Мәңгүрттіктік пен  жындылық  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 43

Бөріксіз төбе тесілген,

Жындарын баста өсірген.

Еркектер көп қазақта

Тектігін ұлттың өшірген.

Бас қорғалмай кесірден,

Ақыл болмас жетілген.

Көріп, естіп, ойлауың,

Жындылық болар сөзіңнен.

Жаулықсыз ділін өшірген,

Қатын, қыз болар есі кем.

Үш байлығың ұлтыңнан,

Жоғалтып жанын өлтірген.

Етегің сана кесілген,

Бойдан жарық сенімнен.

Иманың шырақ сөнгенді

Қорғалмай дене кебінмен.

Бас жаралар есімнен,

Ақиреттен келіп төрінен.

Жынынан басты тазарту,

Ғисадай өтіп өлімнен.

Кебенек зейнет кимеген,

Тірі боп жанын көрмеген.

Түні мен күндіз ұқасаса,

Тіршілік тең өліммен.

Дәстүрін баба ұстанбай,

Санаң тұр ұлтта оянбай.

Үлкендік жоқ қазақта,

Надандыққа құл болды-ай!

Алғанмен білім жасынан,

Үлгі жоқ дәстүр, салтыңнан.

Екі естілер елді билеген,

Тәңір ғып заңға шоқынған!

(наурыз 2015 ж)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *