Ерсілік (100)

Бөлім: Зікір өлеңдер 45

Нәзіктік әйелден жоғалса,

Еркектен ерлік жойылса.

Ерсілік емей немене

Балада балғындық болмаса.

Шалбар киіп шыртиып,

Көрсетіп бұтын ыздыйып.

Ерсілік емей немене,

Жалаңаш болса қол, төс, иық.

Қатының бүйірін таянса,

Ақылым деп артық санаса.

Ерсілік емей немене,

Қасиетін айтып мақтанса.

Жетілмей бой өрісі,

Жанының болмай жемісі.

Ерсілік болар қыз қылығы,

Ар-ұяттан болып кем ісі.

Жанының білмей қалауын,

Меңгермей ақыл талабын.

Ерсілік әдет жұптасқан,

Адамдықтың білмей мақсатын.

Еркекті басса ынжықтық,

Әсершілдік, қисықтық.

Ерсілік емей немене,

Қазан ошаққа болса ынтық.

Жаманды жөнге сала алмай,

Жақсының қадірін асыра алмай.

Ерсілік болар билерге,

Ар білімін қолға алмай.

Пайдасы елге тимейтін,

Жиын жасап сермейтін.

Ерсілік болар еселі,

Сөз қадірін білмейтін.

Ойын күлкі, сауыққа,

Кеудесін керіп шаттыққа.

Ерсілігі болар басшының,

Ар, ұятты байласа нарыққа.

Қатерді көзге ілмейтін,

Белгісін Құдай көрмейтін.

Надандық ерсі бұл әдет,

Шайтандай мәңгі өлмейтін.

Құдайдан хабар тыңдамас,

Дүниеге байлық күнде мас.

Ерсісін алып әлемнің,

Ел басқарса өңкей нас.

Төле би, Қазбек, Әйтеке,

Сөздерін алмай тірлікке.

Ел билегенен не пайда,

Ерсіліктер айналса ерлікке.

Құдайға ісің жақпаса,

Міндетін Құдай алса да.

Ерсілігің болар аманатты,

Ақталмай артқа тасталса.

Құдайды қаперге алмайтын,

Ой жорып елді алдайтын.

Ерсілік болар жоба жолдауы,

Басшың болса дінге нанбайтын.

Тура деп жолым атайтын,

Пән қылып дінді санайтын.

Құдайсыз пәтуа ерсілік,

Ой жорып елді алдайтын.

Арамнан ішін тазартпай,

Ет малын бас, аяқ ағартпай.

Сопысынған ерсілік,

Құдайдың ісін жалғантпай.

Тұла бойы толған у,

Басы толған жынды су.

Қу бастық болар ерсілік,

Ақыл айтқыш өңкей қу.

Өнер білім меңгерген,

Адамдығым артты деп білген.

Ел түземек ерсілік,

Жан, ұждан өсіре білмеген.

Үш байлық жоқ қолға алған,

Рұқ өнбей жаны жоғалған.

Мәңгілік ел болмақ ерсілік,

Бос сөзбен ақыл байланған.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *