Міндімен мінсіздік жолы (155)

Бөлім: Зікір өлеңдер 47

Жау шаппайды жырақтан

Өз ішіңнен шығар ол.

Алдырып бойын нәпсіге,

Міндінің жолын қуар ол.

Тұрлаусыздығын дүние,

Алдыра ма еске ол.

Ескермеген жарым ес,

Жалғандыққа берер қол.

Басқа түскен қайғыны,

Тағдырмен келді демес ол.

Қайда барып оңам деп,

Таба ала ма шығар жол?

Жағамын деп Құдайға,

Аталардан қалған жол

Аманатын аруақтың,

Арқаладым дейді ол.

Аққу менен сұңқар боп,

Еңбек еттік дейді ол.

Әсершілдік даңғаза,

Мақтанды қойып алдыға

Тағдыр кітап қолына

Алмай жүрген қаншама?

Түзей алмай бойларын,

Тазартпай ет малдарын,

Келер ме иман жанына.

Дененің барша қуатын,

Қасиетпен текке қоспаса.

Жолға түстім деп айтпа,

Бес қуатпен өнер болмаса.

Еңбек етіп тер төгіп,

Арамды тәннен шығарға.

Тақуалықпен ізденіп,

Инемен құдық қазбаса.

Топырақ сипат иленіп,

Мінсіздің жолын қумаса,

Бесті беріп алты алып,

Ғылымнан кірпіш құймаса.

Адамдықтың қадірі,

Жете мен сана артпаса!

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *