Дін ісі және Құдай ісі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 69

Жаратқан барлық нәрсе қозғалысты,

Жұбын, парын серік қылған қолғабысты.

Құранның бұл басты негізгі есебі еді,

Есепсіз есек деген, түсінбеген жаралысты.

Шариғат діннің басты шарты екен,

Тазалық, тәртіп, ниет, сенімі білім деген.

Әдебі діннің  уахи, аянмен оқылғанды

Мүміндік қасиет еді аянмен мұны көрген.

Пайғамбарлық қасиет, адамзаттың даналығы,

Талай әулие пайғамбарлық қасиетті ала білді.

Дін әдебін 45-сөзбен көрсеткен Абай хакім,

Тура жолдың сырын меңгерген  дана болды.

Пайғамбарлық көркем мінез жан шырағы,

Мұхаммед пайғамбармен бекіген бар кітабы.

Қасиеттін меңгеру, ортақ үлгі, пайғамбарлық,

46-түрлі намаздар амалдарынан ол тұрады.

Тура жол, Құдай ісі, елшілерінен алған хатың,

Дінің ол, түркілік әдет-ғұрып, дәстүр-салтың.

Абай ата 45-санымен көрсеткен  ғибратын,

Қара сөз және өлеңмен жазды насихатын.

Діні ісі, шариғатың, масһабтың бар әдебі,

Қалдырмай хадис, сүннет дін ісі түгел енді.

Намазын, тура жолдың әулие атаң Шәкәрімдей,

Жан сырын, намаздарын көрсетіп және берді.

Бұл насихаттар жалғауы Ясауи баба, сәни дәптер,

Қосып ал да насихатын, намазын және меңгер.

Құранның, кейінгі заман ашылған ғылым сырын

Салыстырсаң құран, хадис тура жол түгелденер.

Дін ісінің  жұбы уахи, аяндарды меңгеру Құдай ісі

Ұлттық наным, дәстүрің, мүміннің көрген түсі.

Жан жарыңа рухты егіп, ділінен азық алу

Расулдің өсиеті; діл тәрбиесі, иманның жарты ісі.

Ұлтыңның тілі мен нәзіктердің көңілі боп,

Жетілер қанда діл замана ғылымына тәуелді боп.

Құдайдың әр үмметке жол-жобасы сыны болса,

Масһабпен заманға сай, ділін қалай жетілдермек?

Замана білімі, шаруа әдеттері күнде өзгерер,

Түрлі сынақ хикметпен Құдайдан белгі түсер.

Дін ісі, тұрақты білім, сақтайтын рухың тазалықты,

Жан-діліңді, иман беріп Құдай өзі жетілдірер.

Білімді, ілімді де дамыту талабы хақиқаттың,

Оқылар уахимен ашылып кітабы ақиқаттың.

Жастарың аян алып, қартарың түсін көрген,

Құдайдың ісі ол,замана меңгеруге алған хатың.

Масһабтық білімімен атап тура жол шариғатты,

Діншілер меңгере алмай ұлтық дәстүр-салтты.

Елшілік, әулие-әмби қасиетті жынға теңеп,

Құдай ісіне қарсы болып, құранды мазақтатты.

Шариғат дінің ісі бекіген аят, хадис сенім еді,

Құлшылығы үметік дәстүр боп, иман келді

Әр ұлтқа елші келіп, алумен жол-жобасын.

Кітабы бұл Құдай ісінің үмметік наным деді.

Қазақта дәстүрі ел нанымының  жоғалғанды,

Ескі дін санасын ел биліктің қайта жаулап алды.

Керекті іс тарихатпен, мағрипатың арта қалып,

Ант ұрды ма?-деген осы, иманыңды ұрлап алды.

Сүресінде Нахылдың сертеріңді бұзба, деген,

Алланың достарының берген анты кепіл екен.

Бір масһабты, басқа топтан жақсы деумен,

Алла жібін тарқатқан қатындай болма, деген.

Және ескерткен, Алланың аятпен үкімі бар,

Сендерді қылмадым бір-ақ үммет, дегені бар.

Ұлттық дәстүрің, Құдай ісі болмаса егер,

Масһабпен барлық елдер бір ғана үммет болар.

Жаратқан түрлі ұлты, үмметік түрмен түсті,

Әрбір үмметке елші келіп жолымен, жоба түсті.

Нәсілдік берген баста уәдесі «нандым»,- деген,

Дін ісімен, сенімді тірілтетін дәстүрің Құдай ісі.

Ұлтыңнан наным кетсе, иман жоқ, бірлік болмас,

Құдай ісін меңгеріп, уахи алмай ақыл толмас,

Шежіре боп бекіген кітаптарын  артқа тастап,

Шариғат құр сеніммен таза ақыл, иман болмас.

Дінші оқыса намаз, «иман маған келді»,- дейді,

Құр сенімен,   «ғайыптан иманды алдым»,- дейді

Көрмесең иманың бейнесін жаныңа жүктеп алып,

Інжілде ондай сенімді «жалған, әрі өлі»,- дейді.

Ендігі елің, жүксіз, масһабпен намазды оқып жатыр,

Меңгермей Құдай ісін,  имамың атады өзін тақсыр.

Тура жол  масһабпен барлық діншіге ортақ болса?

«Намазхандар» бұзықтықты дұғамен тыймай жатыр?

Еліңе келген жамандықты себебін біле алмайтын,

Дұға, намазыңмен жамандықты көре алмайтын.

Иманда емес, тура жолың емес, мұсылман болу ғана

Жол емес, абыздықсыз, саясатқа бағдар бере алмайтын.

Масһабпенен сыртың тазарып иман келмес,

Бес парызбен Құдай саған иман бермес.

Пайғамбар намазы жолда болу, жорыққа шығу,

«Жеті сүйекпен сәжде жасадым»,- дегені бекер емес.

Жеті сәзжде, сыры түгіл, парыздардың бірі жалған,

Төрт түрлі ол құлшылығың тек сенімің алған.

Сыналмай, жер мен көктің есігін таба да алмай,

Миғражсыз, Расулден шапағатсыз, дінші надан.

Құдай ісі, миғражбен «Ісра» сүресімен жалғанады,

«Хақиқат келді, негізсіз нәрселер жоғалады».

Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіп,

Құдай ісі елшілік, емшілік дәстүріңмен ақталады.

Бұл істер араптар елдеріне аталмас  надандық деп,

Оқылмай, жан сырының кітабы жол-жоба боп.

Жоқ еді бекіген дін; дәстүр-салты, әдет-ғұрып

Тажалдай  жолына атасының қарсылық жоқ.

Дінен бөлек, қазақтай ол елдерде заңдары жоқ,

Ел билік, игі жақсыларының исламнан сауаты көп.

Қазақтай ашық белгі Құдайдан хикмет берсе егер,

Тажал боп қарсыласар ғалыммен, имамдар жоқ.

Игі жақсы, құранмен Абайыңды салыстыршы,

Пайғамбар  хадисімен, сүнетінің ісін қылшы.

Атаңның жолын іздеп, зияратап, жобаңды алып

Құдайдан аян сұрап, түсіңді жорып көрші,

Құранды оқып, салыстыр, аяттың санын білші,

Біртұтас адамдар болған аруақтың сырын көрші.

Дін ісі мен Құдай ісін  намазын толықтырып,

Тажалдар қақпанынын ақылыңды азат қылшы.

Азат ақыл, таза ой көңіліңде санадан сәуле болса,

Діннің  есебі, құлшылық әрекеттен бейне сұлба.

Алқанды ашып, саусақтың буынадан санап көрсең,

Төрті үш буынан, бас бармақ екі буын жалғыз тұлға.

Төрт парыз құлшылығың үш сүю ішкі сыры,

12  буын саны, жалғанған Жүсіппен діннің ісі.

Бас бармақ, Бақара боп, Дін ісмен, Құдай ісі,

Аяқта он, оңмен, солың, саны болған Тәңір ісі.

Алланың өзі мен сөзінің бейнесі қандай?

Адамзатың қолына бейнеленген ісі қандай?

Бас пен Бар және Мақамы Басбармақ деп,

Саулығын Сақтардың көрсетіп тұрғандай.

Бұл бесеуін өз ара сыбырласса, әрекетпен,

Ала жіп болып өрліген қаның тектен.

Алақан деп ат қойып көрсеткен Алла өзін

Бес кісі сыбарласса алтыншы болған мекен.

Қол дау бер,- деп аруақты атаң шақырғанды,

Құдайдан бұл қуатарды жәрдемге сұрағанды.

Тырнақ, саусақ, алақан, білек, шынтақ, иық,қар

Алланың бірлігін, күшін аруақ деп атағанды.

Адамзат жеті қуат, жіті үнді бейнесін қолға алады,

Тәңірдің қозғалыс себептері; «қолдау», деп аталады.

Игі жақсы, аруағыңды білмесең, өзіңді танымассың,

Тани алмай шежіреңді елді қалай басқармақсың?

Есепсіз, надандарға алданып осылай шаталасың,

Арсыздық, ұятсыздықтан еліңді қалай құтқарсың?

Білмесең Құдай ісін, тарихта тажал болып ат аласың,

Ажалың жетіп, тозаққа мәңгілікке тасталасың!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *