Адам баласының аты мен ата-ана есімдерін дәріптеу құндылығы

Бөлім: Дәстүрлік ғибраттар 70

       Адамзаттың ең бірінші парызы, құлшылығы өмірге ұрпақ әкелу мен адамдық болмысын жер бетінде бекітіп жан өнімін көбейту, өсіру болып; осы бір ғана парызға бүкіл біздердің дініміз де, құдай алдындағы парызымыз, мұсылмандық қарызымыз тіршіліктегі бағымыз да, жерлік несібеміз де, мақтан  дәреже-атағымыз да байланып түрғаны да хақ. Қандай дана ғұлама болғанымен жер бетінде өзінің тұқымын ұрығының белгісін қалдыра алмаса, онда ол адам болып өмір сүргенге жатпайды да құдайдың бұл ең үлкен сынағы деп түсінген жөн. Сондықтан адамзаттың асылы болған Мұхаммед пайғамабарымыз да жер бетінде адам болып өмір сүріп, қатын алып, артында ұрпақ қалдырғаны да бұл бір үлкен белгі. Ал ұлды, қызды болу құдайдың еркінен болып, кімді қандай дәрежеде жер бетіндегі ұлдан рухани белгіні, қыздан жандық  белгі тамыр ағашын өркендетуді  құдайымыз қаласа, онда да біздің ақылымыздан тыс сыр жатқаны хақ.

       Біздердің енді жер бетінде бүгінгі білімді заманда керемет болып бәрін түзетпек болып жатқанымызда осы біздерден бұрын өткен негізінде бір тек ағашының бұтағынан тараған ата-аналарымыз болып, ата-анаға құрмет көрсетуді шүкірлік атап бұл мұсылмандық парызымыздың да негізі болмақ. Қай халықтың да тұрмыстық, шежірелік қалыптасқан әдет-ғұрпы, өмір сүру ерекшелігі де міндетті түрде айырмашылығы болғандықтан да оның дін кітаптары насихатымен, пайғамбарлар өсиеті, үлгісімен және өз араларымыздан шыққан елшілер, әулие-әмбилеріміздің құдайлық уахиларды меңгеру арқылы ұлттық салтымыз болған намаздардың ерекшелігі де бекітілген тұтасқа айналған дәстүр аталған діннің де барлық шаруашылық, мәдениетіміздің де, әдебіміздің де орта қазығы, үлгісі, ережесі, жол-жобамыздың белгісі болатыны да даусыз.

Сондықтан да түркілік текке жатқанымызбен, жалпы түркі халқының ішінде негізгі кітаптың, даналардың, пайғамбарлардың мирасқоры ретінде аз да болса номадтық текті, белгі ерекшелікті ділдік дәрежеде сақтап қалған ел ретінде біздердің ата-анаға деген шүкіршілігімізде философиялық даналықтың негізі қаланған. Сондықтан да бізде өзге түркілік елдердей әке-шешесін атымен атау және оны әйел халқының  тікелей атауы, ал ата-енесі түгіл күйеуінің жақындарын өз атымен атауы деген тексіздік яғни арсыздық болып саналады. Бірақ біздердің бұл білімді заманда барлық елдердің қажетімізге қарай білімдерін алуымен бірге, дәстүрлік ақылымыздан біліміміз алға кетіп, олардың арға қайшы салтын да қоса алып, еркек түгіл әйелдеріміз, қыздарымыз да Райхан Елшібай, Дина Бөкебай, Мариям Мұхит, Айгүл Қохай деген сияқты туған әкесінің, атасының, бабасының атын алу сәнге, мақтанға айналуына кімдер себеп болды? Және мұнан не пайда, зияны бар? Қандай да бір әрекеттің философиялық ойшылдық бағасымен бірге онан туындайтын рухани қуаттық өлшем болу шарт екенін білгеніңіз де жөн.

        Сонымен бұндай қазақта арсыздық болатын әдетті үлгі қылғандар; Көкбөрі, Ғарифулла Есім, Ахметбек Нұрсила, Смағұл Есенбай  т.б. көптеген ұлтымыздың зиялы қауым басшылары болған жастардың да осындай кісілікке жетсем деп еліктейтін азаматтарының үлгісінен қалыптасқаны да даусыз. Осындай жағдайда енді ұлттың ішінен өзін ұлтжандылармыз, қазақтың намысын қорғаушымыз деген жындылар шығып, жынды атаудың мәнісі де негізінен қазақтың намысын «жыртушылар» деп айтқанымыз дұрыс болып, олардың ақ жүректі, адал ниетті ұлтымыздың бірлікшіл, ешқандай да өзге ұлтты жатырқамайтын, қонақжай, мейірімді, жомарт рухын қалыптастыруға емес, керісінше орыс ұлтымен арадағы ескі қалған шоқты, араздықты үрлеп, тұтатып ақылы толмаған жастарды арандатумен арлылығымызды керісінше арсыздыққа, құдайсыздыққа, жындылыққа айналдырушы тажалдар болып шыққаны да хақ.

        Осы тұрғыда адамзаттың ең биік қасиетті болған пайғамбарлары мен әулие-әмбилері «Аллаға тек құл болып қана келеді» деген құран аятының жаратушы үкімін мазаққа алумен бірге «Құл» деген асыл сөзді жек көрінішті қылып мазақтап; «орысқұл» деген сөзді шығарып, кемсіту, азғындық түрінде бейнелеуге тырысып бұл тұрғыда нәтижеге де жеткендері де сөзсіз. Яғни, Алланың киелі рухты сөзін теріске айналдырып та үлгірді. Сондықтан да елімізде жаппай аты-жөнін қазақшалау деган тажалдық науқан басталып, енді осындай атасының тіптен сонау ерте замандағы әулиелердің де есімін атқа айналдырып екі аяғының арасына салып, жыныстық атқа айналдырып мініп, езуге алған еркек түгіл, қыз, қатындар да басым көпшілігіміз және мұны ұят, арсыздық деп түсінуден қалдық. Неге десеңіз қазақ халқының қашанда жындылық мінезі басым екенін Абай атамыз «Қазақ тұрмас тұрықтап, қызық пенен тыныштыққа» деп астарлы ескерткен екен. Осы тұрғыда жындылық қуатты меңгеру жалпы өнермен, білімді меңгеру әсірелену «эмоциямен» белгілі болса, қазақтық әсершілдігіміз, еліктегіштігіміз яғни жындылығымыз енді мастыққа, яғни жын-шайтандыққа толық бейнеленіп алып мұндай мас ел билеуші, зиялы аталғандар өздерін енді құдайдан былай да көрмейтін жазаланбайтындарына ешқандай күмәнданбайтын болды.

     Осы тұрғыда мен сияқты арға шақырғандарға баспасөз бетінде «орысқұлдар» «ов, ев» ты алып орысқа сатылғандар деген пәтуаларын жиі айтып, оған қарсы уәж айтқанға бүкіл қалам ұстаған жастар мен қыздар жабыла кететін де әдетке толық айналды да. Сондықтан енді бұл тобырдың қазіргі таңда орыс пен қазақтың арасын бөлудің де өз нәтижесін беріп, бірақ оларға жақында Аңыз адам журналының Гитлер туралы берген жазбаларының өздерініне сынақ болып, құдайдың енді бұндай қауым өкілдерін жазаға тарта бастағанына дәлел хикметі, белгісі түсті. Бірақ мұны құдайдан деп олардың ұғынуы мүмкін емес, себебі құдайға дініне, аятына, ғылымына ашық жала қойып шайтанға айналғандықтан бұл қауымның өкілдерінің жүректерін мүлде жауып, енді мүлде хайуан сияқты тек дүниелік істен басқаны көрмейтін, естімейтін қылып қойғандықтан олардың сөзіне қарап бағалуға, есті адамдарға оп-оңай анықтауға болатын  жағдайға жетті.

Сондықтанда енді осындай надандар ел билікте және басқа лауазымды заң шығарушы, әділ үкім беруші орындарда отырып және өздерін халық алдында мақтап, дүниемен елдің көңілін аулап, халықтың қалаулысы аталып, жоғарғы дәрежелі ел билікке келіп, онсыз да жынды заңдарымыздың күн санап артып жатқанына, тағы да онан сайын халқымызды зұлымдыққа қарай мүлде жындылық заңдардың артуына, әділетсіздік, ақылсыз білімнің үстем болуына себеп болмауы үшін Раббымыздан бұндай есіміз аты бар, заттығы «зады» жоқ пенделердің қандай рухани ерекшелігі болатынын сұрадым да, жауап та алдым. Әрине бұл насихат та тек жынын таза ұстай білген есі барларға,  қырықтан асып ақылы толып аруағының белгісін көре алғандарға  немесе аруақтың батасына, құдайлық уахиға жалғанған ата жолдықтарға ғана арналады.

       Сауалнама; Раббымыз; Ғарифулла Есім, Ахметбек Нұрсила, Смағұл Есенбай, Мұхтар Тайжан, Жұмаш Кенебай т,б әкесінің, атасының есімдерін атқа айналдырудан ер азаматарға қандай рухани кедергі, сынақтар болады? Жауап; «Көбінесе бас ауруына ұшырайды, алқымнан қысады. Көкірек сырылдайды. Екі шекеден қысады, омыртқа бойы қараланып, дертке ұшырайды. Қан қысымы жоғарылап, қуық бездеріне демді қажет етеді. Ұрпақтарында шолжаңдық  болады. Бел ауруы болады.» Ал әйелзатындағы; Дина Бөкебай, Асыл Талғатжан, Ботакөз Бексары, Айгүл Қохай т.б. нәзік жандылардың мұндай арсыздығынан қандай рухани кедергі бар? Жауап; « Жоғарғыдағы ерлерге тән ауру себептерімен қоса Тілге абай болу керек! Ішкі құрылысқа, жатырға қаралық енеді. Екі тізеге, белге  қаралық қуат байланады. Жанарға теріс әсерін береді.»

       Сонымен заман біліміне рухани қуаттардың адамзаттың ұлтына, нәсілдік, тілдік ерекшелігіне қарамай, жер әлемінің ақпараттық әсеріне қарай, Алланың орыс халқы арқылы араластырып мұндай інжілдік рухани сүннеттелудің аруаққа жалғанудың ерекшелігі және өз ұлтымыздың дәстүріне қарай үлкен кісіні; «Бәке, Жәке» деп атын да атайтын мәдениетімізге және менің тектілік туралы жазбамда баяндалғандай ер мен әйезатының гендік, рулық ерекшелігі тарихта тектілікті сұрыптауға арналған жаңадан шежірелік тізбені жазуға да бұл өте қолайлы және аруақтық байланысқа да ақиреттік заңдылыққа да сәйкес келмек. Сондықтан осындай задысыз аты бар қандайда бір білімді азамат, азаматшалардың мейлі қандай ғұламалық дәрежесі болып, ел билігінде жүргенімен рухани кеселді, яғни жын-шайтандық ауруы мінезінде де кісіліктің жетіспеушілігі болатын халықтың білгені де абзал деп осы ақпаратты халық толық құлағдар болса деген ниет қана бар. Әрине бұған күмән келтіріп және өздерінің жындылықтарын тағы да дәлелдеуге тырысатындар көпшілік болғанымен арасында байқамай адасқандарды тәубеге келіп аты-жөнін қайта түзетемін дейтіндер болса; Онда құдайдан келген аруақтың аманаты бойынша бірінші аты тұруы керек. Сонан кейін қандай тектігі яғни «ов; ова; ев; ева» болып «фамилиясы» мен сосын кімнің ұлы, қызы екені жазылуы да керек. Сенбесеңіз қарсы болыңыз немесе қара жындық қуаттарға жалғануыңызды тоқтпаңыз, құдай өзі түбі дәлелдейтіні де хақ!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *