ЕСЕП – БОЛЖАМ КІЛТІ.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 63

         Өлшем — өмір зандылығы. Жаратушымыз: «Мен сендерге мизанды есепті түсірдім,  ең үлкен есепші Алла» – деп  ескерткен. Өлшеуді кемітпеуді ескерткен. Өлшеу үшін есептей білу керек. Сондықтан да есеп білмегеннің есесі кетер әрқашанда.

        Есті адамға жан-жағымызға ойлы көзбен қарасақ, өлшеусіз нәрсе жоқ. Адам өмірі ғана емес, бүкіл жаратылыс егелерін өмірін өлшеп қойған жаратушымыз. Математика ғылымның ең күрделі саласы – бүкіл ғылымның қозғаушы күші. Музыка да осы саланың бір бөлшегі, математика – ғарыштық жүйе. Адамзат баласы осы жүйені меңгеру арқылы терең ұғынып тіршілік етудің жүйелі, мезгілдік қалпын анықтап соған бейімделіп өмір сүреді. Айға, күнге, жұлдыздарға қарап адамзат баласы өз өмірін соған бейімдеп өмір сүруге тырысады. Қандай болсын танымдық болмыста Адамның болжам (логика) жүйесінің мазмұндық  бірлік белгілері болады. Тілдің де өз танымдық бірлік белгілері бар. Қасиеттің жанда өзіндік бірлік белгісі болса, қабілеттің қанда қалатын танымдық бірлік белгісі болады. Осы бірліктерден барып адамға текті немесе заттық таным есебінде әсер етіп, ол адам ұғымында мағыналы дыбыс жүйелері арқылы сөз ретінде тұрақталады. Адам өзі дүниеге келген ортаның табиғи заңдылықтарын өмірден озғанша тиімді пайдаланып, оны сақтауға және адам үшін қасиет- кие болатын есті әлемді аялап, қадірлеп өтуге міндет етеді. Құран аяттарының өзіндік есептік жүйесі бар. Көп тәпсірлердің, дін танушылардың қателіктері сөз астары және аяттардың есептік жүйесін меңгере алмағаннан туындаған. «Алла жоғары есепші сақ болыңдар» деген аятта. Бұл ескерту! «Есепсіз оқыма, есеппен жүйеле» деген. Аян жалпы адамзатқа тағдырға жазылатын қосымша есеп жүйесі. Сондықтан қосымша бағдар тек аянмен беріліп отырады. Шешуін тапсаң орындалар, шеше алмасаң жолда қаласың. Сондықтан бұл кітап тек Арыстан баба, Құл қожа  Ахмет Яссауи бабамыздың, Айша анамыздың аяндарымен жетелеуімен аталар батасына негізделіп жазылды. Енді сол бабалар салған жолмен жүріп көрсек. Осындай есептеу жүйесін меңгеру арқылы ғана әрбір ақылы толған қазақтың «Сәни дәптерге» көз қарасы өзгереріне шүбәм жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *