БАЛГЕР  ЕМШІ  БОЛА АЛМАС

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 75

Расулулла кезінде айтып кеткен,
Оның айтқаны өзгеріссіз бізге жеткен,
Болашақты болжаған бізден емес,
Деген сөзбен балгерлерді қатты сөккен.

Әр пенденің тағдыры өз қолында,
Бар жақсылық Алланың ақ жолында,
Дұғамен өмірің өзгереді,
Ықыласпен көңілің тура болса.

Балгерлердің, палшылардың күні қараң,
Ойланатыны, құлқыны, ойы арам,
Өзіне көмек бере алмай отырғанда,
Өзгелерді қатырсын олар қайдан?

Жындарға балгерлер жанын сатқан,
Жынмен алысып түні бойы таңы атқан,
Пенделерді бір-біріне қас қылады,
Тозақи етіп пенделерді күнә артқан.

Көзің ашық, көңілің ояу болса,
Бармаңыз балгерлерге лажы болса,
Намазды, садақаны реттесеңіз,
Тағдырыңыз реттеледі көңіл толса.

Емшілік балгерліктен сыры басқа,

Емшілік тақуалықпен бірге болса.

Құранның аятынан дұға оқып,

Ауруға шипа берер шара жоққа.

Надан дінші сөз ұғымын айырмаған,

Амалмен әрекет намаз орындаудан

Жақсылықпен жамандықты кетіретін,

Құранның аятына қарсы болған.

Емші қасиет әулиеліктен мирас болған,

Шипагерлік қасиет боп қанмен қонған.

Емшілікті сопылықпен меңгеру бар,

Бұл сырға Ясауи баба ізін салған.

(2010  шілде         ШЕБА РАХМАТУЛЛАЕВА)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *