Адам және періштелер туралы.

Бөлім: Адамзат және періштелер 109

Әрбір заманның жаратылыс, дін, құлшылық негіздері туралы ақылы сол замандағы өмір сүрген халықтардың ақыл кеңістігінен, көкіректердің білім жетістігіне сай дін білімін сөзбен бейнелеу ерекшеліктері де болу шарт. Енді бұрынғы білімнің, жаратылыс сырларының ерекшеліктерін, хикметті сырларын бейнелеген әулие-әмбилеріміздің, даналарымыздың философиялық деректеріне сүйенсек, негізгі тұрақты қызмет етуші періштелер түрі және бізге мәлім көрінетіні тоғыз екен. Олар 1. Жәбірейіл-пайғамбарларға, елшілерге Алла Тағаланың сөзін жеткізуші. 2. Мекайіл-барлық мақұлық, адамдарға берілетін ырзықтың уәкілі; 3.- Әзірейіл-барлық жан-жануардың, адам жанын алатын құдай уәкілі; 4.-Ысрайыл-Исрафил сүр үрлеуші періште деп аталып негізінен дыбыс, қозғалыс, үн арқылы тіршілікке жан беруші және барлық қозғалыс негізі болып есептеледі. 5.-Дардайыл-ай, күн, жұлдыздардың уәкілі; 6.-Ысмайыл-жер бетіндегі киелердің жебеушісі; 7.-Зұлқайыл-қиямет күнінде адамдарды Алла Тағала алдына сотқа, таразыға апарушы періште; 8.-Ахрайыл-барлық дария, өзен, көл, бұлақ суларының басқарушы періштесі; 9.-Мәлік-жеті тозақтың уәкілі. Және осы тоғыз періштелердің 70 мың періштеге сардар, әскер болып және әрбір періштенің тағы 70 мың періштеге әмір жүргізуге еркі бар. Және әрбір сапқа тұрған әмір орындаушы періштелердің тағы да 70 мың сауатсыз үкім орындаушы періштелерді бағындырып, оларға Алла Тағаладан түскен әмірді орындатуға бақылаушылық құқы бар. Енді барлық періштелердің орталық қуат көзі аршы деп аталып оның 18 мың бұрышы болып, әрбір бұрышында бір-бір планеталар, орындар, ғаламдар жаратқан. Әрбір осындай орында құрлықтың бір бөлігі болып, ал әрбір бөлікте 18 мың жердің қасиет бөлшектері болып, әрбір осындай орынға 7 тайпа елді орналастырса бір тары дән қойғандай ғана болып көрінер еді.

Енді барлық әлем аршы қуатының үстінде орналасқан. Аршының әрбірінде 400 мың періштені жаратты. Олар негізінен 8 қатар болып тұрар еді. Сонда барлығы 3 млн 200 мың періштелер тобын түзейді екен. Бір саптан бір саптың арасы 500 мың жылдық жол еді. Барлығы 4 млн. жылдық мезгілді түзейді. Әр сапта 300 мың періште, бастары аспанда аяқтары жеті қат жердің астында. Бұл періштелердің басы гауһардан, кейбірінің басы жақұттан, жүндері зағыпыраннан. Денелерінің жартысы оттан, жартысы мұздан жаратылған. От пен мұз бір-біріне зиян қылмас еді. Және тағы 400 мың періште жаратылды, олар адам кейпінде болып, үлкендігінің өлшемі жоқ. Бастары аршы үстінде, аяқтары жер астында, жүрсе 700 жылды бір-ақ аттайды екен. Құдай тағаладан ол періштелерге бұйрық болар, аршының төрт бұрышынан ұстап көтеріңдер, сонда олар дұға оқып қана аршыны көтере алады екен. (Аршы күрсінің, бастапқы әлемдік жаратылыс бейнесі шеңбер ішіндегі куб болып жер бетіндегі бейнесі кірпіш-Қағба болса, ал барлық қуаттардың сызықтық бейнесі «Звезда Давида» деп аталатын Еврей халқының туының таңбасында тұр). Аршы күрсіден кейін жексенбі күні луһ (рух) қаламды жаратты. Қызыл лағылдан. Үлкендігі он жылдық жол. (10-саны, 10-сүре) Ол, қалам шәріфті жазуды (Құранды-қасиетті сөздікті) 400 жылда бітірді. Аршының астында бір дана меруерт жаратты да одан лаһіл мағбұлды (құпия сыр, тағдыр кітабы) пайда қылды. О жағы мен бұл жағы 1000 жылдық жол еді. Айналасында қызыл жақұттан жазылған хат (уахилар кітабы) бар. Сыртқы қабы зүбаржаттан. Лағылдың басы аршыға жалғанған. Құдай тағаладан бұйрық болды да: «Ей қалам, менің ілімімді толық жазып бітір! Яғни мен жаратқан, пайда қылған барлық нәрселерді қалам лүһ мағарузға (жер, көк, барлық әлем нәрселеріне) Құдай тағала ілімін, қияметте болатын жақсылық пен жамандық, дүниенің ризығын, маңдайға жазылатын тағдыр ісін, әлемде болатын қандайда оқиғалар мен қозғалыс сипаттарын түгел жазып аяқта!» деп үкім берді. Алла Тағала үкімі екі болған жоқ орындалды. Жеті қат көкті жаратпастан бұрын Мұхаммед пайғамбарымыздың нұрын жаратты да ол нұрға Құдай өз назарын салып қарады. Бір кезде бұл нұр дариядай түрге енді. (Ақ су буына айналды!) Осы дариядан бір түтін шығып 7 бөлек болып бөлініп кетті. Жеті бөлек түтіннен дүйсенбі күні жеті бөлек көк пайда болды. Олар бір-бірінің үстінде бір-біріне тимей тұрады. Бірінші көкті Рафиха деп атайды. Бұл көк замуруттан жасалды. Онда періштелерді жаратты. Басшысының аты Ысмайыл. Екінші көктің басшысы Рахат. Бұлттың, жаңбырдың уәкілі. Әр көктің арасы 500 жылдық жол. Осы екінші көкті арифлун дейді. Ондағы періштелер бірінші көктен екі есе көп. Бұлардың ұлығы Зухая. Үшінші көктің аты Қаладым дер. Бұл аспандағы періштелер санын Құдайдан басқа ешкім білмес. Төртінші көкті Маһан (мекен)дер. Періштелер басшысы Кейсауыс. Бесінші көктің аты Мумунат. Бұл көкте бір ағаш бар. Ол ағаштың жапырағында барлық адамдардың аты жазылған. Оның ұзындығы 500 жылдық жол. Мұнда Әзірейілдің алдында періштелер қол қусырып тұрар еді. Әр кісінің өмірі таусылса, ол ағаштың жапырағы сарғайып, үзілген кезде бір легенге (табаққа) түседі. Ол жапырақта адамның аты жазылған болады. Әзірейілдің адамның жанын алғанда беті түрлі-түрлі болып көрінер; бірінші-от, екінші-қар. Бұл екеуін де кәпірлер көрер. Енді қара, азап, рахмет және әулие түрлері де бар. Қара бетін — өсекші, ұятсыздар өлім алдында көрер. Азап жүзін-күнәкарлар көрер. Рахмет жүзін пайғамбарлар көрсе, ал әулие жүзін момындар көрер. (Өлім осындай адамдар бейнесіне еніп келуімен және от, қар болып көрінетінін ескертеді және адам жаратылыс рух, жан сырындағы; 300-дің пайда болу сырын ескертеді) Бесінші аспан мен алтыншы аспан арасы 500 жылдық жол. Алтыншы көктің аты Фано дейді. Қызыл жақұттан жасалған, бұл көктегі періштелердің үлкендігін Алла тағаладан басқа ешкім білмейді. Барлығы Алла тағаланың қаһары мен азабынан қорқып қияметке дейін жылап тұрады. Оның ең ұлығының аты Радимайыл. Алтыншы көк пен жетінші көктің арасы 500 жылдық жол. Жетінші көктің аты-Ариона. Бұл аспан періштелері нұрдан жаратылған. Баз біреулері руқұғта, баз біреулері сәждеде тұрады. Олар қиямет күніне дейін тәсбі, дұғалар айтып жылап тұрады. Мұхаммедтің үмметінің күнәларының кешіруін сұрап, өтінер. Жетінші аспан періштелері өзге суретте бір-біріне көзге түспей жүреді және өзара сөйлеспейді. Ұлығының аты Тұрдайыл. Бұл көкте бір ағаш бар, оның атын суратил мунтаха деп атайды. Бұл аспанда Жәбірейіл, Мекайыл періштелер тұрады. Мұнда бір дария бар. Сол дарияда періштелер жаратылатын. Олар әуелгі дүниеден ақырғы дүниеге дейін, яғни қияметке дейін Алла тағаланың 99 сипатын айтып, Мұхаммед пайғамбарымыздың үмметеріне жақсылық тілеп мінәжат етер еді. Бұл жаратылыс туралы хисаның түсінігін пайғамбарымыздың миғраж оқиғасымен және ғылым-білімімізбен салыстырсақ клетканың ішіндегі 18 мың атомдар мен және әрбір атомның өзіндік электрондар әлемі бар екенін білуге болады.

Енді негізгі қуат көзі — аршы дегеніміз не? Барлық басқарушы періштелер аршының айналасында болады деп құранда неге ескерткен? Және бұл ақпараттардың ислам діні араптарға келмей тұрып белгілі болғандығына дәлел және Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттерінде көптеген ақпараттардың адамзат біліміне жақындатып түсіндірумен және шамалы ғана өзгешеліктердің болуымен айқын болады. Енді бұл жаратылыстың көктік белгілерін пайғамбарымыздың миғраж оқиғасымен салыстырып көрсек; 1-ші көк: Адам атамен, 2-ші көк: Яхия, Ғиса пайғамбарлармен, 3-ші көк: Жүсіп пайғамбармен, 4-ші көк: Ідіріс пайғамбармен, 5-ші көк: Һарун пайғамбармен, 6-көк: Мұса пайғамбармен, 7-көк: Ыбрайым пайғамбарларымызбен байланысты екен. Сондықтан осы көктердің қақпасын тек осы пайғамбарлар істерінен жалғану арқылы ғана ашылатынын түсіндірген. Мұхаммед пайғамбарымыз бұл көктердің қақпасынан өту үшін ізгілікті істерді меңгеру арқылы және ол уақыттарда бес уақыт намаз да және мұсылмандардың бес парызына үкім түспей тұрғанда атқарылғанын, яғни бұрынғы өткен діни нұсқаулар мен пайғамбарларға берілген намаздарды орындау арқылы миғражға көтерілгенін қазіргі ислам ғалымдары мүлде еске де алмайды. Пайғамбарымыз Жәбірейіл періштемен бірге әрбір көктің қақпасынан өтерде «Оған жіберілген бе еді?» деп, әрбік көктің өз кітабы сұралып, тек Жәбірейіл періштенің «Иә» деген куәлігімен ашылатынын ескеру де керек. Әрбір көк бұл ақпараттардың уахидың яғни Құранның жеті үнінің қақпасы және әлем қозғалысының, дін хикметтерінің жеті мөрінің белгісін де көрсетіп тұрғаны даусыз. Енді көк қақпалары 7 қарақшы (темір қазық), бақылаушы жұлдыз көздерге байланысты болып, ал ол көздерден өту үшін құм сағатының тар белбеуінен яғни сират көпірінен тек бейнеленген дене «Бақ» қабы, темір буының, от жарығының қалыптасуымен ғана өтетінін де білген жөн. Ал, Мұхаммед пайғамбарымыздың  миғражда жаратқаннан алған екі аят пен бес уақыт намаз үкімі жер жүзінің және бірінші көкпен аралықтағы «ман» қуаттарын яғни бастапқы жаратылыс 4 тегін өнер, қаракет арқылы іске айналдырумен және ғылым негізі 5-ші темір қуатын ар, сана қуаты арқылы және 57-сүре «Хадид» Алланың құдірет қолына жалғанатын елшілік істерін меңгеру арқылы ғана негізделгенін тағы мойындауға шарасызбыз. Сондықтан бұл жағдайды аятта; «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхамметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла (Т) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (57-28) Бұл аяпен 57-ні толық меңгерумен 2 еселеніп 114 санымен ғана яғни құраныңды толық алып денеңнің жарыққа нұрға айналуын ескертеді. Енді біздердің исламдық дін ғалымдарымыз тек масһабпен ғана жүріп, шариғат ісін ғана орындап, қалған 6 көктің қақпасының күзетші, шапағатшы егелерін, пайғамбарларына түскен кітаптар мен нұсқауларды, шүкірлік амалдарын орындамай, кітаптарына жалғанбай-ақ бірден 7-ші көкке Ыбырайым пайғамбарымызға жалғану қажылығын парыз қылып алып, ал алты көктен пайғамбарлар көздерінен, жұлдыздардан қақпаларын Құдайға да білдірмей  ашып,  қалай ұрланып  өтіп кетуге болатынын түсіндірген ислам түгіл әлем діндерінде бірде-бір кітап жоқ екеніне бәс тігуге болады. Егер ондай еңбектердің бұрынға надандық және дін білімінің жетілмеген заманында  жазылғаны болып сонымен пірлік құрып, дін исламдық топтарын қалыптастырушылар болғанымен, енді ол еңбектерді қазіргі таңдағы ғылым жетістігімен салыстырсақ ғылымға да, ақылға да сыйымсыз жалған екені даусыз. Сондықтан да аятта: «Мұхаммед айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) (14; 19) деп ашық аятпен ескертілген. Және қарсы келген елдердің де Мұхаммед пайғамбар үметінің тарапынан болатынын ескертіп, оларға байланысты «Уайым жемеуді» де тапсырған. Сондықтан Інжіл, Тәурат істері 2 және 6 санына рухани сүнеттелудің яғни қызыл түске тәуелділікті және Раббымыздан келетін, заманына қарай түсіріліп тұратын рухани белгілерді қызылды толық меңгеруді астарлы түрде меңзеген. Ал Тәурат құндылықтарының сол заманға дейінгі бүкіл дін істерінің жетістіктерін қамтитын болса, Інжіл ол істерді Құранмен жалғаушы заманына қарай хат, хабарларды жеткізуші тағдыр кітабы болып саналады. Ал адамзатқа жер бетінің қарамен байланысты 8 түсті, реңді, түрді меңгеруден басқа және көк суына байланысты ақпен байланысты 7 түсті толық меңгеру осы жеті көкпен байланысты пайғамбарымыздың хикметімен жалғануға міндетті түрде тәуелді болатын тура жол қағидасы пайда болады. Олай болса 8 түрлі жаннат дегеніміздің өзі Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатынан белгі алумен және енді 9-шы періштелік істер жеті тозақтың іс басқарушысы Мәлік-Сыддық жер имамына жалғануды да естен шығармау керек. Демек бұл сипатқа енді Дәуіт, Сүлеймен, Жүніс, Лұт, Аюп және Ескендір, Лұқман т.б. көптеген елшілер мен пайғамбарлар кіретінін де білген жөн. Сондықтан барлық түстердің саны 7+8=15 және 78;87 санды аят сүрелердің де осы миғраж оқиғасына тәуелді екенін де тағы да ұмытпаған абзал.

Енді әуелі Мұхаммед пайғамбарымыз меңгерген жер бетінің ізгілікті істерін «Ісра» ар істерін меңгермей және сатылардан өту үшін көк есіктерінен, «Көздерге», жұлдыздарға (11 жұлдыз, күн мен ай=13) жалғанбай біздер бес парызбен және қаж арқылы жеке-жеке бұл қақпаларды аша аламаймыз, себебі біздер үшін әуелі Мұхаммед пайғамбарымыздың жер жүзіндегі меңгерген ізгілікті істерін, сүнеттерін, өсиеттерін меңгеру арқылы және пайғамбарымыздың шапағат батасына, уахиына жалғану арқылы ғана мүмкін болмақ. Бұл амалдарды жүйелегеннен кейінен пайғамбарымыздың сүннеті болып қалыптасқан, яғни миғраждан келген екі аят пен бес уақыт намаз және 50 сауапты намаздар амалдары болып ескертілген. Сондықтан жерге байланысты «Ман» (ой) қуаттарының қозғалыстың, қолғабыстық себепшілерін, киелерін меңгеру арқылы ғана көкке жалғанып негізгі 4 түрлі басты негізгі жаратылыс себебі періштелік қуаттарға бірігу керек. Негізінен адамзатты бақылаушы несібе жеткізуші 11 жұлдыз көздер болса оның 4-еуі жер мезгілдерін туындататын, сондықтан әр елдің және адам баласының тағдырының 4 мезгілін белгілейтін 4 жұлдызы болады. Осы жер анамен байланысты 4 күнді, көзді меңгеру арқылы ғана 5-ші күн Адам атамызбен яғни Мұсыл және «ман»-дық бүкіл адамгершілік қасиеттер  1-көкпен байланысты болып, ал рухани сүннеттелу яғни рухани өлім сатысынан өтіп жаңару 2-ші көк иелері Ғиса, Яхия пайғамбарлар істеріне жалғану арқылы атқарылып, онан шаруашылық және тіршілік қағидаларын, білімдерді меңгеру 3-көк Жүсіп пайғамбарымыздың нұсқауларына жалғану арқылы және жер бетінің түрлі хикметті істерін меңгеру төртіншіні түгелдеу үшін Ідіріс ғұламалығынан хабар алумен, осылай сатылап көтеріле береміз. Әзірейіл өлім періштесі 5-ші көкпен қуатпен және жалғану Һарун пайғамбарымызбен және тіл, сөз ғылымын, көркем сөз сұхбатын жетік меңгерумен және 5 қуатты (күн-чакра) сезімді жетілдірумен байланысты. 6-шы көктік қуаттар жер, су, тау, тас арқылы және жаратылыс ғылымдарынан толық хабар біліммен байланысты бүкіл жаратылыс себептерін қамтитын кітаптар болып саналады.  Ал Жәбірейіл және Мекайыл періштелері 7-көкпен қуатпен, Ыбырайым жолымен 14 санымен және Мұхаммед пайғамбарымыздың жылына бір рет Иерусалимде жанатын шырағымен, от негізімен байланысты. Ал табиғат, жаратылыс қозғалыс себептерінің періштелері Исрафил-Ысмайыл болып, жаратылыс табиғат хикметтерін меңгерумен яғни Адам атамыздың пайғамбарлық істерімен яғни 1-ші көктік періштелік қуаттармен байланысты болып, сонымен барлық 9 санды қозғалыс негіздері яғни періштелер 7 санды көкте бірленуін көрсетіп тұр.

Ал осы деректеріміз жалған болмауы үшін 7-сүре осы 7-көктің жағдайымен байланысты болып аятта; «Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінен оларға жасырын емеспіз.» (7-7) (14) Сендер біздерді күнде көріп тұрасыңдар, біз әуелі осы сүренің ішіндегі алдыңғы алты  аяттың, иман жолдастарыңның жағдайын, өлшемін көріп солар арқылы уахимен кітаптарды баяндаймыз деп ескертеді. Ал енді адам баласының көкке көрініп, білінетін көңілі, яғни жан сыры туралы 9 негізгі атқарушы періштеге иман келтіруді «Тәуба» деп атап; « Әй мүміндер! Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір өлке елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа Алла тағы лайығырақ (13)  Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын.» (9-14) (23) Бұл жағдайда әрбір мүмін болған адам баласы өз «Ман», «Уақ» және «Ар» қуаттарын меңгерумен оларды тылсымда бейнеленген періште «Қол»-ға айналып сол арқылы араларыңнан пайда болған мұнафықтық діншілерді және кәпірлерді жеңесіңдер де өздеріңнің де көңіл көздерің ашылып, көкке жалғанасыңдар деп ескертеді. Ал тәуба сүресін меңгеру үшін де Абай атамыздың көрсеткен 45 санды философиялық қара сөздерінің де негізі қол істері, өнер арқылы зейнеттелетін 5 түрлі адам ақылына және қауымына байланысты басқарушы періштелердің қаруындағы «Уақ»-тардың және 4 негізгі періштелердің бір-бірімен арақатынасы 45 және 54 сандарына тәуелді болып, осы арақатынастан пайда болатын дін ілімінің ғылымын «Мизан» яғни «көңіл таразысы» деп атайды. Демек бұл қазақ халқының дін істері мен шариғат амалдарының тәурат және онан бұрынғы пайғамбарлар нұсқауларында болған деректерден қалыптасқан деп түсінгеніміз абзал.

Енді негізінен білімді адам баласының ертегі деп қабылдайтын философиялық хикаядан және пайғамбарымыздың хикметті нұсқауларынан үзінді келтірудің басты себебі сандардың және түр-түстермен, жолдардың философиялық құрлымының қазіргі таңдағы жоғарғы ғылым атом, кванттық физиканың т.б. ғылымдардың зерттеулерімен сандар ғылымының сәйкес келуімен де байланысты алда көптеген құран аяттарынан және аталар өсиеттерімен дәлелдер келтіреміз. Бір ғана мысалға тоқталсақ; Қозғалыс басы періштелерінің қазіргі «фиқһ» дін ғалымдарының түсіндіргеніндей 4-пен емес 9 санымен берілуінің өзінде үлкен жаратылыстық сыр жатыр. 4 саны жаралыс басы от, су, жел, жер санын бергенімен өздігінен бұл нәрселер әрекетке түспей аралық жаратылыс себептерінің қажеттілігі үннің де болуы сөзсіз. Және бұл негізгі періштелік қуаттар Алланың үкімін кімге жеткізеді және періштелерден жарық қуатын, үнді тек аралық періштелер арқылы ғана адам баласына қажетіне, мұқтажына қарай өлшеп беретін аралық қауымсыз тағы да ақылға сыйымсыз болып танылады. Сондықтан Құранның сандар философиясына жүгінсек, бұндай түрленудің негізгі себептері; 4 саны 5 санынан пайда болатынын ескертеді. Барлық жаратылыс нәрселері ғайыптан, тылсымнан жарықтың әсерімен бейнеленіп жаратылады десек, сәуленің 4 түске бөлінуінен пайда болатын жарықтың, үннің жарылу және бейнеленуін Египеттегі мұнаралар көрсетіп осы тылсым сырын әшкерелейді. Төбесіндегі 5-ші нүктеден 4 сәуленің арасындағы шашырау ара қашықтық ерекшелігінің айырмасы ғана осы мұнаралардың барлық қасиетінің, биіктігінің, көлемінің жиынтығын көрсетеді. Ал Әл-Фараби атамыз бұл 4-пен 5-тің қатынасын яғни бесті төртке бөлу «терция» атты гаммасы ноталық аты «Ми» деп, осыған дейінгі Пифагор заманынан бастап келе жатқан 81:64-ке (8+1;6+4; 9:10) қатынасын ауыстырған. Енді жаратушымыздың; «барлық нәрсені жұп қылып жараттым» деген үкімін назарға алсақ; екі жұп сан немесе басқа орындағы сандардың бір-бірімен жұптасуы аралық себепке бірге тәуелді болып, 4 пен 5 саны өзара жұптасу саны және некені де белгілейді. Құран аяттары бойынша 4 саны әйел, 5 саны еркек болып саналады. Олай болса негізгі 4 санды періште «Ана» көбеюші болса, оны көбейтуші 5 санды Адам өніміне және еркек затына байланысты. Жаратылыс басы 4-тен 5 пайда болса, енді біздің адамдық тіршілігімізге байланысты керісінше 5-тен 4-тің қалыптасуын тағы да мұнарадан көруге болады. Олай болса өлім, рух, табиғат істері және сүр үрілу жел мен үннің хикметтері де адам өмірінде, жанында бейнеленіп, негізінен жаратушының орынбасарлығын атқаратын ақылды періштелердің қалыптасып жаратылуын қамтамасыз ету шарт. Сондықтан 9 саны 4+5 тің қосындысы болып, жоғарыдағы бүкіл себептік періштелердің 9 санымен насихатталуын Раббымыздың; «Сендерге 19 санын сынақ қылдым!» деп ескертуінде де құран философиялық жаратылыс жан сырын әшкерелейді. Және көктегі адам баласының тағдыры да соған байланысты түсіріліп, оқылып тұратын хаттар да неге қызылмен жазылған? Ал қалған түстер, жеті жол, жеті тайпа ел дегендер де бостан бос айтылмаған және неге әлемді 6 күнде (жарық үнде) жаратқан? Енді бұл сандардың, қуат періштелерінің түрлену әрекеттерінің хикметті сырын енді өзімізден іздеп көрсек. Қазақтағы «тоғызқұмалақ» ойынының және 9 ұяшықпен есептелетін 41 құмалақ бал ашу сырының өзі осындай жаратылыс сырларының алма кезек алмасып, бос орындарды меңгерудің ойыны болып, құр ойға негізделген, бір нәрсенің қалай жатқанына немесе түр түсіне, қозғалысына қарап «бал ашу» әрекеті емес, керісінше «балнама» есептік негізінде берілген, сан арқылы ойлануға, адамның логиқалық ойлау жүйесін қалыптастыруға және дамытуға құрылғанын көбіміз біле бермейміз де, дін имамадарымыз осы екі арасын ажыратпай, халықты логиқалық ойлау қабілетін «шерік-арам» деп үркітумен айналысады. Есептеп үйренгеннен және жақсылыққа жорығаннан адам жаны арамданатын болса онда барлық санға байланысты ғылым да білім де арам болып, Құран және барлық киелі кітаптардың сандар «балнама» жүйесі де арам болып, Аллаға ашық ортақ қосамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *