Өмірдің мәні әйелде

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 65

Қай жерде мейлі қай елде,

Ұжмақтың кілті әйелде.

Ақылды дана ерлер де,

Анасыз өмірге келе ме?

Ақиретте мейлі өмірде,

Жарықсыз өмір сүре ме?

Жардың бір бөлшегі,

Ай нұры бар әйелде.

Күнәнің да басы әйелде,

Арсыз, ұятсыз өмір ме.

Хайуаннан төмен жәндік те,

Улы жылан әйелде.

Жаны азығы әйелде,

Қандырмақ ердің шөлін де.

Жалаңаш, ер шора,

У берер қанынан еріне.

Етегі жоқ болса әйелде,

Үйі жоқ онда нәзікте.

Үйі жоқ қызда күй болмай,

Моншақсыз ұқсар жәндікке.

Мықты болмас еркектер,

Нәрсіз сүт ана емгендер.

Қанында шайтан семіріп,

Соқыр ол қотырға сүйкенер.

Байқасаң бүгін халықты,

Арлы әйел аз жаулықты.

Бой өсіп ары жетілген,

Қызың да аз қалыпты.

Сырыңды бар ма тыңдайтын,

Еркегін пірдей сыйлайтын.

Қанынан шарап дайындап,

Жаласын байға жаппайтын.

Улы жылан әйелдер,

Ұлтыңды түбі өлтірер.

Күнің бірге әйелмен,

Жоғалды жанмен өмірлер.

Аналар ұлтта аз ғана,

Беретін ділін санаға.

Аналар арлы жасасын,

Адал сүт берген балаға.

(ақпан 2014)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *