Құл болудың маңызы-пайғамбарлық қасиет

Бөлім: Пайғамбарлық қасиеттер 77

       «Тіл дұрыс болмаса жүрек түзелмейді. Ал жүрек дұрыс болмаса-иман дұрыс болмайды.» (хадистен)

«Жеберейіл періште Мұхаммед пайғамбарымызбен сұқбаттасып отырған еді. Бір кезде көктен бір періште түсті. Жәбірейіл бұл періштенің дүниеге алғашқы түскенін айты. Періште; Әй Мұхаммед! Мені саған Раббың жіберді. Ол сенен; «Патша пайғамбар болғанды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болғанды ма?,-деп сұрап жатыр,-деді.

Пайғамбарымыз Жәбірейілге қарады, Жәбірейіл: Ей Алланың Елшісі! Раббыңа өте сыпайы бол!,-деді. Сонда Рассулла; «Құл пайғамбар болғанды қалаймын» дей отырып, ерекше сыпайылығын танытты. Оның осы таңдауынан кейін құлдық адам баласы қол жеткізетін ең шарапатты мақам дәреже болды. Сондай-ақ пайғамбарымыз өзіне шектен тыс тағзым қылған кісілерге; «Сендер мені өз дәрежемнен артық жоғарлатпаңдар! Өйткені Алла Тағала мені өзінің елшісі қылмастан бұрын құл қылған» деп ескерту жасап, құл болудың қадірі мен артықшылығын баян еткен».

Ішкі жан дүниенің сұлулығы пайғамбарлық қасиетті меңгерумен байланысты болуы да хақ. Ал ібіліс мұны қаламайды. Сондықтан білімді беделді пенделердің арасынан сөз ұғымын бұрмалайтындарды таңдап алып, асыл сөздерді теріске айналдырумен тажалдықпен айналысуға мәжбүрлейді. Мұндай пенделер білімді ақыл деп өздерінің ақындығын, жазушылық өнерін, атақ дәрежесін ақылдылық сипатында бағалап, халықты азғындыққа теріс ойға түсуге шақырады. «Экстремизм» дегеніміз де шығармашылық адамдарының, дін ғалымдарының ішкі жан дүниесінің былғануынан, сөз ұғымдарының түрленуінен, ой мен тілдің арасының ажырауынан пайда болады.

Ішкі жан дүниенің сұлулығы ақылдылықтың дәрежесімен айқын көрінісін береді. Ақылды адам баласының дәрежесі жоғарлаған сайын, сыпайылығы да арта береді. Сұлулықтың өзі де сыпайылықпен, мейрімділікпен үйлесімділікте және ол жариялықты, мақтанды қажет етпейді. Топырақтай төзімді болып, қаншама адамзат, жануарлар әлемі өзінің лас өнімдірімен былғап жатса да жер анамыз топырағынан өзінен таза, көркем өнім берумен ғана жауап береді. Сыпайы болуда да топыраққа, жер анамызға, ұлтымыздың рухани құндылықтарына ұқсастық болғанда ғана ақылдылықтың дәрежесінің артуы да еселеніп өнімін бермек.

Ішкі дүниесі сұлу, ақылды жандар таза мөлдір айнасын ақыл жарығын іздейді. Мұны жан құштарлығы деп атайды. Мұндай жандардың көкірегі, көңілі тірі болып, ақыл табатын сөз байлығына бай болады. Ал көкірегі өлі жандар адам маңдай терін төгіп адал еңбек қылуға жігерсіз, аз еңбекпен тер төкпей байлық жинауға, тұтынуға құштар болып келеді. Ал аз еңбекпен көп табысқа кенелуге құштар, қанағатсыз пиғылдылар рухани тұрғыда да өзін тануға, жетілуге ерінетін, ақыл табатын сөз байлығын аз және ұғымсыз сөздерге, сөз атауларын түрлендіріп, өзінің ішкі дүниесіндегі жамандықты өзгеден көріп, кекеу сөздермен, ызқорлықпен айыптауға құмар болып келеді. Мұндайлар білімсіз болмайды, керісінше сол меңгерген білімін ақылдың сөзін ұғуға пайдалана алмайды.

Қанағатсыздықтан ақылдың білімге негізделумен белгілі бір жындық топтардың ықпалында өмір сүретіндерд е өздерінің ниетімен қылықтарына сәйкес келмейтіндерге өзге ұлттарға да туыстық сүйспеншілік махаббаты болмайды. Ал махаббатсыздықтан иман шатаққа айналып, жүректерінде байлаулылық та жоғалады да, уайым-қайғысы да дүние байлықтың таусылу қорқынышына, жақсы көріне алмаудың, кедейліктің, ауырып қалмаудың, сүйгені тастап кетпеудің немесе сыртқы көрінісімен ұнай алмаудың, заңды бұзып жазалы болмаудың, түрмеге түсіп қалмаудың, мезгілісіз өліп қалмауды т.б. ішкі жан дүниесінің қорқыныштарынан босай алмайды.

Иманмен жарықтанған, ішкі дүниесі сұлу болмаған адам баласында махаббат та болмайды. Олардың махаббаты құмарлық, құштарлықтан белгілі бір пайда көрмек, ғашық болған адамымен қосылып, жұрттан артық көрінбек, жақсы аталмақ мақсатынан ғана туындайды. Пайғамбарлық көркем мінез құл бола білу өзін кешқандайда адам баласынан артық санамаумен, сүйіспеншілікпен дін жанының амандығын сақтаумен байланысты болмақ. ..(Қыркүйек 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *