Сатқындық және опасыздық

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 70

Білімнің екі түрі түсірілген,

Жұбымен жаратылыс ілімінен.

Құдайдың сынағы әлемге ортақ,

Діл білімін ұлтымен негіздеген.

Тіл білімін рұқымен меңгерумен,

Білімнің барлық түрі өркендеген.

Европа елдері тіл ғылымнан,

Білімін меңгеруде озық жүрген.

Тіл білімі рұқтың сырын білген,

Алланың сөзі рұқ боп түсірілген.

Алла тағала сипаты періштелік,

Әлемнің жаны діл білімінен.

Ділдің білімі құранмен өркендеген,

Исламның ойшылдары жетік білген.

Қазақтың тарихында діл білімі,

Әлемде ең жоғары шекке жеткен.

Абайдың отыз сегізінші сөзін білген,

Діл білімнің дәстүрін түсіндірген.

Шәкәрімдей шәкірті жанның сырын,

Құлшылықпен рұқпен жүйелеген.

Сендерге жараттым деп сегіз түрден,

Жарықтың қасиетін бірлеу деген.

Сегіз кезең текеметін қазақ тектің,

Ою салып сегіз рет әрлендірген.

Кер таңбасы қиын ою, латын тілден,

Ібілістің жолы бар оңай деген.

Жетесіздер қуанып жүр мұны білген,

Ділі азған қазақтың нәсілінен.

Қиямет мезгілі боп үкім келген,

Діл мен тіл арасын бірлеу деген.

Талай ғасыр орысқа бодан болып,

Қазақтың тіл білімі өркендеген.

Рұқтан қуат орыстық нәсілменен,

Жалғанып талай ғасыр ұлт жетілген.

Құдайдың ғылымнан кереметі,

Кер жазуын европамен қайта берген.

Кер жазуы кирилица атын берген,

Орыстан нәсіл, тіл білімнен қуат енген.

Тоғыз үнді қазаққа сыйға беріп,

Құдайдың бұл ғылымы кереметтен.

Тоғызыншы үнін толық қазақ меңгермеген,

Кер таңбасы толық әлі жетілмеген.

Жындылар сатқындықты әдет қылған,

Болашақты біліммен жүр, білдім деген.

Сананы жүрекпен, етектен іздемеген,

Ел басқарды опасыздар дінсіз деген.

Ғылымды білім атап, ділін тастап,

Артынан отыз елдің еріп жүрген.

Қазақтың тегін сынмен жетілдірген,

Ұлтының ішінен шығарып жауын берген.

Алты ауыз араздықты тарататын.

Опасыздық, сатқындықты кекшілдікпен.

Талай ғасыр таңбамен рұқ үні келген,

Аруақ болып тағдыры ұлттың өлілермен.

Іші орыс, сырты қазақ ендігі көптің,

Орыс көп қазақтың нәсілімен іште жүрген.

Ібілістің жобасы еді діл бүлдірген,

Тіл білімнің киесін өзгерттірген.

Өзінің білімді ұрпақтарын дайындайды,

Қарсы қойып таңба үнін өсіруден.

Сұрау жоқ ризалығын өлілерден,

Тәңір болмақ білімділер ел билеген.

Көрші хақы, тәңір хақы деген сөзді,

Ұмыттырмақ таңба алып өзге елден.

Орыстан артық  ағылшын жұрты деген,

Біліммен соғыс өнерін меңгеруден.

Тіл білімнің дәрежесі қару жасау,

Бұл ойды надандар ғой ескермеген.

Діл білімінің дәрежесі жете, сана өсірген,

Қазақтан басқа ел жоқ мұны білген.

Іштен шыққан жау жаман деген атаң,

Бүлінген елдерден бүлдіргіні алып жүрген.

Ғылымды боламыз деп үш тілменен,

Ар, ұятты, ұжданды нұрын берген.

Ақылы қазақ, қайраты орыс,

Жүрегін кімге сатпақ латынменен.

Сананы жүректе деп ескермеген,

Ел басы Абайларын зерттемеген.

Мал табарлық қасиетін тәңір қылып,

Құдайды түзетуге жолдау берген.

Арсыздық қазақтан әлі шешілмеген,

Қара шекпен білімділер есек деген.

Орыстан кек алуға қуанып жүр,

Құдайдың лағнетімен  жүктелумен.

Перғауынның тағдыры қайта келген,

Мұсаның қауымына өшіктірген.

Қазақта перғауындық нәсіл шығып,

Мұндай басшы ісіне риза кекшілдікпен!

Аруақтар тұр опасыздықты кешірмеген,

Қазақтың ұрпақтарын бос есірген.

Қияметтің азабымен нәсілді ауыстырар,

Қай ұлтты тіршілікте жақсы көрсең.

Мәуліт айы арына қазақ сынын берген,

Арсыз кім, жетеден кімде белгі жүрген.

Танып ал жоғалатын нәсіл тектен,

Қуанғандар текеметтен таңба өшірген.

Ой жорыған білімділер құрсын деген,

Алланың бұл қарғысы құранменен.

Тажалдық мұнан артық ойлап таппас,

Құдайсыз сана өсірмек білімменен.

Арсыздық, жетесізді тани білсең,

Қуанып құлшынғандар латын тілден.

Жетеліктен белгісі бар пенденің,

Жүрегі қарсы болып дірілдеген.

Жолдауына жауап келіп қыс түсірген,

Ел басының аруақтарынан назы келген.

Тамақтан қысып, теңізден ажыратып

Тозақтың азабымен үкім берген.

Ғылымды білмесе де ел билеген,

Қазақтың надандығы өзім білем.

Қияметтің сынағын арттырумен,

Құлатуға шірік тақтан үкім түскен!

(Мәуліт айы 2017 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *