Жамандық кімнің арқасы?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 37

Бөліндік деп кеңестен,

Он бес елдік тіркестен.

Қазақстан аталып,

Мемлекетпіз елі бөлектен.

Шаруасы түгел күйзелген,

Өттік деп бұл кезеңнен.

Нұрсұлтан өзі басқарып,

Дүниемен байлық түзелген.

Егемен ел деп атадық,

Ел басшысын мақтадық.

Бәрі соның арқасы,

Жақсының бәрін алғандық.

Ар-ұятты тастадық,

Арсыздықпен жындандық.

Дәстүрін ата қудалап,

Ата жолын соттатық.

Ал бұл кімнің арқасы,

Елдің жаны азғаны?

Ел басы емес десеңіз,

Тәңір онда болғаны.

Жақсылық құдай қалауы,

Жамандық тағдыр санауы.

Жаман қылмас құдайым,

Жаратылыстың бұл заңдары.

Болмаса тәңір ел басшы,

Жамандық қайдан шықпақшы.

Дәстүрін алмай  тәуелсіз,

Болама ел ойлашы?

Ел биліктің арқасы,

Көбейгені тастанды.

Шетелге сатып жетімді,

Кімдердің бұл арқасы?

Қалтасында болса ақшасы,

Ұлт нәсілінің бақшасы.

Жер анаңды сатырған,

Қарсы болсаң сотатты.

Жетесі мен санасы,

Дін масһабта болмады.

Жоғалқан екі күніңді

Ал бұл кімнің арқасы?

Ділден қуат болмасы,

Үш тілмен қазақ оңбасы

Алтауыз араз ел қылмақ,

Кімнің дейміз арқасы?

Әулие-әмби батасы,

Тыңдалмай аруақ назасы.

Жан ғылымын алдырмай,

Құдайдың түскен жазасы.

Кімдердің болмақ арқасы,

Жақсылық болса масһабы.

Қарсылықсыз кім құдай,

Өзгеден деген жаманды.

Тартылды енді таразы,

Жақсы мен жаман арасы

Айрылатын күн келді,

Қайда тұр салмақ қарашы?

Жаныңа үңіл қарашы,

Иманың бұл айнасы.

Ішіңде тұрса зұлымдық,

Жындысың нәсіл парасы!

(Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *