Аманатын аруақ қабыл ал!  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 52

Қазақтың тілін қорлаған,

Ел билік пе аздаған.

Кеңестік болған заманда,

Үлкендер еді азбаған.

Егемендікпен сорлаған,

Өз тегін өзі қорлаған.

Біржақты өңкей надандар,

Тіл мен ойды қоспаған.

Тегін қазақ мал ме еді,

Дүние байлық жинаған.

Дүниенің бар байлығы,

Кімге  қуат жан болған?

Арсыз қатын, қызыңды,

Ел билік пе аздырған?

Тату болмақ көршімен,

Құдайдан үкім арнаған.

Қарсы болып дініне,

Тажалдар бар зарлаған.

Тонаған ақирет мүлкіңді,

Білімді, ғалым оңбаған.

Масһаб деп тура жол,

Адасқан иман туысқан.

Көктен несібе ризықты,

Адамзат қашан тауысқан?

Әй надан, надандар,

Құдайға енді қараңдар.

Алты жыл алда сыны бар,

Азапқа түспек надандар.

Текті адам құл болар,

Өкпесіз тек бауырлар

Армен ғана ойланар.

Елді азғырған тажалдар,

Құдайдың берген сынына

Ел билікті жамандар.

Тәңір қып жерде пендені,

Береді деп билік несібе,

Ішкен, жеген, тышқанды,

Әңгіме қылар көсіле.

Сүлеймендей пайғамбар,

Онан артық кім болар.

Ол да кеткен өмірден,

Байлығы қайда жасырар?

Ақиретте асырар,

Жинаған бай сол болар.

Адал еңбек, таза ақыл,

Ар, иманың діл болар

Байлығы қазақ осылар.

Бірлік болса еліңде,

Құдайдың өзі асырар.

Астамдықты шақырар,

Тажалдарды обайшыл,

Аруақтың қалып назына

Көпке бармас тосылар.

Келмесеңдер тәубеге,

Оғымен ажал атылар,

Аманаты аруақтың,

Осы еді елім қабыл ал!

2 thoughts on “Аманатын аруақ қабыл ал!  

    1. Мұхаммед пайғамбарымыз; «Ғиса пайғамбар көктен түсіп іштеріңнен өткенде не болар екенсіңдер?» десе, Ғиса пайғамбарымыз; «Мен жер бетіне түскенде көктегі періштелермен сендердің барлық қарсылықтарыңмен, жазғыруларыңды кешіремін, бірақ өздеріңдегілер кешіре алмайды» деген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *