Дүниеде көп сұрау бар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 55

Салтанат Махатова

Өмiрде бұл қуану бар жылау бар…
Өмiрде бұл шарықтау бар құлау бар…
Қу құтылып кетер деме зауалдан…
Өткен күннiң бәрiне де сұрау бар..

*** ****

(жауап)

Сұрау бар рас, бәріне,

Жас болсын мейлі кәріге.

Құлау бар сынақ әрине,

Сабырды шыңдар бәріне.

Найзағайдай жарқ етер,

Қуаныштың нұры тек кейде.

Түссең кейде сынаққа,

Жаратқан жазып тағдырға

Бұйырды деме азапқа.

Бұл іс келді өзіңнен,

Не себеппен тегіңнен.

Құлшылық қылып ерінбей,

Тазартсаң қан тегіңді.

Ұмыт болар көрінбей

Бекітсең иман, сенімді

Аласың жаңа өмірді.

Қуларға да зауал бар,

Арттағы ісің алға кеп

Сұрайтын қайта сауал бар.

Не ексең соны оратын,

Тұтқынға түсіп ақылы

Жынмен келер жаулар бар.

Таба алмаған жауапты

Дүниеге мас болғандар

Алданып дүние сәніне.

Тозаққа өзін салғандар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *