Үнсіздікпен сырласу(158)

Алланың тілі үнсіз тіл,

Көзіңмен көр де, ішпен біл.

Даналығы Абай атадан,

Бояуы жарық болған түр.

 

Үнсіздікпен сырласу,

Тылсымнан болар сыр ашу.

Түспен, аян бейнесін,

Жүрекпен ұқпақ бұл асу.

 

Жаңғырықтан кейін үнсіздік,

Ұйқыға кеткен тіршілік.

Жаныңның үні алыстан,

Құлаққа жетер сыр түйіп.

 

Өмірде көп үнсіздік,

Тоқтағандай болып тіршілік.

Түнектен шығар жаныңды,

Атқарсаң ісін ізгілік.

 

Уақытша керек үнсіздік,

Сырласуға жүректен үн біліп.

Жаныңа нені керекті,

Раббыға сауал ой түйіп.

 

Арқа тұсқа жабысқан,

Тіл, көз болып табысқан.

Айналып шерік әскерге,

Көлеңкемен хабар алысқан.

 

Хақтың нұры бір жетсе,

Бойдағы шерік жерге ене

Шаң тозаңнан тазарып,

Жарыққа айналып түрленсе.

 

Ғыпырдың көзі ашылып,

Тылсымнан аруақ қосылып.

Тарихтың талай кезінен,

Келер еді үні жаңғырып.

 

Адамдық жан көзімен,

Кеңшілігіне Алла өзінен.

Бойлап өтер тереңге,

Үнсіздікке тұңғиық сүңгіген.

 

Жер мен көктін шегінен,

Бір қуатпен өткізген.

Жаратқан өзі жалғайды,

Сүмбіле атты жұлдызбен.

 

Бойды сылып тіл көзден,

Сексен сегіз сергелдең.

Үнсіздіктен ой келіп,

Тазарған Алла нұрымен.

 

Ібілістің құрған торынан,

Адамзатты көп аздырған.

Алланың өзі құтқармақ,

Хабарын беріп шындықтан.

 

Несібе үннен іздемей,

Жанымен көкке өрлемей.

Білімнен үнге жол іздеп,

Иманды іздеп келтірмей.

 

Адасқан таңда дінші

Ғылымсыз білімді пәншілер.

Үнсіздікпен сырласпай,

Тура жол таппас ой түйер.

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *