Жан өседі жаннан жарық болып

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 40

Жан жаннан өседі екен болып адам,

Адам деп жан жарығы еді аталған.

Адамдық нәзіктерден бастау алып,

Махаббат толық жан аты, бүтін болған.

Жетілген жанды атайды махаббат деп,

Екі қанат періште нәзіктен басталад деп.

Жан шырақ Мұхаммед деп аталатын,

Әлемдік жан пайғамбарлық мән болатын.

Әйел жаны сезімге жүрмек еріп,

Нәзіктердің бұл сырын кім елемек.

Сезіммен нәзіктер жарды сүймек,

Отқа да ұмтылады болып жан көбелек.

Әйел жүрек жан сипаты бейне қоян,

Ит аяқты, есек құлақ, түйе айдаған.

Кейде ысқырып бағады ешкіні де,

Қылығын болжай алар есті адам.

Жан деген жарықтардың жары деген,

Талай дана бұл негізді көп іздеген.

Жан жарынан кездесіп нұрын алған,

Ясауидең бабаңа бар, сәлем бергін.

Жанды өсіру тазартып дәстүрі ұлттың,

«Қызға қырық үйден тыйым» еді салтың.

Жесір мен кәрі қыздар бос жүргеннен,

Жан жоғалар өсе алмай майсыз ұрықтың.

Жан айналар шайтанға өсе алмаса,

Жансыз қалар қызың да бай алмаса.

Қыз деген өрісің деп бабаң неге айтқан,

Қатын азса бар ма амал ұлттың жоғалмасқа.

Пайғамбардан құпия жан сыры еді,

Құранды қанына аналар жазған еді.

Арап ұлты осындайдан мықты болды,

Қанша ғасыр ойлашы өнім берді.

Заттығың тәнің өлсе, адамдық өлмейді,

Жан айналып келеді, бас болып дөңгелейді.

Бас дегенің жаны ол ата мен аналардың,

Құдай саған басты қорғама деген бе еді?!

Аманатқа қиянат жасап, шашты жайып,

Анаңның жанын қорлаған бұл шайтандық.

Ерлерге аманат басыңды тазарт, ойланайық,

Төртеуіңді түгелдеп жанын атаң қайтарайық.

(қаңтар 2014 жыл)

***  **/*

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *