Қазақ дәстүрімен киіне білудің нығметтері

Бөлім: Ата жолы намаз ерекшеліктері мен ғылымдық маңызы 76

Бас киімнің нығметтері; Жалпы ер әйелге ортақ рухани жағдай; Есте сақтау қабілеті артады және бір қалыпты болмақ. Ұйқы бездері қуаттанады. Бақ жанады. 11-санды нығмет келеді. (Бақ қарап, қыдыр дариды)

1.Еркектің ата дәстүрін сақтап басын қорғай білуден; Қан айналымы дұрыс болады. Мидың қабыршағы кеппейді. Алтының шабуылынан (етекбастылық, әйелдерден төсек, тамақ арқылы келетін әйелдік гормондық  қуат) шамадан тыс көбеюінен сақтайды. Еркектік белгісі (бел қуаты) жабылмайды. Аманатқа алған басты Құдайға тапсыра алады.

2.Әйелзаттарының жаулықты болуынан; Өрісі кеңейеді. Денеге құрт түспейді. Ақыл-есі дұрыс ұрпақты өмірге әкеледі. Жағына жылан жұмыртқаламайды.

Мойынды жабық ұстаудың нығметтері; Етек көлеңкелерінің жамандықтан сүзгі болады. Есте сақтау қабілеті артады. Рухани кереңдіктен қорған болып, сезімталдығы артады. Бауырға құрт түспейді. Ой таза болады. Ақыл өлшенеді. Қанағат келтіреді. Мұхаммед пайғамбарымыздың әйелдері алған аманаттай аманат алар.

4.Қол білектің жабық, жеңді болудың нығметтері; Еркек; Қол аруағы қолдау береді. Демікпе ауруынан қорған болады. Қол баласы жетіледі. Бой өрісінде тесік-шұрықтар болмайды.

Әйелдердің мол жеңді, ақ білектілік нығметі; Білекті сұқ көзден қорғайды. Көрген аян-түстері дәл болады, ұрланбайды. Егіні бітік болады. Мүшәйра, көкірек көзіне қорған түседі.

6.Әйелдерге білезік тағып алақанды қорғаудың нығметері; Бойдағы 7 «чакраға» күнге дем түседі. Жүрек қағысы қалыпты болады. Ашушаңдықты басады. Кірпияздық пайда болады.  Шүкіршілдігін қорғайды. Қызбалықтан қорған болады. Үрейдің алдын алады. Алақанға жылу береді. Қара ойдан қорғайды.

7.Аяқты мәсімен қорғап таза ұстаудан нығметтері; Аяқ киімнің, аяқты жылы үнемі жабық ұстап қадірлеуден әйел еркектерге ортақ рухани келетін нығметтер; Оң иық, ми қабыршығы, мойын омыртқа қуаттанады. Табан арқылы ісі оңынан шешіледі. 109-санға байланысты нығметтер пайда болады.

Еркекте; Аяғына нұр түседі (бақ қонады). Әр қадамына періштелер жақсы тілек жаудырады. Наны піседі. Сүйектері дұрыс жетіледі. Нәрін жоғалтпайды. Құдайды мойындамағандарды шалады (сөзі пәтуалы, жазалаушы қасиет қонады)

Әйелдердің аяқты мәсі киіп таза ұстауынан; Ішек-қарны созылып ауруға ұшырамайды. Семіздіктен сақтайды. Бетінің ажарын жер арқылы келетін қуаттан алады. Ерте қартаймайды. Сүйегі мықты болады. Еркектерге шапанды, әйелдерге етекті болудың нығметтері; Еркектерге; Ойшылдық пен даналық дариды. Қара қылды қақ жарар әділдік пайда болады. Ерегіскендерді татуластырады. Сәби баланы сипаса алақанында шипа болады. Құйрық майын жеп тауысады.

10.Әйелдердің етектілігінен; Әйелдік қуаты ерте түгесілмейді. Ұрпағының тілі күрмелмейді. Жүректе суықтығы болмайды. Ұрпағының жолын кеспейді. Еріне қанынан беретін саналық қуат шарабы болады. Екі босағасы аяғы, табаны, таза болып, жатырын қаралықтан қорғап тұрады, жер анамен жалғанып тұруға да қорған болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *