Жасымнан жетік білдім…

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 99

Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылған барлық білім.

Ерінбей еңбек етім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыда туып күнім.

Оятқан мені ерте-Шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен

Надандықтың тазарып кетті кірі.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қадірін, қасиетін ана тілдің,

Меңгерген ата-анамыз ділдің жүгін.

Қожа Хафиз, Сағдилардай даналар көп,

Исламның ғылымынан жазған білім.

Ясауи бабамыздың қалған ілім,

Құранның тарқатқан жеті үнін.

Исламның бірлігінен дәстүр болып,

Тура жолдың қалаған дін үлгісін.

Жалғанды меңгеруге өнер, білім,

Надандықтың кетіруге алған жүгін.

Европаға орыс елі есік болды,

Бейімдеген қазақтың қан мен ділін.

Елу жылда ел жаңарар қосып үнін,

Құдайдан жол -жобамен ұлттық тілін

Атау сөздер жүз жылда өзгерумен,

Нақылмен мирас болған сөз ғылымың.

(Т.Б.К)

****  ****

Танбаймын шәкіртімін Толстойдың,

Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.

Жанымен сүйді әділет ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Толстой кәпір емес, кәпір өзің,

Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.

Көңілің соқыр, надансың, бейлің қара,

Нұр, жарығын қалайша көрсін көзің.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Тарқатқан Абай дана жанның сырын

Лермотов, Пушкин, Крыловтар жазған сөзін.

Құранның кітабынан хабар беріп,

Тазартар адамзаттың көңіл кірін.

Тәкаппар қазақта көп бәрін білдім,

Сопы, дінші, ғалымдар алмай жүгін.

Өзін ақтап, өзге ұлтты кәпір атап,

Мүмін емес, меңгермей дін бірлігін.

Ақиреттің түсіндің бе ар білімін,

Қай нәсілден құралған ұлтық тегің

Ішің орыс немесе өзге ұлттан,

Кәпір деп жүр пенделер өзі-өзін.

(Т.Б.К)

****  ***

Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,

Сопының бара қойман құрбанына.

Ақиқат сырымды айтсам-Толстойдың

Мың сопыны алмаймын тырнағына.

Адаспайсың ақылды,арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артына ере берсең.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қазаққа әлем жұрттан білім енген,

Әлем кезіп білімдеріп теріп келген

Ардан күсіп, дәстүрін меңгере алмай,

Өзін текті, зиялы, сопы, мүмін деген.

Тыңдасаң сөздері бар бәрі тапқыр,

Маған еріп, атасаң мені тақсыр

Текті қылам, жаннатқа есік ашам,

Таза ақылдан хабарсыз, білсең тәпсір.

Тарихшы, философ, тілші, ақын,

Саясатшы, ел билікке болсаң жақын

Мал табарлық дүниенің ісін алып,

Айналарсың дінсізге болып сатқын.

Ақиқаттан сыр жазған бабаларын,

Ойын алмай сыртын алып сараладың.

Өзіндегі ғылымды алмай, өзге елден,

Үш тілмен меңгермекке надандандың.

Ар-намысты, ақ ниетті даналардың,

Жан көбейтіп, малыңды қоралаудың

Абай мен Шәкәрімдер жүрген ізін,

Тақуалықпен ере алмай арамдадың.

(Т.Б.К )

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *