Жапарқұл кісі бола ала ма?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 53

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Партия қуып есірген елдің бәрі,

Бәрі батыр, ақылды болып алды.

Ел билікті сынауға болып құмар,

Қатын да ақыл айтқан білмей арды.

 

Болашақты болжаған жас та, кәрі,

Жөндемекке елдің ісін сөз арнайды.

«Оппозиция» мақтан атақ дәреже боп,

Өңкей пасық дүние, пұл бағалары.

 

Көпте деген ақыл елді көп басқарады,

Қой өзінше шопансыз жайылады.

Қойшы көп болса қой арам өлер,

Деген нақыл ендігі босқа қалды.

 

Аманат ата-баба қалған нақылы бар,

Көп ауырса болсын сауың жазып алар.

Көп адасса халық түгел қырылмай ма,

Аз адасса көп жиналып тоқтам болар.

 

Көптің бәрі кісі болып мінсіз болған,

Тарихта мұндай дерек жазылмаған.

Кісі болған құдайға жақын болып,

Абыз, дана елге бұрын басшы болған.

 

Көптің бәрі тура жолын таба ала ма?

Сөз қуатын меңгеріп шопан атала ма?

Халық қой, шопаны оның билік болса,

Көп шопан баққан қой оңала ма?

 

Санның бәрі қарасаң бірге бас ұрады,

Бірмен құран анасы «Фатиха» аталады.

Бір Алла деп патшалығын өзін атап,

Бірленумен тура жол басталады.

 

Жоқтан бар, бардан бірсіз жарала ма?

Есеп білмей есектер көп жүр арада.

Құдайдың жаратылыс сырын білмей

Жапарқұлдар дана боп атала ма?

(наурыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *