Ділге, иман-кітаптарға, кісілерге иман келтіру.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 127

        Барлық діншіге тән әдет кітаптарға иман келтіруді, барлық түсірілген кітаптарға сенім келтірдім деумен ғана шектейді. Яғни, сонымен масхаб білімінде; иман- тілмен айта салғаннан жүрекке енді, тілмен айтып тура даңғыл жолға түсіп, мүміндік те ислам шарты да бітті деп халықты да адасуға мәжбүрлейді. Ал пайғамбарымыздың өсиеттерімен ескертілген негізгі сахабалар мен біздердің әулие бабаларымыз орындаған, жетілген тақуалық намаз амалдарын қайда қоямыз? Қандай да болсын киелі кітаптар, мейлі нұсқау уахи түрінде, мейлі таңбалар түрінде болсын,

әуелі алдымен табиғат құбылыстары, оқиғалар яғни мұғжизалар түрінде көрініп, яғни кітап болып түсіп, соған енді адам баласы ақылы, білімі жеткенше сөзбен, таңбалармен, сызықтық бейнелермен салыстыру арқылы кітапқа, амалға айналдырады. Тағы жекелей адамдарға жаратқанның таңдауы түсіп, кейбір болған, болатын оқиғаларды аян түрінде көрсетіп және осындай пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген елшісі арқылы халыққа жеткізуді тапсырады. Бұндай заманға қарай жаңадан үкімдер мен аяттардың оқылуын уахи берілу деп атаған. Сондықтан уахидың көрсетілетін, дауыс түрінде естілетін, санаға білім болып жазылатын, көкейден бата болып айтылатын түрлері болып, оларды меңгеруді елшілік істерге жатқызады. Бірақ ислам дін ғалымдары бұрынғы құпия болған әулиелер меңгерген ілім сырының енді адамзатқа білім болып оқылатын уахиды мүлде жоққа шығарып, яғни тек пайғамбарларға ғана оқылған деген пәтуамен құранның 100-деген ашық аяттарына қарсы және Аллаға ортақ қосумен айналысатындарын біле бермейді.

        Мысалға, қасиеттілікті меңгеруге байланысты; көкейге салу, санада сөйлесу, бір перденің артынан сөйлесу сияқты ақ бақсылық қасиеттерді есептемегенде жалпы барлық пенделерге берілетін уахиды аятта; «Мұхаммед оларға; «Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді» де» (21-45) деген Раббымыздан ашық үкімдерді діншілерінің масхабты жол деп Аллаға ортақ қосуынан, дін хазіретінен бастап уахи естімейтін саңырауға айналғанын да біле бермейді. Ал, енді тақуалықты жетілдіру арқылы меңгеретін пайғамбарлық қасиеттерді құранда 24 пайғамбар дәлелдері арқылы беріліп, қалған бүкіл пайғамбарға түскен нұсқауларды жалғастырушылар елшілер аталып және соңғы пайғамбарымыздың сүннеттері мен ізгі істерін де жалғастырушы, бірлеушілер әулие-әмбилер болып табылады. Сондықтан әулие-әмбилік белгі болып, барлық елшілік амалдарын жалғастырушы істерге жатқызып, 57-сүре арқылы құранда ортасымен белгіленген. Ал бұл сүренің жұбы 75-ші сүре болып саналады да, сондықтан екі түрлі елшілік істерінің сипаты шығады. Негізінен барлық елшілік істер 75-санымен беріліп, яғни 4 пайғамбарлық қасиетке 24 пайғамбарлық дәрежені қоссақ 46+24=76 санымен, яғни 75+1, «Бір» Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері болып және бұл санға енді бес қуатты меңгеруді қоссаңыз; 81-саны, сол қолдағы барлық адамзатқа берілген соңғы нәтиже болып саналады. Олай болса негізінен 81 түрлі елшілік істердің болып, оның енді 76-сын Мұхаммед пайғамбарымыз намаздармен көрсетіп, өсиеттермен көбін астарлап ескертіп кеткені де хақ. Пайғамбарымыз: «Сабырлық, үнемділік және қажетсіз ысырапкершілікке жол бермеушілік пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиеттерінің бірі. Ысырапкершілікке жол бермеңіз.» (347-өсиет) Және; «Мүміннің түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деп те ескерткен. Сондықтан барлық пайғамбарлардың Мұхаммед пайғамбарымызға дейінгі орындаған амалдары, нұсқаулары қасиеттер жиынтығын құрап, енді оларды біріктіріп орындауды елшілік істерге айналдырумен Мұхаммед пайғамбарымызға пайғамбарлық дәрежемен жүктеліп, сондықтан да барлық дін істерін бірлеуші елші әрі дінде өзгеріс, кітап әкелуші соңғы пайғамбар болуы да осы сандармен тікелей қатысты.

         Пайғамбарлық қасиет жаңадан кітап оқушы, әкелуші болса, ал елші бұрынғы пайғамбарлар түсірген кітаптарды қайта оқып, амалдарға айналдырушы, әрекет, қасиеттерді меңгеруші болып ерекшеленеді. Осындай елшілік істермен бірге пайғамбарымыз миғраж хикметінен кейін; «Раббымыз; «Ол- (намаздар, құлшылық) бес, ал (сауап бойынша) елу. Менің алдымда сөз өзгермейді»,-деді…» (221-өсиет) Осындай ғылымы және сандық мәндері анықталмаған өсиеттерді тек сыртқы үгітін алумен пайда болған мұсылмандық бес парыз дегеніміз де, осы өсиетті негізге алғанын білдіреді. Бірақ бұл өсиеттің сандық сырына үңілер болсақ, мұсылмандар құлшылығы екі саннан, яғни 5-сүре, 50-ші сүре насихаттарымен түсіндірілгенін ескертеді. Және де осы екі сүренің өзара дәрежеленумен парын, яғни негізгі сырын; 55-сүре «Рахман» яғни рахманға құлшылық ұғымы шығады. Ал енді бұл сандардың шындығын қарапайым тәсілмен тексеріп көрсек; 76-елшілік,5-ислам намазы және 50 сауаптар намазы барлығы 81+50 немесе 76+5+50=131 саны, барлық құлшылықтардың негізгі нәтижесін беріп тұрғаны хақ Олай болса құран насихатының барлық жиынтығы, ғылымы болған Бақара сүресі 131 аяттан; «Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,-деді. Ол:»Бүкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді.» (2-131) Бұл Ыбрайым пайғамбарымыздың меңгерген құлшылығы, яғни Ыбрайым жолы дегеніміз осы!

        Енді жалпы Құран философиясы да, құлшылықтар негізі де бой ұсынумен ғана нәтижеленіп мүмін болу, иманды аталу, барлық ұғымдар осы санмен ғана нәтижесін беретінін ескертеді. Және бұл санды аяттардың бәрі; Алладан қорқу деп аталады. Мысалы Ниса адамзаттың негізгі құлшылығы; «… Сендерден бұрынғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Алладан қорқыңдар!,»-деп өсиет еткенбіз..» (4-131); «Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар» (26-131); «Осы (елші жіберілу) Раббың, халқы хабарсыз бір кентті зұлымдықпен жоқ етуші емес.» (6-131) Бой ұсыну, Алладан қорқу тек тілмен, оймен, намаз оқумен емес, яғни елшілік істерді, Раббымыздан келген хабарларды, аян, бата, уахиларды намаз қылып орындауды ескертіп, әулие аталарымыз меңгерген дәстүрлі дінімізді, ата жолын растап, ақиқатын ашып тұрғаны сөзсіз. Ал, енді бұндай қасиеттердің бастауын орындайтын амалдарын тәпсіршілеріміздің жоғалтып алған негізгі себебі де; сөздер ұғымдарын сол қалпында аударып, мағынасын көрсетпей пайдаланылғандықтан, «тәуәссил жасау», «Ақида жасау» «ижтиһади жасау», «истикрар жасау», «истауа жасау», «ыстықпар ету», т.б. атау сөздерді араптан төте алғандықтан үндік қуаты өзгерумен және өзге тілде ұғымы өзгерген сөздермен жастардың санасын аулаумен ібіліс қызметіне тұрып алғанын байқамайды да. Қандай да бір пайғамбар, елші болсын тылсым үндерін яғни құстар, таулар, оттың үндерін ана тіліне, сөзге айналдыру арқылы 7 үнмен ұлттық ділін, мақамын меңгеру арқылы елшілік істерін атқарған. Ал енді қасиет дегеніміз жан киімі, бой сауыты болып құранда: «Алла негізінен сендерді баураған» деп ескертеді. Және нұр сүресі 24-санымен белгіленуінің өзінде адам баласының 24 пайғамбар арқылы алатын зейнеті, киімі, шапаны-кітабы бар деген ұғымды берсе, ал ішкі бейнесі, ішкі рухани қазынасы, зейнеті 64 аяттық қабаттардан, мүшеден тұратынын көрсетеді де барлығының сүре мәнімен қосындысы; 88 санын береді де адам баласының есебінің барлық кітап санының, жаратылыс есебінің себептік белгісін, зейнетін көрсетеді. Сол қолдағы адамның өз бойында тұрған 81-88 ді алсақ, онда 7 кітап, Мұхаммед пайғамбарымыздың «Құранның жеті үнін меңгердім» деген ескертуі шығады. Ал жеті үнді, кітапты қайдан іздейміз?

     Алдыңғы 3-басылымда ескерткендей; Құран негізінен 7 кітаптың, үндердің жинағы болып шығады. Осы үн кітаптарының ішінен енді; Тәурат, Забур, Інжіл, Құран болып қалған 3 кітапты табу осы намаздардың, сәжденің сипатын ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыздың; «Мен негізінен 7 сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп ескерткені де, осы құпия сырды әшкерелеп және бұл кітаптардың адамзаттың жеті түрлі сезімдік қасиеті, жаратылыс сипаттарын меңгерумен, намаз орындау амалына айналып, сүйегіне жазылатыны, зейнеттелетінін білдіріп, мұсылмандық бес парызбен иман келтірдім деген ұғымның жалғандығын, тек бес сезімдік қуатқа ғана негізделіп; бұл пәтуамыз «Санды түсінбейтін санасыздарға» яғни жүрегі мөрленіп, құлақтары естімейтіндерге ғана түсініксіз болар. Сондықтан да осындай әр кітаптың өзіндік қуаттылық белгісі, зейнеті болып, жанның киімі жеті қабаттан, яғни үннен тұруы тиіс те, ал сөзге айналғанда аспандағы жеті жолмен жалғану керек. Адам баласының терісі де жеті қабатқа айналып, жетіліп қалыптасу да шарт. Және терінің де жетілу реттілігі болып, бас терісі 7 қабатпен жетілмей, басқа мүшелердің жеті жолға айналуы да мүмкін емес. Сондықтан жалаңбас жүріп қажы, дін ғалымы аталу да Аллаға серік қосу болып саналады. Сонымен адам баласындағы жеті жолдың нәтижелері зейнеті, қуаттары болып, оған енді бас, қол, аяқтағы жетілерді; 3х7-ні дәрежелеп қосатын болсақ, барлығы 21 санмен тағы да Ата жолының Айша анамызбен белгіленген 21 жұлдызды ақ туының да бір сыры шығады. Олай болса, 21 санының нәтижесі де бойға айналып, адам терісінде тұтастай бой болып, жеті өте нәзік қабаттардың қалыптасуымен ғана жан киімі зейнеттеледі. Енді киімсіз, жалаңбас, жалаң аяқ иман келтіру түгіл, алғашқы бастағы жетіні де қалыптастыру мүмкін емес. Раббымыз; «Аллаға тек тақуалық киіммен ғана жақындайсыңдар!» деп ескерткен. Және құранда аяқ, қол (бас) терілеріңнен сұраласыңдар-деп ескертеді. Енді інжілде бұл туралы: «Неге киімдеріңді ойлап (зейнет) уайымдап жүрсіңдер? Даладағы қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші. Олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген еді. Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздар-ау!…Қасиеттілерді (аруақтарыңды, кісілерді, жындарды, рухани серіктеріңді) иттерге тастамаңдар, інжу-маржандарыңды (қыз-жандарыңды, нәпсілеріңді) шошқалар алдына лақтырмаңдар! Әйтпесе олар соларды аяқтарымен таптап, бұрылып келіп (періге, жын-шайтанға айналып), өздеріңді жарып тастамақ!» (Матайдан; 6-7 тарау).

         Ал енді ислам дін ғалымдары және масһабшылардың бұл аяттың құпия сырын білсе, онда аруақ білімінен де хабардар болып, Інжіл күшін жойған деген жалғандыққа түспеген де болар еді. Және адам баласымен жаратқанның сөйлесуін жоққа шығаруды інжіл жазбаларында хаждың сырын баяндаумен бірге, аруақ арқылы тазарған жындық қуаттардан, зейнет киімін алу арқылы атқарылатынын дәлелдейді. Және бұл жағдайлардың зиярат, киелі ойпаттар, таулар арқылы атқарылатынын; «Иса осыдан алты күннен кейін Петір, Жақып пен Жоханды ертіп алып, бір биік таудың басына оңаша көтерілді. Сонды оның сыртқы түрі үш елшінің көз алдында өзгеріске түсті. Киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай тым аппақ болып кетті. Сонда ежелгіде өмір сүрген Ілияс пайғамбар мен Мұса пайғамбар пайда болып Исамен сөйлесті.» (Марқадан; 9-тарау) Осындай зейнеттелу қағидасын, құпиясының адамзатқа сырын ашықтап түсіндіру үшін інжілден бұрын да қасиеттермен, жан сырларының білімін және елшілік істер мен пайғамбарлар келтірген дін қағидаларын, нұсқауларын ғылым-білімге айналдырып, кітаптарға жалғануын қалыптастыратын Тәурат кітабын түсіріп, енді бұл барлық түсірілген діндердің бірлігін қалыптастыру керек болды. Ал бұдан кейін Зәбур кітабы; Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыз арқылы сөз өнерін, бақсылық істерді және барлық ішкі амалдарымен бірге бүкіл шариғат негіздерін қамтитын қағидалар мен сөз бірлігі мен құпиясын меңгеру болып табылады. Ал інжілге дейін адамзатқа дүние тіршілігінде, тек бір ғана рухани өлім ажал болып ғана беріліп, өмірдегі күнәлі істерін, сөздерін тек тән, сөз, қылық тазалықтарын қалыптастыру арқылы ғана сүннеттеліп, болмаса өлім арқылы ғана, шейіт болу немесе мал, дүние құрбандығы арқылы ғана айырбастап алатын еді. Бірақ бұндай жағдай тек санаулы адамдарға пайғамбарлық қасиеттерді, сөз білімін меңгеруші төрелер, елшілік істер мен ілім құпия сырын меңгеруші қожаларға ғана жеңіл болып, қалғандары ауыр азаптармен, дүние сынақтарымен, қан төгу соғыстарымен, қожаларға, қасиеттілерге, төрелерге қызмет жасап, құлдықта жүруімен күнәларынан ақталу тиісті болды.

       Енді Інжіл қағидасының түсуімен Ғиса пайғамбарымызды рұх арқылы тікелей жаратуымен және өліп қайта тірілу хикметті мұғзижасымен, енді адам жанының мәңгілік өмір сүруіне тірісінде көз жеткізу үшін рухани алғашқы өлімнің, яғни адам баласының күнәлі болмысы өліп, сол ескі тәнінде қайтадан анадан жаңа туғандай қайта өмірін бастауына, адам баласына құлдықтан құтылуға мүмкіндік беретін мұғжизаны, яғни қайта адамзат арқылы бейнеленген аруақтық киелі рухқа айналу қағидасын жаратушымыз Ғиса пайғамбар өмірі арқылы нақты дәлелдермен көрсеткен. Бір ғана осы сипаттың өзінен біздің масхаб біліміміздегі, «адам рухы өлмейді» дегендей мыңдаған өтірікшілердің, рухани тажалдардың пәтуа, тәпсірлерін және адам баласы тек қиямет-қайымда қайта тіріліп есепке тартылады дегендерін жалғандыққа шығарады. Ал, Құранда да бұл Інжілдік хикмет, мұғжизаны растап, Ғиса пайғамбардың өлмегенін, яғни қайта тіріліп, періштелік дәрежеде тіршілік етіп жатқанын растайды да сонымен бірге тек қиямет-қайымда емес, қиямет мезгілі, қиямет күні және қиямет сағаттары болатынын да дін ғалымдарымыз жалғандыққа алғаны да хақ. Бұндай әрбір пенденің тіршілік ету барысында міндетті болатын қияметтік, мезгілдік, сағаттық істердің бейнеленуін; елшілік, емшілік, қайырымдылық, ізгілік істер мен артық қайыр жасау арқылы күнәні өлтіріп, жүректі тірілтіп, жанды тазартып, рухани зейнеттелу істерін Ғиса пайғамбарымыздың ісін жалғастырушы 11 шәкірті арқылы және Ғиса пайғамбардың көктен өсиет беруі арқылы жалғасқан деп түсіндіріп, насихаттайды інжіл жазбаларында. Бірақ, бұл жағдайды христиан діншілері, тек Ғиса пайғамбар арқылы рух оқылып, оны Құдай деп табынып, құлшылық істерінде адасқандықтан, Құран арқылы оның негізінен Жәбірейіл періште арқылы оқылып, ал адам баласынан болған періштелер болса осындай хабар, уахиларды қайта бейнелеп, әрбір пенделердің тағдырына байланысты түрлі оқиға баяндармен көрсетіп, адамдар арасына үлестіруші екенін түсіндіреді. Осындай рух хабарын алу арқылы ғана адам баласының тіршілік ету барысында жинаған рухани азығы, зейнет киіміне айналып, бірақ ұзақ уақыт пайдаланумен және күнәнің де өріске еніп, бейнеленіп, жиналуымен тозады және ескіреді. Сондықтан рухани өлім арқылы тағы да жаңадан зейнет киімін ауыстыру керек болады. Інжілдің негізгі шарты да осында тұр; «Оларға тағы астарлап былай деді: —Жаңа киімнен жамау жыртып алып, ескі киімге жамамас. Олай етсе, жаңа киім жыртылып, жамау ескіге жараспас та еді. Сол сияқты жас шарапты ескі торсыққа құймас. Олай етсе быршып ашыған жас шарап торсықты жарып, ағып кетеді, торсық та бүлінеді. Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құю керек. Сонда екеуі де аман қалады. Ал ескі шарапты ішкен әркім: «Ескісі жақсырақ».-деп жаңасын сұрамайды.» (Лұқманнан; 6-тарау)

         Бұл астарлы әңгімемен; Ғиса пайғамбарымыз діннің киімі, шарабы інжілдік нұсқауларды орындаудан жаңаратынын, оны бұрынғы кітаптармен, заман оқиғаларымен, ескі қағидалармен араластырмай, жаңадан түскен нұсқауларды, хабарларды сол қалпында қабылдап, жалғану арқылы діннің даму заңдылығын сақтамаса адамдар зұлымдыққа ұшырап, қаралай жынданатынын ескерткен. Бұл інжілдік аят, нұсқауларды Құранда аятпен бекітіп; «Бір аятты ауыстырсақ, немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т)ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?» (2-106) Бірақ масхабтық және ислам ғалымдары Ханафи масһабынан кейін ешқандай аяттар да нұсқаулар да уахи болып оқылмайды, яғни өліктер сөйлемейді, Алла тағаланың ондай хикмет мұғжизаға күші жетпейді деп ашық қарсы болуына, қазақ елінің барлық ел билігі мен зиялы қауым өкілдерінің жәрдем беріп, өздері осы аятқа және інжілге де қарсы шығып кәпірге, шайтан жамағаттарына айналғандарын біле бермейді. Осындай ескі білімдерін жаңалап, жетілдірмеген арап елінің көктемі деп аталған жағдай осы өсиетті, аяттарды растап жатқаны сөзсіз. Және інжілдік шарап ішетін торсық-ыдыс, адамзат бойындағы жан үйлері болып, еркекте ол 30 санымен, әйелдерде 40 санымен белгілі болып, барлығы 70 үйдің болатынын және Мұхаммед пайғамбарымыздың иманның екінші дәрежесі 70 бұтақты екенін ескерткен өсиеті де осы жағдайдың хақиқатын әйел мен еркек жандарының бірленуімен ғана нәтиже беретінін көрсетеді. Қазақ дәстүріндегі жер дауы мен жесір дауының бірінші орынға қойып, жесірлерді ұзақ уақыт күйеусіз жүргізбей және тоқал, бәйбіше салты да осындай жандардың бірлігін қалыптастыру мен 70 бұтақты имандық қуаттарды меңгеруге негізделгенін біле бермейміз. Бірақ құранның араптарға келіп, ал бұрынғы пайғамбарларға келген жан ғылымының құпия сырлары мен нұсқаулармен, кітаптарымен жалғану қағидалары болғандықтан және пайғамбарымыздан кейінгі діннің даму заңдылығының да осы шарттарды сақтамағандықтан, жалпы исламда діннің бөлшектену және рухани азғындануын ғана туындатқан.

       Сондықтан інжіл нұсқауларын алған елшілер, тәурат діни шариғатын орындау арқылы ғана жаңадан рухани өмірді қалыптастыруға жүректерді тірілту үшін; Адамдардың төбесіне елшілердің қолын қою арқылы жүректерін ашып, иман қуаты келіп, зейнеттеліп тіпті өліктерді де тірілтіп көрсеткен. Құран түскенге дейін жан ғылымы болған елшілік істерді меңгерген бақсылар арқылы ғана иманды жүрекке зейнеттелудің тікелей атқаратын тәсілі болғанмен, ал исламда бұл тәсіл адамзат білімін жетілдіру арқылы және Құран ілімін меңгеру намаз оқу арқылы да тікелей атқарылатынын да білген жөн. Пайғамбарымыздан кейін де мұндай қасиеттерді меңгергендер пір аталып, сопылық жолдың қалыптасуы да осындай тәсілмен, тазартумен, жүрекке иман келтіру амалдарының түрлі әдістері болып, исламдағы көптеген дін топтардың, сопылық мектептердің қалыптасуына да себепші болды. Бұл тәсілмен иман келтірудің 60 бұтақты бірінші дәрежесіне жататынын, сондықтан масһаб білімінің қалыптасу себебі де осындай әрекеттерден пайда болады. Ал, осындай иманның алғашқы сатысын меңгеруге жәрдем беріп тазартушы болған, емшілік, бақсылық істерді меңгерген рухани елшілер де қарапайым адамдар арасынан тағайындалатынын көрсетіп және мәңгі өлмейтін Ғиса пайғамбар рухына, сөзіне, насихатына жалғану арқылы киелі рухқа жалғанып дарындылықтардың ашылуына інжілді меңгеруді міндетті екенін түсіндірген. Аятта; «Мұхаммед айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың (кітап иелері, інжілдік, забурлік, тәураттық елдердің) көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Пайғамбарымыз арап елдеріне ғана көрсеткен істерді сол қалпымен еліктеп, тек арап сияқты намаз оқудың соңына түсуден, біздер сияқты кітап берілген елдердің өз кітаптарын тастап қоятынын ашық ескертіп, сынақтарға түсуін және түрлі мұғжиза, хикметтер арқылы білдіретінін Раббымыз астарлы ескерткен. Бұл сырдың астарында Арыстан бабамызға құрма дәнімен пайғамбар сәлемдемесін және жасырын тапсырылған, арап елдерінің қателіктерін түзеуге берілген аманаттардың болғанын да біле бермейміз. Демек біздің масһабтық дін ғалымдарының бес парызбен иман келтіру туралы берген пәтуалары жалған және Інжілді оқушы істерге айналдырушы Ғиса пайғамбар аруағы қашанда бар, тірі және рухани өлім арқылы сатылап, таза ақылға, рухани негіздерге, жаннаттық әулиелерге жалғану діннің басты қағидасы болу керек.

        Сондықтан да қиямет мезгілінде, жер бетіндегі қазіргі таңдағыдай тажалдар, өтірікшілер дін бастарына келуімен; Ғиса жерге түсіп, Мәді (Мұхаммед пайғамбар аруағы) жерден бейнеленіп, пайда болатынын әулие бабаларымыздың алдын ала біліп айтқаны да хақ. Және ондай замандарда бұндай істерді меңгерушілердің жол басшысын Мәсіх-Ахмет атап, Ғиса пайғамбарымыз бастың, ойдың жындылығынан рух арқылы алғашқы жанды тазартушысы, сүннеттеуші, зейнеттеуші Мәсіх болса, ал Мұхаммед пайғамбарымыз негізінен аяқтық жынды, мінезді шайтаннан тазартушы, екінші дәрежелі әйел еркек жанын бірлеуші Мәсіх-Ахмет. Ал, қолдың ағарып тазартушысы Мұса пайғамбар арқылы болса, көкірек және ар сауытын қалыптастыру Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар амалдарына, кітаптарына жалғанумен ғана атқарылмақ. Негізінен Мұхаммед пайғамбарымыз да, алдыңғы өзінен бұрынғы кітаптарға толық жалғанып, бастың Масіғі болған Ғиса пайғамбар арқылы рухын тазартып, енді соған байланысты жанды толық жетілдіріп, екінші рухани өлім, яғни мәңгілік өмірдің көкке дүние тіршілігінде қалай жалғанудың мұғжизасын көрсеткен, Мәсіх-Ахмет болып рухтың, жанның толық бірлігін зейнеттелуін қамтамасыз ететін ақырғы, пайғамбарлар аяғы, соңғы пайғамбар болып есептеледі. Және жанның негізгі тостағы, ыдысы «Аяқ»-пен, тазарумен байланысты аруағына жалғана алатынын да сол замандарда білген; «Шимон Петірдің қасына келгенде, Ол Исадан: -Ием, Сіз аяғымды жуайын деп жатырсыз ба?-деп сұрады. Иса оған:-Не істеп тұрғанымды сен қазір емес, кейінірек түсінесің,-деді. Петір –Мен Сізге аяғымды еш уақытта жуғызбаймын,-деп қарсылық білдірді. Иса: -Егер сені жумасам, онда Менімен тығыз қатынаста бола алмайсың,-деп жауап берді. Сонда Шимон Петір. –Ием, олай болса, аяғымды ғана емес, қолым мен басымды да жуыңыз! –деп өтінді. Иса астарлап: —Шомылған кісі тап-таза, оның аяғын ғана жуу керек. Сендер тазасыңдар, бірақ бәрің емес,-деді.» (Жоханнан; 13-тарау)

      Бұл астарлы істің сыры да, ислам дінінің соңы аяқтың тазарумен ғана сүннеттелетін, Мұхаммед пайғамбарымыздың соңғы көктен әкелген екі аяты мен бес уақыт намаздың және негізінен намаздың 50+2=52 амалымен байланысты болып, пайғамбарымыз негізінен аяқты тазартушы Мәсіх және діндердің бәрін исламға біріктіруші Ахмет екенін көрсетеді. Сондықтан сол кездердің өзінде де Ғиса пайғамбарымыздан кейін келетін Мұхаммед пайғамбар арқылы елшілерінің өзімен байланысатынын ескерткен. Осындай қиямет-қайымға дейін жалғасты жіберілетін елшілік істердің негізгі сипаттарын, қасиеттердің бастауын; жүрек ашу, дем салу, түрлі Ғиса пайғамбардың рух арқылы хикметтерін көрсетуді, Мұхаммед пайғамбарымыз да жалғасты түрде көрсетіп, рухты оймен бірлеудің үлгісін қалыптастырып; 52+1=53 және 52 екі негізгі құрандағы басқарушы сандарды меңгеріп, жаңадан тура жолдың негізін, үлгісін қалаған. Осы белгілерді меңгеріп, намаздарды толықтырып жетілдіруге, бірден-бір өз үлестерін, орнын, хикметті істерін қалдырып, бақсылық, емшілік істердің жоғары рухани дарындылықтардың негізін қалаған, түрлі мерез, жын ауруларына дейін жазып, өліктерді тірілтіп, өзендерден батпай кешіп өтіп, отқа өртенбей т.б. Ғиса, Мұхаммед пайғамбар істерін жалғастырушы 24 пайғамбар қасиеттерінің бірлігін қалыптастырып зейнеттелуін, хикметін көрсете білген ислам әлемінде, әсіресе қазақ халқындағы әулиелерді жүздеп санауға болады. Бір ғана Бекет атаның көрсеткен хикметті істерін, зейнетінің кереметпен бейнеленуін, яғни көрнеу кітаптарға айналуын кім жоққа шығара алады? Ал, ислам дін танытушылары адам өлгеннен кейін топыраққа айналады да, ұзақ және мерзімі белгісіз, қиямет мезгілінде жалпы түгел адамзат болып қана тіріледі деген пәтуа береді. Олай болса, әрбір жеке-жеке пенденің Раббысының алдында түрлі жағдайда жауап беріп, жақсылығына сыйын алып, жаманшылығына белгілі жазасын алып өтейтін ақирет өмірі мен екі арадағы тіршіліктік жағдай мен аруағы яғни сөзі де, істері, зейнеті құраннан алған кітап-кісілігі де өледі дейді. Олай болса, өлген адам ешкімге пайда түгіл, зиян да бере алмайтын болып, өңі түгіл түсінде зейнеті (киімі, бейнесі, рұхы) де көрінбеу керек еді. Шындығында солай ма?

      Адамзат тарихында әрбір пенденің басына келіп жатқан түрлі аруақтық себептерді, миллиондап келіп жатқан мысалдардың, тарихи шежірелер мен оқиғалардың, дүниеден өткен барлық аян, уахиды мойындап жазып кеткен еңбектерінің бәрі, қазіргі таңдағы құранды арапшадан жүргізіп оқып, тәпсір, хадистерді ақыл жұмсамай жаттап алған діншілер алдында адасқан сауатсыз аталып, бірақ күнделікті әулие бастарынан айқын көрініп, бейнеленіп жатқан хикметті істерді, кітап-кісілігін қайда жасыра аламыз? Ал, сондай өздерін Құдайдың ең жақын құлы санаған және намаз оқуы, жаттаған құраны, арапша қайтарып, тілеген дұғасы барлық қиындықтан, бәле-жаладан құтқарады деген діншінің кез келген әулиенің басына барып мазарына, басқалай мүліктеріне, зейнетіне тиісіп көруге батылы жете ме? Қандай да бір әулиенің мұндай зұлымдық істемек түгіл ниеті бұзылса, міндетті түрде пайдасы болмаса да, ана дүниеге аттандыруға, болмаса мүгедек қылуға құдіретті хикметтерге соқтыруы сөзсіз шындық! Ал егер де мұндай әрекеттерді жын-шайтанан болады десек, онда «жын-шайтан» еместер кімдер? Және Алланың ұлықсатынсыз бірде-бір жапырақ, яғни иман білімі жерге түспейді,-деген пәтуаларын қалай түсіндіреді? Әрине бұндай құранның кітап-кісілік, көместік қозғалысқа айналған, себептік жағдайларға, хикмет пен кереметтерге қазақ тарихынан мыңдаған мысалдар келтіруге болады және қазіргі таңда дәлелдердің жалғасып жатқанына халық куәлік бере алады. Олай болса рухы, ісі, аруағы тірі, кісілігі бар, өлмеген деген белгі. Ал егер қандай бір діншіге әулиелер көрініп немесе басқалай пайда бермесе, сенімі жоқ өзінен, иманының жетімсіздігінен, амалының аздығынан ғана көру керек. Бірақ ондайларға әулие ата-аналарымыздың өлім алдында, өз бейнесінде міндетті түрде келіп, жетектеп, Алланың алдына апарып, сотқа тартуға куәлікте тұрып, өз үлестерін, сөзін де қосатынын, алда құран аяттары арқылы дәлелдейміз. Сондықтан пайғамбарлар арқылы Раббымыздан түсірген, көрсеткен кітаптардың, яғни қозғалыстық себепке айналған параларының парақтары (сухуфтары) жоғалды, өзгерді, істерін, хикметтерін қайталау мүмкін емес деп және оны қайталаған әулие-әмбилер мұғжизаларын дұрыс емес деп немесе істерін жоққа шығару — діни надандық және ортақ қосушы кәпірліктің де өзі болып табылады!

       Құранның негізі сандармен білдірген, көрсеткен ғылым сырына, теологиясына ашық қарсылық білдірумен де көрінісін береді. Әрбір сүренің  маңыздылығы да осындай сандар құпиясымен жалғану арқылы пайда болған періштелік күш, қуаттық шаманы да бейнелейтін, адам баласының меңгеріп, зейнеттелу арқылы алатын, көктік несібесі және мұғзижа, хикмет, кереметтер құран аяттарының бейнеленіп, көрінуін білдіретін кітап-кісі болып есептеледі. Сондықтан жердегі адам қолымен жазылған кітап өзгергенімен, жаратқанның оған, рухына, жанына берген, осындай сандардың жиынтығынан пайда болған аруаққа айналған сүрелердің және адамзаттың аруақтық жаратылыс кітабын, ата-анасынан, Адам ата Хау анадан кім алып қояды? Өздерінен жаратқаннан алған аруақтық дәптерінен оқып, маған көрсет- деп сұрап қайта алуға болмай ма? Ол үшін тағы тәуратқа, інжілге, зәбурге келіп, сенімнің амалын орындау керек. Кітаптарға иман келтіру дегеніміз, яғни әрбір кітаптың көмес бейнесін алу, аянын көру, есту деген ұғым пайда болады. Егер сенім-білімін жетілдіру арқылы сол кітаптардағы хикметті істерді қайталап көрсетпесе, онда сүрелік кітабы, құпия білімі қалай иман, кісі, жарық тегі болып енуге, жүрекке зейнеттелуге тиісті? Және үйден, мешіттерден шықпай-ақ, алыста тұрған, көктегі жарық кітапқа намаз оқу ғана арқылы қалай қол жетеді? Ал, ислам діншілдері ондай көктегі кітап түгіл, жер бетіндегі дайын қағазға басылған кітаптарды құран аяттарымен салыстырып, тексермек түгіл, Інжілді өзгерген, адасқан деп оқуға тыйым салады. Сол сияқты Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарға түскен кітап қазақ елінің негізгі бақсылық, емшілік істері болып, әулиелер сүйегіне жазылып, нұр жарық болып, қайта оқылып жатқанын білуге де талпынбақ түгіл емшілік тазару амалдарын; жын-шайтан, «шерік қосу» деп ырымға айналдырып, діннен терең білімі жоқтарды үркіту амалын кім ойлап тапқан? Бұндай хабарды берушілер, елді байбаламдап үркітушілер, тура жолға бағыт алған пенделердің алдында отырып алушы болған, өздері енді ібіліс сарбаздары болып табылмай ма? Егер шайтандар бата беріп, жын-шайтандар өздерін емдеп, тазартып сауықтырып, халықты түзу жолға шақырып жатса, онда өздері қалай кімдердің себептері арқылы дінге шақырады? Бір тойға екі жарлық қалай қатар жүреді? Демек жын-шайтан өздеріне соғыс ашып жатса, әлем түгел дінді меңгеріп, сынақтарға түсіп, сыналмай-ақ тура жолға түспей ме? Ал, ондай қарсылық заңы сынақтар жоғалса, дүние тіршілігі тоқтап, бәрі ақиреттік тіршілікке айналу керек. Ғылымы қандай?

     Негізінен дін заңдылығында пайғамбарлармен түсірілген кітаптармен хат болып жазылғаны бар, болмаса хикметті істер болып, елдің тарихында ауыз екі әдебиет түрінде қалғаны да бар, мейлі қандай белгінің де орындалу көрінісін, нұсқауларын мақал-мәтел және әдет-ғұрып, салт-дәстүр түріндегі халықтың негізгі шежіре кітабында көрінісін беріп отырады. Ал, адамзатқа келген барлық кітаптардың ғылымдарының жинағы, әуелі үш кітап түрінде, кейін Құранға астарлы сөздермен және сан құпиялары арқылы жинақталған. Сондықтан да Құран рухани ілімнің, діни кітаптардың жинағы. Енді құранның әрбір аятының өзінде ел тағдыры мен оқиғалар желісі, яғни бұрынғы аталарымызға түсірілген және көрсетілген аяндар тізбегі бар. Негізінен дін қағидасының төрт мүшесі бар. Құран осы мүшелері арқылы ғана толық дін және бүтін рухани дене болады. Інжіл-көзі мен басы, Тәурат— қолы мен мойыны, Зәбур-жүрегі, ішкі сезім сыры, ал Құран бәрінің нәтижесі аяғы, діндер құлшылығының соңы, аяқтың +талуы (аяқталуы) мен әрбір елдің, үмметтің жекелей шежіре ағашы мен өмірдің алғашқы бастауы және хабаршысы болып саналады. Егер Құран адамзаттың хабарларды білдіретін, еститін құлағы болса, онда денеңнің қалған қандай да бір мүшесін, енді «маған керегің жоқ» деп қалай айтуға болады? Керісінше, әлсіздеу болып көрінген мүшеңді көбірек қамқорға алып, көріксіз тек өзімізге ғана аян мүшелерімізді жұртқа көрсетпей, ерекше жауып қойса ғана тегінде пайдаға асып, сол көріксіз және қажетсіз деген мүшелер арқылы ойлаған түпкі мақсатымызға жетпейміз бе? Сол сияқты пайғамбарлар да бір-бірінен тараған және тұтастай алғанда ғана толық рухани дене болып, тірілер әлемін көрсетеді. Егер Інжілді кітап ретінде мойындап Ғиса пайғамбар істеріне жалғамасақ, онда тірі екенін де мойындамаған және Құранды да өтірікке шығарамыз. Егер Ғиса пайғамбардың тірі екенін мойындап; емшілік, елшілік тазару істерінің шапағатшысы, желеп жебеуші екенінен бас тартсақ, онда Мұхаммед пайғамбарымыздың мәңгі тірі екенінен де бас тартып, шапағатынан құр қаламыз. Сол сияқты Алланың достарын өлі, енді машқарда ғана тіріледі деп шешім қабылдасақ, онда барлық пайғамбарлар да өлі болып, Алланың жаратылыс себептерін түгелдей жоққа шығару болып танылады. Себебі аралық Алланың құдірет қолы, яғни әрбір пенденің жақсылы жаманды қозғалыс әрекеттері, істері яғни аруағы да мәңгілікке жойылады деп түсіндіру надандық және ақирет өмірін, тіршілігін, жалпы табиғаттың айналмалы (биоцинез) заңын да жоққа шығару болып табылады. Олай болса, басқа кітаптар түгіл құранның қарапайым үгітіне де иман келтіре алмаған болып таныламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *