Сөз сарасы, патшалығы(182)

Ұйқастық іздеп сайраған,

Жаздым деп өлең қуанған

Келістіріп шумақ сезіммен,

Сөзінен құнар жоғалған.

 

Сезімнің үні есілген,

Дүние қызық көрінген.

Оттай лаулап жүрегі,

Ғашықтық дерті өрілген.

 

Танады мүлде есінен,

Жылаумен жоққа өкінген.

Әдеті болды ақындық,

Болмадық деп дүниемен жетілген.

 

Ойнақылық сөзде сезіммен,

Хабарын берер көрумен.

Оқысаң әрбір өлеңін,

Ұқсасын іздеп теңеген.

 

Естілігі сөзден кертілген,

Уәзінді білмес үлкеннен.

Жасына сай ма өлеңі,

Жігіттікпен үлкен есірген.

 

Сөз қадірін өсірген,

Өлеңмен үні бірленген.

Абайдай қазақ данасын,

Бар ма ғалым түсінген?

 

Асыл сөздің сарасын,

Алмаған үнмен парасын.

Сөз түземей, бой түзеп,

Жоғалтқан жете, санасын.

 

Бұлбұлдан көп сайраған,

Дәстүрмен жоқ жалғанған.

Жындылар ақын, жазушы,

Тәпсірмен дінші талдаған.

 

Иман мен амал бір жүрмек,

Құпия білім үн келмек.

Сөз асылын жүрекпен,

Салмағын өлшеп кім білмек?

 

Өлең сөздің патшасы,

Үнімен құран сарасы.

Сөзіне қарап деген кісіні ал,

Ясауидей қазақ данасы!

(Қараша 2018 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *