ЕЛ БИЛІГІНІҢ САЯСАТЫНЫҢ АСТАРЫНА ҮҢІЛСЕК

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 55

Ғылымсыз пендені сөзінің ой үнінен, дыбысынан яғни жүрек, ақыл, қайратын шамалауға болады. Үнде шындық болмаса, сөзде жан болмайды. Жансыз сөз ақылға айналмайды. Шындық ұят, қазақтың әр сөзінде қызыл қуат ұяттың үні жасырылған. Шындық жер анамен таңба арқылы жалғанып, қуаты жүректің соғысын қалыптастырады. Сөздің үнінен ұят жоғалса, жүректен жылу, сүйспеншілік, махаббат азайып жоғалады. Қан қарайып жынды әсершіл, шайтандық азғындыққа құштар болады.
Қандайда адамзаттың меңгерген білімінің философиялық «софия» мақсаты, түсінігі болу керек. Себебі мұндай ғылым мектебінің ықпалы болмағанда, қасиетті сөздердің ойы терістеліп, ұят, шындықтың қуаты азайып, адамдықты махаббатты жоюға қарсы біліммен әрекеттердің бәрі адамзатты азғындықпен жанын жоғалтуға апарып соқтырады. Қазақ ел билігінің дүние шаруашылығы мен жеңіл тұрмысты қалыптастыруға деген ұстанған саясатының артында қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл мемлекет тұрғындарының адамдық қасиетін жоюға ғылымсыз, махаббатсыз, өзара нәпсінің қанағатымен ғана сауда-саттықта ғана өмір сүретін адамзаттың жынды тобырын қалыптастыруға ғана негізделген саясат ұстанатынын неге білмейміз?
Тілде ұят болмаса ар өнбейді, сөзден шындық жоғалса адамдардың бір-бірімен ұғынуы мен өзара махаббат, сүйіспеншілік те жоғалады. Мұндай арсыздыққа табиғат, жер ана, әлем жаратылысының ақ пен қараның теңдігі бұзылып, Құдайдың лағнеті ғайбат қуатымен бүліншілік пайда болады. Халықтың жаппай ақылын, махаббатын жоғалтып өзара дауласумен өмір сүруге неге ел басымыздың өзі де мүдделі?

Ар-ұяттылыққа қарсы заңмен күштеп, арсыздықпен өмір сүруге мәжбүрлеу саясатын былай қойғанда, енді орыс елімен араға сына қағып араздықты, жеккөрініштілікті арттыруға, латынның таңбасын алып, үннен дыбысты бөлуге ғылымсыздануға неге шешім шығарды? Қазақтың тарихындағы барлық бүлік пен жамандыққа түсуге себеп ұлттың ішінен шыққан ел, дін билеушілері мен ғылымсыз білім соңына түсушілер болғаны да қазіргі қауымның әрекеті дәлел емес пе? «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген аталы сөздің сырын бұқара халықтың оянып ұғынатын кезі өтіп те барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *