Тектілік жалғыздықпен бірге жүрген  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 53

Жақсының ұрпағы көп болған кісі,

Атаның ұлы болып ұқсас түсі.

«Қожамыз» деп аталары текті болған,

Құдайдың құлы болған, мықты діні.

Төрелер қазақтан бөлек іші,

Атаның баласы боп артық ісі.

Мақтаны бүгінгі күн тектік болды,

Жақсы болса, ата-ананың қасиет күші.

Жаманнан жақсы туып болған кісі,

Жақсыдан жаман туар тағдыр ісі.

Құдайдың өзі ғана басқаратын,

Дүние кезек бақ, несібе Алла жүзі.

Жаратқан көпке ұқсас, Құдай бізді,

Мысалға алдым өзімді басқан ізді.

Әкем шопыр, ар жағы белгісіздер,

Сұрауы аз пендемін діннен істі.

Әке көрген оқ жонар, бақсаң сөзді,

Ұрпағыңды өсіруге бассын ізді.

Ұлдарымды әкеме ұқсас қылып,

Тәлім бердім, әкеден білген көрген істі.

Қожа, төре, сопы да болмай күшті,

Ұялмаймын ұрпақтардың әлсіз діні.

Аталардың аманатын ақтай алмай,

Болмады деп кім сөгеді ондай кісі.

Ғылымынан Раббымнан нұры түсті,

Меңгеруге Құдай ісін біл деп дінді.

Аруақтардың айдауымен дәуріш болып,

Қасиет, тегін елдің жалғап  мәңгі тірі.

Ұрпақтарға болыңдар деп шеше ұлы,

Өзгертуге нағашыға бердім жолды.

Мақтануға номадтықты меңгермедім,

Жалғыздығым мирас емес, Құдай құлы.

Немерелер ата тектің болып ұлы,

Тектімін деп бола алмай сүйген құлы.

Қожа мен төрелердей руға айналып,

Ат аттатып сүйектен өшпесін деген нұры.

Қызым оңай жиендердің бөлек құны,

Нағашымен мақтануға болсын сыны.

Қай заманда құдай сүю оңай емес,

Ұқсамаса нағашыға десін — жынды.

Шешелерің алжығандық атап мұны,

Ел кезіп қаңғып кетті деген жынды.

Әке деген, бұл жолыңды  түсінбедік,

Сауалдарға жауабым жоқ берер құнды.

Ағайын, туыс, ағалар бар, көп қой іні,

Дегендер көп тастады деп туыстықты.

От басынан ас пен дәмді татып алмай,

Той-томалақ жақындықтың жібін үзді.

Құда жекжат, жамағайын бізді ұмытты,

Бірге отырып ас ішпеген қандай сұпы?

Жауабын бұл сауалдарға бере алмаймын,

Есі ауған барлығыңа болдым жынды.

Қатын, келін қолдарың дедім улы,

Намыстанған көре алмадым ұл мен қызды.

Бала мен мал, елді де баға алмадым,

Абайдай жалғыз қалған күнім құнды!

Шәкәрімдей ой іздесем, деме қуды,

Сарыарқаның төрінен жалғап туды.

Ақ ұлдың ұлпасы мен рұқын алып,

Аманатын ата жолдың жалғар үнді.

Өтер заман, келер ұрпақ басып ізді,

Жындылығым ұмытылып алар сөзді.

Сөзімді алып, кісі екен деп баға берсе,

Ұрпақтардан шығар мендей ұқсап түбі.

Жапа көру жақындардан Құдай сыны,

Дәуріштіктің және бар құпия сыры.

Ақиреттен туыстарым, қазақ түгел,

Тілеуі бір, Құдайдан сұрап тұрған мұны.

Тұлпар шықса, қазақтан мыңнан бірі,

Тазартқан деп жолдарын мендей құлы.

Ақиретке барумен, мирас қылса,

Қол созармын біз болып, пірдің бірі.

(Тамыз айы 2017 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *