Жұлдызының  сөнгені!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 44

Нәпсінің қызуына кім төзерін,

Қыз дүние қызықтырған Жаңаөзенім.

Мал ашуын баса алмай төбелескен,

Адайдың ұрпағына жын енгенін.

Біледі түбі ұрпағы күрескенін,

Өз қаласын талқандап еліргенін.

Қазақтың рұқының бұл деп күші,

Перілерге сылтау болмақ үлгі етерін.

Жалақы аз деп бұл төлегенің,

Еңбегім артық деген істегенім.

Ағайын, туыстардың дүние мүлкін,

Қиратып итеріп тастап кемпірлерін.

Рухани ерлік мұндай еліргенің,

Жындылықпен арсыздықты үлгі дедің.

Құдайдың лағнеті бас-басыңа,

Түсіруге берді, абайла белгілерін!

Итше үріп дүниемен жел бергенің,

Шайтанның жамағатын көбейткенің.

Қанағат, обал, сауап, иман кетіп,

Жұлдызын ата тектің өшіргенің.

(Желтоқсан 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *