Құзғындық пен мірлік(187)

Арпалысып алысып,

Шындықты көрмей, мардамсып

Шариғат ісін жол қылған

Тәпсірді алған білім ғып.

 

Бұрылған жастар Құдайдан,

Ажырап жатыр тағдырдан.

Жаттанды сөзді тілге сап,

Масһабты тура жол атаған.

 

Тілдерін бұрап арапша,

Түсінік беріп аятқа.

Құдайдан осылай келді деп,

Жалғанбай аян кітапқа.

 

Құраннан кітап алмаған,

Маңдай көз жоқ ұжданнан.

Ғылымсыз дінші надандар,

Білгіштер шықты арадан.

 

Құр айтқан сөзден не пайда,

Жол-жобасыз Құдай жалғай ма?

Жеті үннен кітап хабарсыз,

Ғылымсыз хайуан болмай ма?

 

Көкірекке қонып байланбай,

Жүрекке терең бойламай.

Жаныңа қуат толмаса,

Иман келмес көкке жалғанбай.

 

Пәншілікпен мақтанып,

Қылдық деп сопы тақуалық.

Үніне түлкі сезім алданып,

Тарихатшы болды ала қарғалық.

 

Қайраттан ақыл аспаған,

Біліммен тілін жалдаған.

Бердік деп пірге қолдарын,

Жындарға бойды жалғаған.

 

Сахабалық жолдан тараған,

Дәстүрі қазақ дін болған.

Пірлікке жетіп әулиелер,

Құпия жасырын ұстанған.

 

Ендігі пірлік — мір болған,

Тарихатты ғана жол қылған.

Мағрипаттан құпия ілімсіз,

Ақиқатқа жоқ жетіп жалғанған.

 

Болмаса амал толымсыз,

Құдайдан жоба жолынсыз.

Тура жол болмас шариғат,

Құдайдың ісі- аян, уахисыз.

(Қараша 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *