ДӘСТҮРІН- ДІНІМ ДЕП, АРУАҒЫН- ҚАДІРІМ ДЕП ТҮСІНЕТІН ҰЛТЖАНДЫ ҚАЗАҚТАРҒА ҚҰДАЙДАН АМАНАТ-УАХИ!

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 61

ФБ-ның бетінде, Казбек Иса мен Уайс мырза тағыда ОВ,ЕВ-ы барлар қазақ емес деген тақырыпты қайта бастапты. Құдайдан талай уахи аманат алдым десем, түс көріп іске айналдыра білмеген мүміндігі жоқ, пайғамбар намазына қарсы ағайындардың өре тұра келері де; «Сен не Құдайсың ба?» деген жазғыруларын да есіп қанық болғанмын. Сонда да болса болашақта жария болатын кітапта жазылып жатқан, осы даулы мәселеге байланысты көрген аян-уахиды Құдайдың нығметіне жетуге, қазақтың тақуалықты меңгеріп, дінің жоғарғы сатысына көтерілем деуші ағайындарға аруақтың аманатын алдын-ала жеткізіп қоясам деген шешімге келдім.

Осыдан 7-8 жыл шамсы болу керек, мен құран аудармасына байланысты Раббыма сауал беріп, маған ақиқатын көрсетуді сұрадым. Сонан аян-уахи келіп (уахи- жоруға, теріс бұрмалауға болмайтын, сол қалпында қабылдайтын аянға, құдайдың үкіміне жатады); Сонан маған алдыма үш түрлі құран кітабын қойды. Бірінші кітапта Сағди, деген жазу болды. Ал, екінші кітапта Хафиз, деген жазу болды. Сонан үшінші кітапта өзіміздің, Халифа Алтай атамыздың есімі тұрды. Сонан алыстатып екі кітапты тағы көрсетті. Ол екі кітапта да бірінде «ОВ», екіншісінде «ЕВ»-пен аяқталған түркілік есім тұрды. Мен бұл аянды біздер үшін ең тура аударма Халифа Алтай болып, болашақта 100 және 200 жылдар мүмкін онан да ұзақ болар тағы екі аударма болатынын, сонымен негізі 5-аудармамен құран толық ашылатынын білдім.

Және Раббымыздың сендердің ендігі есімдерің «Ов, Ев» пен байланысты болу керек деген үкімін де ұқтым. Бұл аянды кейін жазбақ болып, тіптен естен де шығарғанмын. Енді Фб-ның бетінде менің «ов» болып, жазылуым қазақтың тегіне жатпайтынын және кәпір болып саналатынымды жан салып дәлелдеуге тырысып жатқан ағайындарымың бұл істерінен кейін, осы ораза айында тағы сауал қойдым Раббыма намазымен. Бұл құранда көрсетілген Закария пайғамбар жолы, намазы екені оған діншілер де қарсы келмес.

Маған тағы аян-уахимен жауап келді. Ең ескі есіміді өзгертпей ортасына, өз атыңды басына, ал әкең өзгерген есім түрінде соңында тұрсын деген белгі түсті. Яғни Құдайдың бұйрығы бойынша; Мен енді Тоқберген Байтасов Кескірұлы болып жазылуым керек екен. Енді менің құдайым осылай бұйырса, онда жоғарыдағы мырзалардың сенген, иман келтірген құдайы басқаша көрсетсе, онда бұл тарихы оқиғаның бір белесі болып, ақырын күтейік және немен аяқталатынында тарихта жазып қалдырайық демекпін. Кім ақымақ болғанын болашақ ұрпақтар өздері салыстырып біле жатар.

Менің сыйынған Құдайым өзіме, Уайс, Қазбек мырзалардарың соңына ергендердің сыйынған құдайларың сендерге болсын. Тек енді абай болайық ағайын! Егер шынымен текткі қазақ болсаңдар, дәстүріңді сақтап, аяндарыңа мұқият болыңдар да, егер ныспыңды қайта орынына қой, деп ескертсе қарсы болып, ұрпақтарыңа зияндарың тиіп, тағдырларыңа балта шапаңдар деп ескерткенім артық болмас. Ал жүректерің жабық, қарапайым аянды да сұрап, көре алмайтын жинаған байлық имандарың болмаса, онда үндемеген де пайдалы болар. Құдаймен көп ойнауға да болмайды, ойнасақта біраз жерге барған сияқтымыз. (Тамыз айы 20130жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *