Бейнет пен Зейнет(178)

Қыс келер көңіліңнің мұзы қатып,

Бейне ұйқыға түсерсің сілең қатып.

Ар деген арланып шығар пенде болсаң,

Қайта шығар күндерің кеткен батып

 

Күндерден жеті күнің қайта туып,

Көңілдің жібір мұзы шуақ түсіп.

Көп сөйлеп, көңіліңе кірбің түссе,

Шайтанның көбейгені қаның қызып.

 

Тазартпай ет малыңды есті жиып,

Бой өрісіңді қалыңдатпай жерді кезіп.

Сөз майданына түскенің тілді безеп,

Көпке ілесіп мас болдың ардан безіп,

 

Таза ақыл бос жатса, кетер шіріп,

Бастан масіх болмаған мұзы еріп.

Суық милы, сасық иіс баурағандар,

Семіз сөйлер, әлемнен білім жиып.

 

Бейнет керек, арамды тәннен қуар,

Ет малыңды ауыртып термен жуар.

Қол қимылдамай баста ой қозғалмайды,

Бейнетсіз зейнет келмес жарық болар.

 

Тағдырдың тауқыметін тартсаң күйік,

Қорғансыз күзетшісіз кісің киік.

Атадан қалған ақ сауытын артқа тастап,

Дәлдеп атқан дұшпанның кеткені оғы тиіп.

 

Күзетсіз иман келмес білім біліп,

Өз қауымың жеті атаңды алмай жиып.

Құдайдан тағдыр түзер жоба алмай,

Иман деме ардан сауыт жүрмей киіп.

 

Ақиреттің өмірінен кеткен күдер үзіп,

Риза қылмай өлісін нәпсі тиып.

Зейнетсіз қалғандардың жаны өлі,

Келтірдім дегенмен иман, дінді біліп.

 

Мойынды ұсындым деген бастан,

Жынды судан тазартып шарын алған.

Бойұсынар жеті өріс толтырумен,

Бейнет түбі зейнет деген хақтан.

 

Өмір өзен ағысына қарсы жүзбей,

Өнер-білім, еңбекпен терді төкпей.

Дінші атанып ілімнен білім жинап,

Есексіз қайық болма жынды жеңбей.

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *