Досың Біздер жұлдыз болған

Қазақтың сөздерінің ойын бұрған,
Сөз бұзылса елдігіңе қауіп туған.
Елдігіңді ел билік тартып алып,
Нұрсыз қалып асылыңды жоғалттырған.

 
Нұрлы жол құс жолымен жалғандарған,
Шексіздік әлеміне сапар қылсаң.
Жеті шырақ жеті жолдың қақпасынан,
Бір қуат көкке өтіп миғраж шыққан.
 
Жетпіс әулие қазақтан шырақ жанған,
Миғражға көтеріліп ғылым алған.
Дін дәстүрі қазақтың ғылымдылық,
Теріс ой біліммен, ібілістің ұрпағынан.
 
Нұрлы отан, нұрлы жол, жерің нұрдан,
Қасиетін дүниемен өлшем қылған.
Зайырлы елміз дейді жарық болған,
Дінсіз билік, саясаты бөлек тұрған.
 
Зияткер деген арсыз атым жаман,
Білімнің ордасы боп атау алған.
Алты жыл бір сөзді түзетуге,
Айқасып әзер жеңдік ата жолдан.
 
Рухани жаңғырумен елді алдаған,
Латыннан таңба алып тәңір қылған.
Білімдіден надандар шықты таңда,
Ғылымды үш тіл атап шоқындырған!
 
Аяты жаратқанның тәубе аталған,
Сөздің ойын бұрмалар кәпір болған.
Аузыңмен өшіргенмен Алла нұрын,
Уәдесін тағдыр берген тоқтатпаған.
 
Аталық шырақ нұрын тәмамдаған,
Шапырашты тегін ата шамы жанған.
Аузымен өшіре алмай, елді аздырып,
Тарихта ұрпағының аты қалған.
 
Екі шырақ Шапыраштыдан еді жанған,
Жұбымен барлық нәрсе жаратылған.
Бірі ақиртке кетуге себепші кім,
Қудалатып шырағын ел өшіре алған?
 
Тілшінің тілінен атаң сақтандырған,
Ақын, жазушы көп тіл жалдаған.
Жетесіз ой жорыған білімділер,
Есектей кітабын жүр арқалаған.
 
Тарихы ата–баба бұрмаланған,
Жоғалтып зияраттарын таба алмаған.
Адайдың ұрпақтары түгел жынды,
Отпандай әулиесін жаулап жатқан!
 
Төреміз дегендер көп тәкаппардан,
Тегін жүр тарқатып монғолдардан.
Шыңғысхан тобықтыдан туылған-ды,
Қожалар жүр шыққанбыз деп араптардан.
 
Әлімдер өз атасын таба алмаған,
Шырағын аталықтың жаға алмаған.
Ал мақтан, руыңмен, енді қазақ,
Кімің бар, түп атадан кітап алған?
 
Құдайдан ұждан түзеп, жоба алмаған,
Жындылар алтауы ит боп аразданған.
Шариғатты жол қылған шексіздікпен,
Дін басқарды ғылымсыз өңкей надан!
 
Тура жол уақытпенен ұзара алған,
Өмірің ақиретпен алға озған.
Тарихтағы бір жақсыны тауып алып,
Надандар қарсылығын қоса алған.
 
Сөз ұқпас, асыл сөзден үн алмаған,
Абайын сыртын алып, ойын бұзған.
Ақыл айтып, елді жүр түземекке,
Көт ашып, қыз-қатының шашын жайған.
 
Дос ұғымын жолдастыққа алмастырған,
Досымның арасында көп деп дұшпан.
Достықтан дұшпан іздеген надандық қой,
Бұл мысал қарапайым, сөз аңғарсаң.
 
Дүниенің қызығының бәрі жалған,
Тозбайтын, өлмейтіндер мәңгі болған.
Жолдасың артыңда жүр досың алда,
Ақиреттің бұл заңына бағындырған!
 
Қай жолдас ақиретке бірге барған,
Жалғыздықпен еліңе қайта оралсаң.
Жолдасың тарих болып артта қалар,
Досың бар күтіп алар жаннат барсаң!
 
Ата жолы біздер едік қудаланған,
Ғылымын номадтардың жалғай алған.
Ар-намысың оянғаннан белгісі сол,
Маңдай көзді, құс жолына жалғай алған!
 
Достарың ақиреттен жұлдыз жанған,
Жұлдызды текті қазақ баға алған.
Алланың достарынан жібін ұстап,
Ата жолда аз ғана номад болған!
(Желтоқсан 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *