Өмірді тірілту(173)

Өткен өмір себепті,

Тағдырың солдан келмекті.

Тірілтіп оған су берген,

Өмірге қуат бермекті.

 

Жүректі Алла қосады,

Жұбы мен пары болмағы.

Аманатқа болса қиянат,

Жүректе ауру қозады.

 

Арсыздықтың қорғаны,

Жанға жарық қоспағы.

Ескінің алып киімін,

Тән, терің таза болмағы.

 

Ұзын бешпент мәсінің,

Киесі болып Масіхтің.

Аманат болып қалған ол,

Аяқпен пенде басының.

 

Қоздырар жүрек ауруын,

Киімнің таңдап сәндісін.

Ашық тесік тән азар,

Қарайтып шайтан қаныңның.

 

Етек жеңнің кеңдігін,

Бой өріс бақша өнімін.

Қорғаны зейнет терістен,

Адамдығы нәзік жандының.

 

Жаратқан Алла өңінің,

Іздеген пенде кемісін.

Сыртына түрлі сән беріп,

Күйдірген бақша өрісін.

 

Ақ батамен ата жолында,

Келтірген иман жанына.

Жүректер іңкар табысар,

Жалғанып өмір оң, солына.

 

Өмірдің мәні жүректе,

Жалғанған жанмен себепке.

Әруақ деп қазақ атаған,

Сөйлейтін қол бала періште.

 

Жүректі түртсең сөйлейді,

Бірақ ешкім сезбейді.

Үнсіз жылап тұрғанын,

Педелікпен сезіп білмейді.

 

Бес күндік жалған өмірде,

Жүргенін жалаңаш көруге,

Құдай да оны жазбаған,

Айнасы иман аңғартқан.

 

Айналаға аңдап қарасаң, 

Өзімен-өзі алысқан.

Адамға ұқсас келбеті,

Қылығы хайуан жарысқан.

 

Құйыны дүлей соққандай,

Жападан қашып бұққандай.

Лағнет айтып билерге,

Несібесін тартып алғандай.

 

Іштарлықпен көре алмай.

Аңдысып аяқтан шала алмай.

Бір жатырдан шықса да,

Алауыздығын жүр буа алмай.

 

 Қу түлкідей бұраңдап,

 Тазы қуса жылмаңдап.

Табаннан күсі шықса да,

Басады жерді қадымдап.

 

Пенделіктен арылмай,

Ата дәстүр қолға алмай.

Арада көп аққу, сұңқарлар,

Ар, ұяттан жүр жұрдай.

 

Тылсымнан аруақ батасын,

Шеше алмай сөздің астарын.

Бос қайтқан шелек ындыны,

Құдыққа салып қауғасын.

 

Тау тасты жүр аралап,

Аласұрып аруақтарды жағалап.

Ұсынған өріс бойы жоқ,

Зейнетсіз бос қайтармақ.

 

Дәретпен қорған киімсіз,

Құлшылығың қалар дәрменсіз.

Ғапыл боп оқыған намаздар,

Тазармас өріс тылсымсыз.

 

Жұмбағын тылсым шеше алмай,

Қауғасына тесік су тұрмай.

Аққу мен сарбаз, сұңқарлар,

Сандалған үнге жалғанбай.

 

Дорбасына жамау сұраған,

Ескіге жаңаны құрған.

Тулаққа салып жүндерді,

Сабаусыз түтпек көп адам.

 

Алауыздықпен алысып,

Алға ұмтылған жарысып.

Шығады аққу сарбаз сұңқарлар

Бес алып қолдау салысып.

 

Айша бибі аналар,

Електен өтсе бағалар.

Қолдау салып мұндайға,

Ақ туына келіп саялар.

 

Жүректерді қосатын,

Бірлігі ислам болатын.

Қазақтың ата дәстүрі,

Әлемге үлгі қылатын!

(Қазан 2018 жыл)

*****  ****

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *