Мойынсұну мен бой ұсыну (179)

Бөлім: Зікір өлеңдер 52

Қол істеген ісіңді,

Мойынға алып түзерсің.

Кейінгіге жүк болып,

Жамандығы өтпесін!

Қолыңнан шыққан істерің,

Оң мен сол қуат өнерің.

Жамандық әлде жақсылық,

Дүние мен ақирет келгенің.

Хақиқат түбі өлмегің,

Өлімнен қайта келмегің.

Әке мен балаға серт,

Уәдесі Алла білгейсің.

Тарқатып қайта жіптерін,

Қатындай болма дегенін.

Тағдыры жазу үздіксіз,

Терістеп деме білмедім.

Адаспас адам әрнеге,

Көңілін бермес нәрсеге.

Әлеммен Раббы жалғайды,

Жібі түзу пендеге.

Мойынсұнып тағдырға,

Жол-жоба алмақ заманға.

Әр заманның бар ісі,

Бой ұсынбақ Құдайға.

Заманның соғар дауылы,

Айналып келер жаңбыры.

Өткен заман қылықтар,

Дәуір боп келер нәсілі.

Тұрақтылық бір таға,

Қажырлық беріп табанға.

Көрсе де жапа тағдырдан,

Иілер сынбас дауылға.

Тығылмас заман ығына,

Жеңілдік іздеп ауырға.

Айтылған сөзге берік боп,

Қиянатсыз ата жолына.

Жинамас ішке күдікті,

Қосам ба деп серікті.

Құдайсыз қурай сынбасты

Жолының қазақ сенімі.

Ұсынар бойын Аллаға,

Жаны болған қолында.

Бой ұсынған қол беріп,

Жолдары еді сақаба!

Медет берер тағала,

Пір болған Біздер аспанда.

Бір қуатпен көктен өтетін,

Жалғанып Ясауи бабаға!

Бойұсынып піріне,

Терек болған тіріге.

Шыдас берер дауылға,

Тең бола алмас өліге!

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *