Ақылдың еркі(185)

Ерік күші болмаса ақылдың,

Қалауы болмаса жете, сананың.

Ісіңде салмақ, сөзде пәтуа,

Болмайды қуаты жаныңның

 

Жар салып сөйле не пайда?

Амалсыз әрекет бос айла.

Иманмен амал жұп болар,

Ізгілікпен сөзің бір болса.

 

Фәнидің азабы бар, рақаты да,

Дүниенің алмағы бар салмағы да.

Алақан алмаққа ғана жайылмасын,

Ақылдың еркін оңай жоғалтуға.

 

Садақа бар бәледен құтқаратын,

Ақылға болар қуат қайтаратын.

Өміріңнің болсын десең берекеті,

Жомарттықпен нығметке беріп хақын.

 

Сыр тексерме қазбалап елдің артын,

Оның да көп азабын бір тартарсың.

Суық сөз, сумаң қағу, тұрпайылық,

Ақылдың еркін солай жоғалтасың.

 

Тұрақтар қасиет емес адамдыққа,

Өсекті көрмей білмей тарататын.

Шайтаннан жын көбейтіп арам сөзден,

Ақылға шерік жауың тұр қосылатын.

 

Жастықтың көп буы мас қылатын,

Сауық сайран, жеңіл сөзбен дос қылатын

Ластықтан ішіңді тез тазарта біл,

Тұрақтар ақылға қасиет арттыратын.

 

Әуен емес тарғылдық дауыстарға,

Қасиет болмас адамдықты арттыруға.

Іштегі қаралықтан белгісі бұл,

Жаманды жақсы қылған досты жауға.

 

Мастықты ішінен тез тазартарсың,

Ақталу жолына түсіп ақ қуаттың.

Ақтан аят, Алладан таза ақылдан,

Жер кезіп әулие-әмбилер тап ойпатын.

 

Шын ұялмақ Құдайдан бұл бір қасиет,

Құдай ісін меңгерумен сезіп хикмет.

Жүрегіңді тазартып, зейнет келтіргенде

Іштен шығар ғаламат нұр іспеттес.

 

Тура жол Құдайдан алған хабар,

Ояу сезім, терең ойлы, есті жандар.

Жаратылыспен өмірдің жеті үнімен,

Құранның кітабынан ғылым алар.

 

Жолында ата аққу, сұңқар иман үнін,

Меңгеріп шындығымен тылсым сырын.

Ақылдың еркі — ындын мақсұт болар,

Шын ақыл, жете, сана жарығы екі күнің!

(Қараша 2018 жыл)

*****  ****

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *