Зікір-Айшықталу, айығу

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 53

Қисық сөздің әсері,

Адам жанын қынжылтар.

Жылтыр сөздің әсері,

Құт-береке қашыртар.

Алланың айтқан ақ сөзі,

Берекесін қашқан оралтар.

Мығым айтқан түзу сөз,

Құлшылыққа жақындатар.

Әр сөздің бар әсері,

Талғампаз бол сен пенде!

Шырақтан шыққан әулиедей,

Жақсы сөз жанға нұр сыйлар.

Епті болу, еңкею,

Кішірейтпес үлкен басыңды.

Иілгіштікпен жұмсақтық,

Сарайын ашар ажарды.

Күптілік пен күпірлік,

Түнекке қара бастайды.

Жеті өрім қамшы қолға алған,

Жеті өріс бойды сақтайды.

Қамшысы боп жерге Алланың,

Нұрына қуат жалғайды.

Сауықтырмақ сесіңді,

Жұтып алар ақ оттай,

Жинаған сасық иісіңді.

Құбылаңды төртеу теңдеумен,

Шығарар төрге басыңды!

(Маусым айы 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *