші дәрежелі негізі судан кейін пайда болған топыр-ақ тан пайда болғандықтан,  ал оттан пайда болған жыннан тікелей жаралған ібілістің адамзатқа қызмет қылуға бас тартуының да себебі осындай хикметтен шығады. Сонымен судан сезіміміз пайда болып, оның ағаш арқылы отпен араласып, сана қуатының жарығы пайда болса және от пен судың арасын жалғаушы жын ағаш тегіміз, малдық қуаттық негізімізді де меңгеру арқылы бір қуатқа жүйелеу арқылы Алла тағаланың сегіз сипатынан, яғни от пен судың барлық қасиетінен және ібіліспен де байланысты ортақ баураушы Ар атты өрісімізді, ар сауытымызды қалыптастыруымыз барлық құлшылығымыздың нәтижесі болуы шарт.

Сонымен Раббымыздың ғаршылық сипатымен біздің оған ұқсас болып қалыптасқан Ар сауытымыздың айырмашылығы да болу шарт. Абай атамыз; ««Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым, ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет -Ғылым және рахметі болмақ. …» деп түсіндірген. Демек біздердегі Ар қуатымызда Алла тағаланың сегіз сипатынан толық белгі болғанмен, онда құдіреті ғылым сипаты болмайды. Ар сауытымыз біздің иманның қуатынан нәр алған сеніміміздің, яғни зейнеттік бой жарық  киіміміздің, денеміздің сарайын қалыптастырады. Ал құдірет пен ғылымсыз дін тұрғысында сенімділік құлшылығын қанша жетілдіріп орындағанмен, біздердің  ішкі дүниеміз нұрланып ақылымыз да өсіп жетілмейді, санамыз негізгі иман бақшасынан жан өнімі пайда болмайды да. Сондықтан да біздердің ішкі дүниеміз періштелік қуаттардың бірлігі, жанымыз ғылым мен құдіреттің кітабы, парасаттылықтың бейнесі болып, Алла тағаланың жолына жалғанумен, үкім аяттарын заманға, тағдырға лайықты жобасын алып меңгеріп отыруға және бұл әрбір пенденің құдаймен арадағы құпия сыр кітабы болып аталады.  Сана мен Ар сауытының нәтижесінен жан мен рұқтың арасын жалғап тұрушы тектің «Меннің» жетілуімен, Алла тағаланың ғылымы мен құдіреттік сипатының бейнесі парасаттылық қуаттың өсіп жетілуіне жағдай жасайтынын да білген жөн. Біздердің иманымыз арқылы сенімді меңгеріп, сеніміміздің күзетіп бақылауы арқылы иман бақшасын өсіріп, рухани егіннің өнімімен малымызды қуаттандырып көбейтумен ғана жанымызды көбейтуге және оған Алла тағаланың ғылымы мен құдіретінен хикметті аян, уахиларымен белгісін парасаттылық кітабын алумен, тағдырымызды болашаққа бейімдеп жазу арқылы әрбір пенде жеке-жеке тура жолға түсіп, Алланың сүйікті құлы, досына айнала алады. Бірақ жоғарыдағы аяттағы; «…Саған Миғражда біз көрсеткенді және құрандағы адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырды…» деген Раббымыздың ескертуінен жалпы ислам ғалымдарының адасуымен діннің топтарға бөлініп, дін сенімділік құлшылығымыз иманды жетілдіруге, саналықты қалыптастыруға емес, керісінше иманның белгілі бір қағидаларын жеке-жеке ұстанып, сол арқылы тура жолға түсеміз деген сенімнің түрлі амалдар мен әрекетінінен масһабтар, тарихаттар, сопылық ұстанымдар және діни экстремистік топтардың пайда болуына, құр елес қуған, намаз оқу арқылы өзінде жоқ текті меңгермек болған қиялдық дін білімінің пайда болуына соқтырғаны да хақ. Сондай белгілі намаздармен бір иман қуатын сақтаумен ғана шектеліп, сенім арқылы ғылым мен құдіретті меңгермек болып өздері де адасып, соңына ерген жалпы халықты да адастырушы топтың негізі Ханафилік орта үмметтік дін ұстанымы болмақ.

Мұхаммед пайғамбарымызға жан ғылымынан кітап берілгені және мұның орта топтық, жоғарғы дәрежелі, дін өркениетін қалыптастырып  ілгерлеуші үмметтердің және керісінше  бұл кітапты алмай тікелей құранға жүгіну арқылы адасатын дін топтарының болатынын да ашық аятпен ескертіп білдірген. Аятта;«Мұхаммед сондай біз саған уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны (інжілді, Киелі рухты, Ғиса пайғамбар үлгісін) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты (иман арқылы Киелі рухтан хабар кітабын) құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардын әлде кім өзіне кесірін тигізді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет.» (35-32) Пайғамбарымыздың көргендігімен Алла тағаладан бұйрықпен бұл кітапты орта топта ғана арап елдері мен парсы елдерінің меңгеріп ғылымда, жақсылықта ілгерлеуші бола алмайтынын, себебі інжілдік, тәураттық, зәбурлік имандылық негіздерін меңгеруден бас тартатынын алдын ала білуімен, жаннаттан (жұлдыздан) түскен құрма арқылы Арыстан бабамыздың Ясауи бабамызға әкеліп берген «..құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық …» деген мұра-аманаты және мың түрлі зікірдің, Алла тағаланың хикметтерін, сипаттарын  еске алу, иманды жетілдіру амалының түркілік дәстүрімен Ар білімі болып қалыптасуын осы аят ашық растап тұрғаны да хақ. Бірақ түркі халқының арасынан да бұл мирастың соңына түсіп алып түрлі тарихаттар құрумен орта топтық намаз оқумен сеніммен ғана шектеліп, ал уахи, аянға жүгінетін Құдай ісін ұмытып, шариғатты жол қылып адасатындардың болуын да; «…Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізді де кейі ортада болады…» деген үкімге сәйкес, «Орта топтық Ханафилік» ағымның қазіргі жағдайын да хақиқатқа шығарып тұрғаны хақ.  Біздер бағзы заманда үгіт тұрғысында құранның аяттарының тәпсірінен, сол кездегі қалыптасқан имандық қуатын шамасын меңгеруге арналған дін құлшылығынан асып кете алмаймыз. Және әр заманға уақыттың қозғалысына, жаратылыстың түрленуіне, заман білімінің өзгерісіне қарай иман қуаты да өсіп жетіліп отыруында оның құлшылық амалдарының жаңадан сапасының пайда болуы да сөзсіз. Және әрбір үмметтің сөз байлығының жетілуімен, үндік даму заңдылығы мен құран аяттарының да жүз жыл сайын атаулық ұғымдары да өзгеріп отыруға тиісті заңдылығы да бар.

Олай болса, мұндай өтпелі дәуірлік кезеңдермен байланысты ғылыми тұрғыда Алла тағаланың ұлықсатымен аударылған құран арқылы біз тылсымдық құпия кітаптарға, уахи шындыққа жалғануымыз керек. Яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып кітап алуымыз арқылы ғана біздер заманға сай иманның бақшасын жетілдіріп өсіруге, жанымыздың өркениетін қалыптастыруға жоба аламыз. Сондықтан аятта;  «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.»(42-53) Сонымен Құранның иманның нұры, кітабы болып  пайғамбарымыздың өзіне берілген жан ғылымының кітабымен жалғанғанда ғана аят, уахи болып оқылып иманымызды жетілдіруге «Он саулық» байлықты меңгеруге мүмкіндік аламыз.  Рұқ дегеніміз біздердің тіршілігімізбен байланысты бейнеленген таза ақылдан қуат болып, рұқтан ғана Кітап алып, ал кітаппен берілген білімді меңгеру, амалға айналдыру арқылы иманымызды өсіріп, иман бақшасын өсіру арқылы ғана тура жолға жалғануға, Алла тағаланың ғылымынан, құдіретінен құпия білім алып санамызды жетілдірумен, Ар сауытын қалыптастырумен құдайлық парасаттылық хикметті қуаттарға жалғану арқылы жанымызды жетілдіре аламыз, жаннатық тұрғыда көбейтеміз де. Масһаб дін ғалымдарының рұқ пен жанды бір деп түсіндірудің өзі иман туралы білімді жоғалтып алумен байланысты екені сөзсіз. Ал иман туралы білімнің жоғалуымен иман мен сенімнің бір аталып, шариғаттың бекіген дін істерін жол-шексіздік қылып, құранды мүлде теріске алуға себеп болғаны хақ. Біздер құранды қанша оқып меңгердік дегенімізбен, оның кітап нұрын аян, уахимен көріп және сенімділік намазымыз, құлшылығымыз арқылы  Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына, кітабына жалғанып уақи, батасын алмай тура жолға түсуміз мүмкін емес. Және пайғамбарымыз, «Қырық күн иманнан хабар келмесе, имандарыңды тексеріңдер, қашып кетпесін» деген өсиет қалдырған екен. Қазіргі таңда қырық күн түгіл, жылына бірде-бір аян, уақи алмайтын имамдар, дін ғалымдарын иманды тура жолда деп айтуымыздың өзі Алла тағалаға, құранға ортақ қосу болып саналауы да хақ. Иман қуаттарының  негізгі тармағы; 130 белгісі болса, мұны меңгерудің де соншама амалдары болып, әрбір иманды аталған пенденің өзінің қызметі, кәсібі, қоғамдағы орнына қарай салыстырмалы түрде имандылық жағдайы болуы да шарт. Қазақ еліндегі жоғарғы дін басшыларының, ғалымдардың, діншілердің, зиялы атты қауымның, ел билеушілердің өз қызметімен, дәрежесімен салыстырғанда сенімдері мықты болғанмен, ал оған сәйкес келетін имандары жоқ деп айтуға әбден болады. Имансыз сана қалыптасуы мүмкін болмаса, имансыздықтың өзі жетесіздік, сөз ұғымын қабылдай алмайтын мәңгүрттікпен, надандықпен бейнесін береді.  Олай болса дәлелдеп көрейік…  (жалғасы бар)

 

XII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

   Жаратылыста қандайда бір мейлі жанды, жансыз және оның қасиеттерінің сырын айқындайтын сөз атаулары, аттары болып және жұбы, пары болуы шартты үкім. Тек қана Алланың ерекше біздерге білдірген растығы, барлығы, өзі сияқты сипаттары жалғыз болып саналады. Біздер жоғарыда иман мен сенімнің ортақ 9 санды тәубе және қозғалыстар негізінде тұрақтап 18 ғаламдық сипатпен жалғанатынын ескерттік. Олай болса «тәубе-бас ию» сенім мен иманның біртұтас бірлігін қалыптастыру болып та саналады. Біздер сенімді неге, кімге, қалай сенуімізді біліміміз арқылы анықтап ақылмен қабылдай аламыз және ақылға жүгінбей-ақ, білім арқылы кез-келген сенімділік бағытын таңдай аламыз да. Сенім біздің біліммен, өмірлік тәжірибемізбен және мұны бағалауға, қабылдауға арналған дін ниетімізден, ақылдылығымыздың шамасынан  туындайды. Қазақ даналығында; «Сынықтан басқаның бәрі жұғады», «Әдебі жаман ауылға әйеліңді апарма», «Соқыр көргенінен жазбайды , «Жолдасың соқыр болса бір көзіңді қысып жүр» деген сияқты көптеген нақылдар мен сенімнің белгілі бір халықтың салтына, ұстанған әдет, әдебіне, меңгерген біліміне тәуелді екенін ескерткен.  Ал имандылық қуаттың адамзаттың тегіне, ділдік сапасына, ата-бабадан келе жатқан дәстүрінің сақталуына, шежіре тарихына да байланысты болып, ал оның адамзаттың болмысындағы өлшемі көмес тек қана санмен ғана дәлелденуге тәуелді болып, ақылмен сөз ғылымын меңгерумен де көрінісін беретіні сөзсіз.  Ал түрлі әрекеттерге байланысты иман қуаттарының бейнесі болған дарындылықтар, құдайдан берілетін хикметті дәлелдер мен  қасиеттер көзге түспейтін болғандықтан, адамдар өздерінің қандай қасиеттерге ие екенін, яғни имандылық шамасын ешқандайда біліммен, сеніммен, ақылмен ұғына алмайды. Көп жағдайда адам баласының иман қуатының жағдайына оның сенімділігі, белгілі бір ұстанымы, құлшылығы тәуелді болып келеді. Біздер иман арқылы белгілі бір сенімділікті меңгеруге және сол құлшылығымыз, әрекетіміз, біліміміз арқылы иманымызды қорғап, көбейтіп жетілдіре де аламыз.

Адам баласы қандайда бір иманды болып саналғанмен, иман жоғалуға, таусылуға тән қасиеттілік болғандықтан, оны сақтап ұстап тұруға, толықтырып дамытуға сенімнің қуаты, құлшылығы міндетті болмақ. Сол сияқты иманның біздердің адамдық болмысымызды сақтауға, жетілдіруге байланысты сан алуан сапасы, түрі, бейнесі, қуаттылығы болып және оның ақыл-ойдың сапасына да міндетті тәуелді болып, жинаған ақылымызға байланысты ғана біз белгілі бір сенімділік жолын, әрекетін, құлшылығын қабылдап, иманымызды өсіріп өркендете аламыз немесе керісінше сенім арқылы да оны мүлде жоюға, адасуға, иманға қарсылық зұлымдыққа түсуге де өзіміз таңдаған сенімділіктің, біліміміздің жағдайына тәуелді екенін білген жөн. Иман туралы қазақ даналығында; «Не ексең соны орасың», «Таздан жарғақбас, кедейден мал бақпас, аладан құла туады», «Жаманнан жақсы туар адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады бір үзім нанға алғысыз» деп бұл қасиеттің тағдырмен бірге жасырын болатынын, оны адам баласы өздігінен болжап, меңгере алмайтынын және ананың, әйелдер қанының сапасына, санамен байланысты қалыптасатын ділдік жағдайға, жандарының еріктілігіне, қуаттылығына тәуелді екенін астарлы ескерткен.

Сонымен енді дін тұрғысында  иман қуатын жетілдіру елшілік істермен, яғни мұсылмандық қасиеттерді жетілдірумен Алла тағала тарапынан берілетін хикметтермен, мұғжизалармен, қасиеттіліктермен, дарындылықтармен байланысты болып, бұл сырдың қиямет-қайымға  адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінің соңына дейін жалғасатын жаратылыстың заңдылығы болмақ. Ал сенімділік пайғамбарлық қасиеттермен байланысты болып, сенімділікті меңгерудің қасиеті әйел мен еркекке ортақ ақыл, білім, өнерді меңгерумен адамзаттың әр замандық өзгерістерге қарай бейімделуге және меңгерген сенім құлшылығы бойынша иман қуаттарын жетілдіріп, рухани егінін өсіруге арналған мұсылмандық ортақ қасиеттілікке, адамдық болмысты сақтауға, орындауға тиісті парыздар мен адамдық қарыздарға жатады.  Біздер қандайда бір жаратылыс қасиеттердің ішкі сырын жеке-жеке талдап, аңғару арқылы ақылымызды жетілдіріп, меңгерген білімімізді тазартып отыруымыз міндетті болмақ. Ал егерде біз мұндай нәрселердің ішкі сырына мән бермей, жалпы жаратылыстағы мұндай қасиеттерді тұтастай қарастырып, оған бағзы замандағы атауларына қарай бейімдеп түсінуге тырысатын болсақ керісінше мәңгүртікке, надандыққа қарай құлауға себепші боламыз. Сондықтан қазіргі таңдағы масһаб және түрлі дін топтарындағы сенім мен иманды, пайғамбарлық пен елшілікті, рұқ пен жанды бір атап ара жігін меңгеру тәсілін ерекшелігін мүлде жоғалтып, сонымен бірге ақылдың сапаларынан оның жетілу сырларына, қуатына да мән бермей, зерттемей, қасиеттілік белгілеріне ат бермей, тек бұрынғы өткен даналардың, әулиелердің, қасиеттілердің кісілігін алып табынумен, ал сөзін зерттеп ескіргенін жаңалап, тозғанын тастап, жаңадан сапалық қасиеттерін жетілдірмеуден адамзаттың зұлымдыққа түсуіне, түрлі сенімдерге негізделген діни топтарға бөлініп, өзара қырқысуына ғана апарып соқтыратынына да, бұдан әлемдегі ең жоғарғы жан ғылымынан сөз байлығы, дәстүрі қалыптасқан қазақ елі де айналып өте алмағаны да хақ. Яғни; «Елді арамза молда, надан ғалым бүлдіреді» деген аталардың ескертуі қазір шынға айналып үлгіргені де сөзсіз.

Сенімділік қуаттың  иманмен тұтастық, бірлігінің бейнесін яғни пайғамбарлық қасиеттердің барлық дәрежесі мен имандылықты жетілдірудің құлшылығын толық бекітіп, дінде тура жолдың қазығын қаққан Мұхаммед пайғамбарымыз болып саналады. Ал, имандылық қуатының адамзаттың білімде, өнерде өркендеумен бірге адамдық жан бақшасын өсіру мен қасиеттіліктерді жетілдіру мен меңгеру қиямет-қайымға дейін жалғасатын болса, соған байланысты сенімділіктің де сапасын жетілдіруге яғни  құлшылық амалдарын жетілдеруге уахи беруші, тұрақты Алла тағала тарапынан елшілігіне жалғану да міндетті болып саналды. Демек, Мұхаммед пайғамбарымыз өзінен кейін де келетін барлық елшілердің тұрақты ұстазы, шапағатшысы дәрежесімен де ерекшелігі болуы сөзсіз. Бірақ ислам дінінде құран арқылы өзіне дейінгі барлық діндерді бірлеуге тиісті болатын болса, бұл жолда имандылықтың түрлі сапасын меңгерген елшілермен және сенімділікте дін құлшылығын да қалыптастыра білген пайғамбарлардың көрсеткен меңгерген құлшылық істерінің амалдары сол заманға тән болып, мұның жетілген түрі Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері арқылы миғраждан, Алла тағаладан алған бақара сүресінің соңғы екі аяты мен бес парыз намаздың үкіміне сәйкесті ғана орындалуы тиісті болмақ.  Сондықтан да  Мұхаммед пайғамбарымыздың  дін құлшылығында; «Әмин, Сенімді» аталуы да осы жағдаймен байланысты екені сөзсіз.  Бірақ имандылық қуаттың шартты, үзілісті, белгілі бір мезгілдік шекте болуы мүмкін емес. Имандылық Адамдық кісілік болмыс пен Адам ата Хауа анамыздың жаннатық жаратылысынан бастап қиямет-қайымға дейінгі аралықтағы барлық адамзаттың дамуының, ақыл-ойының жетістігі мен қасиеттілігін қамтуы да тиісті. Иман қуаты шексіздікке, Құдайдың ісіне, үнемі оқылып тұратын аяттарына, уақиларға, таза ақылдан алатын нұрға тікелей тәуелді болмақ.

Сонымен ислам тұрғысында бұл жағдайды қарастырсақ; бағзы замандарда имандылықты меңгерген әулиелердің, дін ғалымдарының белгілі бір кезеңдегі имандылықты, мұсылмандықты және мүміндік құпия қасиеттіліктерді сақтауға, қорғауға байланысты қалыптасқан сенімділік құлшылықтарын жеке-жеке бөліп қарастырумен 72 түрлі қуаттық қозғалыстық, жындық болмысты меңгеруге бағытталып 72 топқа бөлінуге ұшырағаны да хақ. Яғни бұл иманды меңгеруге байланысты ақылдың 12 белгісін жеке-жеке қарастырумен және иман мен сенімнің бірлігін 18 ғаламдық белгіге жалғанумен 72:18=4  масһабтың пайда болуына соқтырса, мұнан әрі қарай масһабты жетілдіру дамытумен айналысқан түрлі сопылық жолдардың пайда болуы да негізгі 6 түрлі қозғалысты, жер әлемнің несібесі 6 күнді меңгерумен байланысты; 72:6=12 санды белгінің, исламдық сопылық, тарихаттық бағыттың пайда болуына соқтырғаны сөзсіз. Жоғарыда қарастырылғандай иманның 6 түрлі сапасын меңгеру үшін ақылдың тәнге байланысты сарайларын тазартудың, ақталудың және соған байланысты «мандық» қасиеттермен жалғаудың маңыздылығын да білген жөн.

Мұндай орындар, 1.Жүректің 2 тармағына-тектілік негіздеріне (екі үн) жалғану; 2.Өңештің сыңарына-ілімділік қуатқа жалғану; 3.Таңдайдың тазалығы -7 тармақ шешендік қасиетке жалғану;4.Азу тістердің тазалығы-тазалықтың негізі; 5.Езу тазалығы-даналыққа жалғану.6.Ми қалыбының тазалығы-ойшылдық пайымдауға жалғану,7.Бауыр жасушасының тазалығы-қан айналымының қуаттылығы, 8.Оң жақ қанаттың (Лат періштесі)  қолдың тазалығы-сананың ұшқырлық қабілетіне жалғану. 9.Оң жақ бүйректің тазалығы-сезімталдық қасиеттің жетістігіне. 10.Оң жақ тобықтың тазалығы-құштарлықтың артуына; 11.Бес қабырға тазалығы-сенімділік қуаттың жетілуіне; 12. Білектің тазалығы-ақылдың, шешімділіктің артуына жалғанумен ерекшеленеді. Бұл ақылдың имандылықты меңгеруге байланысты 12 белгісі болып, адамзаттың негізгі 12 мүшелеріне, 12 түрлі сүйектермен, 12 ішекпен де байланысты жалғанып, тәулігіне 24-сағаттың 20 минуты сайын алмасып тербелісте тұратын 72 түрлі жындық жиіліктің қуаттылығына, әрекетіне де байланысты әсері болмақ. Имандық қуаттардың барлық жаратылыстағы жанды, жансыз нәрселермен байланысты адамзаттың барлық ағзалармен алмасуы «биоритмдік» жиілікпен байланысы болуы да шарт. Жоғарыдағы ақылдың негізгі есіктерінің маңыздылығын жеке-жеке талқылайтын болсақ, шариғаттағы және қазақ дәстүріндегі тиымдар мен ырымдардың қаншалықты растығын ғылыммен байланыстылығын аңғаруға да болады. «Бүйрегің бұрып тұр ма?» деген сауалдың адам баласының оң бүйрегінің сезімталдық мейірімділікпен, туысқандықпен байланысты болып, ал бұл имандылық әлсірегенде бүйректің ауыруы да болады. Сол сияқты тобықтың «қызыл асық» аталып мұны таза ұстаудың, сұқтандырмаудың да маңыздылығы; құштарлықтың, ғашықтықтың, адамдық имандылық сипаттың болуына тікелей әсері де бар. Негізінде сенімділіктің аяқтың тазалығына табанның бекуіне байланысты болып; «Жаннат ананың табанының астында» деген нақылдың да ғылымдық жан күйлік сыры бар. Ал жүректен шығатын екі үннің тазалық қуаттылығы бастағы маңдаймен, тағдырлық жазумен, бастың да тазалығымен тікелей қатынасы бары да хақ. Бұл үннің әлсіреуі, қарсылыққа түсуі де бастың тазалығына, бастағы жын қуаттарының қарсылығына, әсіресе әйелзаттарының ақ жаулықты меңгеруіне ұлттың тегінің азбауына тікелей қатысы бар. Ал бұл екі үннің де жыныстық бездермен омыртқа бойымен келетін «кундалини» — өмір  қуатымен және үш түрлі сезімдік көру, есту, ойлау қуаттарымен бірленіп, жеті түрлі үндік қуатты иманның жетпіс бұтақты тегінің негізін қалайтынын да білген жөн.

Адамзаттың имандылығы да 6 түрлі қозғалыс негізімен және жеті түрлі тылсымдық көместік метафизикалық үн жарығымен байланысты 6+7=13 санды толық үнді сөздің шығу тегін қалыптастырумен бірге құдайлық таза ақыл нұр «Он саулықпен» дәрежеленіп, иманның 130 белгісін қалыптастырады.  Енді осындай қуат көздері арқылы біздердің ет-мал қуаттарымызды жетілдірумен және бұл қуаттарды Алла жолында жұмсаумен ақиреттік азығымызды, егінімізді яғни  рухани тұрғыда жан қуаттарының көздерін дәнін өсіруге мүмкіндік аламыз. Аятта; «Алла жолында мал сарып қылғандырдың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) Мұндай аяттарды дін ғалымдары мен масһабшылардың «Түсінігін Бір Алла біледі» деп жауап беруден қашып айналып өтуі де сөзсіз. Бірақ бұл 7 түрлі қасиеттің сабақ болып 100 түрлі сауалдың  уахи, аян арқылы жауабын алумен өніп-өсіп күш қуатқа айналған жандық қуатқа жатады. Енді 6 сипатты қасиеттіліктің малдық қуаттарға жатып, тәндегі 12 санды жұп, пар мүшелермен ағзалардың, жұптық сипатта 12 түрлі хайуанаттар, жәндіктер әлемімен жыл қайырумен байланысты болуы да хақ.

Шәкәрім атамыз малдық қуатты адам баласының қайраттылығымен, жын қуатының тазалығымен және алты түрлі қозғалыстық жағдаймен байланыстылығын; «Қай қазақ ойдан орып, қырдан қырды, Білмейді деп жүр ме екен ішкі сырды. Қазақтың қайратының түбі мәлім, Алты бақан алауыз иттей үрді.» Яғни, «Алтау арыз болса ауыздағы кетеді» деген иманның осындай ақылмен, жаратылыс себептерімен байланысты қуатының жоғалуы себебін ескерткен. Біздер сенімнің құлшылығы намаз оқуымыз тағы басқа да шариғаттық амалдарымызбен бойымызды өсіріп, дене жарығын, зейнетін ішкі дүниеміздің иман жарығынсыз толық қалыптастыруымыз мүмкін емес. Біздің денеміз, яғни денсаулық байлығымыз сезім мүшелерінің қуаттылығымен, иманның жарығымен, ақыл, жын сарайлары мен әуретті жерлердің  мандық қуат тектерімен зейнеттелуімен тікелей байланысты болмақ. Сондықтан иман мен ұят егіз ұғым болып саналады. Иманның жеті сабақты қуатының да біздің бойымызбен қайратымызбен байланысты болатынын және біз иманның алты қуаты арқылы өнерді меңгеріп, денелік зейнет киімімізді, көлеңкелерімізді қалыптастырып отырамыз. Шәкәрім атамыз; «Байлық жақсы екені, елге мәлім, Өзің істеп әдет қыл, келсе халің. Қолың білсе, біреуге жалынбайсың, Шыдамды бол, еріншек болма, жаным. Анық байлық-денеге біткен өнер, Білімдінің бәрі де соған төнер. Арам жиын мақтанған дәулет емес, Алдымызда бір күн бар есеп берер…Қол өнер өзің өлсең – бірге өледі, Сонда-дағы қалғандар үйренеді. Сен кетсең де өнерің елде қалып, Талай жанға азық пен мал береді.»  деп бұл дүниеде меңгерген өнерің, өзіңмен бірге иман жолдасың болып бірге жүретінін және кейінгіге де мирас азық болатынын ескертеді. «..Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан, Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан. Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан.Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де.» Бұл жерде 10 күн 10 түрлі оңдылық пен 100 қой ет-малдың саулығы болмақ. Ал 6 ай жүру; алты ауыздың бірлігін сақтау мен 10 саулықты іздеуді ескертеді. Біздің жер әлемімен байланыста жаратылыстық тұтастығымызды өнер, білім, еңбек арқылы тәндік, денелік  имандық қуаттарды жетілдіретін болсақ, ал рұқымызды және жанымызды жетілдіру үшін аспан денелерімен жалғануымыз  және құдайлық таза ақылмен, жаннат ұжмақтармен, адамзаттың кісілігімен, жандарымен жалғану міндетті болмақ.

Сондықтан да  негізгі иман қуаттарының таза ақылмен байланысты сипаттары аспан денелерімен тікелей байланысты болып, мұны құран аяттарында да ашық ескерткен. Аятта; «Сол уақытта Юсып әкесіне: «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» (12-4). Таза ақылдық иман қуаттары негізгі 11 жұлдыз, күн, ай 13 түрлі жарықтық белгі арқылы адамзатпен жер бетінің барлық жаратылыс егелерінің өсуін, дамуын, тіршілігін қамтамасыз ететіні де хақ. Ауа райының Үркер жұлдызы арқылы 11 кезеңді аймен әсері жер бетінің өзгерісін, табиғаттың түрленуін қалыптастыратынын қазақ даналары ежелден есептеп үйренген, өмір тіршілігін де соған байланысты қалыптастыра да білген. Сол сияқты алғашқы мүшел 13 жаспен және 12 түрлі жануар арқылы адамның өмірі, тағдыры мүшелдермен бөлініп, бұл тектік қуаттармен жалғанудың да дәстүрі түркі халқында ежелден исламға дейінде ғұрпымыздың бір бөлшегі болғаны да сөзсіз. Өтеубойдақ атамыздың «Шипагерлік баянында»  адамның қай мезгілде туылуынан және оның оң, сол маңдай жұлдызды болуына байланысты тағдырындағы көптеген ерекшеліктердің, қуат алмасуларының адам  денсаулығының жағдайына да әсерін баяндап өткен. Масһаб және ислам ғалымдары жұлдыз жорамалды және адамзаттың тура жолын табуына жұлдыздың тікелей әсерін жоққа шығарады.  Ал құран аяттарында; «Ол, құрлық және теңіздің қараңғылығықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұздыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік.» (6-97) Жұлдыздардың адамзаттың тағдырына да ақирет өміріне де тікелей әсері барын қазақтан артық білетін әлемде ел де жоқ шығар.

Әрбір адамның тура жолын табуы да өз жұлдызының жанып, жаннаттық әулие-әмбилер, Алла достарының жұлдыздарымен жалғанумен тікелей байланысты екені де хақ. Құран аяттарында жаннаттық орындар деген ұғым бар. Ал жаннаттық орындарды аспан дүние мүлкінде жұлдыздарда болатынын; «Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғарғы орындарда (жұлдыз, айда) болады.» (34-6) Сонымен біздер деп аталған адамзаттың жандарының жарық жұлдыз болып аспан әлемінде рухани қараңғылықтардан жол көрсетіп, тозақтық қараңғылықтардан шығаратын шам болып тұратынын да білген жөн. Пайғамбарымыздың да имандық қуаттардың жұлдыздар арқылы келетінін және иманның адамдардың кісілігімен байланысты жаннат орындары болатынын да өсиет етіпті; «Пайғамбарымыздың қасында отырғанымызда, оған «Жұма» сүресі түсірілді. «олардың арасындағы басқалар оларға әлі қосылмаған..» деген аятқа жеткен кезде мен: «Олар кімдер, Уа Алланың елшісі,-деп сұрадым. Мен үш қайтара сұрағанымша ол жауап қатпады.  Арамызда Салман Әл-Фарси бар еді. Алла елшісі Салманға қолын қойды да; «Егер иман Сураййра жұлдызының қасында болса да мыналардан бір адамдар оған қол жеткізер еді!»-деді.» (1706 –шы өсиет) Ізгілікті, сабырлы даналықты меңгерген адам баласының иманы жанын өсіріп гүлдендіретін «Мен» атты жан жұлдызы арқылы осындай көктегі биік орындарда, жүректерінің жұлдыз болып жарқырап жанатыны да хақ. Ал бұл жұлдыз жарықтардың да 6 түрлі дәрежесі болып, сол сияқты біздермен қатар өмір сүріп жатқан көрінбейтін жұлдыз-кісіліктер де бары хақ. Ондай жаннаттық орындар жер анамен байланысты болып «Ойпат» деп аталып әулие-әмбилер бастарынан түнде шырақ жанып, жер бетінде де осындай жұлдыздардың көрінуіне де біз куә боламыз.

Сонымен біздер қандай иман қуатымен тағдырлық несібемен, қасиеттілікпен, таланттылықпен өмірге келгенімізбен,  дін сеніміміздің құлшылығын толық меңгермей, иман бақшасын өсіріп жанымызды көбейте алмаймыз, Меніміз арқылы құдайдың патшалығына ене де алмаймыз. Мұндай жағдайда исламдық соңғы дін ісінің пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен құлшылық амалдарының дұрыс орындалуының маңызы да зор екені хақ. Міне осы жағдайды пайдалана білген дін ғалымдары жалпы иманның сыртқы сипатын, белгілі бір қасиеттілігін ғана сақтауды өздерінің дін құлшылығына ғана бейімдеп алып, түрлі жалған сенімдерді ойлап табумен иманның негізгі қасиеттерін меңгеруге қарсылық жасап,  дін исламның бірлігін бөлшектеумен, өздерін тажалдық дін топтарына айналдыра білгені де хақ. Сондай топтың бірі қазақ масһаб дін ұстанымы екені сөзсіз. Ал мұндай жағдайға түсуге біздердің иман туралы қуаттардың сырын білмеуден және иман арқылы адамзаттың рухани бақшасын өсіру, осы жолда мал-қуат, күштерді сарып қылумен сараң болмай,  құрбандықтар шалып, ата-бабадан қалған жын және шайтаннан болатын жүктерді де тазартуға сапқа тұрумен ерекешеленетін сенімділіктің, ұлттық нанымымыздың, қазақтың дәстүрінің бұл тұрғыда әлемнің барлық діндерінің негізгі бұйрық үкімдерін орындаумен қалыптасқанын да білген жөн. Ислам дін ғалымдарының ең үлкен қателігі жындылық пен шайтандықты адамзаттан тыс болмыс деп қарастырудан пайда болды. Шынында жыннан кісілікті қалыптастырумен, ақыл-ойды сабырлық дәрежеде меңгеріп және сезімімізді, қанымызды шайтаннан тазарту арқылы күнәдан ақталып, рұқтың түрлі дарындылық қуаттарын  меңгеру міндетті болмақ. Ал рұқтық тұрғыда күнәден ақталудың, өлім сатысынан өтіп рухани  тазарудың баспен байланысты барлық іс-әрекеттерін Ғиса пайғамбарымыз ашық дәлелдермен емшілік істермен үлгісін қалап Ахмет аталғаны да хақ. Ал енді шайтандық, жандық, сезімдік қуаттардан тазартумен бірге жындық қуаттарды кісілікке айналдырып, көркем мінез сабырлықпен иманның бақшасын өсірудің жетістігін Мұхаммед пайғамбарымыз аяқпен аяқтап тазартушы Ахмет аталғаны да хақ. Сонымен құран аяттарындағы мал, жаныңмен соғысу  деген әр пенденің өзінің тағдырын, жеті ата шежіре ағашын түгелдеу барысында мал-жынды тазарту, нәпсімен жан арқылы  Алла жолында соғысу болса, ал  иман қуатын, қасиеттілікті меңгеруде, рухани егін өсіріп аманат, уәделерді ақтаумен өз орнына тапсырумен байланысты екенін ашық аяттармен баяндап ескерткен. Құранның көмесі кітабы болып,  адамзаттың жан және рұқ білімінің көмес түрде  оқылуымен ғылым берілу болып, аян, уақимен көрсетілген амалдарын жорып, іске айналдыра білуді намаз орындау деп атағанын, тек осындай жол-жоба намаздарды жеке-жеке орындау арқылы ғана иманымызды тауып, рұқымызды оятып, өлім сатыларынан өткізіп барып, сенімділікті жетілдіру құшылығымен де айналысамыз.

Имандылық қуаттың санмен ғана дәлелденуге тәуелді екені сөзсіз. Ал мұндай сандық дәрежемен байланысты ақылдың сапасын саналық деп атаймыз. Саналыққа жету үшін де әрбір адам баласының ішкі «МЕН»-і арқылы біздерге ақиқаттың белгісі болып жазылған 99 есімді қасиеттерді  шамамызға, мүмкіндігімізге  қарай меңгеруіміз шарт. Сондықтан мұндай дәлелдер, қасиеттер көзге түспейтін болғандықтан, адамдар өздерінің қандай қасиеттерге ие екенін ұғына алмайды. Бұл қасиеттерді меңгеруді «Алланы еске алу» деп атап, бірақ біздердің есіміздің өзі ақылдылық тұрғысында «Жетелік», «Саналық» болып екі сападан тұратынын, оған бұл есімдерді жазу арқылы ғана біз ақыл қуатын жетілдіре алатынымызды біле бермейміз. Ақылдың саналық, парасаттылық жетістігі сабырлық болып, ал сабырлықты меңгеру үшін де мұндай ерекше қасиеттілікті аятта; « Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-82) «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.» (41-34) Сонымен имандылықтың ең жоғарғы жетістігі жамандықты жолға салуға, тазартып ақталуға байланысты ем-шипа және Алланың рахметіне жалғана білуге себепші болу екен. Бұл қазақ дәстүрінің дін ұстанымының ата жолының да негізгі қағидасы екені де хақ.

XIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

   «Адамзатты бір кісіден жараттым және оған тұрақтауға жұбайын жаратып сендерді жер бетіне тараттым» деген аятта Раббымыз. Кісілік-нұр  иманның негізі болып, ал иманның тұрағы әйелзатында жанында болып, ал осы имандылық қасиеттен бүкіл адамзаттың таралуы да хақ. Сонымен Адам атамыз бен Хау анамыз Алла тағаланың ескерткен сөзін ұмытып  яғни  шайтанға сеніп, жаннаттан қуылуы да иманның негізі тәубенің алғашқы сынағынан өтуі болса, біздер үшін бұл жағдай тағдырлық жазу болмақ. Екінші рет жер бетінің тіршілік өмірінде ата-анамыз қайтадан балшықтан жаралғаннан кейін де бұл сынақтың қайталануымен ата-анамыздың бір-бірінен ұзақ уақытқа ажырап, тәубеге келіп қайта бос қосуымен өмірге ұрпақ келуіне байланысты тағы да үшінші рет иманынан ажырағанын ескертеді құран аяттарымен. Сонымен қазақтың даналығындағы; «Ер кезегі үшке дейін» деген тәубелік кезеңнің  адам өмірінің  үш кезеңнен тұруы да, осындай рухани жаратылыстың негізінен пайда болғаны да сөзсіз. Иманның да үш түрлі жаратылыстық сипаты да аспан денелерімен байланысты еркектерге меңгеруге тән болса, жер анамен байланысты әйелдерге меңгеруге тән имандылық қасиет болып және некемен ұрпақ сүю, өсіп-өну, көбеюдің екі аралық  ортақ жаратылысқа жалғанумен араптарда «Барзақ әлемі» болып аталса, қазақ сөз ғылымында аруақтар әлемі және тылсым екі аралық ақирет өмірі деп аталады. Сонымен біздердің жаратылысымызда да бұл үш түрлі өмірдің, үш түрлі жиілік қуаттардың өзара араласуы ақыл, өнер, білім, таланттылық, дарындылық болған адамдық қасиеттерді меңгерумен нәтижеленіп, бір тұтастық қуатқа «Мен» -жанға және кісілікке айналу да шартты болмақ.  

   Сенімге байланысты екі сынақтың сөз ғылымын меңгерумен, ұлттың негізгі сөз байлығын ой мен тілдің арасын қоса білумен, ұлттың философиялық, психологиялық мектебінің негізінде біздердің негізгі сенімділік біліміміз, нанымымыз қалыптасса , мұның екінші жұбы болып құранды түсінумен, дін құлшылығын  меңгеруге пайғамбарымызға берілген кітабына жалғанумен өсіп өркендеуі болатыны да сөзсіз. Осы екі белгі адамзаттың сенімінің сынағы болып Абай атамыз, «Сөз сатып алып не керек тәңір сені екі сөзбен атқан» деген астарлы өсиет қалдырған. Біздердің иманымыз, сеніміміз, дін өркениетіміздің тағдыры да ұлттық ана тілімен, арап тілінде құранның насихатын меңгеруімізге, көместегі кітабына жалғана білуімізге де тікелей тәуелді екені де хақ. Әлемдегі барлық бүлікшілдік, жікке дін топтарына бөліну де осындай екі жағдайдан, таразының екі басын тең  ұстай алмаудан, ортасын таба алмаудан  ғана пайда болып жатқаны сөзсіз. Сондықтан да бізге ілімді құраннан және киелі кітаптардан алсақ, білімді ұлттық сөз байлығымыздан алуымыз шартты болып оның ортасын, екі аралық қуатты санасын табу арқылы АР-ды меңгерудің де үшінші түрлі тәубемен саналықтың бекіп, түсіну қабілеті қалыптасатын да  хақ.  Енді сенімнің жоғарыда 3 белгісін; 9,11;81 сандық мәндерін көрсеттік. Бұл жерде  Өтеубойдақ атамыздың «Шипагерлік баянында»; «Жетіге тиіспеу»; «Он екіден айрылмау»; «Қырық бірге жұғыспау»; «Сексен бесті терістеуден тиым»; «Тоқсан бірді жеуден тиым»,деген сияқты сандармен байланысты қазақ дәстүрінің болғаны, арап елінен ислам дінінің ірге тасы болған шариғаттың келуімен бұл Құдайдың ісіне жол-жобасына байланысты негізгі құндылықтардың, яғни жан ғылымының негізінің ұмыт қалғанын баяндаған. Сенімнің жалпы сырын; 9+11+81=101 «Жүз бір атты пәледен сақта құдай» деп сыйынған ата-бабаларымыз осы сынақтың иманның қас жауы болатынын да ескерген екен. Сонымен енді біздер үшін үш түрлі кезеңдік имандылық қасиеттерді меңгеруді сенімділікті қалыптастырудың дін насихаты, намаздары болған Тәурат, Зәбур, Інжілді меңгеруіміз және мұны Құран арқылы құлшылықта бірлей білуіміз де шарт. «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аталарымыз.

   Имандылық пен сенімді болудың құлшылық негіздерін меңгерудің құранда 9 түрлі адам баласының аттарымен байланысты сүрелер берілген; «Әли Ғымыран»-Өмір сипаты;  «Юныс»-Тұтыну; «Һұд»-Әділдік сипаты; «Юсып»-Естілік сипаты; «Ібраһим»-Кесірліктен сақтау; «Мариям»-Бой ұсыну сипаты; «Лұқман»-Ұлықтау, асу; «Мұхаммед»-Сүйіспеншілік; «Нұх»-Елшілік, иелік, жүздесу сипаты болып баяндалады.  Осы 9 түрлі рухани құндылықтардан 9 дәуірлік қозғалыстың, 9 жолдың қалыптасатынын да білген жөн. 7-еуі Алла тағаланың жолымен байланысты болса, екеуі әрбір ұлттың, үмметтің, пенденің жалғануға, меңгеруге тиісті жол-жоба, құдай ісінен тікелей жалғанып алатын құндылықтары да болмақ. Сонымен жаратушымызды тану үшін «Тәубемен»-бас иіп, сәждеге келуге бұл 9 түрлі адамдық қасиеттерді, имандылық негіздердің кітабын меңгеру міндетті болмақ. Қандайда бір діннің болмасын негізгі мақсаты Алла тағаланың нұры, жүзі-«Жармен» жүздесу, хикметін алу, иелік етіп кереметтерін, қасиеттерін меңгеріп, халыққа жол көрсету екені де сөзсіз. Бұл қасиеттілік Нұх пайғамбардың елшілік мирасымен жалғанумен елші-пір болуымен нәтижесін береді. Барлық пайғамбарлардың Нұх пайғамбардан тараған ұрпақ болып, ата-баба мирасы елшілікті жалғастыру міндетті болғаны да хақ. Масһаб пен исламдық дін ғалымдарының адасуымен соңына ерген халықтың да ақылын қақпанға салып адастыруға себеп болған елшілік пен адамзатқа тұрақты болған пайғамбарлық қасиеттердің ара жігін ажыратпай және Мұхаммед пайғамбарымызды елшілердің ең жоғарғы дәрежесі емес, адамзатқа түскен елшіліктің соңы болады деген ұғымының да, мұнан кейін уахи-шындық Алланың сөзі адамзатқа оқылмайды деп Алла тағалаға, аяттарына ашық жала жауып, ортақ қосуларымен байланысты екені де хақ. Жалпы имандылық қуаттарының тұрақты белгісі білімі болғанымен, әр заманға сай жаңадан хикметтермен, қасиеттермен жаратылыс себептерінің өзгерісіне байланысты қуаттық шамасы да өзгеріп жетіліп отыруы шарт. Сондықтан имандылық шектеусізден, сенімділік құлшылықта шектеулі тұрақты болып, белгілі бір амалдармен орындалып отырады.

     Имандылық қуаттың негізі жан арқылы ақиретпен жалғанумен, яғни тылсымнан жанға құпия кітап алумен байланысты болатынын  аятта; «Мұхаммед сенен де бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) деген үкіммен кітап, яғни  Раббымыздан жанына құпия білім алып хикмет, мұғжиза көрсете білген әрбір әулие-әмбилердің өз дәрежесінде белгілі істерді, қасиеттерді меңгеруде елші және Алланың үкім бұйрықтарын көріп халыққа білдіретін ескертуші болып саналатынын да бірнеше  жүздеген ашық аяттармен ескертеді. Сонымен бірге құранның ақиретте негізгі кітабы болып, оның аяттарының көмес болып жасырылғаны және оны әрбір заманның біліміне, өзгерісіне қарай өзінің таңдаған құлына оқылатынын да ескертеді; Аятта; «Мұхаммед оларға: «Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін де» де»(25) Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. (26) Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27) Олардың, Рабыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған.» (72-28) Дін ғалымдары мен масһаб имамдарының әрбір аятты жеке-жеке тұрғысында талқылаудан жалпы құранның сүресінің толық насихаты түгіл бүкіл құранның және діннің теологиялық, философиялық сырын мүлде бұрмалап жібергені де хақ. Енді бұл аяттардың; «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. (26)» деген насихатын бөліп қарастырсақ, шынында Мұхаммед пайғамбардан кейін шындықтың адамзатқа көрінуі де, уақидың оқылуы тоқтаған деген тұжырымға келуге болады. Ал егер бұл аяттың парын қосып көрсек;  «Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27)»  деген үкіммен Мұхаммед пайғамбарымызға кезінде білдірілмеген, болашақта немесе сол өмір сүрген замандарда болатын қияметтік уақиғаларды өзінің сүйікті тақуа құлдарынан елші тағайындап, оның алды-артынан күзетші қою арқылы бұйрық аянын көрсетіп, уақиын оқитынын  ескертеді. Олай болса, тақуалыққа, даналыққа жеткен, құлшылықта озық болған тақуаларда алды-артында бақылап күзетіп және жұлдыздармен байланысып, хабар алып тұратын аруақ-жұлдыздары, кісісі болуы шартты жағдай болып және мұның «Жын» сүресімен яғни жын қуатының тазалығымен байланысты екені де хақ.

     Енді пайғамбарлық пен елшіліктің айырмашылығын аятта; «Мұхаммед егер олар сені мойындамаса, сенен бұрын ашық дәлелдер, нұсқалар және түрлі кітап келтірген пайғамбарларды да мойындамаған еді» (3-184) «Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілердін кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла тағала үстем, хикмет иесі.» (4-165) «Мұхаммед саған бұл қиссаны көмес хабарлардан уахи етеміз. Олар іс жүзінде бірлесіп (Юсыпқа) мекерлік жасағанда, жандарында болмаған едің. (102) Сен, қанша ынтазар болсаң да, адамдардың көбі иман келтірмейді.( 12-103) Сонымен пайғамбарлық дінде ашық дәлелдермен өзгерістер енгізіп, бұрынғы замандағы елшілердің көрсеткен білдірген істерін, алған кітаптарын арнаулы дінмен бекітіп, құлшылығын көрсетіп, имандылыққа шақырушы болып саналады. Мұхаммед пайғамбарымыз өзіне дейінге барлық пайғамбарлар мен елшілердің істерін дінмен, арнаулы кітаппен Құранмен бекітіп, ашық дәлелдермен жолын көрсетіп, енді пайғамбарымыздан кейін ешқандайда да қиссалардың өзгеруі, діннің де басқа ашық кітабы түсірмейтіндігінен пайғамбарлардың соңы болып, бірақ елшіліктің көмес жанға иман болып жазылатын кітаптардың оқылуының тоқтап және жанның жетілуінің, өркениеттің құпия түрде кітап беріліп, түрлі  елшілік дәрежелері арқылы қиямет-қайымға дейін де жалғаса беретіні де хақ.

   Қандайда бір бағзы замандағы әшкере мәлім болған имандылықты меңгеру істері білімге айналып сенімділіктің білімін толықтырса, ал оған қарсы қарсылықтардың аяттардың пайда болуымен, сенімнің міндетті түрде азғырылуы да, онымен жүрген, иманын тыңдай білмеген дін топтарының теріс қисық жолға бұрылуы да шартты жағдай. Сондықтанда мұндай жағдайда имандылық қасиеттіліктің жаңадан сапалары, хикметтері пайда болып, құран аяттарының құпиялары жарыққа шығып, иман қуаттарының жетілуі мен жанның қуаттылығы артуы хақ. Мұндай жағдайда сенімділіктің тұрғысында Мұхаммед пайғамбарымыздың құлшылық істері тұрақты болып, ал имандылықты меңгерудің әр заманға қарай қарсылықтары мен жаратылыстың себептерінің де алмасуына, түрленуіне байланысты болғандықтан елшілік, ескертушілік істердің, Алла тағаланың ғылымынан, құдіретінен келетін үкімдер мен аяттардың жалғаса беруін жоққа шығарудың өзі тажалдық болмақ. «Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар. Шын мәнінде ол, ардақты кітап.(41) Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді. Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген.» (41-42)  Құран барлық кітаптардың ортасы болып, оның алдынан келген кітаптардың да маңызы барын және артынан да сөздердің кітап, уақи болып оқылатын және ол бос сөз емес, құраннан аяттар екенін де ашық ескертеді. Сондықтан да пайғамбарлық қасиеттің 46 түрлі сипаттан тұрып, 47-ші тұрағы Мұхаммед – сүйіспеншілік болып, сенім мен иманның адамзатқа түскен барлық діндердің қазығы болатыны да хақ. Ал енді иманның 60 және 70 бұтақты болатыны және бұл бұтақтардың бәрі жеке-жеке кітаптар түрінде бейнелетінін білсеңіз, онда 130 түрлі кітаптың да тылсымнан  тұрақты түрде көрсетіліп оқылатынын және белгілі бір білімі хикметі барын да білген жөн.

   Негізінде имандалықтың қасиеттілігін меңгерудің кітабы Раббымыздың хикметті білімі болып және оның он сүреден тұратыны және оның құранның ұқсасы, жұбы, кітап түрінде жалғасы болатыны да ашық аятпен ескерткен. Аятта; «Мұсаға 30 түн уәде еттік те оған онды қосып, сүйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды…» (7-142) Аяттардың насихаттарында Құранның 30 пара кітаптан тұрып, Тәуратты қайталайтынын ескертеді. Бұндай құранның жұбы, кітаптары болған және Раббымыздың Мұсаға берген 30 және 10 қосымша хикметтермен мұғжиза көрсетуімен байланысты 40 кітаптың құранның көместегі жұбы болып саналады. Бұл кітаптың оқылуын «Ғайып ерен қырық шілтен» деп атаған қазақ жан ғылымында. Негізінде иманның тұрақты дәрежелеуші нұрын меңгеруге көктік 10 сандық белгі қуаттарға «онсаулыққа» байланысты түрлі мұғжиза, хикметтермен, елшілік істермен байланысты 10 сүре кітаптың Мұхаммед пайғамбарымызға да берілгенін құран растайды. Аятта; «Немесе олар «Құранды өзі жасады дей ме? Мұхаммед оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер» де (13) Егер шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ал енді бой ұсынбайсыңдар ма?» де» (11-14) Алланың білімі арқылы құранның  көместегі кітаптарының уақи болып оқылып түсіруін, яғни он сүре арқылы оқылуын бейнелуін қалай түсінеміз? Абай атамызға  38-ші қара сөзіне жүгінсек; ««Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ.  (Рахмет деген сипаттың өзінде екі сипаттың да бірленген көрінісі болуын білдіредіСонымен Ол деп Рахмет сипатын атаймыз.  (Ол Алла деген Алланың рахметі болып саналмақ) Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Алла тағаланың; 1.Рахман, 2.Рахим (жарылқаушы, келтіруші) 3.Ғафур кешіруші ) 4.Уаруд (сүйікті, сүюші), 5.Хафиз (қорғаушы), 6.Сәттар (ара түсуші, арашашы), 7.Аззақ (несібе беруші), 8.Нариғ (пайда беруші), 9.Уакил (уәкіл басқарушы), 10.Латиф (жақсылық, мейірімдеген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипаттауға керек.  (олай болса, бұл 10 сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып,  көктен келетін нұрды-он саулық байлығын белгілеп тұр.) Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғарыдағы Алла тағаланың 99 есімдері болмақ.» Мұнан не ұқтық?

Біздердің Алла тағаланың сегіз сипаты да денемізде, яғни зейнеттік жарық қорған киім болып, Алла тағаланың 8 түрлі  жарықтық хикметтерінен пайда болып, енді бізде бұл сипаттар 99 санды көркем есімді қасиет тұрғысында ерекешеленіп бейнеленеді. Яғни, Алла тағаланың  біздерге берген Ғылымынан біз даналық, дарындылық қасиеттерін меңгерумен ерекшеленсек, ал құдіретінен түрлі бақсылық, емшілік сияқты қасиеттерді меңгеруге қабілетті болып шығамыз. Ал ақылымыз енді алған білімімізге, тәрбиемізге тәуелді көрінісін беретіні сөзсіз. Яғни, біз ақылды болу арқылы ғылымды немесе ерекше қасиетті құдіретін, хикметін қоса меңгере алмаймыз.  Сонымен бізге керекті тәубемізді қабылдаушы, қиналғанда қорғаушы,  бір-бірімізді ұнатуға махаббат сезімін сыйлаушы, несібе беруші, жақсылық мейірімге бөленуге тағы да адамзатқа тіршілік етуіне байланысты барлық нығметтерін біз Ол Алладан яғни Рахманға құлшылығымызды арнау арқылы рахметіне жете алатынымызды білдіреді. Және мұндай барлық ұлық сипаттарының бізге жақын есімдерін де 99 сипатынан іздеуді ескертеді. Енді иманның 130 белгісі бұтағынан бұл 99 санды көркем есім қасиеттілікті шегерсеңіз; 130-99 =31 санды белгінің Абай атамыздың 4-ші өлеңіндегі 31 таңбамен Алла тағаланың 8 сипатына жалғану арқылы даналықты меңгеру болса және саналық жарықты зейнет қылып қалыптастыру арқылы Алла тағаланың 8 сипатынан 99 көркем есімді белгі болған, яғни 99 санды АР  сауытын меңгеру арқылы пайда болатын, Алла тағаланың негізгі 8 түр сипатымен жалғанатын парасаттылық деген адамзаттың даналық, данышпандық, имандылық жетістігінің көрінісін бермек. Сонымен парасаттылықтың ішкі сыр қасиеттерін де баяндап көрсек; 1. Ашықтық; 2.Діндарлық, салт-дәстүрді ұстану; 3.Кірпияздық; 4.Салиқалық; 5.Салқынқандылық; 6.Кіріптарлық; 7.Қайсарлық, 8.Қабілеттілік; 9.Шешендік; 10.Ширақтық; 11. Басыбайлық, 12. Аңғарымпаздық; 13. Тыныштықты сүюшілік, 14.Қалыптылық, 15.Көз қырағылығы; 16.Көңіл беріктік; 17.Қисса, шежіре сүйгіштік; 18.Қамкөңілдік, 19.Көргендік; 20.Қисаптылық; 21.Көріпкелдік (көңіл көркемдігі) 22. Әлжуаздық (момындық) 23.Қаракетшілдік, 24.Қайраттылық; 25.Қарапайымдылық, 26.Көнекөзділік; 27.Шапшаңдық, 28. Жайсаңдылық, 29. Жомарттық, 30.Мәрттік; 31. Маңғаздық болып бұл ұлттық негізде ділмен, дәстүрмен тығыз байланыста ғана қалыптасатын имандылық қуаттарға, белгілерге жатады. Енді бұған Абай атамыздың сенімділік құлшылығын дәріптеген арап таңбасына байланған 31 түрлі рұқтық қасиеттерді қоссаңыз 62 санды «Жұма» сүресімен тура жолға шақырушы, тазартушы пайғамбарлық қасиеттің жоғарғы дәрежесі парасаттылықтың белгісін аятта; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілгі, оны қалған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) Сонымен Ахмет атты қасиеттің парасаттылықпен байланысты сипаты да осы болып, мұның қандай имандылық қуаттармен, хикметтермен байланыстылығын да талқылап көрсек…(жалғасы бар)

XIV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

   Қандайда бір жаратылыстың сырын ұғыну үшін де жаратылыстың негізін, құдайлық болмысты, ақиреттік тылсымдық өмірді де түсіне білуіміз керек.Адам атамызды жаратып, атау сөздерді үйретіп, яғни рұқтан білім беріп, атамыздың жаратылыстың барлық қасиеттеріне ат беріп шыққаны баяндалады. Енді бұл аттардың негізгі тұрақты белгісі –кітабы атау сөздер болған 99 сипатты көркем есімдер болып, Раббымыздың ұлық есімі болып саналды.  Енді біздердің де белгілі бір қасиеттің сырын бейнелейтін аттарымыздан да осы Раббымыздың есімдеріне жалғанумен белгілі бір есімдік сапаның атау сөздің пайда болатынын  білген жөн. Немесе бұрынғы өткен қасиетті ата-бабаларымыздың атын меншіктеп, сондай қасиеттілікті меңгеруге де ырым қыламыз. Сондықтан да адам баласы туылғаннан кейін белгілі бір қасиеттермен, жаратылыстық қуаттармен, қозғалыстық нәрселермен байланысты  аттарды қоя білу парыз екенін әркім біледі. Енді біздердің аттарымыздың сапасы да артуымен, яғни бұл дүниеде меңгерген қасиеттермен, ізгілікті амалдармен байланысты өлгеннен кейін біздің атымызға байланысты қалыптасқан иман жолдасымыздың  рұқтық кітаптарға жалғануы арқылы  ақиретте белгілі бір көркем есімдермен жалғанып өз орнымызды көктен алатынымыз да хақ. Сонымен әрбір адам баласы аты  көркем есімге айналуға, соған қарай жаннаттан өз сарайын салып орын тебуге қабілетті болмақ. Адам аты белгілі бір ақпараттық «матрицаны» дененің сыр сипатын, құранның аяттарының жарықтық сапа бейнесін айқындап тұруы шарт. Сонымен әрбір адам баласы шамасына қарай рухани денесін қалыптастырып, құранның аятынан белгілі бейнеленеген қасиеттерінің көрінісі жарыққа, иман кітабына айналады.

    Жер бетінің барлық тіршілігінің қозғалыс қаракеті осындай имандық қуатқа, тағдырлық кітаптарға, ақыл-парасатқа айналғандар яғни жұлдыздар арқылы басқарылып оны «БІЗ» деп атаған құранда. Аятта; «Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? (68) Оны бұлттан сендер жаударасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?(69) Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше шүкір етпейсіңдер ме?(70) Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме?(71) Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? Немесе Біз жараттық па?» (56-72)  Раббымыздың «Сендерді жер бетінің халифасы, орынбасар қылдым» деген аят үкімінің өзі осында. Адамзаттың ең жоғарғы дәрежелі имандылық қуатын меңгерумен  адам баласының ақыл-парасаттылығы,  періштелігі де жұлдыздармен байланысты болып және жер бетінің барлық тіршілігі де осы жұлдыздардың әсерімен басқарылып жаратылады да. Сондықтанда Алла тағаланың барлық хикметтері де жұлдыздардан келіп; «Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін(75) Егер білсеңдер, ол, зор серт.(76) Шын мәнінде ол ардақты Құран.(77) Кітапта сақтаулы.(78) Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды (79) Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген(80) Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме?(81) Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма?» (56-82)  Сонымен иман келтіру дегеніміз жұлдыздармен жалғанып, аян, уахи алып құраннан кітабын оқумен және барлық ризық несібе де жұлдыздар арқылы келетінін ескертеді.  Ғылымға жүгінсек адамзаттың тіршілігіне тікелей әсер беретін 88 жұлдыздардың бары дәлелденген. Және құранға жүгінсек негізгі 11 жұлдызға барлық жаратылыстың  қуаттарының сәжделік қызметінің басты себепшісі болуын ескертеді. Аятта; «Сол уақытта Юсып әкесіне: «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» (12-4) «Ол, құрлық және теңіздің қараңғылығықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұздыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік.» (6-97) Сонымен адамзаттың тіршілік өмірінде тура жолын табуы үшін және жанының құрлықта, тозақтарда, теңіздің қараңғылықтарында да жол табулары үшін 11 жұлдыздың ықпалында болатыны да хақ. Және бұл жұлдыздардың негізгі жаратылысы адамзаттың жанымен, қанымен тікелей байланысты болып, әрбір пенденің әйел, еркек болсын қандарында 11 жұлдызшаның болатыны, тақуалығы, имандылығы осы жұлдызшалардың тазарып  жарық беруіне байланысты да екені хақ. Қазақ даналығында 11 санды жұмбақтың барын және 11 жұлдыздың әсері жер ана рұқымен тікелей байланысты болып адамзаттың өмірінің, тіршілігінің, жақсы-жаманды, иманды, күнәлі қылық істерінің осы 11 жұлдыздық өріс арқылы күнге де, айға да әсер беріп, жер бетінің ауа-райына, жер өнімдеріне, табиғи апаттарға, соғыстарға, ұрпақтардың болашақ тағдырына яғни текті, тексіз, дертті болып келуіне де әсері бары хақ.

Жаратылыстану ғылымынан Әл-Фараби атамыздың пайымдауына сүйенсек; «Жаратушымыз өзін әлемге жария қылу үшін өз нұрынан екі сәуле шығарды, ол сәулелердің асты үсті бар еді…» деген ғұламалық ойы бар. Демек Алланың біздерге мәлім болуға тиісті екі сипаты Өзі болып және бұл сипаттардың өзара кездесу орны барын да білген жөн. Сондықтан дінде осындай екі негізге келіп жүйеленіп, үшінші жағдайда бір орында қайта тоғысуымен ғана толық бірлікте болмақ. Сондықтан да әлемге түсірілген барлық діндердің  тұрағы екі негізден болып, бірі; Ғиса пайғамбарымыздың рұқты меңгеруге, яғни басқа байланысты Ахметтік тазартушы істерімен және жер ана рұқын меңгеру және бір тұтас жанды қалыптастыруға Мұхаммед пайғамбарымыздың аяқпен байланысты табанның ағарып, жер ана рухымен толық жалғану Ахметтік дәрежесімен нәтижеленетін болса, үшіншіден; бұл екі бастауды ортасымен, ұжданмен, жан ғылымымен толық жалғап, тура жолдың түркілік сипатын қалаған Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз болмақ. Сопылық ұстанымдағы жер рұқына байланысты даналық пен көктен алатын ақыл-парасаттың бірлігінен данышпандықтың пайда болуына негіз болған; 11 санды таспихтың да сыры осындай жер бетіндегі қуаттардыі 11 жұлдыздың әсерін толық меңгерумен ерекшеленбек.  Негізінде жер ананы Алла тағала даналықпен жаратып онан ақыл-парасатты бөліп алып, жарық жұлдызға айналдырып, оған кірер есікті ерекше сол жұлдыздардың да өзімен қорғап қойған. Сондықтанда даналық анамен байланысты, әйелдердің табаны жер жаннатымен, қуатымен жалғанса, ақыл парасаттылық еркектердің басымен, көкпен иман қуатын қабылдауға негізделген. Сондықтан да; «Алтын басты (даналық негізі) әйелден, бақыр басты еркек артық» деген аталарымыз. Олай болса, ақыл-парасаттылықсыз жер бетіндегі даналықтың барлық түрі де түбінде адасуға апарып соқтырады. Сол сияқты даналықты меңгермей және меңгерген білімді тазартпай иманды дәрежелеуге, ақыл парасатқа жалғану да мүмкін емес. Дін әйелдерден басталып еркектермен аяқталуы да керек.

Олай болса бұл екі бастаудың арасын жалғап тұратын да үшінші ақ бұлақ көздері болуы шарт емес пе? Онда жерден 11 санды қуаттарды және көкпен жалғанудың жер бетіндегі нұр жарық шығатын орындарды «Хаж-қамыт босату» (ақталу, тазару, жалғану) деп атаған. Осындай киелі орындар арқылы ғана иманның жарығы болған «Біздерге» құраннан  кітаптарға жалғана аламыз. Барлық  жаратушы тарапынан түсірілетін  хикметтердің, мұғжизалардың  адам баласына ақирет өмірінің хақтығын білдіріп және имандылық қуаттарын арттырумен нәтижесін беретіні де хақ. Аятта; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір!» (6-35) Масһабшылардың киелі ойпаттарды аралап, әулиелерге құрбан шалып жер, көк рұқтарымен, ата-бабаларымыздың иман кітаптарымен жалғануды «серік қосу» деген сөздерінің тажалдығын құранда осындай қаншама аяттар дәлелдеп тұрғаны да хақ. Керісінше әулиелік дәрежедегі  жан серіктеріне жалғану арқылы қандайда бір тілектердің қабыл болуымен құдайдан да жәрдем болатыны да хақ. Жалпы жер әлемнің барлық қозғалысы мен түрленуі, адамзаттың да рұқпен зейнеттелуі, ақталуы да 11 санды жұдыздарға тәуелді екені де хақ.  Күннің тағдырлық қайталану жиілігі де 11 жыл жер ананың тағдырына, табиғаттың түрленуіне тікелей байланысты. Енді адамзатың қанындағы 11 жұлдызшаның рұқпен, иман қуатымен ғана ағарып жетіліп жанның өсіп жетілуіне әсер ететін болса, әлемнің жаратылысында да бұл жағдай айқын бейнеленген. Жанның түсі Ақ болады. Олай болса жер бетінің барлық тіршілік әлемінің жаны Ай нұры болып әлемнің ішіндегі Ай әлемнің жаны болып табылмақ. Ал айдың жыл ішіндегі табиғатқа әсері 11 рет үркер жұлдызымен кездесуімен ерекшеленеді. Сондықтанда барлығы; 88+11= 99 санды жұлдыздардың адамзатқа тән қасиеттілік көркем есімдерге, Раббымыздың ұлықтық сипатына байланып тұрғаны да хақ. Бұл ұлық қуаттың көздерін яғни «Біз» атты жаратушы орынбасарын аятта; «Мұхаммед Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте.» (56-74)  деген үкіммен «Біздер» болып аталған  өмірден өтіп аспандағы бақылаушы жарық жұлдыз болып тұрған пайғамбарларға, даналарға, әулие-әмбилерге, елшілерге құран оқып аттарын атауды, Раббымызды дәріптеу болып саналуы да хақ. Масһабшы, діншілердің; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етеп, еркектерді ғана елші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен (өлілерден, жұлдыздардан) сұраңдар» (16-43) деген аятты өздеріне бұрып алып, біздерден ғана сұраңдар деп өздерін құдайдың елшісі етіп әлемді «экстремизмге», надандыққа соқтырғаны да хақ. Оған қазақ зиялы қауымы мен ел билігі де үлкен жәрдем бергені де сөзсіз. Алда бұл тақырыпқа жұлдыздың есебіне қайта тоқталармыз.

   Енді дінде түп негізді яғни  Алла ұғымын ғайып, барлық жаратылыстың егесі деп түсіндіргенмен аятта; «Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді де оларды Алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер, Алланы тағы артық сүйеді. Егер залымдар ғазапты (азапты) көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тән екенін, шын мәнінде Алланың қатты азап иесі екенін білсе еді.» (2-165)  Олай болса Алланың біздерге мәлім болған қуаттарының сипатына біздер есім беріп қойғанымыз да хақ. Раббымыз, Құдай, Тәңір, Алла тағала деп атаймыз, бірақ оның ішкі сырына көп мән бермейміз. Негізінде бастапқы нұрды және онан кейін тұрақтау орнын нұрдың сипатын біз Рабб яғни Құдай деп атаймыз. Құдай, Раббымыз барлық жаратылыстың ішінде жерде, көкте қозғалыстың басы болады. «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген дана қазақ. Рабб-Құдай сары түсті от негізін бейнелеп, Мұса пайғамбарымыз ағаштың түбінде жерден шыққан нұр арқылы Раббымызбен яғни Құдаймен тікелей сөйлескен. Қандайда бір хабардың осы нұр арқылы атқарылатынын және иманды өсіріп көбейтуге де «он саулық» нұрдың зейнеті керегін де білу керек. Демек Мұса пайғамбардан кейін адамзаттың нұрмен кездесуі тоқтады деген де ақымақтық. Барлық пайғамбарлар да, әулиелер де иманның шамасына қарай нұр арқылы Раббымызбен сөйлескені де хақ. Исламның жалбарыну құлшылығы, намаздарының да маңыздылығы да осы бастапқы нұрмен кездесу екені де сөзсіз. Бірақ бұл нұрда Раббымыздың,Құдайдың сипатында қарсылық қуаттардың болмайтыны да хақ. Ал қандайда бір жаратылыста қарсылық қуаттарынсыз тіршілік те, қозғалыс та болмайды. Олай болса бұл қарсылық қуаттарға Алланың мүлкі болғандықтан біз атау беруіміз керек емес пе? Сонымен қарсылық, қозғалыстық жаратылыстық барлық себепші қуаттардың негізін Тәңір деп атаймыз. Сондықтан Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі деп араға шырақ нұрды,пайғамбарды салып қана тәңірімізге табынамыз.

     Сонымен бірге тек жақсылықпен ғана байланысты тіршілігіміздің яғни иман, нұрмен зейнеттелу меңгерумен ғана байланысты емес, қара қуаттарды да тазартып, меңгерумен жарықтық қуаттарға айналдырумен, имандық нұрмен дәрежелеп көбейтумен де біздің өміріміз мәнді болмақ. Сондықтан да жалпы тозақтық қуаттардың да Аллаға тән болып саналатынын яғни баураушы дене мүшелері болып келетінін де ескертеді. Және  барлық нәрсенің ішкі сырында құдайлық негіз, мендік жаратушының-«ӨЗІ» сипаты болса, ал сыртқы жарықтық, киімдік зейнеттік және мейлі қара қуаттар болсын, Алланың баураушы сипаты (денелік) тәндік белгісінен болып саналады. Бастапқы екі сәуленің бірі ғылым, бірі құдіреті болып, бірақ Алланың ғылымында да, құдіретінде де біздер үшін айырмашылық болмайды. Құдіретін Тәңірлік сипаты деп, бұған барлық қуаттардың бірлігі енетін болса, ал Алланың ғылымын, жолын енді біз Алла тағала деп атаймыз да құранмен байланысты да енген ұғым екенін көбіміз аңғармаймыз.  Аятта; «Дегенмен қарсы болғандар өтіріксінуде (19)Алла, оларды сырттай орап алған. (20) Әрине ол, ұлы Құран.(21) Лаухы Махфузда сақтаулы.» (85-22) Жалпы бүкіл әлем құранның жеті үнінен яғни жеті күннен Алла тағаламен жаратылғаны да хақ. Енді біздер үшін құранның әрекетінсіз, қатынасынсыз ешқандай жаратылыс егесі жоқ. Сондықтан да құранның негізгі бейнесі жеті үннен періштелік жаратылысқа, кітапқа  айналып; Лаухы Махфуз дегеніміз біздердің Иық; Қол, Білек періштелігі болып бейнелетінін білген жөн. Және осы белгі арқылы біздер көкке жұлдыздарға жалғана аламыз.

   Мұны қазақтың даналығында «Аруақ» деп атап, жеті белгімен, қызыл түспен байланысты деп түсінген жөн. Аруақ біздер арқылы барлық жаратылыс себептері мен қарсылықтардан пайда болатын тектілік қуаттарды меңгеру арқылы кітап денеміздің және онан бөлініп шығатын рухани бақшамыз, иман серігіміз, аруағымыз болып бейнеленеді. «Аруақ Қолда» деп айтудың өзі біз бейнеленген құранды, қуаттылық қозғалыс кітабын еске алуымызбен бірдей. Олай болса біздің зейнеттік өрістік қабымыз, денеміз, ар сауытымыз Құранның бейнесі және Алла тағаланың сегіз сипатының құран арқылы жарыққа айналып бейнеленуі де болып саналады.  Ібілістің әскеріне, шайтанға айналған әйелзаттары мен еркектердің де қолын жалаңаштап жүруі де осындай құранға қарсылық қуатқа жалғануға, жанын өлтіріп ақылын аздыруға, ар сауытын жоғалтқан арсыздыққа негізделген.

   Сонымен адамзатқа тән негізгі қасиеттер 99 санды белгімен адам баласының саналық өрісін қорғап тұратын жарықтың қуаты болып табылады. Мұндай саналы адам баласының жарық бақшасын  қазақ даналығында; Ар-намыс, адамның бойын қорғаушы ар сауыты деп атаған. Ар сауытының негізін аятта; «Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, аса дана.» (59-24) (83) Адамзаттың қасиеттілікті меңгерумен ғана жандары жетіліп, иман бақшасының өнімі, рухани егіні өз жемісін беріп, бұл өнімдердің белгілі бір өсірген адамның атымен байланысты болып, тұрақты қуаттар жүйесінен өз орнын да алуы сөзсіз. Көркем есімдерге айналып Алланың сыйына, жаннат сарайларының біріне айналады. Қазақ әулиелері, даналары Алланың жарықтық жаратушы сипатын, құдіретті қуатын  «ЖАР» деп атаған. Ал жарға ғашықтық арқылы жармен байланыста тұрып тұтас болуды сопылық насихаттарда астарлы баяндайды. Жар деген Алланың «Бар», Рабб, Құдайлық сипаты болып, бізге ашық мәлім көріне алатын «Өзін» айтамыз.  Құдайлық ұғымды кейбір ғибратты әңгімелерде сүттің ішіндегі маймен салыстырады. Олай болса сүттің сүт болып түзілуі де майдың әрекетінен болатыны және жуық арада дәлелденген «Бизон хипса» деген атомның өте майда бөлшектерінің ішіндегі 13-ші элементтің барын және оның барлық элеметтерді ұстап тұрушы басқарушысы да болатыны да дәлелденгені сөзсіз. Әрбір адам баласында бастапқы нұрдан, жаратушымыздың сипаты «МЕН» негізінің біздің жүйке, сезім жүйемізді басқарушы болып табылатыны да хақ. Сонымен бірге жаратушы иеміздің бұл бейнелеуші нұры барлық жаратылыс егелерінде; 1.қозғалыстық, 2.қорғаныстық, 3. қоректенушілік, 4.реттеушілік, 5.басқарушылық сипаттарында болып, бұл қуаттардың барлық белгісі адамзаттың тәндік ағзасынан және сыртқы зейнеттік денелік бойынан табылатыны да  сөзсіз. Біздер өзіміздегі тәніміздегі, ағзалардағы қарама-қарсылық күнәлік белгілерді жағып, тазартып пайдалы күшке,тегімізге айналдыру үшін де ақыл-парасатқа, имандылық таза қуатқа жалғануға, жаратушының белгілерін көбейтіп, дәрежелеп өсірумен кісілігіміз бен жанымызда түрлі қасиеттерді меңгерумен ғана сыйға «он саулық» нұрды алып, мұнан біздің денелік болмысымызда, бақшамызда жаратушымызға ұқсастық пайда болып, жаннатық тұрғынға айналумен немесе оның орнына керісінше қара қуаттармен жүктеліп, тозақтық сипатқа түсумен құранның қарсылық кітабына бейнеленіп шектелеміз.

    Жаратылыстың заңдылығында ешқандайда да бостық болмайды. Шәкәрім атамыз адамзаттың жанының түп негізі жаратушы, бейнелеуші қуаттардың сипаты Ол Алла – Жар болып, адамзаттың құлшылығының  имандылық қуаттарының меңгерудің нәтижесі де жар нұрмен белгілерін алып жалғанудан тұратынын насихаттап өтіпті; «Кетпестей сәуле бар Ойымда нұрыңнан, Ол неге жоғалар, Айрылман мұнымнан. Қарақаттай көзіңмен қызықтырып, Ұстадың жанымды Тұзақ қып тұлымнан. Қадала қарайды Үңіліп маған жар. Жүректен тарайды Сондықтан мұңлы зар. Жүзін көрмей тұрғанда, Өлсем нетті, Енді жоқ жанымда Жанбауға ықтияр…» Әрбір пенденің жаратылысында, жанында жар нұрының белгісі болып, адамзаттың жанының тазаруы да осы нұрға ғашықтықтан және киелі жаратылыс белгісіне жалғанудан пайда болуы сөзсіз. «Нұрыңнан нұр алып Аспанда жарық ай, Келеді қозғалып, Жақындап бері қарай. Аямадық өлер деп Мен ғарыпты, Мейірімсіз сәулем-ау, Сырыңды айт бұл қалай?…» Бастапқы жар нұрынан қуат алған 11 жұлдыздың әсерінен айдың толып, жер бетіндегі барлық жанды жаратылысқа ерікті және еріксіз түрде қозғалуға, өсіп-өнуге, түрленуге өз әсерін  беретінін де білген жөн. Сонымен бірге ай нұрынсыз жер бетіндегі тіршіліктің, табиғаттың түрлену  қозғалысы мен жаратылыстың мезгілдік өсіп-өнуі де болмайды. «..Кірпігің тізіліп, Миыма қадалар, Нұр көзің сүзіліп, Ойыма от салар. Сиқың жүзің Ақылды байлап алып, Тор шашың шырмалып, Басымды ноқталар. Сүйем деп бір рет Келді жан ерінге, Сезіп тұр қасиет Аузыңнан тегінде. Пәрменіңді айт, Шықсын ба, не қайтсын ба, Жолыңа құрбан боп, Шыдап тұр өлімге…»  Жаратушы иеміздің нұры жұлдыздарға аспан денелеріне түсіп, онан сансыз сәуле-кірпіктердің жер бетінен жаратылыс әлеміне таралып, адамзаттың ойлау қасиетіне әсер беретінін және жұлдыздар, планетелар  арқылы бейнеленген кісіліктердің де адамзаттың жанымен байланыста тұратынын білдіреді.

    « Күн батып жоғалды Нұрыңнан ұялып, Жұлдыз бен Ай қалды Сәулеңнен нәр алып. Жетіқарақшы айналып Сені іздеп жүр. Бәрі де сені ойлап, Мас болып сандалып. Үркер мен Таразы Шашылды шашуға. Шолпан да қарады Мауқын бір басуға. Темірқазық арқандап Қосбозатын, Жаратып ойы бар Тойыңа қосуға. Таң атты бозарып, Жоғалды жұлдыз, Ай, Шыдасын о не ғып, Есі ауып жығылмай. Тойға келген таң желі сыбырласып, Сызылтып ән салып, Шырқады бозторғай. Жүзіңді көргелі Күн шықты қайтадан, Бір көріп өлгелі Ұмтылды бері таман. Бұлт перде бүркеніп сығалап жүр, Көз жасы- жаңбыр ғой, Асық боп жылаған. Гүл билеп жайқалып, Бұлбұлдар сайраған. Жорға су тайпалып, Бұраңдар жайнаған. Жел мен бұлт-дуана, Дүрілдеп, күрілдеп, От-қанжар қайраған. Бұл әлем ойланған Асық боп сен үшін. Шашыңа байланған Дертінің емі үшін. Ұят, ынсап бар ма екен, Ойлап, мен де, Жаралдың деп білем, Сәулем-ау мен үшін…»  Жер әлеміндегі табиғаттың, жан-жануар әлемінің де қозғалысы, қаракеті бүкіл жаратылыстың ойлы әлемімен, аспан денелерімен, жардың сәулесімен басқарылып тұратыны және адамзатқа керекті барлық иман қуаттарының да жаратылыс әлемімен және аспан денелерімен тығыз байланысты болып, ем- шипа, рахметінің де жаратылыс әлемімен тұтастықтан пайда болатынын ескертеді.

    «Ақыл-ес сұрама Дуана сорлыңнан, Менде ақыл тұра ма, Байқасаң, порымнан. Жаным, тәнім еркіңде Не қылсаң да, Өзіңсің аямай Әурелеп қор қылған. Көңілде сәулемсің, Көзімдегі, нұрым-ау. Өмір бойы өртеніп жүргенімше, Не өлтір, не тірілт, Осы шын сырым-ау!» Сонымен Алланың жүзі деген «Жар»-лық сипаттағы жаратушы, бейнелеуші сипаты болып, 99 көркем есімдермен байланысты жұлдыздар әлемі және негізгі жардың нұры «Бір» болып табылады. Сонымен бірге жер, көк және аралық жаратылыстық әлем болып, бұл үш әлемде де осы жұлдыздардың кіші бейнелері мен оның 6 түрлі сапасы болып 6х3=18 мың ғаламды құрайтынын да білген жөн. Сонымен Алланың жүзі болып адамзаттың тіршілік өмірін қалыптастыратын 2 дүниенің де амалының орындалуына байланысты берілетін жарлық нығмет болып; 1. Адамның жасы; 2. Қасиеттілік жағдайы; 3. Ұрпақтық өнім беруі; 4. Таңдаған жолы; 5.Кәсібі, өнері; 6.Шежіресі, ата-баба тарихына жалғануы; 7. Аманатының орындалуына байланысты қалыптасады.  Бұл жерде алғашқы алтауының жәйін түсіндермесе де болады, ал аманаттың сырына тоқтала кетейік. Негізінде 9 аманат бар ер адам баласына. Аманат деген адамзаттың тіршілігіндегі әрекеттеріне байланысты іштегі «МЕН»- жарық шырағының адам баласының айнасы болып, сырттағы бой жарық денемен бірге бөлініп шығуын, яғни иман жолдасының, серігінің, періштелік, кісілігінің  физикалық, метафизикалық тұрғыдағы көлеңкесінің қалыптасып бейнелуімен байланысты болмақ. Мұны аятта; «Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді, көлеңкеге бір дәлел қылдық (45) Сосын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық.» (25-46) Адамзаттың әлемдік қуаттардың жүйесіне жалғанып меңгеруіне байланысты сыртқы өрісін қалыптастыратын 7 күн «чакраның» осы көлеңкелермен тығыз байланыста болатынын да ескертеді. Бұл жерде; «Сосын күнді, көлеңкеге бір дәлел қылдық..» сөзіне мұқият зер салсаңыз, біздің аспан әлемін жарық қылып тұратын күніміздің қалай қозғалғаны, биіктігіне керісінше көлеңкенің ұзаруы, қысқаруы, жоғалуы яғни «Көлеңке күннің қозғалысына»  дәлел болады. Ал мына жағдайда керісінше көлеңкенің шамасы жарықтығы күннің қуаттық жарықтық жағдайына  әсер береді.  Бұл көлеңкенің де тұрақты төменгі саны алты болып; «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деп адамзаттың несібесіне осы көлеңкелердің жарық, қараңғылық сипаттары тікелей «оптика» әйнек түрінде қызмет ететінін аяттың саны да ескертіп тұрғаны хақ. Ал негізінде  күндердің саны адам өрісінде 7-еу болып, сыртқы өріспен барлық ішкі ағзалардың жағдайына да дәлел болады. Мұндай аманаттардың ер азаматтардың тіршілік барысындағы  қуаттық алмасуын, қасиеттерді меңгерудің  жиілігін қарастырсақ; Жас балалар періштелерде: 2 бейне көлеңке; Боз балаларда: 4 бейне көлеңке, Ересектерде 9 бейне көлеңкесі болуы шарт. Бұл ер пенделерге тән қайраттылық, талап және жын қуатымен, кісілікпен байланысты болады. Ал әйелдерде жандық сапаның қалыптасуымен  Нәсілдік сипатты сақтауға байланысты; 1.ұлттық ізгілікті меңгеру ;2. Ілтипатты болу; 3. Ой-сана ашылуы; 4.Ұрпақ сүю; 5. Ұрпақты жетілдіру; 6.Аналық борышын ақтау;  7. Аманаттарды орындау болып көрінісін табады. Қандайда бір аманаттардың «Менді» сақтаумен оны өсіп өндірумен байланысты болып , ал «МЕН»-дегеніміз жүректік, ізгілікті сезімдік, көкіректегі ұждандық қуаттардың жүйесін басқарушы, қалыптастырушы құдайлық нұрдан, жардан белгі болмақ…

 

XV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

    «Иман, Ислам, Ихсан» деген дінді зерттеуші ғұламалар. Қандайда бір жаратылыстың қазығы ортасында болуы шартты жағдай. Сондықтан бұл үш қуаттың негізі де тұрағы да Ислам яғни дін насихаты, құлшылығы екені сөзсіз. Ал Ихсан дегеніміз;  патшалық, өсіп-өркендеу болып табылады. Бірақ исламды және «ихсандықты» меңгеру үшін де әуелі иман туралы түсінігіміз болуы да шарт. Қайталау білім анасы дегендей; Иман дегеніміз; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті, 5.Сабырлы болу бес түрлі қасиеттілік сападан тұратынын жадымызға тоқып алғанымыз дұрыс. Бұл белгілерге мұқият зер салсаңыз адамзаттың жер бетіндегі өмірінің барлық саласын қамтып тұрғаны сөзсіз. «Ихсанды» болудың яғни иман арқылы дінді меңгерудің де белгісі иманның бір шарты «көркіне, жынысына сай ізетті болумен» байланысты екені де сөзсіз. Ең басты иманның ірге тасы ақыл болып, ақылсыз ешқандайда дінді, яғни адамгершілік негіздерді меңгеру мүмкін емес. Ал, енді ақыл туралы білімді; «төртеуді түгелдеу»  оның қызметшілері «Жат, жады, зейін, зерде, жете, сана»  және «Даналыққа екі қадам» туралы «Құлшылықтар философиясы» тарауында таныстырып өттік. Жаратылыстан әрбір адам баласы тағдырында осындай иманның белгілерін алып туылады. Бұл белгілер «Мұсылмандық», яғни ман қуаттарын меңгеруге деген қабілеттілік болып саналады. Сондықтан да Раббымыз; «Сендерді тектеріңді (ман) табу үшін жараттым» деп ескерткен.   Қазіргі әлемдегі барлық діннің ең басты қателігі азғындыққа түсуі де ақыл туралы білімді меңгеруді және ақылды қалай жетілдіруді тастап қойып, иманның қалған 4 шартын білім жүзінде меңгерумен ғана шектеледі. Исламның да осындай зұлымдыққа түсуімен бағзы замандарда иман қуаттарын меңгерген білімді сол қалпында алып алып, оны меңгеруде түрлі сенімділік жолдарын ойлап тауып бөлек-бөлек топтарға бөлшектенуге тура келгені де сөзсіз.

Бұрынғы өткен даналардың, хакімдердің, әулиелердің меңгерген имандылық дәрежелері, ақылдық қуаттары білімге айналып отырғаны да сөзсіз. Ал өткен замандағы иман туралы білімдердің белгілі бір сенімділік қуаттарды қалыптастырумен, имандылықты меңгерудің шартты шектеулі белгілерінің ірге тасын қалағанымен, иман қуаттарының заманға сай үнемі меңгеруге тиісті парасаттылық шамасы болатыны мүлде ескерусіз қалғаны да хақ. Сонымен білім бар, білімге негізделген сенім бар, ал иманды жетілдіру үшін сол заманға сай әлеммен тұтастықта болу, тектің жаңадан сапалы қуаттарын меңгеру деген сияқты құдай ісімен аянымен түсірген белгі, хикметтерінің сырын шешумен байланысты жағдайлар ислам дінінің өзінде жоғалып кеткені, яғни ібілістің жеңіске жетумен тажалдық білімнің пайда болуымен көрінісін тапқаны да хақ.   Тажалдық білімнің ең басты қаруы сөз ұғымдарын өзгерту арқылы иманның ең қажетті қуаты ақылды заманға сай дамуын тежеумен иманның қалған белгілерінің жетімсіздігін қалыптастырады. Имандылықтың басты қағидасы қатесіз сөйлеу білімі әлемдегі ең жоғарғы жетістікке жеткен даналары бар қазақ елінде де жоғалғаны хақ. Бұл пәтуамызға қазір әлемде болып жатқан исламдық бүлікшілдік пен әлемдегі ең жоғарғы ақылды, иманды меңгерудің философиялық, психологиялық нақты білімі бар  қазақ еліндегі рухани жағдайымыздың көрінісі де айқын дәлел болмақ.Сондықтан да қазақ дін ғалымдарының, ел билігінің, зиялы қауым өкілдерінің рухани болмысынан табылмаған имандылық қуаттары әлемнің өзге халқынан табылуы мүлде мүмкін емес. Ал арап халқын меккеліктерді Раббымыз құранда «орта топ» деп үкіммен бекітіп қойғаны да хақ.

Сенімділік деген әлемдегі барлық адамзатқа да ортақ, қойшы мен патшаның да дәреже біліміне қарамастан жаратушыға деген дінге деген қөзқарасы бірдей болуға тиісті. Және патшаның меңгерген сенімділік қуатын қойшы да еркін меңгере алады. Ал иман қуатының дәрежесі салыстырмалы түрде жан ғылымын меңгерумен, құпия сырларды, хикметтердің белгісін алумен өзіндік қуаты да болады. Қазіргі таңдағы біздің ең үлкен дәрежелі орынмен байланысты иман қуатының көрінісі болуға тиісті Ержан Малғажарұлының иманы мүлде жоқ екені хақ. Себебі иман Раббымыздан келетін таза ақыл-парасатпен, ішкі Мен періштелігімен байланысты тұрып бес парызды тура жол деп айтқызбайды. Иман ата-баба дәстүрінен бас тартқызып дінді бөлшектеп, Алланың досын «Алладан басқа –шайтан» айтқызбайды. Иман масһабты бөліп алып құранға, исламның тұтастығына, өзге діндердің құндылықтарына қарсы қойғызбайды. Иман құранды жаттап алсаң ізгілікті, көркіңе сай боласың деп халықты тажал болып алдатқызбайды. Иман  шариғатты құдай ісі қылып, өздерін иманды үлестіруші құдайдың еркін орындаушы ақиреттің құл періштелері «Біз» деп халыққа өтірік айтқызбайды. Иман халықтың өз ата дәстүрін ұстанып, Алла жолында бір-біріне өзара берген қайыр садақаларын, құрбандықтарын сараңдықпен азғырып, тиым салып қудалатпайды. Иман Ханафи масһабын көктегі жол жұлдыз ататқызбайды. Иман дін адамын футбол тепкізіп аяғын аздыруға жол бермейді. Иман  масһаб дін ғалымдарына әйелзатына шалбар киюге болады деген пәтуа шығартқызбайды да. Иман жалаңбас жүріп имандымын деп өтірік те айтқызбайды. Иман көктегі жұлдыздар мен жер ойпаттары арқылы жалғанып тұратын ақыл-парасат қуаты.

Иман жандағы құпия ақыл парасаттың кітабы болғандықтан әрбір кісілікке, естілікке жеткен адам баласына ішкі «Мен» елшілігі арқылы жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуды үйретеді, көрсетеді және Раббысымен тілдесуге жалғанып тұрады. Олай болса, қазақ дін басының дәрежесі, қызметіне сай иманы болмаса, онда барлық имамдар мен дін ғалымдардың да, зиялы қауымның да, ел биліктің де имандары өз қызметі, дәрежелеріне сай лайық емес, яғни жетілмеген, оны өсіре алмаған болып саналады. Себебі иман сенімнің де ақылдың да тәрбиешісі, Құдайдың адам ішіндегі елшісі болып саналады. Кімде-кім иман қуатын, рұқ бақшасын өсіріп көбейте алмаса онда ол тажалдың  қақпанында, екіжүзділер қатарында, шайтанның жамағаты болып табылады. Біз иманды  тектілік қуаттарын меңгеру, көбейту арқылы ғана келтіре аламыз. Бірақ ол үшін де белгілі сенімділік жүйесі ұлттық дәстүріміздің негізінде болуы керек. Ал мұндай жүйе сенім қуатын замандық жаңа біліммен жетілдірумен және дін тұрғысындағы белгілі бір намаздармен, жалбарыну құлшылықтарымен, сынақтардан өтумен, тазалықты сақтаумен, Алланың түсірген парыздарын орындаумен әрбір адам баласы сыртқы зейнет киімі, бой жарығы түрінде жетілдіре алады.  Сондықтан да осындай өздерін иманды ғұлама, тура жолда халыққа жол көрсетуші санайтындардың барлығы да; меңгерген дін құлшылығы сеніммен байланысты ғана тағдырмен берілген иманды сақтауға ғана негізделген және белгілі мектептік бағыттың білімімен байланысты осы заманға сай қалыптастырған мұсылмандық қана. Мұндайлар иман бақшасын өсіру білімін білмегендіктен; кәміл мұсылман «Мүмін» де болып саналмайды.

Иман деген дінге, жаратушыға, ақиреттің барына, пайғамбарларға, елшілеріне, періштелеріне, түсірген кітаптарына  сеніп және қалыптасқан белгілі бір білім бойынша амал қылумен қалыптаспайды, әрбір заманның түсірген сынына, хикметіне, жаратылыстық қуаттардың үнемі өзгеруімен, түрленуімен, жаңадан сапасының пайда болуымен байланысты да тектілік қуаттардың да алуан түрлі сапасына бейімделіп меңгерумен, қара қуаттарды жүктеп тазартумен, жасаған күнәларынан амалмен ақталумен және бүкіл әлеммен тұтастықта болып адам баласының жаратылыстан алған 136 белгі жұлдыз орындарымен, көктегі, аралықтағы жұлдыздық қуаттармен және жер анамен табан арқылы жалғанып, қандағы 11 жұлдыздың жарыққа айналуына, мұндай әрбір амалдардың «Он саулық» Раббымыздың, құдайдың нұрмен дәрежеленуімен ғана нәтижелі болмақ. Адам – кіші әлем, сондықтан бүкіл әлемдік жаратылыспен де, адамзаттың барлық қауымымен де, жан-жануарлар, табиғатпен де тұтастықта болғанда ғана иман қуаты дәрежеленіп Раббымызбен кездесу мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл ақиқатты аятта; «Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді. (аян, уахимен көрсетеді) Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар.» (13-2)

Демек масһабшы, дін ғалымдарының Мұхаммед пайғамбарымызды соңғы елші дегенінің жалғандығын осы аятпен-ақ дәлелдеп тұрғаны хақ. Раббымызбен, Жармен кездесуге, хикметтерін түсінетін, белгілерін алып, сөзге айналдыра білетін белгілі бір ескертушілік, аққу, сұңқарлық дәрежеге жету керек екені де сөзсіз.  Наным дегеніміз ұлттық дәстүрмен байланысты иман мен сенімнің бірлігінен ғана туындайды. Ал сенім дегеніміз осы жолдағы амалдарды меңгеруге, қорғап күзетуге, тазартып тұруға қызмет қылуы керек. Әрине мұндай айыптаулар ғылым тұрғысында дәлелденбесе, онда біздің де имансыздар қатарынан табылуымыз керек. Олай болса нақты ақпараттармен, Раббымыздың үкімдерімен дәлелдеп көрейік. Сонымен біздер адамзат тұрғысында ақыл-парасат арқылы жаратыламыз және тіршілігіміздің барлық саласы жоғарғы ақыл-парасатпен қадағаланып, басқарылып тұрмаса хайуанға, жануарға оп-оңай айналып кетеміз. Сондықтан арамызға Рұқ -таза ақылдан уахи түсіп әлсіреген, тозған, мәнін жоғалтқан ақыл қуаттарымызды қайтадан жаңғыртып отыру да шартты болмақ.

Сондықтан бұндай әлемдік дамудың үнемі көшін бастауға Мұхаммед пайғамбарымызды жаратып; «Әлемге жол басшы шырақ қылдым» деп аятта; «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.»(42-53) деген үкім берген. Олай болса, ислам әлеміндегі масһабтарға, дін топтарына бөлініп, белгілі бір әулиелерді құдай санап, тура жол деп атаудың өзі зұлымдық, Аллаға ортақ қосу екені де хақ. Ханафи масһабы тура жол, оның басшысы имам Ағзам ақыл-парасатты қиямет қайымға дейін үлестіруші, шапағат иесі дегеннің өзі Алланың куәліктегі елшісі Мұхаммед пайғамбармызға және біртұтас «Біздерге» теңдес қылу мен нағыз зұлымдық, имансыздық екені де хақ. Алланың бұл аяттағы үкімін терістеп өзгертуші бәрібір жоқ, ал бұл аятқа қарсылық білдіруші ел билеушілерді, масһабшы, дін ғалымдарды, діншілерді  тозақтың азабына ғана лайық деп түсінген жөн. Қандай да бір пендені Ханафи немесе бір дін тобы масһабтар  арқылы емес, көктегі ерекше қорғалған  құранның кітабы арқылы тура жолға біздер ғана яғни  жаннаттық жұлдыз орын егелері, Раббымыздың құдіретті қолы арқылы салынады деп ескертеді. Рұқтан құран жеті үн болып оқылып, онан кітап – жан білімі және иман қуаты пайда болады екен. Құранның жеті үні туралы алда баяндап көреміз, ал енді кітап, яғни құпия білімдерді аятта; «Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін(75) Егер білсеңдер, ол, зор серт.(76) Шын мәнінде ол ардақты Құран.(77) Кітапта сақтаулы.(78) Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды (79) Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген(80) Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме?(81) Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма?» (56-82)  Сонымен кітап та – құран, иман да – құран, негізі таза ақыл-парасат – рұқ болып саналады.

    Мына аяттағы; «Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды» деген ұғымды тәпсіршілер, құраншылар, дін ғалымдары «жер бетіндегі тақуа болған тірі адамдар ұстайды» деп, аспандағы көмес, ғайып болған жұлдыз орындарын жерде отырып қолы жеткендеріне куәлік береді. Ал шынында мұдай дәрежеге жеткендер ақиретте жаннаттық болып және арнаулы мирас егесі болып, пайғамбардың шапағатына жалғанғандар, жер бетіндегі адамзатқа ризық беруші болған, өмірден әулие, ғұлама болып өткендердің мыңнан бірінің ғана қолынан келгендер болып саналады.  Ал қандайда бір жер бетіне жарық қуаттары болып түскен жаратушымыздың сөзі – рұқы міндетті түрде адамзат арқылы бейнеліп, онан жаратылыстың барлық себепшісі пайда болатынын да білген жөн. Адамзаттың жер бетіндегі тіршілігі қандай болса жаратылыс, жануарлар, өсімдіктер әлемі де соған қарай бейімделеді. Жамандыққа жамандықпен, жақсылыққа жақсылықпен жауап береді, себебі бұл жоғарғы орындар  жердегі тірі пенделер емес, Алланың достары яғни әулиелік «біздер» арқылы тұтастай басқарылып тұрады.  Исламдық ғылымда тағы да адасушылық пен надандық ақылсыздыққа мұнан барып имандылықтың жоғалуына соқтырған,  Мұхаммед пайғамбарымызға; «Сен жынды емессің, бақсы емессің, ақын емессің, елшісің» деген ұғымдағы аяттың түсінігін сол қалпында алып; бақсылық, ақындық, жындылық та исламға жат ұғым, мұсылман болған адамның бәрі пайғамбардай  бірден мұндай қасиеттілік сатыларынан өтпейтін, жоғарғы дәрежелі иманды және қасиетті болу керек деп өздерін де иман тұрғысында пайғамбарға теңдес жасап, сахабалардан да биік қоятын болғаны сөзсіз. Аяттарда;«Күдіксіз бұл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (40) Ол, бір ақының сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.(41) Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. (42)Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген. Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; Әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын күре тамырын кесер едік.» (69-43,44,45,46) 

   Құранның жеті үн болып келіп, оны адамзатқа сөз қылып оқылуы үшін де елшіліктің, тақуалықтың жоғарғы дәрежесі қажет болғанын ескерте отыра; «Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер», яғни Раббымыздың сөзін сол қалпында жеткізе білетін жоғарғы дәрежелі елші болу үшін ғашық, машық болатын ақындық сезімнен де жоғары тазалыққа, саналыққа жетіп, тіл мен ойдың арасын бөлмей сөйлей білетін даналыққа да жету керек деп түсінген абзал. Бірақ бұл салада да ақындықтың жоғарғы санатын ой мен тілді тұтастықта ұстай білу сөз өнерін Ясауи бабамыз, Абай-Шәкәрім аталарымыз ашық дәлелдеп жоғарғы саналық дәрежедегі еңбегін қалдыра да білді.  Сонымен; «..бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.»  Бұрын құран түспей тұрып қара жындармен күресу үшін, ем-шипа жасау үшін, әрбір аурудың егесіне қарсы бақсылардың түрлі сөз киесін пайдаланғаны да хақ. Бірақ құран түсуімен енді барлық ем-шипа құран арқылы атқарылып, сондықтан да құран сөзінің ұғымының да бұрынғы бақсылық сөздерден әлде қайда биік екенін білдірген. Бірақ бақсылық істердің енді исламға жат дегені емес, керісінше құран арқылы ақ бақсылық болып өзгеруін де білдіреді. Бұл қасиетті Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі де меңгеріп құран аяты арқылы ем-шипа және рахметке жалғануды және көптеген сахабалар да ақ бақсылық істерді меңгергені де хақ. Кейіннен бұл қожалық деп аталып, тектіліктің ақ бұлағын тек араптан ғана тарқатуды әдетке айналдырып алдық. Адамның ұлы емес атаның ұлы болу мақсат болды.

Сонымен Қожа-елші деген қасиетті ұғымның қазақ дәстүрінен жоғалуына да масһабтың, ислам дін ғалымдарының сіңірген, әлі де сіңіріп жатқан үлесі, яғни тажалдығы да жеткілікті.  «Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; Әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын күре тамырын кесер едік.» Сонымен құран адам ойынан шыққан сөз емес және пайғамбарымыздың оң жақ бөлігінің рухани иман қуаттарымен зейнеттелгенін де ескертеді. Ал иманның тазалығы болған оң жақ орындар ақылдың сапасымен тәндегі, денедегі періштелік қуаттардың орындарымен байланысты екенін қайталай кетсек;Мұндай орындар, 1.Жүректің 2 тармағына-тектілік негіздеріне (екі үн) жалғану; 2.Өңештің сыңарына-ілімділік қуатқа жалғану; 3.Таңдайдың тазалығы-7 тармақ шешендік қасиетке жалғану; 4.Азу тістердің тазалығы-тазалықтың негізі; 5.Езу тазалығы-даналыққа жалғану. 6.Ми қалыбының тазалығы-ойшылдық пайымдауға жалғану; 7.Бауыр жасушасының тазалығы-қан айналымының қуаттылығынан ғана; 8.Оң жақ қанаттың (Лат періштесі), қолдың тазалығы-сананың ұшқырлық қабілетіне жалғану. 9.Оң жақ бүйректің тазалығы-сезімталдық қасиеттің жетістігіне. 10.Оң жақ тобықтың тазалығы-құштарлықтың артуына; 11.Бес қабырға тазалығы-сенімділік қуаттың жетілуіне; 12. Білектің тазалығы-ақылдың толыққандылығы болып, даналықтың пайда болуына және тылсымнан келетін хабарларды қабылдауға да қабілетті болмақ. Сонымен бірге «Сосын күре тамырын кесер едік» деген ескертуге байланысты күре тамырдың жүректің оң жақ құлақшасымен байланысты қандағы 11 жұлдыздың да тазалығына, жүрек үнінің оң жақ шеке тағдыр орталығына жалғанып тұруына да қатысы бар. Мұндай адам баласында жүрегі ашық деп түсіндіріледі.

Енді бұл жағдай қазіргі ата жолындағы аққу, сұңқар аталғандар мен тылсымнан хабар аламын деген қасиетті көріпкел, емші, бақсыларға да және тура жолды таптым деген барлық мұсылманға да ортақ рухани жағдай болу керек. Бұл періштелік қуаттар ақылға байланысты имандылықты меңгерудің алғашқы 12 белгісі болып, адамзаттың негізгі 12 мүшелеріне, 12 түрлі сүйектермен, 12 ішекпен де байланысты жалғанып, тәулігіне 24 сағаттың 20 минуты сайын алмасып тербелісте тұратынын 72 санды жын қуатымен байланысты екені де хақ. Сонымен адамзаттың бойында 8 түрлі жын ошағы болып, оның негізі баста болса, бастың тазаруы Абай атамыздың ескерткеніндей; дүние тіршілігінен жалығатын, үлкендікпен ғана байланысты болып, басын киіммен жылы ұстап тазарта білмегенде ақылдың толымсыз болуы, яғни иманның өркендеп, бақшасының өнім беруі де мүмкін емес. Қазіргі қазақ халқының ел билігі, зиялы білімді үлкендер қауымы жалаңбас жүруді сәнге айналдырғандықтан олардың ақылының жетімсіздігі, жетесіздігі болатыны, олай болса иман бақшаларының жасына қарай жетілмей қалғаны да хақ. Оң жақтарының періштелігі, яғни құран кітабы болуы мүмкін емес. Жалпы масһаб болсын, діндердің барлық салаларында иман туралы мүлде білім жоқ деуге болады. Иманды адам баласы жан, рұқ, иман, сенім, пайғамбарлық пен елшіліктің жағдайын ажырата білуі де керек. Сонымен бірге ақирет өмірінің жағдайын да меңгеріп өліктермен тілдесуді және құдайдың белгілерін, хикметтерін оқып түсінуі де белгілі өзінің қызметіне, дәрежесіне, мүміндігіне лайық иман кітабы, ақыл-парасаттылығы болуы да шарт.

Пайғамбарымыз өз сахабаларына; «Қырық күн хабар болмаса тексеріңдер, имандарың қашып кетпесін» деп астарлы өсиет қалдырған екен. Ал қырық күн түгіл дінші ғалымдар, имамдар, ел билеушілер жарты жылда бір аян алса да мұндай зұлымдыққа, надандыққа халықты түсірмес те еді. «Шүбәсіз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. (45) Тамызылған бір тамшы «мәни» суынан. (46) Шәксіз екінші жазу да Оған тән. (47) Сөз жоқ, байытқан да өркендеткен де Ол.(48) Расында Ол, «Шығара» жұлдызының Раббы.» (53-49)  Әйел болсын еркек болсын Шәкәрім атамыз айтқандай; «Атаның шауқатының көп қой мәні, Ананың құрсағында қан болғаны. Құс пен адам болар деп кім айта алар, Өлі жан мен жаны жоқ жұмыртқаны? Басында оның киімі жаһуат еді, Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні? Денесі неше миллион құбылса да, Оның жаны баяғы ескі жаны. Сезімнің зорайып азаймағы — Қандай түрде болғаннан оның тәні. Қайда барса ол өзін «өзім» дейді, «Өзім» деп денені емес, жанды айтқаны. Сол жаннан тіпті «өзімдік» жоғалмайды, Есеп емес сан өліп, сан қайтқаны.». Адам баласының тағдыры ата шауқатының тазалығына байланысты қалыптасатыны және ана қанында белок пен жұмыртқалық ұрықтың қанмен бірге жүректің денесін қалап, адамзат тағдырында негізінен екі сөздің болатынын Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан» деп адам баласына иман мен кәлиманы-сенімді (дене киімі, ары) бірге берілгенін ескерткен.

Әрине бұл жерде ата шауқаты біздің бес парыз намазымызбен жетіліп кетпейді, әлемдік қуаттарды меңгерумен 99 көркем есімнен белгі алумен оның нейрондар, жарық жұлдызшалар түріндегі адамның саналық өрісін қорғаушы Ақ сауытты меңгерумен ұрпағының тағдырына жауапкер және; «Жақсы әке жаман ұлға қырық жыл азық» деп астарлаған әулие бабалар. Қазіргі өздерін текті қазақпыз деген білімді  қауым мен ел билеуші, байлар осындай аталарының қасиетті шауқатының; «Шәксіз екінші жазу да Оған тән..» деген екінші өмірлік сипатымен несібелі тағдырмен келіп, бірақ ата дәстүріне аналық жүректерге толық жалғана алмаған, ана сүтін қанып еме алмаған немесе арам араласқан, етегі шолақ, жалаңбас қатындардың қанының әлсіреуінен деп түсінген дұрыс. Ал енді мұндайларда қандай тектіліктің белгісі аталық шауқат қуаты болмақ?  Сондықтан олар мұндай жазбаларды, яғни қазақтың ескі жан ғылымынан даналығын  жүрекпен қабылдап имандық белгілерге жалғануға да өз бетімен іздеуге де жандары жетілмеген «өзімі» әлсіз. Керісінше, бірі араптың дінін дәріптеп, бірі европалыққа жығылып, жалпы алғанда қазақ дәстүрін, ата жолын қалайда тұншықтырумен ғана айналысып кеткені де хақ…(жалғасы бар)

XVI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Қазір кез-келген жас та, кәрі де «Иман келтірдім» деп дәрет киімін дұрыстап, шариғатқа лайық амал қылып намаз оқыса болғаны иманды деп атай бастаймыз. Бірақ аятта; «Оған  (Раббысының шындығына) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді?» (34-52) Шындыққа яғни Алла тағаланың бізге әшкере жария қылған хикметтеріне, белгілеріне, қуаттарына, т.б. сансыз біз білмейтін себепші нәрселеріне  иман келтіру, яғни оның сырын, білімін меңгеруден бас тартпау деп түсінген жөн. Және бұл қуаттардың нәсілдік, тектік, өнер қаракеттік болып адам баласының қолымен байланысты екенін де аятта ашық ескертіп тұр. Қазақ дәстүрінде  «Аруақ қолда» деген бір ғана сөзбен бұл аятты меңгеруді түсіндірген.  Және; «Не ексең соны орасың» деп иманның өнім беретінін, ал «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп сенімнің адам баласының қылығымен, өскен ортасымен, қоғаммен, алған білімімен байланысты екенін өзара жұғысты да болатынын білдіреді.

Аятта; «Бәдеуилер; «Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға; «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемімейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де» (49-14)  Қазіргі масһаб дін ұстанымдағы  «иман келтірдік» деп бес парызбен және Аллаға, пайғамбарға тәпсір білім жүйесімен бағынудан тек қана сенімділіктің қалыптасуы және мұсылмандықты меңгеру ғана болып саналады. Иман жүрекке жарық жұлдыз болып ену үшін қан тазалығын қалыптастыру керек.  Ал ол үшін қандағы 11 жұлдызды жарыққа айналдыру, яғни жер ана рұқымен жалғап 4 ақылды түгелдеумен бір ақылға жүйелеумен алғашқы сатысы ғана пайда болады. Бұл қасиеттілікті меңгеру үшін де жаратылыспен жалғануға және жануарлық, құстық, адамдық ақпараттық кезеңнен өтуі керек, ол үшін де адам баласының  жасы 40-қа толуы керек. Сондықтан мұндай жағдайдағы тілмен «Иман келтірдім» деген «Сендім», «Бой ұсынамын», Алла тағаланың бар үкіміне бағынып елшісінің соңынан еруге, сүнеттерін орындауға ден қоямын деген уәде болып табылады. Сондықтан аятта;«Адамдар: «Сендік» деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?(2) Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондақ-ақ Алла әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.» (29-3) Бұл аяттан біз сеніміміздің сыналып, қашан иманның қуаттарын толық меңгеріп таза қатесіз сөйлеумен, құдайдан шындықтарын алып, хикметіне бой ұсынып, намаздарын орындаумен ғана шыншыл болып иман қуаттарын меңгере алады екенбіз.

   Иман қуаты деген қалтаңдағы ақша сияқты жұмсауға, таусылуға және толықтырып тұруға тән құбылыс болмақ. Адам ішінде елшісі «Мен» қуаты шам болса, оған келетін жарықтық қуаттың иман екенін де білген жөн. Иман үнемі келіп тұрмаса, шам да жанып жан-жағын көркейте алмайды. Егер біздің өмірімізде, тағдырымызда қиындықтар, аурулар түрлі тіршіліктік сынақтарымыз болса, онда біздің иманымыз жетімді, толымды емес, біздің құлшылығымыз, ғибадатымыз сенімділіктің тұрғысында ғана деп түсіну керек. Сондықтан да аятта; «Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші.» (64-11) Жеке адам баласы болсын немесе бір тұтастай қоғам, мемлекет болсын қайғы-қасірет, апаттар, аурулар, бүліктер болса онда бұл Алланың бұйрығынан және ол сол жердің тұрғындарының имансыздыққа түсіп, жүректердің бүлініп, қанның бұзылғандығына ашық белгі болатыны да хақ. Қазіргі ислам елдерінде де, жалпы әлемде, қазақ елінде де болып жатқан келеңсіз жағдайлар осындай иман қуатының жоғалуынан деп түсінген жөн. Сондықтанда сеніммен ғана қаруланып, мұсылмандықты ұстанып, намаз оқып, зекет беріп, ораза ұстанғаннан иманы толып кемелденіп жүрегі тазарып кетеді деген масһабшылдық ұғымның өзі надандық болып саналды.

  Сонымен; «Иман келтірдім» деген ұғым тек қана сенімді білдірмейді және мұндай куәлік берген адам баласының Алланың құдіретін, ғылымын, қадірін терең зерттеп білуге мойынсұнып, қандайда бір көрсеткен білдірген деректерінен, белгілерінен бас тартпайтынын да білдіреді. Имандылық деген дін парыздарын орындап, мұсылман немесе мүмін аталумен өлшенбейді. Әрбір мүмін болған адам баласының кәсібі, білімі, қызметі, жынысына, ұлтының ерекшелігіне сай ата-бабадан қалған мирас қасиеттерді меңгерумен бірге оны заманға сай жетілдіре білумен ғана өлшенеді. Имандылықтың басты белгісі ақылмен, естілікпен ғана өлшеніп, ондай адам баласы сөз астарын түсінуге, ой мен тілдің арасын бөлмей сөйлеу, шешендік өнерін және астарлы көркем сөзді меңгеруге қабілетті болуы да шарт. Имандылықтың бұл белгісі танымдық ақылмен байланысты болып қазақта мұны жете деп түсіндірген. Абай атамыз 38-ші сөзінде; «Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім деген иланып, нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік, онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшінде Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек алушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсатып бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді.Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр…»

Сонымен жетелілерге арналған алдыңғы тарауларда Алланың біздерге мәлім қылған үш сипатын баян қылдық. Алла тағала мен Рабб, яғни құдайлық  сипаттарының біздер арасын ажырата алмаймыз. Алла тағала сипатында Раббылық, ал Раббылық нұрында Алла тағалалық ғылым құдіреті бар. Ал тәңірлік сипатта жалпы жаратылыс егелерін түгел қамтығандықтан  мұнда қарсылық қуаттар да, яғни біздер үшін Алладан «басқа» деп аталатын қарсылық күш, қозғалыс, жаратылыс егелері де болатындықтан біз бұл сипаттардың бәрін де Алла деп түсінгенмен, мұндай бізге ашық дәлелдік қадірін, растығын, барлығын; Бір деген ұғымымен түсінуіміз керек. Сондықтан Бір Алла, Раббымыз Алла, Жар, Құдай, Алла тағала деп құлшылығымызды «Өзіндік» жарықтық сипатына ғана арнаймыз.  Абай атамыз; «Біз Алла тағаланы өзінің бізге білдіргені арқылы ғана сипаттарын ұғынамыз. Ал түгел біліп ала алмаймыз. Мұндай затты қасиетті түгіл, көрсеткен (аянмен) хикметінен де ешбір даналар ақылмен толық анықтай алмайды. Себебі біздің ақылымыз өлшеулі, ал Алла тағала өлшеусіз (шартсыз, шексіз). Сондықтан біздің ақылымыздың шамасына қарай өлшеу үшін «Бір», «Бар» деген ұғымдарды пайдаланамыз. Алла тағаланың «Бір» және «Барлығы» біздің ақылымызға Алла тағаланың ұлық сипаттарын тұрақтату үшін ғана керек. Алла тағалаға «Бір» деген лайықты өлшем бола алмайды. «БІР» дегеніміз мекен (денелер орында, ал орындар мекенде болмақ) болып, сол мекеннің ішінде сипаттарының болуы, өмір сүру мүмкіндігінің болмысын ғана белгілейді. Ал бұл мекен «БІР» әлемнің ішінде, ал әлем Алла тағаланың ішінде мекендейді…»

Иманды адам баласы әрбір сөздің өз орны, сандық мәні, қуаты барын ескереді, көркем сөзге құштар болып, сөз ұғымдар жүйесінің тәртібін бұзудан қорқады. Өкінішке қарай қазақ дін ғалымдарының, зиялы қауым өкілдерінің тажалдық білімнің ықпалына түсіп, жаратушымыздың бізге тануға, ұқсауға жария қылған сипатын «Аллаһ-шүкір» ұғымымен алмастырып, халықтың иманын жоғалтуға ғана себепші болып жатқаны да хақ. Бірақ бұл қасіретті де аз ғана жетелі қауым өкілдері ғана түсіне алады. Ал жетесіздер үшін бәрі-бір; «Аллаһым,салахсаламға  ықтипат қылып, кәпәрат жасап, тәуесілге келгендіктен, ақидасын жақсы меңгердім»  деген сияқты жабайылық тіл мен үннің арасын ажыратып сөз қуатын жоғалтуға бағытталған имансыздық керісінше ел биліктің заңымен қорғалып, иманды терістейтін кітаптар шығаруға көп қаражат жұмсап халықтың «Сауатын» аштық деп мастыққа бұйырып, ақыл-ойын қақпанға салумен ғана көрінісін тауып жатқаны да хақ.

      Енді жаратушымыздың  Алла тағала сипатын жеке қарастырсақ; Сегіз сипатты, жеті қанатты періште деп түсінген дұрыс. Және Алла тағаланың сегіз сипаттан тұратынын Абай атамыздың 38-ші қара сөзінің насихатынан жоғарыда мысал беріп кеттік.  Олай болса Алла тағалада негізгі 8 түрдің де болуымен жаратылыстың барлық қозғалысын, уақыттың түрленудің шексіздігін және Алланың барлық хикметті белгілерін растыққа, барлыққа, бірлікке біздің ақылымызбен қабылдануға лайық дерек көздеріне, белгілерге, хикметті істерге бейнелеуші болып табылады. Сонымен біздердің ақылмен қабылдауымызда жаратушы Алла бар. Бірақ дінді тек мешіттер арқылы орындалатын құлшылық және оны тек масһаб білімімен ғана орындау дұрыс деп түсінгендіктен,  ол білімнің негізі болған бағзы замандағы надандық дәуірдегі сенім негіздерін алып аламыз да жаратылысты, ақирет өмірінің ішкі сырын түсінуден де бас тартамыз. Мұндай жағдайда иман жоғалып, тобырлық ақылға негізделген оңай басқарылатын кез келген діни топтардың қалыптасуына өз беттерінше ізденіп «экстремистік» пиғылдың қалыптасуына масһаб білімі де жол ашады. Мұндай жағдайда иманды өсірмеуге, яғни Алланың хикметті белгілерін, заманға қарай түсіріп жатқан шындық деректерін мойындаудан бас тарту үшін масһабтық, мұсылмандық  сенім негізінен алып тастап, дінді керісінше түрлі ой жорыған пәтуалармен  түрлендіріп залым дін ғалымдарының  ішкі мақсатына, тажалдық білімге ыңғайлауына жолды да ашық қойғанбыз. Сондықтан; « бұрын ата-бабаларымыз көк тәңіріне табынған, біз де солай табынуымыз керек » деп түсінетіндеріміз де жеткілікті арамызда.

Ал шын мәнінде көк тәңірісі – Раббымыз, құдайымыз және оның қызметшілері «Біздер», яғни ақыл-парасаттылыққа жете білген Алланың сүйікті құлдары – періштелер екенін түсіне алмаймыз. Алланың өзін тану үшін жаратқан бізге әшкере қылған сипаттарын тани алмағандықтан «Маған» «Өзіме» құлшылық қылыңдар деген сөзді дін ғалымдарының өзі түсіне алмай Аллаһ (Шүкір) деген ұғымды тықпалап, өздерінің де иманын жоғалтуға, халықтың да иманына кедергі салуға жанталасып шайтанның жамағаты екендерін дәлелдеп бағуда. Егерде «Илләһ» болса «Тәңір» ұғымын, ал «Аллаһ»  болса тәңірдің сипаттарын, шүкірлік егелерін яғни киелерді меңзеп тұрғаны да хақ. Мұндай жаратушы сипаттарының ішкі сырын қазіргі замандық білімге сай әрбір дінші, ғалым, зиялы білуі міндетті. Онсыз ақыл өсіп жете дамымайды да. Біздер «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп куәлік береміз де, бірақ тікелей тәңірге деп сөз тұрғысында құлшылығымызды арнамаймыз. Ал мұндай жағдайда қара күштер, ібіліс әскерлері, тозақтық қуаттар да тәңірлік сипатта болатынын,  сондықтан бізге «Бір Тәңірі» деп қана жалбарынуға тура келеді.

Біздің тіршілігімізде Алла тағаланы және Раббымыздың да тәңірлік сипатта бейнелейтіні, ал ондай тәңірлік бейнелерді аятта; «Тозақтықтар мен ұжмақтықтар тең емес. Ұжмақтықтар; олар, қолы жеткендер. (20) Мұхаммед егер осы Құранды (құдіретті қолдарды, аруақтарды) бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандықтан үрейленіп, быт-шыт болғанын көрер едің. Бұл мысалды адам баласы түсінсін деп келтіреміз.» (59-21) Егер саналы адам баласы болса ата жолының 21 жұлдызды тудағы белгі мен бұл аяттың сәйкес келуін байқар еді. Ұжмақтық өмір жаннат пен екі аралықты араптардың ұғымында «Барзақ өмірі» деп аталып, ұжмақтық, тәңірлік қолдардың Раббымыздың басқарылуында тұрған қуаттарды білдіреді. Сондықтан да бұл қолдардың, аруақтардың адамзаттың өнімі екенін аятта; «Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші (жол ашу, ем шипа беру, жақсылыққа жетелеуші) қорғаушы (көздер) тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарыннан пәк. (23) Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана.» (59-24) Бұл жерде тек аруақтық қолдар ғана емес, адамзаттың барлық рухани өнімі қуаттардың негізі біртұтас ОЛ болып және; «Аттардың ең көркемі Оған тән.» болып адамзаттың Алланың сүйген құлына, досына, періштесіне айналуымен, аттарының да 99 сипатпен жалғанумен белгілі көркем есімдерді меңгеруін білдіреді. Осы аяттың сыры Будда дінінің маңыздылығын, құлшылығын ашып көрсетеді. Неге Будда мүсінінде көп қолдардың барын; «Мұхаммед егер осы Құранды ( құдіретті қолдарды, аруақтарды) бір тауға түсірсек еді, ..» деген аятпен баяндап өткен. Буддалық философияда кездесетін «АТМАН» ұғымы да; «Аттардың ең көркемі Оған тән.» деген үкіммен сәйкес келеді.

      Құранды терең зерттеп түсінген сайын бүкіл әлемнің; «Будда, Брахма, Атман, Кришна, Иисус» деп табынғандарының бәрі негізінде «Біздер» аталып, мұны исламда Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен сүннеттері арқылы тектілікті жетілдіруді, иман қуатын меңгерудің жарқын үлгісін қалыптастырған намазын кейінгі дін ғалымдарының мүлде теріске алғанын аңғаруға болады. Аятта; «Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе; Жатса да отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынбағандай-ақ кете береді. Солайша шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді.» (10-12) Құранның барлық насихаты да, намаздар жүйесі де Раббымызға жалбарынуға және қандайда бір қиындықтан, қыспақтан арылуға, ұжмақтық, жаннаттық жұлдыз орындарынан яғни  ақыл-парасаттан иман қуатын алуға негізделген. Мейлі қандай жағдайда болсын, біздер қиындыққа түскенде немесе артық нығметпен, жақсылықпен жүктелгенде де өмірлік қуаттарды; Біздерден, жұлдыздардан, көркем есім егелерінен ғана аламыз. Ал олар Раббымыздың нұрымен тұрақты жалғанып тұрғаны да хақ. Раббымыз барлық жаратылысты «Біздер»-аспан мүліктері арқылы жаратып немесе өлім беріп, ал «Өзі» барлық іске де, әрекетке де тікелей араласа алады.

    Аятта; «Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.(18) Алла тағала жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі.(19) Сондай Алладан басқа жалбарынғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар.(20) Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді. (21) Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондай ақиретке нанбаушылардың жүректері қарсы. Сондықтан олар менменсушілер.» (16-22) Бұл жерде тұтастық, бірлік «БІР» ұғымының сырын астарлы ескерткен. Алладан басқа және Алланың Өзі деген ұғымдар; «Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді.»  Бұл тозақтық тіршілік егелерінің мейлі ақиреттік немесе жер бетінде тірі аталғанмен «бес күн жалған» деген ұғымға сәйкес біздердің көбіміз рухани өлілерге жатамыз.  Егер тірі болсақ онда Раббымызға жолығуға құлшылық қылып, хабар алып, көбіміз бұл хикметке жолыққан да болар едік және жаратушымыздың орынбасары болып белгілі қуаттарды да жарата алар едік.

Сонымен дін ғалымдары адам баласы жарата алмайды, яғни өлі, тірі емес мақұлық деп түсіндіреді. Ал шынында біздер ақылды жаратуға, текті меңгеру арқылы иман қуаттарынан зейнет алып, рухани егін өсіруге, яғни бағбан болып жаратушылық қасиетті меңгеруге тиістіміз. Аятта; ««Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы; Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді.. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) (9;11) Алла жолында құрбан шалып жеті ата аруағын көтеру арқылы осындай дәрежедегі «жұлдызшаларды-дәнді»  рухани егінімізді өсіретін болсақ, бұл егіннің адамзаттың неке арқылы пайда болатын жандық өнім болатынын; «Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындарыңды біліңдер. Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. Алла тағала әр нәрсені білуші.»(2-223) (7;9) Сондықтан да бізге осындай қабілетті берген және бұл қуаттардың Иесі Раббымызға құлшылығымызды, шүкірлігімізді арнау арқылы ғана бұл қасиеттілікті, тектілікті меңгере аламыз. Әрине біздер өзімізді-өзіміз белгілі бір тектілікті меңгеруге адамзат болып жаратыла алмаймыз. Бізді бірақ белгілі бір осындай әлемде өзге мақұлықтарға бермеген қасиетпен өзінің орынбасары болуға, рухани қуаттарды жаратуға, өзіміздің болашақ нәсілдік  (жұлдызша) дәндерімізді көбейтуге нығметін беріп қойған.

Бірақ біздер мұндай дәрежеге жету үшін күнәсіз рухани тірі болуымыз керек. Біздердің жер бетінде өмір сүруге алған жануарлық сипатымыз, ішіп-жеп өмір сүруміз, отбасын құрып бала өсіргенмен де күнәміздің шамасына қарай рухани тұрғыда өлі болып саналамыз. Ал біздің ағзамызда күнәлі болмысымыз болса, онда біздер жындар, шайтандар тобынан болып, рұқтан өнім өсіріп, иман қуаттарына жалғана алмаймыз. Сонымен біздің тағдырымыз жақсы-жаман рухани болмысымыз маңдайымызда жазулы болмақ. Маңдайлық тағдырлық жазуды рухани ақталу арқылы тазарта да аламыз, керісінше мүлде жауып маңдайымыз ашылмай тозақтық та боламыз. Құранда; «Алла тағала барлық жандықтарды маңдайынан ұстаған» деген аяты бар. Олай болса Алла тағаланың құдіретті қолы біздің маңдайымыздағы жазу. Енді ол жазудың негізін аятта; ««Шүбәсіз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. (45) Тамызылған бір тамшы «мәни» суынан. (46) Шәксіз екінші жазу да Оған тән. (47) Сөз жоқ, байытқанда өркендеткен де Ол.(48) Расында Ол, «Шығара» жұлдызының Раббы.» (53-49) Индиялықтардың  және Кришна дінін ұстанушылардың маңдайына қызыл, ақ, қара белгі таңба салуы осы тәңірлік ғайып қуатпен; «Шығара» жұлдызымен жалғануды білдірді. Кришналықтар мұны «Қара» деп түсінсе, көпшілік индиялықтар қызыл немесе ақ түспен байланыстырады.

Құранда тағдыр жазуын «Қалам» деп атап, адамзаттың тағдырының маңдай арасы 6-шы күн (чакрамен) байланыстылығын ескерткен; «Мұхаммед әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба; (10) Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да, (11) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, (12) Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (13) Бұлар малды, балалы болса да. (14) Оған аяттарымыз оқылған сәтте: «Бұрынғылардың ертегісі» деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз.» (68-16) Әрбір адам баласының аз көп тағдырында осы аяттағы келтірілген өсек, өзгені босқа айыптау, ынжықтық, жақсылықтарға тыйым салып, кедей болып қалумен қорқыту, Раббымыздың заманға қарай өлілерді тірілту арқылы оқылған аяттарын, ата жолын, жан ғылымын, аруақтық білімін ертегіге айналдыру сияқты қазақтың бүгінгі таңында әлі кезге зиялы қауым, ел биліктің,  дін ғалымдардың да, имамдардың да ТЕКТІ меңгеруге ИМАНҒА қарсы соғысы жүріп жатқаны хақ.

Әрине бұл қазақ халқының Кришналық та, Буддалық та, бүкіл тәурат, зәбур діндерін басын қосушы інжілдік дін құндылықтарының құлшылығын меңгерумен 6-шы  және 7-ші саналық күнді (чакра) және Ар сауытын меңгеру амалдарын заң жүзінде тыйым салып, тартып алып және әлі кезге дейін қудалап жатқаны да хақ. Демек біздің ел билігіміз, зиялы қауым және дін масһабымыз құранға, кітабына, ақыл-парасаттылыққа яғни Раббымызға ашық соғыс жариялағандар мұрындарына  дақ салынғандар. Негізінде «Қара Кришна» дініндегілер осындай тағдырға сын қара дақты тазартуды және тағдырды қайта жазумен байланысты өздерінің философиясын және дін құлшылық намаздарын дәріптейді.  «Шығара» -тәңірлік ғайып қуаттар болып, бұл қуаттардың меңгеру ісі ислам шариғатынан тыс; Құдай ісі деп аталып әрбір пендесіне аянмен, уахимен көрсетілу арқылы ғана нәтижелі болмақ. Бірақ аян, уахиға, біздерге жалғануға да имандылықтың өзге талай сырларын меңгеруіміз де керек.  Сонымен сопылық тақуалық негізде 3 рет қайталанатын 11 санды таспихтың негізін «Яссы, Мұхаммед, Інжіл» деп атау керек. Ал бұл құлшылық істерінің Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен рухани өлім арқылы ақталудан өтіп, дарындылықтарды меңгерумен тікелей байланысты екенін және негізі Түркістаннан басталып Мұхаммед пайғамбарымызға құпия берілген жан ғылымымен де байланысты болғандықтан ислам діншілері де мойынсұнып бұл амалдарды орындамаса түк те иманды бола алмайтынын да білген жөн….(жалғасы бар) 

  XVII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен    арлылық

Иманды адам баласына; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек. Имандылықтың нәтижесі де және соңғы тұрағы табандылықпен сабырлы болу екен. Сабырлы болу шыдамды, төзімді болу емес. Онда есектен артық иманды мақұлық болмас еді. Сабырлы болу ақиреттің өмірін, тылсым құпиясын, Алла тағаланың хикметтерінің сырын шеше білумен ғана айқын болады. Ал оның жолында  мұсылмандық деген адамдық болмысты меңгерудің де сырлары тұрғаны сөзсіз. Біздер кәміл мұсылман болмай иманды бола алмаймыз. Ал кәміл мұсылман болу үшін Абай атамыздың өсиетіне жүгінсек; « …  Миллион хикмет бірлігінен (қозғалыс күштерінен) жасалған машина, фабрик адам баласының рақаты, пайдасы үшін жасалса, бұл жасаушы махаббат бірлігі адам баласын сүйгендігі емес пе?» Біздер қандай қуатты қозғалысты пайдаланып, бір жүйелі қозғалысқа айналдырсақ, ол қуатты біз тек табиғаттан, жаратылыс нәрселерінен дайын күйінде аламыз. Біздің өндірген қандайда бір қуаттарымыз құдайдың хикметті қозғалыс егелерінің бірлігі ғана деп түсіну керек. «Кім сені сүйсе, оны сүймек қарыз емес пе? Адам баласы қанағатсыздықпен бұл хайуандардың тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малды адам баласының өзінің қызғанышына қорғалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып және әрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде, кішкене уақытында жауыннан қорғану, қашу, бірін-бірі қорғауға жан қуатымен бастарын байлап, қамқор қылып қоймақтығы-адам баласына өсіп-өніп, теңдік алсын емес, бәлкім, адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік.». Енді  нәсіл туралы «жын-шайтандар» жазбасында талқылып өттік.  Жындар мен шайтандық қуаттардың адамзаттың гормондық көбейіп, өсіп дамуымен және ақиреттік өмірдегі өрістік қуаттармен байланысты екенін,  ал мұндай метафизикалық жағдайдағы адамзаттың рухани жаратылыс себептеріне жан-жануарлар әлемінің қалай азық болуы мүмкін дейсіз? Және Абай атамыз біздің нәсілдік қуатымыздың үздіксіздігі, днк, рнкалық жібіміздің де қуаттылығы жан-жануарлар әлемінің өнімімен,  күш, қуатымен жандарының рухани өнімімен де байланысты екенін де ескертеді.

«Жә, бұл хикметтерінің барлығында мархамет және анық ашық әділеттілік сипаты тұр екен. Біз ортамызда бұл мәрхаметін, жақсылығын әділетті иманның шартына есептейміз, ол үшін иманды мүмін болып, Алла тағалаға табынып оның жолында болмақ едік. Ал, болғанымыз қайсы? Құдайдың қалауын жоққа шығармаймыз, өзгелерде болғанын да жек көрмейміз, өзіміз бірақ тұтпаймыз. Бұл қиянатшылдық емес пе? Қиянатшылдыққа жақын тұрған адам – мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді.»  (Әрине қазіргі таңдағы масһаб білімін, шариғат ұстанымын мұсылмандықты қалыптастыруда тура жол яғни ақыл-парасатқа, «БІЗДЕРГЕ» жалғану деп түсіндіріп, ал шынында оны меңгеруден бас тартып керісінше қарсылық танытамыз. Иманды адам баласы осы баяндалған барлық хикметтердің себебін және олардан зиянсыз пайдасын қалай алуын да қиянаттан сақтануын да қамтамасыз ете білу керек. Бұл қандайда бір діндердің қағидасына лайық болса керек.) «Қандайда бір дін өсиеттерін алып қарасаңыз; Тәңір туралы көзқарастардың, Құдайдың жақсылық істеушілерді сүйетіндігі, оларды жаннатпен сүйіншілеуі және адамдықпен жақсы іс атқарған адамдардың есебін толық жақсылықпен қайтаратындығы, ал залымдарға жамандық істеушілерге дәл сондай жазасын береді деген әділдіктің жоғарғы ұстанымдарын ықыласпен, ғылымымыз жетіп неге қабылдамаймыз? Енді мұндай әділдікті қабылдап үлгі қыла алмасаң, онда ұяттың жоқтығы. Ал ұят жоқ болса, онда иман да жоқ деген пайғамбарымыздың хадисі дәлел дүр».

Ар, ұят, намыстылық белгілі бір жаман әрекеттерден ғана ұялудан тұрмайды екен, надан болмаудан, әділетсіз болып, ғылымсыз заң шығарудан да ұяла білу керек дүр. «Енді белгілі иман құр иланғандықпен болмайды, әділетті  және оның ізгілікті  қағидаларын ұстанумен ғана бірленумен ғана иманды бола алады. Біздің тәнімізбен қылған құлшылықтарымыздың, оқыған намаздарымыздың ешбірі жоғарыдағы ескертілген әділдіктің қағидаларын сақтауға, ұстануға жақсылық, ізгілік істерін меңгерудің мәрхаметін (нәтижесін, жемісін) бермейді. Күнде көріп жүрген намаз оқушы (намазхандық), ораза ұстаушының қандай әділетті іс атқарып жүргеніне дәлелді іздеп  керегі жоқ. Себебі әділеттік барша ізгіліктің анасы дүр. (Әділеттілік ұстанымы болған жерде ғана біздер иманның төртінші белгісін, яғни барлық ізгілікті де таба аламыз) Ынсап, ұят-бәрі де әділеттен шығады. Мұндай жағдайда адамның көңілінде; халық менімен, сондай-мұндай әділетті қылықтармен қарым-қатынаста болса екен, маған ешкім зәбір бермесе, жақсылық қылса екен деп ойлап тұрып, менің де олармен әділетсіз болғаным жарамайды деп тәубеге келсе, осының өзі әділет және ынсаптық емес пе?» (Мұндай көңілге әділеттілікті бекітіп, ниеттенгеннің өзі жақсылықтың, ізгіліктің, иманды меңгермектің басы емес пе? Ал қазіргі ел билеуші мен зиялы қауымның халықпен санаспай сенімдерін ақтамай керісінше дәстүрін, ар, ұяттылық, ата-баба жолын ұстануға тиым салып, заңмен қудалаудан қандай имандылықты көре аламыз. Ел билеуші білімді қауымымыздың имансыздығына, ынсапсыз әділетсіздіктеріне бұл дәлел емес пе?)

    «Ал мұндай ойды ойлаған кісі жаратушыға неге шүкірлікті ойламасын? Шүкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Онда әділетті жақтаушы ниеттен, шапағаттан айрылма. Егер мұндай ойдан, ниеттен ажырасаңыз иман да, адамдық та барлығы да қашады. Сопылардың; «Бір адамның ниеті бұзылуынан, жүз адам қолайсыздыққа ұшырайды» дегені пайда болады. Сонымен жоғарыдағы насихат бойынша Құдай тағала; Ғылымды; Рахымды, Әділетті, Құдіретті еді. Ал адам баласы; Ғылым, Рахым, Әділетпен 3 сипатпен игілікті меңгеріп, ізгілікті іс қылуға талап қылсаң, онда  мұсылман болдың. Және толық адамгершілік, адамдық болмысыңның да бар болғаны. Енді осында игіліктің 3 сипаттарымен бірге жүретін; Шындық, шыншылдық; Ақ пейілділік, жомарттық; Ақылдылық деген үш қасиетпен шын әділет болып жомарттықтың шапағаты пайда болар. Ал ақыл, ақылдылық бұл ғылымның бар екеніне дәлел дүр.»  (Олай болса; әділеттіліктің де сипаты 3 қасиеттен туындап, сонда ғана жүректің жомарттығы деген сырдың пайда болатыны, бұл жүректің, қанның тазалығына да кепіл болмақ. Ауру тәннен де шыншылдық пайда болмайтынын білген дұрыс. Мұндай жағдайда  ақылдың өзі 6 сандық белгімен ғылымның да қағба кірпіш болып алты қабырғасы болуы да сөзсіз, ал ақылсыз иман тұрақтамайды да). «Бұлар әр адамының бойында Алла тағаладан, тағдырынан шамасына қарай бар қылып жаратқан. Бірақ оны таратып, гүлдендіріп өсірмек, әр адам баласы өз әлінше кәмелетке жеткізбек мақсаты, талап та болу керек  (Адам баласының тағдырында жоғарғы үш қасиет иман қуаты болып белгісі, дәні егілген. Ал талаптылық деген әрбір адам баласына тағдырмен жын қуаты болып белгілі бір өнерді, іс-әрекеттерді меңгеруге берілген қуат болмақ. Әрбір адам баласының  өзінің жаратылысына, жынысына қарай талаптылық, яғни таланттылығын меңгеруге алдына қойған мақсаты да болуы керек. Бұл қасиет те иманмен басқарылуы керек. Сондықтан да әрбір адам баласының періштелерден де жоғары тұрған Адамдық болмыстың адамзаттың бойындағы құдайлық сипаттың белгісі де  «Мен» атты жеке діні де осыдан пайда болмақ.)

«Бұлар адам баласы таза ниетті іздегенде  берілетін нәрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылған үш қасиеттің иелері алды пайғамбарлар, онан соң әулиелер, онан соң әкімдер, ең ақыры кәміл мұсылмандар. Бұл үш түрлі пиғылдың, ниеттің соңынан еріп қана, өзін құл деп түсініп, бұл пиғылдарға ғашық болып ұстануды пайғамбарлар әулиелерге үйретті, әулиелер оқыды, үйренді, ғашық болды. Бірақ олар тек ақиреттің ғана пайдасын (ойлап) күзетті. Ғашықтығы сол халге жетті, дүниені, дүниедегі алатын, меңгеретін пайдасын ұмытты».  (Жоғарыдағы; шыншылдық, ақ пейілділік, жомарттықты, дін ниеттілікті меңгеріп Аллаға құл болғанмен, дүниелік маңызды істерді яғни өнер үйрену мен білімді жетілдіру, шаруашылық істерін де меңгеру, өмірге ұрпақ әкеліп баланың тәрбиесін беріп, отанға адал қызметші дайындау, дарындылық  қасиеттіліктерді меңгеру, ем шипалық, арамнан тазартушылық істерін меңгеру арқылы  халықты күнәдан ақталуға шақырған інжілдік елшілік істер, аруақтан хабарларды жеткізу, шығармашылық өнерді меңгеру, ел билеумен айналысып әділ заңдарды шығарумен айналысу да осы үш қасиеттің талабына сай болу керек еді.) «Мүмкін есепке алмады. Ал әкімдер дүниедегі тиетін, алатын пайдасын ғана көздеді. Ғибрат көзімен қарағанда, екеуі де бір-бірінен көп жырақ кетпейді. Насихат үгітте әрбіреуінің пікірі, айтуы басқаша болса да, Алла тағаланың жарлығына қарап пәтуа беруді екеуі де білдірді». (Алланың құлы болудың иманды аталудың екі сипаты болып екі жағы да осы үш қасиетке сүйене отыра пәтуа беріп халыққа жарлық әділ үкімдерін жеткізіп отырғаны да сөзсіз. Бұл жерде дін ниеті тек мешітпен яғни масһабтық білімін жетік біліп Аллаға құл болумен шектелмейді, өмірдің барлық тіршілігін қамтиды деп білу керек.

    «Пайымдаудың, пікір білдірудің соңы ғибрат алып ұғыну болмақ. Ақыл, ғылым екеуі де өзін зор санап; залымдықпен адамдардың өзіндей адам баласын алдауды жек көрсетеді. Бұл әділет ісі болып екеуіне де рахымды шапағатты болмақты айтып бұйыруы (үкім тапсырма беруші) бұл рахым болса керек. Бірақ бұл екі бағыттағы кісілер өздерінің нәпсісін пида қылушылар болса керек. Яғни пенделіктен кәмілдікке жету әулиелікпен болатын болса, күллі адам тәркі дүние қуып Ху деп тарихатқа кірсе, дүние ойран болу керек. Мұндай жағдайда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазынаны кім іздеп, адамзат пайдасына жаратуға өңдейді. Арам, жиіркенішті нәрселерді былай қойғанда құдай тағаланың қуатымен ғылым-білімді меңгеріп, рақатын көрмекке бола жаратқан, берген нығметтеріне онан пайда болатын өркениетті даму мен мәдениетке суық көзбен қарап, ескерусіз тастап кетпектік ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па?»   Ғибрат алып ұғыну дегеніміз НАНЫМ болып саналады. Ал енді осы жерге мұқият назар салсаңыз Абай атамыз біздердің исламдық мейлі христиандық және өзге діндердің нанымында кемелдікке жету, әулие атану үшін мешіттер мен шіркеулерде ғана орындалатын тек құлшылық жалбарыну түріндегі салттарын надандық деп түсіндіреді. Діннің адамзат өмірінің барлық саласын да қамту керектігін, тек қана әулиелік емес әкімдік ел билеу  тұрғысында да әділеттілікті сақтаудың  және өркениетке ұмтылу барысындағы ғылым-білім, шаруашылық істері бәрінде де діннің әрекеті, тазалығы, имандылықты меңгерудің ұғымы, нанымы болу керек деп түсінген дұрыс.

«Біріншіден; Құдайдың берген байлық, дәулетіне шүкірлігің жоқ болса, әділетсіздікпен күнәкар болмайсың ба? Екіншіден; Бұл жолдағылар қор болып дүниеде жоқ болу қаупі бар. Я болмаса кәпірлерге жем болып кетуі де мүмкін, ал қайсы бірі сабырсызы жолынан тайып, сабырлылармен бір қатар жүрмін деген алдануы да болмақ. (пірлеріне көзсіз еліктеп табынушылық) Егер де бұл жол (дін ұстанушылардың, адамзаттың) жарым-жартыларына ғана айтылған болса, жарым –жартыдан рас дүние бола ма? Егер рас болатын болса, барлығына да рас болсын. Алдаған рас бола ма және әділет бола ма?» (Біздердің  құдайдың берген кең жері мен сол дәулетін, заманға сай ғылымын, білімін меңгерумен де иман қуаттарын меңгеруге деген шүкіршілігіміз болмақ. Ал енді шүкірлікті тек исламдық тұрғыда масһабпен бөлініп, тарихатқа бөлініп, мұндай имандылықты әулиелікті меңгеру, яғни  құдайдың екі игілігіне жету тек қана адамзаттың жарым-жартыларына ғана бұйырған дегендей амалдардың әділетсіздік және надандық екені де сөзсіз. Әлемдегі бүлікшілдік пен «экстремизмнің» негізі осындай тажалдық пәтуалардан пайда болғаны да хақ. Қазақ ел билігі, дін масһабымыз мұнан аман қалған жоқ.

    «Олай болғанда, ол жұртта ғұмыр-тағдыр (әдет-ғұрып, салт-дәстүрі) жоқ болу керек. Ғұмыр-тағдыр өзі хақиқат. Қай жерде ғұмыр (шежірелік ғұрып пен дәстүр) жоқ болса, онда кемелдік жоқ. Бірақ әулиелердің бәрі бірдей тәркі дүниелік емес еді. Бір-біріне туыс, жақын дос болған Осман, Әбдірахман бин Ғауыр, Сағид бин Әбдуақас үшеуі де үлкен байлар еді. Бұл тәркі дүниелік, дүние ісінен қашу я дүниенің ләззатына алданып ізденген, талабым шала болады деп бойына сенбегендік; я дүниеге сараңдықтан қауымның көңілін суытпақ (ата жолында құрбан шалып садақа беруден тиым салған сияқты) үшін, ренжуге сабыр етіп, өзін пида қылып, мен жаныммен соғысып дұрыс қылғанда, халық ең болмаса нәпсімен ұрыс қылып, дүниеге қызығып әуестеніп, сезімге берілуден әрбір нәпсінің тілегінен суытып, әділет, мархамет, махаббатпен бір пайда, әсер болар ма екен деген үмітпенен болса керек. Олай болғанда ол да жұртқа қылған артық махаббатқа есеп». ( Аятта; «Көктер мен жердің жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар.» (30-22) Имандылық ғылыммен  байланысты болса, онда құранда осындай мыңдаған белгілерді білу, әрбір иманын іздеген адам баласына міндет болмақ. Тілдің қарама-қарсылығы үндік ерекшелікпен біздердің үмметтік сипатымыз айқын болмақ. Демек арап ұлтына біздің үніміз қарама-қарсы тұрғыда жаратылған.  Олай болса, сенімділік жағдайында мұсылмандықты меңгеруде дінде ұқсастық болғанымен, ұлттық ғұрпымыздың да яғни ғұмырлық тағдырымыз, шежіреміз арқылы ғана иманның кемелдігін қалыптастыруда өзіндік ерекшелік болуы да шартты. Сондықтан да аятта; «…Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңды сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48)  Олай болса, исламдық әлемде қанша тіл болса соншама үммет болып және әр ұлттың да өзіндік жобасы, ғұрыптық амалдары болуы шарт. Абай атамыз айтқандай, құдайдың берген дүниенің нығметтеріне шүкірлік амал жасамай, Алланың жақыны болу үшін тақуалық, сопылық жолды ғана ұстанып, жарым-жарты иманмен масһабты жол десек, онда үмметтік ерекшелігіміз қайда қалмақ? Және тек қана имам Ағзам Әбу Ханифа қазақтың үмметіне де жол басшы десек онда; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) аяттың үкімін терістеп, Аллаға ортақ қосып, қазақ еліне келген жол басшы елшісіне берілген мұғжизаларға иман келтірмей кәпір болмаймыз ба? Сонымен бірге жеке-жеке Раббымызға, нұрына жолығуға мүмкіндігіміз болып; «…Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.»  сендер мен жаққа ақиретке өте алсаңдар, ақыл-парасат беремін деген уәдесін неге жалғанға шығарып Алла пендесімен тілдеспейді деп тажалдың еркін орындап жүрміз? Олай болса жаныңмен соғысу деген де мүмкін емес деп қарсы болмаймыз ба жаратушы Иеміздің нығметтеріне.

«Бірақ бұл жол өте қиын, бек және нәзік жол. Бұл жолда көз бояушылықсыз, екі жүзділіксіз, жеңілдіксіз пайда іздемеуге шешімге келген кісі ісінің кемелденуіне жетпек. Бұл заманда сирек кездесетін мұндай (тақуалық, сопылық) қасиетілікке ғылымның да, шындық, қайратыңның да қуатының зоры, махаббаттың халіне де, және халық пен ғаламға берер қуаттың да күштілігі керек. Бұлардың бәрінің бір адамның бойынан табылуы қиынның-қиыны, мүмкін бүлікшілдік те болар. Басына  және бір өзіне өзгешелік бермек адам баласын бұзатын іс. Әрбір наданның бір тарихатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегенмен бір болады. Әкім, Ғалым негізінде бір сөз, бірақ араптарда басқаша. Дүниеде шынайы ғылымдар бар, олар айтылған, жазылған нақылдар болып түсіндіріледі. (ғылым дегеніміздің кітап берілгендік ұғымы да әр ұлттың өзі құпия астарлы нақылдарында болмақ). Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады». Адам баласының имандылықтың мұндай дәрежесіне жету үшін әлеммен тұтастықта болу, барлық нәсілдік, тектік белгілермен де жалғана білумен бірге біздің бұл жаратылған ғаламға беретін, яғни өзіміз  жарататын қуаттарымыздың болуы да шарт екен. Ал енді біздің еліміздің дін ғалымы, философтарымыз, психологтарымыз мұндай даналықты ғұламаларымыздың насихатын, ұлттық мирас жан ғылымының сырын ашатын нақылдарымыздың астарлы сырын ашып халыққа баяндап жатыр ма? Әкімдер, ел билеушілер, ақын, жазушыларымыз осылай нақылды меңгеріп дәстүріміздің сипатын аша алды ма?  Әрине жоқ. Керісінше, ұлтымыздың саналық қуаты түгіл бүгінгі таңда жетесі бар ғалым, ел билеуші хакім, дінші имамды кездестіру де қиын. Ақылдың өркениеті жоқ елде имандылық та жоқ. «Балық басынан шіриді» деген жағдай қазақтың бүгінгі рухани өмірінен мықты орынын алды да. Олай болса; « ғылымның да, шындық, қайратыңның да қуатының зоры, махаббаттың халіне» жеткен ел билеуші, зиялы қауым өкілі болмаса шығарған заңдарында да, үкімдерінде де, пәтуаларында да әділеттілік болуы мүмкін емес. Егер ел билеуші, ғалымдар әділетсіз болса онда;  халықтың ғаламға берер қуаты да»  жоғалып мұндай ел құдайдың азабына түсіп, зұлымдыққа ұшырауы да заңдылық.

Қазақ елінің мұндай имандылық қуаты жоғалғаны және ашық белгілерден бас тартып зұлымдыққа түсіп азапталып жатқанын ақымақ надан ғана аңғара алмайды. Сонымен шынайы ғылым әр ұлттың өзіне тән нақылдары мен онан туындайтын ғұрпымен, дәстүрмен және осы дәстүрлі дінін дәлелдеген даналарының философиялық ойшылдығына белгілі болмақ екен. Олай болса әлемдік дәрежеде мұндай ғылымның негізі де философия ілімімен, сөз тазалығын қалыптастырушы  ойшылдықпен өлшену керек. Құранның өзі философияның, адамзат ойшылдығының жоғарғы межесі және логикалық білімнің де тұғыры, себебі ашық аяттармен сыры жабық аяттардан тұрады. Енді Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ; «Дүниеде шынайы ғылым бар, олар айтылған, жазылған нақылдар деп түсіндіріледі. Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады. Құдай тағала еш нәрсені себепсіз жаратпаған, мұны зерделеп, зерттеп ұлы жаратушы туралы түсініктерге негізделген хадистерге, жақсы істерге құштар болып ғибраттанушыларды тыюға болмайды. Бәлкім игілік ісінің себебін білмекке құмарлықтан жақсы іске, жақсылық жасауға ғашықтықтық шығады. Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе де дәл сондай ғашықпын демектің өзі орынсыз.».  Қазақ дәстүрінде дүние ісін терең меңгерген ғалымдар – төрелер деп аталған. Ал ху деп зікір салып, тәрк дүниемен Құдайдың құлы болып, тарихаттың соңына түсіп, кейбіреулері жетістікке жетіп мұғжизаға жалғанғандар қожалар деп аталған. Заман өте мұндай тектілік белгілер жарты кеш адамдыққа жатып, қазақ елінің орыс империясына қосылып ғылым, білімді, өнерді, өнеркәсіпті меңгерудің де құдайдан сын талабы да еді. Бұл тұрғыда үйренгеніміз де көп, жоғалтқанымыз да аз емес. Сондықтан құдайдың пәрменімен егеменді ел болып, жоғалтқан қуаттарымызды түгелдеуіміз де шартты жағдай еді. Елімізді дүние ісіне жетік хакім басқарғанмен, құдайдың заманға сай себептерін анықтай алатын құдайына ғашық бірде-бір шынайы ғалым арамыздан шықпағаны да хақ. Біздердің елімізде дүние ісін жетік білетін хакімдер көп, бірақ адамдық имандығы жартыкеш. Мұның негізгі себебін де Абай атамыз;

  «Ғашықтықтың, сүйіспеншіліктің халын нәпсімен, мақұлықтық байланыссыз Алла тағаланың пендесін махаббатың және рахметінің бірлігінде жаратқанын біліп, махаббатына махаббатпен елжіреуді, сүюді құдайға ғашық болды дейміз. Мұндай жағдайда құдайдың хикметіне пенде өз ақылы жетерлік қадірін ғана білсем деген әрбір істің себебін іздеушілерге Хакім деген ат беріледі. Бұлар хақтың бірлігінен терістігі мен қарсылықтарды айырып себептерін білмекке тырысқанмен, барлығы адам баласының пайдасы үшін, ойын күлкі түгіл, дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртебе болып, бір ғана хақты таппақпен, әр нәрсенің себебін таппақпен ләзаттанады. Адаспай тура іздеген хакім дана болмаса, дүние ойран болар еді. Адамзат ниетінің, пиғылының қазығы осы даналар, әр нәрсе дүниеде бұлардан шығады бірлігіне айналады.».  Сонымен әлемдегі болып жатқан ойранның да себебін, Құдайдың хикметін шеше алатын Хакімдіктің, шынайы ғалымдықтың жоғалып орнына жалған, жарты адамдардың келуімен, ел басқарушылардың да тек дүние ісін ғана меңгерген имандылық қуаттарының жетілмей қалуынан деп түсінген дұрыс. Сонымен бүлікшілдік, «экстремизмдік» ниеттілік төменнен емес жоғарыдан басталып, олардың бұл іске демеуші болып отырғаны қазақ билігінің де мұны айналып өте алмағаны да хақ.

Бізге ұсынған насихатында Абай атамыз замандық қозғалыс туралы және осындай замандардағы түрлі жағдайлармен де түрленіп адамзатқа пайдалы, зиянды әсер беретін барлық рухани күштермен байланысты себепті меңгеруді қасиеттілікке жетуді ескертеді. Ал енді қандайда бір қозғалыс себептерді  қандайда дін білімімен кітап жүзінде немесе масһабтық біліммен де тек сөз насихат түрінде, болмаса нақты намаздық амалын, әрекетін орындауын және рухани қозғалысты қалай меңгеруін сол замандық уақыттық қозғалысқа қарай Құдайдың өзі уахи, аяндарымен түсіндіретінін де білген жөн. Сондықтан мұндай себептердің адамдық қасиеттілікке байланысты негізделуді, адамзаттың әлемге қосатын «Бір» қуаты, яғни аруақ арқылы ғана мүмкін болатынын да естен шығармаған жөн.  Олай болса біз әлемдік жаратылыспен, тектермен, қуаттармен жалғанбай және Раббымыздың ақыл-парасат егелері «Біздердің» шапағатшылығымен өзімізден де аруақтық қуат өндірмей иманды бола алмаймыз.  Ал, енді аруақ қандай әлемдік, жаратылыстық қуаттардан, себептерден тұрады? -деп сұраңыз. (жалғасы бар)

XVIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бүкіл әлемді билеуші пәни дүниенің барлық жаратылыстық нәрселерін, қозғалып түрленуге, өсіп-өнуге немесе бір жағдайдан келесі жағдайға өту, өлім, туылу, қартаю сияқты себептерін өзара келісіммен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілікпен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін қаракет ететіндей, бір заттай тұтастықта болып көрінеді. Мұны біз бүтіндік, біртектілік деп атаймыз. Адамзаттың осы жаратылыстың негізгі себепшісі, тұтынушысы ретінде жер бетінде жаратушы иеміздің орынбасары, яғни жалпы әлемдік тұтастықта да халифа басқарушысы, Алла тағаланың ұқсасы болуға тырысу үшін жаратқан. Ал біздер қандай істі бастасақ та ;«Бисмиллаһи рахман, рахим» деп айтуымыз керек. Яғни біз Алла тағаланың рахман және рахим сипаттарына ұқсауға тырысумен, қандай да бір әрекетемізді ізгілікке, игілікке, әділетілікке негіздеуге тырысуымыз да шартты болмақ. Ол үшінде біз бойымызда рахымшылдық пен даналық қасиеттерімізді дамыту, қалыптастыру әдістерін меңгеруіміз керек. Сондықтан қандайда бір жер бетіндегі тіршілік әрекеттерімізді амалға, іске айналдыруға қажетті қуат, күш жұмсаудың маңызы ақылға келіп тірелетіні де сөзсіз. Олай болса, ақыл туралы білімді меңгеруіміз және ақылдық қуаттардың қандай жағдайда жоғалып, қандай жағдайда да өсіп-өніп, көбейе алатынын және оны ізгілікті, игілікті әрекеттерді меңгеруге, біздерден бұрынғы өмір сүрген ата-бабаларымыздың тәжірибесімен қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтардың көзқарасын көрсеткен білімді, яғни айқындалған бір текті көзқарасты дін шариғатымызды меңгеруміз де міндетті болмақ. Сонымен бірге әр заманның қуаттарының қозғалысының  жаңадан сапаларының пайда болып түрленуімен адамзаттың бұл қозғалыстық қуаттарды меңгеруде білімі де жетіліп отыруына қарай, өмірге деген көзқарастары да өзгеріп, түрленіп отыруы керек. Ал мұндай ақпараттардың қорын діннің көмегімен меңгерген білімді ақылымызға таза ойдың қуатын, парасатын алумен яғни Раббымыздың тарапынан берілетін аян, уахиларды оқушы, елшілік істерін жалғастырушы дарынды құлдары арқылы жетілдіріп отыру да міндетті екені сөзсіз.

Осындай айқын болған көзқарастардың білімін, шариғатымыздың сан-алуан сырларын меңгеруді дін білімі десек, ал біздердің бүгінгі дін саясатында масһаб деп атап және бұндай білімге және осы білімді қалыптастырушы әулиелердің тәжірибесіне сүйенген ақылдың біздердің сенімімізді қалыптастыруға себепші болатыны да сөзсіз. Сонымен біз масһабтық білім арқылы діннің мән-мағынасын білдірумен бірге әділетті, ізгілікті, игілікті қоғам құру үшін мұндай білімді амалға, әрекетке айналдырған абзал деп түсіндіреміз. Және біз бұл білімге сеніп және көптеген ізгілікті амалдарын орындау арқылы яғни бағзы замандағы осындай істермен әулиелікке жеткен кісілердің істеріне еліктеп, ғибраттанып табыну арқылы белгілі бір жақсылықтарға жетуіміз де сөзсіз. Бірақ біздер тек сенімділік білімімен, намаздарымен шектеліп алып ақиреттің жағдайын, сырын, кітабын көрмей ақиқатты анықтауға шарасызбыз. Себебі сенім бізге ақыл, білімнен жарық қорған киім болып, біздің ішкі дүниемізге сырттан әрекет етуге, қара күштердің ықпалына түсіп кетуден сақтандырып, белгіленген салтпен жүруді қалыптастырғанмен, дін жолында жоғарғы дәрежелі жетістіктерге жетіп даналықтың үлгісін қалыптастырған Алланың ерекше құлдары болған пайғамбарлар мен әулие-әмбилердің бізге қалдырған ақиқатқа жету үлгілеріне, көмес кітаптарына яғни аруақтарына жалғанып меңгере алмаймыз да.  Ал, ақиқат дегеніміз әр адамның меңгерген білім-сенімі арқылы өзіне тән табиғи қасиеттерін меңгерумен ғана көз жеткізген өмір шындықтары, яғни тектеріне жалғанумен меңгерген  танымы болып табылады. Мұндай дәрежеде қалыптасатын біртектілік қасиеттердің жиынтығы болып табылмайды. Тектілік дегеніміз  таза ақылмен, парасатылықпен байланыста тұрумен, ақиқатты анықтауға қабілеттілігімен белгілі болады. Ал қасиеттер болса, пайда болуға және үнемі жетіліп жаңарып тұруға тән құбылыстағы қуаттар болып, белгілі сапалық тұрғыда табиғи және замандық өзгерістерден уақытқа тәуелді қасиеттер болып көрінісін береді. Сенімділік тұрғысында біздерге тағдырмен берілген табиғи қасиеттерімізді меңгерумен бірге замандық уақиғаларға қарай бейімделген сыртқы ортадағы қасиеттерді жүктеліп аламыз, тазартамыз, сондай қуаттар арқылы табиғи қасиеттерімізді жетілдеріп өркендетеміз.  Енді біздер өзіміздің табиғи қасиеттерімізді тану үшін ата-бабамыздың шежірелік дін дәстүрін меңгеру арқылы және өмір сүрген ортаның барлық қозғалыс себептерімен жалғанумен, ата-бабаларымыздың меңгерген өмір шындықтарын қабылдаумен, оны әрі қарай заман білімімен, қозғалыс қуаттарының әрекетімен жетілдіре білумен ғана өзімізге қажетті өмір шындығымызды, ақиқатымызды танып біле аламыз.

Олай болса адамзатқа ұлтына, үмметтік ерекшелігіне, діндік ұстанымына байланысты екі жолы болып, осы екі жолды меңгеру арқылы біз діннің негізгі тура жолын табады екенбіз. Бірінші жол сенімнің жолы –Дін ісі шариғатымыз болып, масһабты жол деп атаудың да бір ұғымы осындай жағдайда пайда болады. Бірақ бұл жер бетіндегі тіршілікке, өмір сүруіміздің адамгершілік тұрғысындағы қасиеттіліктеріміздің біртектілігін қалыптастыруға негізделгенмен, тура жол болып табылмайды. Себебі шариғат арқылы ақиқатты айқындау мүмкін емес. Ақиқат бүтіндікті меңгерумен ғана айқындалмақ. Ал бүтіндікті аталарымыз; «Екі жарты бір бүтін» деп атаған. Олай болса, жаратушы иеміздің «Барлық жаратылысты жұбымен, парымен жараттым» деген негізді де теріске алуға болмайды. Сонымен адамзаттың ең жоғарғы дәрежелі сенімділік жолы ислам дінімен бекіп, бұл Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеттермен байланысты болғандықтан пайғамбарымызды; Әмин-Сенімді деп атағанда да осындай ұғым бар. Аятта; «Оған екі көз жаратпадық па?(8( Әрі бір тіл екі ерін?(9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады(11) Кедергінің не екенін қайда білесің?» (90-12) Сонымен адам баласына екі жолды көрсетіп, Сенім және иманның жолын меңгеру арқылы түрлі кедергі сынақтардан өтумен ғана тура жолға жалғана аламыз. Пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады. Бірі діл білімі, бірі тіл білімі» деген өсиетін Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан» деп осы екі білімнің сөзбен байланысты екенін; Тіл білімі-кәлимамен, сенімділік білім болса; Діл білімі-жүрек-иманмен байланысты екені де хақ. Және қандайда бір ғылымның тармақтары және онан пайда болған білім ақыл-ой қуатын да өсірумен адамзаттың сенім қуатын арттыруға себеп болады. Сондықтан да сенімнің жолын да тек шариғатпен немесе масһаб білімімен, дін ісінің тәпсірлерімен шектеп қойсақ, онда қалай жол болып аталады?

Сенімділік қуат біздің дүние тіршілігіміздің барлық саласын, соған байланысты тұтыну нәрселерінің адамзатқа пайда зиян шектері туралы білімді де қамтып отыруы керек. Аятта; «..Мұхаммед сондай дінді өтіріксігенді көрдің бе?(1)..Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш!(4)…Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады.»(107-7) Дін тек намаз оқып жаратқанға жалбарыну ғана емес, адамзаттың барлық тіршілігі мен білім тұрғысында өркениеттілікті, өсіп-өнуді яғни пайдалы іс-әрекет амалдардың бәрін меңгеруді қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге біздің барлық ақпараттық, қуаттық өрістерді, ағыстарды қасиеттілік сапасына айналдырумен жаратылыспен, бүкіл әлеммен тұтастықта болуды қамтамасыз етуді жолдар немесе тура жол деп атаймыз. Қазақ даналығында; «Тоғыз жолдың торабы», «Үйірімен үш тоғыз» деген ұғымдар бар. Олай болса көкте жеті жол, өзімізде екі жолдың бары да хақ. Біздің өзіміздегі өміріміздегі жолдарымыз  иман тұрғысында тағдырлық жұлдызымызбен, ал сенім тұрғысында сана қуатымен, бой өрісімен байланысты болмақ. Сенім мен иманың бірлігінен сенімнің жоғарғы нәтижесі сана қуатының пайда болатынын да естен шығармаған жөн. Сана адам баласының ұғыну қасиетінің, қасиеттерді меңгерудің жоғарғы дәржесі болса, иман қуатын меңгерудің нәтижесі «Мен»-дігіміздің жетістігін меңгерумен Ар сауытын қалыптастырады. Ал Ар сауыты өрісі Алла тағаланың құдіретті 8 сипатының  адамзаттың бойында бейнеленуі болмақ. Ол үшін де діннің тарихат, мағрипат сатыларынан да өтумен, ақиқатты танумен ғана біртектілікті, арлылықты – Ақ сауытымызды, яғни сананың да киімін, кемелдік денемізді қалыптастыра аламыз. Ал, мұндай жағдайда  діні ісі болып бекіген шариғат айқын болған көзқарастар білімі болып саналуы керек. Сенім қуаты және білімі де шариғатпен тұрақтап қалмайды және шексіздікке негізделгені де хақ. Себебі біздер енді 100, 1000 жыл өткеннен кейін қандай заманның болатынын және адамзат білімінің қандай дәрежеге жететінін де болжай алмаймыз да, рұқтың сипаттары да, қозғалыстық түрленуі де өзгерумен қуаттылығы да арта беретіні хақ. Мұндай жағдайда құран аяттарының жаңадан құпия сырлары, ғылымы ашылары да сөзсіз. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Әрбір 100 жылда сөз ұғымдары өзгеріске түсіп отырады» деп ескерткен. Ал қазақ даналығында; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген астарлы ұғыммен сенім білімін әрбір елу жыл сайын қайта қарастырып, ал жүз жылда мүлде өзгерістерге түсетінін ескертіпті. Себебі ЕЛ – бірлік, отан болып пайымдалады. Ал ЕЛ иман қуатымен, даналықпен байланысты болса; Отан — парасат қуат-күшімен рухани әке иемізбен байланысты болмақ. Әрбір үмметтің өзіндік ерекшелігі Елдігі болып, бұл қуаттың бейнесі әйелдер қауымымен байланысты болып, ізгілік пен игіліктің әрбір халықтың жан дүниесінде бұрыннан орнығып, ділдік тектіліктің негізін құрап, адамгершілік қасиеттерге жол ашуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен елдік тегіміз арқылы имандылықтың негізі жан дүниемізде және Мендік болмысымыздың қызметші қуаты болса, ал парасаттылық тегімізді сенімділікті меңгеру арқылы ақылымызға ой қуатын, яғни Құдайлық идея – нұр түрінде жүктеліп алуға жол ашады. Бірақ сенімділікті жындық қуаттарымызды тазартып қана меңгеруге тәуелді болып, жанмен бірге тағдырлық болып берілетін талаптылық қуатпен түрлі қасиеттіліктерді меңгерумен байланысты болып табылады. Сондықтан жын 72 санды белгіден, қуаттылық қасиеттіліктен тұратынын да білген жөн. Енді мұның ішкі сырына жүгінсек; Ақылдың 6 белгісі болып; 1.Сезімдік ақыл; 2.Сезімнің аңғарымпаздығы;3.Қаракеттік ақыл;4.Қаракеттік ақылдың талаптылығы, таланттылығы; 5. Сезімдік ақылдың естілігі;6. Қаракеттік ақылдың естілігі деп жіктеуге болады. Адамзат жаратылысы жануар болғандықтан, енді осы ақылдың белгілерін 12 сипатты жыл қайырудағы жануарлар, құс, жәндіктермен байланысты жындық тұрғыда бейнеленген қозғалыстық, қуаттылық негіздері болып табылады. Ал енді әлемдік қозғалыстық, өрістік тұрғыда бейнеленетін жындық қозғалыстық бейнелерге көбейтсек; (6х12=72) жындық қуаттардың тегін аламыз. Барлық қозғалыстың тегі Уақыт болып; Тәуліктегі 24 сағат ішінде әрбір 20 минут сайын жындық қуаттардың алмасуы болып, тәулігіне 72 рет қайталануы да болмақ. Сол сияқты төменгі жиіліктегі сезімдік қуаттармен бірленуін яғни сағаттың ішінде де 0,83333..секунд сайын алмасу (биоритм) болып, жүрек соғысының жиілігінен де жындық қуаттың шамасын,  кісіліктің тазалық шамасын да анықтауға  болатыны да сөзсіз. Жалпы еркектік гормон үні болған жын қуатының адамзаттың 8 түрлі ағзасымен байланысты орындары болып; 1.Ми;  2.Құлақ; 3.Көз; 4.Ауыз; 5.Асқазан; 6.Алақан; 7.Бүйрек;  8.Табан тазалықтарымен байланысты кісіліктің бой жарығы түрінде қалыптасатыны да сөзсіз. Бір ғана мидың жағдайында жын қуатын қарастырсақ; әйелдердің жалаңабас жүруінен, шашын қиюынан еркектік гормондардың артуымен әйелдік қасиеті жоғалып, ойлау қабілеті де тұрпайылана бастайды, ал ер азаматтарда керісінше әйелдік сезімталдық гормондардың үлесі азаюы да сананың жабылуымен нәтижелетіні де сөзсіз. Жалпы осы ағзалардың ақпараттық, өрістік қабылдау жиілігімен байланысты 8 түрлі жындық қуат болады және  72:8=9 денелік тұрғыдағы кісілікті немесе бұзықтықтың да сипаты болатынын осындай қарапайым есеппен де аңғаруға болады. Пайғамбарымыздың; «Болашақта  дінде 72 топқа бөлінеді 73-ші топтан бастап тура жолын табады» деген өсиетінде де осындай ғылымдық маңыздың бары да хақ. Сондықтан сенім деген жындық қуаттарды тазарту амалын орындамаған жағдайда, шайтанның азғыруына оңай түсіп, түрлі  қылықтарға, білімге жүгінумен, құранның аяттарын бұрмалауға, дінді теріске алуға байланысты  түрлі «экстремистік» пиғылдармен айналысып кетуге де соқтырады. Жалпы біз қандай жағдайда да жындық болмысымыздың, қылығымыздың (эмоциональность) арқылы әйтеуір бір сенімнің жолын таңдаймыз. Ел билігінің; «Діннен бөлекпіз» деген заңдарының өзінде өздерінің меңгерген білімдеріне, ақылдарына, жинаған байлық қазынасына сену арқылы ойдан шығарған заңдарының құдіреттілігі арқылы бақытты мемлекет құрамыз деп сенеді. Яғни өздерінің сенімдері арқасында қалыптастарған жалған діндері  арқылы заңға шоқынады.

Сол сияқты қазақ елінде әр түрлі партиялардың пайда болуы да бұл да сеніммен, жындылықпен тікелей байланысты түрлі әдістермен заңға сүйене отырып, бақытты мемлекет құру немесе өздері қалайда ортақ қазынаның үлестірушісі болуға, тақ, дәрежеге құмарлық талаптылығы деп түсінген де дұрыс. Ал ныпсыңдағы «Ов ме Ев, Еваны» алып тастап әкенің, атаның есімдерін атқа-жындық болмысқа айналдырып алудың өзінде жындылықпен негізделіп, орыстан іргені аулақ салып, таңбаны өзгертіп, бар байлық тек қазақ ұлтының үлесінде болу керек, орыстар қазаққа ашаршылықты әдейі ұйымдастырған, бұл Құдайдың қазақ халқына түсірген сынағы емес, сондықтан бүкіл орыс ұлтын жек көруге, ұлттық тұрғыда бөлектенуге шақырған имансыздық болып; құранға да тағдырға да ашық қарсылық білдіру сияқты түрлі қылықтармен; «бақытты ел боламыз» деп өздері сенгенмен қоймай, артынан ақымақтарды да ерте білуі де теріс діннің бір саласы «секта»-тобы болатыны да сөзсіз. Масһаб діншілерінің де бес парыз намазбен, ораза ұстап, зекет беріп тура жолда боламыз, жаннатқа тікелей ене саламыз деген ертегіге өздері де сенеді, халықты да сендіріп, ақылдарын қақпанға түсіріп, елді жынды қылумен айналысып жатқандарын, иманды меңгерудің түрлі істеріне қарсылық білдіріп, сенім мен иман қуатын бір деп түсіндіріп жүргендерін ескерткенмен, мұны ақылмен қабылдаулары мүмкін емес. Мұндай жағдайда сенімділік білімінің тәпсірлерге, ой жоруға түсіп, ғылыммен негізделіп, иман ішкі менін тыңдау арқылы басқарылмағандықтан да, жындық қуаттардың белгілі бір жүйесіндегі тылсымдық тобымен байланыста тұрып,  ақылдың негізделіп байлануымен, мұндай қорадан тысқа шығу қорқыныш болып және қандай біліммен, нақты әрекеттермен дәлелдегенмен де, мұндай имансыз, парасатсыз, біртектіліксіз надандық қылық қасиетке негізделген сенімдерінен бас тартқызу мүмін емес. Сенім иманнан жоғары болып, оны басқарып кетсе, онда иман қуатының белгілі бір шегін ғана ұстанумен «секталық» топ құрып, мұндай топтар өзара сенімдерін биікке шығару, үстем болу жолында өзара немесе ел билеушілерге қарсы шығып соғысып кетеді.

Ислам әлеміндегі қазіргі дәуірдегі бүлікшілік соғыстардың бәрінің де себебі; өздері меңгерген жындылық сенімдердің  үстемдігін қалыптастыруға арналған өзара соғысы деп түсіну керек. Қазақтың ел билігі мен зиялы қауымы да мұнан бос қалмай, ата дәстүрмен байланысты имандылықты, парасаттылықты меңгеруге тиым салып, ақылдың азып, талай ғасырлар бойы жалғанып тұрған Алланың жібін үзіп, енді мұндай бос кеңістіктің  пайда болуын иманның жаулары тажалдық топтар тез пайдалана қойып, өздерінің сенімділік қуаттарын тықпалап, мыңдаған ақылсыз жастардың мұндай соғыстарға өз еркімен аттануларына да жол беріп қойылғаны да хақ. Мұхаммед пайғамбарымызға; «Олар жолдастарының жыны болмағандығын түсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана.» (7-184) деген аяттың сыры да, пайғамбарымыздың сүннеті мен көрсеткен намаздарының үлгісі, тек қана бір ақыл жетелікпен, кісілік арқылы ғана орындалғанда нәтиже беретініне дәлел белгі болмақ. Кісіліктің имандылықпен бекіген мұндай дәрежесін «ОЛ» деп атаған. Аятта; «Ол, Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бара ма?» Жоқ олай емес. Ахиретке сенбендер, азапта және ұзақ адасуда.» (34-8) Сонымен иман қуатының болмаған жерінде жындылықтың болуымен және мұндай жағдайда ақирет білімінің де әлсіз болып, сенімнің де тура жолдың қисығына немесе құранды теріске алып жалғандыққа негізделген алуан тобы да пайда болмақ. Жын қуатын біртектілік тұрғысында меңгеріп; 72 жын сүресі+28-аят =100+Бір иман тегі белгісінің  (101)Алланың жүзі болып қалыптасатынын және сенімнің;11,81;9 сандық белгілері болып, нәтижесінде 101 санды толық қуаттылығын және осындай тұрғыда қарсылығы барын қазақ даналығында; «Жүз бір атты бәледен сақта құдай» деп сыйынуды қалыптастырған.

Олай болса, имансыз, парасаттылықсыз яғни ақиреттен хабар алмай, яғни аян, уахимен берілетін құранның кітабын меңгере алмаған жағдайда иманның бақылауынан тыс қандайда бір мықты, күшті сенімділік жолын, қарсылық күштер өз мақсатына оңай бұрып алып, зұлымдыққа да оңай түсіріп жіберуі да сөзсіз. Қандайда бір екі-үш жоғарғы оқу орнын тамамдаған пенденің де, ел билеуші, зиялы аталған қауымның да осындай топтардың азғыруына тез байланып қалатыны да, ішкі дүниесінің жарығы яғни иманы әлсіздіктен болады. Сенімділіктің жын қуаттарының тазалығымен, ақылдың толысып бір ақыл естілікке айналуымен тікелей байланысты екенін де жадыңызға тоқып алыңыз. Естіліктің де екі сипаты барын Абай атамыз да ескертіп кетіпті. Қандайда бір адам баласы 4 ақылдық қуаты 40-жасқа жетіп толысқанша екі естіліктен арылуы да мүмкін емес. Сондықтан ақылды бірақ жіңішке әйел мінезді еркек пен тұрпайы еркек мінезді әйелдердің қоғамда көп кездесуі де осы жағдайда гендерлік теңсіздікті білдіреді. Сезімдік ақылға негізделген естілік; әйел кіндіктілерге тән болса, ал қаракеттік ақылға негізделген естілік; еркектерге тән болып, «Бас екеу болмай, мал (қуат, ақша, ақыл) төртеу болмас» деген данагөй аталарымыз. Әйел басынан ақыл қуатын еркекке қан арқылы берілсе, еркек басынан қуатты белі, шауһаты арқылы әйеліне беріліп, алмасумен екі жақта естілік тұрғысында теңелу керек. Орыстың мақалында; «Муж и жене одна сатана» деп астарлаған. Қазақта;  «Сынықтан басқаның бәрі жұғады»6 «Ұрының қатыны өзіне сай болады» немесе «Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге шығарады, жаман әйел есікке сүйрейді» деп әйел сезімінің, қанының тазалығы, иман қуаты ердің саналық қуатын арттыратынын ескерткен.  Сенімділік қуатты адамзат бойының қалыптасуымен, бой жарығымен байланысты құранда; «Бой ұсыну, бой ұсынушы» деген ұғым бар. Бой жарығының  7 қабаттан тұратын зейнет киімі болып, оның 5-і жалғандықпен, қарсылық ақпараттармен байланысты және жер бетінің көкпен екі аралық ақпараттық жүйесімен байланысты болса, ал екі күн (чакра) алтыншы; маңдай-тағдыр болса; жетінші; төбе-сана қуатымен байланысты болмақ. Қазақ даналығында; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» дегендей негізгі 4 күн (чакра) адамзаттың тағдырлық жаратылыстан берілген 4 сөз имандылық, мендік қуаттарының жағдайына тәуелді болмақ.

Сонымен сенім қуатын меңгеру үшін де, жындық қуаттармен байланысты қасиеттеліктермен жүктеліп, тазартып меңгеруге тәуелді болса, ал имандылық қуатын меңгеру ішкі дүниенің ақыл ошақтарының, жындық қуаттардың тазалығымен, әлемдік тұрғыдағы тектерге жалғанумен, бір тектілікті қалыптастырумен дін жолында озық үлгілерін қалыптастырған Алланың сүйікті құлдарының тылсым құпия сырларын меңгеріп, білімін айқындауға қол жеткізген ақиқат істеріне, парасаттылықтарына жалғанумен нәтижелі болмақ. Сонымен жоғарғы аяттағы екі жол; сенім мен иман жолын меңгеру арқылы, «Кедергінің не екенін қайда білесің?» деген үшінші жол арқылы негізгі жолдарға жалғана аламыз. Бұл жағдайды; Яссы, Мұхаммед, Інжіл деп атаған. Яссы –қажырлық, жігерлік; Мұхаммед – сүйіспеншілік ; Інжіл – қайрымдылық , ақиқат болып пайымдалады. Олай болса жындық және шайтандық қуаттарды меңгеру жаратылыспен, өсімдіктер, жануарлар әлемімен байланысты исламға дейін де көркем сөз өнері (язычник) түркілік дәстүр болған Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымыздың істерімен жалғанумен, қол өнерді меңгеру, сөздердің құпиясын, даналықты меңгерумен, қажырлық, жігерлікпен байланысты болмақ. Қазақ даналығында мұны бір ақылмен пайымдап, ұғына білу; ЖЕТЕЛІК деп атаған. Жетелік негізінде жеті аталық қанды таза сақтаумен, ана сүтінің ақталуымен нағашы тегімен байланысты болады. Осындай адамгершілік негіздерді қалыптастырумен ғана біз Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгісін, пайғамбарлық сүйспеншілік намаздарын меңгеру арқылы құдайдың сыйына, дарындылыққа, інжілге жалғанып; тазартушы,емшілік, ескертушілік, елшілік, қайрылымдылық істерді меңгерумен ақиқатқа, парасаттылыққа жалғана аламыз. Ал, арап ұлтына Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен орта топтық үлгісімен діннің қазығы болып тұруға міндеттелгені де хақ. Бірақ оларға да аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! (құранды меңгерушілер) Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Сонымен бұл аяттың үкімін пайғамбарымыздың кезінде орындаған аз ғана сахабалар болып, кейіннен тек Құранның үгітінің, пайғамбар хадистерінің соңына түсумен төрт масһабтық топтың пайда болып және  мұндай ислам топтарың көбінің азғындыққа түсуіне қазіргі замандағы ислам дініндегі жағдайдан байқауға болады.  Ал қазақ елінің мұндай діндердің бәрінің басын қоса білуімен және біздер үшін құранға жүгініп, түрлі тәпсірлер мен сүнеттерді қайта талқылап, жіктеп жатпай-ақ немесе сопылық топтарға бөлініп алып бір әулиеге табынумен түрлі тарихаттық жолға түсіп өзара қайшылыққа түспей-ақ дәстүр атты ата жолының қағидасымен, Раббымыздан түсіріліп жатқан аян, уахиларды, хикметтерімен ашылған істерді меңгеру арқылы да әрбір қазақ баласы мен өзге ұлттың өкілдері де жол-жобасына жалғанып, жетелігін қалыптастыру арқылы Мұхаммед пайғамбарымыздың сүйіспеншілік істерін, қалдырған өсиеттерін де өз дәрежесінде меңгере алады да…  (жалғасы бар)

XIX-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Қазақ дәстүрінің құранмен бекіп, бүкіл әлем діндерін толық қамтып қалыптасуы да жан ғылымы мен жоғарғы біртектілік қасиетті меңгерген Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астында хилуетте өмір сүріп, әлемдік барлық ақпараттық жүйеге жалғана алуымен байланысты екені де хақ. Бұндай ақпараттар жүйесінің 3 түрлі тараудан 33 мың сипаттардан; нақыл — сөз құпиялары, ғылым деректері, ғылым көздерінен  тұрып барлығы 99 көркем есімдермен немесе Ар —атты Алла тағаланың сегіз сипатының бейнесімен байланысты болып, сәни дәптердің хикметтерінің сандық мәндері мен құран аяттарының арасында тығыз байланыстың барын әзірге ұғына алған қазақ ғалымын таба алмайсыз. Ясауи бабамыздан талай мыңдаған шәкірттер тарап, түркілік руханиятының тура жол болып қалыптасуына да, әлемдік тұрғыда дінде әділеттілік пен өзара қарым-қатынас еркіндігін қалыптастырған Шыңғысхан бабамыздың орнатып кеткен  тыныштық заманымен  300 жылдан астам уақыт әлемде түркілік дін дәстүрінің үстемдігі қалыптасқаны да хақ. Бұл тектілікке негізгі мирасқор қазақ елінің әлемдегі ең көп әулиелер, пайғамбарлар жерленген мекенге айналып, біздердің осыншама көлемдегі жерге, байлыққа еге болып қалуымыздың өзінде ата-бабаларымыздың өсірген рухани бақшасының  иесі атануға, Құдайлық тағдырдың ықпалы екені де хақ. Мұндай жағдайда қазақ халқының да рухани сынақтары өзге елдерге қарағанда ауыр және қиындығы да зор болатыны да хақ.  Әрине құранды және онан тараған таза білім мен кітаптарды, ғылым, қуаттарының  бірлік жүйесін қорғап сақтауға Алла тағаланың бекіген уәдесі барын да естен шығармаңыз. Осындай сөздің құнын, барлық ізгілікті, игілікті діннің амалдарын орындауға негізделген дәстүріміздің қаншама уақыт өзге елдердің ықпалында болғанымен, жоғалтуға жол бермеген Раббымызға мың шүкір дейік, ағайын!

Қазақ даналығында; «Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деген мақалдың барын білсеңіз, онда сана деген қуаттың ең жоғарғы ақылдың ұғыну қуаттылығы мен түсіну қабілеті болып және Раббымызбен тікелей байланысқа шығуға да мүмкіндігі бар рухани жетілген адам баласына тән болмақ. Алдыңғы тарауда тектілік пен қасиеттіліктің айырмашылығын баяндап кеттік. Және «Жын шайтандар..» атты жазбада тектердің әлемдік ортақ жағдайда нәсілдік белгілермен байланысты жүктеліп, біртектіліктің қалыптасатынына дәлелдер келтірдік. Қазақтың даналары әлемдік тұрғыдағы жан ғылымының білімін меңгеру арқылы дін тұрғысында шариғаттың шарттарын  ұстанып, намаздарын орындап, жоғарғы жетілгендік парасаттылықты, саналықты меңгеру үшін тарихат, мағрипат сатыларынан жеке-жеке өтіп жүрмей-ақ және дін ұстанымында тарихат, мағрипат деп діндік бір ағыммен, топтармен бөлінбей-ақ, қарапайым қойшы мен патшаның да күнделікті өз міндеттерін атқарып жүріп-ақ меңгеруге болатын дәстүрін қалыптастырумен, біздердің ұлтымызда нәтижесі тектілік болып бекігені және ақылдық қуаттың сапасы- жетелік болып қалыптасқаны да хақ. Сондықтан бұл сырды; «Жетесізге жеті айтқанмен түсінбес» деп қаны бұзылып тегінің азғанын, ана сүтінің ақталмай, әке аманатын тастап қойғанын ескерткен екен. Сонымен әрбір жетелі азамат, азаматша да ұлттық дәстүрімізді бұлжытпай орындау арқылы шариғаттың істерін меңгеріп жүріп-ақ, Құдай ісі болған Раббымыздың көрсететін жол-жобасын алып, саналықты меңгеріп Ар сауытын да  оңай қалыптастыра алады. Раббымыздың; «Дінді қиындатпаңдар» деген үкімін жоғарғы дәрежеде орындай білген қазақ әулиелері болып, ешқандай хат танып, кітап оқып, хадистерді ақтарып, құранды жаттауға мүмкіндігі болмаған әрбір қазақ ұлтының өз дәстүрін  сақтау арқылы көркем сөз шығармашылықты меңгеру арқылы жоғарғы дәрежелі білімді хазірет, шейхтармен тең тақуалықты меңгеріп, саналық тұрғыда сұқбаттасуға да, өмірді, дінді дұрыс пайымдауға да жете алғаны да хақ.

Қандайда бір ұлттың, үмметтік топтардың немесе дін тобының да құранға, пайғамбарымыздың өсиеттері мен ата-баба тарихи шежіресіндегі меңгерген тектілік, дін құндылықтарынан, жанның ұлттық шығармашылық сөз өнерінің тағдыры да қалыптасып, бұл үзілмейтін жіб болып; Алланың жібі деп аталды. Осындай қазақ ұлтының да қалыптасқан Алланың жібін меңгерудің сырларын шығармашылық тұрғысындағы даналардың еңбектерін түгелдей қамтып, құран аяттарының ұғымдарын бейнелеу үшін де белгілі сандық жүйенің, сан ғалымының болуы шарт. Осындай сандық жүйе ғылымы арқылы қазақ дәстүрін замандық қозғалысқа, шаруашылық істерді меңгеру өркениетіне де бейімдеп отыратын философиялық шығармашылығы мен оны қалыптастырған ғұламалары да болатыны сөзсіз. Мұндай білімде де қазақ халқының әлемнің алдында озық болғанына дәлел болатын; Абай-Шәкәрім әулие, ғұлама, сопылардың біздерге қалдырған еңбектері деп мақтануға тұрарлық деп түсінген жөн. Бірақ Абай атамыздың еңбегін сандық тұрғыда құран аяттарымен, пайғамбарымыздың өсиеттерімен салыстыра отыра, жан ғылымының құпия сыры болған, құранның жеті үніне жалғануға болатынын және мұндай жағдайда саналық қуаттың жалғануымен  Шәкәрім атамыздың шығармасын да оңай түсінуге болатынын білу үшін де әулие бабаларымыз меңгерген тақуалық дәрежеге көтерілу керек. Ал  сана дегенеміз жетеден жоғары тұратын, адамзаттың сөзді ұғыну қабілетімен, тылсыммен байланысу жүйесімен байланысты болып, бұл белгілер негізінде әрбір адам баласының тегінде жаратылыстан болуы керек. Егер біз өзіміздегі бар белгімен ғана салыстырып танымасақ, онда бізге беймәлім құпия болған ақпараттардың  сырын түсіну қабілетіміз жоғалады. Және саналықтың ана жатырымен, етегімен, ақ жаулықтық қуаттылығымен, бой өрісінің тазалығымен ғана нағашыдан келе жатқан тектің қанында ділдік бейнеленуі болып, ал мұндай қасиеттілікті қалыптастырмай, ар, ұяттылықты сақтамай, бой жарығының (аура, дене) жетілмеген жағдайында ұрпақтардың санасыздығы, меңіреулігі, мәңгүрттенуі болып, сөз ұқпайтын адамзаттың қоғамын ғана қалыптастырады.

Мұндай жағдайда  намазын оқып, оразасын ұстап, зекетін беріп, қажылығын жасап тақуа, мүмін аталғанмен, сөз ұғыну қабілеті болмай, құр сенімге ғана бой ұсынушы болғанымен, бірақ имандылық қуаттарын меңгеріп, тегін жетілдіре алмайды.  Негізінде мұндай пенделер өз ұлтының дәстүрін, сөз құндылықтарын меңгеруге де құлықсыздық танытып, дін жолында тарихатқа түсіп, тақуалық жасап талаптанғанмен, иман қуаттарын меңгеріп, тегін жетілдіре алуға шамасы жетпейді де. Себебі толымды бір ақылдың көмегінсіз иман іздеп келмейді жұлдыздардан. Мұндай жағдайларды қарапайым тілмен жетесіздік деп атау керек. Негізінде ұлтымызға тән тектілікті меңгеруде қазақ елінде, мейлі шет елдегі қандастармызды да қосқанда да және саналыққа жалғануға мүмкіндік белгісі бар, жетесі ашық 10-ақ мың азаматтар бары да хақ. Бірақ қазіргі таңда бұлардың басым бөлігі әлі рухани ояна алмай жатқаны да сөзсіз. Осындай 10 мың адам баласының жетелік ақыл қуатын меңгеру арқылы 100 мың қазақ ұлтының азаматтарының рухани оянуына әсерін береді. Яғни адамдардың арасында да өзара қуаттардың алмасуы, көңілдің сәулесі ұждандылық арқылы бірінен-біріне берілуімен ақпараттық алмасуды, көңілді тазарту қабілетінің болатынына бұл дәлел болмақ. Олай болса, біздерден әлемнің барлық жанды, жансыз жаратылыс егелерімен  де,  халқымен де өзара қуаттық тұрғыда алмасу, жұғуының болуы да хақ. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады», «Әдеті жаман елге әйеліңді апарма» деп жамандықтың, аурудың, теріс пиғылды  әдеттердің, мінез, қылықтардың жұғуын ескертсе, «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген нақылдың да астарында құранның аяттары тұрғанын білген абзал. Сонымен біздер жаңбыр арқылы әлемдік барлық керекті ақпараттарды жанымызға жалғануға жер ананың өнімдері арқылы азық тұрғысында «Ел» қуаты қылып алатын болсақ, тылсымнан  әулиелер, пайғамбарлар аруағынан саналық, парасаттылық қуаттарды рухани серіктеріміз, күзетшілеріміз арқылы жалғанып ала аламыз. Біздердің ұлттық, рулық, жыныстық ерекшелігімізді сақтау үшін де түрлі қасиеттілікті жаратқан болса, ал әлемдік тұтастықта болып, мейлі қандай ұлттық, дін ұстаным, сенімділік ерекшелігіне қарамай біртекті Адам аталу үшін де, әлемдік барлық қозғалыс тектеріне жалғанудың амалын, намаздарын орындауын да меңгеруіміз керек. Мұндай намаз орындауды; «Атаның баласы болма, Адамның баласы бол. Атаның баласы – дұшпаның, Адамның баласы — досың» деген. Біздердің Ханафи масһабын ұстанып Имам Ағзам әулиенің баласы болып алғанымыз да құранды теріске алудан пайда болғаны сөзсіз.

Олай болса, бізге жетелік ақылдың маңызы да зор болмақ. Біз жетелік ақылдың қуаттылығын меңгеру арқылы ғана саналыққа жол ашылып, парасаттылықты да меңгеруге мүмкіндік аламыз. Және Абай-Шәкәрім  және Ясауидей ғұламалар еңбегін сандық тұрғыда жүйелеп оқып, саналық тұрғыда түсініп қана Алланың достары болған пайғамбарларымызға жалғанып, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатынан да жалғанып үлес алуға жол ашамыз. Құран сандық ғылым тұрғысында кітаптарға айналып, барлық әлемге келген діндердің ақпараттық белгілеріне жалғануға жол ашады. Яғни  пайғамбарымыздың сүннеттерін орындаумен және дәстүрімізді меңгеріп даналарымыздың қалдырған еңбектерін түсіну арқылы біздер құранның осы заманға  дейінгі ашылған барлық кітаптарына жалғануға мүмкіндік аламыз. Ал, осындай кітаптардан ғана әлемдегі барлық білімнің қазынасы пайда болғанын да естен шығармау керек. Мейлі буддалық, кришналық, таураттық, інжілдік, исламдық, т.б. діндер тобында болсын негізінен бәрі әлемге ортақ даналықтың, парасаттылықтың кітаптарына жалғанумен, әлемге ортақ білімнің өркениетін қалыптастырады да, ал мұның барлық тұжырымдамасы құранға келіп тіреледі де. Сол сияқты әрбір әлемге түскен 4 кітап діннің негіздері, әрқайсысы өзінен бұрынғы діндердің қуаттарын, тектік белгілерін, қасиеттілік сапаларын меңгерумен де ерекшеленеді. Сондықтан Інжіл кітабы өзінен бұрынғы Тәуратты толық қамтиды, ал Зәбурдың белгілі бір тектерін меңгерумен ерекшеленеді. Ал құран бұл 3 кітапты да толық қамтумен және оларды растайды, қорғайды да. Намаздық тұрғыда пайғамбарымыздың қалдырған сүннеттерінде де орта топтық араптарға тән үлгісі болғанымен, өзінің жеке орындаған намаз орындау үлгілері құпия болып, санаулы сахабалар ғана меңгеруімен, Арыстан бабаның мұны әрі қарай жалғастыруға Ясауи бабамызға құрмамен пайғамбар аманатын өткізудің де негізгі себебі бар. Ол Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан діннің, жаратылыстың барлық жанды нәрселермен де тау, таспен де қуаттармен жалғанып, зейнеттелуін қамтамасыз ететін сипаты Зәбур болып оқылғанмен негізгі ұстаным Яссы-қажырлық, жігерлік деп аталып, әлемдік жаратылыспен жалғанудың сыры; біртектілікті қалыптастыру діні қазақ ұлтының мирасында болғаны да хақ. Және Мұхаммед пайғамбарымыздың да үмметі болып, Інжіл-қайырымдылық, ақиқатты меңгерудің барлық амалы тарихат, мағрипат, ақиқат болып кейіннен дәстүр болып қалыптасқаны да сөзсіз.

Масһабшы және дін ғалымдары, топтары исламдық тұрғыда тек құранның аяттарында жазылған және пайғамбарымыздың сүннеттерінде ғана қарастырылған насихаттарға сүйенумен және көптеген аяттардың құпиясын шеше алмаудан жан, тек, иман мен рухани қуаттардың түрленуін, ерекшеліктерін, білімін меңгере алмаудан да қазақтың дәстүрлік дін ұстанымы ақылды тазарту және жетілдіру амалдарының «шерік, серік қосу» деп неге аталғанын мысалдармен дәлелдер келтіре кетейік. Негізі барлық жаратылыс себептері, әлемдік қуаттардың біртұтас жүйесі де құранның жеті үніне жалғанумен ғана пайдалы қуаттарға айналып, олардың намаздарын орындап меңгеруге мүмкіндік болады. Ал, Құранның үндері; 1.Өлшеусіз кеңістікпен; 2.Рухпен;3. Судың үнімен; 4. Саяздықпен; 5.Тереңдік, тұңғиықпен;6. Алланың тілсіз үнімен; 7. Жарықтың үнімен; байланысты болады. Және бұл үндердің қарама-қарсылық, теріс ықпалды көмес жақтары бар. Сонымен барлық жанды, жансыз жаратылыс егелері осы 7 үн арқылы ғана адамзатқа қуат болып қосылып немесе адам баласы өндірген жетілік үндік, яғни аруақтық  қуаттарын бұл жеті негізге қосып дәрежелеп отырады, болмаса қарама-қарсы жағын көбейтуге өз үлесін қосады. Бұл үндерден,  нәтижесінен енді 49 иман қуатының үні және оған қарсылығы пайда болып, парасаттылық қуаттың негізінде 99 көркем есімдік қасиеттердің пайда болуында да осындай сыр бар.Аятта; «Алла жолында мал сарып қылғандар мысалы: Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) Және де «Әйелдерің егіндіктерің қалаған кездеріңде барыңдар» деген насихатпен бұл қуаттарды адам баласының өзара некелесу арқылы өндіретінін білдіреді. Мұндағы 7 сабақ жеті қасиеттің белгісі болса,100 дән жүз түрлі сауалға жауап алатын белгі болып, рухани тұрғыдағы өсіп-өнуді, күш қайратты білдіреді. Сонда осындай жеті қасиетті меңгеру арқылы тәнімізде, денемізде 700 белгі, тылсымдық ақпараттық жүйемен байланыста тұратын аян, уахимен кітаптармен жалғануға арналған ғылым көзі (нейрондар) пайда болады екен.

Ал енді бұл дәндерді қалай өсірудің жағдайын Інжіл жазбасында; «Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндерінің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды. Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Көктеп шыққаннан кейін ылғал жетіспегендіктен қурап қалады. Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар өсіп, 100 еседен өнім береді. –Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап;-Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!-деді.» (Лұқадан 8-ші тарау) Және шәкірттеріне; -Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқалар көріп тұрса да шынымен көрмесін, естіп тұрса да түсінбесін деп, оларға сол құпиялар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Ал бұл әңгіменің мағынасы мынандай; «Тұқым Құдайдың ізгі хабарын  (аян, уахи, батаны)білдіреді. Жол бойына түскендер ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді; оларға әзәзіл шайтан келіп сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректерінен қонған сөздерді ұрлап алып кетеді. Ал тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді; адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана сенеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезінде сенімдерінен безіп кетеді. Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді; адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлық пен ләзаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып, өнімі пісіп үлгірмейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым мынаны бейнелейді; бірсыпыра адам Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі, таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді.» Құран аятындағы 100 дәннің мағынасы да осындай құнарлы топыраққа түсіп 100 есе өнім беретін құдайдың патшалығынан келетін Ізгі хабарға, аян, уахиларға тәуелді болып және қазақ елінің дінді меңгерудегі жағдайынан осы насихаттағы баяндалған барлық белгінің сипатын табуға да болады.Енді қазақ елінде Құдай патшалығы орнап, Ізгі хабар алу үшін жүрек құлақтарының мөрін ашу арқылы әулиелердің батасын аққу, сұңқарлар арқылы алумен, шариғатын берік ұстанып, тақуалықты меңгерумен жетесі қалыптасып, саналыққа (рұққа, орайға, төбеге) жалғанатын ұждандық тектерін қалыптастыра білгендер де баршылық. Ұжданды адам баласы көкірегінде сәулесі болып, ұйқы кезінде жанымен соғысумен өзгелерге де құдай патшалығының хабарын таратушыға айналады. Яғни Алла жолында соғысушы болады. Ал Ғиса пайғамбарымыз ұжданды адам баласын; «Ешкім шам жаққан соң оны ыдыспен бүркемейді, не төсек астына қоймайды. Қайта, үйге кіргендерге жарығы түсу үшін шам қойғышқа қояды. Себебі мәлім болмайтын ешбір сыр, жарыққа шығып, жария болмайтын ешбір құпия жоқ. Сондықтан қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады,-деді.» (Лұқадан 8-тарау). Абай атамыз көкіректе сәулесі бар деп түсіндірсе, Шәкәрім атамыз ұждандылық  туралы насихат әңгіме және өлең де жазған. Сонымен иман деген есту, түсіну қабілетімен байланысты болып, жаныңда жарығымен, көкіректен бөлінетін періштелік бейне ұжданмен байланысты болып, егер кімде ұжданы жүрегінде иман дәні болса, онда ол он саулықпен көктен келетін нұрмен дәрежеленеді. Ал кімде мұндай қасиет қуаты жоқ болса, онда  қиындыққа, азапқа, сынаққа түседі. Мұндай жағдайлар қазақта; «Менің жүрегім таза, ниетім дұрыс» деп өзін-өзі ақтап, иманды, ұждандымын деп мақтанушыларға тән сипат көп кездеседі өмірде… (жалғасы бар)

XX-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

    «Бір мәрте ақиқаттың жолына аяқ басқан халық, бұл жолда өз араларында қашан ұрыс-керіс пен талас-тартыс басталғанға дейін қала береді.» (704-хадис) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті түркі халқына, оның ішінде тура жолдың, ақиқаттың негізін қалаған, сондықтан әлемдердің шежіресін, даналықтың, көркем сөздің құндылығын сақтауға бұйырылған мирастың егесі болған қазақ халқына арналғаны да хақ. Себебі қай елде тура жолдың негізі қаланса, сол ел сөздің құндылығы, жан ғылымының сыры, нақылдардың мол байлығымен ерекшеленуі тиісті. Бірақ, біздер замандар ауысуымен ғұлама бабаларымыздың арамыздан кетуімен байланысты, мұндай ақиқаттың жолынан бас тартып, ақылымыз азып, зұлымдыққа түсіп ақылымыздың шамасына қарай қайтадан өзге елдің жетілмеген дін салттарын, сөз білімдерін құндылыққа бағалап алғанымыз да хақ. Мұндай тарихи оқиғалар 4-5 рет қайталануымен, бұрынғы дәуірлердегі ұлтымызда ерекше қасиетті дарынды болған бабаларымыздың рухтары қайта түлеп, құдайдың елшілік істерін жалғаған, ақылдың сапасын жетілдіре білген әулие, ғұламалар пайда болып, жоғалған, азған   дінімізді қайтадан тазартып, дәстүрімізді жетілдіріп, талай рет ақиқаттың жемісін де жеген ел екеніміз де сөзсіз. Оған ұлтымыздың сөз ғылымында, философиялық құндылықтарында жеткілікті шығармалар да, нақылдардың бары хақ.

Ал, қазірге таңдағы рухани жағдайымыз, «Өзімнен кейін менің қауымымды (араптар елін) қараңғы түннің түнегіндей тұнжыраған қапас басады. Таңертең дінге сенген адам кешкілік дінсізге айналады. Олар азғантай жақсы нәрсеге өз дінін сататын қауым құрайды.» (692-хадис) Пайғамбарымыздың өсиетіндегі  және құран аяттарымен салыстыра отыра, әрбір сөзді сандық белгілерімен мұқият зерттегенде, әрбір өсиеттің белгілі бір топтарға, үмметік жағдайға, елдердің де ерекшеліктеріне қарай айтылғанын білуге болады. Бұл өсиеттегі қауым сөзі үмметтік сипат емес, пайғамбарымыздың шыққан ортасын араптар елін ашық ескертіп және 72 түрлі қауымдық (топтық) діннің пайда болуын, ислам дінінің белгілі бір азғана жақсылыққа яғни иманның, сенімнің белгілі бір шектерін, дәрежесін  меңгеруге негізделіп алатынын ескертеді. Қазақ елі болсын, жалпы тура жолдың дін құндылықтары дәстүрлік тұрғыда қалыптасқан түркі елдерінің бәрі де көптеген уақыт европалық елдердің ықпалында болуымен, өздеріндегі мұндай діннің жетістіктерін, құлшылық намаздарын жоғалтып алып, рухани тәуелсіз мемлекет құру барысында осындай  иман туралы білімін жоғалтып тек сенімге ғана негізделіп алып, түнекке түскен арап елдерінің дін салтын, иманды жетілдіру, қасиеттілік пен бір тектілікті қалыптастыруға арналған құлшылықтарынсыз құр жаратушыға жалбарынуға ғана арналған сенімділік білімін сол қалпында көшіріп алғанымыз да хақ.

Ислам дінін ұстаушылар болсын, мейлі өзге діндегілер болсын, мұндай жағдайда ең басты қателік; ақылдың маңызын, тек, қасиеттіліктерді меңгерудің амалдарын жинап қойып, белгілі бір діннің шариғаттың дін ісін, сенімділік тармағын тура жол атап; адамзатты құтқарушы құдайлық ілім, яғни ақиреттік, тылсымдық ақпарттардың жүйесіне жалғану есігі деп түсіндіретін болғаны да хақ. Сондықтан мұндай жағдайда бізге танылуға Алланың «ӨЗІ» аталған сипаттары; Алла тағала, Рабб  (Құдайлық), Тәңірлік және елшілік Ол Алла сипаттарының ерекшелігін, қуаттардың жүйесін мүлде есепке алмай «Аллаһ-шүкір» ұғымын жаратушы түп негіз деп түсініп, сенімділік арқылы сыртымызды түзеп, иман қуаттарының, ішкі дүниеміздің маңызын, тектілікті жетілдіруді, Құдай ісін, яғни Раббымыздың түсіргендерін, заманға қарай түсіріп оқылатын кітаптарының, аяттарының, уахи, белгі, хикметтерінің маңызын ескеруді мүлде тастап қойдық.  Барлық қозғалыс сөзден, нұрдан басталып, ал нұрлы сөзден яғни таза ойдан ғана уақыт туындайды. Сондықтан негізгі қозғалыстың себепшісі уақыт, оның мерзімдік жүйесі тағдыр екені де хақ. Уақыттық қозғалыстан ақыл пайда болады. Уақыттың ең негізгі себебі, яғни өзгеру бір жағдайдан қозғалыста келесі бір қозғалысқа ауысуы өлім болып, өлімді жеңіп, уақытты меңгерумен мәңгілік өмірге қосылу адамзаттың негізгі мақсаты болмақ. Адамзаттың барлық құлшылығының, өмір салтының, махаббатының да маңызы уақытқа, тағдырына иелік қылып және басқаруға жетуімен маңызды болып, жер бетінің халифалық дәрежесіне жетеді.  Ислам дінінде де бұл жағдайды тағдырын тазартып, ақталып, иман, тек қуаттарын меңгеру арқылы тағдырын өзгертуге, Раббымыздан алған уақи, аяндарды меңгерумен қайта жазуға себепші құлшылық істерін мүлде артқа тастап қойғаны да хақ.

Сонымен уақыттың өзі, Алланың бізге мәлім сипаттары болып, біздің Григориандық күн тізбеміз Раббымыздың құдіретімен байланысты негізгі қозғалыс тегін қалыптастырады. Бұл біздің тағдырлық туылу, өлу, қартаю, ауру сияқты рұқтық, малдық қозғалыстық жер бетінің өмірлік уақытымызды қалыптастырады, уақытпен Алла басқарады. Сондықтан «Уақыт өзі емші» деген сөздің астарында; қандай да бір жанды жаратылыстың, ішкі тіршіліктің нәрі болған;«Раббымыз Алланың өзі емші» немесе «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп атаймыз.  Ал енді бұл уақыттардың сыртқы әлемдік жүйедегі қозғалысын қалыптастыратын; дәуірлік, замандық ғылыммен, құдіретті өзгерістермен, әлемдік тұрғыда бейнеленіп түрленумен байланысты тағдырлық сипатын Алла тағаламен байланысты әлемдік уақыт және оның мазмұнына қарай 8 түрден, жаннаттық жарықтардың сапасынан, 9 жолдардан тұратыны да хақ. Алла тағаланың құдіретті сипаттары жеті қанатты періштелік сипатта бейнеленеді. Негізінен табиғатпен, жер бетінің жаратылысымен, аймен басқарылатын бұл негізгі уақыттың «Григориандық» жүйенің ішіндегі уақыт болғанмен, барлық уақиғаларды әлемдік тағдырды бірлеп, тұтастығын қалыптастыратын қозғалыстық уақыттық жүйені біздер «Хижра» деп атаймыз.  Хижра – әлемдік тұрғыда барлық жаратылыстың орны, баураушы дененің негізі, ақылдың бастауы деп білген жөн. Сонымен біздің сенімділік қуаттарымыз, сыртқы денеміз, дендік саулығымыз Алланың «Өзі» болған Алла тағалалық сипатына, ал ішкі имандық қуаттарымыз Алланың «Өзі»-Раббымыздың нұрлық қуатын, уақыттық қозғалыс жүйесін меңгеруге тәуелді болмақ.

Ал енді бұл екі уақыттық қозғалыстық сипаттың  да сыртқы және  ішкі жүйесінің арасын жалғап тұратын үкімдерін, істерін атқарушысы, орындаушысы болатын, барлық жаратылысты өсіруші түрлендіруші  болып, оны Алланың құдіретті қолы деп біртұтас жандарды, періштелік дәрежеге жеткен жанаттық адамдардың аруағын  айтамыз. Сондықтан Алла тағала; «Екі аралық нәрселерді ойыншық үшін жаратқан жоқпын..» деген аятпен ескерткен. Екі аралық дәнекер қозғалыс жүйесі болып, Алла тағаланың көркем есімдері де үш түрлі жүйелік, тектік, қасиеттілік қозғалыстық сипаттардан тұрады. Бұл қозғалыстың негізі  жанды жаратылыстардың рухани өнімдері болып және барлық жер бетінің тіршілігінің тағдырына әсері болуы да хақ. Ал адамзаттың мұндай тағдырлық уақытын Аруақ деп атап;  Мұның түсі қызыл болып, ең ұзын жиілік болмақ.  Сонымен екі түрлі Алланың өзін, уақтық қозғалыс жүйесін меңгеру үшін де; әлемдік тұрғыдағы «Біртұтас адамдар» деп аталған аруақтық қозғалыс, рұқтық (Құдайлық, Рабб-Сары түс), әлемдік жандық қозғалыс  (Алла тағалалық-Ақ түс) байланыс арқылы ғана барлық қозғалыстың арасын жалғап және оларды меңгеру қабілетіне де ие бола аламыз.

Енді Абай атамыздың «Мақсұт» атты әңгіме-поэмасын оқығандар болса; Қыдыр бабаның зираттың жанында өсіп тұрған ағаштағы 3 түрлі жемістің; Сары, қызыл, ақтың сыры баяндалып, Мақсұттың алған қызыл жемісі әйелдермен байланысты екенін көрсеткен. Яғни үш түрлі Алланың өзі сипаты киелі ойпаттарда, Алланың достарының жерленген орындарында кездесетін бірлігі болатынын да естен шығармаған жөн. Бұл үш түрлі уақыттық қозғалыс жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болып; бір жүйемен «Бір Алла» ұғымын да береді. Сондықтан санау жүйесінің негізі болып, бұл уақыттың ең ұзыны барлық әлемнің ішкі өмірімен сыртқы қозғалысты Алланың тәңірлік сипатын жалғап тұрушы Григориандық күнтізбе сары күш-қуаттың, байлықтың негізі сарымен байланысты болатыны да хақ. Негізінен «Хижра» замандық санау жүйесі болып; ақпен, топырақпен біздің ақылдық даналық негізімізбен байланысты «Жер ана, су ана, Хау ана рұқы қолда» дейміз. Пайғамбарымыз; «Үш рет анаңа сосын әкеңе» деп ескерткені де біз әуелі Алла тағаланың сипатын, даналық негіздерін меңгерумен ғана Раббымыздан «Әкеден» яғни сары нұр түспен ғана парасаттылыққа, күш-қуаттылыққа  жалғана аламыз.

 

Сонымен парасаттылық, имандылық ақылды, адамзаттың ойлау, пайымдау қабілетін  жетілдірумен,  жер бетіндегі барлық қозғалыстың басқарушысы және 11 жұлдызға, айға байланысты негізгі  уақыттың ішкі санау «Уақтық»  жүйесінің де барын ескерген жөн. Қазақта бұл айдың үркермен тоғысы деп 11 циклға бөліп, табиғаттың өзгерісінің адамзаттың ақылына, парасаттылығына, имандылық істеріне, аруағымыздың сипатына да тәуелді болатынын біз біле бермейміз. Сондықтан негізгі әлемдік екі аралық ішкі қозғалыс; адамзаттың рұқ,  жан өнімімен, тағдырлық кітабымен, әлемге қосқан қуатымен осындай үш қозғалыстың  бірлік жүйедегі әрекетінен Алланың «Бір» және «Өзі» сипаттарының тұтастығы да пайда болады. Енді осы үш уақыттан да тысқары болатын әлемдік ішкі жүйедегі уақытқа бағынбайтын, түрлі қарсылықтардан тұратын, өлімсіз қозғалыс егелеріне тән адамзаттың мәңгілік болмысын, кісілікпен де байланысты тәңірлік басқарушы қуаттар жүйесін, уақыттан тысқары болып; тәңірлік деп атаймыз. Алла барлығын баураушы мекені болғандықтан Алладан басқа тәңір жоқ, мәңгілік уақыт деген осы ұғымнан пайда болады. Мекен – ең шексіз ұғым, онан кейін орын – Раббымыздың сипатынан, ал барлық жанды жаратылыстың егелерінің денесі болатын Алла тағала аймен, көктегі су қорымен, жеті қабат жердегі, теңіздегі жолдармен байланысты болмақ. Алладан басқа тәңір жоқ делініп, негізгі барлық қозғалыс жүйесі осы тәңірлік қуаттардың әсерімен, қарсылығымен ғана қозғалып уақыттық, тағдырлық шаманы құрайды. Бұл негізінен қара қуаттардың жүйесі болып, барлық қуаттардың қараға жұтылуымен қайта шағылысып түрлі қуаттардың пайда болуын, өзгерісін қалыптастырады. Әлемдік тұрғыда «черная дыра» деген бар. Ал енді бұл қараның жер анамен де байланысты болып, жер әлемнің барлық қозғалысы жер ананың түрлену әсерінен пайда болатынын да білген жөн. Жаратушымыз бастапқы жерді жаратқанда бұл қара қуаттарды жерге жасырып және даналықтан парасатты көкке бөлек ерекше қорғап қойғанды. Сондықтан бұл тәңірлік уақыттан тыс қара қуаттар біздің ішкі дүниемізде де, екі аралықта да,  жалпы әлемде де табиғатта, жаратылыста  бар. Яғни Алла Бар деген де осы мәңгілік қозғалыстық негізден шығып біз мұны қажетімізге, шамамызға қарай тек қылып меңгеруіміз керек. Біртектілік мәңгілік жанды қалыптастырып, тәңірлік сипатқа ие болумен бірдей.

Ал әлемдік тұтастық жанның қуаттарының ғылымдық, кереметтілік, рахмандық, рахимдік қоры, яғни сегіз сипаттық түрдің негізі Алла тағала ұғымын Мұхаммед пайғамбарымызды қалыптастырып, құранның оқылуы да Алла тағала ғылымымен, құдіретімен байланысты болса, қалған барлық сүнеттерімен құдай ісі болып аталатын кітап түсірілу, кітап берілу сияқты амалдардың Раббымызға шүкірлік, құлшылықпен байланысты екені сөзсіз. Сонымен уақыттың жартысын да меңгере алмай және жалпы әлемдік жүйенің тұтастығына ашық қарсы болған масһабшылардың Мұхаммед пайғамбарымызды «Хижра» дәуірлік, замандық уақытпен тудырып, мәуліт деп еске алудың жылда ай, күні де өзгеріп отыруымен, пайғамбарымыздың өмір жасынан осы кезде 2 жыл 4 айын ұрлап алып, барлық күнтізбемен орындалатын миғраж түні сияқты құлшылық күндерін «Хижраға» айналдырып, әлемдік қозғалысқа ашық қарсылықпен тажалдықты туындатқаны, яғни ақылдың азуын, парасаттың жоғалуына да себепші болғаны да хақ. Мұндай уақыттық қозғалысқа, ғылымдық жүйеге қарсылықтан жер бетіндегі зұлымдыққа түскен жандық, рұқтық өнімнің артуымен немесе жанның өнім бермеуімен, екі аралық қозғалыс уақыт жүйесінің «Уақтық» сипаттары екі негізгі қозғалыстық жүйеге де әсер беріп, адамзаттың жер бетіндегі өмірінде тосыннан апаттар, азаптар, табиғаттың да құбылыстары пайда болса, ал имандылық, тектік қуаттарының сапасын жетілдірумен, жаннаттық жандардың артуымен, керісінше жер бетінде мамыражай тыныштық  болып; алтын ғасыр орнайды.

Біздің сенімділігіміз, біліміміз, қасиеттілігіміз, таланттылығымыз болған адамдық махаббатымыз, Раббымызбен жолығып жинаған иманымызды дәрежелеп көбейтумен ғана нәтижелі болады. Сондықтан құдайшыл болу, шүкірлікті меңгеру құлшылықтардың негізі – намаз орындауымыз болмақ.  Олай болса пайғамбарымыздың; «Мен саған(1) Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну – жақсылық атаулының басы. (2)Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелікпен, жердегі жарық сәулемен тең болмақ. (3)Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады. Көп күлуден сақтан, ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді.(4) Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені ол менің қауымымның басталар жері.(5) Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүй, соларға серік бол. Өз жағдайыңды өзіңнен төменгілермен салыстыр, жоғарғы тұрғандармен салыстырма, (6)бұл қолыңда барды жоғалтып алмаудың бірден бір жолы. Егер жақын адамдардың өзі сені жалғыз тастап кетсе, сен олардан безбе, араласып тұр.(7) Шындық қанша ащы болса да, Алланың аты үшін оны ауызға алып тұр. Жаман адамдардың қастандығынан қорықпа. Өз кемшілігіңді бағдарла және өзгелердің кемшілігін таратпа.» (288-хадис) Пайғамбарымыздың өсиеті адам баласының ақылының жетістігі болған жетелікті қалыптастырудың қағидасы десек қате емес. Сонымен дін ғылымындағы қазақтың бүгінгі таңдап алған діннің негізі масһаб білімінің басты қателігі; «..1. Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну – жақсылық атаулының басы…»  деген құлшылық ұғымының екі аралық қозғалыс егелеріне шүкірлікті, рахмет айтуды ұмытып, мұндай имандылық қуаттарды, тектерді меңгерудің намаздарын  жоғалтумен байланысты екені хақ. Құранда; «Алла бір адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға; «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ; Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» деулері лайық.» (3-79)

Олай болса пайғамбар өсиетіндегі; «2.Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелікпен, жердегі жарық сәулемен тең болмақ..» деген сөз ұғымының астарында Құдайдың қызметшілері, «Мен, Маған құлшылық қылыңдар» деген сөздің ұғымы да аспандағы Алланың мүлкі көркем есімдермен байланысты жұлдыздармен және жер бетіндегі кісілік нұр сәулелермен байланысты болып,  құранды жаттап алу немесе арапша оқу емес, қазақ дәстүріндегі аруақтарға құран бағыштауды және тозақтық болған аруақтардың басын көтерумен, олардың жын қуаттарын тазартуға қосымша жүктелумен байланысты; «..5.Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүй, соларға серік бол..» деген өсиетті масһабшылар, діншілер «шерік қосу, серік қосу» деп атайды. Бақытсыздыққа ұшыраған ата-анамыздың  жандарының тозаққа түсіп және тектік тұтастықтағы ағайындарымыз, ұлтымыздың ақиретке кеткен аруақтарының басын көтеруге құран оқу арқылы құрбандық қанымен қуаттық алмасуды қалыптастыратын   дәстүрлік ата жолымызды мазаққа айналдырып алдық.  Яғни бұл пайғамбарымыздың, «Кімде-кім мұсылман дінінде жоқ жаңалық ойлап тапса, ол жоққа шығарылады» (770-хадис) деген өсиетке сүйеніп, ислам дініндегі жаңалық деп түсіндіреді.  Бірақ құдай қалауынсыз қазақ әулиелері осындай дәстүрді қалыптастыруы, тарихи шежіреге айналуы да мүмкін емес. Мұндай жер бетіндегі Раббымыздың аяттарымен ғана болатын ашық дәлелдер  арқылы Алладан мұғжиза алып, осы кезге дейін бастарынан хикметті көріністердің болуын, халыққа ем-шипа, нығметтердің түсіп жатқанын мойындаудан неге ашық бас тартады? Ата-баба шежіресінен, дәстүрінен бас тартып, тарихтағы болған нақты оқиғаларды, Алланың мұғжизасы мен хикметін Алладан басқадан келген деп терістеу «серік, шерік қосу» деп атау имандылық түгіл, мұсылмандыққа жатады ма?

Енді имандылықты меңгеруде пайғамбарымыз;  «Иман 60 бұтақты және 70 бұтақты болады» деген өсиетін қалдырыпты. Иманның жеке өзі де адам баласының тегін сақтап, қорғап тұра алмайды. Мұндай жағдайда сеніммен, құлшылықтармен күзетілмеген иман жоғалуға, таусылуға тән болады.  Сондықтан ақыл білімділікке байланысты деннің сенімділігін қалыптастыратын, намаздарының  құлшылығын да меңгеріп, адамзаттың сыртқы бой өрісін, күзетші денсаулығын, бақшасын да қалыптастыруда маңызды екені сөзсіз. Мұндай жағдайда қазақ дәстүрімен ақылдың даналыққа негізделген иманның 60 бұтақты қуатын меңгеруді жетелік деп атаймыз. Жетелік ақылдың қалыптасуы пайғамбарымыздың; «…(1) Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну-жақсылық атаулының басы. (2)Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелікпен, жердегі жарық сәулемен тең болмақ. (3)Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады. Көп күлуден сақтан, ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді.(4) Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені ол менің қауымымның басталар жері…»деген өсиеттеріне сәйкес  әрбір қауымның басталар жерін табу, шежіреге Алланың құдіретті қолы болған дін жібіне жалғануды; «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендердің болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-хадис) деген өсиетпен қазақтың ел билігі қудалаған ата жолының құлшылық әрекеті де тағдырларын тазартумен, ата-баба аруағынан аяндармен болашаққа бағдар алуға, сонымен бірге даналықты қалыптастыратын, саналыққа жол ашатын; 6-шы күндік (чакра) өріспен байланысты болатыны да сөзсіз. Ал мұндай құлшылықтың сипатын аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардағыдан күдер үзгендей, ақиреттен күдер үзген.» (60-13) Өлгендерді еске алмай, олардың тағдырларына, тарихи оқиға қасиеттілік қуаттарына аян арқылы жаныңмен жалғана алмай қандайда бір ақталудың, тазарудың, имандылықтың қуаттарын жүктелудің маңызы жоғалады. Және ақиреттің мұндай білімінсіз, намазын орындамай; жердегі сәуле, Алланың нұры, кісілік аруақтармен жалғанбай және аспандағы жұлдыз болып жанып тұрған, көрінетін, көрінбейтін көркем есімдерден парасаттылық қуаттарымен жалғанып, бір біртектілік пен қасиеттіліктерді меңгермей, иман өзінен-өзі бізді іздеп, мені ал деп мешіттерге, үйдегі намаз оқып отырған жерімізге  келмейді.

Сондықтан да Раббымыз; «Мұхаммед: «Барлық мақтау (құран оқу, зікір) Аллаға лайық. Және сәлем (зияраттау, құран бағыштау) Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Алланың таңдаулы құлдары әулие-әмбилер, пайғамбарлар, елшілердің Алланың өзі, біздерге көрсетіп білдірген жақсылығы екенін ашық ескертіп, егер бұл аятқа қарсы шыққанда Аллаға ортақ қосу болып саналады. Және бұл иманның 60 бұтақты қасиеттілік сипаты түркілік діннің дәстүрі болып, әулие-әмбилерінің аруақтарына табыну арқылы құдайға сыйынатын құлшылық амалдардың, барлық діндердің жалғасы болып табылатынын да аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) Бірақ қазіргі таңда мейлі қандай да бір құран аяттарынан, пайғамбар өсиеттерінен мысал келтіргенмен де, мұны дін ғалымдарына да, ел билеушілерге де мойындату мүмкін емес. Себебі ақыл, иман туралы барлық тәрбиенің осындай дәстүрлік үлгілерінен бас тартуымен, саналықты меңгеруге тиісті білімді аталған қауымның жетелері де жабылып, сезімдік ақылға немесе екі естілікке негізделіп қалған. Ал негізделу дегеніміз иманның қуаттарын меңгеру амалдарын ұмытып, бас тартып, өздерінің меңгерген бір білімнің саласын, өзге елдердің әдетін, салтын немесе діннің салаларын алып, соған бар ақылдарын қамап тығырыққа тірелумен байланысты. Ал мұндай жағдайда жетелік ақылды меңгермей саналықтың қалыптасуы мүлде мүмкін емес. Біздер жетелік ақылды меңгеру арқылы ғана өз нәпсіміздің жағдайын бағалап, танып,  жүректі жаман ойлардан қорғау үшін де рухани тазарудан, ақталудан яғни өлімнің сатыларынан өтіп ақиретпен жалғанумен ғана құлшылығымыз, адамдық тектілігіміз нәтижелі болмақ… (жалғасы бар)

 

XXI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Пайғамбарымыздың, «Әрбір жүз жыл сайын сөз атауларының ұғымдары өзгеріп отырады»  деген өсиетімен байланысты, құранның таңбаға байланысты арап тілінде тұрақты өзгеріссіз үні болып, арап елі үшін үгіті де насихаты да өзгеріссіз болады. Себебі әлемнің дамуына байланысты, ислам елдері өзге елдерден өзара сөз алуымен, таңбаның жетіліп, үндердің де өзгеруімен; тілдің, үндік даму заңдылығы да сөз ұғымдарының, атау сөздердің қуаттарының өзгерісін де туындатады.  Және мұндай әрбір өзгерістің қарсылықтар арқылы ғана дамитынын да білген жөн. Сондықтан арап елі орта тұрақты үммет болып, ал өзге тілді үмметтерде әрбір жүз жыл сайын ұлттық тілдегі құран аудармасының ұғымдары өзгерістерге ұшырап, жаңадан ұғымдардың пайда болуымен де, құранның жаңадан насихаттарының аяттарының сыры ашылып отыруы міндетті болмақ. Мұндай жағдайда білімнің жетістігіне, ойдың үніне байланысты болатын; ақылдық қуаттардың да дамуымен, бір ақыл жетеліктің қалыптасуында, замандық себептік қозғалыстардың жылдамдығына, қуаттардың өзгеру  шамасына, білімнің де түрлі құпияларының ашылып, білімнің үні ойдың, ақылға қуат болып қосылуына да байланысты, ұлттық тілдің де қуаттылығы, кеңістігі артып отырады. Ал мұндай жағдайда қай елдің таңбасында үнемі өзгеріс пен жетілгендік болса, онда сол елдердің сөз байлығы да, ақылдың өркениеті де дамып отыратындығына  дәлел болатыны да сөзсіз. Сондықтан да біздер өзіміздің ұлттық тұрғыдағы тіл біліміміздің, ақылдық қуатымыздың шамасын, жаңадан енген, меңгерген сөз атауларын, біліміздің пайда, зияндылығын және замандық тұрғыда жоғарғы сапалы саналық қуатының шегін білу арқылы ғана болашағымызды қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.

Ол үшін де біз артта қалған тарихымызды, шежіремізді де жетік білуміз керек. Мұндай жағдайда да бізге белгілі бір ұлттық тұрғыдағы, жоғарғы дәрежедегі ақылдың сапасын қалыптастыра білген, даналарымыздан қалған шығармашылық туындылары керек. Осындай өз арамыздан шыққан ақыл иелеріне даналарға табынып, олардың аруақтарына жалғану арқылы біз өзіміздің ұқсастық тұрғыдағы жанымыздың дамуына сәйкес және жаратылыс табиғатымыздан ұқсас болған дерек көздеріне жалғанып, замандық оқиғалар мен білімдердің де төмен жоғары сапаларын анықтауға мүмкіндік аламыз. Бұл жетелік ақылдың сапасының қалыптасуына себеп болып, біздің ақылымыз  мұндай жағдайда бос қиялдың, соңғы  нәтижесі болған белгісіз білімдердің соңына түсіп адаспайтын болады және ата-бабамыздың аттары мен есімдеріне жалғанған, бейнеленген қуаттық кітаптары, өткен тәжірибесінің тағдырлық жұлдыздық орындарына жалғанған,   біздердің тән, жанымызды тазартып байланысуға, сұрақтарымызға жауап алуға да болатын 700-санды белгісі болып, сондықтан мұндай себептердің, тағдырлық, қасиеттілік оқиғалардың өмірімізде міндетті түрде қайталануы болатынын ескеріп, қандай жағдайда бақытқа немесе қайғы-қасіретке апаратын әрекеттерді анықтап аңғаруға мүмкіндік туады.

Біздер ұлттық тұрғыдағы ата-бабаларымыздың тылсымдық кітаптары, тағдырлық оқиғаларына жалғану арқылы мұндай шежірелік тағдырымызбен иірілген мәңгілік «Мен» жанымыздың негізі болатын, Алланың жібіне жалғану арқылы ғана біздердің ақылымыз сырттан, өзге елдерден де ештеме іздемейтін болады. Мұндай ақылдың пайда болу шамасын сөз түсіну қабілетімен байланысты «ЖЕТЕ» деп атаймыз. Жетенің жеті киелікпен байланысты; Күн-әулие, Жер-әулие; Жел-әулие;Қыз-әулие; Тұз-әулие; Ат-әулие; Ит-әулие деген қуаттардың жүйесін меңгерумен де байланысты болмақ. Қандай заманда болсын тек қана Меккелік арап ұлтынан басқа елдерде әр ұлттың  тілдік ерекшелігінің үндік жетістігіне, таңбасына қарай, сөз ұғымдарының байлығы да қалыптасып отырады. Сондықтан мұндай сөз байлығын меңгерумен түрлі рухани қасиеттіліктерге жалғанумен, адамгершілік махаббат тұрғысында рухани егінін өсіріп, ұлт бақшасын жетілдіре білген әулиелер, даналар, елшілеріміз арқылы Алла тағаланың негізгі 99 көркем есіміне жалғанған әр ұлттың рухани кітабы, тіл, діл білімінің негіздері ата-аналарымыздың жеті аталық шежіресімен де байланысты жалғанған ұлттық рухани байлығымыз, саналық қуатымыздың ақ бұлағы болып, ұлттық көркем есімдер жүйесі де қалыптасады. Осындай жалғасты келе жатқан мирастарды орындап, арттағы ұрпаққа ата-баба дәстүрі арқылы аманаттап отыратын жан ғылымының негізі болған  имандық қуаттың да; Алланың жібіне жалғану ерекшелігіне байланысты дерек көздері жер есігі, көкке сатылары қалыптасып, яғни ойпаттардан өсірген көркем сөз ағаштары арқылы  адамзаттың қуаттарының өзара алмасуы атқарылып отырады. Біздер ұлттық сөз ұғымдарын меңгеру арқылы жер есігі, киелі орындар – ойпаттарымыз арқылы ғана ата-баба имандық тектеріне, көктегі жұлдыз орындарына, яғни есімдерге, «біз»-дерге жалғанумен  жалпы әлемдік тұрғыдағы ілім-білімді, соған байланысты түрлі дәрежедегі қуаттарды меңгеруге ақылымыз еркіндік алып, қуаттық шамасы артып, білімнің, ілімнің таразысы болуымен, қандай өлшемде де әрекет ете алуға мүмкіндік болады. Ал мұндай ұлттық дәстүр негіздегі жетелік ақылымызды қалыптастыра алмаған жағдайда, түрлі қорқыныш сезімдердің үстемдігі артып; өміріміздің болып жатқан сынақтарды аурсынумен, болашағымыздың қандай болатынына күдіктенумен, мұнан шығатын жол-жобаның сан алуан түрін ойлап тауып, дүние байлыққа шоқынумен,  өзара партиялар құрып жіктелумен, ұлтшылдықпен, көреалмастық сезімдермен де байланысты ақылдарымыз бірленбей, бір естілік жетілмей, даналықтың өзі екі естілікке айналып, халықтың түрлі қайшылыққа түсуі де хақ. Мұндай белгілі сенімдік топқа бөлініп, негізделген сезімдік ақылға байланғанда, қандағы шайтанның ықпалына түсіп, белгілі бір құндылықтарды асыра бағалап,  қаралық жын қуаттарына қосылумен (шерік қосылу) түрлі жындылық қылықтардың әрекетін туындатып, топтарға бөлініп, әр топ өздерінің жындылықтарын дәріптеп және замандық сынақтардан да осымен құтқарыламыз деп түсінумен, жалпы халық та дағдарысқа ұшырап тығырыққа да тіреле бастайды.

Сонымен қандайда бір иман қуаттарын меңгеріп  жалғану үшін  алдымен ақылды жетілдіретін көркем сөздің түрлі қуаттарын, астарын ұғыну қабілетін жетілдіріп барып, оның арғы жағындағы тұрған біздің ағзаларымыздағы, тәніміздегі тазарған ақыл, тек ошақтарындағы орындарға, құлшылығымызға тылсымнан  жауап болып, белгі түсіп, мұндай ақпараттарды жанымызбен түс көру арқылы қабылдап, мұндай сөзбен жеткізуге мүмкін емес күйлерді ұғынатын қасиеттілікті жетілдіруді қажет етеді. Ал бұл күйлер; ақиреттік, тылсымдық өмірден біздің ата-аналарымыздың жай-күйімен байланысты болып, ал мұндай ақпараттарды меңгеру үшін де ілімділікті  жетілдірумен, сенімділіктің білімінде, яғни құлшылық амалдарында не қажет екенін түсіну керек болады. Ал мұндай рухани ахуалды күйге біз жан дүниемізді тазартумен, ақталумен Раббымыздың күнделікті, сағат сайын, минут сайын беріліп көрсетіп жатқан хикметті белгілерін, аяндарын, уахиларын меңгерудің жолына түсумен ғана нәтижесін береді. Яғни біздің ата-бабамыздың қаншама ғасырлардан бері тарихи сындардан шыңдалған, тәлім-тәрбиеге , өмір сүрудің салтына айналған ата дәстүрімізді толық меңгеру арқылы ақылдың мұндай сапасын, жетелікті меңгеруге мүмкіндік болады.Сонымен біздер жетелікті ата-бабамыздан қалдырған мирас құндылықтарын әдетімізге, әдебімізге намаз орындау қылып алумен оңай меңгере аламыз.

Ал саналық ақылды, әрбір адам баласы жетелік ақылдың толымдылығын қалыптастыру арқылы ғана, яғни «қырық қожаны қырқадан асырумен» бір естілікті қалыптастырып, төбеден келетін «тоғыз төрені» құлшылықпен меңгеріп, ілімде іздену арқылы және дарындылдық қасиеттіліктерді меңгеру жолында бір тектілікті қалыптастыруға негізделген  әлемнің құпия сырларын, жаратылыс себептерін танып, олардың өзара байланысын, пайда зиянын тексеріп, әлемдік тұтастық бірлікке  еніп және бұл байланысты ақылмен, біліммен басқара білетін тұлғалық сапаны айтамыз. Абай атамыздың, «Единица болмаса, не бітірмек өңшен нөл..» деген насихатының да сыры, мұндай саналы адам баласының Ар қабын да жетілдіруге шамасы келіп; саналы, арлы тұлғалардың  қандайда бір заманда болмасын, ел билеуде халықты жетістіктерге жеткізуге, рухани тазалығын қалыптастыруға да шығармашылық тұрғысында да өз орынын қалдыратыны да сөзсіз. Құдайда өз дінін тазартуға, халықты тура жолға көпшілік арқылы емес, бір адам арқылы ғана барлық адамзатты жолға салатынын ұмытпаған жөн. Мұхаммед пайғамбарымыз арқылы әлемнің болашағын, бақытты өмірді қалыптастыру үшін күресетін саналы адам баласын қалай жетілдіріп қалыптастыруға болатынынан үлгі қалдырғаны да хақ. Ал қазақта мұндай саналы тұлғаларды Төре, Қожа, Текті,  абыз, билер атаған.

Ал, енді біздерден бұрын өткен саналы бабаларымыз қандайда бір өздерінің өмір тәжірибесінен құлшылық істерінен иманды жетілдіріп, оны қорғап, күзететін сенімділік қуатын меңгерудің білімдерін қалдырғанмен, оған қарсылық күштердің, тажалдық білімнің де қалыптасуымен, бұндай білімдердің өзара араласып кетіп, олардың ақ-қарасын ажыртпай, дін ісі болған шариғаттың амалына айналдырып, ал оның тәпсірлік білімін біз ақылдан биік қоятын болсақ, онда қарсылық күштердің ықпалына жол ашып, сеніміміздің тажалдың қақпанына түсіп, мұндай жағдайда сезімдік қысқа ақылдың басқаруында болып, тағдырлық имандылығымыз болған жан еркіне де бағынбай, сөз ұғымдарын өзгертумен, түсіну қабілетін шектеумен, жүрек көздерінің жабылуына, яғни меңгерген дініміз, құранымыз жүрекке қадалған  тікенге айналады. Мұндай жағдайда сезімнің қысқа ақылдың немесе білімділікке негізделген қарекеттік ақылдың талабынан пайда болған жындылық мінездердің, нәпсінің басқаруында болған адамзаттың жаппай бүліншілікке ұшыруы басталады. Мұндай негізделуден құтқаратын жол, саналы ата-бабаларымыздың қалдырған шығармашылық тұрғысындағы мирастарын, нақылдарын, сөз ұғымдарының астарларын меңгеру арқылы ғана бір естілік, жетенің қалыптасуымен, бұл жолдың өте нәзік ар, ұяттылықты, әдептілікті сақтаумен жаратылыстың тілін, ақиреттің сырын, жан ғылымының білімін түсіндірген сөз ұғымдарынан ғибрат алуды, ұлттық тәрбилік жүйеге айналдырып, ал мұндай құндылықтарды меңгерген ағайындарымыз кемелденген жағдайда адамнан адамға иман жарығы, қуаты болып ауысатын ұждандылық қасиетімен, «Төртеу түгел болса, төбеден келеді. Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген нақылға сәйкес 60 бұтақты имандылықты меңгерумен нәтижесі де айқын көрінетін болады.

Ал қазіргі таңда ислам әлемінде Раббымыздың үкімін; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, қырыққа келгенде ақылы толады» деген аятын да теріске алғандар тажалдық білімді насихаттаушыларға айналғаны да хақ. Себебі құранның әрбір сүресі жыл сандарымен сәйкес болып; 114 жылдық ақылдың тербелісін, жүйесін белгілейді. Мұндай жағдайда біздер жасымыз 60,61-ге толмай, 60 бұтақты иманды толық меңгеруімізде мүмкін емес. Ал 70 бұтақты имандылықты пайғамбар жасына жетіп, үлкендікті меңгеру арқылы ғана нәтижелі болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Қазіргі қазақтың рухани өміріндегі жағдайды шиеленісіп, халықтың мәңгүрттеніп, жетелік ақылын меңгере алмай жатқаны да, үлкендер қауымының білімділікті ақыл қылып алып, ілімді меңгеруден бас тартып, керісінше жастардың ақылы толмай, білімдерін амалға айналдырмай, ілімнің соңына түсіп, ана сүті аузынан кеппеген балаларымыздың халыққа ақылшы болып, діннен билік айтумен байланысты да ақылды аулаудың, түнекке ойды шектеудің әрекеттері де кешенді түрде ел биліктің қолдауымен де атқарылып жатқаны сөзсіз.

Сондықтан да мұндай ұлттық сөз байлығымыз, сөз ұғымдарының дәстүрге сай болатын жетелікті, тағдырлық иман қуаттарын меңгеру арқылы оның киімін, зейнетін қалыптастыратын сенімділік құлшылығын, дін намаздарын меңгерумен байланысты болса, ал бұндай жағдайдағы бізге қажетімізді өтейтін, сеніміміздің, білімнің ақ қарасын ажырату үшін құдайдан аянмен, уахимен белгі, шындық алуы үшін де иманның  парасаттылық қуаттарынан қосымша көмек қажет екені да хақ. Олай болса, Алланың көркем есімдеріне жалғанған құдайлық  қуаттардың иелері болған; әулиелер, пайғамбарлар, елшілердің көркем есімдерімен, шежіремен, түпкі тектермен жалғанып, Алла тағаланың сегіз сипатын бой жарығымызға алып, денемізді ар сауытын қалыптастыру арқылы бір тектілікті меңгере аламыз. Олай болса,  пайғамбарымыздың; «..4.Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені ол менің қауымымның басталар жері  деген өсиетімен де байланысты болады. Жалпы арап халқының ұлттық сипатқа тұтастыққа айналуы, төл шежіресінің басталар жері;  жаһилет дәуіріндегі майда тайпалармен, исрайылдық еврейлермен және Ыбарайым пайғамбарымыздың ұлы Исмайлдан тараған ұрпақтарға руға байланысты болып, негізгі түпкі тегі Ар мен Ғұндар екені де хақ. Сондықтан діннің ең қажетті нәрсесі әлемдік тұрғыда тұтастыққа айналуға,  Алланың жандық жібіне толық жалғанумен, яғни ақиреттік біліммен, шежіремен жалғанып сол арқылы Нұх пайғамбарымызбен аралықты жалғап, Адам ата қауымымен де тұтастықты қалыптастыру болмақ. Исламның бірлігі деген ұғым да осыдан пайда болады. Олай болса аяттағы; «Алла жолында мал сарып қылғандар мысалы: Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) Негізгі жеті сабақты қасиеттіліктің, қазақ дәстүріндегі тектілікті сақтаудың үлгісі жеті атамен және адамзаттың толық шежіресін қалыптастыруда жеті арыспен байланысты екені де хақ. Сондықтан пайғамбарымыз «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп ескерткенді. Мұндай астарлы сөз ұғымдарын, құран аяттарының түсінігін меңгеріп зерттеу үшін де; «…3.Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады…» Олай болса біздің пайдаланып жүрген сөз атауларының ұғымдарын қайта сараптап, пайдалы сөздерге айналдыру, ұғымдарын зерттеу сан ғылымының негізін меңгеру арқылы ғана мүмкін болады. Және уахиды, аянды меңгерумен, кітап алумен Алланың өзінен, яғни құдайдың сүйікті құлдарынан парасат егелерінен сұрау арқылы ғана нәтижесін беретінін ұмытпаған жөн.

Сонымен пайғамбарымыздың жеті сүйекпен және ағза мүшелерінің екі аралық жаратылыстың басты себепшісі болатын, әулие аруақтарының есімдері арқылы  аспан денелерімен, яғни жұлдыздармен байланысты болып, қуаттарына жалғану арқылы ғана ақылдың жоғарғы дәрежесі саналық өрісті қалыптастырудың маңызы зор екені хақ. Бұл мүшелер; 1.Маңдайда тағдырлық орын мен қос шекеде белгісі (Қайназар ата) болады. 2.Желке қарақұста (Жамбыл ата, Қызыр баба) белгісі. 3.Иықта. 4. Шынтақта. 5.Қос алақан. 6.Қос тізе. 7.Табанмен жер ана рухымен жалғанумен байланысты белгілері болады. Ал қандайда адамның ағзаларының, бұлшық еттерінің, сүйектерінің де екі аралық жаратылыс қуаттары көмес жұлдызшалар арқылы, жер ана рухы арқылы да аспан мүліктерімен байланыста тұратыны да  хақ. Олай болса, бұл белгілер тура жолдың негізі болып,1.Жеті қарақшы; 2.Шолпан; 3.Құйрықты жұлдыз; 4.Сәре жұлдызы; 5. Шам жұлдызы болып табылады. Ислам дін ғалымдарының, қазақ ел билігі, зиялы қауымның да ең үлкен қателігі де тажалдардың алдауына түсіп Имам Ағзам Ханафи масһабы тура жол көрсетуші деп, құдайға айналдырып алуында екені де хақ. Ал аятта; «Ол, құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік (6-94) (100) Негізінде осындай тұтастық Алланың жүзін «Бізді» құрайтынын аяттың мәні мен сүре қосындысы әшкере жария қылып білдіріп тұрғаны да сөзсіз. Мұны білетін ел тура жолдың мирасын алған, пайғамбарымызға сахабалар жолына тікелей жалғанған, ал масһабтың Ханафилік намаз оқу тәсілін ғана алып, әлемдік барлық діннің қазығын қаққан Ясауи бабамыздың еңбегін бала-шағаға мазақтатып қоюға себепші болған; зиялы қауымның ұлттық  сөз байлығын меңгере алмаған жетесіздігінен ғана деп түсіну керек. Сонымен Мұхаммед пайғамбарымыз адамзаттың  бастапқы жаралысымен бірге, біздермен жол көрсетіп байланысты тұратын жұлдыздардың ішіміздегі рұқтан елшілік белгісі , яғни адам баласының «Мен» құдайлық кісілік сипатының белгісі болып; «Мұхаммед; «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,-де» (10-16) Сонымен әрбір адам баласында құдайлық негіз өлмейтін «Мен», яғни «Іштегі елші» болып, біздер осы менімізді тазартып, елшілігімізді меңгеру арқылы ғана иманнан қуат аламыз.

Олай болса, біздер  құлшылығымызда ата-бабаларымыздың бізге қалдырған үлгілі тектілікті, қасиеттерді меңгерудің ғибраттарына табыну арқылы ғана құдайға сыйынып, жәрдем сұрауымыз керек. Яғни бұндай құлшылықтың жағдайын; «Маған құлшылық етіңдер» деген Раббымыз,  яғни Құдайымыз. Сонымен адамзаттың имандылық қуатын меңгеруі де адамзатқа ортақ тектерге жалғанумен, біртекті болуымен ғана саналық қуатты, сенімділігімізді құлшылық намаздарымызбен қалыптастыра аламыз. Енді аяттағы жеті сабақты әлемдік тұрғыдағы адамзатқа ортақ қасиетілікке, яғни жеті жолға, жұлдыздарға жалғанумен бұл жұлдыздарға байланысты біздердің тәнімізде де 700 белгі нейрондық жарық ошақтары болуы керек. Және бұл жарық белгілері біздің өсіп-өнуімізге, күш-қуатымызға себеп болып, сонымен бірге меңгерген кітабымыз болып, біздердің ақылымыздың іздейтін барлық сауалына  ақиретпен бейнеленген жауап жарығы болып саналады. Сонымен бірге  бұл сандардың жылдармен байланысты 700 жылдық шежірелік кезеңмен ақпараттық жалғануды білдіреді. Мұның енді 200 белгісі жүрекпен болып, 500 белгісі жалпы тәндік тұрғыда болмақ. Европалықтардың философиялық ұғымында 500 саны қуаттық жүйені білдірген жағдай да жиі кездеседі. Ал қазақтың дәстүрінде бұл толық белгіні тектілік тұрғысында үш жүзге бөлінудің сырында үш арыстық белгіні біз ділімізбен, тегімізбен тағдырымызда белгімен алатынымызды және оған байланысты арыстардың ерекшелгін, жан ғылымын ислам дінінен бұрын меңгергенімізге дәлел болады. Ал енді төрт арысты меңгеруді; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп түсіндіргенде де дініміздің, дәстүріміздің ерекшелігін білдіреді.  Сонымен бұл әрбір сабақтағы жүз дәннің негізі арыстармен байланысты болып; 1.Ақ арыс-Мұса пайғамбар; 2.Жан арыс-Жүсіп пайғамбар; 3. Бек арыс-Дәуіт пайғамбар. 4.Арыс-Иса елші-Искариот; 5.Арыс-Ғиса пайғамбар, 6.Арыс-Сүлеймен пайғамбар. 7. Арыс-Мұхаммед пайғамбар. Біздің әулие, дана бабаларымыз мұндай құпия сырды меңгергендіктен ұлттың ішінде жүзге бөлініп қырқысу түгіл жалпы әлемдік тұрғыда өзге ұлттарды діннен бөлек деп санамаған. Ал 60 бұтақты иманың бейнесі; Жетелік ақылмен, тектілікпен, қан тамырының тазалығымен, табанның ағарып, қаралықтың сылынумен, бақсылық істермен, емшілікпен сипатталады. 70 бұтақты иманның бейнесі; Саналықпен, көру, сезіну қасиетінің тазалығымен, аяндарды меңгеріп кітап алумен, ғылымды болумен ерекшеленеді.

Ал енді бұндай ақпараттық тұрғыда иманның жетпіс бұтағына жалғанудың, яғни жеті арыстың негізі  діндердің жолын қалаған пайғамбарларға, арыстардың  жандарына, көктегі жеті жолдарға жалғанумен дәрежеленеді.  Ал енді бұл пайғамбарлар, арыстар негізінде  9 әкеден, яғни төрелік тектен  тарайды. Ғиса пайғамбарымыздың рухани әкесімен Жүсіп атты екінші әкесі болса, Мұхаммед пайғамбарымыздың да өмірге келтірген және тәрбиелеп өсірген екі әкесі болғанын тарихтан жақсы таныспыз.  Пайғамбарымыз; «Негізінде пайғамбарлардың әкесі бір тектен тарап, ал шешелері ғана бөлек» деген астарлы өсиетін де осындай әлемнің арыстық, дін тұрғысында тұтастықта болатынын да ескерткенді. Алғашқы үш арыстан барлық қалған арыстардың тарайтынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Және бұған 40 шілтен қожаларды қоссаңыз; «Қырық қожаны қырқа асырмай,Тоғыз төре төбеден келмей, иман тұрмас» деген қазақтың имандылық туралы даналығы пайда болады. Бұл жердегі төбеден келетін төре – кісі, иманың нұры болып, сәуле шапағат болып санаға қосылып, 9 рет жүрекке зейнеттеледі. Ал, 40 қожа болса; қасиеттік, тектік бейімделу, ой-саналық қуаттарды меңгеру және табандылықпен байланысты қуаттар жүйесіне жалғанумен ерекшеленеді. Иман қуаттарын меңгерудің сандық белгісі, 9 және 49 болып келетінін ескерткеніміз де осындай рухани жүйемен меңгерумен байланысты екені де хақ…(жалғасы бар)

XXII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Дін дегеніміз адамзаттың өмір сүру барысындағы рухани тұрғыдағы өркениетінен, жетістіктері мен қателіктерінен тұратын шежіре тарихы және өмірге деген көзқарастарының кейінгі ұрпақтарға қалдырып отырған насихаттары және белгілі меңгерген құндылықтар мен қасиеттер тегін меңгеру арқылы ақиқатқа жету аманаты, уәдесі де болып табылады. Біздер ізгілікті дін арқылы ғана ақиқатты тани аламыз. Ал ақиқат дегеніміз; Әр адамның жеке меңгерген білімімен, өмірден алған тәжірибесі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болады. Өмір шындығы рухани жинаған байлығымызбен, ішкі дүниеміздің көмес қазынасымен «Мен» атты құдайлық несібемен, жанымызбен, тағдырымызбен байланысты жалғанатын ата-бабаларымыздың ақиреттік жинаған қазынасы, мирастары болған тектілік, ақыл-парасаттылық қуаттарымен және аналарымыздың қан тегімен жалғанған жандарымыздың құпия сырларының кітабы, уахи, аян, батамен білдіретін баяндары да болып табылады. Бұл жерде шын мен шындықтың айырмасын да ажырата білу керек. Шындықты біз қолмен ұстап, көзбен көріп, дәмін сезе алмаймыз, шындықты біз жан дүниеміздің әрекетімен, тазалығымен, жүрегімізбен естілік ақыл арқылы ғана түсініп ұғына аламыз. Ал шын болса бұл бейнеленген, өзгеретін, түрленетін бүгін тірі болып жүруіміз шын болса, ал бұл өмірден жоғалып топыраққа айналатынымыз шындық. Адамзаттың дінді меңгерудің маңыздылығы да шын мен шындықтың арасында алшақтық болмай өмір сүре білумен ерекшеленеді. Біздің өткен тарихымыз, өзіміздің сүрген өміріміз де шындық емес шын, себебі онда қателіктер де жетістіктер де бар. Бүгінгі өмір, тіршілігіміз де шын, бірақ қаншалықты шындықпен түзей алдық ол да біз үшін беймәлім.  Шындық пен шын үнемі өмір тәжірибесінің ата-бабадан қалған аманаттарымен, шежіремен, ұлттық тарихымызбен жалғасып тұтастықта болмаса, онда біздердің бұл қысқа өмірде жинаған немесе өзге елдерге еліктеп алған салтымыз, біздің жаратылысымыз ұлттық ерекшелігімізден, рухани жинаған қазынамыздан туындайтын шындықпен сәйкес келмей, мұндай жағдайда білімнің бейнеленген, дәлелденген шынымен ақиқатты анықтауға жол аша алмайды, керісінше адасушылыққа, тығырыққа апарып тірейтіні де хақ.

Сол сияқты адамзатқа ортақ болған шындықтан жаратылатын асыл қасиеттеліктерді де меңгеруді ұлттық тұрғыда ата-бабаларымыздың, аналарымыздың меңгерген тәжірибесінен шынынан үлгі тәлім алмаған жағдайда кез-келген белгілі бір шектеулі шынның бейнесі болып қалыптасқан, адамдық құндылықтарға негізделген сенімнің жетегінде кетумен, тегіміздегі бізге үнемі көрсетіліп, ескертіліп отыратын шындықты қабылдамай немесе кітаптарына жалғана алмай, жанымызға ұқсас болған қасиеттіліктерді меңгеруден бас тартумен адасушылық пен қателіктерге бой ұрып, үнемі түрленіп өзгеріске түсетін замандық қозғалысқа, қуаттардың әсеріне де әлсіздік танытып, ұлттың рухани  азғындауына, ақыл-ойдың тоқырауына түсеміз. Дін ұғымында «Бес күн жалған» деген сөздің де біздің бес қуаттық өрісімізбен байланған тіршіліктік ақпараттық жүйемізде қарсылықтармен, жалғандықтармен бейнеленгендіктен біздің өзгеруге өлімге душар болатын мүлкіміздің бәрі жалған деп аталады. Сондықтан осындай жалғандықты меңгере отырып оны Құдайлық шындықпен – нұрмен қосу арқылы бізден шын көңілді, шын ақылды, шын жанымызды, шын тегімізді, шын кісілікті қалыптастыруымыз керек. Дінді меңгеруде де әр заманның өз шындығы болып, бізден бұрынғы меңгеріп шынға айналған құндылықтардың да өзі қайта електен өткізіп Құдайдан келетін шындықпен сәйкестендіріп отырмаса, мұндай білімдерді бұрмалаушылардың да әрекетінен адасушылық пен надандыққа, тажалдық әрекеттерге себепші болады.

Олай болса өмір шындығымен жүру үшін біздерге қандай шын керек? Шәкәрім атамыз бұған жауап беріп кетіпті; «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын  Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға  Көңілің толқып кетер ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалпыңда тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап, бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсын, сен де шын!» Сонымен шындықтың хақиқатпен бейнеленіп ақиқатқа айналуы Құдайлық шын болып, ал мұндай шынды меңгеру үшін таза ақыл – әулиелік пен қасиеттілік, бірқалыптылық, естілік, шын махаббат, шын сабыр керек екен. Ал біздердің меңгерген шын ақылымыз, даналығымыз кітап бетінен оқыған  білімімізге, шаруашылығымызға, тұрмысымызға байланысты болатын болса, бірақ оны ата-бабамыздың меңгерген дәстүрімен және құдайдан түсіп жатқан шындықпен өлшеп тазартып қатесін түзеп, таза ой қуаты парасаттан  қуат алмай, мұндай ақылымыз тек тіршілік қамында ғана пайдалы бүгінгі шын ғана болатыны да сөзсіз. Ал парасат дегеніміз таза ой қуаты болып, біздің меңгерген, жүктеп алған қасиеттерімізге қозғау салатын, белгілі бір бағытқа жұмсауға, пайдалануға күш-қайрат беретін нұр болып және ақылымыздың біліммен жетілген сайын білімнің үні – ойдың қозғалысы, қуаты да артып отырады. Парасаттылық қуаттардың да жер бетіндегі тіршілік егелермен, екі аралық тіршілік егелерімен және аспан мүлкімен байланысты дәрежелері де бар. Негізінде бұл қуаттардың көрінетін, көрінбейтін, ғайып жұлдызшалар жарық нұры болып және оның 6 түрі болатынын да баяндадық. Мұндай қуаттардың бейнелерін құранда кісі деп атаған.Және оған қарсы да қараңғылықтың, яғни бұзықтықпен, қара күштермен байланысты кісіліктердің де бейнелері болатынын естен шығармаңыз. Сонымен 9х6=56+56=112 санды толық қуаттық парасаттың басқарылуын Ол Алла деп  те атайды.

Мұндай жағдайда біздерге өмір шындығын анықтайтын ұлттық дәстүрімізді бүгінгі шынымызбен салыстыра отыра құдайлық шындықтарды да қабылдап тәжірибелік зерттеуден өткізе алатын ата жолы мектебіміз, яғни тәжірибелік философия, дін істері қалыптасуы керек. Замандық қозғалысқа, білімділіктің жетілуіне байланысты қарсы күш, бұзықтық, кісіліктің де қуаттары артуымен, шынайы өмір шындығына сәйкес болатын әулиелік таза ақылға жүгінуіміз үшін де олардың парасаттылық қасиеттіліктеріне жалғана алуымыз да керек.  Ондай дәстүрімізде бейнеленген қасиеттердің ішкі сырын меңгеру тәсілдерінен хабардар қылатын білімділікті де жетілдіріп түсінікті те, насихатты та дін кітаптарымен, аяттарымен сәйкестендіріп, философиялық тұжырымдарды  ойын тазартып, атау сөз ұғымдарының сырларын қайта қалыптастырып отыруымыз керек. Біздің жанымыз, рухани тегіміз ата-бабамыздың қасиеттіліктерді меңгерумен байланысты өсірген дәнінен, рухани егінінен болғандықтан, ақпараттық тұрғыда біз ата-бабамыздың меңгерген қасиеттіліктеріне де және тағдырлық қарама-қарсы кісілікке, қателіктеріне де жалғанып тұрамыз. Ал бұл тағдырлық, қасиеттілік  белгілер біздің жүрегімізде, тәнімізде міндетті түрде орындары болатыны да хақ. Олардың сандық мәнін 700 деп көрсеттік, оның 200 кісілік орны жүректе болады. Абай атамыз; «..Әй, не болсын!..Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» деп осы сырды ескерткен екен. Жүз қарамыз күнәдан пайда болған жүз бұлшық етімізді де ағартып бір тұтас кісілік бойға айналдыру үшін де алдымен 200 кісіні сосын 500-ді меңгеруіміз керек.

Сондықтан да діннің қағидалары, насихаты да әрбір заманның өзгерісіне қарай жетілгендік болып, біздің ішкі дүниемізді тануға, қасиеттіліктерді меңгеруге қызмет қылуы керек. Бірақ дін насихатының берілген білімдері арқылы біз өткен заманның тәжірибелерінен, жақсылықтарынан ғибрат алып, ақылды болып, даналықты меңгерумен жамандықтарынан сақтана алғанмен, ойлау қабілетімізді арттыратын парасаттылық қуаттарға жалғанбасақ, онда бүгінгі заманның түрлі көмес қара күштерінің әрекеттеріне қарсы тұруға, соған байланысты қасиеттіліктерді меңгеруге жетімсіз болатыны да сөзсіз. Ал парасаттылық қуаттар белгілі бір тектілік жүйесімен, қозғалыспен байланысты болғандықтан, біздер мұны қасиеттердің жүйесімен ғана жүктеле аламыз.  Дін ғалымдарының, масһабшылардың пәтуасы бойынша тікелей Аллаға құлшылық жасау яғни тазалықта, ақылда өмір шындығында түпкі негіз жаратушыға ұқсас болу деген мүлде ақылға сыймайтын ақымақтық және надандық. Біздің ақылымыз жетпейтін нәрсеге құлшылық қылып, оған жалғануымыз мүмкін емес. Және біздер қандайда бір қасиеттіліктер арқылы Алланың бізге түсірген, бейнеленген парасат нұрына жалғану үшін де біздер оның қарсылығын жеңіп меңгеру арқылы ғана мүмкін болады. Ал жаратушы иеміздің негізгі нұрында, тәңірлік қуаттарында қарсылық болмайды. Қарсылығы жоқ нәрсе мәңгілік уақытта өмір сүреді.  Қарсылықтардан ғана қозғалыс уақыттың туындайтыны, біздер уақытты яғни  өмірлік қозғалысты меңгерумен, жаратушы иеміздің бізге жаратқан барлық, бірлік сипаттарына ғана ұқсастығымызды қалыптастыру арқылы ғана жалғана аламыз.

Мұндай кезеңде біз діннің ізгілікті амалдарын орындау арқылы насихаттарын меңгерумен Алла тағаланың адамзатқа ұқсауға, табынып құлшылық қылуға жаратқан  негізгі тектердің жүйесі 99 көркем есімдерінің  парасаттылық қуаттар жүйесінің негізі болып, адамзаттың жер бетіндегі  өмір шындығын меңгеруге байланысты әулиелік ақылдың әрекеттерімен байланысты көбейіп отыратын, белгілі бір қасиеттіліктермен Алланың досы, сүйікті құлы болып, аттарының көркем есімдермен жалғанып парасат иелеріне, кісілерге, жұлдыздарға айналумен байланысты Бір Алланың сипаты «БІЗ» болып аталады. Сондықтан да әр ұлттың үмметтік сипаты өздерінің «біздеріне», әулиелік киеліктерге, парасаттылық қуаттарына, қасиеттіліктеріне жалғанумен және мұндай қуаттарды амалға айналдырып меңгерумен әлемдік тұтастық жолдарға жалғануға мүмкін де болады. Тура жолға жеті жолға (Жеті қарақшы) жұлдыздарға жалғану үшін де өзіміздегі үметтік ерекшелік екі жолымызға (Шолпан, Темуршын) оның көмес ұқсас жұлдыздары, кісілері болған Алланың сүйікті құлы болған ата-бабаларымызға, әулиелеріміздің жандарына, кітабына жалғану арқылы жоғарғы парасаттылықтан, Раббымыздың бастапқы жаратылыс нұрдың бұлағынан, он саулықтан, таза ой қуаттарын жүктеп алып отыруымыз шартты болмақ. Себебі адамның өзі ғаламның ішіндегі кіші ғалам болып табылады. Олай болса, ғаламның аспан мүліктерінің көшірмесі, ұқсасы да біздердің жалғанып тұратын қуаттық жүйемізде болуы керек. Және бұл жүйеміз бен негізгі аспан мүлкін, жаратушымыздың көркем есімді сипаттарына жалғану үшін екі аралық жаратылыс егелерінің ойыншық еместігін де құранда ашық ескерткен.

Демек біздердің табынып, ғибрат алуымызға тиісті Алланың досына айналған әулие ата-бабаларымыз, пайғамбар, елшілеріміз осы екі ғаламның арасын жалғаумен бір-біріне қайшы келтірмей ортақ үндестігін тауып, ақиреттің, тылсымның небір ғажайып көркем есімдермен бейнеленген тектіліктерге жалғанудың кілтін де таба білген. Сондықтан да біздер өмір шындығын табу үшін де Алла тағаланың, Раббымыздың нұрына жолдың есігін Алланың достары арқылы ғана аша аламыз. Барлық өркениеттің, мәдениеттің әліппесі аспан мүліктері  шырақтарынан басталады. Аспан шырақтары барлық өмірдің, тіршіліктің көзі. Адам атамыз бен Хау анамыз бастапқы жаралғанда аспанның, жаннаттың мүлкі шырағы түрінде болғаны да хақ. Адам атамызды даналықтан  яғни топырақтан жаратып, оған парасатты, ойшылдықты берген кезде әлемдегі барлық жаратылыстың нәрселеріне ат қойып шыққан еді. Кейіннен даналықтың негізінен 11 қабырғадан Хау анамыз жаратылып, парасаттылықтың негізі еркекте, ал даналық негізі әйелдерде болатын өзара татулықпен; «Екі жарты бір бүтін болумен» ғана біздер толық Адам бола аламыз. Ал даналықтың қарсылығы Ібіліс – білімділік еді. Міне білімді шайтанның азғыруына бірінші Хау анамыз алданған дегеннің өзінде осындай ғылымдық негіз де бар. Сондықтан біздің бұл өмірдегі меңгерген қандайда бір даналығымыздың міндетті түрде қарсылығы болып, ой қуатының тазалығын, парасаттылықты жетілдірмей, қандай ғалым, дана болсақ та адасуымыз шартты жағдай.  Мұндай діннің алғашқы сынағынан кейін білімді, қуат, күштерді  «ҚАРАДАН» яғни тектерге айналып белгіленген қарсылық қуаттарды меңгеру арқылы ғана мүмкін болатын адамзаттың ең маңызды сынағы да пайда болғаны хақ. Біздердің тәніміздегі 100 бұлшық еттердің бірі жүрек болып осындай қарадан жаратылуында да нәпсілік тұрғыда өмір сүруге құштарлықтың да әрекеті бар. Мұны малдық қуат, ақша деп атаған құранда. Біздер бұл малдарымызды өсіріп, тамағын беріп біртұтас қуатқа, жүйеге, жанға қызметке қоюымыз керек. Және оны Алла жолында жұмсау тәрбиесін де ақылмен меңгеруіміз керек болады.

Сонымен бірге біздерде аспан мүлкінің де, көмес жағдайдағы әулиелікке жеткен барша адамзаттың есімдеріне байланысты тылсымдық әлемде парасаттылықтың орындарының міндетті болуының өзі осындай ата-анамыздың жаннаттық жаратылысына байланысты екені хақ.  Себебі ата-анамыз жаннаттан түскеннен кейін басқа тәндік дене алып, жер бетіндегі аспанның барлық киелерінің уәкілі болып қайта жаратылған да еді. Сондықтан біздерде де белгілі бір аспан шырақтарының, мүліктерінің белгісі уәкілдігі, елшісі болса, ал біздің рухани жаратылысымыздың аспан шырақтарында белгілі бір киесі бары да хақ. Олай болса, біздің қандайда бір сауалдарымызға дайын жауап өзіміздегі уәкілде «Мен»-дік болмысымызда болуы да шарт. Егер біздің өзімізде мұндай жауап жарығы болмаса (нейрондар) онда біз ешқандай дұрыс нәрсені ақылмен қабылдай алмаймыз. Тәніміздің тазалығының жағдайына біздің ақылымыздың сапасының тәуелділігі, шариғат үкімдерінің маңыздылығы да осындай ғылымдық тұрғыда ақиқат болып табылады. Бірақ біз намаз оқып, масһабтық біліммен дінді меңгергенменде жеткілікті дәрежеде ішкі дүниемізді тазарта алмаймыз, олай болса ақылымызбен өмір шындығын да қабылдауға шарасызбыз. Жалпы әлемнің ұқсасы болғандықтан адамзаттың әлемінде де бостық болмайды. Біздердің күнәдан жаратылғанымыз, тәндік жағдайда өсіп-өніп жетілуіміз үшін анамыздың сүтімен,  яғни біліммен, әкеміздің шақуаты іліммен, жеген азық тамағымызбен, жаратылыс ортасынан, табиғаттан алған  қара қуаттардың, жұбайлық өмірде қуаттардың алмасуымен пайда болатын қуаттық жүйемізді еңбек ету барысында оны жұмсап, жағып орындарын даналық, парасаттылық, қасиеттілік ақпараттармен, жарықтармен толтырып отыруымыз да керек. Ал оны біз заманға еліктеп алған ақылмен, біліммен анықтап меңгере алмаймыз. Сондықтан да ата-бабамыздың қалыптастырған дәстүрін үлгі қылып өмір сүрсек қана адасушылық та аз болатыны сөзсіз. Және біздің тағдырымызда үмметтік тұрғыдағы уақыттық мезгіл өлшем болып, жол-жобамыздың ерекшелігі болуы да шартты жағдай. Ал әлемдік тұрғыда адамзаттың тіршілігінде, өмірінде барлық қуаттардың өрістік ағысы және қасиеттердің бейнеленуімен біздің болмысымыздың өзі жалпы ғаламның әлемдік уақытының, қозғалыс жүйесінің көшірмесі екеніміз де сөзсіз.

Ал парасаттылық, кісілік қуаттардың да әрбір ұлттарға үмметтік, тілдік ерекшеліктеріне қарай  қалалардың тұрғындарына өмір сүрген жеріне, табиғатына, өсімдіктер және жануарлар әлеміне, ортасына байланысты өмір сүрген тарихи шежіремен тікелей қатынасты ұлттық дәстүр салтымен айқын болатын ерекше қасиеттіліктердің, тектік қуаттардың жүйесіне жалғану қағидасы да Алланың сүйген құлдарының есімдерімен байланысты болмақ. Парасаттылық, кісілік нұр қуаттарды меңгеру үшін де біз қандай да бір ата-бабаларымыздың тәжірибесіндегі қысқа және шектелген ұзақ уақыт шеңберлерімен қоршалған дәуірлермен, бейнеленген іс-әрекеттермен, өмір салттарымен қалыптасқан дәстүрлік дін ізденістері арқылы тектілікке айналдыра білген білімдерін меңгеруіміз керек. Және ол үшінде өзіміздің арамыздан шыққан Алланың достары арқылы айқын болатын хикметті ақиқаттың танымын, кітабын, ақылдың қуаттарын меңгерген, ақиреттік тазарудан сыннан өткен өмір шындықтарына яғни аруақтық  тағдырларына жалғану арқылы ғана нәтижелі болады. Себебі рұқтық тұрғыда аспан мүлкі парасат иелері адамзатқа ортақ болғанымен, біздер мұндай нұрды тікелей қабылдауға жарамсызбыз. Сондықтан өзіміздің ата-аналарымызға, жеті ата қасиеттілік тектік ағашымызға, даналықтарға жалғану арқылы ғана сатылап көктік қуаттарға жалғана аламыз. Және мұндай жолдың 9 түрлі кісілік сатысы, тоғыз жолдың торабы, тоғыз дәуірлік оқиғасы мен көктік санның 10 түрлі қараңғылық үңгірлерден өту арқылы ғана мүмкін болады. Мұндай 19 сандық құпияны ежелгі ғалымдар Қаф сүресімен биіктікпен байланыстырғанның өзінде де мағына бар.

Біздер ата-бабаларымыз меңгерген тектіліктерді бұл заманның қозғалысына, қасиеттілік жүйесіне сәйкес жетілдірумен ғана қарсылық күштерге, азғыруға қарсы тұра аламыз. Аманат тектерді меңгеру қасиеттерін жетілдірумен жанымызды қуаттандырып,  даналықтан  ұлтымыздың  рухани бақшасын өсіріп, парасаттылық қуаттарды меңгеру арқылы  малдық қуаттарымыздың яғни қайрат-жігеріміздің, тағдырлық талап-намысымыздың сапасын арттыруымыз керек болады. Мұндай  тура жолға, аспан мүліктеріне  жалғанумен болатын дін құлшылығын; «Алла жолында мал, жаныңмен соғысу» деп атаған. Дін қандай заманда болсын, сол заманға сай өркениеттілікке, білімділікке сәйкесті кемел адамдарды дайындаумен ғана ізгілікті болады. Мұндай кемелдіктің белгісі қайталанбас қасиеттермен, ғылымда дарындылық пен парасатты қоса білумен яғни  саналық қуаттың, ақылдың жетілгендік үлгісін қалыптастырумен, құдайдың ерекше хикметтеріне бөленумен көрінісін береді.

Сонымен адам баласының кемелдену жолында діннің ықпалы біздің тек қана бұл өміріміздің туылу мен өлудің арасын ғана емес, өткен шағымызды, болашағымызды және  бұл өмірге адам болып қайта жер басуға да алатын тағдырлық жобамызды да қамтитыны хақ. Мұндай өте нәзік, құпия жолға шыққан адам баласының өз ұлтына, халқына берер рухани өнімі, қуаты, малы болса, ал жетілгендік тұрғыда жанның өнімі арқылы сана қуатын меңгеру арқылы әлемге де беретін парасаттылық қуаты да болады. Адамзаттың тарихи даму сатысында талай пайғамбарлар, елшілер келіп рұқ пен жандық өнімдерді тазарту, өсіру тәсілдерін, әдеп үлгілерін қалдырып, ең соңында бұл 4 кітап дін  негіздері болып түскенімен, бұл діндердің бәрі үш  жүйе тектен, екі түрлі игілікті амалдар жүйесінен тұратынын білеміз бе? Үш жүйенің; Жер, аспан, екі аралық қуаттардың, қасиеттердің сырларының тегін меңгеру болып; Тәурат, Зәбур, Інжіл болып түсірілген еді. Ал енді осы үш жүйенің басын қосумен және жоғарғы жетілген сана қуатын қалыптастыруды және барлық діндердің бірлігін қалыптастырушы негізгі шежіре құранды түсірумен, құлшылық амалдарды жетілдірумен, жанның ең жоғарғы дәрежесін өсіруді және діннің ортасын сақтаудың шариғат үлгісімен  Мұхаммед пайғамбарымыз  арап елдері үшін де орта топтық негізін қалаған еді. Бірақ тура жол үлгісін, пайғамбарлық намаздардың, иманның 70 бұтақты сырын меңгеруді өзі жеке орындап аз ғана сахабалар меңгергені де, ал мұндай даналықтың жоғарғы сатысын – данышпандықты сана қуатын үнемі жетілдіріп отырудың хикметті сырын Арыстан баба арқылы Ясауи бабамызға аманат қылғанының өзінде болашақта баяндайтын талай жандық құпия ғылымдары да бар. Жалпы әлемдік тұрғыдағы дін құлшылығын; Яссы, Мұхаммед, Інжіл деп түсінген абзал.

Ал үш түрлі құлшылықтың сапасын меңгеру арқылы діннің ішкі сырын, өмір шындығын, адамзатқа ортақ мұсылмандық тектілік негіздерін меңгеруге адамзатқа берілген екі игілік бар. Біздерге берілген діннің қағидаларына байланысты тәлім-тәрбиені белгілі шектердің шамасынан аспау мен білімді меңгеру арқылы даналығымызды жетілдіру игілік болса, енді біздің күш-қуатымыз, өнеріміз, шаруашылық әдістерін меңгеруіміз, жаратылыстың құпия сырларын ашып, оны адамзаттың қызметіне тұрғызуға бағындыруымыздың бәрі парасаттан, ойлау ерекшелігімізден туындайды.Аятта; «Мұхаммед: «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» де. (51) Оларға; «Сендер бізге екі игіліктің бірінен басқасының келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, біз де сендермен бірге тосайық» де (52) Оларға; «Малдарыңды мейлі бейілді немесе бейілсіз түрде сарып қылыңдар. Сендерден әсте қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзақы елсіңдер» де.» (9-53) Сонымен қандай жаратылыс болсын, қасиеттілік, тектілік болсын жұбы болуы шартты болып, парасаттылық, кісіліктің де екі белгісі жұбымен, біздерге берілетін екі игілікті бірін; Қызыр Ілияс, Ғайып ерен қырық шілтен деп атаса, екіншісін «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген. Бұл аяттың сүресінің; Тәубе-бас ию, яғни иман келтіру ұғымын береді. Олай болса бұл игіліктер даналық пен парасаттылыққа жалғанумен болмақ. Қыдыр –даналық, Қызыр – парасаттылық болып және Қыдыр Мұхаммед пайғамбарымызбен байланысты болса, Қызыр – парасаттылық Ғиса пайғамбарымызбен, оларға түсірілген кітаптармен жалғану арқылы атқарылады.

Сонымен қазіргі таңда түркі елінің ислам дінімен қалыптасқан дәстүрі бойынша Алла жолында мал сарып қылудың ерекшелігі де ата-бабаларымыздың, әулиелеріміздің бастарына зияраттап, құрбандық шалып, олардың парасаттылық ой қуаттарына жалғанумен өзіміздің малдық қуаттарымызды тазартып, күнәларымыздан ақталумен және ата-аналарымыздың тұтастық қуаттарының жүйесі, қасиеттерінің бейнесі болған аруақтарының тозақтағы жандарын құтқарумен байланысты болатыны да сөзсіз. Адамзаттың барлық қылығы, әрекеті, ақыл-ойы, тегі, қасиеті, жындық, шайтандық қуаттарының бәрі бір денеге аруаққа айналып барып тозақтың түрлі орындарынан тазарудан, қайта түрленуден де өтететінін білген жөн. Дін ғалымдарының жын қуаттарын адамзаттың екінші жартысы екенін мойындаудан бас тартқызудан да әлем халқын адастыруға да себеп болғаны хақ. Аятта; «… Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. ..» Біздің қолымыздан пайда болатын; Лат және Ғұзза деп аталатын адамзаттың серіктерінің де Алламен басқаруында тұрып; «…немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз.» деген ұғымның түркі дәстүріндегі «Аруақ қолда..» деген ұранының хақиқатын растайды. Әрбір адам баласы үшін екі қолының рухани бейнеленген көлеңкесі де игілік, иман жолдасы болуы керек. Бұл туралы інжілде ашық баяндалған, құранда аяттармен расталған да.  Олай болса бұндай әлемге де ортақ үш түрлі құлшылық істердің бәрін құран оқумен, яғни намаз орындаумен, жер есігі табанмен жалғанып, көкке саты іздеумен, ислам дініне барлық әлем діндерінің негізгі игіліктерін меңгерудің бірлігін қалыптастырумен нәтижеленетіні де хақ….(жалғасы бар)

XXIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Адамзаттың  бақытты өмірі сүруін, қайғысыз тіршілігін, өсіп-өнуін қамтамасыз ететін күшті – ақыл деп атаймыз. Ақылдың жоғарғы дәрежесі даналық болып, мұны өмірдің ағашы, көркем сөздердің бейнесі деп атаймыз. Ақыл – күш, қозғалыс басы болса, оның қозғаушы себебі ой қуаты болады. «Таза ақыл қозғалыссыз мида жатса шіриді» деп ескертіпті Шәкәрім атамыз. Адамзат пен жануарлардың ерекшелігі де ойлау қасиеттілігінің артықшылығы мен қуаттылығын меңгеру арқылы барлық қуаттардың жүйесін, бүтіндігін қалыптастыру арқылы «Жан» атты жарық нұрды өсіру, жарату қабілетін меңгерумен махаббаттың өнімін көбейтіп өсіретін жаратушының жер бетіндегі орынбасары болып саналамыз. Олай болса, жаратушы иемізге құлшылық жасау дегеніміз; намаз оқып жалбарынып тілек тілеп, өз басымыздың, дүние тірлігіміздің немесе бізге беймәлім ақирет өмірдегі қызық пен қуаныш, рахаттық сезімге жетуді армандап, жан амандығын ғана ойлау ма екен? Жоқ, біздің құлшылығымыз ақыл-ойымызды жетілдірудің қамындағы барлық адамзатқа қажетті әрекеттерді түгел қамтуы керек. Жинаған ақыл қуатымыз, күшімізге жан беріп, ал жанымызға да таза ойдан, иманнан азық беруміз керек. «Малың жоғалса өкінбе, малды тағы табарсың. Жанның көркі ойың жоғалса өкін.» деген даналар аманатында. Өйткені жанға қуат беретін таза ой — ОЛ нәзік нәрсе, қайта табу қиын болады. Ойын жоғалтқан талай жер бетінің тұрғындары надан болып азғындап, жер бетінен мүлде жоғалып жатқаны да хақ.

Сондықтан түрлі білімдерді ойлап тауып немесе ой қуатын өзгертіп, халықтың ойын тежеп ескірген, тазартуды қажет ететін білімдерді ақылға қазық қылып байлап жатқан аңқау елге арамза молда, надан ғалымдардан да сақтану үшін ғылым яғни даналық пен парасаттылықты толық меңгеру керек. Ал, ғылымға да махаббат керек, тек оны меңгеру арқылы ғана ғылымның шынайылығына қол жеткіземіз. Себебі махаббатта Алла тағаланың ғылымы мен құдіреті, хикметі жасырылғанын біз біле бермейміз.  «Адамзатты махаббатпен жаратқан» деп Абай атамыз махаббат деген ұғымның біздердің ішкі дүниеміздің мүлкінің зайыры болып және ақылдың жоғарғы дәрежесіне ғана лайық болатын даналық пен парасатылықтың негізі екенін астарлап кеткен. Сондықтан да барлық әлемнің жаратылысының құпия сырларын және адам баласы өзінің не үшін, қалай жаратылғанын тануы арқылы  әлемнің бар жаратылыс нәрселері адамзатқа қызмет қылу (сәжде жасау) үшін ғана жаратылғанын ұғыну арқылы жақсылыққа жақсылықпен, ізігілікке бағытталған құлшылықпен жауап беруді; ақылдылық, имандылық, сенімділік, тектілік, адамгершілік, мұсылмандық деп атаған жөн. Махаббаттың қандай жаратылыс екенін білу үшін де біз өз қуаттарымыздың шамасын, оларды меңгерудің әрекеттері мен тәсілдерін, ал оларды жүктеп алған жағдайдағы  пайда, зияндарының шектерін ұғыну, түсіну қасиетіміз ақылымыздың сапасын анықтауды бағалау арқылы ғана нәтижесін бермек. Бірақ біз бұндай салыстыруға тиісті қуаттардың сапасын жоғарғы ақыл иелерінің үлгілеріне, қалдырған аманат нақылдары мен білімдеріне табынып, оларға ұқсауға тырысып, ғибрат алып және біздерге зиянды жамандықтарды да ажырата білуіміз де керек. Осы екі аралықты ұстану арқылы ғана біздер  жоғарғы жетістікке жеткен Алланың сүйікті құлдарына ұқсас махаббат  есімінің иесі болып немесе иманымыз кәміл болып, қайғы-қасіретке апаратын әрекеттерді анықтап, аңғаруға мүмкіндік туады. Егер біздер мұндай  құндылықтарды өзіміздің ішімізден,  оған ұқсастықтағы тіршілік ортамыздан қасиет нысандарына жалғанбай, керісінше  деректерді сырттан іздейтін болсақ, мұндай білімдер біздің сенімділік біліміміз болып қалыптасады.  Егер біз қандай  сенімділіктің білімдерін, құлшылығын махаббатсыз меңгеретін болсақ, онда біздің ішкі дүниемізбен сәйкес келмей, яғни жан жібімен жалғанбаған жағдайда, берік сенім болып қалыптаса алмайды.

Себебі біздер махаббаттың ақ бұлағы болған; ана сүтімен, қанымен, әкенің тегімен жалғанып қана ішкі «Меніміз» махаббатымыздың дәні қалыптасады. Махаббат қасиеті жүректер арқылы біздің сан жүздеген ғасырлар бұрынғы өткен ата-аналарымыздан бері Алланың ақ пен қараның бірлігінен иірілген ұлттық, үмметтік жан жіптерімен жалғасты ұқсастық тұрығысында беріліп отыратын ерекше құдіретті тегіміз болады. Тектілік дегеніміз үлгісі арыстар болып, ал 7 арыстық қасиеттердің бәрі біздің өзіміздің ата-бабаларымыздың жандарында махаббатпен белгіленгені де хақ.  Сондықтан да Алланың біздердің өмірімізде барлығы, бірлігі де жүрегімізде, махаббаттың дәнінде тұрады. Иман дегеніміз рұқ пен жанның арасын жалғаушы, жеке меңгерген дініміздің қуатын санаға сіңіруші болып табылады. Олай болса иман арқылы ғана біздің жоғарғы түсіну қабілетіміз, саналық қуатымыз, бой өрісімізбен бірге сауытымыз, Алла тағалаға періштелік ұқсастығымыз яғни Арымыз да қалыптасады. Толық періштелік тұрғысындағы  ар қуатын меңгерумен ғана махаббат қуатының кемелдігі – Алланың жүзі пайда болады. Ал махаббатың дәнін иман деп атаймыз. Бірақ жеке-жеке иманда сенімде қасиеттер мен тегімізге ұқсастық болмай махаббат болып құралмайды. Және ақыл да, ой да, сезімдер мен түйсіктер де жеке-жеке махаббатты туғыза да көбейте де алмайды. Махаббаттың кемелдік дәрежесіне жеткен адам баласы дүниелік жауапкершілікке де, борыштылыққа да тәуелді болмайды, жамандықтың қандайда бір түрінен аулақ болады. Мұндай мұсылмандақ қарыздар мен парыздардан түгел құтылып, тек қана жаратушының нұрына-жарға ғашық болатын сопылық мақамға жете алады. Ал жетілген кемелдік махаббат бар жерде борыштылық та жауапкершілік те маңызын жоғалтады. Себебі мұндай адам баласы қандай да бір айналысқан істерді қалауымен, ынтамен, ықыласпен атқаруға машықтанады. Махаббатта құдіретті әлемнің киелерінің барлық уәкілдігі бар. Ал құдірет әлемі адамзаттық қандайда бір сезімдеріне тәуелсіз.

Біздердің ақыл-ойымыздың жетістігі болған даналық-парасаттылықпен танылуға Алла тағала өзінің сегіз түрлі сипаттарының бейнесін 99 көркем есімді махаббаттың қасиеттерін жаратқан. «Махаббатың жүз сипатын жаратып оның біреуін ғана адамзатқа көрсетіп қойған» деген өсиет қалдырған пайғамбарымыз. Біздер Аллаға түп негізді жаратушыға тікелей табынып, құлшылық қыла алмаймыз, табыну үшін махаббат тұрғысында сипаттарын тану керек, ал біздердің пенделік ондай ерекше құдіретті тануға ақылымыз да жетпейді. Сондықтан біз түп негіздегі жаратушымызды Алламызды ұлықтап, мадақтап, сәжде ғана жасаймыз. Ал құлшылық қызметіміз бізге мәлім болған, өзіміздегі белгілер бойынша салыстыру арқылы махаббатымызды тани аламыз. Ал ондай жүрегіміздегі белгілердің орнын  тазарту арқылы тегіміздегі ұқсастыққа жалғануға, яғни Алла тағаланың 99 көркем есімдерінің қандайда бір сипатының ұқсасын өз жанында қалыптастыра білген,  ақирет өмірінде де хикметтеріне жалғанып Алланың сүйікті құлы болып бейнеленген ерекше қасиетті тұлғаларының махаббатына табынып ұқсауға тырысып, құлшылық жасап белгілеріне жалғанамыз.  Ол үшін де құранды оқу  арқылы құдайға сыйынамыз,  түсірген, көрсеткен үкімдері бойынша намаздарын орындап,  құлшылығымыздың қатесін түзеп, жетіспейтінін арттырып отырамыз. Қандайда бір қателіктерден бас тартып тәубеге де келеміз. Ал егер мұндай Алланың біздерге көрсеткен дінінің үлгілеріне табынып, ғибрат алудан бас тартып, жандарымыздың ұқсастық жағдайда ғана бірігуге махаббатына мән бермей, ата-анамыздың жандарына жалғану жолында құлшылық қыла алмасақ, онда өзіміздің жанымыз өсіп-өнбей, иманнан жәрдем келмей адасатынымыз да хақ. Себебі мұндай жағдайда сезімдік ақылдың жетегімен әркім өз әуесін, құдірет, ғылым деп танығандарын «Тәңірі» санап, өз құмарлықтарына табынып, жалғанның дүниесін, білімін ақылсыз жинаумен айналысып кетеді.

Ал, ондай құлшылығымыздан парасаттылық түгіл даналыққа да жол жабылып, ата-бабамыздан қалған көркем есімдерге айналған мирас, тектілік қуаттардан тиесілі үлес алуда бірлену әрекеті де болмайды. Шариғаттың дін істерін ғана меңгерумен құдайдың патшалығына енбей, аян, уахиларын меңгермей, яғни бұрынғы өткен дін ғалымдарының әуелі ақиреттік қуаттарына көркем есімді кісілігіне, үніне, ой қуатына жалғана алмай білім тұрғысында қалдырған сөзін, білімін ақыл қылып алатын болсақ, көптеген мұндай дін адамдарының жеке басының пайдасы үшін ғана қалыптастырған дін ғұрыптарын да орындаумен тура жолдың қисығына да түсіп алып адасушылыққа түсетініміз де сөзсіз. Себебі мұндай жағдайда біздер Адам ата, Хау анамыздан бері жандық тұрғыда жалғанып келе жатқан жанның жібін үзумен махаббатың қуатынан да ажыраймыз. Қажырлық, жігерлікті сақтаудың  амалы, ойдың үздіксіздігі, Алланың жібі жаныңда жалғануы болмаса, біздің алған сөзіміздің ақылы біздің өз ішіміздегіге ұқсасы болмаса да иманды өсірмейді, керісінше жоғалтуға себепші болады. Және адамзатқа ортақ махаббаттың ғылым мен құдіреттен пайда болғанына дәлел 99 көркем есімді сипатына жалғанудан ғана пайда болатын, ата-бабамыздан тектілік – өмір ағашы болған шежіремізден пайда болатын үмметтік жобамыз, ойлау қуатымызды да үзіліссіз болуын қамтамасыз ету керек екенін білген де жөн. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін; Абай атамызға жүгініп көрсек;  «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет — Ғылым және рахметі болмақ.  (Рахмет деген сипаттың өзінде екі сипаттың да бірленген көрінісі болуын білдіреді). Сонымен Ол деп Рахмет сипатын атаймыз  (Ол Алла деген Алланың рахметі болып саналмақ). Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Алла тағаланың; 1.Рахман; 2.Рахим (жарылқаушы, келтіруші); 3. Ғафур кешіруші ); 4. Уаруд (сүйікті, сүюші); 5.Хафиз (қорғаушы); 6.Сәттар (ара түсуші, арашашы); 7.Аззақ (несібе беруші); 8.Нариғ (пайда беруші); 9.Уакил (уәкіл басқарушы); 10.Латиф (жақсылық, мейірім) деген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипаттауға керек. Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғардағы Алла тағаланың 99 есімдері болмақ…»  (38-сөз). Сонымен көркем есімдердің пайда болатын Алла тағаланың  ұқсасы болған бұл 10 сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып,  көктен келетін Раббымыздан түсетін нұрдың – он саулық байлығын белгілеп тұр. Біздер көркем есімдерді белгілі бір сипаттық қасиеттілікке жалғану арқылы 10 саулық иман нұрымен, парасаттылық қуаттарымен көбейтіп дәрежелеп отырамыз. Олай болса біздер ақылдың құлшылығын  жетілдіру арқылы ғана ғылымды, құдіретті болған Алланың сүйікті құлдары меңгерген, жандарына алған кітаптарына жалғанып қана даналық пен парасаттылықты меңгере аламыз. Даналық ғылыммен, ал парасаттылық құдіретпен, хикметтермен байланысты екенін де білген жөн.

Ақиқат – «Бір» махаббатпен бірге айқын болмақ. Біз Алла тағаламен бір тұтастықта болу үшін махаббатпен бірге бүтіндікке айналу үшін жаратылдық. «Екі жарты бір бүтін» деген ер мен әйелдің өзара тұтастыққа жеткен махаббаттың бастауы болады.  Ал, Алла тағаланың;  «Бар»-лығы-шындық болып бейнеленеді. Олай болса, Алла тағаланың барлығын тану арқылы және барлығы арқылы берілген хабарларын, аяттарын құлшылығымызға айналдыра білу арқылы ғана біздер барлық қуаттарымызды «Бір» жүйеге, бір ақылға, бір иман, бір естілік саналыққа, тұтастыққа, бір қуатқа айналдыра аламыз.  Енді Абай атамызға жүгінсек; «Енді біздердің ақылымыз — үкім беруші, ал қайрат, қуатымыз қызмет қылушы болмақ. Енді осыған қарап Алла тағаланың да жаратылысы сондай болар деп ойлап көрсек. Мысалға, Ғылым және Құдірет сипаты өзара салыстыруға тұрарлық екі сипат екені біздің ақылымызға ұғынуға лайық. Ал егер Ғылымда құдірет болмаса онда қалай болады? Ондай жағдайда жоғарыдағы пайымдауымызға лайық болмай, бір сипаты ертуші, екінші сипаты еруші болуға тиісті. Мұндай сипат Алла тағалаға, Раббымызды тануға лайық болмайды. Себебі сегіз сипаттар әр қайсысы өз алдына белгілі бір шегі, қызметі болып бөлініп тұтастықтан «Бір» болудан қалады. «БІР» деген ұғым барлық жерде кереметтілігі бірдей деген ұғым. Егер Алла тағала сипаттарын «Бір» деп ұғынбасақ, онда жеке-жеке тәңірге, құдайға айналдырып аламыз. Сондықтан Бір Тәңір, Бір Құдай деген ұғымға лайық болмайды(38-сөз) Алладан басқа тәңір де, құдай да жоқ. Сондықтан «Бір» ұғымына жаратушымыздың бізге мәлім «Өзі» болған барлық сипаттары сыйып кетеді. Бірақ біздер махаббатты меңгеру барысында әділеттілікті сақтай алмасақ, онда құлшылықта адасамыз. Олай болса әділеттілікті қайдан үйрене аламыз?

«Ал ақылға ұғынуға дәлел Құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісім бірлікпен жаратып және бір-бірінен тек пайда алатұғын сипатта жаратқан. Ал бір-бірінен пайда алу ұғымына келсек; Жансыз жаратылыс нәрселерден пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайда алатын ақылды адам баласын жаратқан. Хайуандарды асырайтын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып және олардан ақиретте машһарда сұрау бермейтұғұн қылып, ал бұлардан пайда алатын адам баласын машһарда, ақиретте сұрау алып, жауап беруге жаратқандығында әділет және махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар секілді тамақтан өз басымен алғызбай ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде, не ішіп не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззаттанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстінен тазалығын басқарарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктіктен, зияннан қорғарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп қаға беруге қас беріп, оны жүзіңе көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуінің ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратқаны махаббат емес пе?..» (38-сөз) Бізді барлық әлемнің жаратылыс нәрселерінен, хайуандардан да ең соңғы пайдасын көретін, өмір сүруімізге қажетті пайдалы қуаттарды өндіріп алатын тіршілік иесі қылып жаратып және өзара бір-біріміздің көмегімізге мұқтаж да қылып жаратқаны да хақ. Олай болса, біздерге қандайда бір әлемнің жаратылысынан өзімізге қажетті қуаттардың өнімін ала алмау және онан пайда көре алмау надандық болса, ал ақиреттік азықты біздер өлілер әлемінен, яғни тылсымдағы ата-аналарымыздан, өз туыстарымыздан да пайдалы қуаттарды алып, оларға да өзімізден олар үшін пайдалы қуаттарды, азықтарды беруіміз керек екені де хақ. Егер бір жақты ғана біз пайдаланушы, тұтынушы  ғана болатын болсақ, қандай әділеттілік және махаббатқа махаббатпен жауап берген болмақ? Әлемдік жанды жаратылыс егелерінде бір бағытты қозғалыс та, бостық та болмайды. Ал  жанды өсіретін, көбейтетін өмір қуаттарының  тең тұрғыда алмасуын, өзара сауда шарттылығын сақтайтын әділеттілік жоқ жерде махаббат та өсіп-өнбейді, тұрақтамайды. «Бес бересің, алты аласың бар ма менде» деген қазақ даналығында мұндай құлшылықтың түрін.

Сондықтан да; «….Кім өзіңе махаббат (жақсылық, ізгілік) қылса, сен де оған махаббат қылмағың (игілік пен жақсылық арнап жауап бермегің) қарыз емес пе? Ақыл көзімен қара; күн қыздырып, теңізден бұлт шығады екен, ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзіне неше түрлі дәндер өсіріп, жемістер өндіріп, көзге көрік, көңілге рақат гүл-бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант-қамыстарын өндіріп, неше түрлі өсімдіктер өсіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтарды ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін, сулар балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балауызын, құрт жібегін-барлығы да адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі-адам баласына азық…» (38-сөз) Олай болса, бізді осындай махаббатпен жаратып, барлық нәрсенің өмір сүруіміз үшін пайдасын алғанда,  ал біздерді сәждемізді ғана орындап жаннатқа барып, тегін ризықты жатып ішіп, түк бітірмей дем алсын деп жаратпаған шығар? Махаббатқа махаббатпен жауап беру дегеніміз біз де махаббатың жер әлемінде кіші сипаттарын, қуаттарын құлшылығымыз арқылы жаратуға және әлемдік қуаттарға өзіміздің өндірген қуаттарымызды берумен үлесімізді қосып отыруға тиістіміз. Болмаса мұндай алған аманатты қайтармаған, қиянат қылған болып табыламыз.

   «…Жә, бұл хикметтерінің барлығында  мархамет және анық ашық әділеттілік сипаты тұр екен. Біз ортамызда бұл мәрхаметін, жақсылығын әділетті иманның шартына есептейміз, ол үшін иманды мүмін болып, Алла тағалаға табынып оның жолында болмақ едік. Ал, болғанымыз қайсы? Құдайдың қалауын жоққа шығармаймыз, өзгелерде болғанын да жек көрмейміз, өзіміз бірақ тұтпаймыз. Бұл қиянатшылдық емес пе? Қиянатшылдыққа жақын тұрған адам мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді…» (38-сөз) Әрине біз жаратылыстан әлемнен, Алла тағаланың махаббатының бөлшегі, мархаметі мен әділдігін аңғару  үшін біртұтас қозғалысқа қосылып, және  Алланың жолында болуы үшін меңгерген дінімізде, насихаты мен білімінде шариғатпен ғана шектеліп қалмай әлемдік қозғалыстың, қасиет, тектердің жүйесінің  барлығын қамтуымыз да керек.  Біздің біліміміз кеңіген сайын әрбір жаратылыстың ішкі сырының қуаттарының  түрленуін, алмасу, өсіп-өну, жетілу, өлу, жоғалу сияқты жағдайын түсінген сайын мұндай рухани қозғаушы күштерге, біздің өмір сүруімізге себепшілерге деген білімдік тұрғыдағы көзқарасымыз да кеңіп, ақыл күшіміз де артып, даналыққа қарай есік ашылары да сөзсіз. Және мұндай хикметтер Алла тағаланың ғылымы мен кереметі ақылдың шегінен тыс тұрғаны да хақ. Ал ақылдың шегінен тыс білім емес, ақиқаттың өзі, ілімі болады.  Ал ілімсіз махаббат жоқ, махаббатсыз ілімді меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да махаббатты 99 сипатты көркем есімдердің ата-бабамыздың, аналарымыздың жанындағы, тегіндегі қасиеттілік белгілерін меңгермей, біз құдайлық жолға жалғана алмаймыз. Егер масһаб білімі, намаздары, амалдары жол болса, онда ілім тұрғысында шектеусіз де болып, ал білімде осы баяндалған барлық хикметтердің себебін және олардан зиянсыз пайдасын қалай алуын, қиянаттан сақтануын да қамтамасыз ете білу керек. Бұл қандайда бір діндердің бірліктерді меңгеруімен, әлемдік қуаттардың бірлігін, тұтастығын қалыптастыру қағидасына лайық болса керек.

«..Қандай да бір дін өсиеттерін алып қарасаңыз; Тәңір туралы көзқарастардың, Құдайдың жақсылық істеушілерді сүйетіндігі, оларды жаннатпен сүйіншілеуі және адамдықпен жақсы іс атқарған адамдардың есебін толық жақсылықпен қайтаратындығы, ал залымдарға, жамандық істеушілерге дәл сондай жазасын береді деген әділдіктің жоғарғы ұстанымдарын ықыласпен, ғылымымыз жетіп неге қабылдамаймыз? Енді мұндай әділдікті қабылдап үлгі қыла алмасаң онда ұяттың жоқтығы. Ал ұят жоқ болса, онда иман да жоқ деген пайғамбарымыздың хадисі дәлел дүр…» (38-сөз) Сонымен Алла тағала жер бетіне негізінен 8 діннің үлгісін түсіріп, екі пайғамбарды Ахмет – тазартушы деп, әділеттілік пен махаббаттың бізге үлгісін көрсетіп және 9-шы тұрғыда кісіліктің үлгісін; Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ислам бірлігінің қазығын қағып, Алла тағаланың ғылымы мен құдіретін; сәни-ақыл дәптерімен сандық тұрғыда хикметтердің санын түгелдеп жазып қалдырғаны да жалған емес. Жер анамызды даналықпен 4 күнде жаратып онан парасатты бөліп алып, көк әлемінде аспан мүлкі қылып ерекше қорғап, біздердің арамыздан құлшылықта, даналықта озық шыққандардың ғана үлесіне тиетін қылып жаратудың өзінде біздің ақылымыз жетпейтін құдіреті мен ғылымы тұрғаны хақ.

Иманды адам баласына; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек. «Иман келтірдім» деп тілмен айтып, ал іс жүзінде бұл бес қасиеттерді меңгеру үшін де махаббатымызды тірілте білуіміз керек. Ол үшін де бізге ескі күнәлі рұқымыздан тазаруға, ақталуға яғни Інжілдік қағидаларды орындап, Ғиса пайғамбарымызға бесінші арыстық даралыққа жалғануымыз керек. Ақирет әлеміндегі адамдар өмірімен жалғану арқылы ғана біз 6 арыстық белгі Сүлеймен пайғамбарымыздың жан-жануарлар, құстар, жәндіктер әлемімен, тозақтармен де жалғанып қуаттық алмасуына қосыла аламыз. Біз осындай өлім сатысынан өту мен ақталу арқылы ғана жаратылыспен тұтастықта болу арқылы ғана ең жоғарғы адамдық құндылықтардың кеніне, парасаттылыққа яғни Мұхаммед – сүйспеншілік ізгі амалдарына жалғанып, махаббатымызды тірілтіп қана қоймай оны жаңартып, бүгінгі замандық болмысымызға қарай ғылыммен,  өмірдің шындығы түрінде қалыптастыра білуіміз де керек. Ал енді бүгінгі дініміз, махаббаттың дәні иманымыз қандай десек;  «…Енді белгілі иман құр иланғандықпен болмайды, әділетті  және оның ізгілікті  қағидаларын ұстанумен ғана, бірленумен ғана иманды бола алады. Біздің тәнімізбен қылған құлшылықтарымыздың, оқыған намаздарымыздың ешбірі жоғарыдағы ескертілген әділдіктің қағидаларын сақтауға, ұстануға, жақсылық, ізгілік істерін меңгерудің мәрхаметін (нәтижесінжемісін) бермейді. Күнде көріп жүрген намаз оқушы (намазхандық), ораза ұстаушының қандай әділетті іс атқарып жүргеніне дәлелді іздеп  керегі жоқ. Себебі әділеттілік барша ізгіліктің анасы дүр. (Әділеттілік ұстанымы болған жерде барлық ізгілікті де таба аламыз) Ынсап, ұят бәрі де әділеттен шығады. Мұндай жағдайда адамның көңілінде; халық менімен сондай-мұндай әділетті қылықтармен қарым-қатынаста болса екен, маған ешкім зәбір бермесе, жақсылық қылса екен деп ойлап тұрып, менің де олармен әділетсіз болғаным жарамайды деп тәубеге келсе, осының өзі әділет және ынсаптық емес пе?….» «Алаған қолым береген» деген қазақ даналары. Біздер тек ораза ұстанып, бес парыз намазымызды оқып, ата-бабаларымыздан алған аманаттарды; жанымызды, рұқымызға берілген парасаттылық қуаттарымызды көбейтіп, бастапқы қуаттарды  өз орнына қайтарып және Алла жолында жинаған қуатымыз арқылы;  ақшамыз – малымызбен, жанымызбен соғыспай, яғни тозақтық туыстарымызға қол созып, қара қуаттардан тазаруға жәрдем бермесек, дүниеде садақа беруден  кедей болып қалудан қорқып сараңдық жасасақ, онда бізде әділеттіліктің жоғалғаны болады. Олай болса біздердегі жаратылыстан берілген иман қуаты,  ынсап, ұяттылығымыз да жоқ, демек махаббат та өлі болғаны.

Сондықтан да құранда жаратушы иеміз біздерге әділеттілікті сақтауды аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсіргендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Мүміндікті меңгеріп, иманды болу дегеннің өзі белгілі бір ата-бабамыздан қалған кітаптарға жалғануға, яғни белгілі бір аяндар, уахилармен Раббымыздан аяттарын шежіремізден өткен заман тарихынан хабарларды алып тұруға, тарихаттық дәрежеге жетумен белгілі болады. Осындай жағдайда біз құранымызды меңгеру арқылы Інжіл, Тәуратқа жалғанумен жоғарғы парасат егелері аспан денелеріне, жұлдыздарға, жолдарға жалғанып, парасаттылықтың да жоғарғы дәрежесіне жете аламыз. Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, тура жолымызды тауып, ой қуатының тарихта үздіксіз тұтастығын қалыптастырумен саналы даралыққа да жете аламыз. Олай болса біз барлық діндердің бірлігін, әлемдік қуаттардың адамзаттың пайдасына ғана жаратылғанын,  біртұтас адамдар болған екі аралық аруақтық қуаттарға жалғану «шерік қосу» деп адамзаттың өзінің табиғи тұрғыдағы өнімі болған жындық, шайтандық қуаттарды да  адамзаттан бөлек зиянды жаратылыс деп  жүктелуден, қаралай қорқып қашудан да аулақ боламыз. Керісінше мұның бәрі біздер үшін меңгеретін міндетті жүк болып, бұл аманат жүктерді қандай жол, амалдармен алудың, тазартудың заман білімдеріне, іліміне сай тәсілдерін Раббымыздан сұрап көрсету арқылы пайдалы қуаттарға айналдыра аламыз деп ойлайтын боламыз.  «… Ал мұндай ойды ойлаған кісі жаратушыға неге шүкірлікті ойламасын? Шүкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Онда әділетті жақтаушы ниеттен, шапағаттан айырылма. Егер мұндай ойдан, ниеттен ажырасаңыз иман да, адамдық та барлығы да қашады. Сопылардың; «Бір адамның ниеті бұзылуынан, жүз адам қолайсыздыққа ұшырайды» дегені пайда болады…» (38-сөз) (жалғасы бар)

XXIV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Қазіргі таңда қазақ елінің егемендік алып тәуелсіз мемлекет құру жолында жері, шаруашылығы, шекарасы бөлек дербес елге айналдық дегенмен көптеген кедергілерге түсуге, яғни әлемнің рухани тоқырауға ұшыраған елдерімен бірге біз де құдайдың қаһарына ұшырап, азапталып жатқанымызды көбіміз аңғарудан қалғанбыз. Оған ең басты себеп біздердің ел басқарушы, зиялы, білімді аталған қауым өкілдерінің меңгерген білімдерін, таланттылық қаракеттерін ақылдың жоғарғы дәрежесі – даналық деп түсінгендіктен, мұндай жетесіз ақылымызды иманға айналдыратын, ойлау қуатымыздың әрекетін арттырып тазартатын таза ақылдан, парасаттылықты меңгерудің ұлттық дәстүрімізге, екі күнімізге ашық қарсы болып, заң жүзінде мұндай әрекеттерді қудалаумен де айналысып кеткеніміз де хақ.  Мұндай жағдайдағы рухани өркениетіміз әлемнің бүгінгі талабына, мүддесіне қарай бейімделумен ғана шектеліп және әлемнің бар салтын өркендеудің жолы деп еліктеуді әдетке айналдырып алдық. Ал ұлтымыздың, халқымыздың тағдырлық дамуына, қазіргі заман талабына сай қозғалыстарға, үдерістерге ата-бабаларымыздың тарихымен, өткен жолдарымен салыстыра отыра баға беруге, өмір шындығын қалыптастыруға мұндай талғамсыз әлемнен жинап алған кезбелік білімнің, философиялық даналықтардың жарамсыз болып шыққаны да хақ. Олай болса, еліміздің зиялы атты білімді қауымының, дін ғалымдарының халыққа ұсынып отырған рухани жобалары ғылым шындығынан алшақ болып, халқымызды азғындыққа түсіруге қызмет етіп жатқаны да хақ. Негізінде әрбір жаратылыстың, қозғалыстық қуаттардың, тіптен уақыттың да қозғалыстық тағдыры жұп болып жаратылып, екі түрлі қарама-қарсылықтың өз ара келісімінен ғана дүние тіршілігі қалыптасып, ал бұл екі жаратылыстың ортасында үшінші ортақ туындысы болып, сол арқылы салыстырумен біз екі қозғалысты да бақылап, басқаруға мүмкіндік аламыз. Мұны таразы, мизан десек те болады. Қазақ даналығында; «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нақыл қалған. Сонымен біздер ілім мен мен білім арқылы даналықтың жаратылысын, меңгеру сырын түсіну арқылы ғана бұл үш негіздің қозғалысын, қуатын, қасиеттілігін қалыптастыру үшін, тектілігімізді тану үшін парасатылыққа жалғанумыз да керек.

Біздерден бұрынғы замандарда өткен әулиелеріміз, ғұламаларымыз даналық пен парасаттылықтың белгілі бір шамасын меңгеріп, білімін қалдырғанымен замандар өтіп, білімнің дамуымен, өркениеттің де сан алуан түрлерінің пайда болуымен, қарсылық күштердің де өсіп-өнуімен қандайда бір белгілі болған өмір шындықтарының өзгеріске түсіп, оны әрбір заманның қозғалыс қуатына білім мен ілімін ақыл тұрғысында қайта тазартып, жетілдіріп отыруымыз шартты болмақ. Ол үшін даналықты парасат арқылы жетілдіру діннің жолы болғанмен, негізінде әр ұлттың ғылым шындығын қалыптастыратын философиялық даналық мектебі, сөз ғылымының үлгісін қалыптастырған дін дәстүрлік, әдет-ғұрыптық ерекшелігі мен жол-жобасы болып, құдай патшалығына енуімен, әр заманның салтын қайта жетілдеріп отыру уақыттың еншісіне қалдырылған.  Әлем халқының өзара қарым-қатынаста болып, нәсілдік және жандық тұрғыдағы рухани қуаттарының алмасуларының еріксіз түрде атқарылып отыратын, ұлттық тұрғыда үндердің өсіп жетілуін де қадағалап, құдайдан түсетін үкімдермен, уахилармен жүйелеп отыру жоғарғы билеуші тарапынан атқарылатынын да ұмытпаған жөн.

Қазақ даналығында; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген. Біздер қаласақ та қаламасақ та  жаратушы иеміз жүз жыл сайын нәсілдік тұрғыда жетілдіріп отырады.  Сондықтан да біздің үндеріміздің өзгеруіне қарай, сөз атауларының да жаңадан сапасының пайда болып, сөз ғылымына үндердің өзгеруімен, тіл мен ойдың бірлігін жетілдіріп отыруға мән бермеген жағдайда, рухани құлдырауға ұшырап, қарсы күштердің шабуына ұшырауымен рухани құлдырауға түсіп, парасаттылықтан айрылып, кез-келген білімді ақыл деп бағалап, жалған даналықтың үстемдігіне ұшырап, жалған ғалым, арамза молда, әділетсіз ел билеушілердің саясат сахнасында үстемдік құруына жол беріледі. Және қандай да бір діндердің мұндай шаралары пайғамбарлардың даналықтарымен баяндалып түсірілсе де, бұл даналықтарды адамзаттың әрбір заманның қозғалысының түрленуіне, білімдердің артуына байланысты да үнемі парасаттылық қуаттардың жаңадан сапасымен, үнімен, ішкі құпия сырларымен жүктеліп, жанды жетілдіріп, яғни даналықты қуаттандырып отыруы керек. Мұндай жағдайда жаңадан сөз атауларының, ой қуатының жетістігін, жаңадан сөз ұғымдарын қалыптастыру да осы нақылға да сәйкес болмақ. Ілім барлық жаралыстың ішкі қасиеттік сырларының, тектілікке қарсы  себептерінің түрленуінің, қозғалысының, заманның  уақыттық қозғалыс қуаттарының да түрленуіне байланысты сөзбен бейнеленген насихат, теория түріндегі шындығын айқындайтын болады. Ал, білім шын жүзінде өлшемін, сапасын қалыптастыру керек. Ал ақыл таразы болып бұл екі себептің өмір шындығын айқындап адамзатқа бағыт-бағдар беріп отырады.

Біздер жер әлеміндегі құбылыстарды, ағынды, құйынды өрістердің өзгерістерінің негізгі себептерін, жаратылыс негізін, қуаттарының күшін, жылдамдығын және басқадай әрекеттерінің сапасын да өлшемдік білім арқылы анықтай алмаймыз. Мұны біздер аспан денелерінің қозғалысына мән беріп, біздерге көрінген сипаттарын бақылау арқылы және бұрынғы заман өткен ғұламалардың болжамдарымен, қалдырған іліммен сәйкестендіріп түсіндіру арқылы білімге айналдырып, ақылмен болжай аламыз. Сондықтан біздің ақылымызбен анықтауға, шамасын өлшеуге болмайтын аспан денелеріндегі  жаратушылық қуаттарды түрі мен бояуын көріп зерттеп, ал біздердің тағдырымызда жер бетіндегі әсерін, әрекетін бейнелену сипаттарын түстер арқылы көріп, біліп қана себебін, пайда, зияндылық шамасын білеміз. Ал енді жалпы біздерге дейінгі ата-бабаларымыздың, аналарымыздың меңгерген даналықтары мен парасаттылық қуаттарының негізінде пайда болған қасиеттіліктер, тектілік сапалардың тәжірибелік үлгісін біздерге қалдырған аманат нақылдар, өсиеттері арқылы сөз жүзінде, білім тұрғысында ғана меңгере аламыз. Ал іс-әрекеттерінің тәжірибелік жағдайындағы үлгісін Алла тағаланың, Раббымыздың біздерге аян, уахиларымен көрсетіп білдіруінсіз,  бұл хикметтерін орындаушы Алла достарының ақиреттен беретін даналық ақылдарынсыз, намаздарын қателіксіз  дұрыс орындау да мүмкін емес. Біздердің қандайда бір құлшылығымыз,  дініміз, өркениетіміз де өміріміздің бақытты мәнді болуы да, тағдырымызды тазартуға арналған сенім мен иманның тұтастық қуаттылық жетістігін қалыптастыруға байланысты болады. Ал енді бұл екі негізгі текті меңгеру үшін де ақылдың күшімен ғана атқарылып, денсаулығымыз болған сеніміміз бой жарығын, денеміз бен сыртқы бақша өрісімізді қалыптастыруға негізделіп, ал имандылығымыз он саулық байлығымыз, ақ жаулықты әйелдеріміздің ақылдылығына, даналағына тәуелді болады.

Сонымен біздердің меңгеруге тиісті өмір шындығымыздың жағдайы нұрға, яғни бастапқы жаралыс негізінен зейнеттік үлесімізді зекет алуымызға тәуелді екені де хақ. Олай болса, біз бұл жарықтардың негізін, жаратылыстық сипаттарын өзара түрлену, үндесу, тоғысу, кездесу және онан пайда болатын әсер, әрекеттерінің сырын білу арқылы ғана ақыл күшін жетілдірумен имандылықты меңгеру жолындағы құлшылық істерінде адасудан, азғырылудан сақтана аламыз. Және сенімділік пен иман қуаттарына, қасиеттілік көздеріне еркін жалғана аламыз, себебі ақылымыздың күшін жетілдіре білумен осындай иманның тегін түсіндіретін ілім негіздерін меңгеру арқылы мүмкіндік аламыз. Фараби атамыздың трактаты бойынша;  «Бүкіл әлемнің басталатын кезінде Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты, яғни нұрды жасау кезі болып саналады. Ол жарықта әуелгіде ешбір қасиет болмаған, ол бір текті және қозғалыссыз жаратылады. Оған ақыл, ойлау әрекеті берілген бақыттан соң қасиет пайда бола бастайды.»  Сонымен жаратушымыз өзінің негізгі ұқсас сипаты болған, өзін-өзі жаратуға қабілетті «Жаратқанды», жарықты жаратқан еді. Ал осыдан кейін ғана оған сөзді яғни ақыл-ойды қозғалыстың негізін берді. Алла барлық жаратылысты, әлемді де баураушы қабын жаратушы. Демек Алла тарапынан сөзі келіп, бұл нұрдың сыртқы қабы – бақыты, денесі пайда болды.

Сонымен барлық тектердің негізі де сыртқы дене қабына, ар сауытына байланысты ақыл-ойлық қасиет болмақ. «Ақылға келсек дейді ғұлама, — ол жарықтан, нұрдан бастау алатын шабыт.» Ал, әлемдік бастапқы нұрдан және онымен байланысты одан тікелей жаратылған әлемдік ақылдан Ар-дан  бүкіл заттың нәрселік және рухани тіршілік әлемі туындайды, өрбиді, сан алуан түрге келеді. Ал біздер бұл нұрдың ақ бастауының ішкі сырын, қозғалыс, қуаттардың яғни Алланың ғаршысын сары, алтын түсті нұрды – Раббымыз деп атаймыз. Енді бабамыздың баяндауы бойынша; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық та жылы да емес, дымқыл да құрғақ та емес, еркек те әйел жынысты да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды, барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болды». Сонымен нұрға берілген бақтан сыртқы денесі зейнет киімі мәртебелі күміс түсті мәртебелі жарықтың негізі – Ақтан барлық жанды жаратылыс негізі пайда болды. Яссауи бабамыз хикметінде:

Хикметімнен баһра алға көзге сүртсін,

Ықыласпен көзге сүртіп дидар көрсін.

Шарты сол дүр: қанағатқа мойын ұсынсын,

Жан пида етіп жан ананы көрдім міне,

Әлемдік бастапқы нұрдың денесін, тіршіліктің бастауын жан ана деп атаған әулие бабамыз. Ал сопылық мақамда ЖАР, жарықтың жарылып шыққан бастауы деп атаған. «Бірінші жарық – нұр алғашқыда өзінің жаратылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін тербеліс уақытында (12 мың жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқыда бірінші элементтері пайда болуы үшін, Алланың әмірімен нұр екіге жаратылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады.  (Сонымен екі жарықпен және орта үшінші бөлек болып, жаратылыс қозғалыс тегінің 3 санмен байланыстығы нұрға жалғанудың негізгі себебінің дәрежесі пайда болады.Мұндай бөліну кең көлемде әрбір 12 мың жыл дүркіннен кейін болып тұрады, кіші көлемдегі бөлінулер 6 мың жыл, тар көлемдегі бөлінулер төменгі бөлім ішінде 9 айда, 12 жылда, т.б. жүріп тұрады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жаңа сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән-мәністері бар бастапқы, негізгі элементтер (құбылыстар) пайда болады. Дүниеде әлемде бос орын жоқ, әртүрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатаң заңдылық бар.».  Олай болса Әл-Фараби бабамыздың ойшылдығын,  пайымдауын Ясауи бабамыздың шындықпен көргенін растап та отыр. Біздер түп негізгі жаратушымызды Алла деп сипаттағанмен, ал оның қандай жаратылыс екенін біз ақылмен тануға әлсізбіз. Сондықтан біз ойдың қуаты парасаттылық арқылы ғана бастапқы Алла тағалалық ақ нұрды және Раббымыздың сары түсті нұрына құлшылығымызды арнаймыз.  Олай болса нұрлардың тұтастық тұрғысында Алланың ажары болған мәртебелі жарық Жардан пайда болған қолқабыстық себепшілеріне яғни  Жан ананың негізіне емес, біздерге белгілі болған жаратылыс әлеміндегі сипаттарына құлшылықпен  жалғанумен ғана шектелеміз.

Сонымен барлық жаратылыстың негізі жұп және пар болуға тиісті болып;  «..Алланың әмірімен нұр екіге жаратылып. бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды,…»  Енді бұл екі жарықтың қарама-қарсы бағытта кеңістікте жарылыс жасап, шашырап, ыдыраумен өзінің ұсақ жаратылыстық денелеріне, жарық шырақтарына, қуат көздеріне айналса, ал бұл жарықтарды байланыстырып тұратын бос кеңістікте жердің пайда болғанын жадыңызға тоқып алыңыз. Ал екі жарықтың жер-орын кеңістігінен шыққан орындарын жердің сол және оң «полюстері» деп атаймыз.  Бұл жаратылыстың негіздерін  Әл-Фараби бабамыз; «Бастапқы жаратылыс негізгі нұр, ол жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр – үлкен қуат егесі. Нұр кең ұғым. Жарықтың көлеңкесі болады. Нұр жарықтың кемелденген жоғарғы сапасы, көлеңкесі жоқ ыстық, суықтығы жоқ. Жарықтардың тегі деп атауға болады. Адам ақылы нұрға бөленеді. Яғни жарықтан шығатын әлемді танып білу биік шоқтығы нұр. Әлем нұрдан тараған жылу құбылыстардың да, үстіне сәуле шығару, от, қуат көздерін қамтитын кең мағыналы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы жарықтың қоюланатын аспан денелері нәрселері орналасқан. Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінеді де қозғалыс қасиетіне ие болады. (Екі жарық негізінен екі түрдің жаралуы, яғни Ақ пен Сары яғни күн мен ай болып саналады.) Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі ірге тасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйреуші періштелерді және басқа да жарық құбылыстарын бар етті»

Олай болса барлық қозғалыс қарекеттердің атқарушысы, Алланың қолы болған, періштелік сипаттардың да негізі тегі осы Ақ пен Сары жарықтың сапасынан пайда болып және аспан шырақтары жұлдыздар, парасаттылық егелері «Біз» аталған періштелер де осы екі жарықтың негізінен және нұрдан пайда болғаны да сөзсіз. Ал жоғарғы жарықтан күн және түрлі планеталар жаралса, төменгі жарықтан Ай мен жердің сыртқы қабаттарының  екі аралық жаратылыс себепшілері жаратылған еді.  Сондықтан осы екі жарықтың негізін меңгеру Адамзаттың үлесінде болып, нұрдың үшінші сапасының да пайда болуын және бұндай нұрдың мысалын; Аятта: «Алла (Т) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: ішінде жарық бар қуыс сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек бейне інжудей жұлдыз. Шығыста батыста болмаған зәйтүн майымен тамызылады.  Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Алла қалаған кісісін өзінің нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді»(24-35) Бұл нұрдың бейнесі жұлдыз болып, аналардың әйнектей таза жатырындағы «алтын бесікті» білдіреді. Ал, енді «зейтүн майы» болса бұл атаның шақуаты және Ақ түсті нұрмен байланысты болады. Біздер қандай жағдайда болсын, осындай екі жарықтың негізінен және оған қарсылықтарды жеңуімен пайда болған кісілікке айналған нұрдан, негізінде «Жан ана-Жардан» ұшқынынан жаратыламыз. Сондықтан бізде бұл махаббатың ұшқыны «Мен»-жанымыз болып, жарға ғашықтық, иманға құштарлық жаратылысымыздан бар екені де хақ. Бірақ біздер сол нұрға және ата тегіміз майға лайықты әлемдік тұрғыда жарық болмақ түгіл, өз жан ұямызға, ұрпағымызға, тіптен қарақан басымызды алып жүруге де иманымыз жетілмей, ақылымыз кері кетіп жатады. Неліктен деп ойлайсыз?

Әл-Фараби атамыздың пайымдауы бойынша: «Жарықтың бүкіл төменгі бөлігі қараңғы қозғалыссыз және салқын болады. Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз  заттар денелер орналасты. Алла тағаланың құдіретті күшімен қозғалыссыз нәрселер жаратылысы салқын, суық болып келеді. Осы нәрселерден түп негізі басқа да көп болатын заттар тас, топырақ жаратылады». Әл-Фараби атамыздан осы ғылыми  негіздеріне сүйене отырып толықтырсақ; Бастапқы нұрдан екі жарықтың және; «…, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады.»  Сонымен барлық жарықтардың арасын жалғап тұрушы жердің жаратылуына да себепші салқындық, суықтық болып және бұл қозғалыс жаратылысқа да жылумен, жан беруге тиісті болып; «…Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды, барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр….»  Олай болса осы алғашқы сары түсті нұр жарыққа ақылмен жаралу қасиетін беріп денесін де жаратқан еді. Бұл дененің күміс түсті болып; басы, аяғы, төбесі, қыры жоқ, яғни Раббымыздың нұрының тұрағы жердің кіндігі, «Ядросы» қуаты болады. Жердің өзегі, «ядросы» жұмыртқа тәрізді болып, жеті қабат жердің ішінде, ортасында жасырылған болса, осы жер кіндігінен барлық тіршілікке нұрдың, жылудың, жаратылысқа тән себептерінің қасиеттілік, тектердің де таралуы болмақ. Сондықтан күн де, ай да, жұлдыздар да жерден пайда болатын нұрдан қуат алып қозғалыста болады. Жердің бетіндегі жылу, суықтық, ауа райының мезгілдік сипаттары күннің сәулесімен емес, керісінші жердің кіндігіне жалғанған жердің  ошақтарының, ойпаттарынан бөленетін нұрдың әсерімен басқарылады. Ал бұл нұрға себепші Айдан келетін салқындық ақ нұрдың әрекетінің жағдайына тәуелді болары да хақ.

Олай болса, жоғарғы тарауларда баяндалған қозғалыстың негізі тегі болған; Алла тағала нұрының негізгі түрі –Ақ, Раббымыз – Сары және бұл тұрақты түрге жатып, түс үнемі өзгеруге, бір түстен екінші түске ауысуға тән болса, ал түр өзгеріссіз тұрақты белгіні құрайды.  «Ақ сөйле» деген данагөй бабаларымыз. Ақ түс сөз мәресі патшалығының, даналықтың, тазалықтың, періштеліктің, жанның негізі болып барлық жаратылыстың өсіп-өнуінің жобасы ақ нұрмен және судың әрекетімен, суықтық негіздермен байланысты. Ал күш, қуат, қозғалыстың, жылудың, барлық істердің әрекеті сары түсті нұрмен Раббымыздың  үнімен байланысты Алланың өзінен болмақ. Қазақ даналығында; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп нақыл қалдырған. Енді бұл жұптық жаралыс Жардың қозғалысқа себепші, қолқабысы болу үшін екі негізді Алланың Өзі аталған сипатынан, екі аралық рұқ Аруақтық-Қызыл түсті қозғалыс қуатының пайда болатынына да  дәлелдер келтірдік және қызыл түстің барлық түрлермен де араласуға тән қасиеттілігін де білген жөн. Ал аруақ қуаты неге қызыл десеңіз, ең ұзын жылдам қозғалыстық қуаттың қызыл түспен байланысты болып, күннің батуы, шығуы осыған дәлел болады. Күн бізден қашықтаған сайын сары түстің азайып, бізге тек қызыл түс қана жетеді. Және сары түстің ішінде қызыл түстің де болатынына дәлел де болмақ. Сонымен бірге күннен жасыл түстің де бөлінетіні де байқалған.  Бірақ бұл Раббымыздың сары түрмен байланысты нұрының тек қана аспан денелері емес, әлемнің ішіндегі барлық жаралысын қамтитын сипаты барын да естен шығармаған жөн.

Сондықтан Раббымыздың нұрының тұрақтаған орнын табуды болжаған ғұламалардың пайымдаулары жеткілікті де. Раббымыздың және Алла тағаланың нұрынан күн, ай, жұлдыздар қуат алып, жер бетінің қозғалысын жүргізіп және үш түрлі қозғалыс негізінен жалпы әлемдік тұрғыдағы қозғалыс жүйесінің, уақыттың пайда болатыны да хақ. Ай мен жер бетінің замандық, дәуірлік жыл ішіндегі мезгілдік қозғалысы 4; 9, 5,11 сандармен атқарылады. Ал күнмен байланысты да; 7, 12, 4, 24 және 11 сандарына тәуелді болады. Негізінде бір-бірімен тоғыспайтын екі түрлі қозғалыстың негізі екі жарықтың бастауы Алланың өзі болғанымен, оның нұры уақыттың ішіндегі мәңгілік деп түсіну керек. Ал мәңгілік өмірдің адамзатқа меңгеруге тиісті тектері 8 түр сипатын және онан пайда болатын 10 түрлі Алла тағаланың Рахмет, Ол Алла сипатына дәлел және біздерге танылуға мәлім 99 көркем есімдермен, қасиеттердің сапасымен жалғанып Адам болып, кісілік жағдайда уақыттық қозғалыстарды меңгеруіміз керек. Ол үшін де жаратылыстағы; «…«Жарықтың бүкіл төменгі бөлігі қараңғы қозғалыссыз және салқын болады. Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз  заттар денелер орналасты. Алла тағаланың құдіретті күшімен қозғалыссыз нәрселер жаратылысы салқын, суық болып келеді…».  Осындай жансыз, қозғалыссыз денелерді пайда жаратуға, жан беріп қозғалысқа келтіруге орта бөлікті меңгеруге, біздер адамзат тұрғысында өздеріміздегі қарсылық қуаттарды өңдеп, жаңа сапалы пайдалы тіршілікті жүргізетін қуаттарды өндіріп, оларды әлемдік қозғалысқа қосып отыруымыз керек.

Себебі қандайда бір қатты, суық қозғалыссыз денелердің ішінде және  жансыз қозғалыс егелері шеріктерде, қарсылық  жындарда, шайтандарда да Раббымыздың нұрынан, Алла тағаланың даналық, парасатынан  жоғалмайтын, жоя алмайтын белгі іздер бар. Мұндай қуатарды малдық, ақшалық деп атаған жөн. Жер бетіндегі қандайда бір жаратылыстың нәрсесінде, тау-тас, ағаш т.б. матариалдық заттарда да бұл нұрлардың белгісі, қасиеттердің қуаттары болуы заңдылық. Біздер тағамдық азықтармен ғана емес, өзіміздің жанды, жансыз жаратылыс егелеріне деген іс-әрекетерімізбен де, яғни шартты намаздарын орындау арқылы да  белгілі керекті пайдалы қуаттардың көзіне жалғанып отыруымыз міндетті болады. Тектілікті меңгеруде теріс зиянды қозғалыстың өзі қасиеттілік, ал таза қасиеттер осындай қарсылықтарды меңгерумен, тазартумен ғана иманға жол ашады. Иман келтіру ұғымының өзі 60+70=130 белгіден тұрса және 700 жарықтық орын біздің тәнімізде болып, негізінде 1001 тылсымдық хикметтік белгілерге жалғанумен нәтижесін береді. ..(жалғасы бар)

XXV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Жаратылыстың  сырын білмей дін жолында ғылымның шындығына табан тіремей ізденуден әлем діндерінің барлығы адасып, азығындыққа түскені де хақ. Біз түп негізді жаратушымыздың болмысын ешқандай адамзатқа тән меңгерген ақылдың, білімнің  дәрежесімен тани алмаймыз. Жаратушы иемізді біз өзінің нұрынан зейнет алып  және мұны біз өзіміздің бойымызда, денемізде «нейрондар» түрінде орналастырумен ғана Раббымыздан әрбір адам баласына жеке-жеке берілетін аян, уахилар арқылы ғана өзіміздегі бейнесі барымен салыстыра отыра ақылмен қабылдай аламыз, санамен түсініп анықтаймыз. Алланың өзінің ғана берілетін хикметті білімімен ақылымыздың сапасын, қуатын арттырып, санамызды  жетілдіру арқылы оның бізге әшкере болуға білдірген белгілерінен, шындықтарынан, хикметтерінен, мұғжизаларынан біз құдірет иесі, барлық қуаттардың иесі екенін, барлық, бірлік сипаттарын ажырата аламыз. Осындай танымдық пайымдаулармен яғни иман келтірумен, біздің ақылымызға лайық барлық әлемді жаратушы бір ғана Тәңірлік қуат иесі екенін, оның күнәмізге қарай бізге жіберетін азабынан, ауруынан қорқып, ал түсірген діні бойынша пайғамбарлар арқылы бізге беретін жақсылықтары мен сыйларының хақиқатына сеніп, иман келтіру жолында ізденуіміз, еңбек ететінімізге уәде беріп, жақсылықтарға өзара үмметік тұрғыда жарысуымыз да керек. Осындай ақылдың дәрежесін меңгеру үшін де белгілі бір сенімділіктің үлгісін, білімін меңгеруіміз де шарт. Бірақ, біздер қандай білімді, дінді меңгердік, сенімді болдық дегенмен қарсылық күштердің, күнәлы  ақпараттардың ықпалынан, шабуылынан азат болуымыз мүмкін емес.  Иман қуаты таусылуға, жоғалуға тән құбылыс. Иман қуатының заманға сай өркениетін қалыптастыра алмағанда, яғни жаратушы иеміздің хикметіне жалғана алмаған жағдайда, ақыл күшіміз меңгерген біліміміздің қателіктерін, тозған жарамсыздарын електен өткізу қабілетінен айырылып әлсірейді немесе мүлде жоғалып, білімді ақыл тұрғысында қабылдауға мәжбүр боламыз. Яғни ойлау қабілетіміз әлсірейді, керісінше зұлымдық күштердің қызметіне жегіледі.

Ал, мұндай жағдайдағы жетілмей қалған ақылымызға Алланың өзінен иманның нұрын алумен ғана күнәмыздан ақталып, хикметтерінен белгі ақпараттар алумен кемелдікке қарай жолға шыға аламыз яғни тура жолға таза ақпараттар жүйесіне жалғана аламыз. Олай болса иманы кәмілдікке жеткен адам баласының ; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек.Және барлық тылсымдық, ақиреттік рухани қуаттардың негізгі жүйесі, яғни Алланың «Өзі» сипатынан; Жәбірейіл, Әзірейіл, Исрафил, Мікәйіл болып, адамзаттың меңгеруге тиісті аспан денелерімен байланысты негізгі 4 тектің қуат көзі болып табылады. Жәбірейілпайғамбарларға, елшілерге Алла тағаланың сөзін, хабарын жеткізуші; Әзірейілбарлық жан-жануарлардың, адамдардың жанын қадағалайтын, өлім сатыларынан өткізетін және Алла тағалаға апарып табыстайтын уәкілі; Мікәйілбарлық мақұлық, адамға, жанды жаратылыс иелеріне берілетін ризықтардың уәкілі; Исрафил, Ысрайлжер бетіндегі ақырзаманға дейін жел, т.б. түрлі қозғалысты алып жүруші уәкілі болады. Енді түркілік философиялық пайымдаулар бойынша осы негізгі төрт жүйені және Алла тағаланың сегіз сипаты мен бірлігін қалыптастырумен Раббымыздың нұрынан парасаттылық қуатын қалыптастыратын, төрт жаратылыс қозғалысын меңгеретін бес түрлі қанатты күрделі періштелердің сипаты адамзаттың қуаттық өнімімен байланысты болады. Олар; 1. Дардайылай, күн, жұлдыздардың уәкілі; 2.Зұлқайылқиямет күнінде адамдарды таразыға алып барып тұрушы періште; 3.Ахрайыл-барлық дария, өзен, көл, бұлақ суларының періштесі; 4.Мәлік-жеті тозақтың уәкілі болады.5. Ысмайылжер бетіндегі киелердің жебеушісі.

Және дүниенің негізін құраушы; От, Су, Жел, Жер болып төменгі әлемнен қуаттарының төрт тектің сипатын береді. Сонымен бірге бұл екі әлемнің арасын теріс ой қуаттарының яғни эфирдің-ауаның толтырып тұрғанын, қозғалыстың негізгі себепшісі де қарсылығы екенін жадыңызға тоқып алыңыз. Олай болса, төрт негізгі қозғалыстың бастауымен пайда болатын екі түрлі  9 санды қуаттардың  18 мың ғаламын, жүйесін қалыптастыруды және бұл жүйені Раббымыздың нұрымен, аспан шырақтарының әсерімен ғана тұтастықта болатын 10 санды екі жүйелі баспалдақтың барын яғни аспан саны аталуының себебі де осындай жүйелік ғылымнан пайда болады. Сонымен бірге адамзаттың негізгі рухани тұлғасын Мұхаммед атты сүйіспеншілік негізі — нұрды Мен-жанды жаратып, Адам атамыздан бастап барлық адамзатты осы негізге жанды махаббатқа «Менге-Маған» арнап жаратқанды. Жанның негізгі өсіп-өнуіне қажет бес қуаттың; 1.Қозғалыстіршіліктік қуат; 2.Ұйқыөлім-көк қуаты; 3.Аянөткен өмір қуаты; 4.Ой-білім қуаты, 5.Жүрекес, ақыл, сана қуатын Алла тағаланың 8 сипатының бейнесін бой жарығына айналдыру жолында 5 х 8=40 түрлі жер анаға байланысты барлық қасиеттердің негізін, тегін; «Қожалық» деп атаған. Бұл қожалықты құранның жеті үніменен жанды жетілдіру тұрғысында толық меңгеру үлгісін қалдырған Мұхаммед пайғамбарымыз болып және жетінші арыстық текті меңгерумен 47 санды (40+7) құрандағы сүренің ғылымы пайда болады. Ал, енді мұндай қасиеттілікті имансыз меңгеру мүлде мүмкін емес және иманның  қозғалыс қуаттарын меңгеру, басқарумен байланысты бірлік жүйеге айналған;  9 санды кісілікпен, төрелікпен байланысты болуымен құрандағы;  9, 49 сандық мәндегі сүре мен аяттардың насихаты, көместік тұрғыдағы тылсымдық, кітаптық белгісі имандылықтың негізі шарты болады.

Сонымен 9+49+47=105 -99=6  сандық белгілердің құран аяттары бойынша ашық белгілері болып мұсылманға тән меңгеруге тиісті қасиеттіліктердің, кітаптардың жүйесі болып шығады. Құранда; 105-Філ-көк пен жануар, құс бағыты болып, адамзаттың рухани болмысы үш түрлі қуаттардың негізін меңгерудің сырын баяндайды.Аятта; «Өздеріңе ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар.» (3-105) Ашық дәлелдердің Алла достары әулиелердің меңгерген хикметті білімі, көрсеткен мұғжизалары және олардың бұл істерінің тектік, арыстық мирасы болып ақиреттен келетін қуаттық, қасиеттілік белгілері болып жанға жалғануымен халыққа мәлім болуымен байланысты. Бұл тұрғыда қазақ елінде ең көп киелі ашық белгіден жұлдыздың сәулесі түсетін, Раббымыздың нұрынан шырақ жанатын жерлер де жеткілікті екені хақ. Және мұндай белгілердің жанның ұқсастығы, тектік бірлігі бойынша ұрпақтарымен еріксіз ақирет өмірмен жалғанумен байланысты, Раббымыздың тарапынан жанның ұйқы кезінде берілетін несібе нығметімен тағдырға жоба, аяндар алуымен байланысты екенін аятта; «Әй мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарың барар жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңнің хабарын береді.» (5-105). Біздер шариғаттың білімін қандай масһабтық тұрғыда меңгерсек те әр адамның өз тағдыры, сынағы бар және ешқандай шариғаттың үкімімен де білімімен анықталмайтын әке-шешеден алған жүктері, ата-баба әулетінің де  меңгермеген қасиеттерімен байланысты ерекшеліктері болады. Сондықтан да мүміндік тұрғыда да әркім жеке-жеке өз қауымын; «Сендер өздеріңді түзелтулерің керек» деген үкім берген. Ал енді біздердің ата-бабаларымызбен жандарымыздың тұтастықта болып, мүміндік тұрғысында жүректердің ұждан арқылы бір-біріне жалғануымен жалпы барлық адамзаттың, «Барлықтарың барар жерлерің Алла жақ» ақиреттік, тылсымдық өмір болып, өлілерді тірілтуге, жандарын жарыққа жаннатқа шығаруымен; «Сонда Алла сендерге не істегендеріңнің хабарын береді.» деп ескертеді. Олай болса діншілердің, масһаб білімін меңгергендердің өздерін тура жолдамыз деп, бірақ Алланың достарын зияраттаудан,  әулие аруақтарынан хабар алып, өздерін түзетуге  табынудан; «Серік қосылады, шерік қосылады» деген қорқыныштарының негізсіз надандықтан пайда болатынын; «Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды.» деп, олардың тура жолды таба алмай керісінше шайтанның жамағаты болып алғандарын де білдіреді. Негізінде қырық кітап қожалықты меңгеру Мұса пайғамбарымыздан басталып, «Оған отыз кеш уәде беріп, онды қосып, 40 кешке толтырдық» деген аятта. Ал тоғыз санды төрелік, кісілікті қайырымдылық, имандылық арқылы меңгерудің Ғиса пайғамбарымыз үлгісін қалдырған еді. Ал қазақ даналығында; «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожа қырқадан аспай текті болмас» деген екен.

Тектілік иманмен, рұқтан кітаптарына жалғанумен, жоғарыдағы 9 түрлі қозғалысты меңгеріп басқара білумен, сөз құдіретімен, парасаттылықпен байланысты екені де хақ. Олай болса Інжіл жазбасынан; «Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға алып барды. Сол жерде қырық күн, қырық түн ораза тұтып, Иса әбден ашықты. Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп: -Егер Құдайдың рухани ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйына гөр!-деді. Иса оған былай деп жауап қатты: -Киелі жазбада «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» ден жазылған ғой!..» (Лұқадан, 4-тарау) Біздерге құдайдың рухани ұлы;  «кісі, төре» болуымыз інжілды меңгеру арқылы міндетті болған. Мұндай жағдайда бастың жындық 16 санды (7+9) қуаттардан  тазаруымен байланысты төбемізден де кісілік нұрды алуымыз керек. Және исламдық діннің қазығы болатын табанның ағаруы пайғамбарымыздың Мәсіхтық сипаты бойынша жер анамыздан 40 қуат белгілерін және Құдайдың сөзінен несібе ризық, қуат хикметін алуды аятта; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сен надандардан болма.» (6-35) Мұхаммед пайғамбарымыз арап жұртындағы надандықты жеңу үшін жер кезіп, жер ананың нұр шығатын тесіктері болған киелі орындарды, әулие зияраттарын аралап, құранның нығметі арқылы көктен парасаттылық қуаттар мен жер ана нұрынан Ақ-тан зейнетін алуды және бұл қуаттарды меңгерумен талай мұғжизаларды көрсете білгені тарихта қалған. Бұндай намаздардың орындалу құпиясын Арыстан бабамызға берілген құрмамен, яғни жаннат пен дүние арасын жалғаудың белгісін түркі халқына аманатпен Ясауи бабамыздың толық меңгергені де хақ. Құрманың қоңыр қызыл түсті, сарғыш қызыл түсті болатынын да естен шығармаңыз.

Әрине мұндай жер есіктері мен көкке сатылардың ең көп орны қазақ жері болып, ата жолында осындай Құдайдың сөзі-нұрынан түрлі жағдайда несібе рухани азық алып, ем шипасын меңгеріп және надандыққа да қарсы күрестің қазақ жерінде ақ бастау бұлағы ашылған да еді. Бірақ бұл өздерін көтеріп дәрежелеп «жұлдыздарға», кемеңгер талантты басқарушыға, білімдерін ақылдың кеніне айналдырып алғандарға көреалмасатық және атақ-дәрежесінен айырылуға әрине қорқыныш болды.  Сондықтан да; «Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды.» деген Алланың үкіміне қарсы шығып ортақ қосумен, енді қазақ халқына мешітте намаз оқудан, Ханафилік ұстанымнан, имамдардың надандық пәтуасына басқаның бәрі қорқыныш зиянды болып шықты. Яғни «экстремизм» дегенді ел билігіміз бен білімді қауым өкілдері құранды зерттемей, құдайдың белгілеріне мойынсұнбай жалған тәпсірге негізделген; надандық, имансыздық намаздарды қолдап өсіруге де жанталастырып жатқаны хақ. Абай атамыздың; «Имансыздық намазда, Қызылбастың салған жол..»  деген әулиелігі жүз пайыз орындалды да. Және біздің ата-бабаларымыз Ханафи масһабын ұстанып тура жолда болмаған, тарихат, мағрипатты білмеген, Абай атамыз өтірік айтқан деп күнде халық алдында жарнамалайтын ғалымдардың сөзінен бүгінгі таңдағы рухани сипатымызға, саналықтың өлгеніне, ар-намыстың жоғалғанына дәлел болмақ. Жалпы исламдық дін ұстанушы елдерге Ханафилік шариғатты ғана меңгеруді емес, негізінен сегіз дін түрін түсіріп, оны соңғы дін ислам арқылы бір жүйе дінге айналдырып яғни 9-шы тұрғыда әрбір үмметтің өзіндік тәубелік намаздары мен жол-жобасы болуы керек. Төрт кітап негізінен төрт қозғалыс қуаттың қасиеттіліктерін адамдық болмысқа басқарылуға айналдырумен байланысты екені де хақ.

Сонымен 4 кітаптың негізі төрт қозғалыс періштелерін (Жәбрейіл, Әзірейіл, Мікәйіл, Исрафил) адамзаттың рухани болмысына айналдырумен бес түрлі  үш негіздегі жер әлемдік қуаттармен (1.«от, су, жер, жел, эфир»; 2.«уад, суағ, яғұс, насыр»; 3.«дардайыл, ысмайыл,зұлқайыл, ахрайыл, мәлік») байланысты меңгерумен 4 түрлі діннің өзіндік ерекшелік сипаттары пайда болады.  Және екі тілдік ақпараттың негізі от пен судың арасында ағаштың болып екеуінің бірлігін қалыптастырса, Раббымыздың сары нұры мен Алла тағаланың ақ нұрының арасын жалғаушы аруақтық қызыл қуаттың жүйесі болып әлемнің барлық қозғалыс тегі үш негізден құралуы шартты жағдай. Олай болса Тәурат –Жәбірейіл, Әзірейіл періштелік қуаттармен, Зәбур – Ысрайыл, Мекәйіл періштелермен, Інжіл – Әзірейіл, Жәбірейіл періштелік дәрежелермен бірігуі болса, Құран төрт періштенің де түгел бірлігін 3 негізгі қозғалыс кие тегі мен бірлігін қалыптастырумен байланысты. Ал бұл кітаптарға байланысты пайғамбарлардың да періштелік жалғану дәрежесі, ерекшелігі бар. Енді Мұса пайғамбарымыз Раббымызбен тікелей сөйлесіп, Жәбірейіл періштелік дәрежені меңгеріп, кейінгі келген пайғамбарларға да Мұхаммед пайғамбарымызға құранды оқуға да Раббымызбен екі арада жәрдемші болғанын  құранда растайды. Аятта; «Мұхаммед әрине Мұсаға Кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе…Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық.» (32-23) Пайғамбарымызға Жәбірейіл періштесі Адам бейнесінде, яғни Мұса пайғамбар болып келгені де хақ. Бірақ пайғамбарымыз адам болып келген Мұса екенін айтқанда діндер арсында алауыздық, адасушылық та туындар еді. Әрбір кітап түсірілген пайғамбардың негізгі қуаттың періштелігі мен дүние  тұрғысындағы тектерді; От, Су, Жел, Жердің, эфир-теріс ойдың қуаттарын да, қозғалысын басқарушылық қабілетін меңгерулері тиісті болғаны хақ. Судың тегін меңгеру Нұхтан басталып, оттың тегін меңгеру Ыбырайым пайғамбарға тән болса,  жер мен желдің тегін меңгеру Салих-Һұд пайғамбарға тән болып және судың және ағаштық тек қаламды меңгеру барлық пайғамбарларға берілген қасиет болғаны да хақ.   Ал Исрафил сүр үрлеуші, желдің тегін Сүлеймен пайғамбарымызға басқаруға берілгенін, сонымен бірге судың, жынның да пірі деп қазақтың елі ғана атайтын шығар. Дәуіт пайғамбарымызға соғысу, өлтірумен байланысты Әзрейілдік қуатты және Ысмайлдық періштелік меңгеріп, кейіннен өлім арқылы ақталудың, жан құрбандығын меңгеруге Ғиса пайғамбарға жүктеліп, ал мұны орындаған Иса-Искариот елші болды. Ал Ғиса пайғамбарымыз; «Шын мәнінде Алла қасында Ғисаның жағдайы; Өзін топырақтан жаратып, сонсоң «бол» дегенде бола қалған Адамның жағдайы сияқты (3-59) Олай болса Алланың қасында болған Ғиса пайғамбарымыздың дәрежесі Адам атаның дәрежесімен бірдей болса, біздерге «Адам» деген қасиеттілікті меңгеру үшін алдымен Інжілді, яғни Ғиса пайғамбарымыздың меңгерген қасиеттіліктеріне жалғануымыз да шартты болмақ.

Тәуратты меңгерушілер Мұса пайғамбарды Жәбірейіл деп түсінгендері де сөзсіз. Сондықтан; «…Жәбірейіл дұшпанымыз, бізге азап әкелген, уахиды Мікәйіл әкелсе нанар едік» дейтін еді» (2-96) Ал Мұхаммед пайғамбарымызға Мұса пайғамбарымыздың Жәбірейл періште сипатында келіп жүрекке 200 кісілік белгіні, кітап берілуін; «Мұхаммед оларға айт; «Кім Жәбірейілге дұшпан болса, Алланың дұшпаны. Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрынғыларды растаушы Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды (2-97)  Демек жүректің тазаруы иман келтіру дегеніміз құран кісі-кітап түріндегі 200 белгісі жүрекке зейнеттелумен ғана атқарылатыны және бұл Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен Ақ-пен, даналықтың негізімен байланысты. Себебі бұл Мұса пайғамбардан Мұхаммед пайғамбарымызға өткен  арыстық қасиеттілікке жалғанумен  періштелік сипаты  болады.  Қазақтың дәстүрінде; «Ақтан аят пайғамбардан шапағат бер» деп жалбарынамыз. Жалпы дін кітаптары Ақ-тан Алла тағаланың жолынан болса, ал оның қозғалыс, парасаттылық қуаты, орындалуы Раббымыздан;  сары нұрынан, иманнан болып, жүректе ақпен сары түстің бірігуі қызыл түсті қан арқылы атқарылатынын да есте сақтаған жөн. Сондықтан енді Мұхаммед пайғамбарымыз екі періштелік негізді меңгеруші болады. Аятта; « Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жәбірейіл, Мікәйілге дұшпан болса, әлбетте Алла тағала кәпірлерге дұшпан.» (2-98)  Адамдық жаратылыс тұрғысындағы қанатты (қан+атты) періштелер, елшілер жалпы қозғалыс, қуат егелері 4 періштеден де жоғары болатынын жоғарыдағы баяндаған 3 негізді бес қуаттардың бірлігін қалыптастырумен, кісілік дәрежеге жетіп Алланың сүйікті құлы болуымен байланысты екені хақ.

Ал  пайғамбарлық қасиеттердің дәрежесінде Мұхаммед пайғамбарымызда екі негізгі  жер тіршілігінің қуаттары болған періштелік сипаттарды «Қадірді» меңгергенін, мұндай қозғалысты енді ақылмен басқарылатын адамдық болмысқа түрлендіруін білдіреді.  Ал енді адамзаттың ең негізгі қасиеттілігінің басы болып ақыл мен парасаттылық, қайырымдылық, имандылық арқылы  ақиқатты түсінумен болатын болса, оның сырын  яғни Адам болып және Раббымыздың рухани ұлы болып аталуды меңгеру керек болады. Ол үшін де үш діннің негізінде пайда болған Әзірейіл, Исрафилдік ақиреттің өмірімен байланысты қозғалыстардың негізі «Қызырлық» адамдық, қанатты періштелік болмыстың сипаты үш дінді бірлей білген Ғиса пайғамбарымызға жалғануымыз да керек. Сонымен бірге бұл төрт түрлі негізгі қозғалыс тегін, дін кітаптарын меңгеріп қана қоймай, жер әлемді жаратқан 6 күн қозғалыстың, жарықтың сипатын, Алла тағаланың сегіз түрін бойымызға алып саналық қасиеттілік қылып меңгеруге  тиістіміз.  Сондықтан 4+6+8=18 санды белгіні оң қолдағы алақандағы сызықтармен байланысты арапша 18 сандық белгінің даналықпен, өмір ағашымен, ғұмырмен байланысты болса, ал сол қолдағы белгі парасатылықпен, сөз өнерімен, байлық, күш қуатпен  81 санымен байланысты болады. Екеуінің қосындысы 99 санды Алла тағаланың көркем есімімен, екі  қолдың  адам тағдырымен де Ақ-пен  және Қызыл түрмен байланысты болуы да хикмет екені сөзсіз. Сондықтан Раббымыздан; қол жеткендік, қолға алу, суық қолдан тосу, қолдау беру, қолдарың сөйлейді; «Бастарыңа қайғы-қасірет келсе оны ешкімнен көрмеңдер, қол екі істегенімнен деп біліңдер» деген насихаты бар.

Біздер құран мен пайғамбарымыздың сүнеттерін орындаумен, шариғатымыздың  салтын сақтаумен, исламның негізгі дін ұстанымын, яғни орта топтық арап елдеріне түсірген дін салтын ғана оң қолымыздың жағдайын меңгереді екенбіз. Бірақ біздерге бұл жағдайда мәлім болған бұрынғы әулие-әмбилер, сахабалар, елшілерден қалған мирас өсиет насихаттарды меңгеру арқылы ғана шектелсек, онда дін ісін ғана меңгеріп, кәмілдікке жетуіміз мүмкін емес. Мұндай жағдайда біздер Раббымызға жалғануға, оның сөзін жеткізетін шапағатшыларымен, кітаптарына жалғануымен де тікелей Құдай ісі болған таза ақылдан, сөзінен де азық алуымыз керек. Олай болса жаратушы иеміздің сөзі, нұры көктен де жерден де қуат, азық болатыны аятта; «Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан әрі аяқтарының астынан жейтін еді. Олардың орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді.» (5-66) Және бұл жалғасты келе жатқан елшілік істерге, жер ойпаттарын киелі жерлерге зияраттап, құрбан шалып, қанмен тазару сияқты бұрынғы діндердің салтына жататынын да ашық ескертіп; «Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.» (5-67)  Пайғамбарлық деп аталған Алла тағала тарапынан Ақ  жолдарынан түсірілген құранды оқуға, дін қағидаларын түсіндіруге, даналықты меңгеруге байланысты  бұл міндетін дұрыс орындап шыққанымен, сенімділік тұғысында ғана болатыны сөзсіз. Ішкі дүниемізді тазартуға Раббымыздың тарапынан сары нұрмен жалғанып, имандылықты меңгеруге берілетін парасаттылық пен сабырлықты меңгеруге, күнәдан ақталуға, тазаруға байланысты «Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастырдеген үкіммен Нұх пайғамбарымыздан бастап келе жатқан мұндай құпия істердің, елшілік міндетінің  жалғастыруын ескерткен. Сонда ғана; «..Алла сені адамдардан қорғайды…» деп азғырылудан аман боламыз. Бірақ мұндай істерді меңгеретін тақуалық түрлі топтардың, тарихаттардың да пайда болуымен; «Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді.» деген аят та бүгінгі таңдағы діни ахуалға байланысты.

Ал, қазіргі таңда ислам дінінде бұндай бұрын түсірген үкімдердің дәстүрге айналған намаздарына да, заманға байланысты Раббымыздың түсіріп жатқан белгілеріне, аяндарына да ашық қарсы болып, тура жолдан адасқандарына да осы аят кепіл болады. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың әдет-ғұрыптарына сүйем бе сүйем, кезбе кез ілесіңдер. Тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе оған да барып кіресіңдер.»-деді. Біз; «Уа Алланың елшісі Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсың ба?» деп сұраған едік, Ол: «Басқа кім болушы еді?» деп айтты» (1378; 3456-шы хадистер). Бұрынғы замандарда мұндай киелі жерлерге арнаулы шатыр тігіп, жүз мыңдаған құрбан шалуды, қанмен тазаруды әдет-ғұрыпқа айналдырғаны тәурат, пайғамбар жазбаларында баяндалады. Пайғамбарымыз да бір ғана рет Меккеге қағбаға зияраттап қалған уақыттарда осындай ойпатты жерлерде құрбандық шалып, құран оқу рәсімін өткізгені де Мәдинадағы мешіттің түйе шөккен жерге салынуында да осындай ойпаттық хикмет сырынан тарихта үлгілер бар. Сонымен әлем діндерінің негізінен екі түрге бөлінуінің де сыры осындай екі нұрдың арасын жалғаушы әдет-ғұрыпты дүниелік жағдаймен, сараңдықпен  алмастырып, тылсымдық өмірді ұмыт қалдырумен, қабірдегілерді тастап қоюмен байланысты болады. Христиан дініндегілердің шіркеулерін сары түспен әшекейлеп, ал ислам ақ мешітпен ақ туымен белгілі болса, арасында жасыл түстің де болуына осы жағдайдан мәлімет береді. Олай болса, тәндік тазалықты сақтауды исламнан басқа діндер тастап қойса, ал парасаттылықты, имандылықтың сабырлық қуаттарын меңгерудің ислам дінінде жоғалғанына да белгі болады. Жалпы әлемдегі барлық діндерде де жан ғылымының сырын меңгеруді жоғалтып алғаны да сөзсіз. Сонымен Абай атамыздың Мақсұт атты өлең насихатындағы 3 түрлі жемістің; Қызыл, сары, ақ болып және оның қара жапырағы жасыл ағашта, зиярат басында өсіп тұрғаны осындай әлемдік діндердің бірлігінің ғылымын ескертіп тұрғаны да хақ…(жалғасы бар)

XXVI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Әлемнің жаратылуы туралы және оның негізі жарық екені, жарықтың қозғалысынан түн мен күндіздің ауысуынан  жер әлемі үшін тұрақты уақыттың туындап, осы уақыт атты қозғалыстардан ғаламның тіршілік жаратылысы басталғаны ғылымда да дінде де дәлелдермен түсіндірілген.  Біздер қандайда бір жаратылыстың негізін, себебін пайымдауда оларды жұп, парлығы міндетті болатынын естен шығармау да керек. Сондықтан да уақыттың тұрақты санау жүйесі, қызметші қозғалыстағы жүйесі және дамушы, түрленуші жүйесі болатынын естен шығармаңыз. Сонымен біздердің ақылымызбен Алланы тану үшін де әлемді жаратудың басы болған нұрдан  пайда болған екі түрлі жарықтың негізінен бастап тарқатамыз. Алла дегеніміз барлық жаратылыстың, әлемнің қозғалысының өзі, тегі болады. Ал қозғалмаған нәрсе бар, тірі бола алмайды. Тірі болу қозғалумен, көбейе алумен, түрленумен және ақылмен, ойланумен ғана байланысты.  Олай болса, осы жарықтардың сырын тану арқылы яғни түр, түстердің пайда болуы мен ақпараттық бейнелену сырын, әлемдік қозғалыс жүйелерін, құрлымын ұйымдастыру, оған ақыл, сана беріп басқару әрекетінде пайда болатын, кейінге берілетін және тіршілік қозғалыстық уақытын қалыптастырып пайдаланатын түстердің жүйесін ақпарат деп атаймыз.

Барлық жаратылыстың жарық пен түнектің өзара әрекетінен пайда болатынын және тірі болу, өсіп-өну осы бастапқы жарықтың жылу, қызу, тербеліс, ырғақ, үн, күй, ақыл, парасат, иман, сана, т.б. тірі болуға керекті барлық қуаттардың, күштердің негізі нұр және онан пайда болған екі түрлі жарық екенін ұмытпаған жөн. Сонымен жаратылыс қара түнек ішіндегі жаратушымыздың екі түрлі жарықты сан алуан түсті денелермен бейнелеумен, бейнеленген денелердің өзара әрекетімен ақылдың сапасын жетілдіруге аз қанағаттандыратын тіршілік жағдайынан, көбірек қанағаттандыратын күрделі түстердің жүйесін, құрлымын қалыптастырумен үнемі қозғалыста болып, жаңадан түстердің пайда болуын, басқарылу қасиетіне ие болуымен әлемдік жаратылыстың негізі аспан денелері жаратылғаны да хақ. Сондықтан да; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген Шәкәрім атамыз. Ал жаралыстың қасиетіне алдыңғы тарауларда баяндалған  Әл-Фараби атамызға қысқаша тоқталып өтсек ; «Бастапқы жаратылыс негізгі – нұр, ол жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр – үлкен қуат егесі. Нұр кең ұғым. Жарықтың көлеңкесі болады. Нұр жарықтың кемелденген жоғарғы сапасы, көлеңкесі жоқ ыстық, суықтығы жоқ. Жарықтардың тегі деп атауға болады. Адам ақылы нұрға бөленеді….  Әлем нұрдан тараған жылу құбылыстардың да, үстіне сәуле шығару, от, қуат көздерін қамтитын кең мағыналы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы жарықтың қоюланатын аспан денелері нәрселері орналасқан. Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінеді де қозғалыс қасиетіне ие болады…»

Бастапқы нұрдың негізінен оның денесі болып ақ күміс түсті жұмыртқа тәрізді баураушы қабы Алла тағаланың періштелік сипатының пайда болғанын, оның жердің «ядросы», өзегі болып саналатынын алдыңғы тарауда баяндадық.  Сонымен бұл күміс күлгін ақ түстің ішінде барлық түстердің, түрлердің сапасы болып, екі түрлі әлемдік уақыттың яғни Алланың Өзі сипаты таза ақылдың, қасиеттердің, жоғарғы сананың негіздері жаратылған еді. Олай болса, Алла тағаланың сипатында негізгі 8 түрдің болуымен Раббылық  бастаудан сары түсі Ақ нұрдың ішінде болатынын да естен шығармаңыз.  Енді екі жарық негізінен әлемдік жаратылыстың пайда болуы яғни қуат, күштердің негізгі сипаты Ақ пен Сары, яғни күн мен ай болып саналады. Сары –парасаттылықтың, ғылымның, қуат қозғалыстардың білімінің  негізі болса, Ақ барлық құдірет, ғылымның, жаратылыстың құпия сырларының ілімінің негізі болып саналады. Сонымен бұл  жарықтарда ақылдың күші болып және мұндай  қарсылықсыз қозғалыс негізін  бір-бірімен салыстырмалы түрде әлемдік қозғалыстың негізгі уақыты деп атаған жөн. «….   Алла тағала өзінің құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі ірге тасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйреуші періштелерді және басқа да жарық құбылыстарын бар етті»  Олай болса, жарықтың жоғарғы төменгі бөлігі болып екіге бөлініп, осы екі жарықтан 4 негіздің пайда болуын білдіреді. Ал енді жарықтың төменгі бөлігінен жерді; 2 күнде жаратқаны құранда баяндалады. Және жер бетіндегі тіршілік негізі болған сезімдік, қаракеттік қозғалыстық жүйені қалыптастыратын ақылдың  да сапалары пайда болуы үшін түрлі қарсылық қуаттардың, жылуға-суықтық, жарық — қараңғылық, аққа -қара дегендей қарсылық қозғалыстың да жаратылғаны мұның негізін түнектен алып, қара түрдің Алланың тәңірлік уақыттан тыс қарсылық қуатын жаратқаны және бұл қуаттарды да уақытқа бағындыру өмірдің шындығы, тағдыр болып жаратылды. Ол үшін де барлық жылудың, қозғалыстың түрленуге, өзіне өзге түстерді де қабылдауға қабілетті қызыл түстің де бейнеленуі аспан денесі болып жаратылғаны да хақ. Сонымен; Ақ, сары, қара, қызыл болып, негізгі Алланың Өзі және ішінде қарсылықсыз тәңірлік қуаттардың жүйесі пайда болды.

Аспан денелерінен бұрын жердің несібесінің  4 күн жарық негізінде жаратылуы, Ақ пен бастапқы сары нұрдың жер ананың ішінде жасырылып және екі жарықтың сипаттары көктен жерге түсіп аралық қара түрмен әрекеттесу арқылы 5 күндік жалғандық қуаттардың негізін құрайды.  Бұл жарықтарды тасымалдаушы да қызыл түстің екі аралық жалғаушы дәнекер және дамушы уақыттың негізін құраумен, жер мен көк 6 күн жарықтық негізгі сапасында жаратылса, ал бүкіл әлемнің қозғалысы 7 күнмен тәмамдалғанын Раббымыз құранда ескертеді. Қазақ даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген. Яғни жер әлемімен байланысты ақылдың, даналықтың негізі 6 күн болып, бұл әрбір жаратылыстың ішкі қозғалыстық, сезімдік,  үндік жүйесі және жарықтық, түстік сипаты болса және сыртқы әлемнен әсердің 7 күнмен парасаттылық, имандылық, күш, қуатпен байланысты болады.  Сонымен әрбір күннің өз үні яғни тілі, жарықтық, сәулелік қуаттар мен күштердің бастауы болып; жаратылыстағы барлық қозғалыс нәрселерінің тіршіліктік қимыл-әрекеттері мен сезімдердің жүйесінің басқарылу ақпараттарының негізгі ірге тасы болады. Және барлық негізгі қозғаушы ішкі, сыртқы әсермен байланысты жарықтық, үндік сапалардың 13 санды болуында да ғылымдық маңыздылық бар. Алла тағала Жерді даналықтан, парасаттылық қуаттардың әрекетімен жаратып, мұнан парасаттылық саналық  қуаттарының  жаратушылық, түрлену қабілетінің шындық жүйесін аспан шырақтары түрінде жаратқанды. Және бұл шырақтар Алла тағаланың 99 көркем есімдерінің адамзаттың есімдеріне айналуымен «Біздер» деп аталды. Сонымен қандайда бір жарықтық түстің ішінде ақ және сары, қызыл түстердің аз көп мөлшерінің болуымен де адамзаттың негізгі 3 байлық несібесін, өмір шындығын құрайды. Бұған дәлел Абай атамыздың «Мақсұт» атты жырында мысалмен берілген. Қабір басынан шыққан ағашта 3 түрлі жемістің; Қызылдамушы уақыт байлығы, әйелдермен байланысты болады.  Ақақылмен, даналықпен, денсаулықпен байланысты болады. Сары-күш, қуат, байлықпен, парасаттылықпен, иманмен байланысты деп сипаттайды.

Енді бұл үш негізгі байлыққа да қара түстің қарсылығын қоссаңыз; 6 күнді меңгерудің даналықтың негізгі сыры пайда болады. Әл-Фараби атамыз былай деген; «Даналық — тіршіліктің шынайы мәнін тануда, ал философия-өзі туралы қажетті білімді жетік меңгерген жөн. Бірақ бәрін де таныдым деп мастануға сірә болмас. Сондықтан ең мінсіз философ-Алла тағала, өйткені ол өзін-өзі тануға жетік». Олай болса Алла тағаланың даналығы, танымдық қасиеттері  тіршіліктің ақ бастауы болып,  ақ түстің ішінде жеті жарық тұрақты түстің болатынын ескерсеңіз онда бұл түстердің құран үні болып, адамзаттың меңгеруге тиісті, бойымен, саналықпен байланысты жеті күн «чакра»  жарықтың негізін құрайтыны да хақ.  Ал, енді бұл даналық үндік кітаптық сипаттары; 1.Өлшеусіз кеңістіктен, 2.Рухтан; 3.Судың үнінен; 4.Саяздықтан; 5.Тереңдіктен, тұңғиықтан; 6. Алланың тілсіз үнінен, 7. Жарықтың барлық түсінен хабар беріп уақыттық қозғалысқа, замандық қуаттардың ағымына қарай ілім болып бейнеленеді. Сонымен бірге бұл үндерге қарсы қара күштердің теріс бағыттағы қозғалысы мен ақпараттық жүйесі де құран үнінің құпия сырларының әшкере жария болуымен байланысты, жаңадан сапалы түстермен бейнеленуі артқан сайын қара түсті үндердің де қарсылық қуаты жетіліп отыратыны да хақ. Барлық жанды тіршілік иелерінің жаны Ақ түспен, судың қасиетімен, үнімен байланысты болғандықтан,  адамзаттың өмір шындығын іздеу барысындағы құран үнін даналық кітаптарына, сөзге айналдыру әрекетінен судың да қасиеті артып, жанның көбеюін, жетілуін қалыптастырады. Демек ақ түстің көбейіп  сезімділік қасиеттіліктің қуатының артуымен, оны бояушы қарсылық қара түстің де көбеюін туындатады. Сондықтан ақ түс адамзаттың имандылық, саналық өмірінің барысында Алланың өзіндік сипаттарын көбейтетін болса, ал өздігінен өсіп өнуге, көбеюге қабілетсіз қарсылық қара түспен байланысты заттануға тән  қуаттарды Алладан басқа деп атаймыз. Жалпы барлық тіршіліктің қозғаушы күші сезім болады. Сезімнің сан алуан түстердің сапасына, оның қасиеттілік күштерінің жағдайына байланысты жетілуі мен өмір сүрудің барысында ақылмен бірігу арқылы 10 түрлі дамудың сатыларынан өтіп,  жоғарыдағы құранның жеті үнімен тұтастыққа айналуымен және санаға айналып, жоғарғы санаға бірігуімен Алла тағаланың бейнесі, жаннатық сапалы жарық денені  — Ардың қабын, сана сауытын қалыптастырады.

Құранның ислам діні болып оқылудың да ішкі сыры болған; жеті үн арқылы барлық әлемнің ақпараттық жүйесін бір жүйеге айналдыруымен құнды болады. Мысалы адамзаттың бәріне ортақ тірі болуды қалыптастыратын бес сезімнің негізі; 1.Өлшеусіз кеңістіктен, 2.Рухтан; 3.Судың үнінен; 4.Саяздықтан; 5.Тереңдіктен, тұңғиықпен байланысты үндерге жалғанумен де діндегі бес парыздың намаздарының осындай қасиеттіліктерді меңгерумен бес үнге жалғанумен байланысты болады. Ал енді; 6. Алланың тілсіз үнінен, 7. Жарықтың барлық түсінен хабар  алудың сыры інжіл мен Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен, қалдырған үлгісімен байланысты екені де хақиқат. Олай болса, ислам дінінде де, жалпы адамзатқа да мұндай жағдайда әлемдік жаратылыстың, қозғалыстың және оның басты қозғалысы григориандық есептегі тұрақты жүйе болып саналады. Ал хижрамен жер әлеміндегі ғана жыл, дәуірлік оқиғалармен байланысты  уақыттың негізі қызмет етуші жүйе болады. Себебі тұрақты жүйеге қарағанда оның ішінде қозғалады және түн мен күннің алмасуына еш қатыссыз қозғалады да. Сонымен бірге Алланың тілсіз үнінен, жарықтың барлық түсінен хабар жеткізетін тасымалдаушы ең ұзын жарықтық өлшем қызыл түс екенін және мұның әйелдердің жаратылысымен де 11 қабырға жұлдыздармен, діл, қан қуаты, тегімен байланысты екенін білген жөн.

Мұхаммед пайғамбарымыздың құранды адамзатқа толық оқуы үшін де осы жеті үнге жалғануға себепші болған, оған жар болған аналарымыздың да үлесі барын, сондықтан да көп әйелге некеленудің және құранда еркектерге  4 әйелге дейін алуға ұлықсат берілгендегі ғылымдық сырдың барын білген де жөн. Адамзаттың қан тегі қызыл түсті қуаттардың жоғарғы сапасын қалыптастарумен және сезімдік ерекшелікпен , қасиеттілікпен байланысты болып, ішкі әлеміндегі тағдырлық уақ-тардың  қозғалыс жүйесінің тектілігін қалыптастырады. Тектілік негіздерден, адамзаттың қуаттық өнімдерінен; дамушы және екі бастау уақыттық қозғалысты меңгеруші, біртұтастыққа бірлеуші, әлемдік тағдырлық уақыттың да негізгі себепшісі пайда болып отырады. Мұндай жағдайдағы әлемдік қуатқа, уақытқа өзіміздің үлесімізді қосумен ғана Алла тағаланың жер бетіндегі орынбасары болып саналамыз.  Сондықтан әрбір адам баласының тағдырынан елдің тағдыры, замандық, дәуірлік жағдайы, тарихы қалыптасып,  жалпы адамзаттың, тұтастық  қуаттық бірлігі жағдайында хижралық қозғаушы уақыт жүйесіне өз ықпалын тигізіп, жер бетіндегі әрбір нәрселердің түрленуіне, бейімделуіне, тұрақты уақыттың, күн жүйесінің,  шығатын қуаттардың күшіне, жылдамдығына да әсерін береді. Және бұндай ішкі дамушы уақыт жүйесінің ақиреттік өмірдегі атқарушы уәкілдері  болып, қозғалыс егелердің, қасиетті киелердің, тектердің бәрі бірлік тұрғысында, негізінде бір жүйемен замандық уақыттық жүйемен басқарылатын сипаттарын  Алланың өзінен деп түсіну керек. Әлемнің жаратылысын түсініп дінді меңгеру үшін де уақыттық үш жүйелі қозғалыстың белгілері, бейнелері жаратылыстық тегімізде, қасиеттілік қуаттарында яғни біздің өзімізде ақылымыздан пайда болған түрлі-түсті көлеңкеміз, өрістік бақшамызда естілік, сана қуаты болып тұрғанын білуіміз  керек. Сол себепті де өмірімізге керекті қандай сауалға да жауапты өзімізден, ішкі дүниемізден, жанымыздан іздеуді әдетке айналдырған жөн. Дін дегеніміз жүйеленген уақыттардың қозғалысын басқарудың намаздары болады. Олай болса барлық қозғалыс негізі уақыт, тағдыр, себепші болып, мұнан пайда болатын кеңістік пен уақыт ұғымы әлемді танудағы біздің көзілдірігіміз, меңгерген дініміз, сеніміміз, имандылығымыз болады. Оң көзің сенімің болса, сол көзің иманыңмен байланысты деп ұғынған да жөн. Құлақтың сол сияқты қызметі бар. Қандай бір әлемдік жаратылыстық қуаттық, қозғалыстық бейнесінің негіздері түр, түске, сандарға айналып, біздің санамыздан орын алғанда ғана ақылмен қабылдауға, сөзбен бейнелеп түсіндіруге мүмкін болмақ.  Жарықпен бейнеленбеген қандай да бір нәрсенің сезімдік даму сатысынан өтіп, саналық ақпаратқа айналуы мүмкін емес.

Алла тағаланың  даналығының қасиеттілік белгілері болған; 99 көркем есімді сипаттарының бейнесі біздің сезімдік жүйемізде махаббат қуатының орындары тұрғысында белгілері болып, жаратылысымыздан сыйға беріледі. Бұл орындарды ғылымда; «нейрондар, иондар» деп адам баласына жарық сәуле шығару орындары болып оның 7 күнмен, жеті арыстық қасиеттерімен қосылып, дәрежеленіп 700 белгі, ақпараттық көздердің орны біздің тәнімізде, ағзаларымызда пайда болады. Яғни біздің қандайда бір жаратылыстың сыртқы денесін және оның қасиеттерін бояуы арқылы сезімдік жүйемен анықтасақ, ал оның ішкі зайырлық сырына, сипатына баға беру үшін осы белгілерді тазартып, көзін ашып, үнемі қорғап, қуаттандырып отыратын құлшылық істерін де меңгеруміз керек. Олай болса, ақыл тұрғысында Алланы даналығының, кереметтілігінің, ғылымының бейнеленген хикметті мұғжизалары арқылы ғана сезіммен  қабылдап,  ішіміздегі жаратылыстан бар белгілермен сәйкес келгенде ғана ақыл күші қуатына айналып, имандылығымыз артып, сеніміміз де беки береді. Сондықтан жаратушымыз біздердің ақалымызбен, сезімдік жүйемізбен оңай қабылдануы үшін және сондай ақпараттарды дамыту, көбейту арқылы сатылап көтерілу арқылы тылсымдық әлемге ақиреттік өмірге жалғануға көпір қылып киелі жарықтардың бейнесін жер бетінде де хикметімен жаратып қойғаны да хақ.

Сонымен ақ түстің ішінде жеті түрдің болатыны кемпірқосақтан көрінетін болса, олар; Қызыл, қызыл сары, Сары, жасыл, көк, қою көк, қара көк болып, судың буы ақ түстің ішінде 7 түстің түрдің пайда болуымен, мұнда ақыл иелеріне үлгі бар деген аятта. Кемпірқосақ садақ болып, ал садақты өмір шындығының таңбасы деп атаған дұрыс. Кемпірқосақтың ұғымы; Ақирет, жер жаннаты, сабырлық болып түсіндіріледі. Олай болса, тура жолдың да жұбы болып жер бетіндегі белгісін, кемпірқосақты аятта; «Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқанымыздан хабарсыз емеспіз.» (23-17) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың. (35-43) Енді біздер  жер анамызбен байланысты даналыққа жалғанып, жер жаннатының тұрғындарынан Алла достарынан хабар алумен, дарындылық қасиеттерді меңгерумен ғана сабырлыққа жете аламыз. Сабырлықтың қуатын меңгермей иманды болып аталудың да жалған екені сөзсіз.  Сонан кейін  ғана аспан әлеміндегі негізгі жеті жолдың басқарушысы болған; Мұхаммед пайғамбарымыз көтерілген жолдардың жұлдыздарына  жалғана аламыз. Және бұл жолдардың хижра жыл санауымен, айдың қозғалысымен байланысты хабарлардың өлілер әлемімен, тозақтықтармен байланысумен, хабарлар алуымен де ерекшеленеді.Ол үшін де жерден 11 жұлдыздық  сары түсті шырақ болатын жарық сәуленің және көктен  келетін айды нұрландыруға қатысатын 11 жұлдыздық сәуле қуаттың  ақ нұр болып жер әлеміндегі тоғысатын жерлері  — ойпаттарды аралаумен құрандағы 22 санды Хаж сүресінің маңыздылығын, намаздарын орындаудың да сырына алда тоқталамыз.

Құрандағы Раббыларыңнан түсірілген немесе күнделікті түс көру деген осындай біздің жер анамыздан пайда болатын ақ нұрдың ішіндегі негізі түрлі түсті жолдарымен жалғанумен байланысты болмақ. Біздер бұндай тылсымдық ақпараттарды өз бойымыздағы 7 күнмен «чакра» мен байланысты, бізге сыртқы көмес дүниеден ақпараттарды қабылдаушы болған; бой өрісімізді жеті түрді, зейнеттік киімімізді қалыптастырумен ғана ақиреттік өмірге, арттағы тарихымызға аяндарға жалғана аламыз.  Ал, егер тәнімізде арамдардың, ақталмаған күнәлардың және дәретсіз, жынысына, дәстүріне сай толық жабық киімді меңгермегенде, бұл жарықтың орнына қара түспен байланысты тозақтық түстермен бауралып, қара қуаттарды қабылдаумен айналысып кетеміз де, ақылымыз да азып, сезіміміз жетілмей, тағдырымызда сынақтар да пайда болады. Негізінде адамзаттың қара түрмен байланысты да адамдық, жануарлық, жәндіктік тұрғыдағы түстермен, бояулармен, тозақтық қуаттардың жеті үндерімен жалғанумен өмір сүруі де сөзсіз. Аятта; «Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?(27) Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарының ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы.» (35-28)  Демек Ақ, Қызыл, Қара түстер таумен байланысты жер әлеміндегі Алланың растығына дәлел болатын барлық тіршіліктің қозғалысын қамтамасыз етуі керек.

Бұл қуаттардың енді адамзаттың өміріндегі мәнін Абай атамыз; «Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға…Біреуі – көк, біреуі –жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, ұқсайды қасса сұлу шомылғанға. Қара шашын көтеріп екі шынтақ, О да бүлк-бүлік етпей ме сипағанда, Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Және ұқсар төсекте жолғасқанға.….Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың, көп бақпасаң. Көлеңкесі түседі көкейіңе, Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң. Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, Біле алмассың, құс салып дәм таппасаң.» (10-шы өлең) Адамазаттың өмір қуатының негізі де некемен, өзара жарасумен, алмасумен, көбеюмен байланысты көк пен жер қуатының байланысы да болады. Қазіргі кезде «Мун» мырзаның осы үш қуатты меңгермек болған, әйел мен еркектің төсектік қатынасына негізделген дін тобының әлемде өзінің санын арттырып жатқаны да осындай қазақ дәстүрінің, ислам діннінің де негізгі саласы ғана. Олай болса өмірдің қағидасын, дін шарттарын, насихатын, Раббымыздан беріліп, жарықпен бейнеленіп, түсіріліп жатқан аян, аяттар мен хикметті белгілерінің бәрі Алладан, яғни Алланың өзінен деп қабылдау да керек. Ал мұндай біртұтастық ақпараттық жүйеге оған қарсылық жасаған жағдайда Алладан «басқа» деп аталғанмен, уақыттық үш жүйеден тыс тұрған тәңірлік сипатында, қуаттық тұтастық жүйеде Алладан  басқа болып саналмайды.  Христиандық пайымдауларда; Алланы үшеу деп түсінудің қателігі де қара қуаттардың  жаратылыстық себебін, әрекетін ескермеуден пайда болған. Барлық қуаттардың бәрі тәңірлік уақыттан да тыс тұрғысында Бір тәңірлік жүйе болып, яғни Алладан басқа тәңір жоқ деп аталады. Себебі барлық қуаттардың нұрдан, нұрдың әрекетінен ғана пайда болуын ұмытпаған жөн. Ал жүйелі басқарудағы барлық қозғалыстың негізі  де таза ақылдан болып, уақыттың өзі ақыл, емші рахмет деп аталады.

Сондықтан Алланың өзі болған; Алла тағала ақ нұрдан баураушы замандық уақыттың өзі, айдың қозғалысымен байланысты Хижра қызметші болып табылады. Себебі Алла тағала жеті қанатты періште сипатты болып; әлемнің жанды жаратылыс денелерінің баураушысы, денесі болып саналады. Жер ядросында да Алла тағалының сипаты нұрды баурап жұмыртқа болып тұрғаннан да үлгі алуға болады.  Ал Раббымыздың ешқандай көлеңкесі, ыстық суығы жоқ, біздің ақылымызбен қабылдайтын сезімдік сипатынан жоғары тұрған сары нұрдың сипатына ұқсас, әлемдік ғаршылық қуаттың  жарығынан пайда болған күнмен байланысты қозғалыс есебі әлемдік  тұрақты уақыттың негізі болады. Аятта; «Түн мен күндіз және күн мен ай Алланың дәлелдерінен. Күнге де айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәжде қылыңдар; егер Оған құлшылық қылатын болсаңдар.» (41-37)  Демек біздер жаратылыстың қалай пайда болғанынан және Алланың өзі нұрының хикметті сырын түсіну арқылы ақыл-ойымыз тұрақтанып, көңілімізге сәулесі орнығып, Алланың ешқандай теңдессіз  барлық жараталыстың егесі екенін білумен, сәждеміз бізге мәлім пайдалы қуаттарын меңгерумен ғана көрінісін тауып, иманымыз қуаттанып, сенімділік білімімізді де өркендете аламыз. Және тіршілікте, құлшылық сәждемізде қандайда бір жаратылыстың қуатын, күшін  жеке-жеке жаратушы тәңір деп шоқынудан аулақ боламыз, ортақ қоса да алмаймыз. Демек онда ақылдың еркіндігі қалыптасып, арамза ғалым, азғырушы тәпсіршілердің де қақпанынан босануға себепші болады. Ойлау еркіндігі де қалыптасады…(жалғасы бар)

 

XXVII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Жаратылыстың негізі жарықтың қозғалысынан басталып түнекті жаулап әлемдік болмыстың негізі қаланды. Жарықтың негізі ақылдан да, барлық біздерге сезім арқылы анықталатын қуаттардың бәрінен де жоғары тұрған жаратушылық сипаттағы қуат, күштердің негізі болып табылады. Нұр түнектің ішінде өзінің орнын алып, нұрына ұқсас қуаттарының жүйесін яғни түнекке қарсылық сипатын ақыл, ғылымын, жаратылыстың барлық себебін жаратты. Ол күміс күлгін түсті жоғарғы сана және барлық жаратылыс бейнелерін баураушы, жеті қаннатты періште Алла тағала деп атау берілді. Алла тағалада бастапқы нұрдың құдіреті, күші, Раббылық ғаршылық сипаты да бар. Түп негізгі жаратушы Алланың Барлығы да әлемге әшкере мәлім болған жарықтық сапасында, қуат күшінде. Осы қуат, күштің негізінен екі түрлі, екі бағытты қозғалыстағы жарық шығып сол жарықтан әлемнің негізі жаратылғаны да хақ. Ал бастапқы бостық болған түнектен Алла қараңғылық түнді, түннің негізі қара түсті жаратқан еді. Бастапқы әлемнің кеңістігі мен бүгінгі әлемнің кеңістігін тең деп айтуға болмайды. Әлем жыл сайын кеңіп, түнектен жаңадан жарық шырақтарының орын алып, әлемнің де кеңіп өсіп жатқаны ғылымда дәлелденген.  Олай болса сол түнектен қара түрлі қуаттың негізі жаратылуы да арта бермек. Мұны ғылымда қара бостық «черная дыра» деп атаған. Ал енді түнек күші, қара қуат жарықтың қозғалысына себепші қарсылық болса, онда бұндай жаратылыстың, тіршіліктің негізі, қасиетті киелі жарықтарды көбейтуші, адамзаттың қуаттарының  да өнімі артуымен, нұр несібенің жер бетіне шығумен, соған байланысты қара қуаттардың қарсылық әрекеттері жаратылып отырады. Сонымен Алла тарапынан нұрының, яғни жер ядросының  сыртқа шығатын қуатының артуымен, аспан денелеріндегі шырақтардың да қызуы артып, оған қарсы қара күштердің де қарсылығы артып немесе адамзаттың жарықтық қуат өнімінің әлемге беріп жатқан әрекетінің сапасы, қуаты азайған сайын қара күштердің  өнімін көбейтумен айналысып кетеді. Мұнда жағдайда күнәлі қуаттардың басымдылығымен жер әлемнің қозғалысында да, замандық уақиғаларда да өзгерістер болуына әсерін тигізеді. Мұны қияметтік сағаттар, күндер, мезгілдер деп атаймыз.

Енді ғылым да әлемнің басты шамшырағы болған күннің қайдан, қалай қуат алып, әлемнің тіршілігін нұрлы жарықпен қамтамасыз етіп тұрғанын таба алған жоқ. Ал қазақтың сөздік байлығында да, құранда да күннің жермен байланысты туылып және қара балшықты жерге батуын ертегі деп түсінеміз.  Шындығында күн жерден қуат алып, жанып тұрғаны хақ. Және екі күн, екі айдың жұп болып, екі түрлі қозғалыста кеңістікте жүргенін де естен шығармаңыз. Күн түнекте жүрсе, ал айлар суда кеме болып жүзеді. Күн жерге жақындап батады, шығады, ұзындықта жүзеді, ал ай саусақ пен алақанның арасындағыдай тербелісте жүзеді. Жерді айналмайды, керісінше жер тербелісте тұрады. Сонымен жер астында 11 қырлы мұнара «призма» бар және ол жерді тербетіп тербелісте тұр. Әрбір тербелістің 45 градусқа бұрылғанында 11 түрлі  нұрлы жарық қуаты  теңіз арқылы күнге қуат болып қосылып отырады. Бұл қуаттың шығатын ошақтары «бермуд үшбұрышы» деп аталады. Оның да екі орны бары да дәлелденген. Олай болса күннің 11 жылдық тербеліс «циклымен» жер әлемнің тіршілігіне  түсетін қуаттардың жүйелі қайталануы болса, жыл ішінде 11 реттік тоғыстар мен табиғаттың түрленуіне  және 33 жылда бір дәуірлік уақиғалардың, қияметтік өзгерістердің болуы айдың әрекетімен байланысты болады. Айдың нұрлануы негізінен 11 жұлдыздың сәулесінің айдың бетіндегі қазан шұңқырларға өз реттілігімен түсуімен пайда болады. Және барлық жер әлемдік қозғалыстың реттеуші қуаты 11 жарықтық сапаның әрекетімен байланысты екенін де естен шығармаған жөн. Олай болса жер бетіндегі ақпараттық қазына Ақтың ішіндегі жеті жолдың қарсылығы жеті тозақтық қара түрмен, қуаттармен араласуымен байланысты түстердің барын және бұлардың екеуіне де қозғалысқа себепші нұрдан, әрекетінен жаратылған  4 періштелік қуаттық, қозғалыстық күштердің, жер бетінің тіршілігінің себепшілерінің жаратылысы да бар. Сонымен ең басты 11 жарықтық қуаттан барлық жанды жаратылыстың тіршілігі, ақылдың, ойдың, қылық-әрекеттердің, діннің де тазалығының жағдайы айқындалады. 11 санды жұлдыздық жұпар иісті жарықтық сапа арқылы ғана Бірге айналу әрекеті болады.

Енді есептік жүйеде; 11+11=22 (хаж); 22+4=26 (шұғара);22+7(жол)=29 (қажылық), сол сияқты 11 жарықтық сапаға қарсы 11 санды ақшыл сұр түсті, сасық иісті шайтандық қуаттардың да жаратылысы болатынын білген жөн.Сонымен сопылық таспихтың негізі де осындай 3 түрлі 11 санды қуаттық қозғалыс негізін меңгерумен байланысты да болады. Ал енді 11 санды қарсылық қуаттық жарықтың қара түспен байланысты 8 малдық қуаттармен әрекетімен, қосылуымен 19 санды тозақтық сынақтық  белгінің сыры пайда болады. Бұл санды қуаттың ібілістік сипаттағы бастапқы жаратылыс негізімен де байланысты болатынын және мұның адамзаттың міндетті жүгі болып, білімдердің де қуаты болып табылады. Бұл жүкті тауларға ұсынғанда бас тартып, адамзаттың ғана жүктелгені баяндалады құранда. Және бұл білімнің негізінен Адам атамыздың бас тартқаны да аятпен ескертілген. Бірақ адамзатқа білімді меңгеру, яғни ібілістік ақпаратты тазартып кісіге, шайтанды жанға айналдыру аманат болып саналады. Сондықтан аятта; «Рас аманатты көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым (шайтаннан болған жын), тым білімсіз..» (33-72) Сондықтан мұндай қарсылық біліммен жүктелу арқылы біз неше түрлі дүниелік істерді, қарекеттерді,  өнерді, білімдерді меңгереміз. Ал енді мұндай білімділікті тазартатын ілімнің тәрбиесін дінді алмай, тек қана  білімнің соңына түсе берсек, оның үні және ой қуаты болған ібіліспен жүктеле береміз және азғындықтың, түнектің ұйығына бата береміз де.

Ар — Ақтан сауыт болып қонысы – ұят, күші – иман, иесі – ақыл. Ақылдың киесі – сөз, сөздің киесі – нақыл болады. Ата-бабамыздың біздерге қалдырған аманатын нақылдан түсініп, жүктерін меңгеруді дәстүрімізге сенім болғанда және амалға айналдырғанда ғана ақталады. Болмаса мұндай ұлттық  дін сеніміміз жоғалғанда, ондай қоғамда екі жүзділік, мұнафықтық, күдік, күмән, үмітсіздік, мүшіріктік ахуалдың қалыптасуымен, тарихымыздағы меңгерген ақиқаттың білімін жоқа шығаруымен, ел билеушілердің білімнің соңына түсіп, дін ілімімен тазартудан бас тартуынан, надандықтың  таралуымен бүкіл қоғам сорлайды. Қоғамның, жалпы адамзаттың жұпар иісті жарықтық қуатты өндіруден бас тартып, ұяттың өнімі қызылдың да тазармауынан, жанның ағарып жетілмеуінен, яғни дін шариғатынан, парыздардан бас тартудан, ұятсыздық  жалаңаштықтан, арам жеуден, керісінше осындай сасық тұманды өндірумен және әлемдік қуаттардың жүйесіне де нұқсан келіп, қияметтік уақиғаның сынағы да туындайды; «Нәтижесінде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшкіріктерді азапқа салады да мүмін ерлер мен мен әйелдердің тәубасын қабыл етеді. Алла тағала аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (33-73) Алла тағала заман, уақыттың өзі! Барлық қозғалыс жарыққа, уақытқа тәуелді. Өлім де, ажал да уақыттың себебімен болады. Сондықтан; «Уақыт емші, бәрін түзетуші – шапағатшы!» деген дана қазақ.

Алдыңғы тарауларды уақыттың сырын 3 түрлі түрдің жағдайымен, жарықтың қозғалыс әрекетімен баяндадық. Сары түрдің негізіндегі жарықтың әрекеті қызыл түске тәуелді болып, онан жасыл түсті қуаттың өнімі де артуымен, тіршіліктің негізгі нәрі болады. Ал енді қызыл түс ақтың ішінен шығып, оның қара түспен байланысты қуаттық түрлену әрекетінің сапасы артатын болса, ал қара түс оттың әрекетімен түнектен пайда болған, жын қуатын қалыптастырады. Адам атамыздың топыр-ақтан, жан  жарықтан жаратқанда мұның ішінде 7 түстің болуымен жеті қасиеттіліктің, арыстың негізі де болғаны хақ. Адам баласының қаны барлық жер бетінің тіршілігінің негізгі қозғаушы күші, өрістік тұрғыдағы денесі, жанның дәні екені хақ. Жан қуатының да үш негізді текке тәуелді болып; От, Су, Ағаш екені де хақ. Ағаш осы екі түрлі негіздің арасында жалғаушы  Алланың жібі болып саналады. Ағаштың да екі сипатты жұптық белгісі болып; Днк, Рнк деп атаймыз. Енді Днк-жын қуатымен, Рнк-жан қуатымен бірі қара, бірі қызыл және ібілістік аманат жүкті меңгерумен тікелей байланысты. Бұл белгілердің бәрі адамзаттың қанында қызылда бейнеленіп, сыртқы өрісінде кебіндік «кебенек» сипатындағы жарықтық денеге айналып Ар-ақ сауытпен қорғалуы керек.

Олай болса, әрбір адам баласының қанында 11 жұлдыздық белгілердің ерлерде  ақ сұр, әйелдерде қызыл қоңыр түсте болатынын да естен шығармаған жөн. Қанның тазалығы, қуаттылығының сапасы, имандылық қуаттың енуі де осы 11 жұлдыздың ағарып жарыққа айналуымен байланысты болады. Бұл жұлдыздық қуаттардың жер бетінде де мекендері, қуат алмасу ошақтары; ата-баба зияраттарымен, киелі орындармен, құлшылық орындары болған мешіттер, шіркеулермен және олардың  аз, көп қуаттылық шамалары да  жұлдыздармен жалғануына байланысты болады. Ал өмір сүрген жерге байланысты да, аспан әлемінде де адам баласының ұлтына, туған жеріне және өзінің жеті ата қауымына байланысты жалғанудың жібі, яғни қуаттық желісі көркем сөзден өсірілген көмес ағаштардың киелі ойпат жерлермен жалғануымен байланысы бар.  Мұны ақ пен қараның өзара үйлесімді қуатқа айналуымен адамзатқа қызмет қылумен сәждемен де байланысы болады. Бұл негізіндегі бастағы 16 үн мен тәндегі барлық қуаттардың басқарылуы, яғни бастың масихы Ғиса пайғамбарымыздың үлгісімен, інжілмен тікелей байланысы бар; Аятта; «Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты. (15) Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар жаратты.» (16-16)

Сондықтан да негізінен өзендермен, таулармен байланысты қуаттық тұрғыда жалғануға жеті жолды (кемпірқосақ) ақ жолын жаратқанын растайды. Сонымен бірге белгілер болып тауда және жер бетіндегі киелі жарық шырақ жанатын нұр шығатын орындардың белгілер болып, осы арқылы жұлдыздарға жалғануды ескертеді. Қазақ ел билігі мен зиялы атты қауымның, дін ғалымдары мен масһабшылардың екіжүзді мұнафық, мүшірікке, надандарға айналып құдайдың Ақ жол ұғымын партияға айналдырып, ал мұндай ақ жолға жалғануға  ата жолына келіп  ақиқатты меңгергісі  келгендерді қудалап, тажалға жәрдемге тұрғанына осы бір ғана аятпен куәлік беруге болады.  Және бұл бастың қуаттарын меңгеруді теріске алып, қатын, еркектердің жалаңбастықты әдетке айналдырып басты аздыруынан, жын қуаттарын тазарта алмауынан екі жүзділіктің; «Бармақ басты, көз қыстылықтан»  яғни түрлі азғындық, зинақорлық, парақорлық, сөз жүзіндегі  жындылықтардан да құтылу үшін де Інжіл, Тәураттың кітаптарына жалғану міндетті болады. Және бұл шындықты, ақиқатты, қайырымдылық, ізгілікті  меңгеру болып; «Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айырылып қалма, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Бір тұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48)

Құран жалпы әлемге ортақ үгіт және тақуаларға насихат деген. Ал енді Құран сандық мәндерімен аяттармен бұрынғы кітаптардың ақиқатын растайды.  Ал енді; «…Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айырылып қалма, олардың ойларына еліктеме! ..» деген аяттың ұғымында пайғамбарымызға құранмен бірге  жеке берілген кітаптың, уақилардың болғанын, бұл жұлдыздармен байланысты хабарлар болып  жеке жол және жоба болғандықтан, құранның білімін мұндай ғылым шындығынсыз тәпсірлеп, ой жорудан аулақ болуды ескерткенді. Ал енді осы уақилық шындық кітаптың, ғылымды болудың пайғамбарымызға ғана оқылып, онан кейін тоқтаған деген дін ғалымдарының пәтуасын; «…Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда  сынамақшы..,».Сонымен үмметтік ерекшелік; ана тілімен, ділдік ерекшелікпен де байланысты болып қазақ халқының өзіндік жол-жобасын алған елшілері, Алла достары арқылы әрбір адам баласының шындық кітабына жалғануға яғни уақи алуға мүмкіндігі бар. Және мұны игілік, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру деп атап; «…. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Бір тұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.…»  Олай болса біздердің өз отанымыздағы төбеміздегі жолдармен жалғану арқылы жол-жобамызды, жер жаннатындағы әулиелерімізге аяғымызбен табанмен жалғану арқылы,  төбемізбен сана қуаты өріс арқылы бір тұтас жұлдыздарға, аспандағы жолдарға жалғанып барып, қай үмметтің таңдаған жолы дұрысын айқындай аламыз.  Онда біздердің масһаб ғалымдарының, имамдарының қазақ  елінде дін өркениеті, тура жолы, шындық кітабын алған елшілері, әулиелері  болмай, Ханафи масһабын ұстанған Имам Ағзамды ғана әулие, жұлдызымыз деп таныған дегені жалған, жала болады.  Және исламды бөлшектеп шындықтың кітабына жалғанбай ой жорып, Алланың аяттарына ортақ қосумен өздерін құдай қылып теңдес жасаумен айналысатындары да хақ.

Неге десеңіз, қазақ даналығында; «Тоғыз жолдың торабында кездесу, тоғысу» керек деген. Мұның да негізгі сыры 33,33…жылдың есебімен 9 дәуір 300 жыл бір қияметтік мерзім болып аятта; «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (дәуір) арттырды. (25) Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды.» (18-26)  Сонымен біздің ақылмен қабылдауымызбен Алла ұғымы барлық қуаттардың иесі. Және барлық қуаттардың жүйесін;- Ол деп атаймыз да; «…Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды» яғни қандайда бір хикметті оқиғалардың, хикметтердің тек Алланың тарапынан ғана болып, шындықтың жүйесін, кітабын Ол оқитыны, яғни Алланың «Өзінен» ғана шығатынын ескертеді. Ол Раббымыз болып, барлық қуаттардың атқарушысы нұрдан болады. Оның біртұтастық сипаты жарықтардың түрленуімен «БІЗ» жұлдыздар, жолдар болып, жаннат орындары деп атаймыз. Сондықтан; «Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың.» (18-27)  Енді жоғарыдағы аяттағы; 25 сандық белгінің құрандағы 25 пайғамбарлық кезеңдердің баяндалуы да қияметтік уақиғалардың кезеңі мен адамзаттың Алла алдында есеп берілетін мезгілі болып, жер бетіндегі имандылықты тезден өткізіп қайта жүйелеудің, қалыптастырудың да замандық уақыты болады. Қазіргі таңда біздер: 2000-300= 1700 жылдардағы әлемде, өзіміздің тарихымызда болған діндік уақиғаларды қайталап жатқанымыз да хақ. Қазақ халқы осы мезгілде қияметтік жағдайда  әлеуметтік те, рухани дағдарысқа ұшыраған еді. Оған себеп хандардың өзара бірікпей алауыздықтың белең алуынан, дін имандылықтың жоғалуы мен ел  билеушілердің имансыздық жағдайларымен байланысты десек жалған емес.

Қазір де қазақ елі осындай иманымызға тәуелді; «Төртеу түгел болмай, алты аузымыз  араз болған» алауыздықтың, білімді ақыл қылған жетесіздердің билік орындарын жаулап алып, әрқайсысы өзінше «жер тәңірісі» болып, түрлі пәтуалармен қазақты құтқарымыз деп керісінше ұйыққа батырып, қара күштерге рухани құлдыққа жегуімен, әлемнің бар арсыз салтын әдетке айналдырумен шұғылданып кеттік. Сөз ұғымының құндылығын жоғалтудан дін ғалымдары мен зиялы аталған қоғамның өкілдері философ, жазушыларымыз да, ақпарат орындарын басқарушыларымыз да аз үлесін қосып жатқан жоқ. Имандылық дегеніміз сенім мен тұтастыққа бірлікте болғанда ғана, әуелі жер киелері мен 11 жұлдыздық қуаттармен бекіп, жеті жолмен 18 ғаламдық сырға жалғанумен нәтижелі болады. Және мұндай жағдайдағы біздердің қуаттық өніміміз, яғни аспандағы әрбір жаңадан пайда болған жұлдыздар болған; адамдардың жаны жаннат орны болады. Әрине бұл «Жұлдыздық» біздердің ұғымымыздағы  әу деп ән салып, арсыздықтың қандай түрінен де бас тартпайтын, тек өзін керемет көрсетіп таң қалдырсам дейтін өнерлі жынды аталғандар емес, жындарын кісілікке, ақылдарын естілікке айналдыра білген, жоғарғы саналық қуатты меңгеріп ар сауытын алған, құдайдың сүйікті құлдары болған адамдардың жанымен, меңгерген ақыл парасатымен, иманымен, тектілігімен, қасиеттіліктерімен байланысты болады. Сонымен біздер мұндай киелі жарықтарды өзіміз жаңадан бастап өндіре алмаймыз, бірақ мұндай жарықтардың  жер әлеміндегі барлық жаратылыста белгілі бір төменгі дәрежелі сапасы болып, оны жүктеп алып дінімізбен, құлшылығымызбен тазартып, ақылымызды, қасиеттілігімізді білім, ілімділікпен, сөз қуатымен көбейтумен айналысамыз.  Және бұл жарықтың біздің өміріміздегі қасиетті құдайлық хикметті «метафизикалық» көріністерін махаббат деп атаған жөн.

Сопылық мақамдарда жарға ғашықтық деген ұғым бар. Демек жарға ғашықтық осы жарықтардың негізі нұрға ғашықтық,ОЛ-РАББЫМЫЗ өзінен өндірген жарықтық қуаты арқылы әлемдік жаннаттық мәңгілік түнексіз, қараңғылықсыз жарық әлеміне қосылумен нәтижеленеді. Мұндай жағдайда әрбір діннің даму үдерісі болып және бұл өркениетті қозғалыстың замандық білімнің қуатының жетілуімен байланысты да жаңадан қасиетті жарықтың түр-түстерінің пайда болуымен, бұрынғы түрлерге қарағанда басқарылу жүйесі де күрделі, жақсы ұйымдасқан, тектіліктің бірленген дәрежесімен, қуаттылық сапасының жетілгендігімен және қамту өрісінің, кеңістіктің шамасының артуымен нәтижесін беріп отырады. Осы тұрғыда адамзаттың жер бетіндегі дүние тіршілігін меңгерумен қатар, барлық  қара қуаттардың араласуымен болатын қарсылық қозғалысты меңгеруге, ібілістік біліммен жүктеліп тазартудың, яғни 7 түрлі тектіліктің үлгісін қалыптастырған еді. Бұл жеті арыс болып, әрбір үш арыстан ұлттық үмметтік негізде бес арыстық қасиеттіліктің үлгілері пайда болып отырады. Сондықтан қандай ел, ұлт, үммет болмасын негізінен 3 жүзі арыстық сапасы  болып, сол үш жүздерінен бес түрлі қасиеттің үлгісі, негізгі бес әулиесі қалыптасады.

Әрине мұндай діннің өркениетті үлгісі қазақ ұлтында сақталғаны да сөзсіз. Бұл үлгінің исламдық әлемде тұрақты тектілікке жалғану құлшылығы болып Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраж уақиғасынан үлгі бар. Алла тағаламен тікелей сөйлесу арқылы Бақара сүресінің екі соңғы аяты мен бес парыз намаздың үкімін алып келумен осындай арыстық тектілікті қалыптастыру мен бес қасиетті меңгерудің құлшылық үлгісі қалыптасқан еді. Бірақ Алланың жанынан түскен 4 кітаптың негізінде 4 түрлі періштелік әлемдік қозғалыстың адамзаттың  көместік тылсымдық өмір арқылы басқарылуын меңгерумен байланысты екенін түсіне алмаймыз. Себебі метафизиканың, хикметті бастаудың 4 негізінің адамзаттың игілігіне және оны меңгеріп жер бетінің халифасына айналуға жаратқанынан хабарсызбыз. Себебі ғылымда дәлелдер болғанымен, ілімде сөз тұрғысында түсіндіруде ақылымыздың күші дами алмай кейін қалып қойғаны да хақ. Бұған себеп соңғы дін мен құранның әлемнің барлық діндерін, ақпараттық белгілерін бірлеген және барлық түсірілген кітаптардың кілті болып, сандық тұрғыда белгіленіп, тұрақты өзгеріссіз үннің сипатымен арап тілде түсірілді. Арап тілінің таңбасының құпия сырлары әлі кезге дейін толық шешілмегендіктен және құрандағы атау сөздердің ішкі сырлары бүкіл әлемнің сөздерін қамитынын да мойындамаудан туындаған.

Енді әрбір үммет заманның өзгерісіне қарай өзге ұлттардан білім арқылы сөз атауларын да алып отырумен, ана тілдік сөз байлығын, таңбасын үнемі дамытып отырумен құранды өз тілдеріне аударғанда ғана жаңадан құпия сырлардың тылсымға хикметті есіктің ашылатынын да мойындауға имандылығымыз артып, ақылымыз жете алған жоқ. Сондықтан да арап тіліндегі халық та орта үммет болып, яғни діннің өркениетінің  жоғарғы да төменгі де сатысына жатпайды, тұрақты қазығы болуы шарт болған. Ал қазақ елі үшін 3 арыстық тектілікті меңгерумен және бес арыстық қасиеттіліктер де исламнан бұрын қалыптасқан да еді. Енді мұндай қасиетті ұғымдарды түсіну үшін құран ілімінің метафизикасына да жүгіну керек. Аятта; «Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық.»  Казақ даналығындағы «Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер» деген жасыл түспен байланысты ұғымның да метафизикалық, хикметті сыры да осындай аяттармен байланысы бар.  «Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл, әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?»(35-27) (62) Бұл аяттың сандық мәнін зерттеу арқылы да қаншама білімнің көзі метафизикалық құпиясы да  ашылар еді.  62-мәнді «Жұма» тазару  дегеннің де құпиясын осы түстермен және таудың қасиетімен байланысты екенін ашық баяндап тұрғаны да хақ. Біздердің көбеюіміз, өсіп-өну мен жыныстық, малдық қуатымыз таулармен байланысты болып, барлық діндердің пайғамбарлардың алған кітаптары да тауға жалғанумен Раббымыздың  нұрын көрумен байланысты болғаны да хақ. «…Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарының ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы.» (35-28)  Қандай бір дін ғалымы Алланы барлық қуаттардың егесі, тәңір деп түсініп қана және қандай да бір көрсеткен, білдірген хикметінен, яғни метафизикалық құбылыстардан да үлгі алып, пайда-зиянын ажыратып меңгеру тәсілін, құлшылық ісін жетілдіре алады. Адам баласы кіші әлем. Адамзатта барлық жаратылыстың қуаттарының белгісі, түрлері, түстері ақпараттық тұрғыда өз бейнесін нейрондар түрінде түсіре алады. Сондықтан әрбір жаратылыстың нәрселерінен белгі алып жалғануды хикмет деп баяндаған Ясауи бабамыз. Және барлық ғылым, ілім, қуат көздеріне жалғануға белгілі хикметті сандары да бар…(жалғасы бар)

 

XXVIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлы