Қарызсың кімге қазағым?

Қарызың қайғы әкелер,

Болмаса өнер ел білер.

Ханнан қарыз алмассың,

Өтелмесе бас кетер.

Қарыз алсаң байлардан,

Жиған терген мал кетер.

Қарыз алсаң досыңнан,

Берекесіздік күн келер.

Әйелден қарыз алғанда,

Келекесін қоса ертер.

Қарттан қарыз алғаның,

Көрге бірге барғаның.

Қарыз алсаң көршіден,

Көз жасы бала-шағаңның,

Қайтпаса тез қалғаның.

Қарыз алсаң қасыңнан,

Үйің де қоса кетеді,

Қайтара алмай тосылсаң.

Қарызды көп алғаның,

Қайғыдай дертке қалғаның.

Қарыз от өшіре алмайтын,

Қуаты арсыз жалғанның.

Дүниеге арды сатқаның,

Әлемге қолды жайғаның.

Құдайсыз қурай сынбасты,

Білмегенде ісі наданның!

Таппағанда кілтін қазынаның,

Дағдарысқа түсіп жалғаның,

Әлемге қуат қоса алмай,

Қазағым кімге алдандың?

Тау асып таңба алмағың.

Қарызға алып үндерін,

Нәсіліне қарыз болмағың.

Жамандығын қоса ертіп,

Бүлдіргі ойын салғанын.

Әдебі арсыз елдерден,

Білемісің тектің азғанын.

Мәңгілік ел еді арманың,

Ар-ұятын дәстүр тастадың,

Итке де бір сүйек қарыз боп,

Лағнетіне Құдай қалғансың!

(Қыркүйек 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *