Білім, ақыл және қырт

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 64

Білімді заман әлемде,
Өнердің кілті білімде.
Темірді құдай жұмсайтын,
Адамзат ісі өнерде.

Білімнен ақыл қалыс тұр,
Сөзің де ойдан қашық тұр.
Ақылмен сөзді айтудан,
Сөз арық, тілің азып тұр.

Сөздің атасы арап деп,
Қазақ надан болдық деп.
Атау сөзді ой салған,
Білімге алдық лайық деп.

Сөзге өрнек ой салған,
Нақылын алмай данадан.
Біліммен жинап ақылды,
Тажалдар шықты арадан.

Қолайлы қысқа ақылға,
Қызың мен арсыз қатынға.
Тілі ұзарып, ой шолақ,
Ақылың қалып артыңда.

Кітабын артқа тастаған,
Кітаптан ақыл алмаған.
Ұлт болдық ақыл қысқарған,
Жындылық әдет араптан.

Елді бұзған молдалар,
Азғын болды ғалымдар.
Екі күн өліп ұлтыңда,
Жан рухың бойға алар.

Дін дәстүрге надандар,
Пайғамбарлық жасы бар
Болжаған ел тағдырын,
Ой жорумен тажалдар.

Ашкөз өңкей ынсапсыз,
Көңілі азған жарықсыз.
Тәңір қылып билікті,
Құдайсыз ұлт құрмақпыз.

Құдайсыз қурай сынбайтын,
Дәстүрін баба сыйлайтын
Ұмытсаң шайтан тажалсың,
Тозаққа түбі құлайтын.
(Сәуір 2014)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *