Ақиқаттың ауылы қайда десең

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 67

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Бұл бір өмірдің жұмағы ма?

Бар жауап мұндай сауалдарға?

Іздеген көп ақиқаттың ауылдарын,

Тыныш өмір тірліктің ұжмағында.

 

Ақиқаттың аулының сипаты бар,

Ол елде жоқ алаяқ арамзалар.

Адамдар сүйген бәрін бауырым деп,

Туыс екен барлығы ағайындар.

 

Арсыздық жалғыз түйір табылмайды,

Жалаңаш, ұятсыздар көшеге шыға алмайды.

Ақиқаттың жазасы бар екен қатал,

Зинақор, арсыздықты аямайды.

 

Өсектер ешқандай да айтылмайды,

Күндестік сөздер де еш тыңдалмайды.

Тәртібін түзейтін түрме де жоқ,

Үй түгіл қоймаға да құлып салынбайды.

 

Жесірде де кәрі қызда аты өшкен,

Қызғаныш орын таппай көшіп кеткен.

Әйелдер ерлерін пір деп сыйлап,

Ежелгі дәстүр-салтын ұстайды екен.

 

Қызғанбайды нәзіктері күндемейтін,

Әйел халқы бірін-бірі аяп мүсіркейтін.

Өздері іздеп тауып жесір, бойдақтарын,

Текті ел екен басын әйел бос жүргізбейтін.

 

Жастарын шомылдырған шындық өзеніне,

Ақ көңілден ақиқат көлі бар елдерінде.

Шындықтан жеміс жеген жастары да,

Шыныққан тегі шынмен түгел ерлері де.

 

Мәңгілік ақиқаттың елін көріп,

Мазам кетті өз аулыма қайтып келіп.

Ақиқаттың аулынан жер сұраймын,

Ал елім көшейік сонда жөнін біліп.

(ақпан 20104 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *