ҚАСИЕТТІ ДҰҒА

Бөлім: Дәстүрлік ғибраттар 65

Имран ибн Хұсейін  әңгімелеуде:
«Бір күні Аллаһ Елшісінің  жанында едім. Бір уақытта қызы Фатима келді. Қатты аштық тартқаны көрініп тұр. Өңінде қан жоқ, жүзі сарғайып кетіпті. Алла Елшісі мейірім толы көзімен оған қарап «Фатима, маған жақында, жақынырақ кел» деді. Алла Елшісінің өтінішімен Фатима әкесіне жақын келді. Осы кезде Аллаһ елшісі қолын Фатиманың кеудесі мен мойны аралығына қойып: «Уа, ашты тойдырушы, сүрінгенді демеуші Алла Тағалам, Мұхаммедтің қызы Фатиманың еңсесін көтер!», – деген дұғаны оқыды.
Осы дұғадан кейін Фатиманың жүзіне қан жүгіріп, әлгі сарғайған белгілер жым-жылас жоғалып кеткенін байқадым.
Осы оқиғадан біршама уақыттан кейін Фатиманы кезіктіргенімде, жағдайын сұрадым. Маған «Уа Имран, мен сол күннен бері еш ашыққан емеспін» деді»[1].
[1] әл-Байхақи, Дәлаилун-нубууа, том 6, б 92. № 2355 хадис

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *