Ілім-Алла ғылымы(172)

Жүректің сырын ақтарған,

Пенделер бар нұр жиған.

Ілімменен білімнің,

Ортасын тауып жалғаған.

 

Қаралық жатпас жүректе,

Алданбаса дүниелікке.

Ақиреттің біліп саудасын,

Амалы болса ниетте.

 

Ғылымын Алла таныған,

Хикметімен кітап жалғанған.

Аянмен алып хабарын,

Меңгерген жүгін тағдырдан.

 

Жаныңа құпия жазылған,

Ғылымы Алла иманнан.

Иманмен амал егіз боп,

Қасиеті келер қарсыдан.

 

Мұсаның сүрген заманнан,

Ақ бақсылық үлгі алған.

Кереметіне жалғанып,

Жүрегімен оны таныған.

 

Жолдың танып қисығын,

Теріс ой жалған білімін.

Түзете білген жаңғыртып,

Меңгеріп Құдай ісінің.

 

Үніне Құран жалғанған,

Мұхаммедті пір тұтқан.

Дін ісін жетіп меңгеріп,

Сүннетіне бағынған.

 

Иісі жаман шықпаған,

Қымтанып тәнін қорғаған.

Оғаштық ауыздан шығармай,

Асылын сөздің баға алған.

 

Інжілге құрмет танытқан,

Ғисадан ізгі ғибраттан.

Тәурат пенен Забурдың,

Аятын әрбір ұғынған.

 

Санмен терең ойланған,

Уахиына Раббы жалғанған.

99 санның мәнісін,

Түсініп терең мән алған.

 

Бір қуаттың мекенін,

Алланың көркем есімін.

99 санмен деп біліп,

Амалмен меңгерген есебін.

 

Тегін ұлтының таныған,

Нәсіліне номад жалғанған.

Құдайшылдық болып нанымы,

Аталар жолы ғылымнан.

 

Дінші сопы жаңылған,

Пәншілікті ілім атаған.

Иманы жоқ келтірген,

Қасиетке қалай жалғанған?!

 

Жұп пен парға серт деген,

Жаратылыс заңы есеппен.

Жұбын қосқан пендеге,

Парын Раббы көрсеткен!

(Қараша 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *