Ой әсері мен сенім күші(154)

Алыс беріс ой салмақ,

Аруақтан қуат қосылмақ.

Күміс сөздің әсері,

Бата болып жазылмақ.

Ой әсері адамға,

Қозғалыс болып танылмақ.

Сегіз сері әсері,

Қайтарып райдан орнықпақ.

Асыл сөздің ұйқасын,

Таза жүрек сезеді.

Сөз түсінбес ойсыздың,

Санасына енеді.

Екі ескек қайыққа,

Демеу болып өткізер.

Су жағалап балықшы,

Несібесін тергізер.

Сөз теңеме қайыққа,

Ескек болып жар ойы.

Мұны білген адамға,

Сөз тауып айту айып па?

Қараңғыда тау қылғып,

Ойға шомып ұйықтаса,

Тас қараңғы көңілге

Саңылау түсіп ағарса

Әр сөзіңнің салмағын,

Байыппенен салмақта.

Алмас қылыш қолыңда,

Өткір сөзбен айтылса.

Ауыр тиер ғайыптан,

Шындық түссе айыпқа.

Құран сөзін шындықты,

Бейнеленіп ақ жарыққа

Аруақ айтар тылсымнан.

Сөз шебері түсінбес,

Білімін сөздің бағып та.

Ой тереңі болмаса,

Тазарған жүрек қалыпта.

Жаттанды көркем сөз айтып,

Мақтанып елге даурықпа.

Құр сөзбен көп шатып,

Ойы теріс бағытта.

Сенімі білім сергелдең,

Байланған дүние нарыққа.

Құдайдан таза ақылдан,

Аманат мирас жалғанбай

Нұры енер ме қалыпқа?

Жүректен асыл үн сөзің

Айналмай бой жарыққа.

Жанға құпия білімді,

Ақталмай тағдыр алып па?

Жұлдыздар келер иманды,

Жер кезіп іздеп барып па?

Сенімнің күші имансыз,

Турасын жолын тауып па?

(Қазан 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *