Жүктелсең «Латын әріп» қостың шерік

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 53

Шынға шоқынған білімді болып алып,

Құдай ісін аузына алмас болдық анық.

Кер жазуын Осман түріктен таралған деп,

Құдайдан  уахи дегенге нанбас анық.

Шын мен шындық арасын ажыраталық,

Ой жорып жансыз біліммен адаспалық.

Латыннан алты аузың араз болып,

Нәсілің  ұрпағыңның азары анық.

Дана болсаң, болжампаз абыз болып,

Құдайдан  аянын ал, шындық көріп.

Мазақ болмай, аруаққа қарсы болмай,

Жайыңа жүрмейсің бе болмай шерік.

Қазақтың аты болған қашан арық,

Қайдан келдің білімді болып анық.

Су ішкен құдығына түкіргеннен,

Құдайды боқтағаның болып тантық.

Жүктелсең таңбасымен «Латын әріп»,

Шеріктерін қоса аласың, ол да анық.

Бүлінген елден бүлдіргі алма деген,

Аманатын атасының бұзған жантық.

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *