ТЕГІҢДІ БІЛМЕК МАҚСАТТЫ  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 44

Тегіңді таныдың ба болып адам,

Сезім, түйсік нәпсілер бұл жаратылған?

Жанат кезген жыныссыз Ата –Анаңды,

Жылан еді іште тұрып сыбырлаған.

«Іштен шыққан шұбар жылан» тегің болған,

Ағашынан жын тегінің дәм татырған.

Екі жарты баста Ібіліс оттан болған,

Адамзатқа жыныс болды қызмет қылған.

Екі жарты бір бүтіндік көбейетін,

Адамдыққа телінген нәпсі өсетін.

Екі тегің ағаш пен байтал болған,

Түрлі жәндік, хайуанмен сезімің жетілетін.

Жылан тілің, әйелдік генің болмақ,

Жынысың бар жыныңмен бірге болмақ.

Жын арқылы естуші қабілетің бар,

Адамдыққа ақылға себеп болмақ.

Екі тілің адамзат бірі от бірі сумен,

Жылан болып әйелзатта бейнеленген.

Су тілің сезім болар Хау анадан,

Қабырғадан адам ата қасиет енген.

Төрт тегің нәсілдерің жануар болған,

Төрт саусақпен қолыңа қасиет қонған.

Құдайдан басты алып, бармақ болып,

Бармақ басты, көз қысты деп аталған.

Жыланнан тегін алып сезімталдық,

Әйелзаты қысқа ақылды тез танарлық.

Алыстан жақсы жаман сезіп білмек,

Нәзік жанды жыланнан қасиет алып.

Және суық әйел жаны нәпсі жері,

Жылы-жылы сөйлеуге бар құштарлық.

Ерлерге қасиет болған «кеттен» тегі,

Иттей достық қаракетшіл сезім берді.

Атты деп атайды еркектерді,

Ит ертіп атқа міну қасиет және ермегі.

Еркектер жақсы көрмек асқазанмен,

Текті әйел басқарған ерді от қазанмен.

Екі жарты жыныс тегін бүтін қылып,

Жүректер қосылады ошақта от жанумен.

Нәзіктердің ары азса жыланға тез айналар,

Жылы-жылы жалған сөзге болар құмар.

Суық ақыл жүрегіне қатты тиіп,

Итсің деп мұндай ерді сөгіп болар.

Еркек азып хайуандыққа қайта айналар,

Ит болып дүние қорып үріп болар.

Тамақ берген егесін иттей қорып,

Кейде тексіз иттердей өзін қабар.

Ит болып өз атасын өзі қапқан,

Діншілер аруағын тастап қойған.

Ит еркектер білімді көп меңгерсе,

Иттігін ата есіміне жүк қып артқан.

Жыландай итке ерген нәзіктер көп,

Иттерге жәрдем беріп уын шашқан.

Сөз асылын айтқанмен не пайда бар,

Есту, көру тектерің жәндіктеліп, хайуанданған.

Иттер көп ұлтжанды деп аталған,

Ордалы жыландарын жүр қорғаған.

Иттердей кемірген сүйегін қызғанумен,

Өзге  ұлттарды жолатпай үріп жатқан.

Адамдықтан тегің қазақ алшақтаған,

Ақыл, ес ата-бабаң мирас болған.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді артқа тастап,

Жылан тілмен сумаңдап текті аталған.

(Шілде. 2014 жыл)

***  **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *