Бүгінгі қазақ әлдиің

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 58

 Бақытты болу арманың,

Ақталсаң текке жалғандың.

Әлдилеп бата беретін,

Дәстүрің тектік қазағым.

«Әлдиіне» әлем жалғандың,

Арсыздық салтын алғаның.

Дүние мен байлық арманың,

Шоқынып заңға қазағым.

Әлди-ау, әлди жолдауым,

Дүниенің ісі- ар, малың.

Қалайда отыз елдердің,

Қатарына билік қосармын.

Жолмен де жүрмей жолсызбен,

Ит пен ешкі қосқаның,

Ар, ұждан, ұят не керек?

Қыздырсаң дүние базарын.

Әлди-ау, әлди қазағым,

Ақыл мен білім алғаның.

Жаның мен ойды қоса алмай,

Дәстүріңді артқа тастадың.

Әлдимен дүние малдандың,

Бай қазақ болмақ арманың.

Жын-ойнақ, қызық қуғаның,

Тірі өлік, ойсыз надансың.

Қыздыр деп дүние базарын,

Ел басшы айтты жолдауын.

Әлдилеп енді қосшылар,

Тәңірдей қылар мақтанын.

Әлдиін тыңдап қазағым,

Әлемнен білім жинадың.

Жан өлі жоқ ұжданың,

Ақылын алмас ояудың.

Көгінен түсіп жерден алғанын,

Бізден деп бай сен болғаның.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Алла ісіне ортақ қосқаның!

Әлди-ау, әлди қазағым,

Аманаты еді бабалар алғаның.

Ақталмай мирас, уәделер,

Естімей құдай жол-жобасын.

Әлдиің бүгін жолдауың,

Ой жорып алмай қалауын.

Құдайға қарсы ақылың,

Теріс ойы еніп тажалдың.

Әлдиің ар мен ұжданың,

Әлемге жарық қосатын.

Ұлт болу ата жолымен,

Ақ батасын алып ата-ананың!

****  ****

(Желтоқсан айы. 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *