Біз туғанбыз  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 52

Біз бабадан Алаш туғанбыз,

Ізбөрі еді елдік жан анамыз.

Қазақ, Созақ , Зейнеп бір туған,

Қазақ боп текті алғанбыз.

 

Жеті ел шыққан енші алып,

Ұлт болып әлемге таралып.

Орыстар жиен қазаққа,

Зейнептен христиан елі таралып.

 

Шыққанды ғұннан енші алып

Орысхан, Күйікхан басқарып.

Жапон, кәріс қандастар,

Сақ пен ғұн тектен таралып.

 

Аталық жұртын сақтадық,

Алты Алаш елі аталып.

Әлемге алты рет дінді тарқатқан,

Алты арыс арға жалғанып.

 

Жетінші арыс Мұхаммед аталып,

Діндердің бәрі түсті жиналып.

Үмметі болып жетінші асылдың,

Бар дініне әлемнің жалғандық.

 

Тоғыз жол торабы бола алдық,

Ясауи бабадан қалған даналық.

Әлемнің бар дінін бірлеген,

Ғылымнан қал, санды сөз қалып.

 

Нақылмен мирас, дін анық,

Ғылымы жаннан әлемге жалғалық.

Аталықтан шыққан қожа, төрені,

Ұлттан бөлек ру деп адастық.

 

Жан ғылымын  артқа тастадық,

Лағнетін алып құдайдың сыналдық.

Би, батыр, абыздар шықты дінді алып,

Аталық жұрты әулиелікке жалғанып.

 

Қан мен термен ұлы дала елі аталып,

Қазақстан елі енді аталып,

Біз болып жеті арыс елін құрғанбыз,

Егемен мәңгі елміз деп мақтандық.

 

Ақ туын бірлігі ислам қолға алып,

Қазақтың елін ұлы далаға із салып.

Ақ ұлға келген құдайдан елшілік,

Ақ батамен әулиелер елді толғантып.

 

Ақ бастау ғылымнан хал анық,

Жүректен жүрек қуат жан алып.

Ұйықтаған көңіл оянған,

Батамен ел, жаңбырмен жер сөз алып.

 

Діннен бөлек ел билік шықты тажалдық,

Қудалап садақасын елдің қызғанып.

Түлкі бас өңшең арсыздар,

Ешкі бас қылды масһабты жолға алып.

 

Біз деген бірақ бүгінгі бұл біз емес,

Біздерміз енді жүрген құр елес.

Ата жол дәстүрін заңмен соттаған,

Екі жүзді білімді қауым  жарым ес.

 

Жеті арысқа жоқ ар білімі жалғалық,

Ар-ұятсыз елді мәңгілік деп мақтадық.

Дүние, мал, байлық жанды өлтіріп,

Алты ауыз араз ібіліс жолына жалғандық.

 

Ескерту берді, жаратқан қолға алып,

Жетеліге айқын белгілермен үн салып.

Саналыларға уақи, хикметін көрсеткен,

Нұхтан қалған бұл да бір даналық.

 

Бар ма ер бойында Ары тұлғалық,

Бастайтын елді Құдайдан жол, жоба алып.

Жалаңбас, суық ми, баста жоқ тазалық,

Тектілігі жоқ, атадан алған ар сауыт.

 

«Армагеддогон» салтына жалғандық,

Саясаты арсыз елдерді қолдадық.

Тегің қазақ үзіліп, нәсіл жоқ,

Жануар мен жәндікке айналып.

 

Бүгінде енді қай туғанбыз,

Кімдердің жыртысын жыртқанбыз.

Екі күн жете санаңды жоғалтып,

Сыртың қазақ, ішің басқа азғанбыз!

 

Әлемнің бар азғындығын алғанбыз,

Қатын — би, білімді даналық қылғанбыз.

Қарағайдан асып биікке шықпаған,

Жалғанған жынға ерлерді басшы қылғанбыз!

(Қыркүйек 2015 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *