Ата жолы-сара жол (171)

Бөлім: Зікір өлеңдер 55

Ырылдасқан қыз, қатын,

Абырой бермес басыңа.

Ата дәстүр ел салтын,

Тастаған көп артына.

Ар-ұят қыздан кеткен соң,

Жақсылық өшер жасында.

Майсыз шам оты өшкен соң,

Еркекке жарық қоссын ба?

Алтын басты әйелден,

Бақыр басты еркек артық.

Астарын кім түсінген,

Амалын қылған салтқа алып.

Қыз күнінде бәрі жақсы,

Қырық үйінде болса тазалық

Жаман қатын қайдан шықты?

Құдайшылдықтан кетсе ол алыс.

Құдайдан жол-жоба алып,

Тағдырдан тегін тазартып.

Дәстүрін салтын меңгермей,

Туыла ма текті ұрпақ жаңарып.

Бір түйір ұятты қандағы,

Жоғалтса қонбас бақтары.

Шаш кеткен сау бастардан,

Көбейтіп өсіріп жаманды.

Себепке алып заманды,

Адамзаттың бұлар наданы.

Ұшырып бастан бақтарын,

Жаулық пен бөрік жоғалды.

Тең болмақ қатын арманы,

Еркектен басып озбағы.

Алдыға түспей еркектер,

Қияметтің сағаты соққаны.

Шайтанның құрған қақпанын,

Жындардың мықты қорғанын.

Ақ бақсылықпен бұза алар,

Меңгерген еркек жете, санасын!

Еліңнің жарқын ертеңін,

Ойлаған еркек ерледің.

Қасиетін тектің меңгеріп,

Жоюға шайтан өрмегін.

Аруақпен тұрып бір сапта,

Атаның сара жолында.

Мал жаныңмен соғыссаң,

Туын ұстап Айша ана қолыңа!

Алланың даңғыл бұл жолы,

Алды артың және оң солы.

Төртеуін алған түгелдеп,

Төбеден келер сөз нұры!

Өлместің түнін өлтірсең,

Мендігінен көлеңке өсірсең.

Қолдан қанат періште,

Әруағың қол балаң көбейген!

(Қараша 2018 жыл)

*****    *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *