Құран және құдай патшалығы.

    Құран үгітін меңгерудің нәтижесі; жалпы жаратылыс сипаттары мен бүкіл әлемнің тұтастығын танып,  әлемді жаратқанның жалғыздығына және адамзаттың негізі бір ата-анадан тарап, адам балаларының өзара түсіністігін қалыптастырып, бейбіт өмір мен ұрпақ сабақтастығын, ұлттық ерекшелігі мен діл білімін қалыптастырып және әр халықтың, ұлттың, рудың өз ерекшеліктерін сақтай отыра, бір-бірімен ара қатынастық шараларды меңгерумен ерекшеленеді. Бірақ осы қарапайым қағидалардың өзін жаңылыстырып, адам баласының есту, көру, ойлау қабілеті және ерік естілігін  өзгертіп, бір-біріне дұшпандық түрлі әрекеттерді, қулықтарды, соғыстар арқылы бірін-бірі қанап, құлдап, өз өмірлерін де тозаққа, азапқа айналдырып, адамдық қабілет, қасиеттерін шыңдап, заманына сай жетілдіріп отыру үшін де түрлі сынақтармен қарсылық күштерін жаратқан. Осындай қарсылық күштерді жеңіп, өзіне бағындырып және қасиеттерін көбейтіп, меңгеру барысында; күн астына, жан шуағына таласқан өсімдік көбірек азық жинауға жанталасқан жәндіктер мен өз үстемдігімен жайлы орынды жерді көбірек иемденіп, ұрпақтарының қауіпсіздігін, өсіп-өнуін қалыптастыратын хайуандар сияқты, адамзат та осы қарсылық күштерді жеңу үшін де түрлі қулықтарды, ақыл-ойды жетілдіру амалдарын меңгеріп, ол үшін білімді  заманына қарай үнемі жетілдіру арқылы, ілімімізді тазартып отырумен ғана өсіп өнеміз де, аспан астындағы, жер бетіндегі өз еркіндігімізді қалыптастырамыз. Сондықтан Адам ата, Хау анамен бірге бүкіл жаратылыс періштелерімен қоса жер бетіне түсіргенде; «… Оларға: «Бір-біріңе қас болып түсіңдер: Сендер үшін жер жүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік.» (2-36) Бұл аяттағы 36 санды белгіні, осы мәндегі Ясин сүресін құранның жүрегі деп атаудың да құпия сыры да, жалпы құран аяттарының  көлденеңінен осындай сандық мәндерге де байланысты болмақ. Әрбір жаратылыс егелерінен 36 санымен шегін мезгілін белгілеп, 38 сандық мәндегі белгіде, тура жолда кездесіп, бірленіп, жаннатқа кіруге ұлықсат етілген де; «Сақ болыңдар!» яғни «Абай» болыңдар, сөздің астарын зерттеп, құран құпиясын, сөз хикметін меңгеріңдер! деп ескерткен. Сондықтан адамзатқа берілетін несібені алу үшін осындай бір-біріне қастардың бірлігін қалыптастырып, татуласып, «Бір» деген бастапқы негізге, таза ақылға, Раббыларына келуімен ғана жүзеге асады.

      Алланың адамзатқа түсіріп қойған тіршіліктік  несібелерінің өзі осындай сипаттардан жарыққа айналған; «Алланың қасында» яғни біздің көзіміз көріп анықтай алмайтын, көмес өмірде, ақиретте яғни өлілер сипатында болып, оны қайта тірілтіп азыққа, қуатқа айналдыру үшін де пайда-зиянын, артық-кемін белгілеп, ақыл кітаптарын меңгеруді тек адам баласына ғана ерікті түрде беріп қойған. Сондықтан адамзат баласы жер бетінің халифасы, меңгерушісі болып есептеледі. Осы қабілеттерді меңгеру барысында Алла жолында күресіп, Алланың сүйікті құлы, досы болған, жер жүзінің бізге көрінбейтін, жер әлемінің ризығын реттеп тұрушы Алланың орынбасарлары, біртұтас адамдардан болған, періштелер әлемінің ісін жүргізуші және құдайдың патшалығының әскерлері, жаннаттық құлдары болып есептеледі. Сондықтан жер бетінде түнектің, қараңғылықтың, ібіліс әскерлері мен құдай патшалығының әскерлері үнемі өзара қырқыс соғыста болып, қарсылық заңымен бүкіл қозғалысты, заман, табиғат өзгерістері мен жаратылыс түрленуін, адамзаттың несібелік ризығын қалыптастырады. Негізінен барлық несібе адам жанының өнімі арқылы болғандықтан, күнәлік болмыс та адам жаны арқылы өсіп-өніп, жақсылық нұр да адам жаны арқылы көбейіп өнімін береді. Бірақ көп жағдайда адам баласының басым бөлігі күнәні өсірумен; ойын-күлкі, түрлі арсыздық істер мен дайын өнімдерді пайдаланумен ғана айналысып, екінші аз ғана бөлігі осы қателіктерді түзеумен, ал енді бір ортасы екі жаққа да жәрдем берумен негізінен үш топқа бөлініп алып өзара үнемі қызу тартыста, дүние тіршілігін өмір базарын жүргіземіз. Егер де берілген, көрсетілген ғибадаттардан, кітаптардың өсиеттерінен, ата-баба өмір тәжірибесінен қалған аманаттардан орындаудан сәл босап, тек енді жеңіс біздікі, осылай рахат өмірде тек ішіп-жеп, ойнап күлумен ғана айналысып, тіршіліктің қызықтарын, жаратқанның жақсылық нығметтерін дүние қызығына пайдалану мақсатын ұстана бастасақ, дереу зұлымдық күштер өсіп-өніп, бойларын тіктеп, қайта адам баласын құлданып, түрлі бәле, өлімдерге ұшыратып, арты тағы соғыс, қирау, ұлттардың, халықтардың жер бетінен бірін-бірі жойып жіберуімен аяқталып отырады. Ал зұлымдық күштері өздігінен қозғалып, ойланып істер жасауға, көбеюге де қауқарсыз. Зұлымдық та, әділетті, ізгілікті істер де адам баласының иман жолдасы, кісілігі және кісілікке жетпеген жындардың, шайтандардың, шеріктердің көмегімен атқарылады. Барлық жаратылыс қозғалыс негізі періштелер негізінде ібілістен басқасы, Адам атаға сәжде, қызмет жасаған періштелер болып, кейіннен «қастар»-зейнет болған түп негізден басталып, олардың адам арқылы және табиғат басқа жаратылыс егелері арқылы пайда болған және міндетті түрде көктік үш, жерлік  бес топқа бөлінетін, барлығы 8 қуаттық шамамен белгіленген түрлері бар. Ал 9-шы қуат; көркем сөз және иман негізі болып, тек адам баласына ғана берілген ерекше ризық болып есептеледі. Құрандағы Тәубе сүресінің Алланың атымен басталмай барлық сүрелерге қосылуға, жалғануға, түрленуге негіз болып және әрбір 9 санымен аяқталатын, нәтижеленетін аяттардың өзіндік сыры да тек адам жанымен, рухымен байланысты болады. Негізгі қуатты меңгеруші жын және шайтан, адам баласы (иман жолдасы, періштесі) осы үш бұтақтан тағдыр ағашы пайда болады. Сондықтан бастапқы жаратылыс негіздерінен үнемі қуаттанып отыратын, осы негізгі үш сападан барлық жаратылыс иелері пайда болып, адамның дүние тіршілік өнімдеріне жатады. Енді оны қарапайымдап түсіндірсек, тек-ұрық, ген-қан (діл) және жан болып үш түрлі сапаға бөлінеді. Діншілердің басты қателігі де осындай адамзаттың жаратылыс негіздерінің сипат ерекшеліктерінің ара-жігін айырмай; жындарды, шайтандарды адам тағдырынан, жанынан, рухынан бөлек жаратылыс негізінде қарастырады. Шындығында бастапқы жаратылыс негізінде олар жеке сипаттағы  періштелер болғанымен, бәрі адамзатқа біртұтасқа ғана айналумен сәжде, қызмет жасауға бұйырылғандықтан азықтық, несібелік нәрселердің бәрі ортақ болып, адамзатпен бірге ішіп-жеп, өсіп-өнуді, көбеюді қалыптастырып, өлім арқылы ғана ақ-қара және түрлі түстерге  ажыратылып, тозақ сатыларынан, тазарудан өтіп барып, қайта бірігу, дәрежелену арқылы жаннатқа «Бір» және «Тұтас» періште болып және құдайлық негіз, нұр жанмен, Раббымыздың білім болған иманмен бірігу арқылы бір тұтастықта кіруіміз керек. Сондықтан жын да адам бейнесінде, шайтан да адам бейнесінде, пері де адам бейнесінде, ібіліс те адам арқылы бейнеленіп, тәрбиеден, білімнен, ақылдан жеңіліп, керісінше адамға қызметке тұрып, қасиетке айналып, бірігіп, бастапқы жаратылыс негізіне жанға, жарыққа, жарға қайта оралу діннің негізгі шарты.

     Дәрігерлік ғылымдағы адам баласының «імүнін» (иммун) (момындық) ауруға, түрлі сыртқы әсерлерге, қоздырғыштарға қарсылық күшін қалыптастыру, яғни ақ уызын, «белокты» жетілдіру мақсатында тұмау т.б. жұқпалы дерттерге қарсы,  сол ауру қоздырғыштарын аз мөлшерде егу арқылы ғана тәннің қарсылығын қалыптастырса, ал енді рухқа және жанға байланысты «імүнді» (момындықты) қалыптастыру үшін, тек дін қағидаларын, намаздарын орындау арқылы ғана құдайдан келетін  несібе, зейнет болып нәтижесін бермек. Олай болса, рухани және жандық сипаттағы «үмінді» (момындықты) қалыптастырудың екінші, үшінші сипаты көмес, ғайып түрде жан қарсылығын, сезімдердің қуаттылығын қалыптастыру үшін дін ережелерін міндетті түрде меңгеру керек. Тек бұл жағдайда да кімдерден, қалай және қандай үлгіні алу керек деген мақсатта түрлі пәтуалар мен қарсылықтар да туындауы сөзсіз. Ата дәстүріміздегі осындай рухты тазарту мен жанның қуатын өсіріп қалыптастыру мақсатындағы сопылық мақамдағы «шарап» ішу, «У» ішу, мас қылмайтын «арақ» ішу, «май» ішу деген түрлі астарлы сөздердің астында ақпараттық, рухани азықтық көмес бейнелермен қатысты деп түсінген абзал. Қазіргі таңда осындай тән, жан, рухтың сүнеттеліп, жетілу шарттарының, үш түрлі дін ережесінің біреуін ғана ғылым-білім қылып, тәнді емдеп шынықтыруды білгенімізбен, рухтың яғни ақыл-ойдың емін және сана-сезімге жататын жанның емін мүлде теріске шығарудан әлем халқы азып-тозып, құрдымға құлаудың алдында ғана тұрмыз. Ал ислам дінінің құндылықтары әулиелермен бірге көміліп, содан тек шариғат білімін, дін рәсімдерін ғана ұстанудан әлемде таза дін ұстанушы ел қалған жоқ десек өтірік емес. Енді  бұл пәтуамызға дәлел болған, әлемдегі бар мемелекетті қамтып жатқан, жаратушыдан түскен қамшы сынақтардың белгісі де хақиқаттың бейнелену екені сөзсіз. Әзірше, жан сырының ғылымын қарапайымдап түсіндіретін болсақ:  ібіліс тобының  әскерлері өзінше тіршілік иесі болып, сыртта көмес, ғайыпта жер жүзінде азықтық қуат бейнесінде,  жансыз шеріктер түрінде  және жын да шайтан да, адам баласы аталған жандық, қуаттық денелер де, барлық жанды жаратылыс нәрселерінің бейнесінде болса, оған қарсы ақылмен толық басқарылатын жарық-нұр, кісілік сипаттары да бар болып, адам рухының нәтижесі, түрлі қасиеттер бейнесіндегі періштелер де жер бетіндегі тәндік сипаттағы адамзатқа, яғни адам жанына қызмет етеді және өздерінің дәрежелеріне қарай топтарға бөлініп, ақирет тіршілігінің саудасын да жүргізеді. Бұл жаратылыс нәрселерінің бәрі де дүние тіршілігіндегі  адамзаттың тәнінде, жанында, рухани сарайында өсіп-өнетін орындары бар, және адам баласының бұларсыз тәндік, қуаттық өсіп-өнім беруі де мүмкін емес. Ал олардың жетіліп, адам баласына қызмет етуіне, біртұтас жарыққа, қозғалысқа, адамның кісісі болып қалыптасуына да басты себепші жаннаттық  жан періштелері ғана барлығын өз мақсатына қарай бағыттап, жұмсап, тазарған жоғарғы  ақыл-ой арқылы басқарылып, шектеп отыру шарт.

     Енді шайтан негізгі қызметі; етті ағзаны өсіруші болса, ал  жын болса қозғалыс себепшісінің, адам баласының ұрпақтық көбеюінің де негізі болып, адам қуатын белгілі бағытта дамытуға, өсіруге негізделген. Ібіліс-пері болып кеңістіктегі, сырттағы енуші қуат негізінде бейнеледі де, жын негізінен адам баласының өнімі болып, іштегі, сырттағы және бастапқы және 5 қуат негізі болып сырттан қосылып отыратын түрлі сипаттағы жын қуаттарымен, бейнеленген жүректермен де, адам баласының жарықтық сипаттағы ақыл-ой, сөзі арқылы дәрежеленеді, тазарады. Бұлардың барлығына да ортақ қызметші шайтан, көздерге айналған аралық тілмаш болса, ал бұлардың барлығын басқарушы, атқарушы адам жаны болмақ. Адам жаны сандармен, иманмен яғни сана қуатымен тікелей байланысты көбейіп, өсіп, өнімін бермек. Бірақ адам өз ақылымен ондай көрінбейтін, білінбейтін, ұстатпайтын нәрселерді қалай басқарады? Әрине Алладан сыйға берілген бастапқы негізгі жан және үнемі толықтырылып, жетілдіріп отыратын сөздің қуаты, ақыл-ой жарығы, нұры, рухы арқылы басқарылады. Сондықтан адамзаттың бойында өлмейтін екі «Мен» бар. Енді осы адамзатты «Мен»- сөз, нұры-май арқылы басқару және басқарылу заңдылығын, бастапқы сөздің нұры, жарығы болған; құдай патшалығы деп атаймыз. Құдайды қалай танимыз десеңіз, ол тек күнә арқылы ғана өзін көрсетеді. Неге?- деген заңды сұрақ туындайды. Қараңғылық тұрақты емес, сондықтан да негізінен жоқ, себебі уақытша қараңғылық, жарықтың аздығының немесе болмауының ғана өлшемі. Егер жарық бар болса онда қараңғылық өліп, жоғалады. Керісінше қараңғылық келгенімен жарықтың жоғалуы мүмкін емес. Сол сияқты суықтық та жылудың белгілі мөлшерінің жетіспеушілігін білдіреді. Сонымен адамзат өміріндегі; түнек, күнә салыстырмалы ұғым, бұлар Құдайды мойындамаудан ғана пайда болады. Сондықтан әрбір адам баласына берілген, өзінде тұрған жарық негізіндегі құдайлық бастауларды меңгеріп мойынсұнбаудан,  құдайлық несібе нұр жарықты алудан бас тартудан, оларды түнек қараңғылық басады да шамадан тыс болып, адам өміріне қауіп төне бастағанда, дереу құдайдан нұрдың белгілі бөлшегі бастапқы нұрға қосылады да, күнәнің кім, қандай екені жарықта әшкере болып жанып өледі, басқа жаратылысқа айналып түрленеді. Адам баласында бұндай тосынан қуаттардың енуімен кенеттен шабыт, ақыл пайда болып, жан-жағына, өз қылығына, өмір, тіршілік салтына, жаратылысқа басқаша баға бере бастайды. Немесе құдайлық ережелерді, шектеулерді  мойындамаған, берілген намаз қағидаларын бұзған жағдайда; қыспақтарға, ауруға, апаттарға, азаптарға ұшыраудан амал жоқ, іштей Құдайдан жәрдем сұраумен; бұл азаптан, аурудан, күнәдан жарықтың, нұрдың-кісінің келуімен қайтадан құтқарылады да, сонымен кейбіріміз жалғастырып, ізденіп иманға келумен, ал кейбіріміз ұмытқаннан кейін бастапқы күнәлі, күнәкәр киімімізді қайта киеміз. Бұл жаратылыста түстердің, реңнің жарық түрлерінің қайта түрленіп, қуаттанып жаңа сапамен қайта жаратылуы деп атаймыз.  Жаратушымыз, негізінен бастапқыда сөзді әшкере ортақ қуат тәңір қылып жаратты. Ал оның ішінде көркем сөз негізінен жарық, май, шырақ еді. Сол көркем сөзден нұрды жаратты да қараңғылықты бөліп шығарды. Сонан нұр — басқаша сипаттағы жарық болды. Сол нұрдың түрлі-түсті сипаттарынан періштелерді жаратты да оларға рухын үрлеп, қозғалыстық қабілет ақыл берген еді. Ол үшін екі түрлі рухты (сөзді) жаратып, бір-бірімен айтыста әлемнің ішкі қозғалысы пайда болды. Сондықтан қозғалыс негізі ақыл періштесі, яғни жел сипатына енді. Енді барлық нәрселерге жұптық сипат және қарама-қарсылық сипат та осы рухтан бастау алады.  Сондықтан адам баласы мен жынды өзіме құлшылық үшін жараттым деп ескертудің шарты; адам баласы мен жын қосылып бір-бірінен көбею арқылы, таза ақылды яғни сөзді алып, қарама-қарсы күштерді «шеріктік әскерлерді» өзіне шамасына қарай құбандық жандары мен Құдай нұры, құран сөзімен араластырып қосып алып, жаратқанға құлшылық арқылы жағып, өртеп, нұрлану жүктелді. Осындай қарсы, теріс бейнелі рухтан пайда болған, толық жетілмеген адам өнімдерін жын-шайтандар және жеке-жеке белгілі толық жетілмеген белгілі бір қозғалыстық сипаттағы, бірақ жансыз, жан білімінсіз жаратылыс иелері  «шеріктер» деп аталады да, алдағы басылымдарда өлшемдер мен сипаттарын айырып түсіндіріп көреміз. Ал осы заңдылықтарды меңгеру үшін құдай патшалығының 3 ортаға, үш жүзге негізделген жаратылыс заңдылығына құлшылық, қызмет етудің, діннің басты қағидаларын, адам баласының ойлау, түсіну қабілетінің жетілуіне байланысты дін саясатын жетілдіруші пайғамбарлар мен жер бетіне адамзатқа  түсірілген дін істерін жалғастырушы, орындаушы елшілерді де өз араларымыздан тағайындап, соларға кітаптарды үйретіп, одан қалған адамзат баласы бір-бірімізді үйретіп жетілдіруді бұйырған еді. Ондай тылсымдық, түрлі дәржеде қуаттарға айналған, бейнеленген кітаптарды санамызға, қанымызға, сүйегімізге сіңіріп, әр елдің өзінің тұрмыстық, тілдік, жерлік, шаруашылық, салт-дәстүрлік ерекшеліктерін және діл білімін де қалыптастыру үшін қалыптасқан әдетті үнемі бақылап тұрсын дегендей; Әдет-ғұрып деп бірге атайтын нұсқау берген.

     Тәураттың жалғасы Забурдің екінші сипатын дәлелдеген Інжілді осы қалған үш кітаптың құдай патшалығының негізгі көрсеткіші деп мысалдар келтіре кетейік. « Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: «Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді. Жұрт ұйықтап жатқанда дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың тұқымын шашып кетеді. Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады. Сонда қызметшілері-Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Бидайық қайдан шықты?-деп сұрайды. Ол: -Мұны істеген дұшпан кісі,-деп түсіндіреді. – Ендеше біздің сонда барып отап тастауымызды қалайсыз ба? –Жоқ, деп жауап береді қожайын,-сендер бидайықты отаймыз деп бидайды бірге жұлып тастайсыңдар. Орылғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап қамбама құйыңдар!-деп бұйырамын».(Матай 13-тарау) Егіндігіміз, осы дүниеміздің тіршілігінің қызметшісі, малдық қуаттарымыз, рухымыз болса, ал жақсы тұқым қасиетті адамдар – Құдай Патшалығына қызметке тұрған әулиелер ұрпақтары, тұқымды яғни иман негізін себуші көктен келген Билеуші. Ал арам шөп бидайық- әзәзілдің, азғындардың рухани жетілмеген жыны мен шайтаны қосылған рухани зұлымдықтың ұрықтары болып табылады. Оны ұрланып келіп себуші-шайтан. Орақ кезі болса, қиямет мезгілінде көктен түскен періштелер; әзәзілдің ұрпақтарын орып алып және түгелдей тозақтағы отқа жағады. Рухани дәрежеде жетілмеген, азғындыққа түскен пенделерге ерекше сынақтар, азаптар түсіп, өмір жастары қысқарып және ұрпақтары үзіліп, тозақтық сипаттарға еніп тұқымы құруы тиіс. Демек Құдай патшалығын жердің бетінде, өзіміздің дүние тіршілігімізден, адамдар арасынан және туған жеріміз аяғымыздың астынан, ойдың буы шығатын көмулі жатқан ақыл қазынасы ойпаттар мен оған көктің жібі-нұры түсетін есіктерінен іздеу керек. Сондықтан; «Құдай Патшалығын егіндік жерге көмілген (жерленген) қазынаға ұқсатуға болады. Соны тауып алған адам қазынаны қайтадан көміп тастап, қуанғаннан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, соған әлгі егіндікті сатып алады. Құдай Патшалығы мынаған ұқсайды: бір саудагер асыл інжу-маржан іздеп жүріп, аса құнды біреуін тауып алады. Сонда өзінде бардың бәрін түгел сатып, сол асыл інжуге ие болады.» (Матай, 13-тарау).  Демек құдай патшалығы жерге көмілген, елін жерін қорғауда қанын төккен, елдің елдігін сақтауда қызмет еткен, жерге көміліп уақыттар өтіп  ұмыт қалған, кейіннен белгісін беріп, нұрын шашып жатқан әулие, батыр ата-бабаларымызда және тау тастың арасынан тесіп шығып жатқан жарықтық сипаттағы бұлақтарымызда екен. Оған ақтық байлап, «құран оқып, маталыңдар, бауралыңдар!» деп ескерткен қазақтық  ғұрпымыз, дәстүріміз өзгемен де қуанышын бөлісу тарихи, шежірелік әдетіміздің болғаны да хақ. Ал  Мұхаммед пайғамбарымызға құран келгеннен кейін, ата-бабаларымызға табынып, сыйыну ғұрпымызға, құранды арапша оқып, жалбарыну намазын қосып, ендігі әдет-ғұрпымыз намаздарды орындау болып саналады да, оны Алла жолында мал-жаныңмен соғысып, жер бетін кезу, дін сөзімен Алла жолында жорық, жорту деп атайды. Бірақ бұл амалдардың өзін әрбір пендесіне берілген ауру, азап, сынақтармен, түрлі дарындылық қабілеттерімен, қосымша несібе, нығмет іздеумен байланысты болғандықтан, адам баласы қандай амалдарды алдымен орындап, қаншалықты жүктелу керек екенін меңгеруге, өздігімен жол тауып шығуы мүмкін емес. Бұл жолдарды білетін жетекшілердің ізіне ерумен бірге, өз жобасын үнемі тылсымнан белгілермен көрсетіп отыратын, рухани әке болып жетекке алатын әулие-пірін табу керек. «…қуанғаннан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, соған әлгі егіндікті сатып алады»  деген Інжіл насихатын аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла тағала оны толық біледі» (3-92) Ата жолының осы рухани егіндікті құран аяттарымен суарып және әрбір пенде өзінің «інісі мен ағасын» іздеп, ел кезіп «аса құнды біреуін тауып алады» өзінің жанының негізін, пірін тауып және асыл, інжуін болашақ өмірге келетін ұрпағын іздеудегі басталған керуен жолын «жын-шайтаннан» және «маркетинг» халықты тонап жатыр деген пәтуаларының артында не тұр дейсіз. Яғни Құдай халықтың зияратқа, Алланың жолына нәпсімен соғысқа шығып, мал, ақша жұмсағанын білмейді, тек мешіттерге ғана берілу керек, Құдайдың нұры тек мешітте болады деген азғындық саясатпен, төмендегі аятқа және тұтас сүреге де ортақ қосып, халықты қабірдегілерден жиіркендіріп, түңілдіріп; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Бұл аяттың үкімі де қазақ елінде орындалып, Абай атамыздың; «Қызылбастан келген намаз, имансыздыққа бастар жол» деген әулиелігі толық көрінісін бергенінен еліміздегі қазіргі таңдағы ел билігінің заңмен қалыптастырған дін ахуалы толық дәлел бола алады. Бұндай ізгіліктерді тек құдай патшалығына енумен ғана нәтижесін беріп, жаратқанның хикметті белгілерін алып, дәлелдеріне түсірген аян-аяттарына иман келтіру арқылы орындалатынын да жадыңызға тоқып алғаныңыз абзал болар еді.

 

Ғибратты әңгіме хикметтің көрінуі туралы.

 

      Сократ Аристодим шәкіртіне; -Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты?-деді. Аристодим; -Толып жатыр, хазірет. Сократ;-Бірінің атын аташы,-дейді. Ол;-Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түспектік, Зевсиске суретшілігі себепті таңырқаймын,-деп соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері  әшкере болған жандарды айтты. Сократ; -Олай болса, кім артықша ғажайыптануға, таңқалуға (табынуға) лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды (өнер адамдарын) жаратушы ма?-дейді. Аристодим; —Соңғысы лайықты,-дейді,-бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, солай болып кетпей (оқып, біліп, біреулерден үйренбей) басынан біліп (қасиет, қабілет беріліп) істеген хикметімен болса,-дейді. Сократ;-Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, біреуінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің?-деді. Ол;-Әрине әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін,-дейді. Осыдан кейін Сократ ғұлама шәкіртіне адам денесіндегі мүшелердің қалай орналасып, бәрі бір өзіндік құпия пайда келтіріп тұрғанын және адам баласын жаратқанда құмнан, судан жаратып, сол көрінбейтін пайдадан жаратылған адамның қандай ғажаптарға ие болатынын дәлелдеп, хикмет деген құпия көрінбейтін, жасырын пайда келтіретін көркем заңдылыққа бағындырып жаратқан пайдаларды адам ақылымен білу екенін түсіндіреді. Аристодим; — Рас, сендім, бұл айтқаныңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екені мәлім, түсінікті болды. Ол құдайдың ұлықтығына қарсылығым, таласым жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?-дейді. Сократ; -Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек емес пе?-деді. Аристодим айтты; -Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білемін?-деді. Сократ хазірет әрі қарай жалғастырып, оның адам баласы жан –жағындағы жанды хайуанаттармен, жаратылыс иелерімен салыстырып, ақылмен өлшеп білуге, адам баласының өзін қалай артық жаратқан хикметін сезіп, сонан кейін адам баласын бастан құлшылық қылу үшін жаратқанын білу керектігін түсіндіреді. Бірақ жаратушы иеміз адам баласының білімі жетіліп, толған сайын, жаратылыстың құпия сырын меңгеріп, табиғи жаратылыс күштерін өзіне білім арқылы бағындырумен, жаратылыс әлем күштерін бағындырып, үстемдік алған сайын тәкаппарланып, өзін бәрінің егесі ретінде сезініп, наданданып зұлымдыққа ұшырайтынын ескерген. Сондықтан да біліміміз артқан сайын  кітаптарын бірінен-бірін артық қылып түсіріп және ардақты достары арқылы сол хикметін қалай көріп білуге арналған намаздарын үйретіп отыруын Раббымыздың құдіретті қолы-аруақтар болып көрінісін береді. Және жаратушымыздың хикметін, біздерге қандай қамқор екенін үнемі біліп, көріп, қандай құлшылық істерді ұмыт қалдырғанын үнемі ескертіп  отыру үшін, сонымен бірге ілімде құпия болған білімді жетілдіріп отыру үшін бес уақыт намаз оқуды, барлық намаздарға апаратын есігін парыз қылып бұйырыпты. Бірақ осы істерді орындауда жаңылысып адаспау үшін, өз арамыздан даналар, ғұламалар, әулие-әмбилерді жаратып, өзінің халифалық сипатын, осындай құлдары, достарымен көрсетіп, соларды ұстаз тұтуға бұйырғанын жалпы адамзатқа жұмбақ екені де даусыз. Мұсылманның намаз оқуы дегеніміздің өзі, нәтижесінде Алла тағаламен тілдесіп, яғни достары болған әулиелер арқылы хабар алу арқылы, яғни жаратушымыздың хикметін, ұлықтығын көріп білуге, көрсеткен тылсым сырының хикметтерін ажыратып оқуға арналған, және үлкендікті, естілікті меңгеруге ақылы толған пенделеріне ғана арналған сабақ деп түсінгеніміз абзал. Сократ хаким жаратқаның хикметіне табынып және оған қалай құлшылық жасап, рахметіңді білдіру үшін әрбір пендесіне оны көрсетіп, білдіріп тұратын ұстаз керек екенін де ескертеді. Ал енді біздің масһабтық дін ғалымдарымыз: «Адам-әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор тауқыметті сол санадан (иманнан, құдай патшалығының елшісінен, аруақтан?) көреді. Өйткені, санасы өзін қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ жауап бере алмайтын Әлемдегі әркімнің өз қызметі, мақсаты бар. Бәрінің мақсаты адамға қызмет ету…Ол саналы бола тұрып, жақсы мен жаманды айыра алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман. Жанның ең қатты қинағаны, ақыл иесі бола тұра қауқарсыз, әлжуаздығы… Адам баласының хал-күйі осындай…Адам баласы қашанда дінге зәру. Осы иләһи хабардан қалып қойған әрбір адам жаратылыстағы осы бір қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен толтырады…» (Ислам Ғалымхалы 12-бет).

      Масһаб дін ғалымдары да діннің негізі құдайлық хабарлардың көрініп білінумен басталып, сол хабарды жеткізуші Ұлы жаратушының өзі, ал «өзін», сөзін яғни рухтар арқылы танымай, құр біліммен (фиқһпен) дінді іздеген адам баласы түрлі топтарға түсіп адасып кететінін ескертеді. Сондықтан бұл дін ғалымдарына «иләһи»-шындықтың, хикметті хабардың, аруақ арқылы болуын мойындағандықтан осы пәтуасын, діни философиясының, барлық киелі кітаптар ұстанымын және інжіл құндылықтарын растап, пәтуа бергеніне тек рахмет деуге тұрарлық. Бірақ ғалымдыққа, ақыл-ойдың жетістігіне де лайық емес, құр түйсікке жынның салғанына мойынсұнып, адам баласының санасының қайда тұрып, қандай болмыста болып, адам баласына қандай жағдайда сұрақ қойып мазалайтынын және ол Жаратқаннан «басқа» ма әлде «Өзі» яғни бейнеленген «Сөзі» ме,  қандай жағдайда «илаһи»-шын болатыны да түсініксіз және әрі қарай осындай дұрыс пәтуа арқылы адам ақыл-ойын дайындап алумен, енді өздерінің қалыптасқан әдеттері бойынша «фиқһ» білімдерінің тұзағына түсіруге ақылыңды айдай бастайды. «Адам баласы Ұлы Жаратушыға бас игенде ғана пұт атаулыдан ада болып азаттыққа жетеді. Иман еткен(?) адам бодандықтан құтылып, бостандыққа жетуінің сыры осында жатыр. Өйткені Аллаһ (?-шүкір) Тағала-имандының досы. Әлемнің Ұлы иесімен дос болған адам кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары шүбәсіз ғой. ..Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?) (иманды егу). Рухы сонда ғана жай тауып, арнасымен ағады. (Су сияқты) Иман-Аллаһ (?) Тағалаға ғибадат. Рух ғибадатқа кіріптар. Ол-оның дара азығы. Адам өмірі күрес… Құранда былай дейді: «Бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ханиф дініне қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуынан өзгеріс болмайды. Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді.» (Рум 30/30)  деген аятты мысалға алып, «Иманды етуге» яғни әйтеуір бір қимылдармен қолдан жасауға болатынын және рухтың, яғни Алланың әлі бейнеленбеген сөзінің қандай сипаты, біздердің амалымыз яғни ғибадатқа кіріптар болатынын толық түсіндірмепті. Демек кіріптар болу дегеніміз бала әке-шешесіне қандай жағдайда да кіріптар, өйткені Раббымыз баладан әке-шешені емес, керісінше, олардың жинаған иман жолдасынан, кітаптарынан, аруақтарынан ғана баланы жаратады. Ал атақты масһабтық дін ғалымымыз ғибадаттан (амалдан) рухтың (сөздің) жаралатынын ескертеді.  Негізінде біздің өмірге де келмей тұрғанда жаратылған, пайда болған және зұлымдыққа түскен, қара күшке бейнелеген рухтар сенің ешқандай ғибадатыңды да, оқыған намазыңа да қарамайтынын, тек Раббымыздың алды-артымыздан қойған күзетшілердің жағдайына ғана тәуелді түрде ғана пенденің сәл қателігін аңдып кіруге тырысатынын масһаб ғалымдарымыз інжілді білмейтінін былай қойғанда, аяттарының астарлы ғылым, білімін құраннан оқымағаны көрініп тұр. Керісінше, адам баласы рухтан келетін қуаттарды өлшеп, тазартып алуға кіріптар болып, ғибадатымыз да сол мақсатта болуын інжіл өсиеттері ескертеді. Сонымен, осындай «быды-быды» теңеулермен  әрі қарай табиғиндардан тәлім алған Имам Ағзам әбу Ханифа дінді меңгеруінен көптеген мысалдармен, дәлелдермен, масһабтың білімі ғана жетілген, ислам дінінің тура жолы деп көрсетіп, ендігі ислам әлемінің пайғамбары және Алланың барлық достарының орнына тек Имам Ағзамды ғана ұстаз етіп алуды және табынуды астарлап ұсына отыра: «..Бұл дүние мен ақырет үшін жұмсап, келер ұрпаққа өшпес жол қалдырды. Абайдың «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдыршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!» дегені де осындай дара тұлғалар болғандығы сөзсіз.» (И.Ғ. 23-бет) деп әулие атамызды өз өтіріктеріне куәлікке тартады. Демек Абай атамыз да Ханафи масһабын мойындаған, табынып ұстанған және Ясауи бабамызды пір тұтпаған, керісінше Имам Ағзам әулиені ұстаз деп пәтуа берген деген пікірді тықпалайды. Абай атамыздың еңбегін толық оқымай, немесе оқыса да гүл тере алмағаны айқын көрініп тұрғаны хақ. «Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес сен білсең, Білгеніңнің бәрі тұл. Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Диуани, Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.»

      Міне Абай атамыз кімнен үйреніп, кімге табынып, жетілгенін ашық көрсетіп және бұл білімнің де жасқа, кемелдікке келуге тәуелді екенін қатаң ескертеді. Және діни ғалымдарымыздың тек Әбу Ханифа әулие ғана «өшпес жол қалдырды..» деген пікіріне Абай атамыз; «Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, мінәжәт уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы… Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерін өлең қыпты жоқтан қармап..»  деп сөз қадірін дінші түгіл ақын, билердің өзі жоғалтып алғанын, тек сыртын түзеп кеткенін ескерте отырып;  «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Сендерге де келейін енді аяңдап», «Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі.. Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. ..Бірінен-бірі бөлек пе Иемнің әділ пендесі?» барлық әулиелерді бір-бірінен ерекшелемей, әділдігінен артына қалдырған еңбегі мен сөзіне қарап бағалауды ескертеді. Сондықтан исламдық жолдың негізін қалаушы емес, барлық діндерді  және жаратылыс басынан бері бар мұсылмандық жолдарды жалғап, исламдық дінге бірлеуші Мұхаммед пайғамбарымыз болып, қалған әулиелер сол жолды жалғастырушы болып, тек қалдырған ілім-ғылым құндылықтарымен ғана өз орнымын бағалану да дін шартынан лайық болар.  Ал сөз, тәпсір туралы атамыз; «өзге елдің сөзін тасығанша мына менен жүрегіңді тазартып барып сөз үйрен» деп те ескерткен. Және ғасырлар бұрын, болашақта  өзге сөзіне табынып, намаздарын алып, бөтен елдің рухының көшін қамдап кететін діншілерімізге алдын-ала жауап беріп; «Сәулең (жүрек көзің) болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел….Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол, Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?.. Берекесі кеткен ел-Суы ашыған батпақ көл… Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып, Ақжем болма, жаным, кел!».  Атамыз діннің нәтижесі де елдің тыныштығымен өлшеніп, сондықтан елді тыныштыққа шақыратын рас сөз, шындық, уахи, бата қайда, әуелі соны ізде, және тарихыңда діннің, еліңнің амандағы, жеріңнің де берекесі қай уақытта орнаған шежіреңді зертте деп: «..Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл-Ғұламаһи Диуани, солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл.» Әуелі жастық, мастықтың қызығынан өтіп, сөз түсінетіндей кемелден, көкірегіңе иман зейнетін, сәулесін алып барып, рас сөзді танисың. Ал менің дінді, сөзді қайдан алғанымды білгің келсе Ясауи бабамыздың хикметтерін оқы! Әулиелігіне, жұрттың мақтағанына, кісілігіне қарап сөзін алма, сөзіне қарап кісілігін, әулиелігін танып табын деп ұстазды қайдан іздеуді ескерткенде; «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?» деген өсиетін осылай түсіндірген. Ал Ясауи бабамыздың өсиетін алған, сөзін түсінген қазақ баласына; Мұхаммед пайғамбарымызбен бірге көптеген пайғамбарларды пір тұтып, сөзін ал деп ескерткенін білер еді. Енді жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың өздері тура аударып, мысалға келтірген (Рұм;30-30) аяттың жағдайына келсек, яғни Халифа Алтай аудармасының сөзімен салыстырсақ: «Мұхаммед бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп –тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.» (30-30) Ал енді атақты ислам білімімен кемелденген, ел басшыларының да мойындаған дін ғалымдарымыздың;  «Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?)», «Рух ғибадатқа кіріптар. Ол-оның дара азығы», ««Бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ханиф дініне қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуынан өзгеріс болмайды. Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді.» (Рум 30/30) Сонымен аударма ғылымының өзі қандай адасушылыққа апарып соқтыратынын, тіл білімін, сөз астарын жасынан жетік меңгерген қазақ баласы ғана бұл бір ғана аяттың аудармасын өзара салыстыру арқылы ғана қазақ еліне келген қасіреттің, дін надандығының себебін айқын түсінері хақ. Ал енді ғалымдық ақыл-ойдың, тәпсірлік діл білімінің нәтижесін;  «иманды адам өзіне келтіру үшін ғибадат жасамайды, керісінше рухты яғни жаратқанның Жәбірейіл періштесін ашықтырмау үшін ғибадат жасап және иманды жаратушыға ету-егу керек екен. Жаратушымыз олай болса біздерден «етілетін» иманға зәру болып шығады.» Дін ғалымымыздың бұл берген пәтуасынан не түсініп, қандай логикалық, (сәуегейлік) ділдік даналық гүл тердіңіз?  Ал мен үшін; Астапыралла, құдай өзің сақта, осындай ақылыңды аздыратын сөздерден! дегеннен басқа амалым да жоқ. Енді, діннің мақсаты да адамдар ойын бір ұғымға, бір ақылға, сөзге келтіру болса, ал муфтияттық ғалымдарымыз жаратылыстан бастап Ханафи Ағзам діні бар деп түсіндіреді. Олай болса көк тәңіріне табыну да, тәурат, інжіл, зәбур де тек Ханафи масһабынан тарайтын болып шығады. Өйткені; «Алланың жаратуында ешқандай өзгеріс болмайды.» Ал, енді сан ғылымына құранның негізгі насихатына жүгінсек, 30 санымен берілген аяттар мен бұл санды сүре иман келтірудің негізі, насихаты және ғылымы болып табылады. Пайғамбарымыздың: Иман негізінен 60 бұтақ (аят), немесе 70 бұтақтан  (70-аят-сан) тұрады және ұят иманның жартысы дегенді ескерсек, Рұм сүресі 60 аяттан тұратын құран ішінде бұл сан, енді қайталанбайтын болғандықтан, бірінші дәрежелі 60 бұтақты иманның ағашының көрсеткіші осы деп түсінгеніміз абзал. Ал бұл, отызыншы аяттың жаратылыстан тура дін болып, жүзді ислам дініне жөнелтуді Абай атамыз 30-шы қара сөзінде «ҰЯТ» деп атапты. «Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын «қырт» мақтан деген бір мақтан бар, сол не керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ…Ай Құдай–ай! Жанға мырзалық қылатұғын, ердің жадағайд-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтін жомарттығы-әр түрлі белгісі бойынша тұрмас па еді? «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы.» Және атамыз; 13 түрлі адамдық қасиеттерден тұратын белгіні, санап тұрып көрсетіп, иман келтіру, ислам дініне жүзіңді жөнелту дегеніміз осылардан тұрады деп, «Ұлыңды ұрымға (рұм сүресін меңгеруге), қызыңды «Қыр артылмайтын қырт мақтаннан сақтап» «Қырық үйден тыйым салып» қырымға қондыр (40-шы сүре «ғыфыр») деген аталарымыздың мақалы осыны ескертеді. Онда иманның (30+40) 70 бұтағына тек әйел затының тақуалығы арқылы бірге жетесің дегенді білдіреді. Сондықтан да осы сүрелер ішіндегі аяттардың жиынтығы да 60+85=145 санымен Абай атамыздың 45-сөзін және өлеңдер жинағынан, 145 өсиеттен; «-Сырмақ қып астынан Байының тоқымын, Отының басына Төрінің қоқымын Бүксітіп, Бықсытып Қоқсытып кетірді…Келді, ойбай, Салды айғай, Түк қоймай боқтады..» деген 145 санды жұбайлық өмірдің екінші жағы да бар екенін астарлап түсіндіріп өтіпті.  Сонымен сандар тағлымынан (теологиясына) жүгінетін болсақ; Жалпы құран сүресі тек араптардың басына келген, бұрынғы адамзат басына келген оқиғалардың қайталануын ғана баяндап қоймайды да, бұл оқиғалардың бәрі адамзатқа қиямет-қайымға дейін жалғасып, дәуірлердің қайталанатынын ескерткен «.. сынақтарды, уақиғаларды араларыңда жаңбыр сияқты айналдырамын» деп ескерткен аяттарда. Ал, Рұм сүресінің сызықтық белгісі де жоғары қараған сызықтық бұрышты көрсетіп, оның мәні адам баласының рухының бір жағдайдан екінші жағдайға өтуімен, және бұл жағдайдың сегіз бөліктен тұратынын Астана қаласындағы дін муфтияттарының ғалымдарының қарсы болып үкіметке хат жолдап; «Еврейлер белгісі астанада неге тұр» деген дау көтерген «Звезда Давида» деген Құл Тегін бабамыздан қалған, рухани кемелденудің, ғаршылық қуаттың белгісінен оқуға болады. Рұм сүресінің түсуінен кейін кәпір аталса да, мүшкірік діншінің Әбубәкір сахабамызбен шартқа отырып, 9 жылда ислам дінінің жеңіске жетуін ескерткен пайғамбарымыздың көріпкелдік қасиетімен және 100 түйені, егер өзі соғыста өлсе, баласына мұсылмандар жеңіске жеткен жағдайда беруді аманаттаған уәдеде тұру мәрттік, жомарттық адамдық парыздармен, қиямет-қайымға дейінгі иман келтіруге негізделген сынақтар мен дін қағидасын насихаттайды. Ата жолының 9 жылдық сынағы да осы сүренің ғылымына рухани сүннеттелуге негізделген.

      Алдағы басылымдарда нақты хикметті істер арқылы мысалдар келтіреміз. «Жамантайдың баласы Көжек деген, Әркімге өсек тасып безектеген. Досын келіп досына жамандайды, Шіркінде ес болсайшы сезед деген.» деген Абай атамыздың 30 санымен белгілеген қысқа ғана өлеңнің астары «қоян жүрек» деген астарлы ұғыммен сананың сезімге тәуелді болып, естілікті қалыптастыру дұрыс сөзді, көркем мінезді меңгеру арқылы ғана иман жүрекке «көжек сезім» болып енеді деп ескертеді.  Және де атамыз 60-шы өлеңмен иманның алғашқы шартын түсіндіріп, сынақтарды жеңіп, жардың ісіне мойын ұсыну деп түсіндірсе, ал 70 бұтақты иман қуатының; «…Мен бұрылып түзеле алман, Қайтсін дедің сорлыңды.. Атам, анам-қара жер, Сен аша бер қойныңды. Сенен басқа еш жерден таба алмадым орнымды..» деген астарлы өсиетпен ата-баба және жер ананың рухынан жалғанумен ғана нәтижесін беретінін ескерткен. Ал, Шәкәрім атамыз бұл тақырыпты жан сыры ғылымын жетілдіріп, тереңнен талдап көрсеткен: «Анамнан алғаш туғанда, Жыладым неге дыбыстап. Кіндік кесіп қинағанда Анамнан кетім алыстап… Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүтті сорғанда. Кіш-кішке неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда?… Туғанда кейіп, жыладым мен, Сездім бе өмір сырларын? Өмірді сүйіп, ұнадым мен. Білдім бе мұндай қырларын… Жылылық жарық нұрын беріп, Сездірген ағам-Күн шебер. Балына қосып уын беріп, Өсірген анам-қара Жер…Табылмас анық азат адам, Жаралыс билер заманды. Көрсетер мұқтаж, азап саған. Тартқызар өмір жазаңды… Еңбекке шыда ебін тап та, «Сабырдың түбі-сары алтын», Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі-өз халқың. Ынсап пен мейірім әділетті, Жаныңдай көріп, жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та. Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма? Патса боп қанша тұрсаң-дағы Бір күні ол дәурен солмай ма?». Бұл имандылық шартынан келтірген үзіндіден, иманға тек себептік қозғалыстардың өз иелері яғни әулиелер аруағы ғана қожа болып, әрбір пенде өз қожасын, Алланың досын, атын, көркем есімін танып білу шарт. Бірақ бұл қожалық та екі сипатта болып, зұлымдық пен ізгіліктен тұрып қайсысы таңдауда адамзатты ерікті қылып жаратқанын да ұмытпаған жөн. Енді жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың; «. Өйткені Аллаһ (?) Тағала-имандының досы. Әлемнің Ұлы иесімен дос болған адам кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезім басары шүбәсіз ғой. ..Пенденің рухани байлығы-Ұлы жаратушыға иман ету.(?) (иманды егу).» деген пәтуасын, Аланың өзі яғни адам баласымен достығының белгісін, хикметін; Аятта; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11) Бұл аятпен барлық масһаб діншілерінің халықты азғырып «жын-шайтан» немесе Алладан басқа деп, ата жолының өз қауымын түзетуге, күзетшілерімен, аруақтарымен жалғануға арналған намаз орындауларын теріске алған дін ғалымдарының Аллаға ортақ қосып, кәпірге айналғанын да ескертеді. Және Абай атамыздың да ескерткен 13 себебімен және Алланың өзі дегеніміз өзі әмірі, себебі екенін де білдіреді де; «Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді.» деген үкіммен Алланың «ӨЗІ» дегеніміз 11;13 немесе 23 сандық мәндерден тұратын қауымдық жаратылыс себебін, адам жанының негіздерін ескертеді. Шәкәрім атамыздың осы қауымның тазалығына байланысты да;  Және бұндай адам баласына тағайындалған, Алланың өзінен болған, серіктері  иман жолдасының қалай жойылатынын; «Біреу сені мақтаса, қуанасың, Жамандаса, жабырқап, суаласың. Мақтаған кім, сөккен кім-онда ісің жоқ. Бәрібір сенде елірме дуанасың…Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, Дұспан мақтар елірте бермек үшін. Есептемей есірік елін мақтар, Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін. Бұл үш мақтау берер ме саған пайда, Мақтаулыны білерлік адам қайда? Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік Жол тап-тағы ақылды солай айда… Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы, Мін болмайды наданның қорламағы. Білімділер сөгерлік ісің болса, Жоғалта бер айласын, ойла-дағы. Тауып айтқан талассыз мақтау, боқтау. Жақсы іске ындын, зиянға салар тоқтау. Көп наданның сөзімен құйқылжытсаң, Сен де жынды боласың есі жоқтау.».

       Қазіргі иманды атанған қазақтың зиялы қауымы мен дін ғалымдарының көбінің үш түрлі мақтанға негізделген шығармашылықтары мен дінді теріске алған ессіз жындылықтарын Шәкәрім атамыз дәл көрсетіп және жолын да көрсетіп; «Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай мадеген ескертуі де осы аяттың тәпсірі болып табылады. Сондықтан әулие бабаларымыз Өзіңнен ілгерілерден, әулие-әмбилерден үлгі алып, шәкірті болып жобаңды тапсаң ғана естілердің қатарына қосылып, иман келтіре аласың деп ескертеді.

Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.kz/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *