Маскүнемдік

Мәңгілік жаның емес, ақыл-дерек,

Өмірдің бар сырын ақыл білмек.

Ақылы қысқа анаңды тыңдағаннан,

Ата-ана бүтіндігі жартыдан қайта келмек.

 

Ақыл — арақ мастың күйін бермек,

Таза ақылдан нұрымен есің кірмек.

Маскүнемде жанатын аңсап жаны,

Нәпсінің сыбдырына еріп кетпек.

 

Бұл бір күй адамзатқа сыны бермек,

Білімді ел ақылды қылмас керек.

Білімге мас, жануарлық қылық болып,

Ар-ұятсыз маскүнемдей өмір сүрмек!

 

Таза ақылдан арақ ішкен мүлде бөлек,

Мас қылмайтын естияр үнін білмек.

Жан байғұс түнектен шыға алмаса,

Арақтың тазасын қайдан білмек?

 

Пайғамбардан өсиетпен қалған дерек,

Жас пен әйел мастыққа тән демек.

Арақ ішіп алғандай сезімшілдер,

Мастықпен дүние қызық артық көрмек.

 

Етекбасты еркек көп мастар десек,

Сезімін ақыл қылып көпке ермек.

Тән қорғамай, арамнан жиіркенбейтін,

Үлкендерге жете, сана қайдан келмек?

 

Қосылған арам астан арақ өнбек,

Үш қышқылдың теңдігі болмас керек.

Теріс оймен қан суы қуат алып,

Адамзаттың мастығынан ғылым өлмек.

 

Ар-ұятсыз маскүнем қыз нені білмек?

Ашық –шашық шашын жайып жан өлтірмек.

Таза ақылдан нұрсыз қалған әке-шеше,

Мастығынан айықтырар қуатын қайдан бермек?

 

Қияметтің бұл сынағы тағдыр білмек,

Таза ақылдан жаратқаннан нұры түспек.

Іші арам елдің бүгін ақталмаған,

Нұрын Алла жамандыққа жұмсай бермек!

 

Маңдай көзі ашылғандар есті демек,

Құс жолына жалғанып шындық көрмек.

Арақ ішіп мас қылмайтын ақтан суат,

Жолында ата тақуалықпен кім меңгермек?

 

Жынға перілікті қосуға дін меңгермек,

Масһаб пен тарихат топтар бөлек.

Ілім, білім — су мен от екі тілдің,

Ортасынан ана тілімен ділді кім меңгермек?

 

Батамен ел, жаңбырмен жер көгермек,

Жер мен көктен Алла үнін-сүтін ембек.

Қазақтың ата жолы дәстүрімен,

Әр заманға жол-жобамен Құдай ісі бермек!

 

Досынан Алла аруақтардан бата бермек,

Ғылыммен кереметінен хикмет көрмек.

Аққу, сұңқар хабаршылар екі арада,

Ақиретке көпір салып, екі рет сыннан өтпек!

 

Өңкей мастар Құдай ісін қайдан білмек,

Зерттеп талдап түсінуге жете, сана керек.

Қияметтің сағаты қазаққа соққанымен,

Әлемнің арсыз салтына жүрміз күйлеп!

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *