Дін ниеті және намаздар сипаттары.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 78

Елде болып жатқан дін аралық қақтығыстардың ушығып әлемдер халқының назарына ілініп әрбір ойлы адамды толғануға түсірткен бабаларымыздан қалған мұра-асыл қазынаны қойынына басып кілтін тығып қойған «Қарынбай» болғанша, көп шибөрінің жемтігі-ақ болайын деп, «жаратқан жар бол, аруақ қолда!» деп тылсымнан ұлықсат та сұрадым. Ұлықсат та көп күттірмеді, шабыт болып келді, аянмен жолды ашты! Сондықтан соңынан алға қарай жазылған, барлық басылымдардың, мәдениет майталмандарының, «көгілдір терезе» (теледидар) мамандарының, ақындардың, ғалымдардың, дәрігерлердің (шипагер), әкімдердің, сөз шебері мүйізі қарағайдай «философтардың» (шешен, абыз) талайының алдына ұсынылып, қабылданбай шаң басқан, қағазға түскен ой толғауларды қайта үн парақтар түрінде (баспагер, тілшілер қабылдамаған)  жариялай отырып негізгі себептерін, тарихын талдай отыра, тың деректерге көшуді, яғни құран арқылы сөз, ой «жиһадын» (сөз майданын) ашуды жөн көрдім. Бабалардан  қалған салтымыз; Сын қалай айтылса да тек ақиқатты ақтау үшін ғана халықтың мүддесін, Алланың жолын бұздырмау үшін айтылу шарт. Сондықтан басылым бетінде өзімізді (ақ жол, ата жолдықтарды) қоса сынап, жіберген қателіктерді, дінге жасалып жатқан өз араларымыздан шығып та жатқан дінге, аманаттарға, батаға зұлымдық, шайтандық іріткі қылықтарды ашық айтып және ешқандайда шендінің, шекпендінің орнына немесе атақ-дәрежесіне қол созып қажет етпейтінімді, жаратқанның берген, көрсеткен сыйына айырбасталмайтынын, соған қоса болашақта дәрежелеп атамай тек тарихымызда болған қайталанған оқиғалардың бірі деп қабылдауларыңызды ғана сұраймын. 

 Алда талай жан ғылымын меңгердім деген ғұлама да, хазірет те, ғалымдардың да, дәрежелі философтардың да, баспасөз майталмандары мен жазғыштардың да (аруаққа, қазақ дін танымына, жалпы құран ғылымына қарсылардың) басылымдардан еңбектері таңдап алынып, құран арқылы қателіктері көрсетіліп, нақты дәлелдер келтіріледі. Сондықтан да жаратқаннан берілген дәрежеден артық адам баласы бір-біріне дәреже, сый құрмет, махаббат көрсете алмайтынын ұмытпаған абзал! Адамзат баласына ортақ қажетті, орындауға, пайдалануға, түсінуге және ұлттық, тілдік ерекшеліктерге де қарамай көрнеу, көмес, ғайыпқа байланысты жасайтын амалдар, заманға тән бейімделуге берілген шаруалар мен істердің, яғни намаздардың оқылу, орындалу, толық орындалу жүйесі бар.

 Әрбір халықтың өзіндік шаруасына сай негізгі тегі бір болғанмен және сыртқы нәсілдік, тектік бейнесінде ұқсастық болғанымен, тіл ерекшеліктеріне қарай ішкі орындалу ережелері де өзгерістерге ұшырап отыру заңды құбылыс. Сондықтан әр нәрсенің ақиқатын нақты бейнесін тану арқылы нанымдар қалыптасып, оны «ғұрып» деп атағанымыз абзал. Нану үшін әуелі сене білу керек. Сол сенімді қазіргі таңда көп жағдайда «ДІН» деп атап, адам баласының сыртқы еркіндігін анықтайтын шама-шарқы ретінде пайдаланатын болдық. Сыртқы еркінділіктен керісінше өзінен жоғары, дәрежелі, бай, т.б. қандай да болсын билік, атақ, шенді шекпенділерге тәуелділік пен ойы мен сөздеріне, өздеріне, шендеріне табынып құлдықта болуға себеп болады.

 Діннің тазасы, нәтижесі ақыл-ойдың еркіндігін қалыптастыру. Ақыл-ойдың еркіндігін шектеп, ақпараттық мұқтаждықты және оған байланысты  ақылды заңға айналдырып ойдан немесе қолдан қалыптастырып,  дінді ерікті немесе еріксіз  мойындату турасында әлемде жанжалдар, әртүрлі соғыстар мен бірін-бірі құлдап немесе құлданып, екі ағайынның, әке-шешенің де арасына от салып елді біріктіруге емес, бас-басына ту алып бөлшектеуге ғана қызмет етеді. Қазақ елі де бұндай құбылыстан аман қалған жоқпыз. Сыртымызды, «түгімізді» қампайтып әлемдер алдында мақтанып, діндерді біріктіріп жатырмыз деп күшенгенмен, ішкі әлеміміз, ой-санамыз түтін сасып, өртеніп, суға кетіп, әйелдеріміз азып, ұрпақтарымыз мәңгүрттеніп, әлемге келген індеттердің қайсысынан да сау қала алған жоқпыз. Онда қазақта қандай дін? Қандай тура жол? Қандай да аурудың, дерттің себебін біліп барып, содан кейін ғана қалай қорғану, зұлымдықтардан сақтану тәсілін таппайынша рухани емделем немесе аурудан құтылдым деп ойлай ма? Әлем халқы білгенінше сол аурудың емі «Шындық» атты діннің дәрісін жабылып іздеп жүр және менен ал деп сөздерін сатып та, еріксіз тықпалап қымбатына өткізіп те жатыр. Сөз шындығы үш белгіден; ғайыптық, көместік, көрнеулік сипаттары бар. Бізге белгілісі көрнеулік сипаты түсірілген киелі кітаптар мен күнделікті көретін түстеріміз. Ал көмесі мен ғайыбын тек дінді меңгеру (тура жолды) арқылы ғана анықтай аламыз.Сол бізге көрсетілген, түсірілген шындықтың іске айналып белгілі оқиғалар мен ел, жер және жеке адам баласының тағдырына айналуын «Шын» деп атаймыз. Шындықтың шынға айналуы үшін ара ағайыны орындаушысы ортағы «Хақиқат» болу керек. Хақиқат жаратылыстан бастап, Адам атамызға онан кейінгі келген пайғамбарларға, елшілерге, әр түрлі өнер иелері мен Алланың досы болып саналатын әулие-әмби сүйген құлдарына берілген хикметті істер, нұсқаулар, ескертулер және белгілі болған ғылымды айтамыз. Бірақ шын да үшке бөлінеді; бүгінгі шын, кешегі шын, ертеңгі шын. Сол шынды белгілі дәрежеде керегін алып, ескіргенін жаңалап заманына сай өзгерістерге бейімдеп пайдалана білуді, яғни жаратушы тарапынан жоспарлы түрде  әрбір жеке пендесінен бастап ұлттық, тілдік ерекшелігіне, түсіне, түріне, меңгерген ісіне қарай тағдыр болып маңдайына жазылған және үнемі қайталанып беріліп оқылып тұратын ақпараттар жүйесін «Дін» деп атаймыз. Дінді әркім өз қажетіне қарай рухани ризық түрінде алуына да ерікті болмаса еріксіз түрде өмір сүру ерекшелігіне қарай оқиғалар желісі болып тағдырға жазылып отырмақ.

 Олай болса барлық жаратылыс нәрсесінің белгілі бір өмір сүру ортасы мен сипаты және мезгілі «өлімі» болса, онда түрленуі міндетті болмыс. Демек жаратылған әр нәрсенің де діні, «өлімі» бар. Тек әр түрлі себептермен мерзімін, өлшемін белгілеп отыруға өзіндік уақыты, яғни ішкі рухы үнемі қозғалыста, айналымда болады. Адам баласының дінінің қозғалысы, түрленуі, өзгеруі жартылай өзіне, қалғаны көместе, негізгі тағдырын ғайыпқа бекітіп қойған. Сондықтан өлім ғайып, өмір ғайып, нәсіп ғайып! Бірақ ғайыпты көмеске, көместі көрнеуге айналдыру амалын да сүйікті құлдары арқылы көрсетіп білімін жаздырып және де өз араларымыздан елшілер, қасиетті адам балаларына көрсетумен ғылымын дамытып, кеңейтіп, түсіндіріп жеке пенделеріне өз жобасына сай да түспен, аянмен, уахимен білдіріп отырады.

 Осы амалдардың үнемі қайталанып орындалу әрекеттерін «Намаз» деп атайды. Намаз- заман өзгерістеріне тәуелді түрде белгілі бір жүйеде, қағидаларда орындалу тәртіптері заманға тәуелді түрде өзгерістерге түсіп тұруға тиісті себепті қозғалыс ғылымы болып табылады. Сол жүйелі қозғалысқа себепші болатын адам баласының ішкі дүниесінің көрінісі, күнделікті жасайтын ізгілікті істері мен халыққа, адамгершілік парыздарға бағытталған ақыл-ойы, яғни «Ниеті» болып табылады. Хайуанда да ниет бар, бірақ күнделікті өмір, тіршілік қамы мен өз ортасындағы белгілі бір мүддеге ғана бағытталған. Ниет ақылдан ғана туындайды. Олай болса әр адам баласының діні ақылының көрсеткіші мен іс-шараларының жемісі болмақ. Мысалға алсақ; менің дінімнің үш түрлі шамасы бар. Біріншісі- сыртқы ортаға көрінісім; тәрбием, тілім, сөз сөйлеу еркіндігім, қылықтарым, т.б. басқа яғни халық алдында жасыра алмайтын көрінісім. Екіншісі- ішкі сырым; білімім, мінезім, өнерім, т.б. жағдайға қарай кейде көрнеу, көмес көрініс беріп тұратын өмір сүру қамындағы қалыптасқан қасиеттерім. Үшіншісі — тек Бір Аллаға тән құпия істерім, ойлау қабілетім, яғни рұхтық (жерлік, отандық, ұлттық) тазалығым. Пенделіктің басты белгісі болып табылатын қылықтардың бірі; кейде осындай ішкі құпиямызды білдірмеу үшін;  «ниетім таза болса болды емес пе?» деп өзімізді-өзіміз кейде алдаусыратып жатамыз. Онымыз жалғандық. Себебі ниет иман мен тазалықтың жиынтығынан  тұрады. Тазалық -пенденің адамдық қасиеті. Оған ұлтына, өскен жеріне, отанына, жынысына лайықты қалыптасқан, қалыптастырылған тәрбиесіне тәуелді. Және тән тазалығы, жан тазалығы болып екіге бөлінеді (алда талқыланады). Иман- ақыл және ғибадаттан тұрады. Олай болса имансыз ғибадатың тұл, ақылсыз иманың толық емес. Сөздің де істің де нәтижесі ақылмен ғана өлшенуі керек. Олай болса ақылдың да белгілі шамасы болу керек емес пе? Қалай анықтаймыз?

 Адамшылдық, парасаттылық яғни зайырлық деген шама бар. Ол шаманы «Әдет-ғұрып, Салт-дәстүр» деп атайды.Ол  әрбір халықтың тіліне, ұлтына байланысты мыңдаған ғасырлар бойы қанмен, термен жазылған өмірлік тәжірибесі! Жазылмаған заңы, үнемі заманына сай намаздар арқылы кейбірі тұрақты, кейбірін жетілдіріп жаңалап отыру «Дін жолы», яғни дәстүр деп аталады. Ал үшеуі; әдет-ғұрып, салт тек ғылымға, заман өзгерістеріне ғана байланысты өзгеруге тиісті. Сөз жасаушы философ, сопыларымыз бәрін дәстүрге (ділдік қарсылық, шипа) айналдырды да қазақты сөзбен тек европаға, арапқа мықтап байлап қойды. Зайырлыққа, яғни адамгершілікке жата ма, жатпай ма оны оқушы өзіңіз шешіңіз. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалай бітіргенінен емес. Қанша тілмен иман келтірдім деп; көңілім түзу, ниетім дұрыс  деп қанша тыраштанғанмен де ақыл жетімсіз болса, сол жақсы дұрыс сөздің де өңі қашады. Яғни сыртқы бейнең шайтанға немесе жәндікке, иісің жынға болмаса жартылай европа немесе құм арасында жүрген бедеуилерге ұқсап, өз жерінде қазақ арасында өзін ерекшелендіріп, отырған тағымен, үкіметтен алған дәрежесімен құдай ісіне араласып өзгелерден өзін ақылды санау ақымақтар ісі. «У ішсең де руыңмен бол.» Әдет-ғұрып және салт-дәстүр Алла жолы болып табылады. Алла жолына қарсы жол бар, ол- «ібіліс жолы».

 Дін жолы осы екі аралықты қамтиды. Дінмен де қаруланып шайтанға, зұлымдыққа да жәрдемші болуға болады. Осы ұғымнан барып мемлекетіміздің діннен іргесін бөлек салып «Зайырлы», яғни парасатты мемлекетпіз деп аталамыз. Орнын, мағынасын таппаған сөз жетім. Асыл сөзді жетімге айналдырған, ұсынған сондай  пендені ақылды немесе адамгершілігі бар деуге бола ма? Бір «Білдіманның» нұсқауымен енді сөз сырына үңілмей мемлекетімізді тұтастай зайырлы деп атаймыз. Ал көшесі, мекемесі болсын әйелдердің жалаңаш жүретін моншасына, мәдени орындары жәндіктердің илеуіне айналған жер тұрғындарында  қандай зайыр, қандай мәдениет? Бұл қазақ елінің әлемдер алдында мақтанға айналдырған жалған дінінің мәдени көрінісі! Ақылдың сауыты, тұрағы елдің әдет-ғұрпы, салтында! Ол сауытты елдік мінез деп атайды. Елдік мінезді меңгеру арқылы әр пенденің жеке қоғамдағы орнына, жынысына, жасына, кәсібіне байланысты мінезді дәстүрлі істер арқылы қалыптастырады. Дәстүр араласқан жерде заманға сай ақылдың да жамандықтан жиіркеніп, жақсылыққа бейімделуі болмақ. Ел мінезі тұрақты болып, адам баласы сол елдің ішкі қозғалысын, шаруасын, тіршілік харекетін, яғни базарын жүргізеді. Сондықтан адам мінезінің жақсысы да, жаманы да, ортасы да бар. Елдің (ұлттың) жаманы болмайды деп құранда ескертеді. Ақылды мінез қалыптастырса онда жақсы, жаманын белгілі дәрежеде ортаға қалыптастыру үшін жалпыға бірдей намаздар болу керек.

 Барлық ислам әлеміне ортақ намаз «ОҚУ» болса, негізгі намаздар «орындаулар» ел мінезіне тәуелді болмақ. Намаз оқу адам баласының білімін, ілімін жетілдіру үшін қызмет етіп, оның да екі түрі болса, мінез бен ақылды жетілдіру үшін жүздеген сауаптық намаз орындаулар қажет. Намаз оқу барлық амалдардың ортасы болып, үнемі ортасына сәйкестендіріп отыру намаздарды орындау амалдарына жатады. Әрбір берілген аманаттарды оқу арқылы адам баласының білімі толықтырылып іс-қимыл, әрекеттерге айналып отыру шарт. Бірақ сол заманына қарай толықтырылып отыратын қандай да оқыған намазымыз, алған біліміміз шектеулі жанның өсіміне тазаруына ғана дәлелді. Сол шектеуліні үнемі өсіріп, кеңітіп, байытып отыру үшін ілімді оқып үйренуді меңгеру керек. Сондықтан Бізге белгілі болған әрбір білімнің ішкі немесе сыртқы құпия шектеусіз сырларын сол білімнің ілімі деп атаймыз. Оны тек намаз оқу немесе құранды жаттап алу арқылы ілімді меңгеру мүмкін емес. Олай болғанда осы уақытқа дейін арап елдері түгелдей періштелік дәрежеге жету керек еді. Бірақ ғасырлар өткен сайын надандықтықтың шырмауына түсіп, білімсіздер елдеріне ғана айналуда. Бұған себеп ислам дінін меңгеріп, бәрін білдім деген бүкіл халқымен мұсылмандық қарызды ұмытқан, тек бес парызын ғана дін деп атап намаз оқушыға «намазхандарға» айналған тәкаппарлықтан пайда болған жаппай ілімсіздіктен тапқан білімсіздік пен надандықтың қақпанына түскен деп айтуымызға әбден болады.

 Ілімді (құпия сырды) іздеу арқылы үнемі білімді жетілдіріп отыру адамзатқа берілген аманат жүк. Білімді адам баласының ілімін жетілдірумен ақ пен қараны ажыратуға мүдделі болмаса, онда сол алған білімі де, дәрежесі де шектеліп өзіне немесе басқаға зиян тигізері даусыз. Құранды да, намазды да зиянға алатындар бар екенін ескерткен жаратушымыз. Олай болса тек ілімді меңгеріп, құранды жаттап алып, тәпсірлерді «Фиқһ» деген әлем ғылымында тіркелмеген, ал негізінен өмір сүру мәдениеті болып шариғат ережелерінің білімін ғана меңгеріп,  шейхтық, хазіреттік атақ, дәрежеге жетіп те надандардың қатарынан табылуыңыз мүмкін. Ақыл-ойды, білімді, сананы жетілдірмеген намаз қашанда қайғы-қасіретке душар қылады. Зұлымдық пен  бүліншілікке ұшыратпайтын, ақ пен қараны ажыратуға қызмет етпейтін намазды кімнен үйрену керек? Сол сияқты ақылды да кімнен үйренеміз көптен бе, аздан ба? Абай атамызға жүгінсек; «Сократқа у ішкізген, Ионна Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, сүйікті пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол-көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі «виноват». Бұдан қандай ғибрат алдыңыз?

 «Ата жолы», «Ақ ана», «Зікіршілер», «Тарихатшылар», «Ясауишілер» «Дауғатшылар», т.б. толған топтардың тура жолынан немесе діннен адасқандар болып аталып тек мешіт «Намазхандары» тура жолдағылар деп аталуының өзінде де дін ғұламаларының, әкімдердің, қазақ ғалымдарының, сопыларының жалпы діннің сипатынан, намаздың ерекшеліктері мен орындау түрлерінен хабарсыздығы мен білімсіздіктерінің кінәсі емес пе?  Дүниеде жамандық атаулының бәрі көпшілікте болса, ермек те, қызық та сонда екен. Бәрінің тұрлауы жоқ баяны белгісіз болса мұсылмандық  құлшылық қарызымызды қалай атқарып, ал парыздық  намазды орындауды кімнен үйреніп, ғылымдарын, ақылды кімнен сұраймыз?

 Өткенге тарихқа үңілсек бұндай жағдайда көмекке әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге жүгіну керек екен. Сонда ғана Алланың достарына ақыл-ойымыз жалғанып үкім орындаушы періштелерді меңгерушілер көмекке келіп қолдауын береді екен. Алланың досы көп пе, әлде дәреже алған ақылшы көп пе? Көп шуылдақтың шариғат аясынан тыс әрекет-қозғалыстың бәрін; «ширик», ал себебін, уәжін айтып шежірені еске  алсаң «серік» қосушысың. Сонда шариғаттан нәр алып өркендейтін дін ағашының тамырын «тарихатты», жапырағын «мағрипатты» және «ақиқат» деген рухани бұтақтарын кесіп,  діннен шығарып тастап онда иман деген жемісін қайдан жинаймыз? Төртеуді (төрт кітапты) түгелдеп, бірлеп отырудың енді ислам дінінде қажеті болмай қалған ба деген сауал туындап, әр түрлі діни ағымдардың да осы ізгіліктерді іздеуден туындайтын себебін неге іздемеске? Ондай нығметтер түгіл қарапайым Алланың көркем түсірген несібесін және рухани тазартып алатын азықтарын «шеріктерін» (әскерлерін) бірыңғай харамға айналдырып, ал өзге діндегілер түгіл жалпы халықтың ішкен асын арам мен адалға бөлшектеп енді дүкен сөресіндегі сөредегі адал астың жартысы арам болып жатқан, халықтың діндер арасына жік салып, ақыл-ойын бөлшектеп, рухын аздырып, бір тілді ұлттың жеке топтарға бөлінуін, тіршілікте өзара кәпір, мұсылман болып бөлшектеніп, бір-біріне күмәнмен қарап ой еркіндігін, ақыл қайратын жоғалтуға соқтырып жатқан діннің жаппай надандығы исламның рухани мешеулігінен құтылғыңыз келсе, жамандықты жеңіп үмітіңнің шырағын жаққың келсе, онда намазды тек оқып үйреніп қана қоймай, қайырымдылық, ізгілік, еңбек, мұсылмандық қарыздар құлшылықтарын, қызметтерін үнемі қайталап отыратын намаздарға айналдыру  арқылы, ал білмеген және тағдырдағы жазылған күнәлардан ақталу үшін артық хайыр жасап намаздарды толық орында! Тарихат көшіне ілесіп, ата-баба рухына жалғанып, адамзатқа ортақ істерді мағрипат жүгін, ілім-білімімен жүктеліп, ақиқатқа қарай сапар шегуді үйрен! Егер ісің алға басып, ақылды өсіремін десең реттілігін, қалай қалауын тап! Ең жақының ата-баба аруағынан жәрдем сұрау, ақылын алу жолын біл! Аруақта ру да, жүз де болмайтынын ескер! Сондықтан да Ол — «Алланың құдірет қолы»- қозғалыс тегіне қолқабыс! Алдыңа белгілі мақсат қойып, мансапты бол! Тек абай бол, биік мансап –биік жартас екенін ұмытпа! Басына өрмелеп жылан да шыға алатынын, қыран да қонатынын, көршіңнің, туысыңның, ағайыныңның кім болатынын естен шығарма! Байқамасаң мансапқа жеткендердің арасында залымы да, дәреже қуған жалған адасқан ғалымы да бар. Сондықтан да мансапты бақпен емес мимен, ойды шыңдап алған абзал. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық. Бақты, тақты, мансапты берсең ғана әділдікті орнатамын дейтін партия қуған жел ауызбен, сақалын сатып мансап-мақтан қуған, намаз оқуынан басқа амалы жоқ әрекетсіз, ана тілін құрметтемейтін отанын сатқан қайғысыздардан, жел қабыздардан  сақ бол!

 Дүниенің қайғысы атақ-дәреже, мақтан қуып «мені солай десіндерге» емес, ақыл-оймен жанның қайғысын білген, «жақсы демесе де, надан қазақ, шала қазақ демесіндіге» шын қайғылыға жақ бол, сонда сүйенер досың да қасыңнан табылар. Досы бардың сырласы бар, сырласа білсең қайғың да, жүгің де жеңіл болар. Ақыреттік сырласың болса түсің түзеліп, ісің де оңға басары сөзсіз. Ақыл-ой да, көк те, жер де ортағың болса бөлісер, шаттық та, бақыт та баянды болып тұрағын табар. Әрқашан ұмытпа! Бағың өскенше тілеуіңді өзің де тілейсің, аруақ атты қамқоршы көместегі «елің» де тілейді. Бағың өскесін өзің ғана тілейсің, еліңе, жеріңе, өзгеге де намаздармен орындап тілейсің. Бодауыңды өтейсің. Намаздар реттілігі, толық орындау деп осыны айтады. Бұл түсіндірме басылымның алдына қойған мақсаты болса, енді осыдан барып ниеті мен мансабы туындамақ.

 Қош оқырман! Алда талай ақыл-ойға салмақ салып ере білсеңіз, қызықты да бірге өтетін шытырман асулар тұр. Әрбір істің, сөздің өз мезгілдік белгісі төрттен, уақыттық, қозғалыстық шамасы үш кезеңнен жұпталып 6 уақтан; уақыт, тарих, уақиға болып құралады. Сондықтан  ертеңді ести  білмесең бүгінгі күннің түсі шытырманға айналып, болашақтан хабар алудан мүлде күдеріңді үзе бер. Алдағы баяндалатын діннің ақпараттық, тілдік, сөздік, ем-шипалық, көріпкелдік, ғылымдық, білімдік, сабыр- тақуалық, сопылық, тазалық, т.б. сипаттарын бүгіні кешегі және болашағы туралы жеке-жеке өз басымнан өткен өмір, білім тәжірибелерімен немесе көрсеткен, хикметті істермен білдірген және тылсымнан беріліп жатқан ақпараттармен қазіргі жазылып жатқан, оқылып жатқан, көрсетіліп жатқан ақпараттарды құран аяттарымен салыстыра отыра сіздердің талқыларыңызға ұсынуды ниет еттім.

 

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *