Назар мен жазу(175)

Бөлім: Зікір өлеңдер 40

Асығады адамзат,

Аптығады несіне?

Қызық, думан, сайранға

Алданады бәрі де.

Жазып қойған Алланың,

Әр күніне несібе.

Түзетер еді тағдырын,

Назарына ілінсе.

Сыбдырына нәпсінің,

Қарсы тұрып бекінсе.

Қайта қайтып келмесін,

Өтіп кеткен әр күнің

Ұғынғанмен түсініп,

Ықпалымен қарсының

Жете алмассың мұратқа.

Жайын ойлап құлқының

Өткен өмір әр күнің,

Жақындатып өлімнің

Тағдырға жазған несібе,

Азайғаны дәміңнің.

Дәм үзілер сәтінде,

Ажалға еріп кетуге

Жаныңнан хабар келгенде,

Қолыңды кеш сермеуге.

Босқа өмір өтті деп,

Түбіме нәпсі жетті деп

Өкінерсің пенде түбінде!

(Қазан 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *