Аруақтық соғыс басталған…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 33

Ар-ұятсыз ел болған,

Жан өліп, тән шөл болған.

Арманы ұлттың жобасы,

Байлығын дүние қолға алған.

Надандар ел басқарған,

Қалтаның қамы ойланған.

Жезөкшелік салт болып,

Ұлтының ділін аздырған.

Көз ашпаймыз мақтаннан,

Орта топтан дін алған.

Сана түгіл жетесіз,

Білімді ақыл қылғаннан.

Жапарқұл есек басқарған,

Үш тілді ғылым атаған.

Арқалатып алтынды,

Елге тұлға кім қылған?

Артық емес хайуаннан,

Ішіп-жемге байланған.

Тоз-тоз қылған қазақты,

Екі күнін тартып алғаннан.

Үкім берді Бір Аллаң,

Аруақтарға жол алған.

Қияметтік соғыс басталды,

Арсыздығың болар сұралған!

(Наурыз 2017 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *