Аруақ заңдылығы!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 59

Судың түбі бу мекен?

Жан негізі су ма екен?

Аруақ болып, бу болған,

Бұрын соңды кім болған?

От пен судың арасын

Жан мен рухтың парасын,

Жалғап тұрған ол не екен?

Жаратылыстың жарығын,

Жаратыпты Алла парымен.

Нәтижесі болып, соңында

Болмақ, қалмақ екіде.

Парға қосаң екіні

Бір Тәңірлік қуаттың,

Беспен толар көркіде.

Бар қозғалыс негізі,

Бейнеленер жетіде.

Фатиханың пары боп,

Азан айтсаң тағы көп.

Аруақ атты қуаттың,

Болар саны жетіде.

Неге жеті сұраңыз?

Жеті қат жер жеті көк,

Арасын жалған жеті боп,

Жиырма бір үш жеті,

Жұлдыздан түкен киелік,

Жерге болар иелік.

Жеті қабат терің бар,

Оң мен солдың арасын,

Жетімен ғана бағасың.

Қыбылнама темір тас,

Оңмен тартса, сол мен қаш.

Құпия сыры жетіде.

Бірдің де іші жеті боп,

Жеті әулие жерменен,

Қосылар жеті желменен.

Жеті мөрдің киесі,

Жартылыстың  киесі.

Жан жетіліп жетімен,

Жеті тозақ өтінен,

Жанатқа өтіп барасың.

Өртен шығып жетімен,

Қызыл болмақ түсіде,

Барлық қимыл ішінде.

Адамзаттың айнасы,

Қозғалыс, себеп айласы

Айласы да пайдасы,

Аруақпенен өлшенер.

Құран болған негізі,

Жаралыс басы қозғалыс,

Түп сыры болған сегізде.

Жанаттан алып негізін,

Батасы болып жеті үнмен.

Жиналып аққа жазылған,

Өртеліп қайта жағылған.

Қызыл жеміс ақылдың,

Қазынасы нақылдың

Кітап десем бола ма?

Көңілге сонда қона ма?

Қолдан шығып бейнесі,

Тырнақ, саусақ, алақан

Иық, білек болып қар.

Жеті сүйек тізбесі,

Тағдырыңмен болар ар.

Қол қанаты бала боп,

Көлеңкесі адамзат,

Алдың, артың және бар.

Төртеуді де түгел қос,

Бойға жинап жарық ал.

Көгінен келер несібе,

Бесіншіңді және тос.

Бес қаруың несібе,

Шеріктік қуат тағы бар

Ішіңде рухың, жаның бар.

Осы жетіні ел қылу,

Ақиреттен болған аманат.

Он екі мүше сүйектер,

Екілік жұпты құрайтын,

Алтауы деген тағы бар.

Осы алтауға ел қонар,

Сүйектен өткен сөз қалар.

Ақыл алты, ой жеті,

Уақтың білдім айласын.

Жетімен алтыны қосумен,

Он үштің біліп пайдасын.

Бұл білімнің парасын,

Кітап жазып сөз қылғам,

Мысалы бар құранда,

Бейнесі бар көз болған,

Қалам балып аянмен.

Ақирет пен дүниенің,

Екі аралық елшісі,

Бейнеленіп  кремет,

Адам болған, сөз болған.

Түйе де болған басында,

Жәндік болған жыбырлап.

Өсімдік болып өркендеп,

Болар таудың тасы да.

Түрленіп малдық қуатқа,

Болған азық асыңда.

Кие болып артыңнан,

Түрлі бейне қалпы бар,

Аң ба құс па әйтеуір,

Жүрек деген заты бар!

Жәбірейіл қолы боп,

Пайғамбарлар өзі боп.

Уахи беріп жетектеп,

Дәрежесі жоғары,

Періштелік жанаттан.

Біртұтас адам сапынан,

Келетін де атты бар.

Әзірейілдің қанаты,

Найзасымен түйрейтін

Батыр, басқа да аты бар.

Қолында болып орағы,

Алатын жауап сұрағы.

Әскері болған өлімнің,

Тізеден беріп белгісін,

Өлімнің сырын меңгерсең,

Тазартып рухың жөнделсең,

Құлшылықты жөн көрсең

Ақирет сауда сұрағың.

Қосылсаң ғана аруақпен,

Болады қазақ тұрағың.

Қайғырсаң ойлап өлімді,

Өшпейтін жаңа өмірді.

Қалсын десең лағнет,

Құранменен зікір сал.

Атын айтып құрбан шал,

Қырық әулие аралап,

Тізеңді бүк тағзым ет.

Сыйлар сонда пырағын,

Батасы келіп ақирет

Шапағаты пайғамбар

Аруақ болар шырағың.

Отырсың неге, іздеп ал!

Ақирет аруақ патшасы,

Иманың, пара ақшасы,

Арыстан баба қонағың!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *